Саяси элита туралы


Жоспар
I Кіріспе
1 Саяси элита түсінігі
II Негізгі бөлім
1 Саяси элита қалыптастырушылар
2 Саяси элитаның қоғамдағы орны
3 Гильдий және антрепренер жүйесі
Ш Қорытынды
1 Қазақстандағы саяси элита
Кіріспе
Саяси элитаның түсінігі - « Элита » термині француздың elite деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғ. бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций ( б. зб 551-479 ) адамдарды асыл азаматтарға ( билеуші элитаға ) және төменгі ( қарапайым ) адамдарға бөлді. Платон билеуші-философторға, әскерлерге, егіншілерге мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс Р. Михельс және т. б. қалыптастырады.
Саяси элитаны қалыптастырушылар.
Гаэтано Моска ( 1854-1941 ) элита теориясын « Саяси ғылым негіздері » ( 1896 ) еңбегін негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені, мәртебені жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге есік ашады.
« Элита » терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето ( 1848-1923 ) . « Жалпыға бірдей социология трактатында » ( 1916) ол « Элиталардың айналу » теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуын арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.
Роберт Михельс ( 1876-1936 ) « Саяси партиялар, демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк » ( 1911 ) деген еңбегінде
« Олигархияның темірдей заңын » шығарады. Оның ойынша, бұқара халықтың өзін-өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді. Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болды. Ол көпшіліктен біртіндеп алшақтайды, қоғамның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы қойады. Соның нәтиежесінде билікті өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға - тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. « Олигархиялық темірдей заңы » дейді Р. Михельс.
Американың саясаттанушысы Райт Мильс ( 1916-1962 ) « Билеуші элита » атты еңбегінде АҚШ-тың ХХ ғ. ортасындағы элитасына талдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рольдер атқаратын топ деп анықтайды. Оның ойынша, қоғам үшін ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар. Соған орай билік элитасын мемлекет, корпарациялар және әскери басшылар құрайды.
Франция саясаттанушысы Р. Ж . Шварценбергер « Абсалюттік құқық » деген еңбегінде қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерінен, жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үшбұрышын құрайды. Олар үкіметті қалыптастырады мемлекетті билейді, ірі корпарациялар мен банктерді басқарады.
Сонда қоғамды саяси элитаны тудыратын факторлар қандай ? Оларға мыналар жатады:
1) Қоғамға арнайы білімі, тәжірбиесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек;
2) Адамдардың психологиялық ( Туа біткен ) және әлеуметтік ( оқу, тәрбие барысында қолы жеткен ) теңсіздіктері;
3) Қоғамда басқарушы еңбек жоғар бағаланады және ынталандырылады;
4) Бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы ( Күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады ) .
Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.
Саяси элитаның қоғамдағы орны
Адамзат өркениетіне ірі ұйымдарсыз яғни мемлекеттсіз жету мүмкін емес. Мұндай ұйымдарды басқару басшылық ететін орта және оның аппараттары болады. Біртіндеп олар қоғамның қатардағы мүшелерінің бақылауынан шығып, саясатты өздерінің басшылық етудегі мүддесіне ыңғайлайды да, ең алдымен өздерінің артықшылық жағдайларын сақтауға барынша тырысады. Ал қатардағы халық бұл ұйымның қызметін күнделікті бақылауда құлықсыздық танытып, өздерінің саясатқа немқұрайлығын көрсетеді. Міне осындай көзқарастың нәтиежесінде кез-келген, тіпті демократиялық қоғамда әрдайым мемлекет басында халықтан оқшауланған олигархиялық топ, яғни саяси элита пайда болады. Сөйтіп қазіргі элита теориясын жасаушылардың ойы бойынша саяси элитаға тән ортақ қасиеттер және оның өмірге келуі төмедегідей:
1. Элита - мемлекет үшін өте қажетті, аса жоғары қабілетті меңгерген қоғамның ең бірден бір бағалығы адамдары.
2. Элитаның үстемдік етуі қоғамның мүддесіне қызмет етіп соған жауапты болады, өйткені бұлар халықтың ең белсенді саналы білімді бөлігі болып табылады. Көпшілік халық бұл-машинаның моторы емес тек тарихтың дөңгелегі ғана, олар элита қабылдаған шешімдері іс жүзіне асыратындар.
Қалай дөңгелетсе солай дөңгелетіңдер.
3. Элитаның қалыптасуы билік үшін қиян-кескі күрес барысында емес, ол керсінше қоғамдағы жүргізілетін табиғи іріктеудің нәтиежесінде жүзеге асатын, халықтың ең бір таңдаулы бөлігі болып табылады.
Сондықтан қоғам осындай іріктеудің тетігн жетілдіріп, элитаны құрайтын лайықты адамдармен толықтырылып отыруы ауадай қажет.
4. Элитарлық тек мүмкіншіліктің әділетті нәтиежесі және ол қазіргі демократияға қарсы келмейді. Адамдар дене бітімі интеллектісі, өмірлік белсенділігі, тәжірбиесі, ой-өрісі білімі жағынан бірдей емес, сол себептенде олар үшін демократия оларға тең жағдай жасау керек. Ал көнбеге олар әр уақытта әр-түрлі нәтиежемен жететін болады. Элитаның құндылық теориясы, басшылардың эволюциялық дамуын әлуметтік жүйедегі сұраныстың және адамдардың көзқарастарының, құндылықтарын өзгеруімен байланыстырады. Қоғам даму барысында бұрынғылардың көбі ескіреді де уақыт талабына сай жаңа қажетті құндылықтар, көзқарастар пайда болады. Сөйтіп басшылар арасында да өз кезінде маңызды рөл атқарған тарихи тұлғалар уақыт талабына сай жаңа адамдармен ауыстырылады. Яғни күні өскен ескі, еріксіз заман талап етіп отырған жаңаға орын беріп отырады. Тарихи даму барысында аристократия жеке кәсіпкерлермен де ауыстырылған кездер болды. Элитаның құндылықтарын уағыздаушылары кейбіреуі, элитаның қоғамға тигізетін ықпалын, қабілетін анықтаудың нақты көрсеткіштерін жасады.
Мысалы, Н. Бердияв әр түрлі мемлекеттерді және халықтарды зерттеу тәжірбиесіне сүйеніп, халықтың ой-өрісі өте жоғары бөлігін сауаттылар санына шығып, элитаның мөлшерінің коэфициентін анықтайды. Ал, енді осы коэфициент мөлшері бір пайыза дейін төмендеген жағдайда, кез-келген империя өмір сүруін тоқтатып, қоғамда тоқырау байқалған. Ал элитаның өзі мемлекеттің заңына бағынбайтын топқа айналатын болған. Элиталар жөніндегі құндылық теориясы, қазіргі демократиялық қоғам шындылығы мен сәйкестендіріледі. Саясаттанушы В. Ропкеннің айтуына олардың идеялары « ол барлық жағынан сау, иерархиялық құрылысы бар жеке тұлға бақытты өз орнын тапқан, ал элита өз беделін сақтаған қалыпты қоғам » құру. Қоғам туралы осындай көзқарасты осы күнгі консерватор еместер қолауда. Саяси элита көбінесе тек демократия үшін қажет. Элитаның өзі басқа азаматтар үшін адамгершілік, рухани ізгіліктің үлгісін көрсетуі тиіс, өздерін сыйлата білуі басты міндет. Нағыз элита билік жүргізуді, көпшілікті олардың ( Еркін сайлау барысында алған ) келісіммен басқарады. Бұл жерде өте жоғары беделге ие болу, демократиялық элитаның қажетті шарты. Демократияның элитарлық теориясын басшылар қатарын басқаруы қабіллетті адамдар тобы деп қарамайды. Оларды демократиялық құндылықтарды қорғаушы деп те біледі.
Партократиялық элита теориясы, кезінде тоталитарлық социализм елдерінде іс жүзінде асырылды. Бұл елдердегі саяси элита интернационалдық сипатта деп дәріптелді. Ол адамзаты капитализмнен коммунизмге өту процессін жүргізуді міндетіне алды. Компартия мемлекеттегі барлық салаға үстемдік жүргізіп бағыт беріп отырды, Тіпті қоғамның жаңа адамын тәрбиелеуден де тайынбады. Олар төменгі әлуметтік топтан, әсіресе пролетариаттан жоғары элитаға жоспарлы түрде енгізілді. Қоғамды лайықты басқаруда коммунистік элита қаруы, « Бірден-бір дұрыс » идеология марксизм - лененизм болды. Өзге көзқарастар тап жауларының тіміскі әрекетіне бағаланды. Саяси элита өте қатал иерархиялық сатылардан тұрды. Ал шынайы тұтас билік бір адамның, яғни бас хатшының қолында болды. Партократиялық элита қағидасы қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық ұйымдары танып білуі жолында утопиялық көзқарасқа сүйенді. Жалпы алғанда бұл көзқарас өзінің болашығы жоқ екеніе көрсетті.
Бүгінгі өірдегі фактолар және ғылыми зерттеулер нәтиежелері дәлелдегендей, саяси элита бүгінгі өмірдің шындығы, сондай-ақ, ол адамзат өркениетінің алдағы дамуында да басты тұлға болары да сөзсіз. Өйткені оның келешектегі өміршеңдігін мына жағдайлар дәлелдейді:
Адамдардың әлеуметтік және психологиялық қабілеттерінің әркелкілігі саясатқа қатысудағы белсенділіктерінің төмендегі;
Еңбек бөлінісінің заңдылығына байланысты басшы қызметке оның тиімді болуы үшін кәсіпқой мамандардың қажеттілігі;
Саяси - басқарушының мемлекттегі материалдық байлықтармен ресурстарды бөлу функциясымен байланыстығы. Саяси басшылардың үстінен бақылау жасау мүмкіндігінің болмауы т. с. с. Осы және басқа факторлар қоғамның элиталы болуына жағдй жасайды.
Қазіргі қоғамға элитарлы болу қажет. Оны жоюға, жұртпен санаспай әлуметтік және саяси өзгерістер енгізуге тырысу, қатыгездік болып табылады, оның ақыры халыққа орны толмас зардап әкелетін, нәтиежесі жоқ элитаның ауысуына жағдай жасайды. Ал саяси элитаны орыннан кетірудің бір жолы, ол халықтың өзін-өзі басқаруға көшу. Алайда қазіргі адамзат өркениетінің даму сатысында оған толық жету арман ғана болып қалуда. Ал демократиялық мемлекеттер үшін ең маңызды мәселе элитамен күрес емес, керсінше қоғамдағы элитаның нәтиежелі болуына жағдай жасау. Билікті бір өзі иемденетін халыққа жат, құлқының ғана емес ойлаған аттөбелігіндей жеке кастағы айналған топ « Элитасымақтардан » сақтандыру.
Гильдий және антрепренер жүйесі
Саяси құрамының сапалы әрі талапқа сай болу үшін оларға іріктену жүйесін қолдану керек. Элитаның қайта жасақтаудың негізгі екі жүйесі бар. Олар: Гильдии жүйесі ( неміс сөзі, ол мүшелерінің артықшылық мүдделерін қорғауды жүзеге асырады ) ; антрепренер жүйесі ( француз сөзі, кәсіпкер, арендатор яғни қожалық иелік ету мағынасында ) . Антрепренер жүйесі демократиялы мемлекеттерде ал, Гильдиий жүйесі тоталитарлық тәртіпке негізделген социалистік елдерде, ал оның кейбір элементтері Ұлыбританияда және Жапонияда қолданылады. Бұл екі жүйенің өздеріне ғана тән ерекше белгілері бар.
1. Гильдий жүйесі төменгі таптан жоғары қызметке ұмтылушыларды таңдап алуда байыптылық сақтап, шенеуніктік лауазымдық сатылардың күрделі жолдарынан оларды біртіндеп өткізіп өсіреді. Қызметтік лауазымға тағайындағыларда формальды қойылатын әр түрлі талаптардан өту. Оларға жасы, партиялылығы, жұмыс тәжірбиесі, өтілі, білімі, мінездемесі, бұрынғы істеген қызмет орны т. с. с кіреді.
2. Антрепренер жүйесі арқылы элитаны қайта жасақтау көбінесе жоғарыда аталған жүйеге қарама- қарсы келеді.
а) Бұл жүйе бойынша лауазымды орындарға қызметке алу жариялылық жағдайында жүргізіледі.
б) Институтциональды сүзгіден өтуге тиісті формальды талаптар шамалы болады.
в) Іріктеп алу шеңберінің кеңеюі, яғни бүкіл ел бойынша сайлаушылардың қатысуы.
г) Басшы болу жолындағы бәсекелестіктің жоғары болуы.
д) Жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері, саяси белсендігі, жұртты өзіне қаратарлық идеясының бағдарламасының болуы.
Жалпы адамзат тарихының тәжірбиесі көрсеткендей элитаны қайта жасақтаудың антрепренерлік жүйесі бүгінгі күннің ағымына сай ыңғайланғны байқалды. Гильдий жүйесінің ұтымды жақтары бар олар консесуске келу, шешімнің байсалдығы, дау-жанжал туу мүмкіндіктерінің алдын алу т. с. с. Сондай-ақ, бұл жүйе бюрократииялануға жиі ұшырайды. Ал бұл жүйедегі бәсекелестік тетігі іске қосылғанда элитаның күйретілуі тездетілді.
Тоталитарлы тәртіптегі социалистік елдерде қолданылатын Гильдий жүйесінің бір варианты номенклатурлық әдіс үстемдік етті. Ал бұл әдістің жағымсыз жақтары да аз болмады. Олар, басшыға деген бастың берілгендігі, жағымпаздық, жағыну, туыстық, жерлестік байланыстар, өз жеке басының принциптерінің болмауы, аппарат ойынының сырына қанық болу, дер кезінде өзін көрсете білушілік, ағымға ере білу, мол тәжірбие, жалған көзбояушы белсенділік, әр түрлі маңызы жоқ нормалар мен сүзгілер, жаны таза адал білімді адамдарді адамдарды өзгертіп бұзады. Бұл жүйе оларды өз бетімен іс-істеуге, белсенділік көрсетуге қабілетсіз басшыларға жаппай тәрбиелеп шығарды.
Сөйтіп элита бүкіл талаптың саяси еркін анықтайды, оны жүзеге асырудың жолдарын белгілейді; элита таптың саяси өкілеттігін белгілейді, оған қолдау жасайды; басшы кадрлардың негізгі резерві де болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz