Мұхаметжан Cералин (1871— і929)


МҮХАМЕТЖАН СЕРАЛИН
МҮХАМЕТЖАН СЕРАЛИН
(1871- І929)
ӨМІРІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚЬЗМЕТІ
Қазақ халқының белгілі коғам қайраткері, ақып, журналисг Мүхамет ІІІ Сералин 187І жылы бұрынгы Қостанай уезі Шұбар болосында бесінші ауылында (кәзір Қостанай облысы Қарабалық ауданы, Өрнек колхозы) туған. Мухаметжанның әкесі атасы Түрсынбай; әке-шешесінен жастан жетім қалады, кедейшілікпен күні өтеді, өзінің әкесі сияқты, Сералы да пысық, шешен өлеңші болған, кейде ол ауыл қыдырып, өлең айтып, түрлі ақындармен айтысады
Сералының өлеңдері ауыздан ауызға, елден елге тарайды. Оның осындай ел аузында сақталған екі өлеңі 1915 жылы «Айқап» журналында жарияланды. Ол өлеңдерінде өзінің жастай жетім қалғаның, кедей болғанын, өлең құмарлығын баяндайды:
Күдайым Сәби шақта жетім етті,
Жетімдік, жарлылықпен қатты дертті.
Ата-анамды жақсы көрген арқасында
Көрген жан баршасы да құрмет етті.
Мен келдім сол құрметпен отыз жасқа,
Әй кәпір, атанбадым қарындасқа.
Алдағы келетұғын өмірімде
Әртүрлі істер түсті біздің басқа . . .
Жақсылар қоршап келгенде,
Бөге жектеп, таймадым,
Сералы сөйле дегенде,
Сауықтық айтып, сайрадым - дейді.
Сералы қайтыс болғанда Мұхаметжан үш-төрт жаста екен. Мұхаметжанның шешесі ері өлгеннен кейін үш баласымен Троицк қаласыңа келіп, өзінің сондағы туысқандарының қолында тұрады. Мүнда бір байдың жүн жуатын кәсіп орнына кіріп жүмыс істейді. Жүмыстан колы бос кезінде ол ауқатты адамдардың кірлерін жуады, үйлерін ақтайды. Осылай, көп жылдар бойы балаларын асырап, күнелтеді.
Мұхаметжан 8 жасында медресеге оқуға түседі. Медреседе оқып журіп, шыны сауыттарды жамауды үйренеді. Сын-ган, жарылған кесе, табақ, шайнек сыяқты ыдыстарды жөн-деп ақшпа тауып, шешесіне көмектеседі.
Мүхаметжан медреседе алты-жеті жыл оқып, мүсылманша орта допежелі білім алады. Сонан кейін, 1887 жылы, 16 жасында ол Қостанай уезінің Бес төбе болысындағы Арыстан деген бай жездесінің қолына келеді. Онда Мұхаметжан жазда Арысганның үй шаруашылығындағы жүмыстарын істейді, кыйга көмекпен саның балаларымен бірге Қостанайға барып, орысша оқып жүреді. Осылай ол 1891 жылы Қостанайдағы екі кластық орыс-қазақ мектебін өте жақсы бітіріп шығады.
Сол 1891 жылы Арыстан өзінің бір баласы мен Мүхамет-жанды Орынборға алып барып, екеуін де сондағы окытушы-лар әзірлейтін училищеге оқуға түсірмек болады. Мұхаметжан емтиханды жақсы өткізіп, оқуға алынатын болғанымен Арыстанның баласы емтиханнан өте алмай, училищеге түсе алмайды. Өз баласы алынбаған соң Арыстан Мұхаметжанды да оқуға түсірмейді, еліне алып қайтады.
1891-1900 жылдар арасында Мұхаметжан біраз уақыт Арыстанның үйінде тұрады, соның түрлі жұмыстарын атқа-рып жүреді; біраз уақыт дуылнайдың хатшысы болып істейді, сонан кейін Арал теңізі жағына барып, мүғалім болады.
1900 жылы Мүхаметжан Сералин Троицк қаласына келш^ сондағы миллионер татар Яушевқа қызметке түрады. Әуелі бір-екі жыл оның жүн-тері сатып алатын дүкенінде сұрыл-таушы болып істейді, кейін, бірнеше жыл оның магазиндерінің бірінде сатушы болады. Ақырында, байға беделі артып,
1909-1910 жылдары оныд сенімді адамды болады. Ол ел ара-
лап, Яушевтің әркімге қарызға, несиеге берген тауарларыныд
ақшасын жинайды. Бул, соңғы жұмысы оның ой өрісінің кедеюіне зор әсер етеді. Өйткені ол, осының арқасында, халыкпен араласады, елдің тұрмысымен танысады: дала-жайы мсп қала жайым, дала халы қала халықтарының халін салыстырады. Дала халқьның саясат, шаруашылық, мәдениет жөнінен мүлде артта калғаыдығын амқын көреді. Троицкіге барып, Яушевке қызметке тұрға-ннан бастап, ол орысша, татарша газет, журналдар алып, жұмыть- қолы бо сағанда кітапханаға барып, түрлі кітаптар оқып, білімін, мә-дениетін көтереді, әдеби-творчестволық және саясіг-әлеумет-тік қызметке әзірленеді: орыстыд классикалык әдебиетер оқиды, қазақтыд тарихын, әдебиетті зерттейді.
Мұхаметжан Сералин большевиктік социал-демократтардын Қотанай, Троидкідегі үйымының И. Ф. Голованов, С. С. Ужгин сыяқты жетекшілерімен танысады, солардың саяси жолына іштартады, жумыстарынл кәмектеседі. Әсіресе 1905-1907 жылдардағы революция кезінде, онан кейін де большевиктсрдің үндеулерін, листовкаларын қазақ тіліне аударысады, қазақ арасына таратысады. Большевиктердід қупия тобы қазақтың оқығал арынан Мүхамстжан Сералин мен Спапдияр Кэбеевті өздерле тілек-тестер ретінде қабылдайды. Қазақ арасында көбіне: солар аркылы жұмыс жүргізе отырілп, казақ кедейлеріиі І саяси жагдайды түсіпулеріне көмектеседі. М. Сералин оқыІы, көр-гені көп, шешеи сөйлейтін, міиезі байсалды -адам еді дегенді айтады С. Уженнің.
1906 жылы Мемлекеттік бірінші думага депутаттар сайлауы жүреді. Торғай облысына окі орып боріледі. Оның бірі қазақтар арасынан, екіншісі орыстар арасынан сайлануға тиісті болады. Сонда большевиктер қазақ арасынан Мухаметжан Сералин сайланыс деп ұсыныс жасайды.
Бірақ большевиктердің бұл ұсынысы өтпейді. Казақтыд би-болыстары, бай-феодалдары және бірқатар окығандары Мұхаметжан Сералинге қарсы болады: ол діннен безген, қазақты орыс болуға үгіттеп жүрген адам деген сияқты өтірік жалалар жабады.
Яушевтің сенімді адамы болып істеп жүріп, елдің саяси, шаруашылық, мәдени тұрмысымен танысуы арқасында Мұхаметжан Сералин казақ тілінде журнал шығару қажет екен деген ойға келеді. Өзінің елдегі, каладағы көңілі жақын адамдарымен сөйлесіп, сол журналды шығаруға әрекет жасайды: қаржы жинайды, өкіметтен рұхсат сұрайды, баспахана ашуды қарастырады.
Мүхаметжанның қазақ тілінде журнал шығару жәніндегі ізгі ойы 191 1 жьлы орындалды: сол жылы январь айынан бастап Трощк қаласында «Айқап» журналы шыға бастайды. Оның шығарушысы да, редакторы да Мұхаметжан Сералиннің өзі болады.
М. Сералин «Айқап» журналының редакторы бола тұрып, Троицкідегі қазақ оқушылары арасында тәрбие жүмыстарып да жүргізеді. Бүл кезде Троицкіде «Уазифа» медресесі, ер және қыз балалар гимназиялары бар еді. Оларда казақтан бір-сыпыра жастар оқитын. Мұхаметжан оқта-текте сол окушы жастардың басын қосып, оларға қазақ халқының тарихы, сол кездегі хәлі мен болашағы туралы баяндамалар жасап, лекциялар окып жүреді.
«Айқап» журналы 1915 жылы, сентябрь айында жабылды. Журнал жабылған соң Мұхаметжан біраз уақыт сол Троицкіде орыс тілінде шығып тұратын «Степь» газетінің редакциясында қызмет істейді. 1916 жылы өз аулына көшіп келіп, 1919 жылдың басына дейін сонда тұрады.
Мұхаметжан Сералин «Айқап» журналында халықты оты-рықшы болуға, егін шаруашылығымен айналысуға көп наси-хаттайды. Еліне келгенсоң ол өзінің осы насихатын жүзеге асыруға әрекет істейді: өз ауылын және кейбір кәршілес ауылдарды жинастырып, Ақсор деген өңірден жер кестіріп алып, белгілі жоспар бойынша поселка салдырады, оған Сералы поселкасы деп ат қойғызады.
Поселканың көшелеріне ол ағаштар отырғыздырады, орта-сынан мектеп, медресе, монша, диірмен салғызады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz