Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

  1. Кіріспе2
  2. Негізгі бөлімСаяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар. Шығу тарихы…. … . . . 3Қазіргі кездегі Саяси партиялар және Қоғамдық

қозғалыстар (бірлестіктер) . . …5

  • Саяси партиялардың және қозғаластардың қазақстандық

қоғамның консолидациясы мен тұрақтандыруды нығайтудағы ролі. …6

  • Қазақстандағы саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар………7
  • Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктер

туралы заң. . …. 11

  1. Қорытынды . . . ………. . …13
  2. Пайдаланған әдебиеттер тізімі15

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде мемлекетті, саяси партияларды және қоғамдық қозғалыстарды (бірлестіктерді) зерттеу актуальді тақырыпқа айналды. Олардың барлығы саяси жүйенің субъектілдері болып табылады.

Қазақстандық қоғамның тоталитарлы, бірпартиялы, әкімшілік − басқару жүйесінен демократиялық перспективасына көшуі 1986 жылдыңсоңында басталды.

Қазақстан Республикасының егемендiгiнiң жариялануы және мемлекеттік тәуелсiздiк алуы, бiрпартиялық өктемдiктiң және әлеуметтік. саяси жүйенiң ыдырауы демократиялық принциптер негiзiнде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне жол ашты. Көппартиялылық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерiн, талап-тiлектерiн жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты.

Жаңадан құрылған қоғамдық бiрлестiктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмiрдi демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлi әлеум. топтардың мүдделерi мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеум. -экон. дамуға қол жеткiзу мақсатында кеңiнен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет iстеп тұрды.

Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар республикада экологияны қорғау, тәуелсiздiкке қол жеткiзу жолында күресу мақсатында саяси сахнаға шығып, қоғам өмiрiндегi маңызды мәселелердiң шешiлуiне септiгiн тигiздi.

САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР.

Шығу тарихы.

«Партия» сөзі латын тілінен аударғанда ірі қауымның бөлігі (часть более крупной общности) деген мағына береді. Саяси өмірде әр түрлі одақтар, ассоциациялар, азаматтардың бірлестіктері маңызды роль атқарады. Олар өз алдына билікті оз қолына алу мақсатын көздемейді, бірақ осы процесске елеулі ықпал етеді. Осылардың барлығын қоғамдық − саяси қозғаластар да деп атауға болады.

Саяси партиялар туралы алғашқы деректер Ежелгі Дүниенің ғалымдары мен ойшылдарының деректерінде кездеседі. Осылай Аристотель (б. з. д. 384 − 322ж. ) үш партияның (Аттикадағы теңіз жағалауының тұрғандары, жазық жерлердің тұрғындары және тау тұрғындары) арасындағы күрес туралы жазды.

Орта ғасырларда саяси топтар (партиялар) негізінен, уақытша бірлестіктер ретінде қызымет атқарды. Көбінесе, олар таптық және ішкі таптық қақтығыстар негізінде пайда болды. Оған мысал: Рим империясы мен папствоның арасындағы үстемдік үшін саяси күрес бола алады.

Саяси топтар өзінің экономикалық және саяси талаптарын білдіре отырып, мемлекеттегі билік үшін таласа да, олардың қызыметі ұзаққа созылмады, құрылымы тұрақсыз болды.

Буржуазиялық революциялар барысында ыдырап жатқан феодалдық қоғамдық − саяси жүйе, мемлекеттік − саяси өмірдің жаңа механизмін бекітудің қажеттілігін керек етті. Соның ішінде саяси партияларға да орын берілді.

VIII − XIX ғасырлардағы бружуазиялық парламенттік жүйенің қалыптасуы және сайлау тек шектелген түрде жүргізілген кездегі болған саяси партиялар, қазіргі кездегі партияларға қарағанда міндеттері, ұйымдастыру тәсілдері мен қызыметі бойынша елеулі айырмашылықтар болды. Саны бойынша аз, олар шын мәнісінде, тек парламент айналасында ғана қызымет істейтін элитарлы клубтар қызыметін атқарды. Қазіргі кездегі партиялардың прототипі феодалды қоғамның дағдарыстың жағдайлары кезінде, яғни мемлекеттік басқаруға ірі қоғамдық топтарды тарту нәтижесінде пайда болады. Австриялық социолог және политолог Макс Вебер саяси партиялардың пайда болуының үш кезеңін бөледі:

Аристократтық ұйымдар;

Саяси клубтар;

Бұқаралық партиялар;

XX ғасырдың соңында ең ірі партиялар: Қытайдың коммунистік партиясы (50 миллионнан астам адам), Кеңес Одағының ыдырауына дейінгі 1991 жылдағы КСРО коммунисттік партиясы (18 миллион адам) болды.

Әлеуметтік топтың, партияның немесе жеке азаматтың саяси ұстанымы, әдетте «оңшыл», «солшыл», «центристтік» бағыттар негізінде бөлінетіндігі мәлім. Бұдан арғы жіктелу оңшыл − радикалдық, оңшыл − центристтік, солшыл−центристік, солшыл − радикалдық, т. б. болып тамырлана береді.

Тарихқа жүгінсек оң, солға бөліну XVIII ғасырдағы Ұлы Француз революциясы тұсында өткізілген жалпы жиылыстармен байланысты. Франциядағы мұндай басқосуда биліктегі тәртәпті жақтаушылар төрағаның оң қапталына, тәртіпті түбегейлі және жедел өзгертуді қостайтындар сол қапталды ала жайғасатын болған. Содан бері үстемдік етуші саяси жүйені қош көретіндер−«Оңшылдар», қарсылар − «Солшылдар» деп атала бастады.

Саяси өмірде мемлекеттік органдар мен саяси партиялар басқа да бірлестіктер бар.

Қазіргі кездегі Саяси партиялар және Қоғамдық қозғалыстар (бірлестіктер) .

Бүгінге республикадағы көппартиялықтың даму деңгеін әрқилы бағдарлауға болады, алайда Қазақстандағы саяси процесстердің өркендеуіне партиялардың барған сайын елеулі ықпал етіп отырғандығы сөссіз. Бұл жөнінде Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақ халқына Жолдауында да айтылады. Қоғамның саяси жүйесіндегі партияның рөлін нығайту жөніндегі мемлекеттің бағдары, Парламенттің төменгі палатасының құрамын саяси партиялардың сайлауға қатысуын қамтамассыз ету мақсатында 10 депутаттық орынға кеңейту республиканың демократияландыру жолымен одан әрі алға жылжуының дәлелі болып табылады.

Жоғарыда атап кеткендей, Қазақстанда да «Оңшыл» және «Солшыл» партиялар бар. Қазақстанда қазіргі кезде саяси спектрдің оң қанатында тапшылық байқалатындай. Елдегі партиялар мен қозғалыстарды үлкен екі топқа бөлуге болады: президентті жақтайтындар және антипрезиденттік− оппозициялық күштер.

Мұның алғашқыларының бағдарламалық мәлімдемелеріне сүйінсек, олар центристік, солшыл − центристтік бағытты дұрыс көретін тәрізді. Осы санаттағылар Президент саясатын қолдайтындарын қанша мәрте қайталағанмен әлі күнге дейін алып шығатын дәйекті, салауатты бағдарламалар баламасын ұсынған емес. Оны айтасыз, бұл бағыттағылар экономикаға деген өздерінің аморфты позициясы арқылы реформаның іске асуына тежегіш қойып отыр. Олардың реформаға қатыстылығы − әлеуметтік саладағы Үкімет жұмысын сынап − мінеумен шектеледі.

Екінші топ ашықтан − ашық кеңестік саяси жүйеге оралуға шақырып тұр. Бұл реттегі солшыл − радикалдардың жұртты ара − тұра қарсылық акцияларына үндеп, қоғамды саяси тұрақтылықтың іргесін шайқалтуды көздейтін пиғылы аландатарлық жайт.

Қоғамдық−саяси қозғалыстар − бағытталған қоғамдық қызымет.

Саяси партиялардың және қозғаластардың қазақстандық қоғамның консолидациясы мен тұрақтандыруды нығайтудағы ролі

Қазіргі кезде қазақстандық қоғамдағы саяси партиялар, қоғамдық − саяси қозғалыстар және басқа да құрылымдары мемлекеттік − құқықтық институттарын пайдаланып, мемлекеттік − құқықтық шеңберде іс − әрекет жасай отырып, өзінің ұсыныстарын жасап, және олардың орындалу мақсатына жетіп, олар республиканың қоғамдық өмірдің нақты факторына айналды.

Өзінің әр күнгі қызыметі арқылы саяси партиялар қақстандық қоғамына саяси процесстер субъектілерінің тұстас және ақиқат информациясын жеткізеді. Олар қазіргі кездегі негізгі мәселесі болып келетін азаматтық татулық пен келісушілікті сақтау да да маңызды роль атқрады. Келесі принциптер бойынша ғана қоғамның ілгері қарай жылжуы мүмкіндігі орындалатындығы айқын:

  • Азаматтық татулықты сақтау және қоғамдық келісушілікке жету;
  • Азаматтардың бостандық, әділеттік, мейрімділік, азаматтық, патриотизмнің идеалдары мен жоғары принциптерінің негізінде бірігу;
  • Революция арқылы емес, ілгерімелі даму;
  • Ашық және еркін экономика, жеке инициатива мен әлеуметтік қорғаныстың, бостандықтың және әділдіктің шектелген байланыстығы;

Модернизация, демократизация және барлық құрылымдардың жаңару жолын таңдаған қоғам, осының барлығы уақыт өте өзінің экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа жағымды нәтижелерді әкелетіндігіне үміттене алады.

Ұлттық және ұлтаралық қатынастардың дамуындағы мемлекеттің, партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың бағдарлаушы ролі төменгіден құрылу керек:

  • Жаңарып тұрған қоғамның және оның негізгі өмір өрісінің бағдарланған саясатында;
  • Республикадағы барлық ұлттардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар туғызуда;
  • Тарихи кезеңнің ерекшеліктерін ескере отырып, дұрыс ұлттық саясатты өндірудегі ұйымдастырушылық − практикалық қызыметінде;
  • Қазақстандық халықтың бірлігі мен топтасқандығын нығыйтудың жолдары мен әдістерін іздеуде;
  • Салт − дәстүрлердегі, мәдениетіндегі, тұрмыстағы ұлтық және ұлтаралық үндестірудіжүзеге асыруда;
  • Бардық ұлттарды достастық, қазақстандық патриотизм, ұлттық байлықтарды және адамзаттық құрметтеу рухында тәрбиелеуде;

Партиялардың және қоғамдық қозғалыстардың саяси күресті сайлаушылар арасында өз жақтаушыларын өзіне тарту жолымен өзінің әлеуметтік базасын кеңейте түсті.

Партиялардың және олардың ішкі саяси процесстерге, мемлекеттік шешімдерді қабылдауға әсері баяу болса да, бұлжытпай өсіп жатыр.

Қазақстандағы саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.

САЯСИ ПАРТИЯЛАР.

«Отан» Республикалық саяси партиясы.

Партия Қоғамдық штаб негізінде және Президенттіке сайлаудағы кандитат Н. Назарбаевті қолдау үшін құрылды. Осыған байланысты сайлаушылардың 80% Н. Назарбаевқа дауыс берді.

Партия 1999 жылғы 13 қаңтарда құрылтай жиналысында Қазақстанның Демократиялық париясы, Қазақстанның Халықтық бірлік партиясы, Қазақстанның Либералды қозғалысы және «Қазақстан − 2030 үшін» атты қоғамдық қозғалыстың бірігуінің нәтижесінде пайда болды. 1 нурызда болған «Отан» партиясының бірінші құрылтайы нда парияның төрағасы болып Н. Назарбаев сайланды. Бірақ Қазақстан Республикасының Конституциясының 43 б., 2 п. бойынша мемлекет басшысына сол қызыметтен бас тартуға мәжюүр болған.

Әлеуметтік негізді бюджеттік ұйымдардың жұмысшылар, мемлекеттік қызыметшілер, студеттер, ғылыми және творчестволық интеллегенция, кіші және орта бизнес өкілдері құрайды. Саны жағынан ең көп партия айқын центристтік позицияда тұр. Өткен сайлауда партия 30, 89% жинап, партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінде төрт дерутатық орын алды.

«Отан» Республикалық саяси партиясының республиканың барлық облыстарда және Алматы мен Астана қалаларында филиалдары ортналасқан.

Партияның төраға қызыметін атқаратын: С. Терещенко.

Қазақстан Аграрлық партиясы

Партия 1999 жылы 16 наурызда тіркелген. Өзінің бағдарламалық құжаттарында партияның негізгі міндеті өзінің центристтік позициясы мен селолық жұмысшылардың мүдделерін қорғау деп көрсетеді. Партияның жетекшісінің сөзі бойынша « . . . аграрлық партия революциялық өзгерістерге қарсы, саяси тұрақталыққа ынталы консервативті, саяси күш ретінде болу керек».

Әлеуметтік негізді селолық өндірушілер, фермерлер, ұсақ меншік иелері, селолық кооперативтержәне серіктестіктер құрайды. Өткен сайлауда партия 12, 63% жинап, партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінде екі дерутатық орын алды. Партия төрағасы: Р. Мадинов.

Қазақстан Азаматтық ПАРТИЯСЫ

Партия 1998 жылдың 17 қарашасында Ақтөбедегі өткен жиналыста құрылды. Әлеуметтік негіз: республиканың өндірістік кәсіптердің өкілдері, жұиысшылар, инжинерлік − техникалық қызыметшілер.

Өзінің мақсаты етіп өндірісті көтері және дамыту, әр отбасының молшылығы, Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуды қояды.

Партия оңшыл − центристтік позицияны алады және саяси белседілікті көретеді. Өткен сайлауда партия 11, 23% жинап, партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінде екі дерутатық орын алды.

Партия төрағасы: А. Перуашев.

Қазақстан комунисттік партиясы

Қазақстан комунисттік партиясы 1991 жылдың қазанында құрылған. Компартия Қазақстанның белгілі оппозициялы партия болып саналады. Қазақстан комунисттік партиясының мүшелері негізінен соғыс пен еңбек ардагерлері, жұмысшылар және зейнеткерлер құралады.

Партия «Рабочяя жизнь» атты газетті шығарады. Өткен сайлауда партия 17, 75% жинап, партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінде екі дерутатық орын алды.

Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші секретарі: Қазақстан РеспубликасыПарламент Мәжілісінің депутаты С. Абдилдин.

Қазақстандағы Қоғамдық қозғалыстар

«ӘДІЛ САЙЛАУ ҮШІН» АТТЫ САЯСИ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Құрылтай жиналыс 1998 жылы 5 қыркүйекте өткізілді. Негізгі мақсатына қоғамдық бірлестіктерді және сайлаушыларды агитациялық жұмыстың заңды әдістеріне үйрету, кандидаттарға керекті консультация өткізу, қоғамдық ой − пікірді сұрап білу, сайлау барысын бүкілхалықтық бақылауды қамтамассыз ету және т. б. қояды.

Қозғалыстың көшбасшылары осы қозғалыс оппозициялы түрде емес деп есептейді. Ол ресми түрде 1998 жылы тіркелді.

Қазақстан жұмысшыларының қозғалысы

1993 жылдан бері делседі түрде қызымет атқарады. Юстиция Министірлігімен 1994 жылы 27 қыркүекте тіркелген. Жарғы бойынша қозғалыстың негізгі мақсаты: жұмысшылардың, шаруалардың, еңбек интеллигенцияның азаматтық, саяси, экономикалық, мәдени құқықтарын конституциялық әдістермен қорғау. Жоғарғы орган − конференция. Саяси әрекеттің негізгі түрі − қарсылық митингілерді және акцияларды өткізу.

«НЕВАДА−СЕМЕЙ»

Семей полигонының жабылуын талап еткен антиядролық қозғалыс. Қозғалысты құру ойын 1989 жылы 26 ақпанда көрнекті ақын О. Сүйлеменов айтты. Ресми түрде 1991 жылы 26 қаңтарда тіркелді. Қозғалыстың негізгі мақсаты: ядролық қарудың және басқа да жаппай жою қаруларын падалануға тыйым салу, сынау полигондарға тәуелсіз қоғамдық бақылау орнату, ядролық сынаулардан өткен аудандарды экологиялық және әлеуметтік − экономикалық түрде жаңарту.

Алғашқыда қойылған мақсатына жеткен соң (1991 жылы Семей ядролық полигонының жабылуы), қозғалыс өз әрекетін дүниежүзілік барлық полигондарды жабуға және ядролық қаруды пайдалануға толықтай тыйым салуға бағыттады.

Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктер туралы заң.

Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердi құқықтық жағынан реттеу ҚР-ның Конституциясында, “Қоғамдық бiрлестiктер туралы” (31. 5. 1996) және “Саяси партиялар туралы” (15. 7. 2002) Заңдарында қамтамасыз етiлген. Осы Заң саяси партияларды құрудың негіздерін, олардың құқықтары мен міндеттерін, қызыметінің кепілдіктерін белгілейді, саяси партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын реттейді.

«Саяси партиялар туралы» Заңынан кейбір үзінділер:

1 − тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.

1 − бап. Азаматтардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілдікті және атқарішы, жергілікті өзін − өзі басқару органдарында білдіру және оларды қалыптастыру ісіне қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі саяси партия деп танылады.

3 − тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ ҚЫЗЫМЕТІ

15 − бап. Саяси партиялардың құқықтары мен міндеттері

2. Саяси партия:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының талаптарын сақтауға;
  2. Әрбір азаматтың өз құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамассыз етуге;
  3. Заңдық тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне енгізілетін мәліметтер көлемінде тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жердің өзгергені туралы және өз басшылары туралы деректерді тіркеуші органға хабарлауға;
  4. Салық органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдер мен көлемде өзінің қаржылық қызыметі туралы есеп табыс етуге міндетті.

4 − тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР.

22 − бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

  1. Осы Заң ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
  2. «Саяси партиялар туралы» 1996 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №11 − 12, 260 − құжат; 1997ж., №13 − 14, 205 − құжат) .

ҚОРЫТЫНДЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партияларды жіктеп
Алаш орда партиясының бағдарламасы
Идеологиялық партиялар
Саяси партиялардың жіктелуі (классификациясы)
Саяси партиялар және партиялық жүйелер
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖЕКЕ АДАМНЫҢ САЯСИ ЕРКІНДІГІНЕ ЫҚПАЛЫ
Саяси партиялардың атқаратын қызметтері
Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстар туралы ақпарат
Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz