Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен - Шоқан



КІРІСПЕ

І Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен . Шоқан
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ Жұлдызды ғұмыр
а) Шоқан ауыз әдебиетін жинаушы
б) Шоқан . публицист жазушы
в) Саяхатшы
г) Шоқан . озық ойлы парасатты ғалым.
ҚОРЫТЫНДЫ
Шоқан Уәлихановтың болашақ ұрпаққа қалдырған мұрасы
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – заманының жан-жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшысы. Ол қазақтың тарихын, этнографиясын және әдебиетін тұңғыш зерттеуші. Шоқан – қазақ пен қырғыздың әдебиет теориясы мен фольклоры туралы алғаш рет ғылыми пікір айтып, зерттеу еңбектер жазған әдебиетші.Сондықтан Шоқан қазақтың демократтық сынын бастаушы,кезіндегі ілгерішіл дәстүр мен әдебиеттану ғылымын негіздеуші, публицист жазушы.Қазақтың әдебиеті мен мәдениетін орыс жұртшылығына алғаш танытушы.Бұл істе Шоқан жалғыз болған жоқ,Шоқанға дейін де кейбір орыс ғалымдары да қазақ әдебиеті мен мәдениеті туралы пікірлер айтып,қазақ ауыз әдебиетінің кейбір үлгілерін баспаға шығарушылар болды. Олардың ішінде, Потанин, Березин, Радлов, Алекторов, тағы басқалардың еңбектері ерекше ескерерлік.
Шоқан 1835 жылы қазіргі Құсмұрын бекінісінде туған.Шоқанның жастық шағы-атамекені Сырымбеттің сұлу табиғатының қойнауында, биік қарағайлы,қалың қайыңды, көлі мен көгі мол жерлерде өткен.Бұл жердің табиғат байлығы, сұлу суреті Шоқанға ерекше әсерлі болған.Ол бұл жердің табиғатын өскеннен кейін де қызыға әңгіме етіп жүрген.
Шоқанның шыққан ортасы - қазақтың ірі феодалдары, хан - сұлтан тобы.
Әкесі – Шыңғыс – Омск әскери училищесін бітірген, орысша сауатты, офицерлік чині бар (полковник) адам. Ал Шыңғыстың әкесі Уәли мен шешесі Айғаным да хандық құрған адамдар. Арғы аталары тарихқа белгілі - Абылай хан.
Шоқан осындай белді семьядан шыққан жас. Бұл оған жасынан оқуға мүмкіндік береді. Шоқан әуелі ауылында оқып,ескіше хат таниды. 10 жасқа толғанда,әкесі оны Омскідегі кадет корпусына береді.Кадет корпусына ол орыс тілін білмейтін,ауыл салтындағы бала ретінде келіп түседі де, 1 жыл ішінде орыс тілін үйреніп алады. Шоқан талапты, зерек болып өседі.Ол көп оқушылардың алды болып бірден көзге түседі.
1. Х.Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті»
2. А.Асқаров «Ұлы Тұранның Ұлдары»
3. М.Қаратаев, Т.Нұртазин, С.Қирабаев «Қазақ совет әдебиеті»
4. С.Мухтаров «Шокан и искусство»
5. Маргулан А. Очерк жизни и деятельности Ч.Ч. Валиханова. - В кн.:
Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч. Алма-Ата, 1961, т. 1.
6. Марков С. Идущие к вершинам. Историко-биографическая повесть. М.,
1968.
7. Муканов С. Степные друзья. Алма-Ата, 1979.
8. Сегизбаев О. Из истории идейной борьбы вокруг творческого наследия
Чокана Валиханова. - Ученые записки Казахского государственного
университета, т. ХV, философия. Вып. 2. Алма-Ата, 1959.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен - Шоқан
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ Жұлдызды ғұмыр
а) Шоқан ауыз әдебиетін жинаушы
б) Шоқан – публицист жазушы
в) Саяхатшы
г) Шоқан – озық ойлы парасатты ғалым.
ҚОРЫТЫНДЫ
Шоқан Уәлихановтың болашақ ұрпаққа қалдырған мұрасы
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Шоқан Уәлиханов
(1835-1865)
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – заманының жан-жақты білгір ғалымы,
батыл саяхатшысы. Ол қазақтың тарихын, этнографиясын және әдебиетін тұңғыш
зерттеуші. Шоқан – қазақ пен қырғыздың әдебиет теориясы мен фольклоры
туралы алғаш рет ғылыми пікір айтып, зерттеу еңбектер жазған
әдебиетші.Сондықтан Шоқан қазақтың демократтық сынын бастаушы,кезіндегі
ілгерішіл дәстүр мен әдебиеттану ғылымын негіздеуші, публицист
жазушы.Қазақтың әдебиеті мен мәдениетін орыс жұртшылығына алғаш
танытушы.Бұл істе Шоқан жалғыз болған жоқ,Шоқанға дейін де кейбір орыс
ғалымдары да қазақ әдебиеті мен мәдениеті туралы пікірлер айтып,қазақ ауыз
әдебиетінің кейбір үлгілерін баспаға шығарушылар болды. Олардың ішінде,
Потанин, Березин, Радлов, Алекторов, тағы басқалардың еңбектері ерекше
ескерерлік.
Шоқан 1835 жылы қазіргі Құсмұрын бекінісінде туған.Шоқанның жастық
шағы-атамекені Сырымбеттің сұлу табиғатының қойнауында, биік
қарағайлы,қалың қайыңды, көлі мен көгі мол жерлерде өткен.Бұл жердің
табиғат байлығы, сұлу суреті Шоқанға ерекше әсерлі болған.Ол бұл жердің
табиғатын өскеннен кейін де қызыға әңгіме етіп жүрген.
Шоқанның шыққан ортасы - қазақтың ірі феодалдары, хан - сұлтан
тобы.
Әкесі – Шыңғыс – Омск әскери училищесін бітірген, орысша сауатты, офицерлік
чині бар (полковник) адам. Ал Шыңғыстың әкесі Уәли мен шешесі Айғаным да
хандық құрған адамдар. Арғы аталары тарихқа белгілі - Абылай хан.
Шоқан осындай белді семьядан шыққан жас. Бұл оған жасынан оқуға
мүмкіндік береді. Шоқан әуелі ауылында оқып,ескіше хат таниды. 10 жасқа
толғанда,әкесі оны Омскідегі кадет корпусына береді.Кадет корпусына ол орыс
тілін білмейтін,ауыл салтындағы бала ретінде келіп түседі де, 1 жыл ішінде
орыс тілін үйреніп алады. Шоқан талапты, зерек болып өседі.Ол көп
оқушылардың алды болып бірден көзге түседі. Шоқан талабын оқытушылары
ерекше ықыласпен ескереді. Олардың ішінде Ждан-Пушкин, Костылецкий,
Гонцевский, т.б. жас Шоқанға үлкен ақылшы болып оған керекті әдебиет тауып
беріп, бақылап жүреді.Костылецкий арқылы орыстың ұлы жазушылары: Пушкин,
Лермонтов, Гоголь, Крылов, т.б. шығармаларымен алғаш танысады.Бұл
жазушылардың шығармалары ынталы Шоқанға әсер етпей қоймайды. Тарих сабағын
жүргізетін оқытушысы да сергек, білімді адам екен, ол оқушыларына француз
революциясы сияқты тарихи ұлы оқиғаларды ерекше жігермен баяндап отырады.
География сабағынан беретін оқытушысы да көңілі сергек, әсерлі жас екен.
Шоқанмен бірге оқыған досы Потаниннің естеліктерінде бұл оқытушылар туралы
жылы пікірлер жиі ұшырайды. Потанин оқытушыларының көп білетін білгір,
ақылды адамдар болғанын,олар оқушыларын ұқыпты тәрбиелегенін, сабақтарын
өмірмен байланыстыра жүргізіп, өмір сүруді үйретіп отырғандарын ескеріп,
алғыстар айтып,ризалық білдіреді. Бұған қарағанда, кадет корпусы
оқушыларының Шоқанға әсері мықты болса керек.
Шоқан кадет корпусын өте жақсы үлгеріммен бітіріп шығады. Ең жетік
оқушылардың бірі болып бітірген Шоқан туралы Григорий Потанин өзінің
естелігінде: Шоқанның санасы тез өсіп, өз қатарластарынан өте озық болған
еді. Табиғи қабілеті және басқа да ерекшеліктері мол адам болатын,-дейді.
Шынында да Шоқан ерекше қабілетті оқушы болған. Кейбір балада
сирек кездесетін таланттылық, орамдылық, ұқыптылық қасиет Шоқанда да жас
кезінен байқалған. Шоқаннан көңілді сайқымазақтық, қалжыңшылдық, күлдіргі
әңгімелерге шеберлік, оқыс мінезділік сияқты қасиеттер ерте білінді. Ойда
жоқ жерден тауып, сөз қозғап, күлдіріп сөз айтуға, шешендігімен бірге ол
сурет салуға да шебер болып, кейде мазақ ретінде, әзіл-оспақ-шарж есепті
суреттер салып, көңіл аударар істер көрсетеді. Осындай қабілетіне сай
еңбеккер, өз бетімен ізденгіш, көп оқыған, естігенін ұмытпай айтып жүретін
ерекше қасиеті де танылады. Естіген ертегілерін, оқыған шығармаларын әңгіме
етіп айтып отырған. Осы мінездерімен ол жолдастары арасында қадірлі болып,
оқытушыларын да риза еткен. Оған оқытушылар мен замандастары болашақ ғалым,
зерттеуші деп қараған. Оның өмірді болжағыштығы, айналасын байқағыштығы
ерекше көзге түскен. Ол қала өмірін орыс, татар халықтарының шаһарлы
тұрмысын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, наным-сенімдерін қазақ халқымен
салыстыра қарап, қала мәдениетінің озық жатқанын түсінеді. Ен даланы
мекендеп, шексіз өлкеде дамылсыз көшкен қазақ халқының жайы есіне түскенде
оған аяушылық білдіреді, халқының тұрмысындағы қиыншылықты, мәдениетіндегі
кейін қалушылықты көре біледі, оған жаны ашиды. Ол Европалық мәдениетті
таныған сайын өз халқының тағдырын ойлап,соның қамын жеуге құштарлығы арта
береді. Өзіндей алғаш көрінген озық ойлы адамның халқы алдындақарыздар
екенін түсінеді. Осы себептен болса керек, оның қазақ даласы мен Орта
Азияны жете тану ниеті, ол туралы пікір айту талабы ерте оянады.
Шоқанды кадет корпусын бітіріп шығысымен 1853 жылы генерал-
губернатор өзіне жәрдемші етіп алады. Ол туралы және оның талапты адам
екені туралы қала чиновниктері мен интеллигенция арасында талай әңгімелер
тарайды. Ал генерал – губернаторға жәрдемші болып, ұлықтар кеңесіне
араласуы Шоқанды талай адаммен кездестіріп,әкімшілік ортаның ішкі сыр-
сипатын әбден тануға көмектесті. Әр түрлі жоғарыдан келіп жататын
бұйрықтар, құпия хаттар Шоқанның да қолына түседі, бұл отаршыл үкіметтің
жүргізіп отырған саясатын жан-жақты түсіну үшін Шоқанға пайдалы еді.
Бұратана халықтар деген патшаның ниетін, миссионерлік шараларын, т.б. жабық
саясаттарын Шоқан әбден түсінеді.Халқының тағдырын ойлауға бұл да жай
сөзсіз әсер етеді. Генерал-губернатор кеңесінде болу арқылы Шоқан орыстың
дворяндық ортасын,офицерлері мен чиновниктерін көп көріп олардың мақсаты
мен істеп отырған істерін байқайды.генерал-губернатормен бірге жүріп, талай
өлкені, қалаларды аралайды. Ресейдің ірі қалаларын көрді. Дүние кезіп,
көптеген білімді адамдармен кездеседі. Генерал-губернатор алдына ісі түсіп
келетін, не ұсталып айыпталып жүрген патша үкіметіне сенімсіз адамдар, не
олардың істері, не айыптау-соттау процестері сан мыңдап Шоқанның көз
алдынан өтіп жатты. Сезімтал, түйінді, көреген жас ол көріністерді ақылға
салып ойламай, оған өз тұжырымын жасамай, өте шықпады. Үкімет тарапынан
жүргізіліп жататын қатал, әділетсіз, теңсіз-правосыз озбыр істер Шоқанның
жас жүрегіне дақ салмай қоймайды. Ол үкімет саясатындағы бояма сырды, оның
көп көзіне түсірмейтін құпия істерін, жасырын саясаттарын тани алатын халге
жетеді. Бұны ол даладағы қазақ феодалдарының ашық жүргізілетін анағұрлым
ауыр озбырлықтарымен салыстыра қарастырады. Ер жетіп, ойын салмақтай келе
Шоқан бұл жайларды жақсы түсінеді. Енді бұл қалыпта қала беруге, жәрдемші-
адъютант болып, біреудің жетегінде жүре беруге болмайтынын сезеді. Халқы,
елі үшін еңбек етіп, езілген көпшілікке аз да болса өз жәрдемін көрсетуді
ойлайды. Бұл жолдың оңай жол емес екенін түсінген жас талап әлі де болса
іздене береді. Осы генерал маңында, қала жанында жүрген кезінде ол бір
минутын босқа өткізбей оқиды.Көптеген білімді адамдармен кездесіп, ақыл
алады. Осылайша, өз бетімен ізденіп, білімін молайтады.
Шоқан ендігі жерде кейбір қоғамдық істерге тікелей араласа бастайды. Өз
ойын білдіріп, ел мақсатын көздейді. Ресей болашағын жақсылық жағынан
танытуды арман етеді. Осындай игі мақсаттармен Шоқан қазақ қоғамын билеу
ісіне байланысты өкімет тарапынан жүргізіліп жатқан жаңа ереже жасау
істеріне араласады. Орта Азияны, Қырғыз өлкесін зерттеу жұмысымен
әуестеніп, 1856 жылы полковник Хоментовский экспедициясына қатысады.Қырғыз-
қазақ жерінің географиялық картасын жасайды. Оның этнографиясы мен жер
байлықтарын, салттарын, мәдениетін, әдебиетін зерттейді. Кейін осы
сапардағы жиған материалдары негізінде мақалалар, зерттеулер жазады, өзінің
зерттеуге қабілетті адам екенін танытады. Оқымысты жұртшылықтың назарын
аударады.Сондықтан, Шоқанға екінші бір жоспары ұсынылып, ол өте жауапты
және қауіпті жолға аттану қамын жасайды. Әуелі Құлжаға, одан кейін
Қашқарияға сапар шегуге тура келеді.Осылайша, Шоқан 1856 жылдан бастап, ұлы
саяхат сапарына шығады.Тек 1858 жылы бұл ұзақ та ауыр сапардан аман, кері
оралып, саяхат сапарын сәтті аяқтайды.Қашқар, Құлжа өлкелері туралы ғылымға
көп жаңалық қосады. Бұл сапардан кейін, Шоқан Европа еліне Қашқарияны
тұңғыш танытушы, Қашқарияны ашушы болып есептеледі. Ыстықкөлдің шығыс
жағасын зерттейді. Жергілікті халықтардың тұрмыс жайымен танысады. Осы
жылдары орыстың атақты саяхатшы ғалымы Семенов-Тяньшанскиймен танысады. Ол
Шоқанды ерекше бағалап, оның бойындағы орасан зор талант күшін таниды,
ғылымға қабілетті адам деп біледі. Географиялық ғылыми қоғамға мүше болуын
жақтайды. Шоқанға Петербургқа баруды ұсынады, оқы деп кеңес те береді.
Шоқанның Қашқар не Алтышар өлкесіне саяхаты айтарлықтай нәтижелерге
жетеді. Керекті көп мәліметтер әкеледі. Ол өлкенің тұрмысы, шаруашылығы,
өсімдігі, кәсібі, билеу, қанау жайы, мәдениеті, т.б. жақтарынан көп
мәлімет, деректі материал әкеледі. 1859 жылғы жаз, күз айларында Шоқан сол
әкелген материалын сұрыптап, ретке келтіреді де 1860 жылдың басында
Петербургқа аттанады. Сыртқы істер министрлігіне есеп беріп қайту мақсатын
көздеген бұл сапар Шоқан үшін тағы бір тиімді де жақсы сапар болып
есептелді. Алпысыншы жылдардағы астана жайы реформа қарсаңындағы саяси
істердің қайнап жатқан кезеңі болатын. Шаруалар қозғалысының дабылы астана
көшесіне тарап,оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш. Уәлихановтың өмірі мен ғылыми қызметі жөнінде
Ш. Уәлихановтың атқарған қызметтері
Шоқан Уалиханов – саяхатшы, ғалым
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы
Тәрбие әдістерін таңдау
Шоқан - публицист жазушы
Шоқан Уәлиханов Шығарма
Ш.Уалиханов өмірі мен еңбектері
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Уәлиханов шоқан шыңғысұлы
Пәндер