Ш. Уалихановтың адам және қоғам туралы ой-пікірлері


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1. Ш. Уәлихановтың реформалар жайында айтқан пікірі мен өз ұсыныстары . . . 4

2. Ш. Уалихановтың адам және қоғам туралы ой-пікірлері . . . 5

3. Қазақ қоғамында билер институтының алар орны мен

ерекшелігі . . . 7

Қорытынды . . . 9

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 10

Кіріспе

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, “Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы”, “Сот реформасы жайлы жазбалар”, “баянауыл округі туралы”, “Өлкенің үкімет бамқару жүйесі мен саяси жағдайы”, “Сахарадағы мұсылмандық туралы” және т. б шығармаларында қазақ қоғамындағы көкейтесті әлеуметтік мәселелер зерттеледі.

Қазақтардың өмір сүрген патриархалды-феодалдық қоғамы барлық халықтардың басынан өткізген эволюциялық даму жолы екенін атап көрсетеді. Қазақ қоғамының эволюциялық дамуы өзге елдердегі сияқты елді өркендеудің биік сатысына көтереді деп түсіндірді. Оның әлеуметтік-экономикалық негіздері бар екенін дәлелдеді. Ол Ресей державасының “құрамына еніп отырған бұратана тайпалар ішінде халқының санының көптігінен, байлығы жөнінен біз бірінші орын аламыз. Меніңше, алдағы өркендеу де біздің - қазақтардың үлесіне тиеді”, - деген қорытындыға келеді.

Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары

Қазақ қоғамында орын алған жағымсыз құбылыстар тоқыраудың мотиві болғанын, қоғам дамуында жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқтатқанын сынай отырып, қазақ елінің өркендеу болашағын реформамен тығыз байланыстырды, реформаға қалай әзірлену және оны қалай жүргізу қажеттігі туралы аса құнды ой-пікірлер тұжырымдады. Оның пікірінше, реформаға ғылыми тұрғыдан келу қажет, нақты тарихи жағдайды есепке алу керек. Сонда ғана реформа сәтті орындалады, соның негізінде қоғамдық организмнің дамуы іске асады. Мұндай реформаны аяғына дейін жеткізуді маңызды процесс санайды.

Егер де, қоғам мұқтаждығы мен құралдары белгілі болса, қоғамның әл-ауқатын жақсарту мақсатында көздеген кез-келген реформа алға қойған мақсатына сол уақытта ғана жетеді.

Басқаша сөзбен айтқанда, реформаны жемісті жүргізу үшін өзгерістердің ішкі қайнар көздерін көре білу қажет болды. Сонымен қатар, Шоқан қоғамдағы өзгерістерді жасау қажеттілігі қоғамның даму деңгейінен және бұқара халықтың өмір салтынан туындауы тиіс деп түйді. Ал, бұның өзі дифференциялау принципі тұрғысынан қаралуы керек. Қазақ қоғамында жүргізілетін реформалар ішінде адамның тұрмысын жақсартуға ықпал ететін реформа ғана пайдалы. Бұл мақсатқа жетуге кедергі келтіретін реформа “зиянды”. Сондықтан ол бұл мақсатқа жете алмайтын кез-келген реформаторлықты жоққа шығарды. Қазақ еліне қоғамыдық өмірдің “экономикалық және әлеуметтік” жақтарын қамтитын реформа қажет деп санады. Шоқан Уәлихановтың тұжырымдауынша, қоғамға жасалатын бетбұрыстың халыққа ұнамдысы, пайдалысы экономикалық және әлеуметтік реформа, олар халықтың «маңызды мұқтаждықтарына тікелей қатысы бар реформа саналады. Ал, саяси реформалар қажетті экономикалық реформаларды іске асырудың құралы ретінде қолданылуы тиіс. Өйткені, жеке алынған әрбір адам және барлық адамзат ұжымдаса отырып өзінің дамуында бір ғана түпкі мақсатқа өзінің материалдық әл ауқатын оңалтуға ұмтылады және осының өзі прогресс болып саналады. »

2. Ш. Уалихановтың адам және қоғам туралы ой-пікірлері

Шоқанның пікірі бойынша, экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы қоғамдық прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал қоғамдық прогресс өз кезегінде халықтың материадық халін жақсартуға қызмет етуі тиіс. Саяси реформа белгіленген экономикалық мақсатқа жетудің құралы қызметңн атқарып, соған бағындырылады. Сол халықтың пайдасы үшін іске асырылатын қоғамдағы өзгерістер «материалдық қажеттілігіне» және «ұлттық мазмұнына» орайластырылған бірнеше талаптарды қанағаттандыруы керек. Оның аталмыш мұқтаждықтар мен сипатттар деп отырғаны қазақтың ауылдық рулық қауымдастығының жерді ұжымдасып пайдалануы, еңбекші жұрттың әлеуметтік қауымдастығы сияқты жақсы жақтары еді. Сонымен қатар, оның өзара көмек, тұрмыста бірбіріне қол ұшын беру және өзінөзі басқару белгілерін де назардан тыс қалдырмай, олардың маңызды жақтарын ашып көрестті. Шоқанның пікірі бойынша, бұлар оқыған еуропалықтардың еліктеуіне тұрарлық құбылыстар.

Ғұлама ғалымның бұл пікірінің бүгінгі таңда біздің елімізде жүріп жатқан реформа үшін маңызы зор. Бірақ, осы құнды пікірдің ескерілмеуі қоғамды келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтыруда. Қоғамның күйін және халықтың салтдәстүрі мен әдетғұрыптарын есепке алмай, өзге елдің тәжірибесін көзсіз енгізе салуды республика өз басынан кешірді. Бұның бәрі жүргізіліп жатқан реформаның барысына әсерін тигізбей қоймайды.

Шоқан реформаны халыққа таңуға да қарсы болды. Оның көзқарасы бойынша, «еріксіз күштеп іске асырылған реформа қазіргі таңға дейін адамзатты ауыр зардапқа соұтырып келеді». Ол қазақ елін басқарудың мұндай әдістерінен сақтандырды, себебі, олар халықты толқытуы мүмкін деп санады. Ойшылдардың пікірі бойынша, реформа қайсыбір қоғамға тән терең қажеттіліктерден туындауы қажет. Бұдан кері жағдайда қолданған шаралар іске аспайды, тіптен қоғамдағы өзгертулерге жағымсыз ықпал ететін процестерді тудыруы мүмкін.

Оның пікірінше, мұндай апаттарды «жөнсіз теорияларға сүйенген немесе басқа халықтардың өмірінен алынған» реформа қалыптастыруы мүмкін. Шоқан өлкеде жүргізілуге дайындалып жатқан сот реформасын осындай реформаның қатарына қосады. Үкімет шенеуніктерінің реформа жөнінде еңбекші халықтың пікірімен санаспай, «танымал қырғыздардың» пікірін білуге ұмтылғанын қателікке есептеді. « . . . танымал және бай адамдардың мүдделері, тіптен жоғары өркениетті қоғамдардың өзінде, көбіне көп бұқараның, көпшіліктің мүдделеріне қарсы болады».

Реформалардың сәтті жүзеге асуын Шоқан олардың дұрыстығымен байланыстырып қарады. Олар прогресс заңдарына негізделсе ғана дұрыс болады. Оның пікірі бойынша, дәл осындай жағдайда ғана қоғамдық организмнің дамуы дұрыс, орынды жүреді. Осыдан келіп халықтар: өзінөзі дамыту, өзін өзі қорғау, өзін өзі басқару және өзін өзі жазғыру сияқты прерогативтерді жүзеге асыруы тиіс.

Шоқан қазақ қоғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретінде қарасытара отырып, оның әлеуметтік таптық құрамының қоғам дамуына сәйкес үлкен өзгерістерге ұшырап отыратынын көрсетті. Оның тұжырымдамаларында қазақ қоғамының ақ сүйек және қара сүйек деп аталатын екі топқа бөлінуі феодалдық қоғам кезінде орын алғандығы тұжырымдалады. Қоғамның мұндай екі ірі әлеуметтік топқа бөлінуінің себебін ол адамның шыққан тегінен, мал мүлкінен, билік ету деңгейінен көреді. Ақ сүйектер түрлі жеңілдіктерге ие болған индивидтердің жабық сословиесі еді. Бұған төрелер, яғни хан тұқымынан шыққандар енді. Шоқан қожаларды ақсүйектер қатарына жатқызбаған. Бірақ халық оларды білімі үшін құрметтейтін еді, деген ой айтады. Қара сүйектер қазақтың билері, батырлары, тархандары, ақсақалдарынан тұрды. Қоғамдық өмірдің әлеуметтік ирерхиясының ең төменгі сатысының негізгі бөлігін шаруалар құраса, қалған бөлігін төрелердің әртүрлі тапсырмасын орындаған төлеңгіттері толтырды. Шоқан осы жікті құлға балайды. Қмірде олардың статусы құлдардан жоғары еді. Қазақстанның Ресейге бодан болуы, хандық институттың жойылуы, басқарудың жаңа жүйесінің енгізілуі және т. б себептер қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымына жаңа өзгерістер енгізді. өоғамды қара сүйек пен ақ сүйеккке бөлу бірте бірте бәсеңдеп тоқтады. Ендігі жерде қазақтың әлеуметтік таптық құрылымының бай және кедейге бөлінгенін, кедейлердің «сахара пролетариаты» болғанын, олардың ауыр жағдайын ашып жазды. Бұл екі топтың әлеуметтік мүдделерінің мүлде үйлеспейтінін. Соның салдарынан олардың арасында жиі шиеленістік жағдайлардың болу мүмкіндігін ашады. Орыс казактарының қазақ жеріне қоныстандырылуы қоғамның әлеуметтік құрылымына өзгеше сипат беріп, ұлтаралық қарым қатынастарды қалыптастырады.

3. Қазақ қоғамында билер институтының алар орны мен

ерекшелігі

Шоқан өз еңбектерінде таптар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мотивін зерттеп, соның негізінде адамдардың қоғамда иеленетін статусының анықталатынын және топтар арасындағы әлеуметтік шиеленістердің пайда болуының негізгі себептерін көрсете білді.

Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің өршуін қазақтардың өз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайының күрт құлдырауынан, керісінше, орыс казактарының қазақтардан тартып алынған құнарлы жерлеге орналасуынан, олардың тұрмыстық жағдайларының тез көтерілуінен деп есептейді. «Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы» деген мақаласында Шоқан: «Қазақтар ұлан байтақ жер кеңістігін иеленгенімен, қазіргі уақытта тек оның шамалы ғана бөлігін пайдаланып отырса да жерге әрдайым зәру», деп құнарлы жерлерден айырыла бастағанын жазады. Жерді ұлтаралық қарым қатынастағы негізгі мәселе етіп қояды.

Шоқан орыс казактарының станицасына қазақтардың байырғы ата қонысы Баянауылдың өту салдары мал жайып, мал қыстататын жерлерінен айырылуына, малдарының қырғынға ұшырауына, қазақтардың материалдық жағдайының нашарлауына соқтырғанын жазды. Өздері астық өндірумен шұғылданбаған казактар станциа жерін жергілікті халыққа жалға таратып, одан түскен өнімнен салық жинап отырған. Бұл жағдайлар қазақтар мен орыстар қазақтарының арасын шиеленістіре бастады. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолын іздеген Шоқан Батыс Сібір әкімшілігіне хат жазып, бұл мәселе бойынша пікірін білдіреді. Онда Баянауыл станциасының жерлерін қайта бөлуді ұсынып, ең алдымен қыстақтық мекендер мен орманды алқаптар қазақтарға, олардан артылса ғана қазақтарға жер таратып беруге болады деп есептейді. Шоқан өркендеудің қай сатысында тұрғанына қарамастан кез келген халықтың өзін өзі дамытуын, өзін- өзі қорғауын, өзін- өзі басқаруын, өзін -өзі жазғыруын қоғамдық даму заңдылықтары ретінде қарастырып, олардың қазақ қоғамындағы әрекет ету көріністеріне тоқталады. Ресей әлемдік сот тәжірбиесін қабылдап, оны шеткі аймақтарға, соның ішінде қазақтарға таратпақшы болды. Шоқан патша үкіметінің осы әрекетіне қарсы шығып, оның негіздігін есіне алды. Оның пікірінше, «рулық тұрмыс пен рулық қатынастар үстем отырған шақта, халықтың бұрынғы өмірінен туындап, оның даму жолдарынан және елінің ерекшеліктерінің ықпалынан қалыптасқан қазіргі әрекет етуші билер соты қазақтардың дамуын барынша қанағаттандырады». Билер институты- қазақ қоғамындағы ерекше құбылыс. Оларды ешкім сайламайтын және тағайындамайтын. Ш. Уалиханов талантымен көпіліктің көзіне түсіп, сыннан сүрінбегені ғана осы құрметті би атағына ие болатынын айтып келіп, патша өкіметінің қазақтың билер институтын жоюға ұстаған бағытының жөнсіз екенін сынайды. Билер институы жылдар бойы жетілдірілді. Сның негізіне қара қылды қақ жарып әділ де өткір шешім айтатын әйгілі билер шықты. Шоқан мұндай билердің би атағы балаларына мұрагершілікпен беріліп, әке жолын қуушылар болғанын жазады. Орта жүздің қаракесек руынан шыққан әйгілі Қазыбек бидің құрметті би атағын Бекболат, Тіленші, Алшынбай сынды үш ұрпағы жалғастырған. Әрине, бұған қарап би болу бірыңғай тұқым қуалайтын мұрагерлік құбылыс екен деген ой тумауы керек. Өзінің талантымен халық арасынан талай белгілі билер шықты. Орта жүздегі қалың қаржас ішінен шыққан Шорман. Есет Көтібарұлы халықты аузына қаратқан би атанған. Жоғарыда аталған объективтік себептер билер сотының қазақ қоғамында одан әрі өз функцияларын атқаруға тиістігін тұжырымдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
Ш. Уәлиханов- қазақ қоғамының саяси- әлеуметтік өзгерістеріне, саяси ойдың дамуына ықпал еткен ғалым
Шоқанның саясат тұрғасандағы ой – пікірлері
Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы
Ы. Алтынсариннің ағартушылық еңбегі
Шоқан Уәлиханов этнограф - тарихшы
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Шоқанның жеке және қызметтік хаттары
Шоқан Уалихановтың еңбектерінің зерттелуін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz