Стратегиялық менеджмент пәнінің мақсаттары мен міндеттері


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Каспий қоғамдық университеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Стратегиялық менеджмент пәнінің мақсаттары мен міндеттері

Орындаған: ЭУП-03-02 тобының студенті

Сейсенова Ұ. Ж.

Тексерген: аға оқытушы Мурсалим М. О

Алматы 2007ж.

Стратегиялық менежмент пәнінің міндеті мен мақсаттары

Кәсіпорында басқару жоспары сол кәсіпорынның барлық негізгі функциялары мен бөлімшелерін, яғни жабдықтау, өндіріс, қаржы, маркетинг, кадрлар, ғылыми зерттеулер және өңдеулерді қамтиды. Әрқайсысына стратегияда белгілі бір міндет жүктелген. Стратегиялық шешім қабылдау дегеніміз - бизнес-шешімдерді, бәсекелестікке қарсы тұрарлықтай іс-әрекеттерді бір жүйеге келтіру болып табылады. Талқылану үстінде тұрған іс-әрекеттер мен бағыттар сол кәсіпорынның ағымдағы стратегиясының мүмкін өзгерістерін айқындайды. Жақсы ойластырылған стратегиялық көзқарас компанияны болашаққа, яғни дамудың алдын ала бағыттарын белгілеп, компанияның бизнестік позицияда белгілі бір орын алуға бағытталады.

Стратегияны жасау менеджменттің ең негізгі функциялардың бірі болып табылады. Жақсы менеджер бәсекелестікке қарсы және тиімді стратегиялық іс-әрекеттерді құру, ұзақ мерзімді стратегиялар жасау, яғни стратегияны алдына қойған нәтижелерге жетуге болатындай етіп жасап-жүргізу керек. Шындығында, сәтті стратегия және оны дұрыс жүзеге асыру - басқарудың сенім келтіретін белгісі болып табылады.

Кейбір менеджерлер жақсы стратегияларды жасайды да, бірақ оны шын өмірге жүзеге асыра алмайды. Ал басқалары қиындықтарға қарамай, оны кіршіксіз орындап шығады. Компанияның максималды потенциалға қол жеткізу үшін менеджер стратегияны жақсы жасау мен оны сәтті орындауын бір буынға біріктіру керек.

Сонымен жақсы стратегияның негізінің нәтижесі нарықта күшті позицияны жаулап алуға, күтпеген жағдайдарға, бәсекелестікке және ішкі қиыншылықтарға қарамастан өзінің жұмысын сәтті жүргізетін кәсіпорын құруына әсерін тигізеді.

Стратегиялық менеджменттің 5 міндеті

Фирманың стратегияны құру және жүзеге асыруды жасайтын менеджердің міндеттері:

  1. Коммерциялық қызметтің түрін анықтау, оны стратегиялық дамыту бағыттарын құру, яғни мақсаттарымен ұзық мерзімді дамыту перспективаларын белгілеу;
  2. Жалпы мақсаттарды белгілі бір жұмыс бағытына айналдыру:
  3. Қажетті көрсеткіштерге қол жеткізу үшін берілген жоспарды дұрыс жүзеге асыру;
  4. Таңдалып алынған стратегияны тиімді жүзеге асыру;
  5. Жасалған жұмысты бағалау, нарықтағы жағдайларды талдау, ұзақ мерзімді негізгі іс-әрекеттер бағытына, мақсатына, стратегиясына және алынған тәжірибелер бойынша оны жүзеге асыруға өзгертулер мен түзетулер енгізу.

Стратегияны жүзеге асырудың міндеті - стратегияны өз деңгейінде істеліп және оны жүргізудің белгіленген мерзімінде орындалуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, стратегия орнын анықтау, оның проффесионалдық деңгейде жүзеге асуы және қажетті нәтижелерге жетуін дұрыс бағалау өнері болып табылады.

Стратегияны жүзеге асыру жұмысы әкімшілік саланың міндетіне жатады, олар:

  • Стратегияны сәтті орындауға ұйымдастырылған мүмкіндіктер құру;
  • Қаражаттарды тиімді орналастыру мақсатында бюджетті басқару;
  • Стратегияны жүзеге асыруды қамтамасыз ететін фирма саясатын анықтау;
  • Тиімді жұмыс істеу үшін қызметкерлерге мотивация жүргізу, стратегияны жүзеге асыруда жақсы нәтижелерге жету үшін қажет болған жағдайда олардың міндеті мен жұмыс сипатын өзгерту;
  • Жұмысты жақсарту мақсатында алдыңғы тәжірибелерді қолдану;
  • Стратегияның жүзеге асуын және бақылануын қамтамасыз ететін ішкі басқаруды ұйымдастыру.

Басқарушылардың мақсаты - стратегияны тиімді жүзеге асыру мен жасалған жұмыстың арасындағы сәйкестікті бағалау жүйесін құрудан тұрады. Маңызды көрсеткіштер - стратегия, ұйымдастырушылық қабілеттер, марапаттау мөлшері, жұмысты өткізуді қамтамасыз ететін ішкі саясат, корпоративтік мәдениет (қызметкерлердің құндылықтары, өндірістік тәжірибе, ойлау қабілеттілігі, персоналды басқаруға корпоративті көзқарастары негізінде қалыптасады) .

Стратегияны жүзеге асыру міндеті стратегиялық басқарудың күрделі де көп еңбекті қажет ететін бөлігі болып табылады.

Стратегияны жүзеге асыру - ұйымдастыру және қаржылық салада іс-қимылдық белсенділікті жоғарлатуға, фирма саясатын өндіруде, персонал мотивациясымен корпоративті мәдениетін құруда, белгіленген нәтижеге қол жеткізуге басшылық жасауға әкелетін іс-әрекеттер кешені.

Ұзақ мерзімді стратегияны жасаған кезде оның даму бағыты өзгеруі мүмкін, компания қызметінің сипаты өзгертіліп, басқару түрі басқаша түрде жүргізілуі мүмкін. Өткен тәжірибеге және болашақтағы компания қызметінің мақсаты әбден өзгертілуі мүмкін.

Стратегияны сәтті жүзеге асырудың жолдарын іздестіру үздіксіз орындалуы қажет. Себебі, стратегияның кейбір аспектілері жүзеге аспай қалған жағдайда оларға өзгертулер енгізіледі.

Стратегиялық басқару процесінің сипаты

Біріншіден, компанияның өзінің дамуы, мақсаттарды анықтау, стратегияны қалыптастыру, стратегиялық менеджменттің мәнін сипаттайтын және қызметін бақылайтын стратегиялық жоспарды жүзеге асыру - аталғандар бір-бірімен оқшауланбай, керісінше өзара тығыз байланысқан болып табылады. Осы аталған міндеттер қалай орындалуға тиімді екендігін анықтап, жүзеге асырылу мәселелері талқылану керек. Компанияның миссиясы мақсаттарды анықтаумен тығыз байланысты.

Нақты мақсаттарды анықтауда менеджерлерге қызметінің ағымдағы көрсеткіштерін анықтау керек, яғни компанияның пайдалылығын арттыруға әсерін тигізетін стратегиялық шешімдер.

Екіншіден, стратегиялық менеджменттің аталған міндеттері тұтас жүргізіледі. Ол менеджердің күнделікті міндетімен, қызметімен қосарлана жүргізіледі, яғни күнсайынғы операцияларды бақылау, кризисті жағдайларды шешу, жиналыстарға бару, есеп беруді дайындау, қызметкерлер мәселелерін шешу және қосымша міндеттерді орындаумен қатар жүзеге асады.

Үшіншіден, стратегияны жасап, оны жүзеге асыру көп еңбекті және менеджерден түрлі шығындарды қажет етеді. Компанияның ішкі жағдайы көбінесе ойдағыдай жүзеге аспайды.

Стратегияны өзгертуге әкелетін жағдайлардың мәні тез әрі оңай анықталмауы мүмкін. Осыған байланысты менеджерлерге себептерін анықтауға, стратегиямен байланысты сұрақтарды қарастыруға және шешім қабылдау белгілі бір уақыт қажет етіледі. Стратегияны өзгертуге ой салатын жағдайлар пайда болуы тез, жай және тез жалғасуы мүмкін.

Төртіншіден, менеджерлер ағымдағы стратегияны құруды жақсартуға көбірек көңіл бөледі. Аса көңіл бөлушілік компанияда көптеген өзгерістерге әкелуі мүмкін. Мысалы, стратегияны мөлшерден тыс өзгерту қызметкерлерге кері әсерін тигізуі мүмкін. Яғни, қызметкерлердің қал-жағдайына да мән бере отырып, стратегияны орындауды жақсартуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Өндірістік менеджменттің мәні мен функциялары
Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
«Персоналды басқару» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Капиталды басқару
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Менеджмент
МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Пәннің студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы «менеджмент» пәні бойынша
Қызметшілерді басқару - маңызды менеджмент құршысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz