Психология ұғымы



Кіріспе

Негізгі бөлім

а) Психология ұғымы

б) Психология ғылымының салалары мен тармақтары

в) Психологияның зерттеу әдістері

Қорытынды
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейтін объектіні бірден түсіну қиын, әрі ол – күрделі мәселе. Өйткені, психикалық құбылыстар зерттеуші адамның дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Психологияның зерттейтін объектісі тіршілік пен өмірдің басқа құбылыстарынан ерекше. Заттар мен құбылыстар туралы адамның елесі, қабылдауы, тілегі сол заттардың өзінен ерекше болып жасалады. Сөйтіп, бірте-бірте олар адамның психикасы болып аталады. Оған психикалық әрекеттер, қасиеттер, процестер, күйлер тағы басқалар жатады. Мұндай процестер көзге көрінбейді. Сонымен бірге олар сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардан да ерекшеленеді. Бұл құбылыстар адамның ішкі жан дүниесіне тән.
Психологияның үш түрлі ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелігі – психология адамтану жайындағы ғылымдар арасында жетекші орынға ие. Мұндай ерекшелік қазіргі кезде қарқынды дамып отырған ғылыми пәннің өресі мен алдына қойған мақсат-мүддесімен байланысты. Екіншісі – адамның психологиялық дара өзгешеліктерін, психикалық процестердің анық-қанығын айқындау үшін 19-ғасырдың орта кезінен бергі тәжірибелік зерттеулердің кеңінен қолданылуы. Осы ретте, психология эксперименттік ғылым деп те аталады. Үшіншісі – психологияны өзге сабақтас ғылыми пәндерден ерекшелеп тұратын жайт – бұл пәннің дербестігі. Пәннің дербестігі адам жан дүниесінің сырларын зерттеуде ең алдымен оның заңдылықтарын жете білуді, әрбір адамның жеке басына тән ерекшеліктері мен сыр-сипаттарын даралап іздестіруді қажет етеді. Әрбір адам - өзінше бір дара дүние. Оның жан сарайына үңіліп, жүрек сырына терең бойлау, ондағы құпия жайттарды ұғыну – пән дербестігінің бір қыры.
1. Қ. Жарықбаев Психология
Алматы, 1993

2. Ә. Алдамұратов Жалпы психология
Алматы, 1996

3. Намазбаева. Психология

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

а) Психология ұғымы

б) Психология ғылымының салалары мен тармақтары

в) Психологияның зерттеу әдістері

Қорытынды

Кіріспе
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы
зерттейтін объектіні бірден түсіну қиын, әрі ол – күрделі мәселе. Өйткені,
психикалық құбылыстар зерттеуші адамның дүниетанымдық көзқарасына
байланысты. Психологияның зерттейтін объектісі тіршілік пен өмірдің басқа
құбылыстарынан ерекше. Заттар мен құбылыстар туралы адамның елесі,
қабылдауы, тілегі сол заттардың өзінен ерекше болып жасалады. Сөйтіп, бірте-
бірте олар адамның психикасы болып аталады. Оған психикалық әрекеттер,
қасиеттер, процестер, күйлер тағы басқалар жатады. Мұндай процестер көзге
көрінбейді. Сонымен бірге олар сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардан да
ерекшеленеді. Бұл құбылыстар адамның ішкі жан дүниесіне тән.
Психологияның үш түрлі ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелігі – психология
адамтану жайындағы ғылымдар арасында жетекші орынға ие. Мұндай ерекшелік
қазіргі кезде қарқынды дамып отырған ғылыми пәннің өресі мен алдына қойған
мақсат-мүддесімен байланысты. Екіншісі – адамның психологиялық дара
өзгешеліктерін, психикалық процестердің анық-қанығын айқындау үшін 19-
ғасырдың орта кезінен бергі тәжірибелік зерттеулердің кеңінен қолданылуы.
Осы ретте, психология эксперименттік ғылым деп те аталады. Үшіншісі –
психологияны өзге сабақтас ғылыми пәндерден ерекшелеп тұратын жайт – бұл
пәннің дербестігі. Пәннің дербестігі адам жан дүниесінің сырларын зерттеуде
ең алдымен оның заңдылықтарын жете білуді, әрбір адамның жеке басына тән
ерекшеліктері мен сыр-сипаттарын даралап іздестіруді қажет етеді. Әрбір
адам - өзінше бір дара дүние. Оның жан сарайына үңіліп, жүрек сырына терең
бойлау, ондағы құпия жайттарды ұғыну – пән дербестігінің бір қыры.

Психология туралы түсінік

Психология – психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу
заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік,
елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет, т.б.) көпшілігімізге
өз тәжірибемізден жақсы мәләм, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір
қарағанда бұлардың мәнін әрқайсысымыз тез ажырататын да, білетін де
сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну
арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен
баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған
психология ғылымы қарастырады. Психология ерте заманнан келе жатқан білім
салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция.
Психология термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі – псюхе
(жан), екіншісі – логос (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз жан туралы ілім
деген ұғымды білдіреді.
Адамдар күнделікті өзара қарым-қатынас нәтижесінде бірін-бірі
бақылап, бір-бірінің мінез-құлқын, істеген ісін, қылығын, еңбек әрекетін
біледі, ішкі сырларын аңғарады. Олардың сыртқы құбылыстарға бейімделуін,
түрлі әсерлерге тітіркеніп, реакциялануын байқайды. Сөйтіп, бір-бірінің
мінез-құлық ерекшеліктерінің өзіндік сипаттарын түсінеді. Адам психикасының
сан қырлы сырларын ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың арасындағы айырма
сипаттарын, бір-біріне тигізер ықпалын, қасиет-сапаларын, жан-күйін өмір
тәжірибесіне сүйене отырып ажыратады. Мұндай ерекшеліктер ұрпақтан-ұрпаққа
тіл, халықтың өнер туындылары, жасаған заттық бұйымдары арқылы мұра ретінде
беріліп отырады.
Адамның өмірден көріп-білгені, естігені, өз тәжірибесінен жинақтағаны
ғылымға дейінгі психологиялық білімін, түсінігін жасады. Мұндай түсініктер
адамдардың табиғатпен қатынасында, айналасындағы нәрселерді танып,
пайымдап, бағдарлай білуінде ерекше маңызды. Дегенмен, бастапқы түсініктер
жүйесіз әрі тайыз болғандықтан, оларға сүйене отырып, адамдар арасында
белгілі жүйеде тәлім-тәрбие, емдеу, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу
жеткіліксіз еді. Өйткені, олар адамның психикасы мен жан дүниесі туралы
тұрақты әрі дәйекті ғылыми мәліметтер бере алмайды. Ал ғылыми білім, заттар
мен құбылыстар жайындағы ақиқатты танып білу, олардың сыр-сипатын түсіну
мәселелері себеп-салдар принциптерін ашып көрсету нәтижесінде ғана жүзеге
аспақ.
Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу
әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу
жүйесін зерттейді. Басқаша айтқанда, бұл ғылым – теориялық және
эксперименттік психология деп те аталады. Жалпы психология – адамның танымы
мен практикалық іс-әрекеттерін, түйсіну мен қабылдауын, ес пен қиялын,
ойлау мен сөйлеуін, ерік-жігері мен сезім күйлерін, адамның өзін-өзі
меңгеруінің жалпы заңдылықтарын қарастырады. Адамның жеке басындағы өзіндік
психологиялық ерекшеліктері болып саналатын мінезі мен темпераментін,
мінездегі жетекші ниет-тілектерді қабілеті мен өнерді таңдай білуін т.б.
ерекшеліктерін зерттейді.
Жалпы психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық
салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі.
Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынадай негізгі үш мәселені бөліп
қарастырамыз: а) психикалық процестер; ә) психикалық кейіп; б) психикалық
қасиеттер немесе адамның дара психологиялық ерекшеліктері.
А) Психикалық процестерге, әдетте, адамның таным процестерін
жатқызады. Олар – түйсіну, қабылдау, ес, қайта жаңғырту процесі, қиял мен
ойлау. Сөйтіп, сыртқы дүние шындығын тану, еріктік процестер, эмоциялық
процестер.
Ә) Психологиялық кейіп көңіл-күй мен аффекттерді, зейін және ерік
сияқты т.б. жайттарды бейнелейді.
Б) Психикалық қасиеттер әрбір адамның жеке басына тән психологиялық
өзгешеліктер болып табылатын темперамент, мінез, қабілет арқылы дараланады.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайда өмір сүретін адамдардың бүкіл болмысы мен жан
дүниесінің сыры олардың даралық қасиеттері болып табылатын темперамент
көрінісінен мінез-құлық ерекшеліктерінен және қабілет бейімділігінен айқын
байқалып тұрады.
Материалистік ілім психикалық процестер мен ерекшеліктерді
органикалық дүниенің белгілі бір даму сатысында пайда болған қасиеті деп
санап, оларды бейнелеудің жоғары формасы ретінде түсіндіреді. Психиканың
айналадағы объективтік шындықтың біздің жоғары сатыда жетілген жүйке
жүйемізде бейнеленуі деп таниды. Жануарлар дүниесімен салыстырғанда, адам
дүниені бейнелеудің ең жоғарғы сатысы – санаға ие болады. Сана – тек адамға
ғана тән қасиет. Адамның болмысты бейнелеудің ең жоғарғы сатысы – сана
дәрежесіне көтерілуі, бір жағынан алғанда, оның жақсы жетілген жүйке
жүйесінің қызметіне байланысты болса, екінші жағынан, адамның қоғамдағы
қызметі мен еңбек тәжірибесіне байланысты.

Психология ғылымының салалары мен тармақтары

Қазіргі кезде психология ғылымы – көптеген салалар мен тармақтарға
бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен
тармақтар дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-
әрекеттерін қамтитын әрқилы сатыда тұр. Оларды топтастырып, жік-жікке
ажырату жіктеу деп аталады. Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші,
осы пәннің зерттейтін объектісін, екінші, адамның іс-әрекеттерін түрлерін
негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет иесі деп санап,
оның әлеуметтік ортаға қатынасын алап қарастырамыз.
Адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырып, оның психикасының дамуын
төмендегіше жіктейміз:
1. Тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы.
Бұл пәннің зерттейтіні – адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі
психологиялық заңдылықтар. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың
психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму заңдылықтарынан
ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің
психологиясын зерттейді.
Тәлім-тәрбие психологиясының мынадай тармақтары бар: а) оқыту
психологиясы –дидактиканың негіздерін, оқыту мен білім берудің жееклеген
әдіснеме мәселелерін бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын қалыптастыру
сияқты өзге де мәселелерімен шұғылданады. ә) тәрбие психологиясы –
гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп,
оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық
негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді.
2. Жас кезеңдерінің психологиясы - әр қилы психикалық процестердің табиғи
негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық
сапаларын зерттейтінбұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар
психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер
психологиясы, қарт адамдар психологиясы. Бұл сала оқыту мен ақыл-оцдың
дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту
ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын
нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.
3. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан
ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы
саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Арнаулы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда:
олигофренопсихология – ми зақымы ауруымен туған адам психологиясынығ
дамуын, сурдопсихология – саңырау немесе керең болып туған балалар
психикасын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен соқырлардың
психологиялық дамуын зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар
психологиясын зерттейтін тармақ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек
тілінде патос - зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді.
Патопсихология медицина ғылымы мен оқу-тәрбие істерін зерттейтін пән-
педагогика мен жан дүниесінің сырын қарастыратын психология ғылымының
түйіскен торабына жатады.
4. Еңбек психологиясы – адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын,
еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.

Еңбек психологиясының мақсаты - әр түрлі еңбектегі мамандық
ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік
жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен
орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру. Бұл салалардың
әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен бірге бірімен-бірі байланысты болып
келетін мынадай тармақтары бар: инженерлік психология – бұл, негізінен,
автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын
зерттейді. Инженерлік психологияда ең маңызды мәселе эргономика деп
аталады. Бұл термин гректің ергон - жұмыс және номос заң деген екі
сөзінің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам
арасында қатынас орнатудың түйінді мәселелері болып саналатын еңбек
әрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялық ерекшеліктері, жүйке
жүйесінің қызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші
рөлі, техникалық құрал-жабдықтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер
теориясына қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сыр-сипаты зерттеледі.
Эргономика, негізінен, адам – машина орта (еңбектену) жағдайын қарастыра
отырып, олардың неғұрлым өнімді болуы мен нәтижелерін жүйелі түрде
үйлестіруді басты міндет етіп қояды.
Авиациялық психология ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын
істердің жай-жапсарын, жалпы, адам психикасының әуе кеңістігіне
бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен
кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді.
Ғарышкерлік психология адамның салмақсыздық пен әлем кеңістігінің
айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық
жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі кейпін, көңіл-
күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.
Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармақтары бар.
Олар ауыл шаруашылығына қатысты болып келеді.
5. Медициналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез-
құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармаққа бөлінеді, әрбір тармақтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері жайлы
Психология пәні, оның міндеттері, даму тарихы. Психиканың дамуы және бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру. Тұлғалық ерекшеліктер
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Педагогикалық психология ғылым
Психология ғылымы жайында
Балалардың ерік жігерін тәрбиелеу
Әлеуметтік –психологиялық тренинг (ӘПТ) ұғымы,мақсат,міндеті,түрлері,принциптері
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
ХХ – ғасырдың басындағы қоғамдық – саяси әлеуметтік жағдаяттардың психология ғылымының дамуына ықпалы
Тұлға және әлеуметтік ұғымдар жайлы
Пәндер