Эмигрант және эмиграция ұғымы


Жоспар
1. Кіріспе.
2. Оралмандар ұғымы.
3. Оралмандар құқықтары.
4. Миграция бойынша халықаралық ұйым.
5. Қазақ диаспорасы.
5. 1. Ресейдегі қазақтар.
5. 2. Алтай Республикасындағы қазақтар.
5. 3. Өзбекстандағы қазақтар.
5. 4. Қырғызстандағы қазақтар.
5. 5. Түркменстандағы қазақтар.
5. 6. Моңғолиядағы қазақтар.
5. 7. Қытайдағы қазақтар.
5. 8. Түркиядағы қазақтар.
5. 9. Еуропадағы қазақтар.
5. 10. АҚШ-тағы қазақтар.
6. Эмигрант және эмиграция ұғымы.
7. Қорытынды.
8. Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Репатрианттар дегеніміз - «Репатриация» (лат. repatrіatіo - отанға оралу) деген сөзінен шыққан, яғни түрлі себептермен бөгде мемлекет аумағында қалған адамдарды отанына қайтару. Әскери тұтқындар жайы туралы Женева конвенциясына (1949) сәйкес соғысушы мемлекеттер әскери қимыл кезінде шені мен санына қарамастан ауыр науқас не ауыр жаралы әскери тұтқындарды жол жүруге жарайтын жағдайға жеткізіп барып отанына қайтаруға міндетті. Әскери қимылдар тоқтаған соң соғысушы мемлекеттер Репатриацияға жатпайтындарынан ( қылмыс жасағандары, жазасын өтеп жатқандары ) өзгесін сөзсіз Репатриациялауға тиіс. Репатрианттар деген, жалпы айтқанда, оралмандар, эмигранттар, әскери тұтқынға түскен және жер аударылған тұлғалар.
Оралмандар ұғымы
Оралмандар деген - Қазақстандағы репатрианттар, яғни қысқартып айтқанда, қазақ-репатрианттар. Оралман ұғымының заңдағы анықтамасының екі-ұшты болуы олардың мәртебесін толық айқындауға қауқарсыздық танытты. Осыдан барып заң актілеріндегі оралман ұғымы мен баспасөздегі оралман ұғымының арасында айырмашылық, алшақтық пайда болды.
Қазақстан Республикасында «Көші-қон туралы» Заң, құқықтық норматив ережелері бекітілгенге дейін ресми құжаттарда да, баспасөз беттерінде де “оралман” деген ұғым, атау қалыптасқан жоқ. “Отандастар”, “шетелдегі қандастар”, “ағайындар” шетелдердегі қазақ диаспорасынан байырғы Отанына оралушылар сияқты тіркестер арқылы беріліп келді. Тіпті «репатрианттар» деген мағынасы жақын халықаралық термин де қолданылды. Бірақ бұл атау оралман сөзінің тура баламасы бола алмады, тек жақын синонимі ғана. Әрине, шетелден келген қандастарымызды жеке әлеуметтік топ ретінде қарап, түрлі шаралар белгілеу үшін оған қысқа да нұсқа атау беру қажеттілігі мемлекеттік іс қағаздар, құжаттар үшін де, нормативтік актілер үшін де, тіпті баспасөз үшін де қажеттіліктен туындағаны белгілі. Осы қажеттілік тұрғысында қалыптасқан “оралман” атауы 1992 жылғы “Халықтың көші-қон туралы” алғашқы Заң арқылы өмірге келді. Ресми түрде де, баспасөзде де, халық арасында да солай қалыптасты. Тіпті Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері де оралман сөзін ешбір аудармасыз түсініп, термин ретінде қабылдады. Бірақ оралман атауы шетелден келген қандастарымыздың өзіне ұнай бермейтіні жайлы көп айтылып жүр. Жалпы, оралман ұғымына берілген түсінік, анықтама бір ізге түспегендіктен, заңды анықтама мен халықтың санасындағы анықтама жер мен көктей алшақ. Оралмандар жөніндегі басты құжат 1997 жылдың 13-желтоқсанындағы бекітілген “Халықтың көші-қон туралы” Заңында “оралман” сөзіне “репатриант” терминін қосарлап қолданып: “репатриант (оралман) жалпы саяси қуғын-сүргін, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру, ізгілікке жат өзге де іс-әрекеттер салдарынан тарихи Отанынан тысқары жерге қуылған және азаматтығынан айырылған, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы адам, сондай-ақ оның ұрпақтары” деген анықтама берген болатын. Мәселе қайда жатыр. Бұл кезде жалпы қоғамда шетелдегі қазақ диаспорасы түгелдей жоғарыда аталған қуғын-сүргіндерге ұшырап, жат жұртқа кеткен қандастарымыздың ұрпағы деген түсінік болғаны да бүкпесіз шындық еді. Ол кезде келген оралмандар ата-бабаларының репрессияға ұшырағаны туралы анықтама қағаз тапсыратын болғаны - соның айғағы.
Алайда 2002 жылы “Халықтың көші-қон” туралы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, онда оралман атауы заңдағы “репатриант” терминімен қосарланбай дербес қолданылады, әрі жаңа түсінік, анықтама беріледі. Ол анықтама төмендегідей: “оралмандар” - Қазақстан Республикасы егемендігін алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар. Бірақ оралман сөзінің анықтамасы заң, қағаз жүзінде өзгерсе де, халық санасында өзгермей қалып қалды. Сөйтіп, баспасөз беттеріндегі мақалалар мен халықтың арасындағы қалыптасқан түсінік бойынша оралмандар дегеніміз - Қазақстандағы 1931 жылғы аштық пен 1937-38 жылғы қуғын-сүргін нәубеті кезінде шетелдерге бас сауғалаған (тіпті қара басының қамын ойлап, Отанын сатқан қашқындар, сатқындар) ретінде қалыптасқан.
Қазір жоғары білімді зиялыларымыздың көбі (тарихпен шұғылданатын, қызықтайтын топты қоспағанда) “Мен шетелден келген оралман едім» десеңіз, «Сонда сіздердің ата-бабаларыңыз 1931-37 жылдардағы аштықта, нәубетте қашып кеткен бе?» деп сұрайды. Тіпті филология ғылымдарының докторы Нұргелді Уәлиұлы деген зиялы азаматтың өзі “Оралман сөзін олқы көрмейік” (“Ана тілі”, 2009 жылдың 21-27 мамырдағы саны) атты мақаласында “Қазақ тілінде оралман деп Қазақ халқының тарихында жаппай қуғын-сүргінге (репрессияға) ұшыраған, этникалық жазалауда (геноцид) қашып, саяси сауға сұрап, жат елге жаппай қоныс аударған қандастарымыздың, олардың үрім-бұтақтарының тәуелсіздік таңы жаңа атқаннан кейін өз Отандарына қайта оралғандарын айтады” деген анықтама берген.
Оралмандардың намысына тиіп, оралман сөзінен ат тонын ала қашатыны да сондықтан. Жоғарыда айтқанымыздай, заңдағы анықтама мен қарапайым халықтың санасындағы анықтама екі басқа екені осыдан-ақ көрініп тұр. Мақала авторы қарапайым халық емес, филология ғылымының докторы екенін ескерсек, заңда берілген анықтама ешкімнің санасында жоқ екенін байқаймыз. Шын мәнінде, бүгінгі Қазақстанға көшіп келіп жатқандардың барлығы нәубет жылдарында шетел асып кеткендердің ұрпағы емес екені тарихтан хабардар әрбір қазаққа белгілі болуға тиіс.
Ғалым Г. Меңдiқұлова “Қазақ диаспорасының тарихи тағдыры. Пайда болуы мен дамуы” атты еңбегінде: “Осы жерде шетелдердегi қазақтардың бәрiн “диаспора” деп атүстi айта салудың өзi қай жағынан болсын (ғылыми, заң жүзiнде және т. б. ) дұрыс болмайтынын ескерген жөн. Себебi, “диаспора” деген сөз ұлттың өз Отанынан басқа елге шашырап кеткен топтарын бiлдiредi. Өз атамекенiнде қалып қойған Ресей, Өзбекстан мен Қытайдағы қазақтарды “ирридент” деп атау жөн болар” деген пiкiр ұсынады.
Сөйтсе жоғарыдағы елдерден келіп жатқан қандастарымыз оралманды қойып, шетелдегі қазақ диаспорасының өкілі де емес екен ғой деген ойға қаласыз. Бірақ Г. Меңдіқұлованың бұл пікірі де әлі заң жүзінде қолдау тапқан жоқ.
Оралман атауы баспасөз беттеріндегі бірер мақала арқылы ғана талқыланып, әңгіме өзегіне айналып жүрген мәселе емес. Бұл атау Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың да көңіліне ұнамаған. 2008 жылы қазақ тілді газеттердің бас редакторларымен кездесуінде бір ұлтты жергілікті және оралман деп екіге бөлудің қажеті жоқ деп өз көзқарасын білдірген болатын.
Оралмандар құқықтары
Қазақтарды тарихи отанына көшіру еліміздің көші-қон саясатының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Мемлекеттік деңгейде этникалық қазақтарды елге көшіру тетіктерін құруға арналған, соның ішінде оларды ұйымдасқан түрде көшіру және орналасқан жерлерінде өмір сүру жағдайларын жасау шаралары қабылдануда. 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы 706 мыңнан астам этникалық қазақтарды қабылдады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көші-қон процестерін реттеу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне жатады. 2007 жылы Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы қабылданды (Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 399 Жарлығы) .
Бағдарламаның құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 399 «Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы туралы», 2006 жылғы 28 тамыздағы №167 «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы) және 2003 жылғы № 1149 «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлықтары құрайды.
Қолданыстағы заңнамалық базаның шеңберінде мемлекет оралмандарға қажетті әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді. Қазіргі уақытта бірмезгілдік жәрдемақыны, тұрғын үй сатып алуға арналған қаражатты, жүрген жолы мен жүктерін тасымалдау шығындарын өтеуді есептегенде орташа есеппен 5 адамнан тұратын әрбір отбасына 833 мың теңге бөлінеді.
Елде 14 оралмандарды уақытша орналастыру орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) жұмыс істейді. 2008 жылдан бастап Қарағанды, Шымкент қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары жұмыс істей бастады. Ақтау қаласында үлгілік бейімдеу орталығының құрылысы басталды. Орталықтарда жүзеге асырылатын бейімдеу бағдарламалары құқықтық мәселелер бойынша консультация беруді, мемлекеттік тілге және қаласа орыс тіліне оқытуды, кәсіптік дайындауды, қайта дайындауды және біліктілігін көтеруді көздейді.
Барлық оралмандардың медициналық қызмет көрсетуге, білім беруге және әлеуметтік қамсыздандыруға қол жеткізу мүмкіндіктері қамтамасыз етілген; олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары қолданылатын мақсатты топтардың біріне жатқызылған. Жұмысқа қабілетті жастағы оралмандардың 66%-дан астамы өндірістің әртүрлі салаларында жұмыспен қамтылған, әрбір төртіншісі ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Оралмандарға көмек көрсету үшін облыстық әкімдіктер жанынан Оралмандар кеңестері құрылған, олар оралмандардың жаңа жағдайда өмір сүруінің мәселелерін зерделеумен және шешумен айналысады.
«Оралман» ақпараттық мәліметтер базасы құрылып, жетілдірілуде, ол алдағы уақытта жаңадан құрылатын әлеуметтік саланың бірыңғай ақпараттық мәліметтер базасына қосылатын болады, бұл этникалық көшіп келушілерге әлеуметтік қызмет көрсетуді толық тізбесін жедел көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде республикада этникалық көшіп келушілердің тұрғын үй мәселелерін шешу жөніндегі жобалар іске асырылуда. Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында Өзбекстан Республикасынан 2 мыңдай этникалық көшіп келушілер отбасын көшіріп алу жөніндегі жоба жүзеге асырылуда. Олардың жинақы тұруын ұйымдастыру үшін көшіп келушілердің өздерін құрылыс жұмысына тарту және жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану негізінде 2 мың коттедждің құрылысы жүріп жатыр. Алматы қаласында 185 үй салу жөніндегі «Байбесік» жобасы жүзеге асырылуда; Астана қаласының Сарыарқа ауданында «Нұрбесік» ықшам ауданын салу жобасы әзірленді. Этникалық көшіп келушілерді көшіруді ұйымдастыруда және жаңа қоғамдық жағдайларға кіріктіруде белгілі бір проблемалар бар.
Оралмандарды бөліп қоныстандыру бірқалыпты емес, екінші қайтара көшіп-қону орын алады. Қазіргі уақытта көшіп келгендердің 60 пайыздайы еңбек нарығы айтарлықтай шиеленісті өңірлерде - Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарында тұрады, бұл мемлекеттің еңбек ресурстарын бөлу саясатына барлық уақытта бірдей сәйкес келе бермейді.
Оралмандардың жұмыспен қамтылу деңгейі, олардың өз тұрғын үйлерімен қамтамасыз етілуі төмен. Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұрлы көш» бағдарламасы әзірленді (Үкіметтің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы №1126 қаулысы) . Бағдарламаның мақсаты ерікті негізде жүзеге асырылатын этникалық қазақтарды, Қазақстанға қайтып оралғысы келген еліміздің бұрынғы азаматтарын және ішкі көшіп-қонушыларды өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуы және қатысушылардың әлеуетін жүзеге асыру мүддесіне оңтайлы бөліп қоныстандыру және жұмыспен қамтылуы мен жайғасуына жәрдемдесу болып табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру этникалық, ішкі және сыртқы көші-қон процестерін реттеуге, оларды өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мүддесіне бағындыруға мүмкіндік береді; қандай да бір себептермен Қазақстаннан көшіп кеткен әртүрлі ұлт азаматтарының елге оралуын ынталандыратын болады. Өкінішке орай, практикада Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында кепілдік берілген оралмандардың құқықтарының бұзылу фактілері кездеседі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияға оралмандардың шағымдарын, сондай-ақ прокуратура органдары жүргізген тексеру материалдарын талдау көші-қон жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарын, сондай-ақ оралман мәртебесін анықтаудың және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына қосудың Нұсқаулықтарын жиі бұзатынын көрсетіп отыр. Сонымен бірге, кейбір оралмандар Адам құқықтары жөніндегі комиссияның назарын олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі зейнетақылық төлемдерді алу құқықтарының бұзылғанына аударды.
Тұрғын үй көмегін, зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындаумен байланысты мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 2-бабына сәйкес шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты өмір сүретін азаматтығы жоқ адамдар егер де заң мен халықаралық келісім-шарттарда өзгеше көзделмесе зейнетақымен қамтамасыз етілу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланатынын көрсетті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі №1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережелерінің (бұдан әрі - Ережелер) 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының тұратын жеріне қарамастан және Қазақстан Республикасында өмір сүретін шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары: 1) ҚР азаматының төлқұжаты, 2) жеке басының куәлігі; 3) шетелдіктің ҚР-да тұруына ықтияр хаты; 4) азаматтығы жоқ адамдардың куәлігі болуы көзделген.
Жеке басын куәландыратын басқа құжаттар Ережелерде көзделмеген. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған және Қазақстан Республикасында өзінің тұрақты өмір сүруін құжат арқылы (бір жерде тұруға ықтияр хат) ресімдемеген оралмандарға зейнетақылық төлемдер мен жәрдемақылар Орталықтан (оралман куәлігінің негізінде) тағайындалмайды.
Көші-қон туралы заңның 14-бабына сәйкес оралман деп танылған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Оралман куәлігі қатаң есепке алынған құжат және Заңда көзделген жеңілдіктер мен өтемақыларды алуға негіз болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы №136 қаулысымен бекітілген «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында жүріп-тұруын құқықтық реттеудің жеке мәселелерінің» 18 тармағының талаптарына орай Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын адамдар боп оған рұқсат алған, сондай-ақ ішкі істер органдары берген бір жерге тұруға ыхтияр хат алған шетел азаматтары танылады.
ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі №215, ҚР Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 14 сәуірдегі №08-1/93 және Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі №35-п бірлескен бұйрығымен «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына кіруі мен жүріп-тұруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шығу тәртіптері және ішкі істер органдарының шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз көшіп-қонуының алдын алу және жолын кесу жөніндегі жедел-қызмет жұмыстарын ұйымдастыру туралы» Нұсқаулық бекітілген.
Аталған Нұсқаулықтың 68 тармағына сәйкес көшіп келу квотасы бойынша республикаға келген шетел азаматтары Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруға рұқсат беру туралы өтініштерін тікелей ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне береді. Оралмандардың бір мезгілде оларды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы «Қазақстан Республикасының азаматтығымен байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданылатын өтініштері берілген кезде оларға тұрғылықты тұру құқығына құжаттар берілмеуі де мүмкін.
Осылайша, Ережелер мен Бұйрықта оралмандарға тиісті жеңілдіктер мен өтемақы (тұрғын үйлік және басқа да өтемақыларды сондай-ақ зейнетақыларды) алуға негіз болатын куәлік беруді көздейтін норманың болмауы оралмандардың құқықтарын айтарлықтай шектейді.
Сонымен бірге, оралманның жеке басын куәландыратын құжат - оралманның куәлігі деп көрсетіп жоғарыда аталған Ереженің 2 тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
Қазақтарды тарихи Отанына көшіру жөніндегі ынталандыратын іс-шаралардың бірі оларға жеке тұрғын үй салуға қайтарымсыз негізде жер телімдерін беру болып табылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 405, 502 және 506 баптарының талаптары жиі бұзылады, бұл баптарға сәйкес жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу және онымен мәміле жасаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алған кезде оралмандар мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады.
Алматы қаласында, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында оралмандардан заңсыз мемлекеттік баж салығын алған фактілер анықталған.
Көшіп келу квотасы бойынша тарихи Отанына көшіп келген оралмандарға бюджеттен ақша қаражатын бөлу мәселесін және олардың көшіп шыққан еліне қайта оралған жағдайда алған ақша қаражаттарын мемлекетке өз еркімен қайтаруын заңнамалық тұрғыда реттеу қажет.
ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мемлекеттің ұстанымын бөлісе және қазақтардың тарихи Отанына оралу тарихи процесіне жәрдемдесуге тырыса отырып, оралмандардың көші-қон қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған бірқатар идеяларға бастамашы болып отыр. Комиссия проблеманың сан қырлылығын және осыған байланысты әртүрлі көзқарастар мен ұстанымдарды келісіп алу қажеттігін ескеретін саралап жіктеу көзқарасын жақтайды, оралмандарға қатысты басымдықтарды анықтау және бірінші кезекте алыс шет елдерге өзінің еркінен тыс барғандардың оралуына басымдық беру қажет деп санайды. Ресейдің, Өзбекстанның аумағында жинақы тұратын қазақтарға келер болсақ, олардың көп бөлігі атам заманнан осы елдерде тұрып келеді, әйтсе де олардың арасына зұлмат жылдарында - қазақ халқы үшін нағыз геноцид болған төңкеріс пен ұжымдастыру кезеңдерінде келіп қосылғандар да бар. ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Хатшылығының Санкт-Петербург қаласында, Саратов облысында және Омбы қаласында жүргізген мониторингтерінің көрсеткеніндей осы өңірлерде тұратын этникалық қазақтардың көпшілігі Ресейде еңбек етіп, өмір сүргенді қалайды.
Оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша және онсыз тарихи Отанына оралу құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Үкіметке оларды мемлекеттік шекараны кесіп өткенде заттары мен мүліктеріне қарамай кедендік баж салығынан босататын нормативтік құқықтық акті әзірлеп, қабылдауды ұсынады. Сонымен бірге Көші-қон туралы Заңға тиісті толықтырулар енгізуді ұсынады.
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына түзетулер енгізу, оралмандардың да, басқа қазақстандықтардың да мүдделерін ескере отырып, осы салада салиқалы теңдес саясатты жүзеге асыру қажет. Шешім тек қоғам мен биліктің әлеуметтік әріптестік шеңберінде ғана табылуы мүмкін. Оралмандарға қамқорлық жасау басқа азаматтардың мүдделерін шектеп, олардың құқықтарын бұзбауға тиіс. Бұл жағдай мемлекеттің ғана емес, азаматтық қоғам құрылымдарының, ҮЕҰ-дың, кәсіподақтардың да жауапкершілігін көздейді. Оралмандар проблемалары - бұл елдің ортақ проблемасы. Оларды шешу үшін қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылы қажет. Мысалға, адамдарға азаматтық алу мәселелерін шешуге, жұмысқа тұруға, мамандық алуға көмектесуге арналған қазіргі заманғы интеграция орталықтарын құру оралмандардың бейімделу проблемаларын шешуге жәрдемдесуі мүмкін.
Миграция бойынша халықаралық ұйым
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz