Кәсіпорынның өндірс шығындары


ЖОСПАРЫ
Кіріспе . . . 3
1 Кәсіпорынның ӨНДІРС шығындары
1. 1 Кәсіпорынның өндіріс шығындары . . . 5
1. 2 Өндіріс шығындарының төмендеуінің негізгі бағыттары . . . 10
1. 3 Өндіріс шығындары туралы концепциялар . . . 11
2 "Адал " АҚ-ның өндірістік-шаруашылық қызметі мен өнімді өткізуДІ ТӨМЕНДЕТУ ФАКТОРЛАРЫН талдау
2. 1 "Адал " АҚ-ның өндірістік-шаруашылық қызметіне сипаттама . . . 13
2. 2 Кәсіпорынның өнімді өткізу төмендету факторларын талдау . . . 17
3. Өндірістік шығындарды төмендетудІ жетілдіру
3. 1 Өндірістік шығындарды төмендетуге шетелдік тәжірибелері . . . 26
Қорытынды . . . 31
Қолданылған әдебиеттер . . . 33
Кіріспе
Кәсіпорындар өз өнімдерін нарыққа шағару ұмтылысы мен қабілетін анықтайтын маңызды факторлар - өндіріс шығындары болып табылады. Кез-келген тауарды өндіру-шығындарды талап етеді, ал бұл шығындардың да өздерінің белгілі бір бағалар болады.
Фирманың нарыққа ұсынғысы келетін өнімінің саны бір жағынан, сол өнімдерді өндіргендегі шығындар мен ресурстарды тиімді пайда алуға байланысты болса, екінші жағынан тауардың нарықта өндірілетін бағасына байланысты болады. Жетілген бәсекелестік жағдайында фирмалар өздері өндірген өнімдердің бағасына әсер ете алмайды. Сондықтан нарықтық экономикадығы фирманың тиімді жұмыс істеуі үшін, өндіріс шығындарын азайту керек.
“Кәсіпорын шығындарын басқару” атты тақырыбы оның қажеттілігіне байланысты таңдалды. Бүгінгі таңда Қазақстанның нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорынның шығындары және оны азайту туралы мәселелер әкімшіл - әміршіл жүйедегіге қарағанда аса маңызды болып отыр, нарықтық экономика әр кәсіпорынның пайда табу мақсатында өзінің мүмкіндіктерін өте тиімді пайдалануына түрткі болады. Қазіргі кезде кәсіпорын қаржылық тәуелсіздікке, өнімді өткізуден түскен ақшаны тиімді бөлуге, түскен пайданы тиімді жұмсауға иелік етеді пайданы алмастан бұрын шығындардың барлық түрін және азайту жолдарын талдауы керек. Тек осындай жағдайда ғана пайда алдық деп нақты айтуға болады.
Шығындар қалыптасу сферасы мен айналымы бойынша ерекшеленеді. Өндірістік шығындар сауда, транспорт, сақтау шығындары, ал құнға қосылуы бойынша толық және бөлшек болып жіктеледі. Өндірістік шығындарды өндіріс деңгейінде өзіндік құн деп те атайды. Сондай - ақ фирманың табысқа жетуі өзіндік құнның бірнеше себептер бойынша қалыптасуына байланысты.
- Өнімді өткізу және өндірістік шығындар сату бағасын, бәсекелестік бағаны анықтаудағы басты элемент болып табылады.
- Өзіндік құн туралы ақпараттар өндірісті және шығындарды басқару мен болжау кезінде пайда болады.
- Өзіндік құн есепті кезеңнің аяғында материалды есептеулар жүргізгенте сальдоны анықтауда қажет болады.
Өзіндік құн өндірістік шығындардың қосындысын және өнімді өткізуді білдіреді.
Кез келген фирманың негізгі мақсаты («Адал» АҚ-қосқан) -кірістерді максималдау.
Бұл стартегиялық мақсатты жүзеге асырудағы барлық мүмкіндіктер өндіріс шығындары және өндірілген өнімге деген сұраныспен шектелген.
Экономикалық шығындар - фирмамен жүзеге асырылатын жабдықтаушыға төленетін төлем. Сондай - ақ нақты бір фирма немес басқа өндіріс орнын қолдануға тиісті, ресурстарға деген ішкі шығындар. Жалпы ішкі және сыртқы шығындар бар. Фирманың жұмысшыларға, отынға, өзі өндірмейтін, бірақ өндіретін өніміне қажетті қосымша заттарға төлемдер, сыртқы шығындарға жатады. Ішкі - осы фирманың иесі белгілі бір табыс алады. Ал кері жағдайда, ол бұл іспен айналыспайды (егер табыс таппаса) . Сол табысты шығынның элементі құрайды. Ал таза пайда түскен кірістен ішкі және сыртқы шығындарды алғанға тең. Бухгалтерлік кіріс жалпы пайдадан сыртқы шығындарды алғанға тең.
1 Кәсіпорынның ӨНДІРС шығындары
1. 1 Кәсіпорынның өндіріс шығындары
Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.
Біріншіден, әлеуметтік - экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады.
Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процессінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.
Бухгалтерлікке - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бугалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.
Енді өнімнің өзіндік құнына қысқаша тоқталып кетсек. Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштерінің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны - жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизмция, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы - бұл шығындардың басты статиялары.
Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметтеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік обьектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау - бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.
1. Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
2. Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.
3. Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.
Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзінік құның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда территориялық қашқтығы, шикізатқа баға деңгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия, көлік тарифтері және т. б.
Сатылған тауарлардың, қызметтердің, жұмыстардың өзіндік құны
Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігінде және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындарға бөлінеді.
Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақшаа формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын төлеу т. б.
Айқын емес шығындар деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді.
Өндіріс шығындарын түр-түрге бөлудің көп классификациялық белгілері болады.
Өндіріс шығындарының классификациясы
Классификациялау түрлері шығындардың бөлімшелері
Экономикалық элементтер Шығындардың экономикалық элементтері
Өзіндік құнның баптары Калькуляциялық өзіндік құнның баптары
Технологиялық процеске Негізгілер, үстемелер
қатынасы Бір элементтік, кешендік
Құрамы тікелей, жанама
Өнімнің өзіндік құнына Тікелей, жанама
жатқызу тәсілі Өндірістік, өндірістен тыс
Өндіріс процессіндегі ролі Өнімділік, өнімділік емес
Шығын жасаудың мақсатқа Жоспарланған, жоспарланбаған
сай келетіндігі Тұрақты, өзгермелі
Жоспарға енгізу мүмкіндігі Ағымды, бір жолғылық
Өндіріс көлеміне қатынасы Аяталмаған өндіріс шығындары,
Пайда болудың дүркінділігі дайын өнім шығындары
Дайын өнімге қатынасы
Практикада көбінесе шығындарды тұрақтыға және өзгермеліге бөледі.
Тұрақты шығындарға - осы мерзімде өндіріс пен өткізудің көлемімен құрамына байланысты емес шығындар. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін абсцисса бөлігіне параллельді түзу сызық көрсетеді.
Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міндеттемелеріне сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандардың еңбекақысы.
Тұрақты шығындардың бастапқы және қалдық шығындар деп екі топқа бөлуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.
Өзгермелі шығындарға осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып, болжап, басқара алады.
Өндіріс пен сату өзгергендегі өзгермелі шығындар динамикасымен танысайық. Мұнда үш жағдай болуы мүмкін:
1. Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олар салыстырмалы өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің салыстырмалы өзгеруіне тең болады.
2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны.
3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі шығындардың өсуі өндірістің көлемінен артық болса.
Кәсіпорынның жалпы шығындары деп ТС - оның тұрақты және өзгермелі шығындарының сомасы түсіндіріледі.
Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады.
Өндіріс көлемі өзгергенде жиынтық шығындардың шамасын белгілейтін шығындардың көлемі көп болады, мысалы, шикізатқа негізгі және көмекші материалдарға шығындар, көлік шығындары, қуатқа, табыстың жекелеген түрлеріне шығындар, т. с. с.
Өзгермелі шығыстардың жауап ретіндегі коэффициенті өндіріс көлемін өсіру немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан, осындай шығыстарды Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығындар деп атайды. Шығыстардың басқа түрлері өндіріс көлеміне тәуелді болмайды. Мысалы, кәсіпорынның әкімшілігінің және қорғаушыларының жалақысы, арендаға алынған негізгі құралдар үшін төлемдер және т. б. өйткені бұлар өндірісті қандай көлемде жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, Олар кәсіпорынның тек қызмет ету шарты болып табылады. Бұларды шешім қабылдайды белгілемейтін шығыстар деп атайды.
Әдетте уақыт мерзімі қысқа және ұзақ мерзім болып бөлінеді. Ұзақ мерзімде шығындардың барлығы өзгермелі болады. Мысалы, егер жұмыстан босату мерзімі жұмыскерлер үшін 1апта болса, онда жалақыға жұмсалатын шығындар жұмыскерлер үшін 1апта және одан артық. Егер уақыт мерзімін 1жыл деп алсақ, онда еңбек үшін төлем шығындарының барлығы өзгермелі болады.
Тұрақты шығындар шарттық қарым-қатынастар нәтижесінде пайда болады. Шығындарды мән жағынан тұрақты және өзгермелі деп бөлуден пайда жоқ. Шығындардың Батыстағы классификациясында олардың тәртібінің сипаты шешім қабылданған ситуатциядан тәуелді деп тұжырымдалады.
Бірақ барлық өзгермелі шығындар өндіріс көлемі туралы шешімдерге әсер етеді, ал барлық тұрақты шығындар әсер етпейді деген дұрыс емес. Бір түрге жататын шығындардың өздері әр түрлі болып көрінеді. Шешімдер қабылдаудың белгілі ситуациясында өзгермелі көп, ал басқа ситуацияда тұрақты шығындар көп болуы мүмкін. Осы шығындар тұрақтыға немесе өзгермеліге жата ма деген сұрақтың жауабы екі факторға тәуелді болады: Кезең мерзімінің ұзақтығынан және өндірістік факторлардың бөлінісінен.
Кәсіпкер үшін өнімнің бірлігін шығару үшін жұмсалған шығындар, яғни орташа шығындар туралы информация, өте маңызды.
Орташа шығындар АТС - бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар.
Ұзақ мерзімде кәсіпорынның масштабының және оның өндіріс көлемінің орташа шығындар динамикасына ықпалы оң шамада немесе теріс шамада болуы мүмкін. Әдетте, ұзақ мерзім кезеңінде шығындар, кәсіпорынның кеңеюіне сәйкес, алғашында төмендеп минимумға жетеді, осыдан кейін қайтадан өседі. Бұл жағдай қайтарымның кему заңымен емес, өндіріс масштадының өсуінің оң немесе теріс эффектісімен дәлелденеді.
Ауқымының оң нәтижесі шығарылым өсуіне сәйкес фирманың ұзақ мерзімдік орташа шығындары кеміегнде орын алады.
Ауқымның теріс нәтижесін шығарылатын өнімнің көлімінің өсуіне байланысты ұзақ мерзімдік орташа шығындар өскен жағдайда өндірісті ұйымдастыру мәселелері құрады. Мұның басты себебі - фирманың әртүрлі буындарының қызметін реттеуге бақылау жүргізудің бәсеңдеп кетуі. Басқарушы аппарат өсіп кетеді, жоғары дәрежелі басқарушылар өндірістік проценттен алшақтанады. Бұл басқарудың жеделдігінің айқындығын төмендетеді, өндіріс тікелей және үстеме шығыстарын өсіреді.
Дағдарыс кезінде, бәсекелік сайыста ірі фирмалардың өміршеңдігінің мүмкіндігі жоғары болады. Ауқымының теріс нәтижесінен аулақ болуы үшін бұлардың қолданатын мүмкіндіктері мол болады.
Егер ұзақ мерзімдік орташа шығындар шығарылым көлемінен тәуелді болмаса, онда ауқым нәтижесінің қайтарымы тұрақты болады.
Кәсіпорынның тиімділігінің барынша төмен көлемі, фирмаға өзінің ұзақ мерзімдік орташа шығышдардың барынша төмендетуге мүмкіндік беретін, өндірістің ең аз көлемі.
Өндіріс көлемі туралы сұрақ қаралғанда тек орташа шығындармен ғана емес, шекті шығындармен есептеу қажет.
Шекті шығындар МС - бұл өнімнің қошымша бірлігін өндіру үшін қажетті қосымша шығындар.
Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзан түссе, онда шекті шығындар өнімнің бағасымен теңдескенше, фирма өндірісті кеңейте береді. Бастапқыда шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін
1. 2 Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары.
Шығындарды жүйелі түрде төмендету - кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімдлігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
- ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану ;
- өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру - бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету - шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндіргенін ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып пйдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға таппыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айнымалы өндіріс қорларды неғұрлім тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелігін жақсартудың есебінен арттыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапонық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т. б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.
Өнімнің өзіндік құнын арзандату - еңбек өнімділігін арттырудың шарттқа айналған обьективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндіріс шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
- өндірістің техникалық деңгейін көтеру;
- өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;
- басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, т. б.
1. 3 Өндірістік шығындар туралы концепциялар.
Шығындарды зертеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А. Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д. Рикардосалыстырмалы шығындар теориясының авторы. «Шығындар» деген терминді олар, бірлікке жұмсаған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.
Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратыны көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған шығындардың сомасы болады. К. Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын - ақиқат өндіріс шығындарын - ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу еңбек шығындарына және капитал шығындарына - бұл капиталистік ұдайы өндіріс процессіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принціптерінің біреуі болып табылады.
XIX ғ. соңында бірнеше жаңа концепцилар пайда болды. Маржиналистер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психолгиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төленетін соманың шамасы белгіленеді. Маржинаналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептеледі. Осы кәсіпорынның табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы түсініледі.
Австралиялық теоретик Ф. Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субьективтік теориясының авторы. Осы тауардың нақты өндіріс шығындары, өндірісресурстарын басқаша пйдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австралиялық мектептің өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты, шығындарды барынша төмендету (минималзация) теориялары пайда болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz