Әлеуметтiк және құқықтық нормалар


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Әлеуметтiк нормалар.

2. Құқықтық нормалар.

3. Құқықтың пайда болуы.

4. Құқық және мемлекет.

5. Құқықтың қоғам өмiрiндегi ролi.

Қолданылған әдебиеттер

Әлеуметтiк нормалар. Адамдар қоғамдық өмiр сүрiп жатқандықтан, олардың өзара қатынастары сол қоғамның саналы қызметiнiң нәтижесi болып табылатын олардың өздерiн ұстау ережелерiмен реттеледi. Жалпыға бiрдей мiндеттi осы ережелердi сол қоғамда өмiр сүрiп жатқан адамдардың бірi сақтауға тиiстi. Адамда өзiн және әлемдi тани бiлетiн ақыл бар, қабiлет бар. Сондықтан ол өзiнiң және өзгелердiң әрекеттерiне баға бере алады және олардың салдарларын алдын ала көре алады. Адамдардың өзара қатынастарында қалыптасқан нормалар қоғамның рухани даму үрдiсiнде жетiле келе жалпыға ортақ мiндеттi әлеуметтiк тәртiптердің жиынтығы моральдың қалыптасуына алып келеді. Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздер нұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз (грек. socitas - қоғам лат nopma. - ереже)

Әлеуметтік нормалар адам өмірінің барлық жағын оның қоғамдық қызметін атқару кезінде немесе тұрмыстағы өмірінде өзге адамдармен қарым-қатынас жасау үрдісіндегі сөйлесу, өзін ұстау, қимылдауда ұстанатын ікундылык бағдарларын қамтиды .

Сыпайылық ережелер адам мен адамның арақатынасын көрсететін жүздесу формаларын айқындайды. Дәстур, мораль, құқық және этикет біріге падамдардың әр топтарының тәртібін ретке келтіретін, жалпыға бірдей әлеуметтік нормаларды құрайды.

Әлеуметтік нормалар құқық және мораль болып, үлкен екі салаға ажыратылады. Әлеуметтік нормалардын мемлекеттің пәрмен мен заңдастырылған бөлігі құқықты, мемлекеттің пәрмен мен зандастырылмаған бөлігі моральді құрайды.

Құқықтық нормалар. Құқықтың пайда болуы мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты. Мемлекет тармапынан бақылауға алынған, нормативтік актлерде нақтыланған, орындау тетігі қалыптастырылған нормалар болғандыктан, құқық ережелерін сақтау мемлекеттің барлық азаматтары үшін міндетті болып табылады.

Құқық дегеніміз - мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Ал қоғамдық ұйымдардың мекемелердің кәсіпорындардың, шаруашылықтардың жарғылық тәртіп ережелері олардың мүшелері үшін ғана міндетт. Ұлттық, этностық топтардың да тек өздеріне тән дәстүрлері болады.

Құқық негіздеріне мемлекеттің басты негізгі заңы - Конституциясы, салалық заңдары және басқа құқық нормалары тұжырымдалған мемлекеттік нормативті атілер жатады. Құқықтың мазмұны құқықтық нормалардың жиынтығынан тұрады.

Құқықтың ерекшелігі - оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатынында. Ал моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назары ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

Діни нормалар түрлі діндердің міндеттелетін қағидалары, ережелері, салттары болады. Діни нормалардың қайнарлары - құран, библия және басқа қасиеттік таптар. Кейбір елдерде діни нормалардың занды күші бар.

Ғұрып нормалары деп ұзақ уақыт бойы адамдар арасындағы қатынастарды реттеу үшін қолданылып келген ұстану ережелерін айтамыз. Олардың кейбіреулері мемлекеттің араласуынсыз қоғамда қалыптасып кеткен. Мұндайда ғұрып нормаларын бұзуға қоғам тарапынан да, мемлекет органдар тарапынан да мәжбүрлеу қолдануға түрткі болуы мүмкін.

Корпаративтік нормалар қоғамдық ұйымдардың жарғыларымен, ережелер мен, басқа актілер мен орнатылады. Коперативтік нормалар тек олардың өздерінің құқықтарын, міндеттерін, жауапкершіліктерін айқындайды. Коперативтік нормалар саяси партиялардың, кәсіподақ және жастар мен балалар ұйымдарының, іскерлердің, полициялардың жарғыларында жазылады.

Құқықтың алғашқы элементі, адамның өмірлік қызыметі үрдісіндегі өздерін ұстау ережелерінің үлгісі құқық нормасы деп аталады. Ол әрбір жеке адамға ғана емес, тұтас адамдар топтарына да қатысты. Құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар мен олардың ұйымдары сол нормаларды бұзбауға тиіс.

Құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде құқық қоғам өмірінде маңызды роль атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қатынастар реттілік орнатуға бағытталады.

Мысал: Адамдардың бір-бірімен экономикалық қатынастары құқықпен реттеледі. Зауыттарда, фабрикаларда нормативтік құқықтық актілері арқылы белгілі реттілік және еңбек тәртібі орнатылды. Материалдық игіліктердің болу жұмыстары да тиіст нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірірмен шаттық қатынасқа түседі.

Құқық және мемлекет. Мемлекет және оның органдары адамдар арасындағы бұрын болмаған жаңа ережелерін белгіледі. Құқықты ғұрыптар мен мемлекеттің өзі қабылдаған құқықтық нормалары негізінде құқықтық жүйе қалыптысты. Құқықтық жүйе мемлекеттік құрылысты, қалыптасқан экономикалық қатынастарды, мемлекеттік және жеке меншікті қорғау мақсатын көздеді. Мемлекет пен оның органдары тарапынан құқықтық нормалардың орындалуы, зандардың бұзылмауы қадағаланды. Құқықтық тәртіпті қорғайтын заңды бұзушыларды жауапқа тартатын арнаулы органдар - полиция, сот, прокуротура, әскер құрылды.

Құқық жүйесі үш құрауыштан - құқықтан, құқықтық идиологиядан және құқықтық мекемелердің қызыметінен тұрады. Құқық - мемлекет тағайындаған және мемлекетке әрекет ететін құқық нормаларынын жүйесі. Құқықтық норма тек заңдардан ғана тұрмайды, басқа нормативтік құқықтық актілерде де көрсетіледі. Мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау құқығы берілген. Президент - нормативтік жаңалыктар, Үкімет - нормативті қаулылар, министерліктер - нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар - нормативтік шешімдер қабылдайды.

Құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекетке қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы ескеріледі. Мұның өз құқықтың объективті, яғни дербес, біртұтас құбылыс ретінде өмір сүруінің айғағы. Құқықты субъективті мағынада да түсінуге болады. Онда ол жеке субъектілердің - адамдардың өз игілігі үшін әрекеттерді істеуге занды мүмкіндігін білдіреді. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулық сақау құқығы, білім құқығы, т. т…

Құқықтық идеология - мемлекетте танылған құқықтық көзқарастары, идеялар, мәдениет. Құқықты яғни қоғамда қабылданған және қолданыстағы құқық нормаларын жузеге асыру және қорғау үшін құқықтық мекемелерді мемлекет құрады.

Құқтық мемлекет - Қазақстан Республикасы алдына мақсат етіп қойып отырған сапалық қасиет. Бұл нысана бойынша барлық органдар мен лауазымды адамдардың қызыметі құқық нормаларына сай реттеледі. Заң бәрінен де жоғары тұрады. Лауазымына немесе өзге артықшылықтарына қарамастан, заң алдында барлық адам тең. Қоғам заңмен реттеліп отыратын егеменді ұйым ретінде қалыпты, орнықты дамиды.

Конституциялық мемлекет - құқықтық мемлекеттің бастауы әр шарты. Оның негізгі ұстанымдары азаматтар үшін: «Заңда тиым салынбағаннын біріне рұқсат», мемлекеттік лауазым иелер үшін: заңда нақты не көрсетілсе, соған орын алған құқықтық нигилизмнен арылып, құқықтық мәдениет үнемі арттыра отырып, заң жуйелерінең қызметін жақсартып, әділеттілікті жоғары деңгейге көтеру арқылы құқықтық мемлекеттің алғы шарттарын жасайды. Адам және азамат құқығы мен бостандығына кепілдік берілу халықаралық тәжрибедегі өлшемдерге дейін көтеріледі.

Сонымен қоса, құқықтық мемлекетке тән белгілерге конституцияның басымдығы және заңды құқықтардын бекітілуі экономикалық бостандықтардың орнығуы мен мемлекеттік экономикалык қызмет шекарасының нақты анықталуы республикалық саяси құрылыс және басқарудың тиімді түрі мемлекеттік биліктің тұтастығы арқылы оның тармақтарға бөлінуі сот билігінің тәуелсіздігі мемлекет пен адамзаттын озара жауапкершілігі т. б жатады. Бұл белгілер 1945 жылғы Қазақстан Республикасының Конститутциясы баптарында көрініс тапқан

Әлеуметтік мемлекет, КР Конститутциясында көрсетілгендей, жекелеп топтарға, адамдарға немесе ұжымдарға емес, қоғам мен адамға қызымет етеді. Мемлекеттік қайнарлар есебінен барлық адамға бірдей игіліктер көрсетіп, қоғамның даму үрдісінде ұшырасатын ауыртпалыктарды да бірдей көтеру жолымен әлеуметтік тенсіздіктерге жол бермеуге тырысады.

Мемлекеттін әлеуметтік сипаты өз азаматтарының конституция бойынша кепілдік берілген білім алу, денсаулық сақтау, ғылым мен мә дениетті дамыту, тұрғындардың шұғылданушылығын қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табысы аз тұрғындардың тобын қорғау сияқты әлеуметтік шараларды жүзеге асыру көріенеді. Әлеуметтік мемлекет адам мен азаматтың күн көріс минимумы мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын қамтамасыз етуді талап ету құқғын мойындайды. Бұған денсаулық пен адам өміріндегі экологиялық қауіпсіздік мәселелері де көсетіледі. Әлеуметтік мемлекет оған жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізеді. Қоғам мен азаматтардың нақты бір санаттарының мүддесі үшін күрделі эканомикалық жоспарлауға және бюджеттік қаржыландыруға жүгінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
Әлеуметтік және техникалық нормалардың айырмашылығы
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен ролі
Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі
Әлеуметтік нормалар
Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі
Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz