Қазақстанның ұлттық валютаның (теңгенің) болашағы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанның ұлттық валютаның (теңгенің) болашағы.

ЖОСПАР

1. КІРІСПЕ

2. ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ БОЛА МА?

2. 1 Теңгенің шығу тарихы

2. 2 Теңге бетіндегі қателік

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстан және Тәуелсіздік туралы сөз бастау, ой толғау оңай іс емес. Қазақ елі дербестікке ие болған 15 жыл беделінде жетіге келгенше жерден таяқ жейтін бала сияқты талай қиындықты бастан кешсе де, сол сәбидің өміріндегі қуанышты жаңалықтарды саусақпен бүгіп санап, тәубе-тәубе дегендей жағдайымыз бар. Егемендік декларациясын жария етті. Көп ұзамай бүкіл дүние жүзі мойындаған тәуелсіз елге айналдық.

Тегінде республика өміріндегі осынау тарихи кезеңнен бастау алған мемлекеттігіміздің шежіресі мәңгі есте қалар небір айтулы оқиғаларға тұнып тұр.

Егемендікке қадам басқан алғашқы жылдардан бастап республиканың тәуелсіз елге тән болуға тиіс нышандарына қатысты, Қазақстанның егемендігін бекемдей түсетін және басқа заңдар бірінен кейін бірі қабылданып жатты.

Жалпы он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес Қазақстан тарихында ерекше рөл атқарды.

1990 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі республикада президенттік билік институтын енгізу туралы заң қабылдады, өз сессиясында ел Президенті етіп Н. Ә. Назарбаевты сайлады.

Осы жылғы қазан айында қызу пікірталастан кейін “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы” декларация қабылданды.

1991 жылдың 1 желтоқсанында қазақтың мың жылдық тарихында Қазақстан халқы бірауыздан тұңғыш рет өз Президенті етіп Н. Ә. Назарбаевты сайлады.

Ал 1991 жылғы 16 желтоқсанда кешкі сағат 18-ден өткенде “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заңы қабылданды.

Жоғарғы Кеңес азаматтық институттың маңыздылығын түсіне отырып, еліміздің тәуелсіздігі жарияланғаннан кейінгі санаулы күндерде “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы” Заң қабылдады. 1992 жылы республиканың Қарулы Күштері, Республикалық ұлан, ішкі және шекара әскерлері құрылды. 1993 жылы сәуір айында еліміздің Әскери-теңіз күштері жасақталды. Сөйтіп, жас мемлекетіміздің қорғаныс және қауіпсіздік жүйесі толық іске кірісті. Елдің мемлекеттік жаңа нышандары, мемлекеттік наградалары қабылданды. 1993 жылы қараша айында Қазақстанда ұлттық валюта - теңге енгізілді. Бұлар мемлекеттігімізді қалыптастырудың ең қажетті алғышарттары еді.

1993 жылғы Конституция бір партиялық саяси басқарудан, монополиялық экономикалық жүйеден, тарихи күш көрсету идеологиясынан бас тарту арқылы қоғам дамуына оң серпін берді.

Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде Негізгі Заң республиканы дүниежүзілік қоғамдастықтағы тәуелсіз мемлекет ретінде заңдастырды.

Алайда Конституцияда Жоғарғы Кеңеске бұрынғыдай көп өкілдік берілген еді. Бұл биліктің бөліну қағидасын жүзеге асыру мен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатып жіберді. Реформалардың одан әрі жүргізілуі республикалық билік органдарының, бірінші кезекте, өкілді органдардың тиімсіздігін анықтады, өйткені, олар жедел өзгеріп жатқан оқиғаларға шұғыл түрде әсер ете алмады және осыған орай баламалы шешімдер қабылдауға дәрменсіз болды. Жоғарғы Кеңестің тұрақты негізде жұмыс істеген жекелеген органдарының жұмыс нәтижелері де кәсіби парламент құрудың қажеттігін барған сайын дәлелдей түсті. Тежемелілік пен тепе-теңдік тетіктерінің жұмыс істемеуі салдарынан Жоғарғы Кеңес Үкіметтің қызметіне араласып, оны ауыстыруға дейінгі мүмкіндікке ие болды.

2000 жылы Қазақстанға нарықтық экономикалы ел мәртебесі берілді. Ал соңғы жылдар ішінде ел экономикасы тұрақты түрде өсе түсуде. Соңғы 5 жылда ел экономикасы жыл сайын 10% өсіп келеді. Қазір Қазақстанның ішкі жалпы өнімі Орталық Азия мен Кавказдағы 7 елдің ішкі жалпы өнімінен асып түсті. Қазақстан экономикасына осы жылдары 50 млрд. АҚШ долларына жуық инвестиция тартылды.

Жақында ғана қабылданған 2007 жылға арналған республикалық бюджеттің кірісі мен шығысы 1 триллион 955 миллиард теңге болды. Бұл елімізде ұлттық валюта енгеннен кейінгі 1994 жылмен салыстырғанда 22 есе көп.

Осыдан 2 жыл бұрын ғана тұңғыш рет бюджетіміз триллионға жетті деп тақиямызды аспанға лақтырып қуансақ, қазір триллион жәй көрсеткіш сияқты жиі айтылатын болды.

Қазіргі кезде Қазақстан үшін басым міндеттердің бірі бәсекеге қабілетті экономика құру болып табылады. Ел БСҰ-ға кіруге және өндірісті әртараптандыруға ниеттеніп отыр. Орта мерзімді перспективада Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ұмтылуда.

Бұл кеуделі міндеттердің қуатты экономикалық негізі бар, ол нақты және оған қол жеткізуге болады.

Саясатта болсын, экономикада болсын, әлеуметтік салада болсын Қазақстан өзгелерге үлгі болатындай дәрежеде даму үстінде. “Қазақстан-2030” атты стратегиялық бағдарлама қабылдап, еліміздің 2030 жылға дейінгі дамуын алдын ала белгіледік. Нәтижесінде Қазақстан экономикалық реформаны жүзеге асыруда кешегі Кеңес Одағы республикаларының ең алдына шығып, біз ұстанған экономикалық модель дамушы елдерге үлгі-өнеге ретінде ұсыныла бастады.

Қоғамның саяси жүйесін, заң шығарушы билікті, атқарушы билікті реформалаудың нәтижесінде халықаралық, демократиялық талаптардың үдесінен шыға біліп, елімізде өмір сүретін сан ұлт өкілдерінің тең дәрежеде дамуына қолайлы жағдай туғыза отырып, қазақ халқының өз жерінде тілінің, дінінің, мәдениетінің өркендеуіне қол жеткізіппіз. Бір кездері өз еліндегі саны 29 пайызға дейін құлдыраған халқымыздың саны қазіргі кезде республика тұрғындарының 60 пайызын құрайды. Мемлекеттік тілдің дамуына қамқорлық жасалып отыр. Ұлттық мәдениетімізді қайта түлету үшін “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Осының бәрі халқымыз 15 жылдығын көтеріңкі көңіл күйде атап өткелі отырған тәуелсіздіктің арқасы.

Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақты халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы - бүгіннен нұрлы, бүгіннен жемісті болашағы бар.

2. ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ БОЛА МА?

Қазіргі таңда ұлттық валюта - теңгеміз өзіне еліміздің басшылары артқан үмітті ақтап шыққанын көріп жүрміз. Дегенмен теңге бағамының өсуі ұлттық экономиканың даму қарқынына кері әсер етеді деушілердің дауысы уақыт озған сайын жиі естіледі. Экономиканың заңы бойынша солай. Өйткені сенің 155 теңгеге бұдан бес жыл бұрын өндірген тауарың 1 доллар тұратын. Қазір 1 доллар 120 теңгеге бағаланады, яғни 35 теңге артылып тұр. Мұның өзі шамамен 30 цент деген сөз, яғни қазір де 155 теңгеге өндіріп жатқан тауарыңды енді 1 доллар 30 центке сатуың керек. Қосымша құнсыз түрі осы. Мұндай жағдайда пайда табудың негізгі көзі - қосымша құнды онша көбейте алмайсың. Көбейтсең, тауарыңның өтімі азаяды. Міне, экономика заңына сүйенетін білгірлер осылай дейді. Иә, солайы солай, бірақ біз теңгенің басқа басымдығын неге ескермейміз. Теңгенің елі - Қазақстан өзінің ішкі рыногында негізгі энергия көзі - мұнайдың тоннасын 60 долларға сатады. Яғни өндірісшілер жанар-жағармайды ең көп дегенде осындай бағаға сатып алады. Ал мұнай өндірмейтін Еуропа елдерінде, АҚШ-та мұнайдың тоннасы шамамен 420 долларды құрап тұр. Яғни қазірдің өзінде пайдаланып жатқан энергия көзінің бағасы есебінен ғана біз жеті еседен астам басымдықта тұрмыз. Мұнай бағасы өспесе, кемімейтінін халықаралық сарапшылар соңғы үш жылдан бері айтып келеді. Болжамдарында қателік болған жоқ. Өйткені халық тығыз шоғырланған, дәлірек айтсақ, Жер тұрғындарының үштен бірі тұратын Қытай мен Үндістанда экономиканың өсім қарқыны жеделдеп барады. Ал олардың мұндай дамуын қамтамасыз ету үшін негізгі энергия көзі - мұнай қажет. Олай болса, Қазақстан экспортының басым бөлігін құрайтын мұнайға деген сұраныс таяудағы бес жылда кемімейді. Ал оның өндірісі республикада 2015 жылға дейін шамамен екі есе артатыны мемлекеттік бағдарламадан белгілі. Тағы да есепке көшейік. Біздіңше, 120 теңгеге шет елде өндірілетін өнімнің өзіндік құнында кемі 30 пайыз энергияның, яғни мұнайдың үлесі бар. Мұны 36 теңге деуге болады. Ішкі рыноктағы баға сырттағыдан 7 есе арзан десек, бізде бұл көрсеткіш (36/7) 5 теңгеге тең болады. Яғни басқа жақ 120 теңгеге өндіретін өнімді біз (120-36) +5) 89 теңгеге ғана өндіреді екенбіз. Бұл - теңгенің тек мұнай бағаларына қатысты басымдығымыз. Яғни бір доллар 89 теңге болғанша біздің экономикадағы экспорт әлсірейді деу бекершілік. Қысқасы, теңгенің асқар таудай тірегі - ішкі нарықтағы мұнай бағасы өзіміз нені қаласақ, сондай деңгейде болады. Ал әлемдік биржалардағы мұнай бағасы барреліне 100 долларға жетуі мүмкін деген болжамның ақиқатқа айналатынына күмән жоқ. Мұның бәрі мынадай байлам жасауға негіз береді: теңге отандық экономика мен Қазақстан Республикасының гүлденуіне қуат беретіндей локомотив болуға дайын. Теңге бағамының өсуінен қауіптенудің қажеті жоқ. Түптің түбінде, «есек дәмелілердің» арманы орындалып, доллар қайта салмақ жинай қалса, ол, яғни қосылған салмақ отандық тауардың экспорттық өтімділігіне жол ашатын факторлардың біріне айналады. Қысқасы, теңгенің қазіргі кезде салмақ жинауы зиянды емес. Міне, нақты ақиқат - осы.

2. 1 Теңгенің шығу тарихы

Шын мәніндегі тәуелсіз елдің болашағы - оның экономикалық, әлеуметтік тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне де тікелей байланысты екендігі ақиқат. Сол үшін де Қазақстанның ұлттық валютасы теңгесін айналымға енгізу - ел Үкіметіне де, Ұлттық банкке де тәуелсіз экономикалық, қаржылық-кредиттік саясат жүргізуге мол мүмкіндік берді.

Негізінен, қазақ валютасын енгізу тарихының анық-қанығын жақсы білетін мамандардың айтуынша, теңгенің өмірге келуі оңай дүние болған жоқ. Бұған дайындық Тәуелсіздік алған 1991 жылдан басталып, егемендікті экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету жолында басталды. Осы уақыттан бастап теңгені дайындау үрдісі өте құпия түрде жүргізілген. 1991 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесінде ұлттық Елтаңба мен Тудың кескінін талқылау барысында, ұлттық валюта енгізу мәселесі де туындады. Ал 1992 жылдың 27 тамызында ҚР Ұлттық банкі басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне, қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжілеловтер Англияға аттанды.

Теңге алғаш айналымға түскен жылы Ұлттық Банк әуелде 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен де еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріле келіп бір теңге бес жүз сомға бекітілді. Кейін болжанған бойынша, теңгенің бағамы елімізбен сауда жасайтын үлкен мемлекеттердің немесе АҚШ долларының валюталық себетіне сәйкес шығару керек болды. Екшелеп келіп, теңгені доллардың бағамына теңеп, бұл бірінші айналымға кірген күні бір доллар 4, 75 теңге болып бекітілген.

Осы кезеңде үлкен құнсыздану тек қана Қазақстанда емес, сол кездегі ресейлік рубль ақша ықпал ететін барлық аймақтарда жүріп жатқан болатын. Атап айтар болсақ, құнсыздану елімізде 1992 жылы 3200 пайыз болса, теңгенің айналымға кірген 1993 жылы 2 700 пайыздай көрсеткішке жеткен. Бұл кезеңді мамандар кәдімгідей құнсызданудың ырықсызданған кезеңімен салыстырады. Осыншама құлдырауға теңгенің қарсы тұруы қамтылуы тиіс еді. Бірақ, бұған сол кездердің өзінде Қазақстанның Алтын валюталық қоры аздық етті. Уақыттың тапшылығы, қордың әлсіздігі әсер еткендіктен де, көпшілік жағдайда ұлттық валютаның бағамы экономиканың жағдайына да тікелей байланысты болып табылды.

Теңгенің ең құлдыраған заманы 1994-96 жылдары болды. Бірақ осы үш жылдың ішінде теңге қаншама құлдырағанымен үлкен инфляцияны жеңіп шықтық. Егер ұлттық валютамыз теңге болмай, рубль секілді басқа валютамен жүретін болсақ, құлдыраудың тереңдігі де жылдамдығы да зор болып, залалы одан да көп болатын еді. Сондықтан да теңге жаңадан аяқтан тұрған экономиканың тұрақтануына, құрдымға кетіп бара жатқан инфляцияны ауыздықтауға сеп болды. Сөйтіп, жалпы халықтың әлеуметтік және экономикалық және басқа да жағдайларын жақсартуға өте үлкен әсер етті.

Теңге айналымға кіргенде ұлттық ақша жөніндегі монетарлық саясат та біртіндеп қолға алынды. Алғашқы енгізілген 1-ден 100-ге дейінгі номинациялар, яғни классикалық номинациялар біраз қиыншылықтарға төтеп берді. Бұдан соң да, теңгенің құнсыздануына байланысты басқа да номиналдар пайда бола бастады. Алдымен 200, сосын 500-ден 10 мыңға дейінгі ақшаны енгізу - қаржы саласының экономикалық заңдылық құбылыстарымен, заманның қажетіне, керегіне, байланысты туындаған мәселелер ретінде қаралып келеді. Жаңа номиналдарға байланысты теңгенің дизайндарына да өзгерістер еніп отырды.

Жалпылама айтқанда, 1993 жылдың қарашасында ел өмірінде жаңа белес басталып, ырыққа көнбей отырған қымбатшылыққа тұсау салынатындай хал орнады. Қазақстандық әрбір азаматқа 100 мың сомға дейін ғана айырбастауға мүмкіндік беріліп, «сабан ақша» арқасында милионер атанғандарда болды. Төл теңгесінен халқымыздың ұлы перзенттерін - Әл-Фараби мен Сүйінбайды, Құрманғазы мен Шоқанды, Абай мен Әбілқайыр, Абылай хандарды көрген халықтың қуанышы қойнына сыймай, бөріктерін аспанға атқан кез еді.

Бірақ, бүгінгі күні әу бастағы ұлт мақтанышы болған кемеңгер бабалардың бейнелері басылған банкноталар тарих қойнауында қалып барады.

2. 2 Теңге бетіндегі қателік

Әуелгіде ұлттық валютаға беделді бабаларымыздың тұлғасын беру қазақтың кім болғандығын айғақтап тұратын ерекшелік ретінде жасалған шара секілді көрінуші еді. Ал Ұлттық банктің соңғы шешімінен тек батысқа еліктеушілікті байқауға болатын тәрізді.

Жалпы отарланған ұлттардың үлкен бір арманы - Тәуелсіздік алып, өзінің ұлттық валютасы болып, өзі дербес ел ретінде сол ұлттық валютасымен ішкі де, сыртқы да қатынастарды дамыту. Қазақ халқы да теңгесінен айрылған бір кездері теңгені қайта жаңартуды армандап, оған 1993 жылдың қарашасында қол жеткізілді. Теңге біздің еліміздің Елтаңба, Туы, Әнұраны сияқты рәмізге, мақтанышқа айналды. «Менің Туым, Елтаңбам, Әнұраным, менің Теңгем», деп әрбір қазақ мақтанатын болды. Сондықтан да теңгеге жай ғана бір төлем құралы емес, үлкен мемлекеттік әрі зор патриоттық мәні бар, ұлттық сананың деңгейін одан әрі көтеретін, тәрбиелейтін, құрал деп қарауға тиіспіз. Қазақ еш уақытта байлықты ұлттық мүддеден жоғары қоймаған. Байлықты басына түскен бұғаудан, құлдықтан босанудан жоғары қоймаған. Сондықтан да теңгеге үлкен бір рухани саяси мән беріп қарау қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтан Республикасының ақша - кредит саясаты
Теңге тарихы
Төл теңгеміздің бүгіні мен ертеңі
Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы және дамуы туралы
Ресей Халықаралық валюта қоры
Ақша жүйесінің сипаттамасы және оның даму тарихы
Халықаралық валюта жүйесі және валюта курсы
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы туралы мәлімет
Теңге айналымы және тұрақтандыру шаралары
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz