Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер



I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім. 1. Бартольдтың Қазақ тарихына қосқан үлесі.
2.Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары .

3. Ислам дініне дейінгі түрік даласындағы діндер.

III. Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Курстық жұмыста арқау етіп алған тақырыбым көне түріктердің діни наным-сенімдері және . В.В. Бартольд Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары.
Мұнда көбіне мәселенің мазмұнын баяндай отырып, оған көптеген үлкен шығыстанушы ғалымдарымыздың, шетел ғалымдарының берген бағалары мен ғылыми болжамдарын қатар қойып отырдым.
Енді өз кезегімен осы аталған мәселенің күні бүгінгі қоғамдық-саяси даму сатысындағы Қазақстан Республикасының территориясын кейінгі бір-екі ғасыр тұрақ қылған өзге ұлт өкілдерінің бүгінгі тарихи сана қалыптастыру процесінде тарихи, ғылыми маңызы мен актуальдылығы бір деңгейде орын алатынын атап көрсеткім келеді.
«Халықтар түрмесі» деп лайықты аталған Ресей империясында өз қол астындағы орыс емес халықтардың тарихына отаршылдық, шовинистік идеялогия тұрғысынан қарау, ғылыми-адамгершілік тұрғыдан қарауға жол бермей келді. Енді империя ыдырап, отарлық тәуелділікте танылып келген қазақ, өзбек, қырғыз, кавказ, балтық республикаларын мекендеген т.б. көптеген халықтар ұлттық – мемлекеттік тәуелсіздікке қолдары жеткен бүгінгі күні олар енді өздерінің тарихын бұрынғы идеялогиялық қоқыстан аршып, ұлттық және адамгершілік тұрғыдан қайта қарай бастады.
Міне осындай геосаяси өзгерісті Қазақ елі де бастан өткізді. Көне түрік тайпалық бірлестігі қазақ сахарасын мекен етіп, тарихи аренаға осы жерден бой көрсеткендіктен біз оларды қазақ халқының, ұлтының даму жолындағы этногенетикалық негізгі бастама сатыларында көрнекті рөль атқарған тайпалар деп танимыз.
Көне түріктер дәуірі немесе көне түріктер заманы деген ұғым Тарихи-археологиялық әдебиеттерде екі түрлі мағынада қолданылады. Саяси даму үрдісін білдіргенде VI-VIII ғасырларды қамтиды, яғни көне түрік мемлекеттері заманын көрсетеді. Ал енді тарихи этно-мәдени даму үрдісін білдіру үшін кең мағынада қолданылғанда V-X ғ.ғ. аралығындағы мезгілді көрсетеді. Тарихи -хронологиялық жағынан алғанда бұл кезең ұлан-байтақ тнрриторияны мекендеген әр түрлі тайпалардың бәріне түсінікті ортақ тілдің, өзара жақын әдет-ғұрыптың, қоғамдық қарым-қатынастың қалыптасуымен сипатталады.
1) Л.Гумилев «Көне түріктер», 346 бет.
2) М.Қашқари «Түбі бір түркі тілі», Алматы, 1993 жыл, 11-12 бет.
3) «Мифологический словарь», Москва, 1990 жыл6 523 стр.
4) О.Сүлейменов «Тәңірге табыну», Аз и Я, 264-265 бет.
В.В.Бартольд «Тюрки», Алматы, 1998 жыл, 6 бет.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам
дініне дейінгі діндер

Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім. 1. Бартольдтың Қазақ тарихына қосқан үлесі.

2.Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары .

3. Ислам дініне дейінгі түрік даласындағы
діндер.

III. Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ

Курстық жұмыста арқау етіп алған тақырыбым көне түріктердің діни
наным-сенімдері және . В.В. Бартольд Орталық Азия халықтарының өзара
байланыстары.

Мұнда көбіне мәселенің мазмұнын баяндай отырып, оған көптеген үлкен
шығыстанушы ғалымдарымыздың, шетел ғалымдарының берген бағалары мен ғылыми
болжамдарын қатар қойып отырдым.
Енді өз кезегімен осы аталған мәселенің күні бүгінгі қоғамдық-саяси
даму сатысындағы Қазақстан Республикасының территориясын кейінгі бір-екі
ғасыр тұрақ қылған өзге ұлт өкілдерінің бүгінгі тарихи сана қалыптастыру
процесінде тарихи, ғылыми маңызы мен актуальдылығы бір деңгейде орын
алатынын атап көрсеткім келеді.
Халықтар түрмесі деп лайықты аталған Ресей империясында өз қол
астындағы орыс емес халықтардың тарихына отаршылдық, шовинистік идеялогия
тұрғысынан қарау, ғылыми-адамгершілік тұрғыдан қарауға жол бермей келді.
Енді империя ыдырап, отарлық тәуелділікте танылып келген қазақ, өзбек,
қырғыз, кавказ, балтық республикаларын мекендеген т.б. көптеген халықтар
ұлттық – мемлекеттік тәуелсіздікке қолдары жеткен бүгінгі күні олар енді
өздерінің тарихын бұрынғы идеялогиялық қоқыстан аршып, ұлттық және
адамгершілік тұрғыдан қайта қарай бастады.
Міне осындай геосаяси өзгерісті Қазақ елі де бастан өткізді. Көне
түрік тайпалық бірлестігі қазақ сахарасын мекен етіп, тарихи аренаға осы
жерден бой көрсеткендіктен біз оларды қазақ халқының, ұлтының даму
жолындағы этногенетикалық негізгі бастама сатыларында көрнекті рөль
атқарған тайпалар деп танимыз.
Көне түріктер дәуірі немесе көне түріктер заманы деген ұғым Тарихи-
археологиялық әдебиеттерде екі түрлі мағынада қолданылады. Саяси даму
үрдісін білдіргенде VI-VIII ғасырларды қамтиды, яғни көне түрік
мемлекеттері заманын көрсетеді. Ал енді тарихи этно-мәдени даму үрдісін
білдіру үшін кең мағынада қолданылғанда V-X ғ.ғ. аралығындағы мезгілді
көрсетеді. Тарихи -хронологиялық жағынан алғанда бұл кезең ұлан-байтақ
тнрриторияны мекендеген әр түрлі тайпалардың бәріне түсінікті ортақ
тілдің, өзара жақын әдет-ғұрыптың, қоғамдық қарым-қатынастың қалыптасуымен
сипатталады.

1. Бартольдтың Қазақ тарихына қосқан үлесі.

В.В. Бартольд өзіндік дүниетанымдық және саяси көзқарастарына
қарамастан кеңестік кезеңде де бұрынғы бағыттағы зерттеулерін табысты
жалғастырып, үлкен жетістіктерге жеткені белгілі. Ол 1918 жылы Ұлықбек
және оның дәуірі, Ислам және Мұсылмандық мәдениет, 1922 жылы
Түркістан тарихы атты еңбектерін жариялайды. Бұл зерттеулерінің ішінде
біз қарастырып отырған мәселе, яғни қазақ-түрік этнологиясына қатысты жаңа
ғылыми тұжырымдар кездеседі. Әсіресе, бұл ортағасырлар дәуіріндегі түркі-
соғды байланыстарына және мұсылман дінінің таралуына қатысты болды. Бұл
байланыстадың сан қырларын, тап айтсақ, сауда-экономикалық, діни-рухани,
материалдық мәдеиет саласындағы, қалалық мәдениет пен егіншілік бойынша
байланыстарының көптеген мәселелері қарастырылды.

Тарихнамада түркі-соғды мәдени байланыстарын зерттеудің мол
тәжирбиесі жинақталған. В.В. Бартольд түркі дәуіріндегі материалдық және
рухани мәдениеттегі соғдылықтардың рөлі туралы тың қорытындылар жасаған.

Соғдылардың тарихи отаны Зеравшан мен Қашқадария аумағы болып
табылады Отырықшы өркениет пен көшпелі мәдениеттің өзара түйіскен
аймағында орналасқан Соғды елі қалай болған күнде де көшпелілер әлемімен
тығыз қарым-қатынаста болған. Әр кезеңде бұл байланыстар әртүрлі сипатта
болды. Осы байланыстардың сипаты мен мәнін талдаудың өзі түрлі
кедергілерге толы. Себебі Соғды елі мен көшпелілердің байланысы тұрғысынан
қарастырғанның өзінде де, Қазақстан аумағы бойынша таза көшпелілік
ұғымының жоққа шығарылғанын ескеруіміз керек. Қазақстан аумағының өзінде
жергілікті негізі бар қалалық мәдениет пен егіншілік дамығандығын
назарымызда ұстай отырып, түркі-соғды байланыстарын талдау кезінде осы
аталған ерекшеліктердің зерттеу В.В. Батрольд еңбектерінде қандай тұрғыдан
талданғанына баса көңіл бөлуіміз керек 60.

Зертеуші жазба деректерге сүйене отырып, кәсіпқой саудагерлер ретінде
саналатын соғдылар пайда табу үшін өз отандарынан тыс жерлерге сапар
шегіп, сол аймақтарға қоныстанып, өздерінің тұрақты мекендері ретінде орын
теуіп қалатынын көрсетеді. VІ ғасырдың екінші жартысынан бастап жазба
деректер бұған дейін эфталиттердің қол астында болған соғдылардың Жетісу
түркілеріне бағынғандығы туралы мәліметтер береді. Түркілер Соғды халқының
едәуір бөлігін құраса, соғдылықтар бұл кезеңде Жетісуға ішкерілей енген
еді. Христиан-сириялықтардың бұл кездегі рөлі Византия мәдениеті үлгілері
мен христиан дінінің таралуымен сипатталды. Көптеген зерттеушілер
түркілердің бұл мәдени үлгілерді “жабайы” көшіру жолымен қабылдағандары
туралы тезисті қалыптастырды.

В.В. Бартольд соғдылықтардың қоныс аударуының негізгі себебі сауда
деп санады. Алайда, соғдылықтардың қоныс аударуының басты себебі, сірә,
кеңірек болуы керек. Оны VI-VIII ғасырларда Соғдыда және Орта Азияның
басқа да егіншілік аймақтарында болған әлеуметтік-экономикалық
өзгерістерден іздеу қажет. Бұл бір көрінісі ретінде Нершахидің Бұхарадағы
Абруй басқарып тұрған кездегі шиеленіскен күрес туралы хабары болып
табылады. Абруйдың қысымына төзбеген соғды диқандары мен көпестері
Түркістанға кетуге мәжбүр болады, мұнда олар салып, оны Хамукет деп атады
[61, 25 б.].

Соғдылықтардың VI-VIII ғасырларда Жетісуға қоныс аударуы Орта
Азиядағы араб жаулап алушылықтарымен де байланысты. Тоныкөк жазбасының
хабарларын араб деректемелерімен салыстырып қарау арабқа қарсы Шығыс Түрік
қағанаты мен Ферғана-Шаш-Соғды одағының маңызын анықтауға мүмкіндік
береді. Бұл одақ шығыста араб экспанциясын тежеуде жетекші рөл атқарды.
Жетісу арабтарға бағынғысы келмеген соғдылықтардың оларға қарсы күрестегі
түріктердің одақтастары көшіп келген ең жақын ауданы болды. Соғдылықтардың
көшіп келуі Жетісудың егіншілік және қала мәдениеті тарихында елеулі із
қалдырды. Алайда оның әлеуметтік- экономикалық және саяси тарихының басты-
басты факторлары Жетісудың жергілікті отырықшы және көшпелі халқының
өндіргіш күштерінің дамуы болды.

Дегенмен соғдылықтардың шығысқа қарай ілгерілей енуі бір жақты болған
жоқ. Орта Азияның түріктерге бағынуымен қатар, түріктер Орта Азия
шонжарлары қатарына, халықтарының құрамына енді. Соғдының өзінде де
түріктер аз рөл атқарған жоқ. Түрік және соғды халықтарының арасындағы
өзара ықпал осылай жүріп отырды, мұның өзі олардың этникалық-саяси
тарихында, материалдық және рухани мәдениетінде көрніс тапты.

Көріп отырғанымыздай түркілер мен соғдылардың өзара қарым-қатынастары
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағында өзара тығыз араласу нәтижесінде
жүзеге асқан. Мәселенің тарихнамасын қарастыру барысында негізгі назардың
да осы аталған аймақтағы қалалық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуындағы
соғдылық рөлге баса аударылғанынан көреміз. Осы мәселеге тоқталған
авторлардың еңбектерінде ұстанған бағыттарына сәйкес үш топқа бөліп
қарастыруға болады. Түркі дәуіріндегі Жетісудың қалалық мәдениетін жазба
ескерткіштердің мәліметтеріне сүйене отырып, соғдылықтардың тікелей
әсерімен қалыптасты деп санайтын авторлар тобы еңбектерінің алғашқысын
ғылыми негіздеген В.В. Бартольд болды. В.В. Бартольд өзінің құлауы
қарсаңында мәдени гүлденуінің шыңына жеткен Сасанидтік Иран өз көршілеріне
қарудың көмегінсіз-ақ әсер еткенін атап өтіп, бұл мәдени жетістіктерді
түркілер соғдылар арқылы қабылдады деп санайды. Соғдылардың Жетісуды
отарлауының мәселелерін 1927 жылы бірінші болып көтерген В.В. Бартольд бұл
мәселе бойынша археологиялық мәліметтердің жеткіліксіздігінен мәселені тек
жазба деректер негізінде қарастырған. Зерттеуші аталған мәселені М.
Қашқари мен авторы белгісіз “Худуд ал Алам” (“Әлем шекаралары”)
шығармасының мәліметтері негізінде қарастырған. Ал бұл жазба деректер VІІ
ғасырдан кейінгі кезеңдер туралы мәліметтерді сақтамаған. Сондықтан түркі-
соғды проблемасы, әсіресе мәселенің мәдени аспектілері кейінгі
зерттеушілердің үлкен ықыласын аударды.

Зерттеуші соғдылар арқылы түркілер арасына таралған зороастризм
идеясының жергілікті жердегі ерекшеліктерге бейімделуі арқылы түрлі
халықтардың рухани жақындасуы мен оның халықтар мәдениетіндегі орнын
көрсетіп берген. Осылайша мәдени байланыстар арқылы, кей зерттеушілер бір-
біріне қарама-қарсы мәңгілік қайшылықты қоғам ретінде көрсетуге ұмтылған
көшпелі және отрықшы мәдениеттердің өзара тығыз байланыстылығына тағы да
көз жеткіземіз.

В.В. Бартольд өз зерттеулерінде мәдени синкретизмнің тамаша үлгісіне
айналған Жетісу жерін “Шығыс Византиясы” деп атады. Егер зерттеушінің өз
сөзін толық келтірсек: На эти основные явления культуры в свою очередь
оказали влияние культуры тех стран и областей, с которыми входили в
соприкосновение тюрки. Этим объясняется тот факт,что здесь, в Семиречье,
сказались влияния Византии, Индии и Ирана, Согда и Ферганы, Шаша и Южной
Сибири, Восточного Туркестана и Китая. Все это подверглось переработке, в
процессе которой создавалось новое качество, культура обобого типа.
Семиречье в VI-VIII вв. функционально исполняло роль Византии Востока,
синтезируя культуры Центральной и Средней Азии, дальнего и Ближнего
Востока 62 - деп тамаша жазды.

Бірақ зерттеуші мәдени байланыстардың сипатын, олардың нәтижелерін
талдауда түркі мәдениетіне әсер еткен сыртқы факторларға баса назар
аударып, нақты түркі мәдениетінің бөтен мәденитке тигізген әсерлерін төмен
бағалаған.

Махмұд Қашқаридың Жетісу жеріндегі соғдылар туралы мәліметін
зертеуші “аймақтың “ұлттық” құрамы туралы мәліметтер, әсіресе Талас
аймағындағы көшпелілердің жергілікті мәдениеттен ерекшеленіп тұрған мәдени
үлгілердің шығу тегі туралы мәселені түсіндіруге көмектеседі”, - деп өз
концепциясын жазба деректердің “мәліметтерімен” бекіте түседі 63.
Зерттеуші мұндағы аймақтың “ұлттық” құрамы туралы мәліметті
М. Қашқаридің Жетісу соғдылары туралы хабарламасынан алып отыр.
Аталған ғалым соғды отарлауының екінші кезеңінде Соғдиана мен Жетісудың
мәдени байланыстарының сипаты мен көлемі үлкен өзгерістерге ұшырады дей
келе, Жетісуда осы кезден бастап соғдылықтар сәулет өнерінде грек-бактрия
мәдениетімен байланысты элементтермен қатар сасанидтік мотивтерді кеңінен
таратты деп атап өтеді 64. 198 б. Осылайша Соғды мәдениетінің өзі ІX
ғасырдан бастап тек отарларында ғана емес метраполияда да соңғы күндерін
бастан кешіп, Жетісудағы соғды отарлауы жергілікті мәдениет пен соғды
мәдениетінің органикалық бірлікке айналып кетуімен аяқталды деп
қорытады [64].
Дегенмен осы кезеңдегі қалалық мәдениеттің қалыптасуындағы
соғдылықтардың рөлін жоққа шығаруға болмайды. Бұған көптеген жазба
деректер мен археологиялық ескерткіштер куә. Алайда, мәселенің зерттелуін
жоғарыда келтірілген В.В. Бартольдтың көзқарастары тұрғысынан да біржақты
қабылдай алмаймыз. Соғдылар Оталық Азия тарихында елеулі рөл атқарғаны.
Сонымен қатар, мәселені отырықшы мәдениет соғдылырға, көшпелі мәдениет -
түркілерге тән деп біржақты шешу де дұрыс емес деген пікірлер соңғы
кездері дұрыс айтылды 65.
Түркі-соғды мәдени байланыстарының тағы бір саласы иран-түркі
тілдерінің тығыз байланыстары болып саналады. VІ ғасырдың соңғы ширегінен
бастап Түркі қағанатында ресми жазу жүйесі қалыптасты. Осыған байланысты
зерттеушілер арасында Түркі қағанаттарының ресми жазуы ретінде түркі
немесе соғды жазуы пайдаланылды ма деген мәселе төңірегінде В.В. Бартольд
мәселені алғаш болып көтерді. Ресми жазу ретінде соғды жазуы пайдаланылды
деген бағыттағы зерттеушілер мәселені ең алдымен түркі билеушілері соғды
жазуын білді ме және оны жазуда пайдалана алды ма деген сұрақтарға жауап
іздеуден бастады.

Сондықтан, түркі-соғды байланыстары ішіндегі жазу мәселесі бойынша
зерттеуші жазба деректердің де мәліметтерін пайдалана отырып, мынандай
қорытындыға келіп отыр. Түркілер өз жазуларымен қатар соғды, сондай-ақ
жаңа иран немесе парсы тілдерін де меңгерген дей келе, оның себебін екі
фактормен түсіндіреді. Біріншісі, Ұлы Жібек жолымен байланысты
мемлекеттік, екіншісі - идеологиялық фактор. Соңғысы түркілердің арасына
манихей дінін таратушы манихей діндәрларының қызметіне байланысты болса
керек 65. 170б. Өзара байланыстардың орныға түсуінде маңызды орын алатын
микромиграция құбылысы түркілер арасына қоныс аударған соғдылықтармен
байланысты манихей миссионерлерінің қызметімен байланысты. Түркілердің
арасына манихей дінінің таралуымен түркі және иран әлемінің тілдік
байланысының жаңа кезеңі басталды деп есептелінеді. Атақты шығыстанушы
ғалым В.В. Бартольд түркілердің мәдени деңгейінің жоғарылығын оларда
жазудың болуынан-ақ байқаймыз, түркі жазуының Орта Азиялық тегінің өзі
түркілердің тек қытай мәдениетің ықпалында болғанын ғана емес, сондай-ақ
Алдыңғы Азия, соның ішінде Шығыс Иран халықтарымен мәдени байланыстар
орнатқанын көрсетеді деп анықтай түседі 66.

2.Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары .

Орта ғасырлардың бас кезінде Азияда кеңінен таралған дүниенің кең-
байтақ аймақтары мен елдерді бейнелеген төрт патшалық тұжырымдамасына
зерттеуші ерекше көңіл аударады. Бұл дүние патшалықтарының әрқайсы
замандастарының көзіне тек өзіне тән артықшылықтармен көрінді. Суй (589-
618), ал содан соң Таң (618-907) әулеттерінің билігімен біріккен Қытай,
орталығы Гангадағы Канауджа қаласында болған үнді билеушілерінің
патшалығы, Тынық мұхиттан Қара теңізге дейінге түріктер бірлестігі,
Персия мен Византия сияқты құдіретті мемлекеттердің құрылуы әлемнің төрт
жағында орналасқан дүниежүзілік төрт монархия: оңтүстіктегі пілдер
патшасының (Үндістан), батыстағы асыл заттар патшасының (Иран мен
Византия), солтүстіктегі сәйгүліктер патшасының (түрік қағанаттары),
шығыстағы адамдар патшасының (Қытай) империялары идеясының негізі болды.
Нақ сол идея мұсылман авторларына да ауысты: пілдер патшасы сонымен бірге
үнді философиясы мен ғылымының дамуымен даналық патшасы, адамдар патшасы -
мемлекеттік басқару және атақты қытай өнертабыстары себепті өнеркәсіп
патшасы деп те аталды; сәйгүліктер патшасы жыртқыш аңдар патшасы делінді;
ал батыс екі патшалыққа бөлінді: олардың біреуі (аңдар патшасы) Персияның,
содан соң арабтардың патшасы, екіншісі (ерлер патшасы) халқының
көріктілігі себепті Византияның патшасы болды 67.
Дәл осындай жағдай аталған елдердің мәдени үрдістері тоғысқан Жетісу
жерінде де қалыптасты. Себебі қолданбалы өнерде, сәулет өнерінде,
қабырғадағы кескіндемеде, тауарлардың, мәдени үлгілер мен өлшемдердің
Шығыс және Батыс елдеріне таралуымен қатар музыка, би өнері, қызықты ойын-
сауықтар, ортағасырлық өзінше бір “эстрада” орын алды. Қызықты ойын-
сауықтар, музыканттар мен бишілердің, жабайы аңдарды үйретушілердің,
акробаттар мен сайқымазақтардың, фокусшы-сиқыршылардың өнер көрсетуі
ерекше таралды. Бұл өнерге тілмаш керек болмады, кезбе труппалар үшін тіл
кедергісі болған жоқ. Грек василевсіне де, Киев князіне де, түрік қағанына
да, қытай императорына да ұқсас нөмірлер көрсетілген 67. 194 б.
Осылайша В.В. Бартольд зерттеулерінен мынандай тың қорытындылар
аламыз. Түркі халықтарының мәдениеті өзінің даму барысында өз заманындағы
мәдени дамудың жоғарғы сатысында тұрған елдермен тығыз байланыстар
орнатқан. Олар бұл елдердің мәдени үлгілерін “жабайы көшіру” тәсілімен
қабылдаған жоқ, керісінше өз заманының жоғарғы мәдени үлгілерін өз бойына
сіңіріп, әрі өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып қайталанбас ерекше
мәдени мұра қалыптастырған. Өз заманында түркі мәдениетінің үлгілері де
тек соғдылықтардың арасына ғана емес, басқа да көрші халықтар арасына кең
тараған.
В.В. Бартольд прогрестің басты факторы – халықтар арасындағы өзара
тығыз қарым-қатынастың болуында екені қазір дәлелденіп отыр. Халықтардың
өркендеп дамуы немесе кері кетуі олардың нәсіліне, оларды қоршаған табиғи
ортаға да байланысты емес, оның басты себебі олар халықтар арасындағы
байланыс көпірін тұрғыза алды ма, жоқ па, міне, осыған байланысты, - деп
бекер атап жазбаса керек 68.

Әрине, автордың көптеген пікірлерімен келісе алмаймыз. Оларды тарихи
тұрғыдан жазылыған нақты ғылыми зерттеулер арқылы жоққа шығара аламыз.
Дегемен бізге қажеттісі автордың мәселеге деген көзқарасындағы идея. Бұл
идея - халқымызыдың өткен тарихына байланысты кез-келген мәселені тарихи
тұрғыдан талдап баға беру кезінде ұлттық мүддені бірінші орынға қою
идеясы. Кезінде халқымыздың біртуар аяулы азаматы, академик Ә. Марғұлан
Жамал Қарши туралы мақаласында ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің
жеткілікті дәрежеде бағаланбай жатқандығы туралы былай деп жазды: Қыпшақ
ұлысы тигізген бұл ықпалдың болғандығы соңғы уақытқа дейін белгісіз еді.
Оны Орта Азия халықтарының өзі сезбесе, Европа ғалымдары білген емес.
Осыларды дәлелге келтіріп В.В. Радловтың қыпшақ тілі шағатай тілінің
ықпалында болды, - деп зерттемей, үстірт айтқан пікіріне В.В. Бартольд
бүтіндей қарсы болған. Олай емес, шағатай тілі қыпшақ мәдениетінің
ықпалынан туды, - деп тұжырым жасайды.

Қазіргі біздің ғалымдар академик В.В. Бартольдтың жақын шәкірттері,
ол кісінің бұл айтқан пікірлерімен санаса ма, жоқ па ол арасы мәлім емес.
Бірақ қазіргі тіл жүйесі В.В. Бартольд жасаған классификацияға бүтіндей
қиғаш жатыр. Бүгінгі ғалымдар тарихи өлшеумен жағрафиямен санаспай барлық
ежелгі әдеби тілді Көне өзбек тілі деп жүр, оның ішінде қыпшақ
дәуіріндегі (X-XIV ғасыр) тілді Ранне-Староузбекский деп, Шағатай
дәуірінікін (XIV-XVI) ғасыр соңғы көне өзбектікі деп атайтын болған. Бұл
атаудың тарихи өркендеумен еш байланысы жоқ, жасанды нәрсе. Бұл тілдерді
қолданған кезде осы күнгі Орта Азия халықтары әлі ұлттық консолидацияда
болмай бәрі ортақ пайдаланған. Сондықтан бұл екі тілді біріктіріп Көне
өзбек тілі деу түсініксіз. Бұл тұрғыдан қарасақ, орфографиясы бойынша
Абай шығармаларының өзі көне өзбек жазуы болып шығады. Біздіңше көне
өзбек тілін Шайбани заманынан бастау керек. Одан бұрынғы көп елге ортақ
болған қыпшақ, шағатай тілдерін бұрынғы ғылымда қалыптасқан түрінде
пайдалану керек.

В.В. Бартольд түркі мәдениетінің жаңа кезеңі, дамуы араб-мұсылман
мәдениетімен тікелей байланысты болғанын атап көрсетеді. Зерттеушінің орта
ғасырларда орын алған түркі-араб-мұсылман мәдени синтезін зерттеудің
қарастырып шығу өте маңызды деп есептейміз. Себебі бүгінгі таңда араб-
мұсылман мәдениетінің негізгі ұғымдары түркілік салт-дәстүрлерден
ажырағысыз біртұтас дүниеге айналып кеткен. Біз төл мәдениетімізді ауызға
алғанда оны мұсылмандық сипатынан ажыратып жатпаймыз.

Тарихи тұрғыдан алғанда түркі мәдениеті мен араб-мұсылман
мәдениетінің ара-қатынасы, олардың өзара әсері, яғни түркілер бұл
мәдениетке не қосты, одан не алды, деген сұрақтар бүгінгі таңда өте
маңызды орынға ие болып отыр.

Солтүстік Африкадан Үндістанға дейін кең аумақты алып жатқан
ортағасырлық араб халифаты жаңа, жоғары дамыған мәдениетті тұғызды. Араб-
мұсылмен мәдениеті деген атқа ие болған бұл құбылыс арабтар жаулап алған
ежелден өркениет бесігі болған халықтар мәдениетінің синтезі ретінде
қалыптасты. Бұл мәдени синтезге Орталық Азия халықтары да қатысты.
Сондықтан да мұсылман дәуіріндегі (VІІІ-XІІІ ғғ) Еуразия халықтары
арасындағы өзара мәдени ықпалдастықты, соның ішінде ислам-түрік синтезі
проблемасының тарихнамалық мәселелерін қарастыру өзекті мәселелер қатарына
жатады.

Қазақстан даласына ислам діні Иран арқылы келгені белгілі. Сондықтан
ислам дінін қабылдағаннан кейін таза мұсылман мемлекеті болып есептелетін
Сасанидтік Иран елінің саяси күшін, мәдениеті мен өнерінің дамуын ең
жоғарғы сатыға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат тарихындағы исламның орны
Ислам дінінің таралуы
Түркілердің сенім негіздері
Исламға дейінгі наным-сенімдер және Қазақстандағы мұсылман мәдениеті
Қарлұқ мемлекетінің Жетісу аумағына саяси үстемдігін жүргізуі
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуы
Қазақ еліне ислам дінінің келуі
ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
Ислам діні және мәдени өрлеу
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Пәндер