Христиан діні туралы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Христиан дінінің пайда болуы, оның

ерекшеліктері.

  1. Христиан дінінің басты ағымдары:

а) Православие;

б) Католицизм;

в) Протестантизм;

3. Қорытынды.

1. Христиан дінінің пайда болуы

оның ерекшеліктері.

Христиан діні ( грекше chrіstos - “жағушы”, “Мессия” ) алғашқы кезде Палестинада б. з. І ғ. иудаизм сектасы ретінде пайда болды. Христиан дінінің иудаизммен ортақ тамырының болуы өте маңызды болып келеді. Себебі хритсиандықтардың қасиетті кітабы Библияның бірінші бөлімі - Ветхий Завет иудаизм мен христиандықтар үшін ортақ болып келеді де, екінші Новый Завет деп аталатын бөлімі тек христиандықтармен ғана мойындалады және Библияның негізгі бөлімі болып есептеледі. Палестина мен Жерорта елдерінде тарала отырып Христиан діні өзінің алғашқы он жылы ішінде көптеген табынушылар мен сенушілерін тапты.

Христиан дінің дамуы мен көпшілік арасына тарала бастауы антикалық өркениеттің үлкен дағдарысы мен оның басты құндылықтарының құлдырай бастауымен ұштасады. Христиан діні Римдік қоғам құрылысына көңілдері толмайтындар арасында кеңінен құлаш жая бастады. Аталған дін өздерінің сенушілеріне ішкі құтқарылу, адам ішідегі күнәлік сезімнен арылу, қатаң аскетизмге баулу, кейіннен жерге келетін Құдай Патшалығымен құтқарылуды ұсынған болатын.

Алайда алғашқы христиандық қауымдар өз мүшелерін тек өзі үшін ғана емес, сонымен бірге әлемнің барлық адамдары үшін сыйыну, тек өзінің ғана құтқарылуын ойламай сонымен бірге өзге де адамдардың құтқарылуын тілеуге шақырды. Сол уақыттың өзінде де христиандыққа тән универсализм байқала бастады: Рим империясының әр бөліктерінде өмір сүрген христиан қауымдары өздерінің бірлігін, біртұтастығын сезді. Қауым мүшелері әр түрлі ұлт өкілдері болды. Библияда жазылған “нет ни еллина, ни иудея” тезисі Құдай алдындағы барлық адамдардың теңдігін белгілеп, ұлттың және тілдік шекараларды білмейтін әлем діні атануға алғышарттар жасады.

Христиандықтың дамуындағы келесі қадам “шіркеудің” (церковь) күнәсіздік идеясы болды. Яғни кез-келген христиандық қателесу мүмкін, бірақ шіркеу еш уақытта қателеспейді. Сенім бойынша, Апостолдар Христос арқылы шіркеуге Қасиетті Жан алап келген.

ІV ғ. бастап христиан шіркеуі ғаламдық соборлар аталған жоғарғы діндарларды жинай бастайды. Бұл соборларда дін үйрету жүйелері, канон нормаларының қалыптасуы, құдайға табыну ережелері және ересялармен күресу жолдары қарастырылған болатын. 325 жылы Никеядағы бірінші ғаламдық собор дін үйретудің негізі болатын батсы догматтары болған христиандық сенім символдарын қабылдады.

Христиан діні иудаизмде басталған жалғыз Құдай және оның абсолютті күштілік идеясын сақтайды. Яғни әлемдегі барлық заттарды Құдай жаратты, бәрі де Құдайдың еркімен жасалған.

Христиандық діннің екі басты догматтарында құдайдың үшбірліктілігі және айнымалылығы туралы айтылады. Бірінші қағидаға сай, құдайшылықтың ішкі дүниесі үш “ипостасей ”: Әке (басы жоқ бастама), Бала немесе Логос (мәнді принцип) және Қасиетті Жан (тірілту принципі) түрінде келетіні айтылады. Бала Әкеден “туады”, ал Қасиетті Жан Әкеден “шығады”. Бұл жерде “туу” мен “ шығудың” уақытқа қатысы жоқ, себебі христиан Үштігінің түрлері “ әр уақытты өмір сүрген” және олар маңызы жағынан “ тең” болып келеді.

Христиан ілімі бойынша адам Құдайдың “ келбеті мен образын” сақтаушысы ретінде жаралған. Алайда алғаш христиандықтардың күнәхарлығы кесірінен “адамдық құдай келбеті” жойылды. Христос кресттік қиналыстар мен өлімге душар болып, күллі адамзаттың күнәларын өтеп шықты. Яғни адам өзіне “ крестті ” қабылдау арқылы өзіндегі және барлық әлемдегі барлық қатыгездікті жеңе алады. Сөйтіп адам Құдайға жақындай бастайды, Құдай жолына өте бастайды. Бұдан христиан дінінің маңыздылығы шығады, яғни адам Христостың азаптық жолын мойындап, оны өтеу керек. Ол бірінші кезекте - крещение, причастие, исповедь (покаяние), неке және соборлау.

Өздерінің діни көзқарастары үшін қамауға алынып, азапқа ұшырағандар (“исповедниктер”) және дарға асылғандар (“мученниктер”) христиан дініде қасиеттілер деп атала бастады.

Уақыттың өтуімен мәдениет пен дәуірдің талаптарын христиандықтың саяси-идеологиялық контексті алмастыра бастады, бұл бірқатар шіркеулік бөлімдер - схизмді туғыза бастады. Бұның нәтижесінде христиан діні салалары арасында жарыстар пайда бола бастады. 311 ж. христиан дініне рұқсат етіледі, ал император Константиннің кезінде христиан діні мемлекет қарамағында болған жалпы үстем ететін дін болып жарияланды. Алайда Батыс Рим империясының құлауы нәтижесінде христиан дінінің біртұтастығы ыдырай бастады. Мұның нәтижесінде рим епископы (папа) өзіне діни уағыздаушы қызметін алып, оның рөлі едәуір арта түсті. V-VІІ ғғ. өзінде-ақ Христос маңындағы көптеген даулардың нәтижесінде имперлік шіркеуден Шығыс монофистер бөлініп шықты. 1054 жылы православиелік және католиктік шіркеулер бөлініп шықты. Бұған себеп болған шіркеудің монархқа бағынған византиялық теология мен өзіне бұқаралық билікті бағындырғысы келген универсалды паптың латын теологиясы арасындағы қарама-қайшылық болды.

1453 ж. түрік-османдардың Византияны құлатуынан кейін православиенің басты қайнар көзі Ресей болды. Алайда ХVІІ ғ. обрядтық салттар нормалары жөніндегі даулар мұнда ескіобрядтылықтың бөлініп шығуына әкеліп соқтырды.

Батыс елдеріне келетін болсақ, бұл жерде папа идеологиясы мен практикасы әрі қоғам “жоғарыдағыларының” (әсіресе герман императорлары), әрі “төмендегілердің” (Англиядағы лоллардтар, Чехиядағы гуситтер қозғалыстары) айқын наразылығын туғызды. ХVІ ғ. басына қарай бұл наразылық Реформация қозғалысына айналды.

Христиан дінінің тарихи даму нәтижесінде пайда болған басты сенім формаларын қарастырып кетейік.

  1. Христиан дінінің ағымдарына сипаттама.

П равославие - христиан дінінің үш басты бағыттарының бірі болып есептеледі. Тарихи түрде бұл христиандықтың шығыс тармағы ретінде қалыптасты. Ол әсіресе Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, Балқан түбегі елдерінде кеңінен таралған. “ Православие” атауы ( грекше “ортодоксия”) алғаш рет ІІ ғ. христиан жазушыларының еңбектерінде кездеседі. ІV-ХІ ғғ. Византияда православие басты дін болған кезінде оның алғаш ресми негіздері қаланған болатын. Првославиенің діни ілімі - қасиетті жазбалары (Библия) және қасиетті преданиелерін (ІV-VІІІ ғғ. жеті ғаламдық соболардың шешімі, Афанасий Александрийский, Ұлы Василий, Григорий Богослов, Иоанн Дамаский, Иоанн Златоуст сияқты шіркеулік ірі авторитеттердің еңбектері) мойындау. Бұл жазбалар православие дінінің негізін құрайды.

Никея мен Констанинопольдегі соборларда қабылданған Сенім Символында бұл шіркеулік негіздер басты 12 бөлімде жинақталған:

Бірінші бөлімде Қасиетті үштіктің бірінші ипостасиі, әлемді жаратушы Құдай туралы айтылады.

Екіншісінде Құдай Баласы - Иисус Христос туралы айтылады.

Үшіншісі - Құдай айналымының догматы ретінде қарастырылады. Ол бойынша Иисус Христос Құдай бола тұра адам кейіпінде Дева Мариядан туады .

Сенім Символының төртінші бөлімі - Иисус Христостың азабы мен өлімі туралы. Бұл күнәні өтеу догматы болып есептеледі.

Бесінші бөлім - Иисус Христостың қайта тірілуі жөнінде.

Алтыншы бөлімінде Иисус Христостың аспанға берілуі.

Жетінші мүшесі Иисустың болашақта жер бетіне қайта оралуы туралы.

Сегізінші мүшесі - Қасиетті Жанға сенім туралы.

Тоғызыншы бөлім - адамның шіркеуге қатысы жайында.

Оныншы бөлімінде - “Крещениенің” мәні туралы.

Он бірінші мүшесі - болашақтағы өлгендердің толығымен тірілуі туралы.

Он екінші бөлімінде - өмірдің мәңгілігі туралы .

Христиан дінінің философиялық және теоретикалық бағытындағы дамуына Қасиетті Августин ерекше роль ойнады. 5 ғ. шекарасында ол діннің білімнен күштілігі идеясын уағыздайды. Адамның ақылы үшін нақтылық өте қиын нәрсе, себебі оның түп негізінде Құдай жатыр.

Православиеде Құдайға сенушілерге шіркеу атынан ерекше рақымшылдықтың түсетіні айтылады. Шіркеу 7 басты таинствоны мойындайды:

Крещение, ол бойынша адам Құдай-Әке және Құдай-Баланың шақыруымен суға 3 рет батырылғанынан соң рухани өмірге ие болады.

Причащение таиствосында сенуші нан мен шарап күйінде Мәңгі өмір үшін Христостың қаны мен денесіне сіңеді.

Покаяние мен исповедь таинствосында - Иисус Христос атынан күнәларды кешіретін уағыздаушы алдында өз күнәларын мойындау керек.

Священство таинствосы епископ арқылы жүзеге асады. Ол сенушілерді діни қызметкерлер қатарына қосады.

Неке таинствосы бойынша храмда ер адам мен әйел арасындағы некелік одаққа алғыс айтылады.

Елеосвящение (соборование) таинствосында денені елеймен жағу арқылы Құдайдың барлық дене және рухани аулуларды емдей алу қасиеті сөз болады.

Киевтің князь Владимир мен Новгород Добрынеймен крещениеленуі күллі Русьтің ерекше роль ойнады. Христиан діні Ресейдің солтүстікке қарай жылжуы нәтижесінде кеңінен тарала бастады. Сергий Радонежскийдің Үштік культін көпшіліке паш етуі жаңа әлеуметтік идеялар мен өмірге жаңа моральдік бастамалар енгізді.

Куликово шайқасынан кейін Русь экономикалық, саяси жағынан берік бола бастады. 1448 ж. орыс архийлер соборы, Констанинопольден тәуелсіз, Мәскеу және күллі Русь митрополиті кафедрасына Иона Рязанскийді тағайындайды. Бұл кезден бастап автокефалий - дербес Ресей шіркеуінің қалыптсуы басталды. Ресейдегі патриаршілдік Борис Годуновтың кезінде болды. 1589 ж. митрополит Иов бірінші Русь патриархы атанды.

Православ шіркеуі көптеген мейрамдар мен тұтуларды қолдайды. Тұтулар көбінесе мерекелердің алдында болады, ол “адам жанының тазаруы мен жаңаруын” білдіреді. Христиан дінінде 4 басты тұту бар: Пасха алдында, Петр мен Павл күндері алдында, Богородица Успениесі және Рождествоның алдында.

Мереклердің арасында бірінші орынды алатын Пасха болып есептеледі. Одан кейінгі 12 басты мейрамдар: Рождество Христово, Сретение, Крещение Господне, Преображение, Вход Господень в Иерусалим, Вознесение Господне, Троица (Пятидесятница) , Воздвижение креста Господня, Благовещание, Рождество Богородицы, введение во храм Богородицы, Успение Богородицы.

Католицизм.

Христиан дінінің келесі ірі бағыты болып католицизм болып есептеледі. “ Католицизм” сөзі “жалпы”, “ғаламдық” деген мағынаны білдіреді.

Оның негізі болып, шағын христиан қауым епископы апостол Петр болды. Католицизмнің бекіну процесі шығыс және батыс Рим империялары арасындағы ІІІ-V ғғ. қарама-қайшылықтары кезінде жүрді. 867 жылы папа Николай І мен Констаниопольдік патриарх Фоти бөлініп кетеді.

Католицизм негізінде Қасиетті жазба және Қасиетті предание жатыр. Православиеден өзгеше католицизм басты 7 Ғаламдық соборларды мойындап қана қоймай, сонымен бірге келесі соборлардың және папаның жолдаулары мен жазбаларын мойындайды.

Католицизм қатаң орталықтандырылуымен ерекшелінеді. Папа шіркеу бас, ол барлық соборлардын жоғары тұрады.

Католицизм бойынша Қасиетті Жан пападан және Құдай-Баладан шығады делінеді.

Құтқару негізі - сенім мен қайырымды істер болып есептелінеді. Шіркеу католицизм бойынша Иисус Христос, Дева Мария, қасиеттілер, таза христиандардың қалдырған “қайырымды істер” қоймасы . Шіркеу бұл қоймамен қолданса болады, оны қажет ететіндерге таратып, күнәларды кешіре алады. Индульгенция - ақша немесе басқа да төлем үшін күнәларды кешіру осыдан пайда болған.

Чистилище (жұмақ пен тозақ арасындағы орын) туралы догмат тек католицизмде ғана бар. Күнәлары онша көп емес адамдар чистилищеде тазарту отында күйіп, тазарып болған соң жұмаққа барады. Чистилищеде болу уақыты жақсы әрекеттермен азаюы мүмкін. Чистилище идеясы 1 ғ. пайда болды, православие мен протестанттар чистилищені мойындамайды.

Католицизм бойынша 1870 ж. І Ватикан соборында қабылданған папа күнәсыздығы, 1854 ж. қабылданған Дева Марияның “таза” жолмен балалы болуы, 1950 ж. қабылданған Дева марияның денелі түрде аттануы мойындалады. Католицизмде причащаниені престі нанмен жасайды (православиеде - квасты нан ) . Крещение жасағанда суға батырмай, суды тек бетке шашады. Денені жағу (конфирмация) туылған кезде емес, 7-8 жасында жасалынады. Содан соң жас бала өзіне екінші діни есім таңдап алады.

Культ орталығы - храм. Рождестволық тұту адвент деп аталады. Ол Қасиетті Андрей күні - 30 қарашадан кейінгі бірінші жексенбіде қабылданады. Рождествао 3 рет: түнде, таңда, күндіз тойланады. Себебі Христос Құдай кейпі, ана құрсағында, адам кепінде болған. Үш түрлі уағыздаушылық бар : диакон, уағыздаушы, епископ . Папаны Кардиналды кеңес өзінің кемінде 2/3 даусы негізінде және 1 құпия дауыс негізінде сайлайды.

Протестантизм

Протестантизм тарихы католицизмді мойындамаған Мартин Лютерден басталады. Оның пайымдауынша адамның Құдаймен тығыз байланысы бар. Лютердің индульгенцияға, сенім мен рухқа бақылау орнатуға, адам мен Құдай арасында делдалдың болуына қарсы шығуы көпшілік арасында кең қолдау тапты.

Протестантизмнің басты мазмұны мынада жатыр: Құдайдың ниеті адамға шіркеудің қатысуынсыз-ақ беріледі. Адамның құтқарылуы Христостың өзіне деген сенімі арқылы жүзеге асады. Таинстволардан крещение мен причастие мойындалады. Протестанттар Богородица культін, папаны, чистилищені, монахтықты, иконаларды жоққа шығарады. Библиядағы “Адам өз сенімімен құтқарылады” қағидасы Лютердің 95 тезисінен тұратын Реформациясының басты мазмұны болды, протестантизмге негіз болды. Бұл тезистер Виттенбергтің қамал шіркеуінде жазылған. Олардың кебіреулері:

“Сеніңдер, себебі аспан бақылауы жақындай түсуде”;

“Сену тек уағыздаушының алдында ғана жүзеге асапайды”;

“Папа тек өзінің және шіркеудің таққан күнәларын ған кешіре алады”.

“Кешірім канондары тек тірілер үшін ғана жасалады”.

“Жандар үшін индульгенцияларды қабыл ететіндерге сенудің қажеті жоқ деген Христос бойынша емес”;

“Шіркеудің басты құндылығы Евангелие және Құдай”;

“Шынай христиандық Христос жолын қуады”;

Осы тәріздес қағидалар 1517 ж. 31 желтоқсанда жария етіліп, кейінне бұл күн протестантизмнің мереке күні болып жарияланды.

Екінші ірі реформатор болып Жан Кальвин (1509-1564) болды. Оның 1536 жылы “Христиан дінінің ілімдері” атты еңбегі кальвинизмді протестантизмнің үлкен ағымы ретінде қалыптастырды. Кальвин бойынша басты назар Евангелия емес, Ветхий Завет болды. Оның идеяларына сәйкес адамдар ерекше және жазаланғандар болып бөлінеді. Ешбір сеніммен, жақсы істерімен адам өз тағдырын өзгерте алмайды: ерекшелер құтқарылады, ал жазаланғандар тозаққа кетеді. Кальвин бойынша Иисус та Құдайдың ықпалымен адамдардың күнәлары үшін азапталушы ретінде жаралған. Кальвинисттер Шотландияда, Нидерландыда, Германия, Франция, Англияда кеңінен таралған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Христиан діні, мәдени ерекшеліктері
Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар
Абсолютті ақиқат өзінің құдіретін паш ету үшін бұл дүниені пернелеп жаратуының үш негізгі себебі
Христиан дініндегі провасловиялық ағым
Христиан дінінің шығу тарихы
Христиан дінінің құндылықтары
Пресвитерандық шіркеуі
Қазақстандағы христиан тарихы
Христиан дінинің қалыптасуы
Өзге діндер жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz