Өнімді жаңартудағы тиімділік және оны ынталандыру
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМДІ ЖАҢАРТУДЫ ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ МӘНІ.
1.1 Өнімді жаңартудың кәсіпорын тиімділігін көтерудегі рөлі ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Жаңа тауарларды шығарудың шарттары, оларды жүзеге асыру
кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Өндірістік кәсіпорында жаңа өнімді шығару жобаларының теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2 «ҚАЙСАР СҮТ»ЖШС.НІҢ ӨНДІРІСТІК ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ.
2.1. «ҚАЙСАР СҮТ» ЖШС.НІҢ жаңа өнім шығару үрдісін талдау ... ... ... ...31
3 ЖАҢА ӨНІМДІ ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ
ЖОЛДАРЫ.
3.1 «ҚАЙСАР СҮТ ЖШС .НІҢ өнімдерін нарық сұраныстарына сәйкес
жаңарту бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
3.2 Сүт өнімдерін жаңартуды ынталандырудың шетелдік тәжірибесін
Қазақстанда пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
3.3 Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібінің кластер ретіндегі даму
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65

Еліміз экономикалық дамудың жаңа кезеңіне көшті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан : «Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарық экономикасы бар».
Сонымен қатар Отандық нарықта импорттық тауарларын қорғау, халықаралық тұтыну нарығында үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер шығару мәселелері күн тәртібінде тұр. Міне, осының барлығы да еліміздегі өндірістік кәсіпорынға ішкі және сыртқы нарықтарды игеруге бағытталған тауарлық стратегиясын қалыптастыруды жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді қажет етеді. Бұл мәселелер өнімнің сапасын арттыру арқылы, бәсекеге қабілетті өнімді қалыптастыру арқылы және де өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы шешімін табуы тиіс. Аталған мәселе, мемлекеттің негізгі стратегияларымен бағдарламаларында айтылып жүр. Мәселен, Президенттің Қазақстан халқына жолдаған сөзінде төмендегі жағдайларға назар аудару керектігін ескертті: “Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді.”
Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз.
Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың оңтайлы рөлі, бір жағынан экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуде, екінші жағынан – инфрақұрылымда жасау және белді салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін.
Қазақстан Республикасының ашық нарықтық экономикаға өту жағдайларында ішкі және сыртқы нарықта тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсекеге қабілетті тауарлар жасауды және көптеп өндіруді талап етеді.

1. “Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін”.Президенттің Қазақстан халқына жолдауы,Егемен Қазақстан 2004 ж 19 наурыз.
2. «Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында».Президенттің Қазақстан халқына жолдауы,Егемен Қазақстан 2005 ж 18 ақпан.
3. Послание от 4 апреля 2003г “От направления внутрений и внешний политики на 2004г”.
4. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещения пройзводственный сил в Казвхстане.
5. Стратегический план развития РК до 2010 года:Собрание актов Президента РК и Правительства РК 2001 №43,44. 224-453 стр.
6. Ж.Туякбай «Бюджетная сфера нуждается в реформах» Каз.Правда 2001г 24 апреля.
7. Государственный бюджет 2004 года.Каз.Правда 2003г 19 ноября.
8. Дуйсенбаев К.Ш. “Анализ финансового положения предприятия”,Алматы 1998г.282 стр.
9. Крылов Э.И. “Анализ эффективности инвестиционной и инновационной деятельности предприятия”,Москва 2001г.211-214 стр.
10. Прыкина Н.”Экономический анализ предприятия”,Москва 2003г.183 стр.
11. Кажмурат К.”Индустриально – инновационное развитие Казахстана:проблема и их решение”,Саясат 2003г.№6,61-72 стр.
12. Сергеев И.В. ”Экономика предприятия”,Москва 1999г.293 стр.
13. Шеремет В.В. “Анализ финансово – хозяйственной деятельности”,Москва 1996г. 115 стр.
14. “Формирование себестоймости продукции на предприятии”,”Бухгалтер” ИД “БИКО”,Алматы 2001г.
15. Сейтказиева А.М.,Байкадамова А.Б.,Сариева Ж.А. “Инвестиционная деятельность предприятия”,Алматы экономика 1999г.215 стр.
16. Статистический сборник Казахстана 1991-2001г.г.
17. Есентугелов А.”Долгосрочное стратегия развития экономики и размещение производственных сил в Казахстане”,Аль-пари 2000г.№6.
3 стр.
18.Ильин С.”Планирование на предприятии”,Москва 2000г.119-125 стр.
19.Волков О.И.”Экономика предприятия”,Москва 1998г. 308 стр.
20.Бухалков Б.”Внутрифирменное планирование”,Москва 2000г.211-
217стр.
21.Егоров В.Н.,Варакута С.А.”Планирование на предприятии”,Москва
2001г.120-129 стр.
22.Назарбаев Н.Участнакам международной конференции “наука третьего
тысячалетия” Каз.Правда 2000г 11 мая.
23.Программа поддержки и развития малого предпринимательства по
городу Алматы на 2001-2002 г.г.,Аль-Пари 2001.№1,57 стр.№2,67 стр.
24.Хрипач В.Я.,Суша Г.З.”Экономика предприятия”,Минск эконом –
пресс 2000г.211-213 стр.
25.Абсалямова Н.”Индустрияльно – инновационное перестройка
экономики”,Байтерек 2003г.№1,33-36 стр.
26.РЦБ Казахстан 2003г.№10,1-3 стр.
27.Деловая неделя 2002г.июнь-июль.
28.Аль-Пари 2003г.№6,19-21 стр.
30.ҚР-ның «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» заңы (Салық Кодексі).Егемен Қазақстан,2 қараша 2001ж.
31. Филип Котлер «Основы маркетинга», Москва «Бизнес книга» ,1995г.
32. Романов А.Н «Маркетинг» Москва, «ЮНИТИ»,1998г.
33. Антонио Фолио «План маркетинга- это компас для действий». Служба маркетинга/Сбыта на предприятий,1997г.
34. Кхаренко Л.И «В своей деятельности мы используем подходы и методы маркетинга»,1997г.
35. Яновский А.М. «Искусство активной продажи продукций» Пищевая промышленность,1999г.
36. Яновский А.М. «Маркетинг как информационная система управления предприятием»/НТ.Н, серия « 1996 №10.
37. Пешкова Е.П. «Маркетинговый анализ в деятельности фирмы» Москва 1996г.
38. Ващекин П. Маркетинговая информация: стоимостный аспект/Маркетинг 1997г.
39. Попов Е.В. Методы маркетинговых исследований/Екатеринбург,1996г.
40. Рузаков А. «Маркетинговое исследование –это изучение рынка»(Маркетинг-1999г).
41. Пономарева «Функций системы маркетинга на пищевом предприятий»,12,1999г.
42. Иващенко Т.И. «Оценка маркетинговой деятельности на предприятий»,Москва,1999г.
43.Мекон ,Альберт М.Х. «Основы менеджмента» Москва, 1996г.
44.Ковалев А.И. «Анализ финансового состояния предприятия (Центр экономики и маркетинга)1996г.
45. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия.
46. Мамыров Н.К., Ихданов Ж.О. Государственное регулирование экономки в условиях Казахстана/Алматы,1999г.
47. Окаев К.О, Смагулова Н.Т . Предпринимательство в РК/Алматы,1999г.
48. «Қайсар Сүт» ЖШС-нің 2003-2004 жылдардағы қаржы есеп құжаттары.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС.
Тақырыбы: Өнімді жаңартудағы тиімділік және оны ынталандыру
( ЖШС “Қайсар Сүт ” мысалында)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМДІ ЖАҢАРТУДЫ ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ МӘНІ.
1. Өнімді жаңартудың кәсіпорын тиімділігін көтерудегі
рөлі ... ... ... ... ... ... 5
2. Жаңа тауарларды шығарудың шарттары, оларды жүзеге асыру
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3. Өндірістік кәсіпорында жаңа өнімді шығару жобаларының теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
1. ҚАЙСАР СҮТЖШС-НІҢ ӨНДІРІСТІК ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ.
2.1. ҚАЙСАР СҮТ ЖШС-НІҢ жаңа өнім шығару үрдісін талдау ... ... ... ...31
3 ЖАҢА ӨНІМДІ ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ
ЖОЛДАРЫ.
3.1 ҚАЙСАР СҮТ ЖШС –НІҢ өнімдерін нарық сұраныстарына сәйкес
жаңарту
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .37
3.2 Сүт өнімдерін жаңартуды ынталандырудың шетелдік тәжірибесін
Қазақстанда
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...47
3.3 Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібінің кластер ретіндегі даму
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65
КІРІСПЕ
Еліміз экономикалық дамудың жаңа кезеңіне көшті. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан :
Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің
ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға
қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарық
экономикасы бар.
Сонымен қатар Отандық нарықта импорттық тауарларын қорғау,
халықаралық тұтыну нарығында үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер шығару
мәселелері күн тәртібінде тұр. Міне, осының барлығы да еліміздегі
өндірістік кәсіпорынға ішкі және сыртқы нарықтарды игеруге бағытталған
тауарлық стратегиясын қалыптастыруды жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді қажет
етеді. Бұл мәселелер өнімнің сапасын арттыру арқылы, бәсекеге қабілетті
өнімді қалыптастыру арқылы және де өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы
шешімін табуы тиіс. Аталған мәселе, мемлекеттің негізгі стратегияларымен
бағдарламаларында айтылып жүр. Мәселен, Президенттің Қазақстан халқына
жолдаған сөзінде төмендегі жағдайларға назар аудару керектігін ескертті:
“Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің
барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала
береді.”
Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы
елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз.
Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың оңтайлы рөлі, бір жағынан экономиканы
барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуде, екінші жағынан –
инфрақұрылымда жасау және белді салаларды дамытуға жеке меншік секторды
тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін.
Қазақстан Республикасының ашық нарықтық экономикаға өту жағдайларында
ішкі және сыртқы нарықта тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсекеге қабілетті
тауарлар жасауды және көптеп өндіруді талап етеді. Осыған байланысты
бәсекеге қабілетті тауарларды және оларды өндіруге жұмсалатын шығындардың
экономикалық жағынан тиімді деңгейлерін іздестіру мәселесі (проблемасы)
туындайды. Бұл міндеттің одағай шешілуі көп жағдайда кез-келген кәсіпорынды
тұтас алғанда, Республикалық экономикалық және әлеуметтік өміріне
байланысты. Дипломдық жұмысымның тақырыбы көкейкесті болатыны сондықтан.
Алайда, кейбір кәсіпорындардың дүние жүзілік нарыққа шығуға
мүмкіндігі жоқ, сондықтан кәсіпорынның негізгі мақсаты ішкі нарыққа жаңа
технологияларды енгізу жолымен бәсекеге қабілетті өнім шығару болып
табылады. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі, міне, осы!
Осыған байланысты дипломдық жұмысымның мақсаты - өнімді жаңартуды
ынталандыру жолдарын ұсыну, оның тиімділігінің ерекшеліктерін ашу.
Алға қойылған мақсаттарға сай мынадай міндеттерді шешу қажет:
- өнім жаңартудың экономикалық тиімділігін көрсету;
- кәсіпорындағы өнім жаңартуды ынталандыру және тәсілдерді қарастыру;
- Қайсар Сүт ЖШС – нің технико – экономикалық және өндірістік
көрсеткіштеріне талдау жүргізу;
- кәсіпорында өнім жаңғыртудың тиімділігіне талдау жасау;
- сүт өнімін жаңғыртудың және ынталандырудың шетелдік тәжірибесін
зерттеу;
- кәсіпорында өнім шығарудың тәсілдерін және тиімділігін арттыру
жөнінде ұсыныстар жасау;
Дипломдық жұмысымның әдістемелік негізі мыналар: заңдар, нормативті
нұсқау материалдары, монографиялар, жарияланымдар, мерзімді баспа сөзде
жарияланған мақалалар, “Қайсар Сүт” ЖШС – нің есептік деректері, Қазақстан
Республикасы статистика жөнінде Ұлттық Агенттіктің статистикалық
материалдары.Дипломдық жұмысым үш тараудан, кіріспеден қорытындыдан ,
қосымшалардан ,қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМДІ ЖАҢАРТУДЫ
ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІН
КӨТЕРУДІҢ МӘНІ.
1.1 Өнімді жаңартудың кәсіпорын тиімділігін көтерудегі рөлі.
Тамақ өнімдерін өндіру Республикамыздың экономикасының жетекші
салаларының бірі болып табылады.Өнім өндіру еңбекті көп керек ететін сала,
сондықтан бұл іспен айналысқысы келетін кәсіпкерлік құрылымдар ең алдымен
бұл өнімге деген нарықтағы сұранысты зерделеп барып, сатылатын өнімді үнемі
арттырып отыруға тиіс.Тәжірибе көрсеткендей, тамақ өнімдерін шығарумен
айналысатын кәсіпкерлік құрылымдар өнімдері үнемі жаңартылып және
жетілдіріліп отырады.Нарық талабы осындай.
2030 Үкімет бағдарламасының негіздерінде өнеркәсіптік саясаттың
негізгі бағыттары белгіленген.
“Импорттық алмасулар бағдарламасы негізінде ішкі және сыртқы рыноктың
қажеттіліктерін қамтамассыз ету үшін өнеркәсіптік өндірістің өсуі үшін,
кәсіпорындарды дамыту үшін жағдайлар жасалады.Өнеркәсіптің өсуінің негізі
агроөнеркәсіптік кешенді және онымен аралас өндірістердегі дамыту болуы
тиіс”.
“Үкіметтің өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары Отандық тауар
өндірушілерді қорғау жөніндегі шаралар кешенін іске асыру, халықаралық
деңгейдегі стандарттау жүйесін құру, сыртқы тауарлар шығаратын кәсіпорындар
бағаларының дүние жүзілік нарық бағаларымен теңесуі шараларын іске асыру,
өндірісті қалпына келтіру, тұрақтандыру жолында компания басқарушыларының
жауапкершілігін арттыру керек”.
Бұл бағдарламаны орындап, бизнес жүйесін қалыптастыру үшін тауар
өндірушілерге еркіндік беріліп, олардың экономикалық дербестігі қамтамассыз
етілуі қажет.
Нарық, бұл күрделі әрі көп жақты құбылыс. Нарық қатынастары даму
дәрежелері бойынша, модификациялау ерекшеліктеріне, кемелдену деңгейіне,
тарихи, әлеуметтік және өзге белгілері бойынша ерекшеленеді. Сонымен
Кембридж ғылыми мектебінің негізін салушы, нарықты теңестіру
тұжырымдамасының авторы, ағылшын экономисі А.Маршалл былай деп жазған
болатын: “Тіпті тотықұстан білімді саяси эконом жасауымыз мүмкін, бар –
жоғы ол екі сөзді:сұраныс және ұсынысты білуге тиіс”.
Өндіру және өткізу, елеулі ассортимент болып қосылатын жаңа қасиеттері
бар – тауар әдетте жаңа өнім, деп аталады. Бұрынан бар бұйымдарды қарапайым
түрде жетілдіру жаңа өнімге жатқызылмайды. Өнімнің өзін өзгертпестен жаңа
қондырғылар, механизмдер комбинациясы немесе жаңа өнім принципті түрінде
жаңа бұйымдар болуы мүмкін. Инновациялау процесінің мақсатына мыналар
жатады:
- Жаңа техникалық міндетті шешу – жаңалық табу;
- Ғылыми – зерттеу және тәжірибе конструкциялық талдамалар
жасау.
Жаңа қасиеттері бар ассортиментке өндірісі мен өткізілуін қосқанда
тауарды әдетте жаңа өнім деп атайды. Нақты бұйымның қарапайым жетілдірулері
бұл жерге кірмейді. Жаңа бұйым не тек жаңа өнім, не өнімнің өзін өзгертпей
жаңа бейімделулер, механизмдер жиынтығынан тұру керек. Инновация үрдісінің
мақсатын келесідей түйіндеуге болады:
- Жаңа техниканың ойлап табылуы – жаңа заттың пайда болуы;
- Ғылыми – зерттеу және тәжірибе - конструкторлық талдамалар
жүргізу;
- Өткізудің дайындығы мен ұйымдастырудың қатар жүруі;
- Нарыққа жаңа өнім енгізу;
-Технологияны жетілдіру, өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру
жолымен нарыққа жаңа өнімді бекіту.
Инновациялау үш сатыға бөлінеді:
1. Келіп түскен ұсыныстарды жүйелеу;
2. Түскен ұсыныстарды іріктеу және жаңа өнімді өндіру;
3. Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау, маркетинг
бағдарламасын жасау.
Инновациялық процестің үш сатысын қарастырамыз.
Бірінші сатыда, өнімнің техникалық – экономикалық сипаттамасы, оның
сапасын және тұтыну қасиеттерін бағалау анықталады.
Екінші сатыда, әлеуетті (потенциалды) нарық сұранысын және сатылатын
тауар көлемін бағалау.
Үшінші сатыда, жаңа өнімді жасауға және игеруге жұмсалған шығынды
(инвестицияларды), жаңа өнімнің өзін - өзі ақтау мерзімдерін анықтау.
Төртінші сатыда, жаңа өнімді технологиялық машиналарды, жабдықтарды
шығару үшін қажетті ресурстардың болуы.
Бесінші сатыда, жаңа өнімді игеру және оны дүние жүзілік нарыққа
шығару мерзімдері.
Алтыншы сатыда, жаңа өнімді өндіру рентабельділігін (пайдалылығын)
бағалау, талдау, өнім бойынша маркетинг жүргізу.
Алға қойылған міндетті – жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау үшін
осы өнімді бағалауды іске асыру қажет. Жаңа өнімнің тиімділігін бағалаудың
негізгі тәсілдері мыналар:
1. Сараптамалық пікір;
2. Күтілетін пайда нормасын анықтау;
3. Ықтималдық тәсіл;
4. Күтілетін пайда қозғалысын бағалау немесе бірқатар
факторларды ескере отырып, бағалауды пайдалану.
Бағалаудың көп өлшемді әдістері: саланың тарамдылығы, оған
бәсекелестердің еніп кету мүмкіндігі, жаңа өнімнің тұтас алғанда,
компанияның бәсекеге қабілеттігіне ықпал жасау, өндірілген тауарларды
жетілдіру үшін үлгілерді пайдалану мүмкіндігі, жаңа тауарды өндіру
өткізудің фирманың қаржы жағдайына әсері.
Фирманың түрлі бөлімшелерінің жаңа өнімді жасауға қатысу дәрежесі
елеулі мөлшерде фирманың қызмет саласымен, шығарылатын өнімнің сипатымен
анықталады.
Тұтас алғанда, тұтыну тауарларын шығаратын компанияларда, компанияның
жаңа тауарлар жөніндегі саясатында анықтау кезінде жетекші рөлі – маркетинг
жөніндегі мамандарға берілетінін айтуымыз мүмкін.Өндіріс мақсатындағы
өнімдер шығаруға мамандандырылған ҒЗТКЖ бөлімшелеріне зор маңыз беріледі.
Маркетинг қызметін басқарушылардан алынған жаңа өнімді жасау жобасы
әлбетте маркетингтік зерттеу нәтижесі болып табылады, мұнда нарықтың
қажеттілігі туралы, осыған ұқсас заттардың нарықта бар жоқтығы туралы
ақпарат болады. Осыларды ескере отырып, фирма жаңа өнімді шығаруға шешім
қабылдайды. Ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстарының
бөлімшелерінен жаңа өнімдер жасау туралы идеялар келіп түскен кезде, бұлар
жаңа идеяларды жинау, қорытынды зерттеулер жүргізу, қандай да бір нақты
идея немесе болашағы зор бұйым туралы келіп түскен ақпаратты зерттеу
жөніндегі мақсатты нысаналы зерттеу қызметінің нәтижесін білдіреді.
Фирмалар өздерінің тасқынды жұмыс істеуіне септігін тигізетін, қолайлы
ахуал туғызатын, инновациялық қызметті ынталандыра алатын, жаңа идеялардың
қайнар көздерін кеңейтіп отыруға ұмтылады.
Фирмалардың инновациялық қызметінің нарықтық бағдарының күшейе түсуі
ғылымды көп қажет ететін өнімді тұтынушылардың инновациялық процестердің
түрлі сатыларында оны өңдеуге және игеруге қатысты тәжірибесінің таралуынан
байқалады. Бұл бір тараптан өндірушілердің өткізу нарығының тұрақтылығын
қамтамассыз етуге ұмтылысымен байланысты, басқа тараптан, тұтынушы
жұмыстағы жаңалыққа өз ұсыныстарын енгізіп ғана қоймастан өндіріс жұмысының
күллі барысын, жаңалықты игеруді бақылай алады. Бір қатар жағдайларда
тапсырыс беруші идеялардың немесе техникалық міндеттердің бастаушысы
ретінде көрініп, атап айтқанда жаңа өнімнің сипаттамасын анықтау бойынша,
оның прототипін жасау бойынша, мәселені шешуге қатысып отыр. Бұл
өндірушімен тапсырыс беруші арасында тұрақты байланыстар орнатуға алып
келеді, бұл кезде өндіруші белгілі бір өнімді жөнелтуші ғана емес, ақырғы
тұтынушының сұраныстарын бағдарға алатын маркетинг қызметінің қатысушысына
да айналады. Инновациялық процестің соңғы мақсаты, жаңа өнімді коммерциялық
игеру және оның рентабельді көп таралатын өнімнің болуы. Басынан бастап
зерттеу, жобалау жұмыстары өндірісті бағытқа ұстаған, қажетті құрал –
жабдыққа күрделі қаржыны ұлғайтудың нақты мүмкіндігі пайда болған
жағдайларда ғана қол жеткізіледі. Бұл жағдайда жаңа өнімнің нарықтық
сұранымына, алушылардың қажеттілігіне сәйкес келетін, келмейтіні күні
бұрын анықталады. Мұндай күрделі жағдайларға байланысты жаңа өнімді жасау
жобасының бір бөлегі ғана өндіріске енгізіледі. Зерттеулер көрсеткендей,
жасалған талдамалар жобасының тек 40 пайызы ғана өмірде іске асырылады.
Сарапшылардың бағалаулары бойынша, нарықта танылған жаңалықтың табыс
кіргізу ықтималдылығы кейін кеміп табыс әкелмейтін болған. Жаңа өнімді және
технологияны өндіріске енгізудің көптеген сәтсіздіктерін, мамандар –
жаңалықтар тұтынушылардың сұранымдарынан емес, жаңа білім базасында пайда
болғанымен түсіндіреді. Жаңа өнімнің жобасын жасау, оны өндіріске енгізу
компания үшін маңызды, ол фирманың бәсекелестік қабілетін арттырады.
Қазіргі нарыққа керегі де осы.
1.2 Жаңа тауарларды шығарудың шарттары, оларды жүзеге асыру
кезеңдері.
Жаңалықты нарыққа шығарған кәсіпорын басшылары оның өмірінің ұзақ және
ұтымды болуын тілейді. Тауар ұзақ уақыт сатылады деп ешкім санамағанымен,
фирма және тауар шығаруға байланысты барлық әрекеттерінің, зиян –
қауіптерінің, қайтарылымына тұратындай табыс келтіруді қамтамасыз етуге
тырысады. Басшылардың ойы өткізілуі әрі жоғары, әрі ұзақ уақытқа созылады
деген дәмеде болады. Олар әр тауардың өзіне тән өмір циклі бар екенін
біледі, бірақ осы циклдің қанша уақытқа созылатынын болжау оңай емес. Бұл
циклде төрт кезең анық түрде бекітілген.
1. Нарыққа шығару кезеңі – тауарды өткізудің шабан өсу
кезеңі. Тауарды нарыққа шығарарда көп болатындықтан, бұл кезеңде табыс
болмайды.
2. Өсу кезеңі – тауарды нарықта қабылдау және табыстың
тез өсу кезеңі.
3. Кемелдену кезеңі – тауарда потенциалды сатып
алушылардың
қабылдауына әлдеқашан қол жетіп, соған байланысты өткізу қарқыны
бәсеңси бастаған кезеңі.
4. Құлдырау кезеңі - өткізу өте тез құлдырау және
табыстың төмендеген кезеңі. Келтірілген тауар өмірі циклінің ирегі тіпті
болмағанымен, ол бұл түрде ылғи болмайды. Жиірек кездесетін варианттардың
біріне “қайталау циклі”ирегі жатады. Өткізудің екінші өркеші тауардың
құлдырау кезеңінде жүргізілген өткізуді ынталандыру шаралары нәтижесінде
іске асырылған.Тағы бір айырмашылығы түрінде тауардың жаңа
сипаттамаларының ашылуының, оны пайдаланудың және әдістерінің, жаңа
тұтынушылардың, пайда болуының нәтижесінде туындалған бірте – бірте
жалғасқан цикл қатарларынан құрылатын “кекілді” ирек жатады.
Тауардың өмірлік циклі түсінігін толық тауар кластарын тауар
айырмашылығын не нақтылы марканы суреттеу үшін де пайдалануға болады.Осы
жағдайлардың әрқайсысында өмір циклі түсінігі әртүрлі мінездеме береді.
Көптеген тауар кластарын өткізу, кемелеттену кезеңі шегінде ұзақ уақыт
кідіріске кездеседі. Және керісінше, тауарлардың бір түрінің өмір циклінің
иректері әдетте бір типті болады.
Тауарды нарыққа шығару кезінде, нарыққа шығару кезеңі тауардың
таратылу сәтінен және оның сатылу түсуінен басталады. Тауарды нарыққа
шығару процедурасы уақыт талап етіп, бұл кезеңдегі өткізу әдетте, жай
өседі. Ерітілетін кофе, мұздатылған апельсин нәрі, кофеге құятын порошок
түрінде қаймақ сияқты жақсы белгілі тауарлардың тез өсу кезеңіне кіргенінше
бірнеше жылдар күтуге тура келген. Шабан өсуді мынадай себептермен
түсіндіруге болад:1) өндірістік қуаттарды іске қосудың кідірісі; 2)
техникалық проблемалар (“Тосқауылдан” құтылу); 3) тауарды тұтынушыларға
жеткізу кедергілерімен, әсіресе әртүрлі бөлшек сауда орындары арқылы
таратуды жолға қою кезінде; 4) клиенттердің үйренген өз мінез –
құлықтарынан бас тартқысы келмейтін жағдайда, қымбат тұратын жаңалықтарды
өткізудің өсуінің кідіруін, сатып алушылардың аздығы, тауарды қабылдау
қабілеті және оны сатып алу мүмкіншілігі болуы сияқты, бірқатар
факторлармен түсіндіруге болады.
Бұл кезеңде, сату көлемінің аздығынан және тауарды таратуды
ұйымдастыруға және, оны өткізуді ынталандыруға көп қаражат керектігі
нәтижесінде фирма не шығын үстінде, не табыс өте аз. Осы кезде ынталандыру
шығындары өзінің ең жоғарғы деңгейіне көтеріледі. “Жаңалықты итермелеу
әрекеттерін шоғырландыру қажеттілігіне байланысты мыналарды: 1) потенциалді
тұтынушыларға оларға белгісіз жаңа тауар туралы ақпарат беру, 2) оларды
тауарды байқауға қызықтыру және 3) бұл тауарға бөлшек сауда кәсіпорындары
арқылы таратылуды қамтамасыз ету”.
Бұл кезеңде өндірушілер аз және олар тауардың тек негізгі
варианттарын шығаруда, өйткені нарық олардың модификацияларын қабылдауға
әлі дайын емес. Фирма өзінің өткізу әрекеттерін сатып алуға дайындығы мол
тұтынушыларға, демек, табыс деңгейі жоғары топтардың өкілдеріне
шоғырланады. Бұл кезеңде баға әдетте жоғары.
Өсу кезеңі, егер жаңалық нарық қажетін қанағаттыратын болса, өткізу
елеулі түрде өсе бастайды. Алғашқы жол ұстаушылар тауарды сатып алуды
жалғастыруда. Олардың үлгісіне жәй тұтынушылар еліктей бастайды, әсіресе
олар нарықта тауар туралы ұнамды пікірлер естіген болса. Нарықта ашылған
мүмкіншіліктерге қызыққан жаңа бәсекелестер пайда болады. Олар жаңа
қасиетті тауарлар ұсынып, нарықты кеңейте түседі. Бәсекелестердің санының
өсуі, тауар тарату арналарын қанықтыру үшін зауыттардан сату көлемінің тез
өсуіне әкеліп соқтырады.
Баға баяғы қалпында қалады не сұранымды өсіру мақсатында шамалы
төмендетіледі. Фирманың ынталандыру шығыны бұрынғы деңгейінде қалады не
бәсекелестерге қарсыласу және көпшілікті хабардар етуді жалғастыру
мақсатында шамалы өседі.
Бұл кезеңде табыс өсуде, өткізуді ынталандыру шығыны, сатудың өскен
көлеміне бөлінеді, онымен бірге өндіріс шығыны да қысқарады. Нарықтың тез
өсу кезеңін максимальді созғылау үшін фирма бірқатар стратегиялық әдістерді
пайдалануы мүмкін:
1. Жаңалықтың сапасын жоғарылату, оған қосымша қасиеттер беру, жаңа
модельдер шығару.
2. Нарықтың жаңа сегменттеріне ену.
3. Жаңа тарату арналарын пайдалану.
4. Жарнаманың хабардар ету бірқатар бөлігін тұтынушылардың тауарды
алуына ынталандыруға қайта бейімдеу.
5. Қосымша тұтынушыларды тарту үшін бағаны уақытында төмендету.
Осы айтылған нарықты кеңейтудің стратегиялық әдістерін пайдаланған
фирма міндетті түрде өзінің бәсекелестік жағдайын нығайтады.
Кәмелеттену кезеңінде, кейбір мезетте тауарды өткізудің өсу темпі
бәсеңдейді- кәмелеттену кезеңі басталады. Уақыт ұзақтығы бойынша бұл кезең
өткен кезеңдермен салыстырғанда, әдетте, ұзағырақ және маркетингті басқару
сапасы алдына мәселелер қояды. Нарықтағы бар тауарлардың көпшілігі
кәмелеттену кезеңінде, маркетингті басқару, негізінде”кәмелеттенген”
тауармен байланысты.
Өткізудің өсу қарқынының бәсеңдеуі, өндірушілердің көпшілігінде
сатылмаған тауар қорларының жинала бастағанын көрсетеді. Бұл
бәсекелестіктің шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бәсекелестер төмендетілген
бағамен және прейскуранттық бағадан да төмен бағамен сатуға жиі кірісе
бастайды. Жарнама шығыны өсуде, сауда өрісі және тұтынушылармен
жетілдірілген келісімдер саны өсуде. Тауардың жақсартылған варианттарын
шығару мақсатында ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға
ассигнования өсуде. Мұның бәрі табыстың төмендегенінің белгісі. Бірқатар
нашар бәсекелестер қатардан шыға бастайды. Ең ақырында бұл салада тамырын
мықты бойлатқан бәсекелестер ғана қалады.
Тауар басқарушысы өз бұйымдарын қорғаумен шектелмеуі керек. Ең жақсы
қорғаныс-бұл шабуыл. Сондықтан басқарушы нарықты, тауарды және маркетинг
кешенін модификациялаудың тұрақты жолдарын іздестіруге міндетті.
Нарықты модификациялау кезеңінде, басқарушы барлық тауарлардың
тұтынылуын өсіруге тырысады. Ол жаңа пайдаланушыларды, нарықтың жаңа
сегменттерін іздеуде. Сонымен қатар, ол бар клиенттердің тауарды
интенсивтірек тұтынуын ынталандыру жолдарын іздестіруде. Басқарушы тауарды
нарықтың басқа бір ірі не тез өсіп келе жатқан сегментіне ұнамдылығын өсіру
үшін, оны қайтадан позициялауды ойластыруы мүмкін.
Тауарды модификациялау кезеңінде, тауарды басқарушы өз бұйымдарының
сапа деңгейі, қасиеті сырт безендіру сияқты сипаттамаларын модификациялау
арқылы жаңа тұтынушыларды тартып, тұтынуды интенсивтендіруі мүмкін.
Сапасын жақсарту стратегиясы тауардың ұзақ өмірлілігі, сенімділігі,
жылдамдығы, дәмі сияқты функционалдық сипаттамаларын жетілдіруді мақсат
етеді. Мұндай әдіс мынадай жағдайларда тиімді болады: 1) Сапаны жақсарту
мүмкіншілігі бар. 2) Сатып алушылардың сапаның жақсарды дегеніне сенімі бар
және 3) сатып алушылардың көпшілігі тауар сапасының жақсарғанын қалайды.
Қасиетін жақсарту стратегиясы тауарға жаңа қасиеттер беру арқылы
тауардың универсальдығын, қауіпсізділігін, ыңғайлылығын жоғарылату мақсатын
көздейді. Қасиетті жақсарту стратегиясын жапон сағат, калькулятор, көшіру
аппараттарын т.б. жасаушылар пайдалануда.
Сырт безендіруін жақсарту стратегиясы тауардың тартымдылығын
жоғарылатуды мақсат етеді. Мысалға, түрін жаңалатқанды жақсы көретін сатып
алушыларды тарту мақсатында сүт өндіру фирмалары өз өнімдерінің сырт
безендіруін өзгертуде.
Маркетинг кешенін модификациялау кезеңінде, тауар басқарушысы басқа
шаралармен қатар маркетинг кешенінің бір немесе бірнеше элементтерін
модификациялау арқылы өткізуді ынталандыруға тырысуы керек. Жаңа сатып
алушыларды тарту және бәсекелестердің клиентурасын арбау үшін бағаны
төмендетуге болады. Әсерлілігі жоғарырақ жарнамалық компанияны дайындап
көруге болады. Сатушылармен жеңілдетілген келісімдер жасау, бағаны шамалы
төмендетуге құқ беретін купондар шығару, сувенирлер тарату, конкурстар
өткізу сияқты өткізуді активті түрде ынталандыру әдістерінде пайдалануға
болады.Фирма сиымдылығы молырақ нарық арналарын, атап айтқанда активті
өткізу дүкендерінің қызметтерін де пайдалануы мүмкін. Әсіресе осы нарық
арналары өсу кезінде болса. Фирма тұтынушыларға жаңа жетілдірілген
қызметтер ұсынуына болады.
Құлдырау кезеңі уақытысында, түбінде тауардың кейбір түрін не
маркасын өткізу төмен қарай құлдырайды. Өткізу нөл белгісіне дейін не
төменгі деңгейдегі дәрежеге дейін құлдырап, сол деңгейде көптеген жылдар
қалуы да мүмкін.
Өткізудің құлдырауын бірқатар себептермен түсіндіруге болады, оның
ішінде технологияның жетілуі, тұтынушылар ұнатымының өзгеруі және отандас,
шетелдік бақталастармен бәсекелестіктің шиеленісуін айтуға болады.
Өткізудің құлдырауына және табыстың төмендеуіне байланысты бірқатар
фирмалар нарықтан кете бастайды. Қалғандары ұсынатын тауар ассортименттерін
қысқартуы, нарықтың майда сегметтерінен және тиімділігі төменірек сауда
арналарынан бас тартуы, ынталандыруға бөлінетін ассигнованияларды қысқартуы
және бағаны одан әрі төмендетуі мүмкін.
Құлдырау кезеңінде ұшыраған тауарды фирманың өз номенклатурасында
сақтауға тырысуы оны көп шығынға ұшыратады. Тауар басқарушылардың оған
көбірек уақыт бөлуін талап етуі мүмкін. Оның үстіне, оның бағасын жиі
өзгертуді тауар – материал қорларын қайта бағалауды талап етеді. Оны өндіру
бағасы жоғары, ол жарнамалауды және сатушылардың өзіне көбірек көңіл
бөлгенін талап ететіндіктен, оған қарағанда табыстырақ жаңа тауарларды
шығаруды ұйымдастыруға қаржыны жұмсағаны жөн болуы мүмкін. Оның
табыстылығының құлдырауы тұтынушылар алдында өндіруші – фирманың жалпы
беделін төмендетуі мүмкін. Ал ең жағымсыз жағдайларға фирма келешекте душар
болуы мүмкін. Өндірілуі уақытында тоқтатылмаған ескі тауарлар оны
алмастыруды іздей бастауға кедергі келтіреді. Осыған байланысты фирма
“кешегі асыраушыға” көбірек және “ертеңгі” асыраушыға азырақ көңіл бөлетін
біржақты маркетинг кешенімін қанағаттануына тура келеді. Мұндай тауарлар
фирманың бүгінгі рентабельділік әрекеттерін төмендетеді және келешегін
әлсіретеді.
Осы аталғандардың бәрін ескере отырып, фирма өзінің көнере бастаған
бұйымдарына көбірек көңіл бөлуі керек. Ең алдымен өткізу көрсеткіштерін,
нарық бөліктерін шығын және рентабельдік деңгейлерін жүйелі түрде талдау
арқылы құлдырау кезеңіне жүйелі түрде талдау арқылы құлдырау кезеңіне
ұшырай бастаған тауарларды анықтау керек. Басқарушылар олардың әрқайсысы
туралы, не оны шығаруды жалғастыру, не “жемісін ору”, не номенклатурадан
шығару туралы шешім қабылдауы керек. Марканы одан әрі қарай шығару туралы
шешім қабылдау бәсекелестер нақтылы бәсекелестік өріс әрекетінен кетеді деп
үміттенген жағдайда ғана болуы мүмкін.
Бұл нәтижелі болған жағдайда, жемісті ору стратегиясы фирма табысының
қысқа мерзімді өсуіне жеткізеді. Басшылар тауарды басқа фирмаға сату не
өндіруді тоқтатып, оны номенклатурадан шығару туралы шешім қабылдауы
мүмкін.
1-кесте. Тауар өмірінің циклі: негізгі сипаттамалар және өндірушілердің
үлгілі жауапты реакциялары.
Нарыққа шығару Өсу кезеңі Кемелдену Құлдырау кезеңі
кезеңі кезеңі
Сипаттамалар
Өткізу Нашар Тез өсу Баяу өсу Құлдырау
Табыс Болмашы Максималды Құлдырауда Төмен не нөл
Тұтынушылар Жаңалықтарды Жалпылама Жалпылама Кейін қалушылар
ұнатушылар нарық нарық
Бәсекелестер Үлкен емес Тұрақты Үлкен Төмендеуде
өсуде
Өндірушілердің
жауапты
реакциясы
Негізгі Нарықты Нарықты Нарықтағы Өндірістің
стратегиялық кеңейту тереңдете өз үлесін рентабельділігі
әрекеттер түсу қорғау нің өсуі
Маркетинг Жоғары Жоғары Қысқартуда Төмен
шығындары бірақ пайыз
жағынан
төмен
Негізгі Тауар туралы Маркаға Марка жолы Селективті
маркетингтік хабар беру ұнатушылық қудыру
әрекет тудыру әрекет ету
Тауарды таратуБір қалыпты Интенсивті Интенсивті Селективті
емес
1.3 Өндірістік кәсіпорында жаңа өнімді шығару жұмыстарының
теориялық аспектілері.
Шарттың қаталдық бәсекелесінде стратегиялық жоспардың және ғылыми
зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың рөлі жоғарылайды. Соңғы 10
жыл ішінде дүние жүзінің алдыңғы қатардағы фирмалары стратегиялық маркетинг
пен ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың шығындарын 2 есе
көбейтті.
Маркетингтік жоспарлаудың принциптері:
1. стратегиялық және ағымды жоспарды мұраға қалдыру;
2. жоспарлаудың әлеуметтік арақашықтығын сатыландыру;
3. обьектінің жоспарының қажеттілігін сатыландыру;
4. жоспардың көрсеткішін салыстыру;
5. жоспарды салыстыру;
6. нұсқалылық;
7. теңдестіру;
8. экономикалық дәлел;
9. жоспарлаудың автоматтық жүйесі;
10. байланысу жүйесінің жоспарлық қайтарылуын қамтамассыз ету.
Кез – келген бизнес жоспарда “Шығарылған өнімнің жаңаруы”
деген бөлім болады, яғни ол ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық
жұмыстардың жүргізілуімен тығыз байланысты. Ондағы негізгі қадамдар:
-бәсекелестің көрсеткіштері, нарықтағы өнімнің негізі сапа мен ресурстың
көлемі;
-бәсекелестердің осы негізгі көрсеткііштері;
-ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыс жоспарының негізгі ұсынымы
басты зерттеулер мен жұмыстың жасалуы, жоспарланған көрсеткіштердің жаңа
өнімін қамтамасыз етуі керек;
-жоспарлы ресурстың, ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың
методикамен және жаңалықтармен қамтамассыз етілуі керек;
-ұйымдық – техниканың жоспарының дайындалуы;
-ұйымдық – техниканың жоспарының дайындалуы жаңа өнімнің өндірілуі;
-техника – экономикалық инвестицияның жобасын дәлелденуі.
Болашаққа арналған жоспар ішкі фирманың мінездемесі бойынша бөлінеді:
қорғанушы және орын алушы. Қорғанушы жоспар дегеніміз, нарықта өз мүддесін
сақтап қалу қажеттілігі және көлемді табысын бәсекелестер арқылы ұстап
қалу. Негізінен осындай жоспарларды көбінесе орта және кіші фирмалар
қолданады. Орын алушы фирмалар күшті бәсекелестерге құрылған бағыт. Бұл
жоспарлаудың түрі фирманың стратегиялық инновациялық бастауының көрсеткіші,
өндіріс өнімінің жаңа түрі бойынша. Соңғы мақсат – құрылған жаңа нарықтарды
жаулап алу. Негізінен осындай жоспарларды үлкен концерндер қайта қарайды.
Өндірістің техникалық саясатында, өндіріс тоқтаусыз жаңа өнім
шығаруға дайындағанда көптеген мынадай сұрақтарға сай болады:
-инновациялық тиімділіктің сараптау факторлары;
-техникалық саясаттың негізгі жинағы;
-ғылыми зерттеу конструкторлық жұмыстарының саясаты;
-өндірістің ұйымдық – техникалық қалпын сараптау.
Фундаменталды және қолданбалы зерттеулерден кейін, жоғарыда айтылған
Федералды заң бойынша белгіленетін яғни, ғылыми зерттеулер жүргізу
нәтижесінде немесе тәжірибелік тәжірибе негізінде қалыптасқан және адам
өмірін және денсаулығын сақтауға, жаңа материалдар, өнімдер, үрдістер,
құрылғылар, жүйенің қызмет көрсетулері мен оларды одан әрі жетілдіру
әдістеріне бағытталған білімге міндеттеледі.
Тәжірибелік зерттеулерді жоспарлау тематикалық қағида бойынша
жүргізіліп, оның көлемінің және номенклатурасын қатаң реттемелеу арқылы
жүргізіледі. Міндетті түрді қажет персонал тізімі мен біліктілігі
жоспарланады. Тәжірибелік зерттемелердің нәтижелерін кешенді бағалау
экономикалық көрсеткіштер жүйесіне негізделеді. Тәжірибелік зерттемелерді
теңестіру мақсатында тәжірибелік – статистикалық және есепті – аналитикалық
әдістерді қолдануға болады. Еңбек үрдісін жүргізу кезінде, фундаменталды
және қолданбалы ғылыми зерттеулердегідей емес сипатта, одан да қарқынды,
техника мен құрылғылар, жұмысшылардың жұмыс істеу тәртібі реттелмеген
сипатта жүзеге асады.
Жаңа өнімнің өнеркәсіп өндірісін игеру кезеңінде, оны сынау,
өндірісті техникалық және технологиялық дайындық жұмыстары жүреді.
Еңбекті жоспарлау жұмыстар кезеңі белгіленген, олардың істелу мерзімі
мен көлемдері, орындаушылары белгіленген жаңа техниканы дайындау жоспарымен
сәйкес өнімдер бойынша анықталады. Еңбек нәтижелерін кешенді бағалау, игеру
кезеңінде экономикалық көрсеткіштерді пайдалану арқылы жүргізіледі. Еңбек
үрдісі көпшілігінде қарқынды сипатта болады. Персоналдың жұмыс істеу
тәртібін реттемелеу техника мен құрылғыларды тиімді пайдалануымен сәйкес
жүргізілуі керек.
Игеруден кейін, өнеркәсіп өндіріс кезеңі басталады, оның нәтижесі
болып берілген сапа мен берілген сандағы өнім табылады. Өнеркәсіп
өндірісіндегі алға қойылған нәтижелерге жету мүмкіндігі бірге тең болады.
Өндіріс түріне байланысты сәйкес стандарттар мен қайталанатын операциялар
қолданылады.Өндірістік үрдісті жоспарлау кезінде өнім көлемі мен
номенклатурасы, персонал тізімі мен біліктілігі қатаң анықталады. Қызмет
нәтижелері – кешенді бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесі
пайдаланылады. Осы кезеңдегі еңбекті мөлшерлеу – міндетті және қажет. Еңбек
үрдісі – ауысымдық және енгізу көрсеткіштерін есептеу негізінде техника мен
құрылғыларды интенсивті пайдалану кезінде қарқынды өтеді. Персонал
қызметінің тәртібі қолданылушы техника мен технология ерекшеліктеріне
сәйкес қатаң реттемеленуі қажет.
Дәл осылай, инновациялық үрдістің негізі болып, жаңа, оригиналды
білімдер мен ақпараттарды алу және өңдеуге бағытталған зерттеушілік қызмет
табылады. Фундаменталды зерттеулерден қолданбалыға өту көлемі бойынша жаңа
мемлекеттер саны азаяды, яғни, шешімдердің жаңашылдығы мен оригиналдығы
деңгейінің азаюы пайда болады, ал зерттеу жұмыстары бірте – бірте белгілі
бір мөлшерде, тәжірибемен, дағдымен және стандартты әдістермен
ауыстырылады.
Жаңа техниканы құру және жаңа технологияларды зерттемелеу кезінде,
еңбекті ұйымдастырудың негізгі міндетіне:
- инновациялық үрдісте қатысушы персоналды дұрыс таңдау, реттеу,
пайдалану және біліктілігін жоғарылатуды қамтамассыз ету;
- тиімді бөлу мен еңбекті қауымдастыру;
- әртүрлі жұмыс түрлерін орындаудың прогрессивті технологияларын
жобалау және енгізу;
- тәжірибелік өндіріске қатысушы ғылыми және инженерлі – техникалық
жұмысшылардың, персонолдың, персоналдың жұмыс уақытын пайдалануды
оңтайландыру;
- персонал еңбегін ұйымдастыруды реттемелеу;
- еңбек ету үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- қызметті бағалаудың және персоналды ынталандырудың прогрессивті
жүйелерін пайдалану;
- еңбекті мөлшерлеудің ғылыми негізделуі.
Инновациялық үрдіс өтетін нақты шарттардың жеке сипаттамалары еңбекті
ұйымдастыруға әсер етеді. Жаңа өнімнің нарықтағы табыстылығы 60 пайыздан
асқандығы оның пайда болу кезеңінде белгіленеді. Өнімнің ғылыми
сиымдылығының өсуімен қатар, өмірлік циклдағы осы кезеңнің мағналылығы арта
түседі. Тәжірибеде жоғары технологиялық өнімнің көпшілігі үнемі пысықталады
және жаңашаланады, нәтижесінде оның тұтынушылық қасиеттерінің өзгерісі
туындайды. Алғашқы модельді жетілдіру үрдісінде бірін – бірі бірте – бірте
алмастырушы өнімдердің бірталай гаммасы бар.
Нарықта тауарлар бәсекеге түседі, ал негізінде бәсеке зерттеушілер мен
әзірлеушілер арасында жүреді. Өнеркәсіп кәсіпорыны өнімнің жаңа түрлерін
шығару бойынша ғылыми зерттеу бөлімшелері мен құрастырушы бюроларының
мүмкіндіктерін нақты бағалауы қажет. Кәсіпорынның инновациялық деңгейін
бағалау оның негізгі бәсекелестарінің инновациялық мүмкіндіктері мен сәйкес
талдау негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, кәсіпорын қызыметінің жеке
мәнді көрсеткіштерінің динамикасын жүйелі белгілеу және салыстыру қажет.
Талдау нәтижесінде кәсіпорынның отандық және шетелдік әлеуетті сатып
алушылар қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын, белгілі бір мерзім ішінде
тауарлар түрлерін өндіру мүмкіндігі бейнеленеді. Сонымен бірге, өнімдерді
өндіруге кеткен шығындар экономикалық қайтармалы шекті болуы керек және
оларды сату кезінде өзін - өзі өтеуі керек.
Кәсіпорын өнеркәсібінің инновациялық мүмкіндіктері келесідей
ірілендірілген топтардың көрсеткіштері бойынша анықталады: персонал, құрал
– жабдықтар, материалдар, технология, ҒЗТКЖ, өнім. Бағалауға ұйымның
инновациялық әлеуетін сипаттайтын көрсеткіштер жатады:
- зерттеушілер, әзірлеушілер, тәжірибелік өндіріс персоналының тізімі
мен біліктілігі;
- ғылыми – техникалық қызметтің материалды – техникалық базасы;
- ҒЗТКЖ – ң қаржылық – экономикалық қамтамасыз етілуі;
- ғылыми – техникалық ақпараттың сенімділігі мен толықтылығы;
- ғылыми – техникалық дайындаманың бар болуы;
- өндіріс икемділігі, нарық талаптары мен бәсекелестерінің жағдайын
ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде жаңа өнім өндіруді игеру, жаңашыл
технологияны пайдалану арқылы жоғары сапалы және ғылыми сиымды өнім
шығару;
- кәсіпорын басқаруын және ҒЗТКЖ – ң орталықтандырылуы және
орталықсыздандыру деңгейі;
- инновациялық қызметтің ұйымдастыру технологиясының оңтайлылығы;
- ҒЗТКЖ бөлімшелерінің, өндіріс және маркетинг бөлімшелерінің ішкі
ұйымдық өзара байланыстар шегіндегі ынтымақтыстық деңгейі.
Ұйымдардағы өнімдер мен үрдістердің өмірлік циклын қысқарту тенденциясы
нәтижесінде, тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін анықтау, оларды
қанағаттандыру және бәсекелестерден гөрі тезірек пайда алу қажеттілігі
туындайды. Осы шарттарда бүкіл инновациялық үрдіс тиімді ұйымдастырылуы
және келесі қадамға негізделуі тиіс.
Негізгі көрсеткіштерге өнімді жеткізу уақыты, оның құны мен сапасы
жатады, сонымен бірге, зерттеулер кезеңі өзіндік мүмкіндіктерге және
бәсекелестер сипаттамаларын ескере отырып жүзеге асырылады.
Басшылық жағынан ҒЗТКЖ үшін бақылау мынандай жолмен жүзеге асырылуы
мүмкін:
- венчурлы бөлімшелердің пайда болуымен;
- уақытша мақсатты ұйымдастырудың пайда болуымен;
- жобаны басқару немесе басқарудың матрицалық қағидасына негізделген
жұмыстарды ұйымдастыру;
- жаңа өнімдер шығару бойынша бөлек бөлімшелерді құру;
- жаңа өнімдерді шығарумен айналысатын үнемі қызмет жасайтын
комитеттерді қалыптастыру;

- жаңа өнімді шығару қызметін ҒЗТКЖ –ң басшысы немесе маркетинг жалпы
кәсіпорын басшысы атқаратын жұмысшыларды ұйымдастыру.
Жоғарыда аталған қағидалар бойынша, инновациялық үрдіс әртүрлі бағытты
персонал бірігуі орын алатын, көп қызметті жобалық топтарды құру негізінде
жүзеге асады және өз кезегінде ғылыми және инженерлік пәндер мен
экономикалық қызмет орталары арасындағы тосқауылдардан өтуге мүмкіндік
береді. Мұндай топтарға жаңа өнімді шығарудың барлық облыстары енуі қажет:
ҒЗТКЖ, маркетинг, өндіріс. Топтың негізгі мүшелері тұрақты негізде жұмыс
істейді, мысалы, сапа және өндіріс бойынша зерттеушілер, құрастырушылар,
инженерлер, материалдар мен шикізат жабдықтаушылары.Көмекші аумақтар қажет
болған жағдайда, бөлек қызметтерді, орындау үшін тартылады:жоспарлау,
талдау, сараптау, сызу. Сонымен қатар, топ мақсаттарын, оның мүшелерінің
жауапкершілігі мен қызмет шектерін, топтық және жеке сыйақы беру нысаны мен
көлемін анықтап, кәсіпорын қызметін жүргізу үшін басшылықтың міндеттерін
белгілеу керек.
Мұндай тәсілдеме техникалық, экономикалық және интелектуалды
аспектілерде де ғылыми әлеуетті басқаруғы мүмкіндік береді. Ғылыми және
ғылыми – техникалық персоналдың әлеуетінің интелектуалды құраушысының
міндеттеріне шығармашылық үрдістерді үлгілеу, шығармашылық дағдыларды
байқау және олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар тудыру мәселесі жатады.
Еңбекті мөлшерлеу үрдісіне жаңа өнімді шығару кезінде, келесідей
талаптар қойылады:
- ҒЗТКЖ – на енетін барлық жұмыстар реттемеленуі қажет;
- нормативтік обьектілердің жетілуі мен мөлшерлеудің топтық
әдістемелеріне сүйене жасалынады;
- мамандығы жұмыс уақытын шығындау көлемі шешілуші міндеттердің
күрделілігі мен жаңашылдығына байланысты;
- алғашқы ақпарат пен есептеу мәліметтерін ендірітен, нормативтерді
зерттемелеу негізі – болып статистикалық база табылады, олардың
құрамы мен көлемі еңбек сиымдылығы мөлшерлерінің ірілендірілген және
сараланған есепті көлемдері.
Жаңа өнімді шығару кезінде еңбекті мөлшерлеу үшін үш негізгі әдіс
қолданылады: сарапта, сомалық (тәжірибелік – статистикалық), есепті –
аналитикалық. Сарапты әдісте еңбек сиымдылығының нормативтері сарапталған
бағалар жүйесінің мәліметтері бойынша анықталады, ал сомалық әдісте - өткен
уақыттағы ұқсас жүйелер мен түзетулік коэффициенттің арнайы түрлерін
пайдалану арқылы еңбек шығындарының есеп беру – статистикалық мәліметтері
негізінде, ал есепті - аналитикалық әдісте – дайындалушы өнімнің негізгі
техникалық көрсеткіштердің қызметі ретіндегі еңбек сиымдылығын анықтау
кезіндегі математикалық статистика мен ықтималдық теориясының элементтерін
пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
2.2 Қайсар Сүт ЖШС-нің жаңа өнім шығару үрдісін талдау
Кәсіпорындағы өнімді жаңарту үрдісі өндірістегі тиімділікті арттырады.
әрбір кәсіпорын жаңа өнім шығаруға ынталануы керек. Соған байланысты нарық
сұраныстарына сай, сүт алыптарымен бірге қалыспай қызмет етулері қажет.
Олардың шығарған өнімдерінен де асып түсетін жаңа, экологиялық таза, көп
сақталатын өнім шығару. Жаңа өнім шығарудың тиімділігін анықтау үшін
келесідей кестелерден байқауымызға болады.
Талдайтын бірінші көрсеткішіміз ол өнімнің бұрынғы ассортиментіне жаңа
тауарларды қосуы әсерінен өнім өндіру үрдісінің жақсаруы.
2003 ж ассортимент Қайсар Сүт ЖШС-не айтарлықтай табыс әкелді. Бірақ
заман ағымына сәйкес, нарық сұранысына байланысты өнімді жаңартуға тура
келеді. Сол кезде ғана өнімді өндіру үрдісі жақсарады, белгілі табыстар
әкеледі.Оны төмендегі 4 кесте арқылы байқауымызға болады.
Кесте 4 - Қайсар Сүт ЖШС-нің өнім ассортиментіне жаңа өнім қосу.
Көрсеткіштер 2003 2004
натуралды мың тенге натуралды мың тенге
тауар тауар
Сүт 760 5400 820 6200
Қаймақ 600 6600 650 6900
Кілегей 46 874 56 970
Кефир 236 2123 272 2448
Сүзбе 27 6160 29 6300
Ряженка 56 616 72 820
Ірімшік 51 6320 53 6415
Простокваша 56 3920 64 4230
Йогурт - - 85 1765
Қоюландырылған сүт - - 580 4590
Творожник - - 28 4700
Қайнатылған сүт - - 50 3700
Барлығы 1832 32016 2759 49038
Осы кестеден байқағандай Қайсар Сүт ЖШС-нің өнімінің жоғарылатқанда
2004 ж соған байланысты өндірісі көлемі айтарлықтай өсті. Сонымен қатар
2004 ж бәсекелестерден қалыспау үшін, жаңа өнім түрлерін кәсіпорын
ассортиментіне қосты. Бұл дегеніміз халықтың осы тауарларға деген
сұранысының өсуі. Қазіргі кезде халықтың құнарлығы жоғары тауарларға
сұранысы көп. Халықтың қоюландырылған сүт, творожник деген өнімдерге деген
сұранысы пайда болғандықтан ол өнімді шығаруға ынталанады. Талдауға
кіріссек Қайсар Сүт ЖШС-і 2003 жылы натуралды түрде 1832 т сүт өнімдерін
өндірген екен. Ал ақшалай түрде 32016 мың теңгені құрайды. Бұл яғни, нашар
көрсеткіш емес. Бірақ бәсекелестерінен қалыспау үшін кәсіпорын өнім
өндірісін кеңейтті. Ол натуралды түрде 2759 т құрады. Ал ақшалай түрде
49038 мың теңгені құрайды. Бұл жерде тиісті орынға жаңа өнімдерді өндіріске
қосу ие. Егер оның ақшалай үлесін есептейтін болсақ 2004 жылдың өндірілген
өнім көлемінің 30% құрайды. Бұны үлкен жетістік деп айтуға болады.
Кестеде көріп отырғанымыздай, кәсіпорын ассортиментіне жаңа
тауарларды қосу арқылы қосымша кіріс кіргізеді және де бұл қосымша
шығындарды, соның ішінде, өнімді жаңарту мақсатында сатып алынған құрал
-жабдықтарды айтуымызға болады.
Кесте 5 – 2004 жылы жаңа құрал-жабдықтарды өндіріске енгізу.
Көрсеткіштер дана өлшем бірлігі2004 жыл % үлесі
- МТС-80
сүтті
қоюландырғыш 1 мың 1320 0,10
- И1 ОВМ
құрғақ сүтті
қалпына
келтіретін
қондырғы 2 мың 1210 0,09
- ТЛ-720
Тетра Лавиль
орама аппараты
- КБ-ОТА-10 1 мың 1170 0,08
гомогенизатор
1 мың 1700 0,13
Барлығы - - 5400 0,4
Кәсіпорындағы
барлық негізгі - - 1314241,2 100
құрал құны
Енді осы кестеге талдау жасайық. Бұл кестеде көріп отырғанымыздай
кәсіпорын өзінің өнімін жаңарту үшін жаңа технологиялық құрал-жабдықтарды
сатып алды. Көріп отырғанымыздай әлемге әйгілі Тетра Лавиль компаниясының
орама жасайтын аппараттары. Қазір кәсіпорын ораманың үш түрін қолданады.
Олар: Тетра Пак, Тетра Брик, Плюр Пак. Бұл дегеніміз жаңа өнімді ыңғайлы,
әдемі орамамен нарыққа шығару. Кәсіпорын алдағы уақытта Феникс, Нимко деген
компаниялардың технологиялық тораптарын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұған
дейін кәсіпорынның қою сүт шығаруаға мүмкіндігі болмаған. 2004 жылы
өндіріске МТС-80 қондырғысын іске қосу арқылы 4 кестеде көрсетілгендей
сүттің қоюландырылған түрін шығара бастады.
Енді осы жаңа құралдардың кәсіпорынның негізгі құралдар құнының
ішіндегі үлесін есептейік. Кестеде көріп отырғанымыздай негізгі құралдар
құнының 0,4% құрайды екен. Бұл дегеніміз негізгі активтердің шоғырлануына
себеп болды. Осы жаңа құралдарды енгізу арқасында өнімділік артады,
тиімділікке қол жеткізіледі. Келесі, осы өнімдерді шығаруға жұмсалған
шығындарын талдайық.
Кесте 6 - Өнімді шығаруға кеткен шығындар
Көрсеткіштер 2004 жыл % үлесі
мың теңге
1.Жаңартылған өнімнің
шикізатына жұмсалған
шығын сомасы 760 31
2. Өнімнің жаңа түрін
шығарған жұмысшылардың
еңбек ақысы
3. Жаңа өнімді 680 27
жарнамалауға кеткен
шығындар
4. Жаңа өнімнің қорабына540 22
кеткен шығындар
480 20
Барлығы 2460 100
Кестеден көріп отырғанымыздай жұмсалған шығындардың ең үлкен үлесі 31%
шикізатқа тиесілі. Қазіргі нарық кезінде тұтынушылар өнімнің таза табиғи
сүттен жасалғанын қалайды. Сол себепті осы жағдайды ескере отырып, сүтті
табиғи өндірушілерден сатып алады.
Екінші көрсеткіш жұмысшылардың еңбек ақысы. Өнімнің жаңа түрін шығару
үшін білікті, жаңа өндіріспен таныс жұмысшыларды қабылдай бастады. Соның
себебінен жаңа өнім сапасы жоғарылай бастады.
Үшінші көрсеткіш – жаңа өнімді жариялауға кеткен шығындар. Яғни,
теледидар, радио басқа да тарату каналдары арқылы тұтынушыларға жеткізу.
Оның үлесі 22%-ті құрайды. Ақпарат арқылы ғана тұтынушылар хабарды біліп,
жаңа өнімді сатып алады.
Төртінші көрсеткіш – жаңа өнімнің қорабына кеткен шығындар.
Мониторингтік сұрау кезінде тұтынушылардың көбі орамаға қарайтыны белгілі
болды. Оның ыңғайлылығы, тартымдылығы жаңа өнімнің сұранысқа тез ие болуына
септігін тигізеді.
Сонымен жаңа өнімді өндіруге кеткен шығындар аз емес. Бірақ, соған
қарамастан Қайсар Сүт ЖШС-нің жалпы табысы өсе түседі. Бұл шығындарсыз
кәсіпорынның әрі қарай нарықта өмір сүруі қиындай түспек.
4 кестеден байқағанымыздай, осы кәсіпорын 2003 жылы йогурт, қоюланған сүт,
балаларға арналған сүт қоспаларын өндірумен шұғылданбапты. Демек, ол кезде
кәсіпорында сүт өнеркәсібінің алыптарымен бәсекеге түсу мүмкіндігі
болмаған. Алайда жаңа өнімді шығару кәсіпорынның сауығуына әсер етеді, оның
бәсекелестік қабілетін жақсартады. Өнім сатуға жасалған талдау нарықта
бағасы қымбат емес, жоғары сапалы өнім, тауар негізінен пайдаланылатынын
дәлелдейді. Ал 2004 жылы кәсіпорын өзінің ассортиментіне жаңа тауарларды (
йогурт, қоюланған сүт, творожник) қосты. Соның нәтижесінде халықтың
сұранысына ие болып отыр.
Әсіресе, ұзақ уақыт бойы сақталатын, бұзылмайтын тауарлар шығару қажет.
Қазіргі кезде нарықта сүт өнімдері шөлмектегі сиымдылығы 0,5 литрлік йогурт
пайда болды. Жүргізілген мониторинг кезінде бұл өнімнің үлкен сұраныспен
пайдаланылатыны белгілі болды.
Бұған қоса, балаларға арналған өнім шығаруға бағдар ұстау қажет. Сүтті
негізінен табысы аз халық өкілдері яғни, зейнеткерлер алады, сол себепті
оның бағасы тиісінше болуға тиіс. Сүт шығарумен айналысатын алыптар осы
аталған өнімнің бағасын өсірмей, ұзақ уақыт бойы ұстап тұруларына болады.
Ал біз әңгіме етіп отырған Қайсар Сүт ЖШС-і сияқты кәсіпорындар бағаларды
үнемі ұстап тұра алмайды, энергия таратушылардың, отынның және басқа
бірқатар көрсеткіштердің ұлғаюына қарай сүт және сүт өнімдерінің бағасын
арттыруға еріксіз мәжбүр болады. Шығарылған өнімнің рентабельділігі
көрсеткендей, 2003 жылмен салыстырғанда жалпы табыс артқанын атап көрсету
керек.
Қазір жер-жерде нарық, консерванттары бар шетел өнімдерімен толып
тұрған жағдайларда кәсіпорын мамандары өнімнің сапасын жақсарту есебінен
табиғи, нағыз сүт өнімдерін өндіру мақсатын алға қойып отыр. Демек, қазіргі
кезде, бұл өнім табысты және бәсеке қабілетті.
Бәсеке қабілеттілікті жоғарылату Қайсар Сүт компаниясының даму
стратегиясы болуы керек, тек сонда ғана ол сол нарықта қызмет етумен қатар
өз жұмысын кеңейтіп, нарықтағы үлесін жоғарылатады. Тауар бәсекелестігі
бағалық және сапа бойынша болуы мүмкін.
Тауардың сапасы мынадай параметрлермен анықталады:
- нормативті-техникалық параметрлер- бұл тауардың норма мен
стандарттарға сәйкес келуі;
- сенімділік және қауіпсіздік параметрлері;
- эргономикалық параметрлер: қолайлы қорабы, тауардың адамның физикалық
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz