Этнос, ұлт және олардың белгілері


Жоспар:
I Кіріспе
а) Этнос, ұлт және олардың белгілері. Қазақстанның әлеументтік-этностық ерекшелігі.
II Негізгі бөлім
а) Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығының бұзылуы.
б) Ұлт саясатының жаңа кезеңі.
III Қорытынды
а) Қазақстан халықтарының Ассамблеясы.
Кіріспе
Этносоциология - этнография мен социология-ның түйісінуінен пайда болған жаңа ғылыми бағыт. ХХ-ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысында Шығыс елдерінде этносоциология ілімнің дербес саласына айналды. Этносоциология термині екі сөз-ден тұрады: этнос (грекше қоғам, топ, тайпа, халық) және социология (латынша қоғам жайлы ілім) . Этносоциология - әртүрді этностардың (тайпа, халық, ұлт) пайда болуын, мазмұнын және қызметін зерттей-тін социологияның саласы.
Этнос белгілі бір сыртқы түркелбеттің ортақ белгілері, сандай-ақ біршама қалыпты мәдениет және тіл белгілері, мінезқұлық, қоғам және басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқсайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы. Этностың сипатын, қатынаcын көрсететін және басқа этностардан ажырататын белгілері: тіл, халықтық өнер, әдет-ғұрп, дәстүр, қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәдениет компонеттері. Бұлар өзіндік ерекшеліктері бар этностық мәдениетті құра-ды. Этносттың белгісі - мәдени құндылық.
Сонымен этностың негізгі белгілеріне тіл, өнер, әдет-ғұрып, мәдениет, т. б. бірлігі жатады. Олар жиынтығында белгігі этникалық мәдениетті құрады. Әдетте этнос территориялық және экономикалық бір-лік негізінде құралады. Қазіргі ұлттар - дамыған капитализмнің жемісі. Ал тайпа, халықтық этностр қазіргі ұлттар қалыптасқанға дейін пайда болған.
Қазіргі заманғы ең негізгі этностық топ - ұлттық топтасу. Ұлт дегеніміз территория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігінен көрінетін психикалық кейіп бірлігі және экономикалық өмір бірлігі негізінде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдас-тығы. Халықтық этнос құлиеленуші және феодалдық қоғамдарға тән қауымдастық еді. Оның негізгі бел-гілері территория, тіл және психикалық кейіп бірлігі болды, бірақ корольдік, князьдік, хандық-сұлтандық сияқты толып жатқан ұсақ феодалдық қауымдастық-тардың арасында тұрақты экономикалық қарымқа-тынас, бірлік болмады, сондықтан бытыраңқы шаруа-шылық негізінде ұлттық қауымдастық қалыптаса алмады. Тек капитализмнің тууы мен дамуы ғана ұлттың пайда болуына жағдай жасады. Ұлт - капита-листік дамудың жемісі. Ұлт феодалдық ыдыраудың және капитализмнің қалыптасуы дәуірінде әртүрлі халықтардың бірігуі нәтижесінде пайда болды. Бұл жаңа қатынас терең еңбек бөлісін, кең ауқымды және мықты экономикалық байланысты, т. б. талап етеді. Ұлттың қалыптасуында мемлекет маңызды рөль атқарады.
Негізгі бөлім
Қазақстан Еуразияның екі аймағының - Орта Азия мен Сібірдің арасында орналасқан ірі мемлекет-тің бірі. Түркі әлеміндегі қазақ халқының қалып-тасуына негіз болған этногенетикалық туыстықтың тамыры көне дәуірден басталады. Қазақ халқын құраған Қазақстан мен Орта Азия шегінде біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген сақ, үйсін, қаңлы, түркі, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат т. б. көптеген ру-тайпалар еді. Қазақ халқының тамыры тереңде жат-қан тарихи дамуының нәтижесінде XV - XVII ғасыр-ларда оның қазіргі ұлттық аймағы қалыптасты. Қандай қиыншылықтар болса да, қазақтар өз тілін, туып өскен жерін сақтап қалды, этностық компонент-терді дамыта түсті.
XVIII ғасырдың басынан бастап (үш жүз жылға жуық уақыттан бері қарай), қазақ халқының тарихы Ресей империясымен байланысты болды. Уақыт талабына қарай, қилы кезеңдерде бұл қарым-қатынастар әртүрлі бағаланды.
Октябрь революциясының жеңісінен кейінгі кезеңдегі ұлт мәселесі КСРО-ның құрылуымен тіке-лей байланысты болды. Қазақстан алғашында авто-номиялық, ал 1936 жылдан бастап одақтас Республи-ка болып жарияланды. КСРО-ның, Қазақстанның, басқа да республикалардың Конституциялары қабыл-данды. Алдымен Орынбор, одан Қызылорда, 1929 жылдан бастап астана Алматыға көшірілді, қазіргі орталық бұрынғы Ақмола кәзіргі Астана қаласы. Қазақстанда 1913 жылы 5597 мың адам, оның 541 мыңы қалада, 5056 мыңы селода тұрды.
Бүгінгі Қазақстан 14 облыстан, 166 ауданнан, 84 қаладан, 197 поселкадан, 2130 ауылдық (селолық) округтерден тұрады. 1989жы-лы өткен халық санағы бойынша, Қазақстанда 16464, 4 мың тұрғын, соның ішінде қазақтар - 6534616 (39, 7 %), орыстар - 6227, 6 (37, 8%)
украиндықтар - 896, 2 (5, 1%), татарлар - 328, 0 (2, 0%), басқа ұлттар - 150559 мың (4, 4%) адам болған еді. 1998 жылдың басында бұл көрсеткіштер төмендегіше өзгерді: жалпы тұрғындар саны 15641, 9 мың адамға, оның ішінде қазақтар - 8129, 7 мың (51, 82%), орыстар - 4905, 0 мың (31, 4%), украиндықтар - 648, 3 мың, татарлар - 268, 2 мың, немістер - 247, 2 мың (4, 4%), басқа ұлттар - 1406, 9 мың (9%) адам болды.
Қазақ халқы 1989 жылы өткен халық санағымен салыстырғанда 1997 жылы 1595084 адамға өсті. Мұның өзі табиғи өсіммен қатар елімізден тысқары жүрген қандастардың көшіп келуі нәтижесі екендігін де айтып өту керек. Елімізде қазір қазақтар халықтың жалпы санының 51, 8% құрап отыр.
Кеңес Одағы кезінде ұлт мәселесі шешілді, енді ұлттардың гүлденуі мен өзара жақындасу тенден-циясы басталды деп уағыздалып келеді. Алайда халықтардың теңдігі мен еркіндігі заң жүзінде жарияланғанымен, шын мәнісінде Ресей империя-сының билігінде қалды.
Әртүрлі кезеңдерде, әсіресе коллективтендіру, индустрияландыру, екінші дүниежүзілік соғыс, тың жерлерді игеру жылдарында Қазақстанға басқа ұлт-тардың өкілдері күштеп әкелінді. Мысалы, 1937 жылы Қиыр Шығыстан 96 мың кәрістер отбасы көшіріліп әкелінді. 1940-1941 жылдары батыс шекара-дан 105 мың поляктар осында жер аударылды. Соғыс басталысымен Еділ бойында ғасырдан астам уақыттан бері қоныс теуіп отырған 1 миллионнан аса немістер шығысқа көшірілді. Олардың 400 мыңы Қазақстанға келді. 1943 жылы 2 мыңнан астам адам қалмақ, 30 мың қарашай, 1944 жылы 18 мыңнан астам қырым татарлары мен балкарлар көшіріп әкелінді. Осы жылы 310 мың шешен, 79 мың ингуш кемпір-шалдарымен, шиеттей балаларымен қақаған қыс кезінде жүк таситын вагондарға тиеліп (олардың мыңдағаны жолда үсіп өлді), Қазақстанға жер аударылды.
Оларға қоса гректер, курттар, грузин-месхит-тер, түріктер мың-мыңдап айдап әкелінді. Тіпті 1948-1956 жылдары бұрынғы «басмашылар» мен «власов-шылар» да Қазақстанға жіберілді. Сонымен басаяғы бес-он жылда осылай болды. Республикамыздың зорлық-пен көшіріліп әкелінген халық саны 974 мыңға жетті. Оның үстіне соғыс кезінде жау қолында қалған жерлерден 1, 5 мың адам жан сақтауға көшіп келді. Сөйтіп, соғыс кезінде басқа жақтардан 2, 5мың
халық қазақ жеріне келіп қоныстанды. Осының бәріне ақкөңіл, қонақжай қазақ халқы көнді, шыдады. Басқа халықтардың бәрімен түсінісіп, тіл тауып, араласыр кетті.
Басқа жақтардан адамдардың ағылып келуі соғыс біткен соң да толастамады. Өнеркәсіп ошақтарын саламыз деген желеумен мыңдаған жұмысшы-құрылысшылар келіп жатты. Сырт халықтың қазақ жеріне ең көп қаптап келгені - елуінші-алпысыншы жылдарда тың жерлерді игеру кезі болды. 1953-1965 жылдары Қазақстанға 2 млн. адам сырттан келіп қоныс тепті, жұмыс тапты. Олардың көбі негізінен орыстар мен украиндықтар еді.
Қазақстанда ұлт саясатының қалай «шешілген-дігін» дәлелдей-тін фактыларға тоқтала кетейік. Нәти-жесінде, 1916-1945 жылдар ішінде қазақтардың саны 3 миллион 150 мыңға кеміді. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс, ақпан және қазан төңкерісі, азамат соғысы жылдарында шаруашылықтың күйзеліске, ашаршы-лыққа душар болуынан 950 мың қазақ немесе елде тұратындардың 18-19 пайызы басқа елдерге қоныс аударды. Жасанды ұйымдастырылған аштық-тың нәтижесінде голощекиндік зұлматтан Қазақстанда 2 миллион 300 мың қазақ өлді. Аштықтан және зұлматтан аман қалу үшін 900 мың қазақ (18 пайыз) шет аймаққа - шекаралас Ресейге, Орта Азияға, сондай-ақ Қытай, Монғолия, Ауғаныстаннанға және Иранға қаша
көшті. Өлгендердін және шет жерге көшкендерін қоса есептесек, қазіргі Қазақстан Республикасындағы жер-гілікті халық өзінің 70 пайызына жуығынан айрылған.
Бірінен соң бірі қайталанған үш демографиялық апаттың кезіндегі адам шығыны, нәтижесінде Қазақ-станнан біржолата көшіп кеткендерін қоса санағанда, 4-5 млн. адам болды - Республикамыздың кең даласының көп жері қаңырап бос қалды.
Сталиннің тұсындағы жаппай жазалаулар жыл-дарындағы оспадарлықтар халықтың тоналуына, ашығуына, олардың бас бостандығынан айрылуына әкеліп соқты.
30-жылдарда елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады деп жарияланды. Фабрикалар мен зауыттар, колхоздар мен совхоздар, жер мемлекеттік меншікке айналды. Елде 1936 жылы КСРО-да сталиндік Конституциясы жарияланғаннан кейін бюрократиялық орталықтандыру принципі орнықты. Республикалар іс жүзінде толық егемендік алған жоқ. Республикалардың өзінше заң шығару инициативасы болмады, бұған одақтық халық комисариаттары орталығының өктемдігі себепші болды. Сталинизм тотаритарлық казармалық сипат алды.
Сталиннің социализм жолымен ілгеріленген сайын тап күресі шиеленіске түседі деген «теориясы» жазалау органдары қызметінің кеңейіп, мемлекеттік өкімет органы ретінде Кеңестер қызметінің шектелуіне негіз болды. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа басыла берді. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылды.
Орталық ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын қолдану (жер аудару, еңбекпен түзеу лагерлеріне қамау КСРО-дан тыс жерлерге қуу) үшін ерекше кеңес құрылды.
Жазалау тасқыны Қазақстанды да жайлап кетті. Соның салдарынан ең алдымен азамат соғысының аяғына қарай Кеңес өкіметі тұрғанамасына көшіп, кейінгі жылдарда оған шамасы кел-генше қызмет ете бастаған қазақ шығармашылық зиялылары зар-дап шекті. Ж. Аймауытов, Э. Ермеков, Ж. Досмұханбетов, Ә. Бөкей-ханов жазаға ұшырады.
1937-1938 жылдарда террор жаппай сипат алды. Бұл жылдар-да Кеңес үкіметін орнату мен нығайтуға қатысқандардың көбі: А. Асылбеков, Ә. Әйтиев, С. Арыншиев, С. Мендешев, Б. Алманов, Н. Төреқұлов, Т. Рысқұлов, Ж. Сәдуақасов, Н. Сырғабеков, С. Шәріпов М. Жәнібеков халық жаулары деп жарияланды. Қазақстан партия ұйымының көрнекті қайраткерлері: О. Исаев, О. Жандосов, А. Досов, Т. Жүргенов, Ұ. Құлымбетов, С. Сегізбаев, М. Тәттімбетов, және басқа да көптеген адамдар сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты.
Қазақ әдебиетінің негізін салушылар - С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Жұмабаев, М. Дулатов жазаға ұшырап, өлтірілді. Атақты ғалым-дар А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Д. Апандияров, М. Төлепов және басқалар жазалау шараларының құрбаны болды.
Баламалы ой-пікірін айтқандар бұдан былайғы жылдарда да тоқтамады. Ол саясаттың құрбаны болған азаматтың бірі тарихшы ғалым Б. Бекмаханов еді. Ол 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылып, Гулагтың алыстағы лагерінің біріне айдалды. 50 жылдардың басында осындай әділетсіз саяси айыптаулардың құрбаны болғандар қатарына республиканың белгілі қоғамтанушы ғалымдары А. Жұбанов, Қ. Жұмағалиев, Б. Сүлейменов, Е. Ысмай-лов, С. Кеңесбаев т. б. қосылды.
Қазақстан табиғи байлығы мол ірі индустриялы ел бола тұра, оның экономикасы біржақты дамытыл-ды: Кеңес Одағының шикізат базасына айналды, өндірілген өнімнің 93 пайызын орталық билеп-төстеді. Орталық алуды білді, тасып әкетуді білді, бірақ жергілікті халықтың мұң-мұқтажын ескермеді. Республикалық бақылау органдарын есепке алмаған-да, жергілікті жердегі басқарушы кадрлар да орталықтан жіберіліп отырды.
Ұлт саясатындағы өзекті проблема - тіл мәселесі. Шындығына келгенде Республикада орыстандыру саясаты жүргізілді. Орыс тіліндегі бала-бақшалар, мектептер көбейе түсті. Орыс тілін нашар білетін жоғары білімді азаматтар басқару қызметіне жоғарылатылмады, себебі орыс тілі мемлекеттік тіл болды. Рас, қазақ тілі Республикалық мемлекеттік тіл деп Констетуцияда жарияланғанымен, бірақ төмен-нен жоғарыға дейінгі ұйымдарда іс қағаздары орыс тілінде жүргізілді. Жоғары оқу орындарында негі-зінен орыс бөлімдері ашылды, тіпті қайсыбір қазақ бөлімдерінде көптеген пәндер орыс тілінде өткізілді. Қазақ мектебін бітірген жастар қабылдау емтиханы кезінде орыс тілінде шығарма немесе мазмұндама жазатын болды. Соның кесірінен олардың бірсы-пырасы оқуға түсе алмады. Ғылыми еңбектер негізінен орыс тілінде дайындалды, диссертациялар да осы тілде қорғалды.
1980 жылдан бастап орыс мектептерінде әрбір сыныптағы оқушылар орыс тілін екі топқа бөлініп оқыды, ал қазақ тілін қазақ мектебінде олай оқымады. Қазақша машинкалар біренсаран болды. Кез келген жиналыс орыс тілінде өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен басқа пәндер бойынша қазақ тілінде оқулықтар шығаруға тиым салынды - тек Москвадан шыққан оқулықтарды аударып пайдалану қажеттігі атап көрсетілді.
Осылардың нәтижесінде қазақ тілінің мәртебесі өте төмен түсіп кетті. Қазақтар өзара орыс тілінде сөулеуді қолайлы деп ұқты. Халықтын 40 пайыздайы ана тілінен айрылып қалды.
Біз жоғарыда негізгі этностық белгілер ретінде тіл, халықтық өнер, әдет-ғұрып, дәстүр, дағды т. б. атап көрсеттік. Осылар арқылы бір халық екін-шілерінен ажыратылады. Олар ұрпақтан ұрпаққа бе-ріліп отырады, ұлттың негізгі белгілері баии түседі. Бұл құндылық-тардың көпшілігі бұзылды, орыстан-дырылды. Ұлттық өнерді, киімдерді, үй жиһаздардын музейден болдық. Ұлттық камзол, көйлек киген, орамал тартқан тамаша қазақтың қызкеліншектерін ескінің қалдығын насихаттаушылар деп түсіндік. Қазақтың ұлттық ойындары да ұмтыла бастады, олар арақшарап ішіп, аяғы төбелеске айналатын жиындар-мен алмастырылды. Қыз ұзату, келін түсіру дәстүр-лері мазмұнын өзгерте бастады. Қазақтың қараша үйлері, аттұрмандарына көшпелі халықтың дәстүрі деген баға беріле бастады. Үлкенге құрмет, екі қолын беріп амандасу, жол беру т. б. әдептер өзінің ұлттық мазмұнын жоя бастады. Дінге деген көзқарас өзгерді, түгелдей атеистерге айналдық.
Дегенмен, ұлтаралық қарым-қатынастын қайсы-бір жағымды жақтарын да атап айтқан жөн. Кеңес өкіметі тұсында Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналды. Республикада 130 ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрды, қазірде солай. Ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамай, қазақтар мен басқа да ұлт өкілдері Қазақстан халқын құрап отыр. Ол дүние жүзілік қоғамдастықтың ажырамас бір бөлігі бола отырып, қазақ мемлекетінің бұлжымастығының негізіне айналды.
Қандай қайшылықтар мен қиыншылықтар болма-сын, Қазақстанды мекендеген халықтар өзара достық-та өмір сүрді. Бір-бірімен қарым-қатынастары тығыз болды, өзара достық қалыптасты. Қазақ халқы республикаға келген басқа халықтарға кең пейілдік білдіріп, көмек көрсетті. Қазіргі азаматтық татулық-тың негізі қаланды.
Ұлт саясатының жақсы нәтижесін берген бір саласы - халық-қа білім беру саласы. Халықтың білімділігі жағынан біз бірқатар дамыған елдерден кем емеспіз. Сауатсыздық деген атымен жойыл-ды. Жаппай жалпыға бірдей орта білім беруге көшкенбіз. Әрбір үш жарым адамның бірінің жоғары және орта арнаулы білімі болды. Жоғары потенциалды ғылым-ның берік негізі қаланды.
Қазақстан шикізат шығарушы аймаққа айналғаны да шындық. Бірақ табиғи байлықты игеру, ірі зауыт-тар, фабрикалар, шахталар салудан, олардың техника-лық базасын нығайтып, әлемдік дәрежеге көтеруден де артта қала қоймадық. Ауыл шаруашылығы сала-сындағы жетістіктер ауыз толтырып айтуға, мақта-ныш тұтуға боларлықтай еді.
Халыққа қызмет ету салаларының да жетістігі аз болған жоқ. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің саны, олардың тәжірибеге қосқан үлесі жөнінен де, ол саланың материалдық базасын нығайтуда да үлкен жетістіктің негізі қаланды. Олардың қазіргі қиыншы-лықтарға төтеп беруінің негізі міне осында жатыр.
Ұлт саясатының нәтижесінде творчестволық интеллигенция қалыптасты. Жүздеген, мыңдаған ғалымдар, жазушылар, ақындар, дәрігерлер, инженер-лер - біздің мақтанышымыз.
Қол жеткен табысты атамау, оған дұрыс баға бермеу, сонымен қатар орын алған кемшіліктерді де сынамау, дұрыс болмас еді. Оқушы қауым, бұларға баға беруде сіздерге дербестік берілген, өз көзқарас-тарыңызды қалыптастыруға тырысыңдар.
Қазақстандағы экономикалық және саяси рефор-маларды жүзеге асырушы басты тұлға - адам. Біз құрып жатқан жаңа қоғамның ең жоғарғы құндылығы да - адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін соның қолымен жасалып жатыр. Адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілділігі заң жүзінде қамтама-сыз етілген. Ұлтара лық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі идеяларын негіздеу күрделі мәселенің бірі болып отыр.
Күйреген Кеңес Одағының Конституциясында да, социализм тұсында да, адам ең жоғары құндылықтың санатына жатқызылған.
Бірақ олардың бәрі іске аспады, қағазда ғана жазыл-ды, олар туралы жоғарыда айтылды.
Сондықтан Қазақстан егеменді ел болып жария-ланумен бірге өз Конституциясын, негізгі Заңын қабылдады. Онда Қазақстан мемлекетінің саяси бағыт бағдары, мемлекеттік органдардың жүйесі, олардың құрылымы мен қызмет ету тәртібі, адамдардың негізгі құқықтары мен міндеттері тұжырымдалды. Ол сонымен бірге қазіргі заманғы аса маңызды саяси құжат болып табылды. Оның шынайы жасампаздары - қазақ халқы және Қазақстанды мекендеген өзге ұлт өкілдері. Егемен, тәуелсіз Қазақстан дегеніміз - қазақ халқының дербестігі, еркіндігі, бостандығы, өзінің тағдырын шешуге толық билігі барлығы.
Біз жоғарыда ұлт мәселесін қарағанда бұрынғы Совет өкіметі кезінде оны шиеліністірген жағдайларға тоқталғанбыз. Бұларды бір күнде шешіп тастау мүм-кін емес. Бүгінгі таңда күн тәртібінде Қазақстан эко-номикасын дағдарыстан шығарудың қандай күрделі міндеті тұрса, ұлт саясаты саласында да сондай күр-делі міндет тұр.
Ұлт саясатындағы маңызды мәселенің бірі - аза-маттық татулық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету. Бұл келісім халықтардың экономикалық теңдігін, саяси және мәдени дамуын, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің бір-біріне деген құрметін қамтамасыз етеді.
1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң қабылданды. Конституцияның бірінші бөлімінің 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп тұжырымдалған.
Өтпелі кезеңдегі саяси жұмыстың өзегі - бірігу, қоғамдық процесс және әлеументтік серіктестік. Біздің мақсатымыз - дүние-жүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөліміне айналу, қазақ мемлекетінің бұлжымас негізін нығайту, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құру, конституцияның принцип-тері мен ережелерін іске асыру. Міне, сондықтан да Ата Заңның әрбір қағидасы, әрбір тұжырымы, әрбір бабы ұлт проблемасымен тығыз байланысты. Қазақ-станда жүргізіліп жатқан саясат - көп ұлтты халқы-мызды өзара жақындастыру, олардың қарым-қатынастарын, достығын нығайту.
Әрбір ұлттың өз ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттық қатынасты жанжақты дамыта отырып, әрбір ұлттың, халықтың өзінің тарихи қалыптасқан дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, салт-сана жүйелерін байыта түсуге толық жағдай жасалынады. Мұны біздің республикамызды мекендеуші ұлттардың өкілдері өздерінің күнделікті тұрмысында сезінуде. Олардың өз тілінде оқуға, білім алуға, түрлі қоғамдық ұйымдарды құруға құқықты екені Конституцияда былай жазылған: «Қазақстан Республикасының аза-маттарына, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеументтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеументтік тегіне, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелілігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамас-тан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік берілді. Азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салынады» делінген. Бұл қағидалар ұлтаралық мәдениеттің, оны жүргізудің бұлжымас негізі.
Бүгінгі Қазақстанда ұлтаралық дамуға толық мәнді ақпараттық кеңістік жасалынған. 1998 жылы Республикада - 1425 газет шығарылды, олардың орыс тіліндегісі - 581, орыс-қазақ тіліндегісі - 514, орыс, қазақ, және басқа тілдердегісі - 330, журналдардың орыс тілінде шығатыны - 147, қазақ тіліндегісі - 49, орыс, қазақ және басқа тілдерде шығатыны - 64. Қазақстанда «Известия», «Комсомольская правда», «Аргументы и факты», «Новая газета», «Труд» газет-тері басып шығарылуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz