Еуразиялық экономикалық қоғамдастық туралы


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

А) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

Ә) Еуразиялық экономикалық қоғамдастық

Б) Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы

III. Қорытынды

Кіріспе

1991 жылғы 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі ынтымақтастық қағидаттарын сақтау туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы декларация, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын сақтау туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі декларация, түрлі екі жақты құжаттар, Одақтық және республикалық деңгейдегі Жоғары Кеңестердің заң актілері бұрынғы КСРО-ның әкімшілік-аумақтық шекарасын межелеуді тану қағидаттарын бекіткен жалпы сипаттағы құқықтық құжаттар болып табылады. Осы құжаттарға сәйкес, Тараптар одақтас республикалардың арасындағы әкімшілік-аумақтық межелеуді шекаралық келіссөздерде негіз ретінде таныды. Бұрынғы одақтас республикалардың арасындағы әкімшілік шекаралардың бәріне ортақ ерекшелік ретінде ондағы кейбір учаскелердегі іс жүзінде орныққан шекара сызықтары қолда бар құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес келмейтіндігін айтуға болады. Мұндай жағдайларда тараптар ұлттық және экономикалық мүдделерді ескере отырып, өзара тиімді шешімдер қабылдады, аумақтарды теңдей бөлісті және алмасып отырды. Қазақстан тарапының мемлекеттік шекараны делимитациялау бойынша жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы туралы (ҚР Үкіметінің 2000 ж. 24. 02. №289, 2000 ж. 06. 06. №856, 2002 ж. 17. 07. №791, 2003 ж. 02. 06. №509, 2004 ж. 01. 07. №726 қаулыларымен енгізілген өзгертулері бар) 1999 жылғы 1 қыркүйектегі №1283 қаулысына сәйкес жүргізілді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Комиссияның құрамынан мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, облыстық, аудандық және ауылдық әкімдіктердің өкілдерін кіргізе отырып, тиісті Үкіметтік делегацияларды жасақтап отырды. Сапрапшы ретінде әртүрлі мекемелердің мамандары тартылды, геодезистер, картографтар, жерге орналастырушалыр мен гидрологтардан жұмыс топтары құрылды. Орталық Мемлекеттік мұрағаттағы, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарындағы, арнайы мекемелеріндегі құқықтық база мен онда бар материалдар түпкілікті зерттеліп, әрбір мемлекетпен келіссөздер жүргізудің қағидаттары мен әдістемесі жасалды. Делегацияның мүшелері, сонымен қатар жұмыс топтарының өкілдері қажет кезде жергілікті тұрғындармен, қоғам өкілдерімен және басшылармен кездесіп отырды. Халыққа ақпарат беру мақсатында келіссөздер процесі барысында пресс-конференциялар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбаттар беріліп отырды. Қажет болған кездерде жергілікті жерлерге далалық сапарлар ұйымдастырылып, шекара белдеуін әуеден және космостан суретке түсірулер және басқа да іс-шаралар жасалып отырды.

Негізгі бөлім

ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫ

ТМД елдерімен қарым-қатынас жүргізу, сондай-ақ олармен жан-жақты ынтымақтастықты қолдау Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірінен қаралады. Бұл турасында Президент Н. Ә. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында бірнеше рет айтқан болатын. Қазақстанның ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықты қолдауында тығыз байланысқан елдердің шектелген тобын құру мүмкіншілігінен туындайтын әртүрлі деңгейдегі бірлесу концепциясы жатыр. Сонымен қатар Қазақстан Достастық кеңестігіндегі ішкі аймақтық бірлестіктер іс-қимылының ашық болуын, олардың мақсаттары және нақты қызметі ТМД-ның дамуы үшін мүдделі болуын жақтайды.

Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы - бұл бұрынғы кеңес одағының елдерін біріктіретін жалғыз ұйым. Достастықтың ерекшелігі - мемлекеттердің мүдделі тараптардың форматында жүзеге асырылатын жан-жақты қарым-қатынасының белгілі бір салаларында таңдаулары бойынша қатысуы. ТМД органдары шешімінің оны қабылдаған мемлекеттер үшін ғана күші бар. ТМД-ның жарғылық органдарының дамыған жүйесіне Мемлекеттер басшыларының кеңесі (МБК), Үкімет басшыларының кеңесі (ҮБК), Парламентаралық ассамблея, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі (СІМК), Қорғаныс министрлерінің кеңесі, Шекара әскерлерін басқарушылардың кеңесі және т. б кіреді. ТМД-ның Атқарушы комитеті тұрақты жұмыс істейтін атқарушы, әкімшілік және реттеуші орган болып табылады. 2000 ж. маусым айында ТМД МБК бекіткен Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығын дамытудың 2005 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес «он екінің» ішінде экономикалық ынтымақтастық ең негізгі мәселе ретінде қаралады.

1994 жылы ТМД елдері Еркін сауда аумағын құру туралы келісім-шарт негізінде еркін сауданың жан-жақты тәртібіне көшу шараларын өткізген болатын. Алайда ТМД елдері көпжақты негізде келісім-шартта белгіленген еркін сауда тәртібінен алып тастаудың жалпы тізімін келісе де алмады және жетілдірмеді. Сондықтан Еркін сауда аумағын құру туралы келісім-шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ТМД елдері 1999 жылы қол қойылған Хаттамада еркін сауда айналымынан алып тастау уақытша болғандықтан, екіжақты құжаттар негізінде қолданыла алатыны белгіленді. Экономикалық мүмкіншіліктер, экономиканы реформалау дәрежесі, экономикалық дамудың ішкі және сыртқы жағдайлардағы айырмашылықтары себебінен толығымен еркін сауда аумағына қарай талпыну әрбір мүше ел үшін біркелкі болмайтынын ескерту қажет. Алайда, ТМД елдерінің экономикалық тұрғыдан бірлесу процесі күрделі және қарама-қайшылыққа толы. Оған тікелей әсер тигізетін жағдайлар ретінде мемлекеттердің экономикалық дамуының әртүрлі деңгейлерін, мемлекеттердің белгілі бір саяси және экономикалық мүдделерінің келіспеушілігін атауға болады. Соңғы кезде ТМД қызметіне төнген қауіпке қарсы тұру, құқық қорғау саласындағы қарым-қатынасты нығайтуды бірінші кезекке шығарды, қажетті шарт-құқықтық база қалыптасты. Мысалы, халықаралық терроризм және экстремизмнің басқа да түрлерімен күресу бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2005-2007 жылдары Қылмыспен күресудің бірлескен шаралары бойынша халықаралық бағдарламаны жүзеге асыру туралы шешімге қол қойылды.

Жаңа ұйымдық құрылымдар және тетіткер, соның ішінде 2000 жылдан бастап Ресейдің ФТБ-сы негізінде Мәскеуде жұмыс істейтін ТМД-ның Антитеррорлық орталығы құрылды. Ол арнайы бөлімшелер және қауіпсіздік органдары, арнайы қызметтер және ТМД мемлекеттерінің басқа өкілетті органдарының біріктірілген мәліметтер банкі мүмкіншіліктерін пайдалану арқылы жұмыс жүргізіп келеді. Есірткіге қарсы күрес бағытында бірлескен күш жұмсалуда. ТМД-да Есірткі, психотроптық тәсілдер және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша қарым-қатынас тұжырымдамасы (2002 жыл) бекітілген, осы қауіппен күресу бойынша 2002-2004 жылдар аралығында арнайы бағдарлама жүзеге асырылды. Астанада өткен ТМД саммитінде есірткіге қарсы 2005-2007 жылдар аралығындағы кезекті бағдарламаны жетілдіру туралы шешім қабылданды. Гуманитарлық салада мүше елдерде ортақ ағарту, ғылыми және мәдени аймақты одан әрі дамыту міндеті тұр. Қазіргі кезде ТМД елдері мен органдарында Достастықтың қызметін жетілдіру жолдары қарастырылуда. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша Астанадағы ТМД саммитінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын халықаралық терроризмнің үдеуі жағдайында реформалау және Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне ТМД органдарын жетілдіру және реформалау бойынша ұсыныстарды дайындау және оларды мемлекет басшылары кеңесінің қарауына енгізу тапсырылды. Достастық мемлекеттерінің Сыртқы істер министрліктері қызметінің нәтижелері бойынша ТМД мелекеттері басшыларының кеңесі (26 тамыз 2006 жыл) Қазан қаласында көрсетілген мәселе бойынша шешім қабылдады. Сонымен қатар ТМД шеңберіндегі тиімді ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру туралы тұжырымдамалық сипаттағы ұсыныстарды қосымша пысықтау үшін ТМД ұйымының тиімділігін арттыру жөніндегі Жоғарғы деңгейдегі топ құрылды. Мемлекет басшыларының осы тақырыптағы пікір алмасуы Мәскеу қаласында 21-22 шілдеде өткен ТМД жоғары деңгейдегі бейресми саммитінде болды. Онда ТМД ұйымының қазіргі төрағасы ҚР Президенті Н. Назарбаев ТМД ұйымын реформалаудың қазақстандық бағдарламасын ұсынды. Достастық ұйымын реформалаудың қазақстандық бағдарламасы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің негізгі күші мемлекеттердің өзара мәмілеге келетін және басқа өңірлік ұйымдар міндетіне кірмейтін, я болмаса, оларда толық дәрежеде іске асырылмайтын бағыттарға жұмылдырылуы тиіс. Қазақстан басшысы келешегі бар ықпалдасудың бес негізгі бағытын айқындап берді: көші-қон саясаты, біртұтас көлік-коммуникациялар жолын дамыту, білім мен ғылым интеграциясы, мәдени-гуманитарлық ынтымақстастық және шекара аралық қылмыспен күрес.

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық

Орналасқан жері
Интеграциялық комитеттің хатшылығы
Ресей Федерациясы, Мәскеу қ., 1-ші Басманный тұйық көшеcі, 6-үй, 4-ғимарат
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Республика алаңы, 4.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) құру туралы шартқа сәйкес құрылды. ЕурАзЭҚ-ты құру туралы шартта бұрын Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шартта айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тығыз және тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымдамасы негізге алынған. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың ұйымдастыру-құқықтық құралдары және жасалған халықаралық шарттардың бір мезгілде және бірдей орындалуының тетіктері, қабылданған шешімдерді іске асыруды бақылау жүйесін енгізу көзделген. ЕурАзЭҚ-ты құру туралы шартта Кеден одағы шеңберінде бұрын қабылданған шарттар мен шешімдердің сабақтастығы қамтамасыз етілген, олардың ішіндегі айқындаушылары мыналар болып табылады:

Кеден одағы туралы келісім;
1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кеден одағына қосылуы туралы келісім;
1996 жылғы 29 наурыздағы Экономкалық және гуманитарлық саладағы интеграцияны тереңдету туралы шарт;
1997 жылғы 22 қарашадағы Кеден одағын қалыптастыру кезінде тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісім;
«Қарапайым адамдарға қарай он қарапайым қадам» мәлімдемесі.

Мақсаттары мен міндеттері:

еркін сауда режимін толық көлемде ресімдеуді аяқтау, біртұтас кеден тарифін және тарифтік емес реттеудің біртұтас шаралар жүйесін қалыптастыру;
мүше мемлекеттердің ДСҰ-мен және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара қарым-қатынасындағы келісілген ұстанымын тұжырымдау;
Қоғамдастықтың сыртқы шекараларында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабандамен және кедендік құқық бұзушылықтың өзге де түрлерімен күрес;
экономикалардың келісілген құрылымдық қайта құруын жүргізу;
бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, әлеуметтік-экономикалық даму;
көліктік қызмет көрсетулердің ортақ рыногын және біртұтас көлік жүйесін қалыптастыру;
ортақ энергетика рыногын қалыптастыру;
білімнің ұлттық жүйелерін үйлесімдендіру, ғылым мен мәдениетті дамыту;
Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің азаматтарына оның барлық аумағында білім және дәрігерлік көмек алуда тең құқық беру;
ЕурАзЭҚ шеңберінде жасалған шарттар бойынша мемлекеттілік рәсімдерді орындау мерзімдерін үйлестіру;
Қоғамдастық шеңберінде ортақ құқықтық кеңістік құру мақсатында қатысушы мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің өзара ықпалдасуын қамтамасыз ету.

Мүшелер:

Қазақстан Республикасы
Беларусь Республикасы
Қырғыз Республикасы
Ресей Федерациясы
Тәжікстан Республикасы
Өзбекстан Республикасы

Бақылаушылар:
Армения Республикасы
Молдова Республикасы
Украина

Құрылымы:

Мемлекетаралық Кеңес
Интеграциялық Комитет (штаб-пәтерлері Алматы және Мәскеу қалаларында)
Парламентаралық Ассамблея (штаб-пәтері Санкт-Петербург қ. )
Қоғамдастық соты (штаб- пәтері Минск қ. )

Мемлекетаралық Кеңес - мемлекеттер және үкіметтер басшылары өкілдік ететін жоғарғы басқару органы. Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің ортақ мүдделеріне байланысты қағидаттық мәселелерді қарайды, интеграция дамуының стратегиясын, бағыттары мен келешегін белгілейді және ЕурАзЭҚ мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған шешімдерді қабылдайды.

Интеграциялық комитет - ЕурАзЭҚ органдарының өзара іс-қимылын және Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған шешімдерді іске асыруды бақылауды қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін орган. Парламентаралық Ассамблея ЕурАзЭҚ-ке мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлесімдендіру мәселелерін қарайтын парламентаралық ынтымақтастық органы болып табылады. Қоғамдастық шеңберіндегі қолданыстағы шарттардың және ЕурАзЭҚ органдары қабылдайтын шешімдердің біркелкі қолданылуын Қоғамдастық Соты қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта ЕурАзЭҚ сотының функцияларын ТМД Экономикалық Сотына жүктеу туралы шешім қабылданды. ЕурАзЭҚ-ке құру туралы шартта белгіленген жарғылық органдардан басқа Қоғамдастық шеңберінде салалық комиссиялар, өзара іс-қимылдың әртүрлі салалары бойынша ЕурАзЭҚ кеңестері мен көмекші органдары, соның ішінде мыналар жұмыс істейді:

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің Орталық (ұлттық) банктері басшыларының кеңесі; Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің Шекара мәселелері бойынша кеңесі;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Салық қызметі басшыларының кеңесі;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Кеден қызметі басшыларының кеңесі;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Көлік саясаты жөніндегі кеңес;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Энергетика саясаты жөніндегі кеңес;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Әділет министрлерінің кеңесі;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Әлеуметтік саясат жөніндегі кеңес;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Ауыл шаруашылығы министрлерінің кеңесі;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу жөніндегі комиссия;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Техникалық реттеу, ветеринарлық, санитарлық және фитосанитарлық талаптар жөніндегі комиссия;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы экспорттық бақылау саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі комиссия;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы ЕурАзЭҚ-ке мүше мемлекеттердің ішкі рыногын қорғау жөніндегі комиссия;
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Құнды қағаздар нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органдар басшыларының кеңесі;
ЕурАзЭҚ-ке мүше мемлекеттердің Қаржы-экономикалық саясаты жөніндегі кеңес.
Сондай-ақ Сақтандыруды қадағалау және сақтандыру қызметін реттеу органдары басшыларының кеңесін құру жоспарлануда.

Шарттық-құқықтық база

1996 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Кеден одағы және ЕурАзЭҚ шеңберінде 79 халықаралық шартқа қол қойылды.

Қызметі:

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық - ТМД кеңістігіндегі ең дамыған аймақтық бірлестіктердің бірі. Аталған аймақтық бірлестік жұмысына қатысу Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарының бірі болып табылады. 2003 жылғы желтоқсанда ЕурАзЭҚ БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды, бұл осы интеграциялық бірлестікті дүниежүзілік қоғамдастық танып отыр дегенді білдіреді. ЕурАзЭҚ-ке мүше мемлекеттердің өзара ықпалдастығы тауарлар аталымының басым көпшілігі бойынша ортақ кеден тарифтері енгізілген, тарифтік емес реттеу бойынша келісілген шаралар жүзеге асырылып жатқан, үшінші елдерге қатысты ортақ сауда режимдері қалыптастырыла бастаған кезеңге жетіп отырғанын атап өткен жөн. Біртұтас кеден аумағын құру басталды. Гуманитарлық салада біздің елдеріміз азаматтарының білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету салаларындағы қажеттіктерін неғұрлым толығырақ қанағаттандыруға мүмкіндік беретін бірқатар нақты бірлескен қадамдар жасалды. ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа қол қойылған сәттен бері оның нормалары мен қағидаларын нақты толықтыру, Қоғамдастықтың басқару органдарын құру және олардың қызметін реттейтін құжаттарды әзірлеу, жаңа халықаралық ұйымның лауазымды тұлғаларының құқықтық мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитеттерін бекіту, олардың өз міндеттерін тиімді жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша халықаралық-құқықтық жұмыстың едәуір көлемі атқарылды.
2003 жылғы 27 сәуірде Душанбе қаласында болған ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі барысында (мемлекет басшылары деңгейінде) ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы қаралды, ол Қоғамдастықтың таяу болашақтағы негізгі мақсаттары мен міндеттерін белгілейді.
Осы баяндама негізінде Тараптар ЕурАзЭҚ-ке мүше мемлекеттер басшыларының 2004 жылғы 9 ақпандағы №152 шешімімен бекітілген «2003-2006 және одан кейінгі жылдарға арналған ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттарын» және «2003-2006 және одан кейінгі жылдарға арналған ЕурАзЭҚ дамуының басым бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шараларын» әзірледі. ЕурАзЭҚ-ке мүше мемлекеттер осылайша Қоғамдастық шеңберіндегі интеграциялық процестерді одан әрі тереңдету мақсатында бұдан былайғы іс-қимылдарын айқындап алды. Бұдан басқа, Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер, экономиканың нақты секторында мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын дамытудың маңыздылығын тани отырып, Қоғамдастық шеңберіндегі интеграциялық процестерге іскер топтарды тарту жөніндегі жұмыстарды жандандыру туралы шешім қабылдады.
Осы мақсатта 2002 жылы жазда «ЕурАзЭҚ Іскерлік кеңесі» қауымдастығы құрылды.
2003 жылғы ақпанда Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың алғашқы Экономикалық форумы өтіп, онда ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттары бойынша сындарлы пікір алмасулар болды және өзара қызығушылық туғызатын жобалар бойынша ұсыныстар енгізілді. 2004 жылғы қыркүйекте «ЕурАзЭҚ - Іскери әлем» Халықаралық Конгресі өтті.
2005 жылғы 22 маусымда Мәскеу қаласында ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (мемлекет басшылары деңгейінде) 13-ші мәжілісі өтіп, оның барысында Президенттер интеграциялық өзара іс-қимылдарды тереңдету бойынша одан әрі жасалар қадамдарды талқылады және Тараптар үкіметтеріне экономикадағы ынтымақтастықты жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
2005 жылғы 27 қыркүйекте ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің отырысында (үкімет басшылары деңгейінде) Қоғамдастық елдерінің отын-энергетикалық, көлік және т. б. салаларындағы қызметін реттейтін бірқатар құжаттар қабылданды. Сондай-ақ ЕурАзЭҚ Ортақ кеден тарифін құру процесін жеделдету қажеттігі атап өтілді.
2005 жылғы 6 қазанда «Орталық Азиялық Ынтымақтастық» ұйымы мемлекет басшылары саммитінде бұл ұйымды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықпен біріктіру туралы шешім қабылданды. Осылайша, Қоғамдастықта Өзбекстан секілді тағы бір қатысушы мемлекет пайда болды.
2006 жылғы 25 қаңтарда Өзбекстан Республикасының Президенті И. А. Каримовтің қатысуымен өткен ЕурАзЭҚ-ке мүше мемлекеттер басшыларының кезектен тыс саммитінде 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа Өзбекстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қойылды, осылайша Өзбекстанның Қоғамдастыққа толық құқылы мүшелігі ресімделді.
2006 жылғы 19 мамырда Минск қаласында өткен ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық Кеңесінің (үкімет басшылары деңгейінде) барысында Қоғамдастық шеңберіндегі интеграциялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне қатысты бірқатар құжаттар қабылданды. Бұлардың арасынан Мемлекетаралық Кеңесінің шешімімен бекітілген келесі құжаттарды жеке бөліп шығару керек: ЕурАзЭҚ-ке мүше мемлекеттер арасындағы жүктерді тасымалдауға теміржол тарифтерін қалыптастыру, соңдай-ақ оны қолданудың жалпы қағидаттары және ЕурАзЭҚ-ке мүше мемлекеттердің теміржолдары арқылы жүктерді тасымалдауға бірыңғай тарифтік мөлшерін белгілеу тәртібі. Қазақстан тарапы бұл бағытта жұмысты жалғастыра беру керектігі туралы ұсыныс жасады және осы құжаттарды бөлек халықаралық шарттар ретінде қабылдауды ұсынды.
2006 жылғы 23 маусымда Минск қаласында ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық Кеңесінің (мемлекет басшылары деңгейіндегі) 16-шы мәжілісі өтті.
ЕурАзЭҚ-ке мүше мемлекеттер басшыларымен Қоғамдастықтың шеңберінде Кедендік одақты қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастырудың мақсатқа лайықтылығы туралы шешім қабылданды. Оның ішінде, Кедендік одақтың құқықтық негізін қалыптастыруға қажетті, мемлекеттердің оған қатысуға дайындылығы дәрежелерін еске ала отырып, құжаттарға қол қоюға әзірлеу жөніндегі мемлекетішілік рәсімдерді 2006 жылы бітіру туралы шешім бар.
Орталық Азия Ынтымақтастық ұйымының (ОАЫҰ) ЕурАзЭҚ-ке интеграциялауын құқықтық ресімдеуге қатысты мәселелер мемлекет басшыларымен қарастырылды. Қарастырудың нәтижелері бойынша ОАЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі қабылданды, және Орталық Азия Ынтымақтастық ұйымының Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа интеграциялау туралы хаттамаға қол қойылды. Осы құжаттарға, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарында жеке түрде қолданысын жалғастыра беретін және күшін жоятын, ЕурАзЭҚ шеңберінде биімделуге ұсынылған құжаттардың үш тізбесі қоса берілген. Бір мезгілде аталған мәселе жөнінде ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық Кеңесінің сәйкес шешімі қабылданды.
2006 жылғы 16 тамызда ЕурАзЭҚ бейресми саммитінің барысында Қоғамдастықтың мемлекет басшылары үш мемлекеттерге Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясына 2006 жылғы 1 қазанға дейін ЕурАзЭҚ құқықтық базасын құрайтын және Кеденік одақтың құқықтық базасын қалыптастыру үшін қажетті, олармен әзірленген құжаттар пакетінің, реттеу құралдары бойынша ұқсас құжаттардың сараптамалық талдауын дайындауды тапсырды. Талдаудың нәтижелері бойынша әзірленген құжаттар пакетіне, олардың іске асыруы бойынша іс-қимылдар дәйектілігін бекітіп, қол қою туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды әзірлеуді 2007 жылдың 1 шілдесіне дейін бітіру жөнінде шешім қабылданды. Бұдан басқа Мемлекет басшылары ЕурАзЭҚ-тың басқа мүше мемлекеттердің кеден одағына кіру тәртібін және кестесін алдын ала көздеу қажеттілігін белгіледі. Мемлекет басшыларының шешімін орындау мақсатында Қоғамдастықтың мүдделі мүше мемлекеттері өкілдерінен Жинақтық жұмыс топ жасалған болатын. 2006 жылғы 27 қазанда Мәскеу қаласында өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің кезекті отырысында Жинақтық жұмыс тобы Қоғамдастық шеңберіндегі Кедендік одақты қалыптастыру жөніндегі жұмыс барысы туралы хабардар етті. Берілген ақпаратты қараудың және талқылаудың нәтижелері бойынша үкімет басшылары ЕурАзЭҚ-тың Кедендік одақты қалыптастыру жөніндегі құжаттар пакетін 2006 жылдың аяғына дейін дайындауды тапсырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуразиялық экономикалық қауымдастық
Жаһандану концепциясын ғылыми талдаудың кейбір теориялық мәселелері
Еуропалық одақтың әлеуметтік саясаты
Тмд-нің құрылу тарихы. Тмд-нің даму бағыттары
Евразиялық экономикалық бірлестік
Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтағы Қазақстан
Қазақстан және жаһандану
Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық үрдісі мен даму тарихы
Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесі
Нарық және экономикалық интеграция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz