Абылай хан – XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы



I. Кіріспе.
Абылай хан . XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы.

II. Негізгі бөлім.
Абылай ханның сыртқы саясаты:
а)Жоңғарлармен сыртқы байланыстары;
ә) Ұлы көршісі Ресеймен жүргізген саясаты;
б) Қытай елімен саясаты.



III. Қорытынды.
Абылай хан кезеңі.тарихтағы ең бір елеулі кезең.
Абылай хан – XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Ол туралы орыс ғалымы А. Левшин былай дейді: «Абылай тәжірибесі, ақыл – айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың боғда ханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бәрінен де басым еді. Ол ұстамды, досына мінәйім мінезді, жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді».
Ал Ш.Уәлиханов Абылай жайлы былай деп жазған: «Абылай орыс жылнамаларында Сібірдің ханзадасы деп аталады. Ал шынында Абылай –Орта жүз қазақтарының XVIII ғасырда өмір сүрген ханы. Оның тегі Орта жүз сұлтандарының кенже буынынан тарайды да, үшінші атадан барып Әбілмәмбет ханға қосылады. Онымен Абылай 1739жылы Орынборда Ресейге мәңгі бодан болатыны туралы ант берген. Атасы Түркістанның билеушісі болып тұрған. Батырлығымен, батылдығымен аты шығып, сол үшін қанішер деген қаһарлы да,құрметті атаққа ие болған кісі. Бірақ баласы Уәли әкесінің даңқын асыра алмай, Түркістанда басып алған көрші билеушілердің бірінің қолынан қаза тапты. Қалтқысыз берілген бір құлының арқасында ғана жасар Абылай аман қалған.
Адал төлеңгіт өз түлегін ертіп,қазақ даласына тартты. Ағайын-туғандары сыртқа тепкен жас Абылай қырға келіп,жақсылық руының бір байына малшы болады. Дүрбелеңге толы дүбірлі кезең Абылайдың тапқырлығы мен табандылығын, ақылдылығы мен алғырлығын танытуына жағдай жасайды. XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өміріндегі бір алапат кезең еді. Жоңғарлар,Еділ қалмақтары,Жайык казактары мен башқұрттар қазақ руларына жан-жақтан бас салып,қырып-жойып, малын айдап,жанын байлап әкетіп, талай әулетті тұтасымен тұтқынға алып кетіп жүрді. Қытымыр қыс, кесапат жұт пен ашаршылық тәңірден түскен қыспақтай-ақ халықты сансыратып,қайыршыландырып жіберді.
Әсіресе, 1723жылы сұмдық сипатымен қазақтардың есінде өшпестей болып қалды. Қары қалың әрі көктайғақ болған сол бір сұрапыл қыста жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен қисапсыз қолмен қазақ қырына басып кіріп, қазақтар мен қырғыздарды бұрынғы шапқыншылығы үшін жазалауға кірісті. Қайда барса да қанқұйлы жоңғарлар қыр соңынан қалмаған қазақтар үріккен киік үйіріндей дүркіреп,жол-жөнекей дүние-мүлкін,бала-шағасын,кемпір-шалын, арық-тұрық малын,үй-мүлкін шашып,түстікке барып қойып кетті. Орта жүз-Самарқанның түбіне,Кіші жүз Хиуа мен Бұқараны барып паналайды. Ал қырғыздар Болордың адам аяғы баспаған құз-жарына жасырынып,үрейі ұшқаны сонша Гиссар алқабына дейін жетеді. Орта Азияның құм белдерінен шүйгін жайлым таба алмай,жаңа көршілермен жауыққан қазақтар құдіретті Ресейдің шекарасына сөз салып, олардан қолдау мен қолғабыс іздейді.
1. Абылай хан «Айқап» шағын баспасы, Алматы-1992жыл. 12-бет;
2. www.massaget.kz
3. www.testent.kz
4. «Егемен Қазақстан» газеті, 2011ж 25 ақпандағы саны, 5-бет;
5. Г.К.Кәдірқұлова, Қазақстан тарихы, 126-127бет.
6. Абылай хан. Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдардың жинағы(Құрастырған, қазақшаға аударған,көрсеткіштерін түзеген, түсініктерін жазған З.С.Тайшыбай)-Петропавл. ЖШС «Астана» баспасы, 2005.-477бет

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I. Кіріспе.
Абылай хан – XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы.

II. Негізгі бөлім.
Абылай ханның сыртқы саясаты:
а)Жоңғарлармен сыртқы байланыстары;
ә) Ұлы көршісі Ресеймен жүргізген саясаты;
б) Қытай елімен саясаты.

III. Қорытынды.
Абылай хан кезеңі-тарихтағы ең бір елеулі кезең.

Кіріспе.
Абылай хан – XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Ол туралы орыс
ғалымы А. Левшин былай дейді: Абылай тәжірибесі, ақыл – айласы жағынан
болсын, қол астындағы халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің
Ресей патшалығымен, Қытайдың боғда ханымен жүргізген тапқыр, шебер
қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бәрінен де басым еді. Ол
ұстамды, досына мінәйім мінезді, жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан
жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді.
Ал Ш.Уәлиханов Абылай жайлы былай деп жазған: Абылай орыс
жылнамаларында Сібірдің ханзадасы деп аталады. Ал шынында Абылай –Орта жүз
қазақтарының XVIII ғасырда өмір сүрген ханы. Оның тегі Орта жүз
сұлтандарының кенже буынынан тарайды да, үшінші атадан барып Әбілмәмбет
ханға қосылады. Онымен Абылай 1739жылы Орынборда Ресейге мәңгі бодан
болатыны туралы ант берген. Атасы Түркістанның билеушісі болып тұрған.
Батырлығымен, батылдығымен аты шығып, сол үшін қанішер деген қаһарлы
да,құрметті атаққа ие болған кісі. Бірақ баласы Уәли әкесінің даңқын асыра
алмай, Түркістанда басып алған көрші билеушілердің бірінің қолынан қаза
тапты. Қалтқысыз берілген бір құлының арқасында ғана жасар Абылай аман
қалған.
Адал төлеңгіт өз түлегін ертіп,қазақ даласына тартты. Ағайын-
туғандары сыртқа тепкен жас Абылай қырға келіп,жақсылық руының бір байына
малшы болады. Дүрбелеңге толы дүбірлі кезең Абылайдың тапқырлығы мен
табандылығын, ақылдылығы мен алғырлығын танытуына жағдай жасайды. XVIII
ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өміріндегі бір алапат кезең
еді. Жоңғарлар,Еділ қалмақтары,Жайык казактары мен башқұрттар қазақ
руларына жан-жақтан бас салып,қырып-жойып, малын айдап,жанын байлап әкетіп,
талай әулетті тұтасымен тұтқынға алып кетіп жүрді. Қытымыр қыс, кесапат жұт
пен ашаршылық тәңірден түскен қыспақтай-ақ халықты
сансыратып,қайыршыландырып жіберді.
Әсіресе, 1723жылы сұмдық сипатымен қазақтардың есінде өшпестей болып қалды.
Қары қалың әрі көктайғақ болған сол бір сұрапыл қыста жоңғар қонтайшысы
Қалдан Серен қисапсыз қолмен қазақ қырына басып кіріп, қазақтар мен
қырғыздарды бұрынғы шапқыншылығы үшін жазалауға кірісті. Қайда барса да
қанқұйлы жоңғарлар қыр соңынан қалмаған қазақтар үріккен киік үйіріндей
дүркіреп,жол-жөнекей дүние-мүлкін,бала-шағасын,кемпір-ша лын, арық-тұрық
малын,үй-мүлкін шашып,түстікке барып қойып кетті. Орта жүз-Самарқанның
түбіне,Кіші жүз Хиуа мен Бұқараны барып паналайды. Ал қырғыздар Болордың
адам аяғы баспаған құз-жарына жасырынып,үрейі ұшқаны сонша Гиссар алқабына
дейін жетеді. Орта Азияның құм белдерінен шүйгін жайлым таба алмай,жаңа
көршілермен жауыққан қазақтар құдіретті Ресейдің шекарасына сөз салып,
олардан қолдау мен қолғабыс іздейді.
Міне,осындай екідай, үрейлі, қанды-қасап кезінде ел назары Абылай
сұлтанға ауады. Өйткені ол жорықтардың бәріне алғаш қатардағы жауынгер боп
қатысып, соның өзінде қисапсыз ерлік көрсетіп, айрықша амал-айласымен көзге
түскен еді. Өнегелі ақыл кеңесі,сұңғылы зердесі арқасында ол бірден-ақ
көреген,кемеңгер деген атқа ие болды. Шынында да, қазақтар мұны ұлы істер
атқаруы үшін Алланың өзі жіберген елшісі, әруақ иесі деп ұққанға дейін
Абылай талай күресті бастан кешіріп, сан сыннан сүрінбей өтті. Ол 2 мәрте
торға түсіп,бірінде-қырғыздарға, екіншісінде-Қалдан Серенге тұиқын болды.
Қалай болғанда да, 1739жылы біз оны Орта жүздің ең ықпалды, ең күшті
билеушісі деп таныдық. Орыс үкіметі де көбінесе Абылаймен және оның інісі
Сұлтанбекпен ғана байланыс жасап отырған.
1759 жылы Абылай орыс сарайына өзінің туысқаны Жолбарыс сұлтанды
жіберіп, сый-сияпат сұрайды. Кейін оған өкілеттілік қағаз жіберіліп, жылына
300 сом жалақы тағайындалып, 200 пұт ұн беріп тұру белгіленеді.
1745 жылы қазақтарға әзірейілдей болған Қалдан Серен дүние салып,
Жоңғарияда билікке таласқан дүрбелең басталады. Қалмақ тайшылары енді
Абылайдан көмек күтеді. Ескі кегі зығырданын қайнатып,жоңғарларға тісін
қайрап жүрген сұлтан олардың алтыбақан алауыз болып әлсіреуін пайдаланып,
бірде-бір жағына, бірде-екіншісіне ыршып шығып, ұрыс-керістің көрігін
қыздыра түседі.
Жоңғарияны тарихта теңдесі жоқ жылдамдықпен оп-оңай жаулап алған император
Цян-Лунның жеңімпаз армиясының жоңғар жеріне келуі Абылайдың саясатына
үлкен ықпал етеді.

Негізгі бөлім
Орта жүз бен Ұлы жүздегі жағдай аз уақыт турақталғаннан кейін XVIII
ғасырдың 40-жылдарының аяғына қарай тағыда шиелінісе бастады. Қойтайшы
Калдан –Церен қайтыс болған соң Жоңғарғарияда орын алған өзара қырқыс осы
құдіретті державаның әлсіресеуіне және бүкіл аумақтағы саяси жағдайдың
шиеленісуіне әкеп соқты. Қалыптасқан жағдайды пайдаланған қазақ даласының
билеушіері де Жоңғария мен көрші мемлекеттердің істеріні белсене араласа
бастады. Орта жүз бен Ұлы жүздің ресми ханы Әбілмәмбет болып қалғанына
қарамастан, нақты билік бірте-бірте ықпалды султан Абылайдың қолына
жинақтала берді, ол қазақ – жоңғар соғыстарының барысында қалыптасқан
батырлар мен билердің үлкен қолдауына сүйенетін.
Абылай хан 1711 жылы қанішер Абылай ханның баласы Уәли султанның
шаңырағында дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған аты Әбілмансұр
болатын. Жоңғарлар Түркістанды алып, Уәли султанды өлтірген кезде, 13 жасар
бала мүлде панасыз қалады да, Әбілмансұр Ораз дейтін құлының арқасында жан
сақтап, бұғанасы бекиді. Ұйпа – тұйпа болып жүргені үшін жұрт оны Сабалақ
деп атап кеткен. Болашақ хан Әбілмансұр 1730 жылы ауыл адамдарымен бірге
жоңғарларға қарсы шайқасқа қатынасып, өзінің асқан ерлігі, батылдығымен
көзге түседі. Сөйтіп, Абылай 30-жылдардың аяғынан бастап, елдің саяси
өмірінде тағдырлы соғыс және бейбітшілік проблемаларын шешкен көрнекті
тұлғаға айналды. Сол арқылы Абылай бүкіл күш- қайратын жоғарғы билікті
нығайтуға және қазақ хандығын ұзаққа созылған саяси дағдырыстан шығаруға
бағыттады. Қазақ руларының Абылай төңірегіне топтасуы оның Жоңғарияға қарсы
белсенді де нысаналы қимылдауына көп жағынан көмектесті.
Цин агрессиясына тойтарыс беру және Қазақстанның шығысындағы жерлердің
қайтарылуы Орта жүзде ғана емес, Ұлы жүзде де Кіші жүзде Абылай султанның
билігін нығайтты. 1752 жылы Барақ султан қайтыс болғаннан кейін ол іс
жүзінде қазақ жерлеріндегі бірден - бір толық құқықты билеушіге айналды.
Әбілмамбеттің мәртебесі 2 жақты болды. Бір жағынан, ол жоғарғы хан деп
есептеле берді және Ұлы жүз бен Орта жүз қоңыстарын тексеру сапарына жиі
шығып тұрды. Екінші жағынан Әбілмамбет Абылайсыз бірде – бір елеулі шешім
қабылдамайтын. Мәселен, 1763 жылы Орталық Азия елдерінің циндерге қарсы
одағына қосылуға шақырып, өзіне жолданған хатты ол Абылайға жіберген .
Орта жүзде Абылай билігінің нығайюына елдің оңтүстік шекараларын нығайту
жөніндегі белсенді қызметі себепші болды. 50-60 жылдардың басында
қазақтардың қырғыздармен қатынастары ерекше шиеленісіп кетті. Алатаудың
солтүстік жағындағы, Жоңғария құлағыннан кейін қазақтар да, қырғыздар да
көз тіккен Жетісу жайылымдары дау нысанасына айналды. 50 жылдардың аяғында
бұл жерлерге Ұлы жүздің қауымдары берік орнығып алған еді, алайда 60-
жылдардың басында жер дауы ашық соғысқа ұласты. 1760 жылы қырғыздар дулат
және қоңырат руларының қоңыстарына шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде
Абылай едәуір әскер жинап, тамыз айында Талас қырғыздарын жеңіліске
ұшыратты. Алайда, қазақтардың жеңіске жеткеніне қарамастан, 60 жылдарда
жанжал шешілген жоқ. Бұған Қазақстанның халықаралық аренадағы күрделі
жағдайын, қытайлардың басып кіру қауіпінің сақталуы, сондай-ақ күшейіп келе
жатқан Қоқан мемлекеті тарапынан қауіп тууы себебі болған еді. Дегенмен, 60-
жылдардың аяғында Абылай Қазақстанның онтүстігінде де өз жағдайын нығайтып
алды. Ұлы жүздің қазақтары әділетті түрде оны өз мүдделерін қорғаушы деп
біле бастады. Сонымен, 60-жылдардың аяғына қарай Абылай султан Қазақстанның
көпшілігі бөлігінде жоғарғы билікті нығайтып алды. Орта жүз бен Ұлы жүз
оған толық бағынды, Кіші жүздің көптеген билеушілерімен ол әулеттік қыз
алысып, қыз берісу арқылы туыстық жағынан байланысты болды. Батыр хан мен
Ералы султан оның одақтастары еді, тіпті Нуралы хан онымен санасуға мәжбүр
болды. Әбден қартайған Әбілмәмбет ресми түрде жоғарғы билеуші болып
қалғанымен, сол кезеңнің өзінде-ақ Абылай ресми хат алысқанда хан деп атала
бастайды. Әбілмамбет қайтыс болғаннан кейін ғана Абылай 1771 жылы жалпы
қазақ ханы болып жарияланды. Бұл бір тұтас тәуелсіз қазақ хандығын сақтауға
жасалған соңғы әрекет еді. .
1771 жылы Абылайды жалпы қазақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды.
1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін барлық үш жүздің
өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандықтың ежелгі астанасы Түркістан
қаласына келді. Абылайға ықпалды жырау Бұқар Қалқаманұлы, Әбілпейіз және
Болат султандар, Нуралы ханды қоспағанда, Кіші жүз қазақтарының
билеушілері, Орта жүз бен Ұлы жүздің өкілдері сөзсіз қолдау көрсетті. Халық
көп жиналған кезде қазақ дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, үш
жүздің ханы болып жарияланды. Абылай қазақ хандығының бірлігін қалпына
келтіре алды.
Бүкілхалықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың
билігі шексіз билік болған жоқ. Сұлтандардың едәуір бөлігі әсіресе Барақ
сұлтан мен Әбілмамбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп
санады. Хан билігіне наразы болған кейбір ру басылар оны тіпті әскери
күшпен құлатуға да тырысты. Дағдылы құқықпен шектеулі Абылай,
Ш.Уәлихановтың айтуынша, сұлтандар мен рубасылардың бетімен кетуін
ауыздықтауға ұмтылды. Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман келу үшін
қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтану жағына қарай өзгерту
қажет екенін өте жақсы түсінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет
жасады.
Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. XVIII
ғасырдың бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды
және оларды өздерінің билері, рубасылар басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан
көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар
деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады. XVIII
ғасырдың 20-30 жылдарыңда бұл жүйе өзгере бастады, сұлтандардың рөлі арта
түсті. Абылай хан 3 жүзді өзінің туыстары, балалары арқылы билей бастады.
1774 жылы Әділ султан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып
тағайындайды, Солтүстік – шығыс Жетісуді оның басқа бір баласы Сүйік,
орталық Қазақстанды Қасым билік етті. Орта жүз бен Ұлы жүздің барлық дерлік
жері ханның балалары арасында бөлінді. Тек, Кіші жүзде және Орта жүзден
батыс бөлігінде Қайып ұрпақтары, Орталық Қазақстанның кейбір аудандарынды
-Барақтың ұрпақтары, ал Қытаймен шекара өңіріне таяу жерлерде және
Сырдарияда Әбілмамбеттің ұрпақтары- султандар билік етті.
Орталық билікті күшейту үшін Абылай бір қатар жаңа өзгерістерді енгізіп
заңдастырды. Есім ханның Ескі жолы, Қасым ханның Қасқа жолы , Тәуке
ханның Жеті жарғы заңдарындағы хан билігіне қойылған шектеулерді жойды.
Ірі ұлыстарды билеуде хан өзіне жақын султандарды тағайындауда, олардың
қызметі және оның тұлға ретіндегі қассиеттеріне сүйенді. Дағдылы құқықтың
дәстүрлі түсініктеріне қарамастан, Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына
кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Бұл міндет бұрын билер қазылығында
ғана болатын. Сөйтіп, сот істерін шариғат ережелерін негізгі алып
жүргізетін билер сотына шек қойылды. Сонымен қатар Билер Кеңесі мен рубасы
ақсақалдар съезінің құқықтары едәуір шектелді. Сарай маңына топтасқан
батырларға сүйеніп, Абылай хан өзіне қарсы шыққандарды қатыгездікпен басып
тастап отырды.
Абылай хан әскери істерді де қайта кұруға жан-тәнін жұмсады. Көшпелілердің
Шыңғыс хан заманынан бері сүйекке сіңген соғыс машығын (тактикасын) кеңінен
қолдану мен қатар, жаңа жағдайға байланысты жаңа әдіс-тәсілдер шығарып
отырды. Жеке жауынгерлердің белсенділігін арттырумен қатар, бір-екі жылға
емес ұзаққа созылуы мүмкін үлкен соғыстың стратегиялық жоспарын жасайды.
Абылай хан қазақ елінің шаруашылық құрылымына өзгерістер енгізуге тырысты.
Ертіс пен Еділ бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін
шаруашылығының дамуына зор мән беріп, барынша қолдап отырды. 1761 жылы
императрица Елизавета Петровнаға жолдаған хатында ағаштан үй түрғызу үшін
бірнеше ұстаны және 200-300 пұт астық жіберуді сұраған. 1772 жылы вице-
канцлер М.Л.Воронцовтың жарлығымен Абылай ханға арналған Есіл өзеніне таяу
Жаңғызтау деген жерде ағаштан үй салынды. Абылай хан қазақ халқының
мәдениетін дамытуға көңіл бөлді. Оның төңірегіне аса белгілі жыраулар мен
күйшілер, шешендер, қазақ даласына белгілі суырып салма ақындар топтасты.
Олар: Тәтіқара ақын, Үмбетай, Бұхар жыраулар... ханның кеңесшісі, әрі қазақ
хандығы дербестігігің жыршысы Бұхар жырау ішкі және сыртқы саясатта
мейлінше ықпал еткен адам болды. Алайда дағдылы құқықтың дәстүрлі болуы
және басқарудың нақты тұтқалардағы кемшіліқ Абылай хандықтың саяси жүйесіне
реформаны ақырына дейін жүргізуге мүмкіндік бермеді. Хан билігін
бұрынғысынша билер мен султандар едәуір дәрежеде шектеп отырды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балықтардың инфекциялық ауруларының ерекшелігі
Абылай хан – саяси қайраткер
АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ТҰСЫНДА ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ НЫҒАЮУЫ
Жергілікті атқарушы билік органдары жайлы
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
Орнатылған тарихымыздың жылу тұлғасы
Автоматандырылған жұмыс орны
Деректер базасының негізгі ұғымдары
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
Абылай хан билігінің нығаюы
Пәндер