Даму стратегиясы


М а з м ұ н ы
Кіріспе3
- Стратегияның мәні мен мағынасыСтратегия түсінігі мен мәні5
- Қазақстанның 2030 стратегиялық даму бағдарламасы
2. 1Қазақстан Республикасының нарықтық экономика
жағдайындағы даму мәселелері
2. 2 Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының экономикалық құбылысы9
2. 3 Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі20
2. 4 Қазақстан экономикасын көтерудегі энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану24
2. 5 Қазақстан халқының әлеуметтік, әл-ауқатын көтеру
бағдарламасы31
2. 6 Инфрақұрылым, көлік және байланыс34
3. Ел Президентінің халыққа Жолдауы 36
Қорытынды 42
Пайдаланылған әдебиеттер44
Кіріспе
Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орныны қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасандағы басты мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.
Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізігі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға:
- Ұлттық қауіпсіздік;
- Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
- экономикалық өсу;
- Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
- Энергетика ресурстары;
- Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;
- Кәсіпқой мемлекет құру.
Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады.
Тақырыптың қызықтылығы, Қазақстанның дамуы үшін маңызды саналатын 2030 жылға дейін даму сратегиясын талдау арқылы оның негізгі экономикалық мақсаттарын ашу және танып білу.
Тақырыптың актуалдығы. Қазақстанның қазіргі күнде атқарып жатқан қызметтері осы даму стратегиясына негізделіп жүргізіледі. Мемлекеттің дамуындағы бұл стратегияның орны ерекше және маңызды болып саналуы тақырыптың бүгінгі таңдағы маңыздылығын арттыры түседі.
Қазақстанның дамуы үшін бұл қабылданған стартегияның менің ойымша маңызы зор. Себебі біздің әсем мемлекетіміздің дамуына және мақсаттарын айқындауына ең қажетті осы стратегия болып табылады. Себебі бұл стартегияда қарастырылған әрбір басымдылыққа ие бағыттар экономиканың өсуіне, халықты өркениеттілікке жеткізуге, жалпы Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көруімізге зор ықпалын тигізеді.
- СТРАТЕГИЯНЫҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫСтратегия түсінігі мен мәні
Көп жылдардан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің - «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенімен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз - мемлекеттің міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспарлар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз - басшы қабылдаған шешімдер мен әрекеттер жиынтығы, сол арқылы мемлекетті (ұйымды) өз мақсатына жету үшін басшы арнайы стратегияны іздейді.
Стратегиялық жоспарлау мемлекеттің дамуы үшін шешім қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті - мемлекетте жаңадан енгізілген жоспарларды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету.
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері төмендегідей:
- стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейлерінің қатысуы көзделеді;
- стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл бір мемлекеттің даму болашағы үшін де жасалады;
- стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректермен негізделуі тиіс;
- стартегиялық жоспар мемлекеттің айқындылығын, дербестілігін білдіреді;
- стратегиялық жоспарды жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы керек.
Жалпы стратегиялық жоспарды бағдарлама ретінде қарстыру қажет, сонда ғанаұзақ уақыт бойы мемлекеттің қызметін бағыттауға, әрі қажет болған жағдайда өзгертуге болады.
Стратегиялық жоспарлаудың моделі
Стратегия уақыт мерзімі бойынша ұзақ, орта, қысқа мерзімді болып бөлінеді.
Қысқа мерзімді стратегия немесе оперативті стратегия бір жылға дейінгі мерзімге жасалады. Бұл стратегия мемлекеттің бюджетін белгілеуде маңызды орынға ие. Өйткені әрбір жылда мемлекет өзінің бюджетін белгілеп отырады, яғни бұл жерде бюджетке түскен қаржыны нақтылы мақсаттарға тиімді жұмсалуын көздеп және оны бақылау арқылы жүргізіліп отырады.
Орта мерзімді стратегия бір жылдан үш жылғадейінгі мерзімге құрылыды. Бұндай стратегияның құрылу мақсаты тұралап қалған салаларды дамытуға және ұзақ мерзімді стратегияға жету жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалыға, Қазақстанның 2003 жылдан 2005 жылға дейінгі ауылды дамыту бағдарламасын айтуға болады.
Ұзақ мерзімді стратегия ретінде бес жылдан жоғары мерзімге жасалған стратегияны айтады. Бұндай стратегия жалпы мемлекеттің дамуы үшін жасалады, және белгілі бір бағдарламалар құру аорқылы жүзеге асырылады. Мысалы, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жатқызуға болады.
Енді, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына тоқталамыз.
Осыдан 40 жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан басына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар мемлекет болып табылады.
Өзінің халқы этникалық құрамы жөнінен және басқа да көптеген параметрлері бойынша бізге ұқсас ел, Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есеге арттыруға қол жеткізген. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер әлемде Азия Жолбпрыстары ретінде танылып отыр.
Осы елдердің тәжірбиесі көре отырып Қазақстанның да осындай ұқсастықтары мен көптеген артықшылықтарының арқасында 2030 жылға дейін даму стратегиясын жасады. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталақ Азияның Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп Қазақстан Республикасының Президенті атап көрсетті.
Дегенмен, 2030 жылғы Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз.
Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арат алмаймыз - деген ел Президентінің сөзі әрбір қазақстандықты ос даму стратегиясына жетпей қоймаймыз және дами үстіне дами түсеміз деген түсінік қалыптастырады.
2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2030 СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. 2. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика
жағдайындағы даму мәселелері
«Қазақстан-2030» даму стратегиясында көзделген ең маңызды «Шетел инвестицияларының деңгейі дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу» басымдығы нарықтық қатынастарға негізделген экономикалық өсудің принципін, мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуын және мемлекеттің өзі еркін экономиканың кепілі болу керек деген қағидаларды қамтиды. Көптеген ірі сауда айналымында дамушы мемлекет ретінде біздің еліміздің жағдайы ашық экономика мен еркін сауда құруды талап етеді. Тұйықтық пен өз нарығын оқшаулау әрекетінен гөрі мұндай саясат елдер мен құрлықтар арасын әлдеқайда жылдам жалғайды. Бұл мақсат мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуын, макроэкономиканы тұрақтандырудың, жеке меншік институттарды нығайтуды, кәсіпорындарды жекешелендіруді аяқтауды, ашық экономика мен еркін сауда құруды, шетел инвестицияларын тиісінше кепілді қорғауды, индустриалды технологиялық стратегия қалыптастыруды, тағы басқа да маңызды шараларды қамтиды. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында нарықтық экономиканы реттеп отыратын және әлеуметтік бағыты бар жаңа ұлттық менталитет қалыптастыруға да ерекше мән берілген.
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшкен тұс Қазақстан халқына оңай тиген жоқ. Барлық мәселелерді үкімет шешіп беріп, не істеу керектігіне дейін айтылып отырғанға бойлары үйренген халық нарықтық экономика жағдайында тығырықтан қалай шығу керектігін түсінбеді. «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған С. Сатыбалдиннің «Қазақы экономикалық менталитет» [27] деп аталатын мақаласында нарықтық экономика жағдайындағы қазақ елінің мәселелерін ашып көрсеткен. «Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында жаңа құндылықтар жүйесіне тез бейімделіп, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңартуға тиіспіз деп мақсаттарға жетудің жолдарын көрсетіп берген. Біздің халқымыз негізінен алғанда еңбексүйгіш, оның өз Отанын сүйетін патриоттық сезімі күшті, білімі мен әзірлік деңгейі жоғары» [28], - деп баға берген мақала авторы С. Сатыбалдин шетел тәжірибесін ешбір тексерусіз елімізге енгізуді қателік деп көрсетеді. Әр халықтың өзіндік менталитеті, өзіндік болмыс-бітімі, бейімделу қабілетін ескеріп барып, дамыған мемлекеттің тәжірибесін қолдануды ұсынады. Ұлттық болмыс пен бітімді негізге алған автордың материалы жанры жағынан эпистолярлық жанрда жазылған деп айтуға болады. Себебі құрылысына, мазмұнына мән берер болсақ, онда жоғарғы жақта халықтың атынан сөз сөйлеп, шешім қабылдап отырған қолында билігі, мүмкіндігі бар жандарға арнап хат ретінде жазылғандығын байқауға болады.
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар нарықтық экономикалық қатынастар жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Нарықтық қатынастардың жоспарлы экономикадан айырмашылығы өндірісті дамытудың қозғаушы күшімен реттеушісі ретінде бәсекеге иек артуында [29] . Бағдарлама негізінде ұлттық экономиканы әлеуметтік бағдарлы етіп құруға бағытталып отырғандығын дәлелдеп берген. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында: «Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңартуға қол жеткізетінін көз алдымызға елестету қиын» [30] деп көрсетілген. Еліміздің экономикасын көтеруге және дамытуға шетел инвестициясының айтарлықтай көмегі болатынын сезіне бастадық. Ә. Құланбайдың «Экономиканы дамытуда инвестицияның орны бөлек» [31] деп аталатын мақаласында еліміздің шетел инвестициясын пайдаланатын ТМД елдерінің ішінде алдыңғы орында тұрғандығын айтқан. «1996 жылы инвестицияның көлемі 1905, 5 миллион АҚШ доллларын құраса, 1997 жылы оның көлемі 26, 2 пайызға өскендігін жеткізіп отыр. Шет мемлекттердің тәжірибесіне сүйенсек, Қытай, Жапония, Тайвань, Оңтүстік Корея, Малайзия секілді бірқатар шығыс елдері өз экономикасын инвестицияның көмегімен көтергені айқын. Президент Жолдауындағы Қазақстанға тартылған инвестициялардың көмегі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін бізге саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет. Стратегиялық даму бағдарламасында көрсеткендей, бұл мәселеде артта қалмауымыз керек» [32], - деп халыққа жалынды үн жолдайды. Қазақстанда нарықтық экономика жағдайында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін, жұмыссыздықты азайту үшін, шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін кіші кредиттерді беру керектігін Е. Адасбаев «Кіші кредиттер үлкен істің бастамалары» [33] атты мақаласында ашып көрсетеді. Мақала қоғамда орын алып отырған өзекті мәселені көтерген. Жанры жағынан проблемалық мақалаға жатады. Автор мақаланы жазуда оны өз ішінде бірнеше бөлімдерге бөлген. Оқырмандардың назарын аудару үшін әр бөлімшесінің қаріптерін ерекше қарайту тәсілін қолданған. Алғашқы бөлімінде: «Шағын кәсіпкерлікті қолдауды күшейту туралы президенттің жарлығынан кейін елімізде шағын кәсіпорындардың саны 105-тен 121 мыңға жетті. Жеке кәсіпкерлер саны 145, 7 мыңнан 181, 3 мыңға көтерілді» деп Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің хал-ахуалына тоқталып өткен. Елбасының 1998 жылы үкіметке берген тапырмасын жеке-жеке қарастырып, сол тапсырмалардың орындалу жолдарын ұсынады. «Шағын бизнестің табысқа жетуі мен оның қанат жаюы қаржыландырудың мүмкіндіктеріне, ең алдымен, сыртқы инвесторлардың капиталын тартумен байланысты екендігіне ешкім де талас тудырмайды. Алайда кез-келген кәсіпкер қарыз алу мен оны мейлінше ұтымды пайдалану үшін ақша операцияларының барысын бақылап отыруы тиіс» [34] деген пікірлерді келтіреді. Бұл жоспарлардың іске асырылуы «Қазақстан-2030» бағдарламасының орындалуы екендігін ашық көрсетеді.
Қоғамда шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы ел экономикасын көтеру керек деген пікірді білдіріп, кіші кредиттердің берілу мақсаттары мен жолдарын қарастырып берген, «Қазақстан-2030» Жолдауындағы бағыттардың орындалу жолын ұсынған проблемалық мақала - «Кіші кредиттер экономиканың қозғаушы күшіне айналсын» [35] деп аталатын А. Смағұловтың материалы. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жоспары тарихымыздың ұзақ мерзімдік кезеңін алып отырған мемлекет пен оның экономикасының дамуын жеделдету жөніндегі стратегиялық жоспарлардың бағдарламасын белгілеп беруді мақсат ететіндігі айқын. Мұндай стратегияның бастапқы кезеңіндегі мәселелердің бірі және сонымен бірге миллиондаған қазақстандықтардың өмірлік мүдделеріне тікелей қатысты бүгінгі таңдағы экономикалық міндет - кіші кредиттер беру арқылы шағын және орта бизнесті дамыту. Мақала авторы Қазақстан Президентінің Жолдауына сәйкес үкімет үш жыл ішінде заңда тыйым салынбаған кез-келген кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін, жан бағып, өздерінің іскерлік дағдыларын ұмытпау үшін кіші несиелердің берілуін қамтамсыз ету керек деген ұсынысты білдіріп, үлкен мәселе көтерген. Айналып келгенде, кіші кредиттердің саяси және экономикалық мәні миллиондаған адамдардың өзі қалаған шаруасын қолға алуына, іскерлік қабілеттерін дамытуына көмектесуге әкеліп саятындығын, кіші кредиттер азаматтардың түрлі пайдалы жобаларды жүзеге асыру арқылы табыстарын арттыруға, дағдарысты жағдайдан шығуына, сол арқылы ел экономикасына, кәсіпкерлік арқылы жұмыссыздықтың азаюына алып келетіндігін жіті түсіндірген. Мақала арқылы оқырман жеке кәсіпкерлікті бастауына мүмкіндік берілудің шаралары қарастырылып жатқандығынан хабардар болатындығы айқын. Сондықтан да мақала авторы оқырманға да, Үкіметке де ой салып отыр. «Кіші кредит» ұлттық бағдарламасы қараусыз қалған құнарлы жерлерді ауылшаруашылық айналымына қайта қосуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздықты едәуір азайтуға және шағын экономиканы барлық жерде: ауылдық жерлерде, қалалық аймақтарда және облыс орталықтарында да дамытуға мүмкіндік туғызатындығына автор оқырмандардың көзін жеткізіп отыр. Жалпы Қазақстанның әрбір азаматы нарықтық экономика жағдайына бейімделе білу керектігі жиі айтылып жатыр. Жұмыссыздық дағдарысынан шығуға және адамдардың болашаққа деген алаңдаушылығын туғызып, еңсесін басқан кедейшілік қатерінің ауыр жүгінен құтылуға тиіспіз деген үлкен жауапкершілікті артып отыр.
Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде баспасөз өкілдері Қазақстанның дамуындағы ауылдың рөлін, оның хал-ахуалы мен жай-күйінің келелі мәселелерін айтудай-ақ айтып жатыр. Қалам ұстаған қауымның берер көмегі билік өкілдеріне мәселенің ақ-қарасын ашып, шешілу жолдарына ұсыныс айту. Елді дамыту мақсатында қолға алынған шаруларды қалың бұқараға жеткізіп, оның орындалу барысында кездесетін кедергілерден өту жолына ұсыныс-пікірлерін білдіріп жатады. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының жоспарында орындалуы керек маңызды шаралардың баспасөз беттерінде түрлі жанрда, түрлі формада талқыланып, сын айтылып жатқанда ғана ол жоспардың іске асуында қателіктер мейлінше аз болады. Қазақта «Біткен іске сыншы көп» деген сөз бар. Атқарылар шаруаға дер кезіне үлес қосу, ұсыныстар мен пікірлер білдіру ақылы ғана жақсы нәтижелі етуге болатындығын барлығымыз білеміз
Ауылдық жерлердің экономикасын өркендетіп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында шағын бизнеске қолдау көрсетілуі керек деген ұсынысты «Қарыз болып қалмайды ауыл. Оған қайтарымы болатын жан-жақты көмек керек» [36] деп аталатын мақала авторы Ж. Сәрсебаев ұсынып отыр. «Жекешелендіру саясатына орай, бұрынғы ұжымшарлар мен кеңшарлар таратылып, жаңа меншік түріне көшті. Шаруақожалықтары мен фермерлер үлесін алып, өз қабілеттеріне қарай шаруаға кірісті» деп бастаған мақала авторы ауылшаруашылығымен айналысып, жұмыссыздықты жою үшін, шаруа қожалықтарына қолдау-көмек көрсету үшін Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында «Тарбағатай» агроөнернкәсіптік қауымдастығын құрғандығын жеткізген. Кәсіпкерлердің өткен форумында Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Шағын және орта бизнестің күрделі проблемаларының бірі - несиелік ресурстарға қол жеткізудің қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын байлық жоқ» деген пікір білдірген. Сондықтан да шаруаларға несие алу тауарын қарастыруымыз керек деп шаруа жайының өзекті мәселесін көтеріп отыр. Ауыл - асыраушымыз. Еліміздің стратегиялық даму бағдарламасында ауыл мәселесін шешуге айрықша мән беріліп, отырғандығы сондықтан. Ондағы: «Біздің ауқымды алқаптарымыз, ауыл шарушылығы жерлеріміз - орасан зор дәулетіміз. Көптеген өлшемдер бойынша біз Канада мен Австралияға ұқсаспыз, бізге тек бір нәрсе - олардың өнімділігі мен экспорттық әлеуеті жетіспейді. Бұл жерде де, тағы да, ең бастысы - нақты және тиімді стратегия, адамдар мен капитал» [37] деп көрсетуі бекер емес. Оның астында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатындағы үлкен жауапкершілік жатыр.
Ауылшаруашылық өнімін өндіру, өңдеу және сақтаудың қазіргі жай-күйі бұрынғыға қарағанда көп өзгеріске ұшыраған. Оның өзгерістерін, артықшылықтары мен кемшіл тұстарына уақыт төреші. Ал болашақтағы қоғамның жай-күйіні, халықтың әл-ауқатының жоғары сапалы болуын қамтамасыз ету үшін бүгінгі күні әрекет жасауымыз керектігі де айқын. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері басылым беттерінде, телеарналар мен радио эфирлерінде қоғамның өзекті мәселелерін әр қырынан зерттеп, баршаға ұсынып жатады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауындағы, яғни «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасындағы жоспарлардың орындалу барысын, жолын және де оның нәтижесін, оңтайлы шешімдерін «Егемен Қазақстан» басылымында жарияланған. Аталған басылым бетінде «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы аясында Ә. Сатыбалдиннің «Агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жай-күйі мен болашақ даму жолдары» [38] деп аталатын мақаласы жарық көрді. Бұл мақала жанры жағынан - проблемалық мақала. Ауыл тұрғындарының, әсіресе, шалғай аудандардағы халықтың қалаларға қоныс аударуының күрт өсуіне байланысты ауыл халқының саны төмендеп, жұмыссыздық белең алғандығын, ауылшаруашылық өнімін өндіру мен өңдеу көлемінің қысқаруына байланысты ауылдың әлеуметтік жағдайы нашарлағандығын жеткізген автор елімізде ауыл шаруашылығын жүргізуде біртұтастықтың жоқтығына басты назар аударған. Ауыл халқының жағдайы, ауыл шаруашылығының дамуындағы көптеген мәселелерінің шешімін жоғарғы жақтан, яғни билік өкілдері арқылы реттеу керектігі жайында сөз қозғаған. Автор мақаласын іштей «Баға саясаты», «Салық саясаты», «Несие саясаты» деген тақырыптарға бөліп, олардың әрқайсысына жеке-жеке талдау жасаған және ауыл шаруашылығында өнім түрлерін көбейтіп, оның сапасын арттыру мақсатында кәсіпорындар мен цехтарды жаңа техникамен қамтамасыз етуіне, жаңа құрал-жабдықтар алынып, жаңа технологияның қолданылуы үшін қаржылай көмек көрсетілу керектігін жеткізген.
«Егемен Қазақстан» газетінде «Қазақстан-2030» бағдарламасы орындалуының экономикалық даму жағынан қарастырғанда онда ауыл мәселесі, шаруалардың жай-күйі, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында кіші несие беру мен жекешелендіру ісін дамыту керек деген ұсынысты материалдар көптеп жарияланған. Мысалы: М. рахмаонвтың «Жеке меншік - нарықтық экономиканың негізі» [39] деп аталатын мақалаға назар аударайық. Ауылдық кооперативтер мен шаруақожалықтарын жеке меншікке беру керек. Нарықтың талабымен өмір сүру керек, ел экономикасы сонда ғана дамиды деп көрсеткен. Алайда мақалада тағы бір назар аударарлығы «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында көресетілгендей жекеше секторды дамытумен қатар мемлекеттің маңызы зор өндіріс орындарын, кәсіпорындар мен мекемелерді өз меншігінен шығармауды ұсынып отыр. Басылым бетінде мұндай тұрғыда жарияланған мақала қоғамда жаңа пікір тудыру күшіне ие. Ал Т. Есіркептің «Ауылдағы жекешелендіру: түзеу үшін алдымен қателіктерді білу керек» [40] атты мақаласында республика бойынша кеңшарлар мен ауылшаруашылық кооперативтерін жекешелендіру реформасын жүргізуде қателіктерге бой алдырмай, жіберілген кемшіліктерді уақытында түзеп отыруды ұсынады. 1992 жылдан бері республика көлемінде жекешелендіру жүргізілгенімен олардың экономикалық жағдайы сын көтермейтіндігін, осы жұмыстарды «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының негізінде атқаруға баса назар салған. Ал Б. Жанымбеттің «Басым бағыттар баяны» [41] атты мақаласы хабарлама жанрларының бірі есеп түрінде жазылған. Үкіметтің аймақтағы ауыл шаруашылығын өркендетудегі нарықтық үлгісі тереңдете меңгеруге ықпал етуде деп ауылдағы экономикалық реформаның жүзеге асып жатқандығы жөнінен хабар берген. 1999 жылы ауыл экономикасын көтерудің басым бағыттарын анықтау мақсатында «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының негізінде ауыл шаруашылығын дамытудың бағдарламасы дайындалғанын, алдағы мақсат ауыл шаруашылығын толығымен нарықтық әдіске көшуі тиіс екендігін жеткізген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz