Eciмшe туралы жалпы түсінік


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе.

Eciмшe туралы жалпы түсінік.

II. Heгiзгi бөлім.

1-тарау. -ған, -ген, -қан, -кен, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек формалы есімшелердің жасалуы.

2-тарау. -ар, -ер, -р, -с, -атын, -етін, -йтын, -йтін формалы есімшелердің қолданылуы.

3-тарау. "Қызыл жебе" романындағы есімшелердің формаларына талдау.

III. Қорытынды.

Есімшенің көнеленген формаларының қолданылуы.

Мазмұны:

Диплом жұмысының көкейкестілігі: Диплом жұмысында грамматиканың басты объектісі туралы сипаттама беріліп, тілдің сала-сала жүйелерден құралатыны, олардың ұқтастығы, сол жүйелерге тән белгілі заңдылықтардың негізінде болатындығы туралы нақты мысалдар келтірілген. Грамматикалық ұғымдар мен грамматикалық категориялардың бір-бірімен диалектикалық бірлікте болатыны сөз бола отырьп, тілдегі әрбір сөздің лексикалық мағынасымен бірге грамматикалық мағынасы да болатыны дәйекті келтірілген. "Қызыл жебе" романындағы есімшелердің жасалуы, олардың қолданылуы айқын қарастырылған.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті: Жұмыстың негізгі мақсаты романдағы есімшелердің жасалуында есімдерге жақындығын ашып көрсету. Етістікке жақын белгілерін синтетикалық жолмен, есімдерге жақын белгілерін аналитикалық жолмен ашып көрсету. Сонымен қатар есімшенің романдағы -ған, -ген, -қан, -кен формасы мен -ар, -ер, -р, -атын, -етін, -итін формаларының қолдану аясын нақты дәлелдеп көрсету болып табылады.

Диплом жұмысының зерттеу әдістері: Романдағы есімшелердің қолдану жүйесіне жан-жақты талдау жасалған. Олардың негізгілері: сипаттама әдісі, компонентті талдау, кұрылымдық (структуралық) әдіс.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні: Диплом жұмысында қазақ тілі морфологиясындағы іргелі ұғымдармен байланысты кейбір міндеттерді талдауға ықпал еткен, ғылыми жүйемен дәлелденген есімшенің есімдер тобына жақындығын романнан нақты дәлелдермен көрсеткендігі. Келешекте осындай нақты талдау үлгілері лицей, колледж, гимназия және қазақ тілін тереңдетіп оқытатын оқулықтарға ендіріп, етістік құрамында қарастыруға дәлелді.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі: Диплом жұмысында қазіргі қазақ тілі морфология саласындағы бір тұтас жүйе қарастырылды. Сонымен қатар орыс тілі біліміндегі, түркітанудағы қағидалар басшылыққа алынды. Әсіресе А. Ысқақов, М. Оразов, Ш. Бектұров, М. Серғалиев, Б. Мырзаханова, Қалиев, С. Хасанова, Н. Оралбаева. Б. Қасымова және тағы басқа ғалымдардың монографиялар мен оқулықтарындағы тұжырымдары негізге алынды.

Диплом жұмысының жаңалығы: Осы күнгі морфологиядағы зерттеулерде есімше туралы нақты айтылып, арнайы қаралған. Бұл жұмыста романда, әңгімелерде кездесетін есімшенің көнеленген формасы туралы ауқымды сөз болған. Оның қолдану ерекшеліктеріне талдаулар жасалған.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен тұрады.

I. Кіріспе.

Есімше туралы жалпы түсінік.

II. Негізгі бөлім.

1-тарау. -ған, -ген, -қан, -кен, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек формалы есімшелердің жасалуы.

2-тарау. -ар, -ер, -р, -с, -атын, -етін, -йтін, -йтын формалы есімшелердің қолданылуы.

3-тарау. "Қызыл жебе" романындағы есімшелердің формаларына талдау. ІІІ. Қорытынды.

Есімшенің көнеленген формаларының қолданылуы.

Кіріспе.

Есімше туралы жалпы түсінік.

Сөздік қор мен грамматикалық құбылыс тілдің өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі саласы. Сондықтан олар үнемі бірлікте жұмсалады. Сонымен қатар, бұл екеуі - сөздік пен грамматикалық құрылыс өзді-өзіне тән ерекшеліктері мен кызметтері бар жеке-жеке сала. Сол себептен тілдің бұл екі саласын тиісінше тіл ғылымының лексикология және грамматика деп сараланатын екі тарауы тексереді. Бірақ тіл білімінің осы екі саласы да, сайып келгенде, тексеру объектісі етіп сөзді алады. Өйткені сөз дегеніміз тілге негізгі таяныш та, арқау да болып қызмет ететін аса күрделі тұлға. Оны, демек, сөзді күрделі категория деп атайтын себебіміз оның сыртқы дыбыстық жағы, ішкі мағыналық жағы, шығу және даму тарихы, жасалу және қолданылу ерекшелігі, түрлену және өзгерілу жүйесі бар. Осылардың барлығынан сөздің күрделі категория екендігі байқалады.

Сөздің лексикалық мағынасымен жарыса, қос-қабаттала өмір сүретін грамматикалық мағыналарын, оларды білдіретін формаларын грамматика ғылымы тексереді.

Ойдың әрі анық, әрі жатық болып айтылуы үшін сөздер тілдің құзырындағы әр түрлі грамматикалық амал-тәсілдер арқылы өзара қарым-қатынасқа түседі. Өйткені адам жеке сөздер арқылы айқын білдіруге болмайтын кейбір мағыналарды тек грамматикалық амалдар мен тәсілдер арқылы ғана түсіндіреді. Мысалы: Жаз үлгі жас бер үшін деген жай сөздердің тобы мен Жаздым үлгі жастарға бермек үшін (Абай) деген тіркесті салыстырсақ, бұдан грамматикалық тәсілдер де лексикалық тәсілдермен жарыса өмір сүретін, ойдың түсінікті болуына қызмет ететін аса керекті тілдік құбылыс екені айқын көрінеді.

Тілдегі грамматикалық амалдар мен тәсілдердің жиынтығы әдетте грамматикалық құрылыс деп аталады. Грамматикалық құрылыстың таянышы да, тиянағы да сөз бен сез тіркесі болмақ. Олай болатын себебі тілдің грамматикалық құрылысы қашан да болсын сөзге сүйенеді де, сол сөз арқылы жарыққа шығып отырады. Тілдің грамматикалық құрылысын грамматика ғылымы тексереді. Грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді. Морфология сөзді және сөздің формаларын зерттейді. Сөз үнемі жеке-дара қала. бермей, көбінесе өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, жұмсалады да, қызметі түрленіп, оған орай, форма жағынан да сан алуан өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ ол өзгерістердің бәрі де қалай болса солай жүйесіз туа салмайды, тілдегі қалыптасқан белгілі жүйе бойынша жасалады. Морфология сөздердің түрлену, өзгеру жүйесі мен қызметін анықтағанда, олардың іштей тиісті жүйе-салаларын айқындап алып, әр салаға лайық грамматикалық мағыналар мен грамматикалық формаларды талдап, тиісті грамматикалық категориялардың сыр-сипаттарын ашады. Осындай талдаудың нәтижесінде морфология сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйесін, бөлшектену, қолданылу ерекшеліктерін саралайды. [1]

Етістіктің функциялық формаларының бірі - есімше. Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды және болымсыз, салт-сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі. тәуелденеді. Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие болады да, әрі етістік, әрі сын есім орнына жүре береді. [2]

Есімшелер - етістіктерден аффикстер арқылы жасалатын категория. Есімше жұрнақтары тілдегі сөз өзгертуші аффикстер арқылы жасалатын категория. Бұлар фонетикалық жағынан да, лексикалық мағынасы жағынан да есімше жасалған түбірге бағынышты болады. Осы аффикстердің фонетикалық вариантының болуы оның түбірге фонетикалық жағынан бағыныштылығын дәлелдейлі.

Ол сынды белгілі бір шаққа балап көрсетеді. Демек, есімше заттың құбылмалы, көпшелі сынын бейнелейді. Мысалы: Үй маңы өрбіп келе жатқан бәйтеректер. (Мүсірепов) .

Күндердің күнінде сол екі елдің жарылмаған қауын, шайқалмаған уызы екі сұлу жасы болыпты. (Әуезов) .

Ал, сын есім заттың, нәрсенің шаққа, мезгілге байланыссыз тұрақты ерекшелігін, қасиетін көрсетеді: жақсы киім, жүйрік ат, қызық кітап, тағы басқалар. [3]

Сонымен, есім секілді түрленіп, сөйлемде есімнің де, етістіктің де қызметінде қолданылатын етістіктің түрі есімше деп аталады. Есімше етістік пен сын есім арасындағы аралық категория. Бірақ есімшеден етістікке тән негізгі ерекшеліктердін бәрі де табылады. Мысалы: Мәдениет дамыды, дала гүлденді, тілек орындалды. Отан гүлденді сияқты етістіктер: өркендеген халық, дамыған мәдениет, гүлденген дала, орындалған тілек, гүлденген Отан болып қолданылады. Мұнда өркендеген, дамыған, гүлденген, орындалған дегендердің негізгі етістік болғанымен, қызмет жағынан етістік емес, зат есімнің сапасы, атрибуты, белгісі болып тұр.

Сөйтіп, есімшенің басқа бір белгісі - мұның атрибуттығы, анығырақ айтқанда, есімше мағыналық жасалу жағынан етістік категориясы бола тұрып, зат есімге атрибут (анықтауыштық) сапа болатындығы. Есімше атрибут мағынасында сын есімге, кейде зат есімге де ұқсас. Бұл ұқсастық тек қызметі жағынан ғана емес, морфологиялық кұрылымы жағынан да көрінеді. [4]

Сонымен, есімше әрі есімдер, әрі етістік қызметінде жұмсалады. Сонымен бірге, есімшенің қызметі де әркелкі болып келеді. Мысалы: Ол ертең келер, саған жолығар дегендегі келер, жолығар сөздері өзінің етістік мағынасында жұмсалып тұрса, "Ақыл - тозбайтын тон, таусылмайтын кен" дегендегі тозбайтын, таусылмайтын сөздері сын есім мағынасында жұмсалып, зат есімге сындық қызмет көрсетіп тұр. Сондай-ақ, "Білмегенің білгендеріңнен үйрен" дегенде, білмегенің, білгендеріңнен сөздері заттық мағынада жұмсалып, көптік, септік жалғауларын қабылдап. түрленіп тұр. [5]

Есімше -ған, (-ген, -қан, -кен), -ар, (-ер, -р, -с), -атын, (-етін, -йтын, -йтін ), -ушы, (-уші), -мақ, (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формаларына, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жұрнақтары жалғанбайды. [6]

Бірақ оның бойынан етістікке тән негізгі ерекшеліктердің бәрі де табылды. Есімшенің болымсыз түрі етістіктерше түбірге -ма // -ме, -ба // -бе, -па // -пе аффикстерінің қосылуы арқылы жасалады. Сондықган да ол етістік құрамында қаралып, сол топқа жатқызылады. [7]

Есімшеге анықтама бергенде, оның ең басты, негізгі синтаксистік қызметін қоса қамту керек Өйткені қандай сөздің болмасын өмірі сөйлемге, сөздік қоршауға байланысты. Сондықтан, есімшеге мынадай анықтама беру керек сияқты: "іс-әрекеттік мәнін заттың сапалық белгісіне айналдыра отырып, бірде етістік, бірде есімдер қызметін атқаратын, есімдерше де, етістіктерше де түрленетін ерекше форма" [8]

Есімше сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметін атқарады. Олар:

1. Есімшелер есімдердің алдынан келіп, анықтауыш қызметін
атқарады. Мысалы: Оқыған кітап, келген кісі, ішетін сүт.

2. Есімшелер жіктік жалғауымен келсе, баяндауыш қызметінде
жұмсалады. Мысалы: Мен алғанмын, сен көргенсің, олар
көрер.

3. Есімшелер зат есім мағынасында жұмсалғанда бастауыш,
толықтауыш және пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы:
Сен білгеніңді үйрет. Көргеннен көрмеген көп.

Шындығында, екі сөз тобына тән белгілері бар бұл форманы қай сөз табына тән белгілері бар бұл форманы қай сөз табына жатқызуға болады ? Бұл мәселенің басын ашып, түсінікті болу жағын қарастыру үшін екі сөз табына тән тұстарын санамалап барып таразыға салу керек деп ойлаймын.

1. Есімшенің есімдерге жақындығы мен өзгешеліктері:

а) Есімше формалары сын есім сияқты заттың белгісін аңғартып, сөйлемде қандай ? деген сүраққа жауап береді, анықтауыш қызметін атқарады. Бұл жағынан есімшенің сын есімнен айырмашылығы байқалмайды. Бірақ сын есім мен есімшенің заттың белгісін білдіруі анықтап аңғарған кісіге бірдей емес. Мәселен,

көк шөп көгерген шөп

ақ шаш ағарған шаш

қызыл орамал қызарған орамал

деген мысалдардағы бірінші бағандағы көгерген, ағарған, қызарған есімшелерінің мағынасындағы айырмашылыққа назар аударайық. Сын есімдер заттың тұрақты (статистикалық) белгісін білдірсе, есімшелер қимыл-әрекет нәтижесінде пайда болған өзгерісті (динамикалық) аңғарып тұр.

ә) Есімшелер сын есім сияқты көптеліп, тәуелденіп, септеліп заттанады. Сөйлемде бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады. Жіктеліп баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, "Көрмес түйені де көрмес" дегенде бірінші көрмес атау септігінде тұрып бастауыш, екінші көрмес сөзі жіктеліп, 3-жақ нөлдік формада қолданылып баяндауыш қызметін атқарып тұр. "Айтарыңды айтып қал, Енді айналып келгенше" дегенде айтар есімшесі әрі тәуелденіп, әрі септеліп толықтауыш болып тұр.

б) Етістіктің болымсыз формасына есімше жұрнағы жалғанғанда да есімшенің болымсыз мағынасы аңғарылады. Бірақ есім сөздер сияқты есімшелер де жок, емес сөздері арқылы болымсыз форма жасайды. Мысалы, бармаған - барған жоқ, барған емес. Демек, есімшелер болымсыздық форманы етістіктерше синтетикалық жолмен де, есімдерше аналитикалық формамен де жасайды екен.

2. Есімшелердің етістікке жақын белгілері:

а) Есімшенің етістіктің бір түрі болып есептелуіне оның септік жалғауларындағы сөзді салт және сабақты етістік ретінде меңгеруі себеп болады. Мысалы: Кітапты алған, қаламды берер (бермес), хатты жазатын, жүкті тасушы, үйді көрмекші тағы басқалары дегенде табыс септіктегі сөздерді сабақты етістік ретінде меңгеріп тұр. Ал, балаға қараған, үйге жеткен, үйде отырған, даладан кірген, бізбен келген дегенде салт етістік ретінде барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерді меңгеріп тұр.

ә) Есімшелердің шақтық мағынаны беруде қызметі ерекше. -ған қосымшалы есімше жіктеліп, өткен шақ мағынасын берумен катар атрибуттық қызметте тұрып та сол өткен шақтық мағынаны сақтайды. Мысалы: Келген қонақ, қайтқан мал дегенде де атрибуттық мағына болып, өткен қимыл-қозғалысқа байланысты білдіріп тұр. Дегенмен атри6уттық мағынада тұрған есімшенің бұл түрінің өткен шақты білдіруі баяндауыш қызметіндегі өткен шақты білдіруіндей анық та тұрақты емес. Мәселен: Енді келген адам бұл үйге кірмейді дегенде келген есімшесінің мағынасы келетін, келер есімше формасының мағынасында қолданылып тұр -ар, (-ер, -р, -с) формалы; есімшелер әркез келер шақ мағынасын білдіреді.

б) Есімшенің етістікке тән басты белгісі қимыл-қозғалысқа байланысты мағынадан алыстамайды. Сондықтан да есімше етістіктерше болымды және болымсыз, салт және сабақты болып бөлінеді.

Аталған үш белгі есімшені етістіктің бір түрі, оның ішінде функционалды етістік формасы деп есептеуге мүмкіндік береді. [9]

Есімшелерді сын есімнен қашықтатып, етістіктерге жақындастыратын ерекшеліктердің ішіндегі соңғы екеуі ең маңыздылары, есімшелердің сапалық мағынасының онан әрі өркендеп, олардың есімдер жағына шығып кетуіне бірден бір кендергі болатын белгілер. Бұл ерекшеліктер туралы академик В. В. Виноградов былай дейді: “Глагольность причастия напрягается, когда приходит в движение присущая соответствующему глаголу система глагольного управления. В причастиях . . . с переходным значением наличие объекта действие совершенно парализует возможность развития качественных значений” [10]

Есімшелердің синтаксистік қызметінің кеңдігі, әр жақтылығы оның семантикалық табиғатына байланысгы. Есімшелер есімдер мен етістіктердің ерекшеліктерін өз бойына бірдей сіңірген, сондықтан есімдер мен етістіктердің синтаксистік қызметтерін бірдей атқарады.

Есімшенің синтаксистік қызметі, көбінесе оның сөйлемдегі орнына және тұлғалық жағынан түрленуіне байланысты. Олардың жіктік, септік жалғауда тұруы сөйлемдегі басқа сөздердің синтаксистік қызметтеріне байланысты. Мысалы: "Қар аппақ бүркіт қара, түлкі қызыл, ұқсайды қаса сұлу шомылғанға. " (Абай) . [11]

Есімге де, етістікке де телі бұл категорияға тән формалар (есімшелер) қолданылу ыңғайына қарай көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғауларында жұмсалып, сөйлемнің барлық мүшелері де бола алады. Мысалы: Біздің білетіндеріміз - осылар; Құлақ есіткенді көз көреді; Айтылар сөз айтылады; Біз ертең киноға бармақпыз, Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп деген сөйлемдерді алсақ, олардағы: біл-етін-дер-іміз бастауыш, есіт-кен-ді толықтауыш, айтыл-ар - анықгауыш, бар-мақ-пыз - баяндауыш болып тұр. Ал, ал-ар-ман-ға, бер-ер-мен-ге деген есімшелерге жұрнақ (-ман, -мен), одан кейін барыс септіктің қосымшасы жалғанып толықтауыш болып тұр. Бұдан есімшелерге (білетін, есіткен, айтылар, бармақ, аларман, берермен) көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары мен жұрнақ қосылуы нәтижесінде олардың қолданылу аясы кеңейіп, синтаксистік кызметтерінің өрісі ұлғаятыны және осы ерекшелік қазақ тіліндегі есімшелерге үйреншікті екені анық көрінеді. Оның бір жағында, есімшелердің бұл ерекшелігі олардың (есімшелердің) әуелгі төркіні қимыл атаулары болып, бұрын осындай қызметтерді атқаратын машықтары кейінгі кездер де бойларында сақталып қалғанын атай кеткен жөн. Бірақ есімшелер қимыл атауынан алған әдет-машықтарын бойларында сақталып қалғанын атай кеткен жөн. Бірақ есімшелер қимыл атауынан алған -әдет-машықтарын бойларында сақтаумен қатар, етістікке тән қасиеттерін де ұмытпаған. Яғни есімшелер, амал-әрекет атауы болуымен байланысты, әрі жиі, әрі ұзақ замандар бойы баяндауыш та болып жұмсалуы нәтижесінде бірте-бірте шақтық мағынаны білдіру қасиетіне де ие болған. Сөйтіп, бастапқы кимыл атауына тән формалар, осы айтылғандай, әрі есім қабілетін бойына сақтап, әрі етістіктің семантикасы мен шақты білдіру қасиетін иеленіп, қазіргідей өз алдына дербес есімше категориясы болып қалыптасқан.

Сонымен, көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларда түрленіп, сөйлемде барлық мүше бола алатын морфологиялық және синтаксистік сипаттары бар (бұл жағынан есімдерге ұқсас), амал-әрекеттің атауы болу, семантикасы мен шақтық ұғымды білдіру қабілеттері де бар (бұл жағынан етістіктерге ұқсас) телі формалар есімшелер категориясы деп аталады.

Есімшелерге үйреншікті сипат больш қалыптасқан субстантивтік (әрекетті істеушінің аты болу), атрибуттық (заттың әрекеттену белгісі болу), предикаттық (баяндауыш болу) қызметтер бұл формалардың жалпы грамматикалық (категориялық) та, жалқы грамматикалық (шақты білдіруі) та мағыналарынан туған. Бірақ есімшелер осы функцияларды амал-әрекет түрінде емес, қимылдың белгісі я сипаты түрінде көрсетеді. Өйткені, әдетте, субъектінің қимылын білдіретін етістіктер (алды, алады; берді, береді, тағы басқалар) есімшеге айналғанда (мысалы: алған, алар, алатын; берген, берер, беретін), сол субъектің қимылына емес, оның белгісіне көшеді.

Дегенмен, сөйлемде кандай қызмет атқарса да, есімшелер өздерінің негізгі сипатынан - шақтық мәнді білдіру қабілетінен айрылмайды. Осы сипатына орай, есімшелер категориясы есімдер тобына емес, етістіктер тобында қаралады. Ендеше, есімшелер етістікке жіктелу сипатына қарап жатқызылмайды (өйткені казақ тілінде баяндауыш болған сөздердің бәрі де жіктеледі), шақ сипаты болатындығына қарай жатқызылады және есімшелерді таптастырғанда, олардың осы сипаты негізге алынады.

Осы айтылған қасиетіне қарай, есімше формалары өткен шақ есімше, осы шақ есімше, келер шақ есімше болып үш салаға бөлінеді. [12]

Есімше жұрнақтарының қызметі - өзі жалғанған етістіктің аңғартатын мағынасын өзгертпей, заттың қимыл-әрекет арқылы білдіретін белгісін жасау. Мысалы, бар қимыл-әрекетті білдіретін етістік, ал б а р ғ а н (адам), б а р а р (жол), б а р а т ы н (кісі), б а р у ш ы (бала) - заттың қимыл нәтижесімен аңғартылған белгісі. Есімше жіктеледі, бірақ етісктерше емес, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Есімше формасының әрі сын есім, әрі етістік ретінде қолданылуына қарай күмәнді пікірдің пайда болу анық. Қорыта айтқанда, есімше етістіктің өзіндік ерекшеліктерге бай, ерекше бір түрі.

Негізгі бөлім.

1 тарау.

-ған, -ген, -қан, -кен, -бақ, -бек, -пақ, -пек, -мақ, -мек формалы есімшелердің жасалуы.

Есімшенің бұл түрі -ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағымен жүзеге асады. Бұл жұрнақ арқылы жасалған есімше формалары мейлі атрибуттық, мейлі предикаттық қолданыста болсын, өте жиі әрі кеңінен қолданылады.

Есімшенің өткен шақ түрі етістік негізіне -ған, -ген, -қан, -кен жұрнағы мен -атын, -етіп жүрнағы жалғану арқылы жасалады. -ған, (-ген, -қан, -кен) қосымшалы формалар қимыл-әрекеттің бұрын болып өткенін білдіргендіктен өткен шақ есімше деп аталады. Есімшенің бұл түрінің бұрынғы өткен шақ мағынасын тұрақты аңғартуы жіктеліп, предикаттық мағынада колданылуы на байланысты.

Мен барғанмын Біз барғанбыз

Сен барғансың Сендер барғансыңдар

Сіз барғансыз Сіздер барғансыздар

Ол барған Олар барған

-ған жұрнақты есімше жіктелгенде 1-жақ жекеше формада барғамын, барғам, көпше түрінде барғамыз болып, 2-жақта барғасың, барғасыңдар түрінде де ықшамдалып айтыла береді. [14]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МӘТIННIҢ КOМПOЗИЦИЯЛЫҚ - CТИЛИCТИКAЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН ҰЙЫМДACТЫРУДAҒЫ ГРAММAТИКAЛЫҚ БIРЛIКТEРДIҢ ҚЫЗМEТI
Еліктеу сөздердің мағыналық топтары
Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер
Табиғатқа аялы қарым - қатынастарын дамыту
Бухгалтериядағы және қоймалардағы материалдар мен құндылығы төмен тез тозатын заттардың есебі. Тауарлы-материалдық запастарды есепке алуға арналған шоттар корреспонденциясы және құндылығы төмен тез тозатын заттар. Ластағыш заттардың айналуларын химиялық реакция типтері
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Өзін-өзі тану пәні туралы ақпарат
ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Құқықтық нормаларды іске асыру және оларға түсінік беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz