Тәжірибелік жұмыс жөнінде есеп беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар

Тәжірибелік жұмыс жөнінде есеп беру

Орындаған: Сарбасова А. А.

Тексерген: Бақтыбаева Г. Ж.

Мамандығы: ХҚ

Тобы: 309

Алматы 2009 ж.

Жоспар.

  1. Кіріспе.
  2. Тәжірибе жұмысы туралы жалпы сипаттама.
  3. Жұмыстың құрылымы мен әдістері.
  4. Өзіндік жұмысты атқару.
  5. Жұмысты қорытындылау .
  6. Қорытынды.

Кіріспе

Тәжірибелік жұмыстар университет айналасында болғандықтан, біздің Жоғарғы Оқу Орнымыз - Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық Университеті туралы айтсақ жөн болады. Қазақстан Республикасының жоғары экономикалық білім берудің негізі 1932 жылы Алматы қаласының Бүкілодақтық қаржы институтының « Қаржы және несие» мамандығы бойынша оқу консультативтік пунктінің ұйымдастырылуына байланысты қаланды.

Жоғары мамандырылған экономистерге деген қажеттік тез өсуіне байланысты 1949 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінде экономикалық факультет ашылды. Ол он төрт жыл ішінде он түлегін ұядан ұшырып, республика халық шаруашылығының әр түрлі салалары үшін үш мыңнан астам экономистер дайындады.

Қазақстан экономикасының динамикалық дамуы жоғары мамандырылған экономистердің көбеюін қажет етті. Бір мың тоғыз жүз алпыз үшінші жылдың тамыз айында университеттің экономика факультетінің негізінде Алматы халық шаруашылығ институты құрылды. Сонымен қатар политехникалық, ауылшаруашылық және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарында экономикалық факультеттер ашылды.

Алматы халық шаруашылығы институты Қазақстандағы жоғарғы экономикалық білімнің жол басталушысы болды. Бірінші курсқа студенттер қабылдау сол жылы үш жүз жетпіс бес адамнан жетпісінші және сексенінші жылдарда екі мыңға дейін күрт өсті. Оқу күнгізгі, сыртқы және кешкі формаларда жүргізілді. Қазақстанның кең байтақ жерінде өндірістен қол үзбей оқитын мамандарды дайындауға институттың шет өңірлерінде орналасқан филиалдары ( Ақтөбе, Шымкент, Ақмола) елеулі көмек көрсетті.

Институтта алғашқы жылдардан бастап кадрлардың ғылыми және педагогикалық дайындығы басталды. 1964 жылы аспирантура ашылып, жас оқытушылардың көпшілігі Мәскеу, Ленинград, Киев, Новосибирск, Свердловск, Ташкент қалаларының жоғары оқу орындары мен академиялық институттарының аспирантураларында оқып, ГФР, АҚШ, Франция және басқа елдердің университеттерінде даярлықтан өтті. Академия оқытушылары осы жылдары жиырма тоғыз докторлық, екі жүз елу бір кандидаттық диссертация қорғады.

1991 жылы Алматы халық шаруашылық институты Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті болып аты өзгерді.

Қазақстан Республикасының қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету және олардың аса қажеттігін ескере отырып, халықаралық талаптарға сай маман экономистерді дайындау қажет. Басқару академиясына әлемдік тәжірибеде қабылданған мамандықтар бойынша экономистерді, басқару кадрлары мен оқытушыларды дайындау, Қазақстан республикасы Жоғары Оқу Орындарында экономикалық мамандықтар кафедраларының қамтамасыз етілуін ескере отырып, оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламаларын жасау, сабақ әдістемсі мен жаңа

оқу, оқу әдістемелік ғылыми әдебиеттерді шығаруды басқару, экономикалық профильдегі оқытушылар білімін жетілдіру, мемлекеттік қызметтің әр түрлә салалары үшін жоғары басқару персоналдарын дайындау мен қайта дайындау жүктелген. Осыларды есепке алумен академия жанынан « экономика» баспасы құрылып, жұмыс істеуде.

Жалпы бұл есеп беруде тәжірибелік жұмыстың құрылымы, әдістері, студенттерге деген қажеттілігі, қосымша және өзіндік жұмыстар туралы жазылған.

Тәжірибе жұмысы туралы жалпы сипаттама

Жалпы тәжірибелік жұмыстар оқу барысының маңызды бір бөлігі болып табылады. Тәжірибелік жұмыстар арқылы біздің университет сапалы және шаруашылыққа қажетті мамандарды дайындайды. Біздің осы жұмысымыздың негізгі мақсаттары:

  • жоғары оқу орны туралы жеткілікті мәлімет алу
  • студенттерді университетте өтетін жоғары сапалы бағдарламалармен таныстыру
  • оқытылатын мамандықты толық игеру
  • келешектегі мамандықтың функциялары, түрлері, әдістерімен таныстыру.

Енді қайтадан Т. Рысқұлов атындағы университетіміздің жетістіктері туралы айтатын болсақ, 1996 жылдан ҚазМБА хабаршысы атты ғылыми журнал шыға бастады. Ғылыми зерттеу нәтижелері оқытушылардың жарияланған монографиялары, оқулықтары, оқу құралдары, ғылыми еңбектерінің жинақтары мен кітапшаларында көрініс тауып келеді, сонымен қатар, олар дәріс, практикалық және семинарлық сабақтар, дипломдық, курстық, студенттердің ғылыми жұмыстарын орындау және олардың өз беттерімен жұмыс істеу тапсырмаларын дайындау сияқты оқу жұмыстарының барлық түрлерінде кеңінен қолданылады. Кафедралар ҒЗЖ ң мемлекеттік бюджеттік бөліктеріне сәйкес келетін нарықтық экономикалық проблемаларының арнайы курстары бойынша бағдарламалар дайындаған. Жылына жарық көретін басылымдардың көлемі 550-580 болып табылады.

Өзіндік жұмысты атқару.

Тәжірибе барысында университетте жүргізілетін бағдарламаларға өте үлкен көңіл бөлу керек, қазір біз үшінші курс студенттеріміз, келесі жылғы түлектерміз, сондықтан университеттегі бакалавриаттан кейін оқытылатын магистратура бөліміне көп көңіл бөліп, қызығушылық білдіру керекпіз, ал біздің оқу орнымызда магистратура жан жақты дамыған.

Професорлық оқытушылар құрамымен қатар, ғылыми зерттеу жұмыстарын он бес докторант, жүз елу жеті аспирант және стажер зерттеушілер жүргізеді. Басқару академиясында маман экономистерді дайындаудың мынадай көп деңгейлі жүйесі қолданылады: бакалавр, магистр, ғылым, кандидаты, ғылым, докторы. 1994 жылдан магистратура ашылды., онда отыз тоғыз магистрант оқиды.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

Іскерлік Басқару магистрі бағдарламасы бойынша Магистратура (МВА)

ҚР Ұлттық Банкі және Университет арасында жасалған мемлекеттік органдар және қаржы саласының ұйымдары үшін мамандар дайындау жөніндегі «Бірлескен қызмет туралы» шартқа сәйкес, 2007-2008 оқу жылына Іскерлік Басқару магистрі бағдарламасы бойынша магистратураға келесі мамандықтар бойынша құжаттар қабылдайтынын жариялайды: «Қаржылық тәуекел-менеджер», «Қаржылық талдаушы», «Актуарий», «Сақтандыру бизнесі».

Магистратурада оқу мерзімі бастапқы жоғарғы оқу (бакалавриат) негізінде - 2 жыл.
Жоғары экономикалық, математикалық немесе техникалық білімі бар тұлғалар қабылданады.

ҚР Ұлттық Банкі белгілеген 2007-2008 оқу жылына магистратураға қабылдау жоспары - 60 адам, оның ішінде:

п/п

Дайындау бағыты
Барлығы
Оның ішінде
Тегін негізде
Шарттық негізде
№п/п: 1
Дайындау бағыты: Қаржылық тәуекел-менеджер
Барлығы: 20
Оның ішінде: 10
10
№п/п: 2
Дайындау бағыты: Қаржылық талдаушы
Барлығы: 20
Оның ішінде: 10
10
№п/п: 3
Дайындау бағыты: Актуарий
Барлығы: 10
Оның ішінде: 5
5
№п/п: 4
Дайындау бағыты: Сақтандыру бизнесі
Барлығы: 10
Оның ішінде: 5
5
№п/п: 5
Дайындау бағыты: Жиынтығы:
Барлығы: 60
Оның ішінде: 30
30

Магистратураға азаматтарды қабылдау, қабылдау емтихандары және әңгімелесу қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Оқыту кезеңінде басқа қаладан келген магистранттар уақытша тұрғын үймен (жатаханамен) қамтамасыз етіледі.

«Қаржылық тәуекел-менеджер», «Қаржылық талдаушы», «Сақтандыру бизнесі» мамандықтары бойынша қабылдау емтихандары төмендегідей пәндер бойынша өткізіледі:

  • макроэкономика
  • микроэкономика
  • жоғары математика (базалық деңгей)

«Актуарий» мамандығы бойынша қабылдау байқаулық негізде жүргізіледі, қабылдау емтихандары төмендегідей пәндер бойынша өткізіледі:

  • макроэкономика
  • микроэкономика
  • жоғары математика (алдыңғы деңгей)

МВА бағдарламасы бойынша магистратураның қабылдау комиссиясына келесі құжаттар ұсынылады:

  • ректордың атына өтініш:
  • қосымшасымен жоғарғы кәсіби білімі туралы дипломның түпнұсқасы;
  • 086-У нысан бойынша медициналық анықтама;
  • 3х4 көлемдегі 6 фото сурет;
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
  • қағаз тігетін картон папка

Қажет болған жағдайда көрсетілген құжаттарға еңбек кітапшасының көшірмесі, ЖОО-ның немесе үміткер жұмыс істейтін ұйымның ұсынысы қоса беріледі.

Құжаттар Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде 2007 жылғы 01 шілде - 10 тамыз аралығында қабылданады. Қабылдау емтихандары және әңгімелесу тамыздың 13 - 15 аралығында. Сабақтың басталуы - 2007 жылғы 1 қыркүйек.

МВА бағдарламасы бойынша магистратура жөніндегі қосымша ақпаратты Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55 үй, 410 кабинет мекен-жайы бойынша және (327) 2551179, 2995162 телефондары бойынша алуға болады.

Жалпы біздің университеттің аясында бірнеше ірі және маңызды факультеттер мен бағдарламалар бар. Олар: « Халықаралық экономикалық қатынас оқу ғылыми кешені», « Менеджмент», «Есеп және экономикалық кибернетика», «Қаржы және несие», «Нарық институты», « Халықаралық бизнес мектебі»

Енді, менің мамандығым бойынша айтатын болсақ, ең алғашқы айтылып кеткен оқу кешені туралы жазуға болады. « Халықаралық экономикалық қатынас», ендігі « Экономика» факультеті, қазіргі уақытта біздің кафедрамыз « Әдемдік экономика және халықаралық қатынас» деп аты өзгертілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Колледждердегі оқушылардың сабақтан тыс уақытының ұйымдасуын анықтау
Біліктілігі және лауазымы бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстарды қайталау
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі
Аудит түсінігі туралы
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру әдістемесі
Университеттің ғылыми кітапханасы
Отбасылық дәрігерлік амбулатория туралы ереже
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz