Материалдық емес активтер туралы ақпарат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.тарау. Материалдық емес активтердің сипаттамасы
1.1 Материалдық емес активтерді анықтау және оларды тану критерийлері . 5
1.2 Материалдық емес активтердің түсуі мен құрылуын есептеу ... ... ... ... ... 9

2.тарау. Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес активтерді түгендеудің есебі
2.1 Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Материалдық емес активтерді түгендеу есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

3.тарау. Материалдық емес активтердің есебінің аудитін ұйымдастыру
3.1 Материалдық емес активтерінің бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
3.2 Материалдық емес активтердің аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейде басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашлық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухалтірлік есептің басты мақсаттары болып табылады.
Бухгалтерлік есеп – экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды. Ол шаруашылық жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашлық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы немесе шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайды ашып көрсетеді. Бухгалтерлік есеп субъектілердің меншігін сақтауды бақылауға және басқаруға шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Материалдық емес активтер есебін ұйымдастыру» бүгінгі таңдағы өзекті мәселені қозғайды.
Материалдық емес активтер дегеніміз – нақты табиғи қалпы жоқ, бірақ “сезілмейтін құндылық” қабілетіне ие, шаруашлыққа ұзақ уақыт немесе қосымша табыс әкелетін, әрі субъектінің иелігінен шығару мүмкіндігіне ие активтер. Материалдық емес активтерді шаруашлық қызметінде алатын орны мен қызметіне қарай, олардың материалдық –заттық қалпының, яғни табиғи мағынасының болмағандығына қарамастан , оларды ұзақ уақыт бір жылдан жоғары пайдалану барысында табыс әкелетін және алшақтау белгілеріне сүйене отырып 3 топқа бөледі: интеллектуалдық меншік, мүлікті пайдалану құқығы, кейінге қалдырған шығындар.Бірінші тарауда – материалдық емес активтердің сипаттамасы, материалдық емес активтерді және оларды тану критерийлері, материалдық емес активтердің түсуімен құрылуын қарастырылады.
1. ҚР –ның “Бухгалтерлік есеп жіне қаржы есебі ” туралы заңы. 24.06.2002.
2. ҚР-ның бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының Қаулысы. 13.11.1996. № 3.
3. Әбдіманапов Ә. «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері». Оқулық, Алматы, 2006
4. Баймұханова С.Б, Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлік есеп.- А:Қазақ унверситеті, 2002
5. Баймұханова С.Б. “Қаржылық есеп”Алматы, “Экономика” 2007
6. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003 г.).- А.: Ержанов и К, 2003.
7. Кеулимжаев Қ.К. “Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері” Алматы, “Экономика” 2006
8. Кеулимжаев К.К. и др. “Финансовый учет” Алматы, 2003
9. Назарова В.Л. Шаруашлық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Алматы, “Экономика” 2005
10. Под редакцей Р.М.Рахимбековой “Финансовый учет на предприятии” Алматы, “Экономика” 2003
11. Радостовец В.В., Шмидт О.И «Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета». Алматы, 2000
12. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтеррскиий учет на предприятии.- А.: Центраудит- Казахстан, 2002.
13. Төлешова Г.Қ. “Дамыған қаржылық есеп”Алматы, “Экономика”2005
14. Тулешова Г.К. “Финансовый учет в соответствии с международными стандартами” (часть 1,2) Алматы, 2003

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1-тарау. Материалдық емес активтердің сипаттамасы
1.1 Материалдық емес активтерді анықтау және оларды тану критерийлері . 5
1.2 Материалдық емес активтердің түсуі мен құрылуын есептеу
... ... ... ... ... 9

2-тарау. Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес
активтерді түгендеудің есебі
2.1 Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу
... ... ... ... ... ... 14
2.2 Материалдық емес активтерді түгендеу есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17

3-тарау. Материалдық емес активтердің есебінің аудитін ұйымдастыру
3.1 Материалдық емес активтерінің бағдарламасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.2 Материалдық емес активтердің аудиті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе

Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік
есептің ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр
түрлі деңгейде басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға
субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға,
сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашлық қызметі туралы сапалы,
уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухалтірлік есептің басты мақсаттары болып
табылады.
Бухгалтерлік есеп – экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің
бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды. Ол шаруашылық
жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік
есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашлық қызметтің іс-әрекеті
сипатталып, оның табысы немесе шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайды
ашып көрсетеді. Бухгалтерлік есеп субъектілердің меншігін сақтауды
бақылауға және басқаруға шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты
жинақтайды.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Материалдық емес активтер есебін
ұйымдастыру бүгінгі таңдағы өзекті мәселені қозғайды.
Материалдық емес активтер дегеніміз – нақты табиғи қалпы жоқ, бірақ
“сезілмейтін құндылық” қабілетіне ие, шаруашлыққа ұзақ уақыт немесе
қосымша табыс әкелетін, әрі субъектінің иелігінен шығару мүмкіндігіне ие
активтер. Материалдық емес активтерді шаруашлық қызметінде алатын орны мен
қызметіне қарай, олардың материалдық –заттық қалпының, яғни табиғи
мағынасының болмағандығына қарамастан , оларды ұзақ уақыт бір жылдан жоғары
пайдалану барысында табыс әкелетін және алшақтау белгілеріне сүйене отырып
3 топқа бөледі: интеллектуалдық меншік, мүлікті пайдалану құқығы, кейінге
қалдырған шығындар.Бірінші тарауда – материалдық емес активтердің
сипаттамасы, материалдық емес активтерді және оларды тану критерийлері,
материалдық емес активтердің түсуімен құрылуын қарастырылады.
Екінші тарауда – материалдық емес активтердің амортизациясы,
материалдық емес активтердің түгендеу есебі, материалдық емес активтердің
амортизациясын есептеу әдістері мен жолдары қарастырылған.
Үшінші тарауда – материалдық емес активтердің есебінің аудитін
ұйымдастыру, материалдық емес активтердің бағдарламасы, материалдық емес
активтердің аудиті қаралған.

Шаруашылық мүліктерінің құрамында соңғы кездерде отандық бухгалтерлік
есептің жаңа нысандарының қатарына жататын материалдық емес активтердің
үлесі арта түсуде. Бұрын онша етене таныс емес жаңа нысандардың есебін
жүргізуде түсініксіздіктердің кездесіп отыратын заңды құбылыс. Материалдық
емес активтердің қатарына жататын активтерді анықтап, топтау, бағалау және
амортизация есептеу ерекшеліктеріне назар аударып, бағдарлама жасауға,
тексерілетін мәселелерді анықтауға міндетті.

1-тарау. Материалдық емес активтердің сипаттамасы
1.1. Материалдық емес активтерді анықтау және оларды тану критерийлері

38 “Материалдық емес активтер” ҚЕХС (қаржылық есеп берудің
халықаралық стандарттарына) және 28 “Материалдық емес активтердің есебі”
БЕС (бухгалтерлік есеп стандарттары) сәйкес материалдық емес активтер
әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және
тауарларды (жұмысты көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы (бір
жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай
емес активтер, оларды:
а) анықтауға болады;
ә) субъект бақылайды;
б) қолданудан субъект болашақта экономикалық пайда алуды күтеді.

Материалдық емес бап материалдық емес актив болып саналады,
егер:
а) материалдық актив анықтамаларына сәйкес келсе;
ә) белгі- өлшемдерге сай келеді және мынандай жағдайда есепке
тіркеледі:
- субъектінің осы активке тікелей байланысты болашақта
күтілетін экономикалық пайда алу ықтималдығы жоғары болса;
- актив құны күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;
- материалдық емес активтерді тану сәтінде олардың бастапқы
құн бойынша бағаланғанында.
Материалдық емес активтердің бастапқы құны оларды сатып алу
құнына тең болады, бүған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін
жағдайға (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және
т.б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.

Материалдық емес активтерді жіктеу
Ұйымның материалдық емес актив объектілерін қабылдау –тапсыруды
құжатпен рәсімдеу үшін толық атауы, оның ұйымға берілген ай-күні, жылы
(ұйымда жасалған ай-күні, жылы), объектінің сипаттамасы, оның құны,
амортизация нормасы және басқа қажетті мағлұматтар көрсетілуі тиіс.
Материалды емес актив объектілерін қабылдауды рәсімдегенде акт
материалды емес актив объектісінің әрбір объектісіне бір данадан жасалады.
Материалды емес активтердің бірнеше біртектес объектілерін қабылдауды
рәсімдейтін жалпы акт жасауға болады. Акт рәсімделгеннен кейін материалдық
емес актив объектісін немесе оны қолдануды жүйелеп баяандайтын құжаттама
немесе осы объектіге қатысты ұйымның сондай және т.б. мүліктік құқықтарын
растайтын құжаттар тіркеліп, ұйымның бухалтериясына беріледі, оған бас
бухалтер қол қояды және ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға бекітеді.
Басқа ұйымға материалдық емес активтерді бергенде (сатқанда) акт екі дана
болып жасалды, тапсыратын ұйым және материалдық емес активтер есебі
карточкасында тиісті жазба жасалады.
Ұйымның пайдалануы түскен материалдық емес активтердің барлық
түрлерінің есебі үшін қолданылады. Материалдық емес актив объектілеріне
жатқызу тәртібі мен олардың құрал заңдарымен нормативті актілермен
реттеледі.
Бухгалтерияда әрбір объектіге карточка жүргізіледі. Форма кіріске
алынуға арналған құжат, материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру және
басқа құжаттама негізінде бір дана болып толтырылады.
Материалдық емес активтерді мынадай түрлерге бөліп, жіктеуге
болады:
• лицензиялық келісімдер – кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе
муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті моноплиялық пайдалануға
(электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдлануға және т.б.) беретін
құқықтар;
• бағдарламамен қамтамасыз ету, ол әлде сатып алынады, не болмаса
субъектінің өзі жасайды және сыртқы немесе ішкі мақсаттарға арналады;

• патенттер – заңды түрде танылған және тіркелген айрықша құқ-тар.
Патенттер белгілі бір өнімді шығаруға, не болмаса арнайы ерекше
процесс пен технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді;
• ұйымдастыру шығындары (қалдырған шығындар) - субъект шеккен шығындар,
олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар болашақ
кезеңдерге (ұйымның-мекен тұрақты ауыстыруына байланысты шығындар,
ұзақ мерзімді алдын ала төлеу - бірнеше жыл бұрын аванс болып
төленетін) сақтандыру;
• гудвилл – субъектінің жағымды сипаттамасына байланысты сатып алушының
сауда сәтінде пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік
балансында сатылым (субъектінің тұтастай алғанда құны) мен таза
активтердің жеке-жеке нарықтық құн сомасы арасындағы айырма ретінде
анықталады. Есеп мақсаттары үшін гудвилл фирманың алған нақты бағасы
мен таза активтерді сәйкес теңестірілген әділ нарықтық бағасы
арасындағы айырма ретінде қарастырылады. Таза капитал: “капитал минус
міндеттемелер” болып анықталады;
• басқадай (авторлық құқықтар –шығарма, әзірлеме т.б. авторларға заңмен
берілетін қорғау формалары, сауда маркалары немесе тауарлық белгілер –
ұйымға, өнімге, (көрсетілген қызметке) берілген, атаулар, рәміздер
немесе сәйкестендіруді білдіретін басқалары); франшизалар –
мемлекеттік меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе коммуналдық
қызмет көрсету және т.б. үшін үкіметтік органдар береді.

Материалдық емес активтерді бағалау
1. Басқа кәсіпорындар мен адамдардың ақыға сатып алынған материалдық емес
активтер есепте оларды сатып алуға жүмсалған нақты шығындардың
сомасымен көрсетіледі.
2. Кәсіпорындарға өтеусіз келіп түскен материалдық емес активтер сараптау
жолмен бағаланады.
3. Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшылардан келіп түскен
активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша
көрсетіледі.
Материалдық емес активтердің келіп түсуі мен шығуы бір данадан
жасалған № 1 – нысанындағы “Материалдық емес активтерді қабылдау- өткізу
актісінде” көрсітіледі.
Актіде мыналар көрсетіледі:
1. Материалдық емес активтердің дәл атауы.
2. Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен ) күні.
3. Объектінің сипаттамасы.
4. Бастапқы құн.
5. Амортизация нормасы.
Материалдық емес активтер басқа кәсіпорынға табыс етілгенде
(сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт екі данада жасалады: өткізуші және
қабылдаушы кәсіпорындарға. 2700 бөлімшесінің шоттары бойынша талдамалы есеп
материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық
карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін
материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда
мыналар келтіріледі:
а) материалдық емес активтердің атауы;
ә) ай басында және соңындағы қалдықтар;
б) ай ішіндегі қозғалысы.
Есеп компьютерленген жағдайда осындай принциппен машинограмма
жасалады.
1.2. Материалдық емес активтердің түсуі мен құрылуын есептеу

Материалдық емес активтер мыналардың нәтижесінде алынады:
• сатып алулар
Мысалы. Бағдармалық қамтамасыз ету алынды:
а) нақты өзіндік құнға:
2730 “Өзге материалдық емес активтер” шот дебеті
3310 “Жеткізушілер мен мердегерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек” шот кредиті
ә) ҚҚС сомасына:
60 000
1420 “Қосылған құн салығы” шот дебеті;
3310“Жеткізушілер мен мердегілерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек”
(15%)
9 000
б) объектіні дайын жағаға дейін жеткізу бойынша шыққан шығындар
сомасына:
2730 “Өзге материалдық емес активтер ”шот дебеті;
3350 “Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек”,
3150 “Әлеуметтік салық ”,
4240 “Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері”
8 000

• жарғы капиталына салымдар – материалдық емес активтер тараптардың
шартпен белгіленген бағасы бойынша есепте көрсетіледі:
1. Жарияланған капитал сомасына:
5020 “Төленбеген капитал” шот дебеті
5000 “Шығарылған капитал”, 5000 “Шығарылған капитал”,
5010 “Жарияланған капитал”
1 000 000
2. Жарғыда көрсетілген, салынған материалдық емес активтердің келісім-
шарттық құны
2730 “Өзге материалдық емес активтер”шот дебеті
5020 “Төленбеген капитал” шот кредиті
400 000
• Кәсіпорындардың бірігу нәтижесінде ие болу - материалдық емес
активтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады, егер оны
күмәнсіз сенімділікпен бағалау мүмкін болмаса, онда актив жеке
материалдық емес болып танылмайды, алайда гудвиллге енеді; өйткені
жақсы іскерлік бедел, қолайлы мекен-тұрақ бар, тауар нарықта жақсы
белгіленген бағасы бар және т.б.
Мысалы. 8 000 000 теңге бұйым сатып алынды, активтің өзіндік құны
6 000 000 теңге.
1. Активтің нақты құн сомасы:
3210 “Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер” шот дебеті
1040 “Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты” шот кредиті

6 000 000
2. Гудвилл сомасына:
2710 “Гудвилл” шот дебеті
1040 “Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты” шот кредиті

2 000 000
3. Қосылған кезде:
Барлық активтердің дебеті
4240 “Өзге ұзақ мерзітді бағалау міндеттемелер” шот кредиті
6 000 000
Сатып алынған активтердің әділ құны фирманың сатылым бағасынан
(сатып алынатын субъект үшін бұл – пайдалы мәміле) артса, сатылым бағасы
табылады және теріс гудвилл деп аталады. Кез келген гудвилл фирма алған
активтердің құндылықтарын азайту үшін пропоционалды бөлінуге тиіс. Мұндай
жағдайда теріс гудвиллді болдырмау үшін материалдық активтердің құндылығын
азайту қажет:
• мемлекеттік жәрдем ақша (субсидиялар) есебінен шығындардың нақты
сомасына (бағдарламамен қамтамасыз ету):
2730 “Өзге материалдық емес активтер”шот дебеті
6140 “Инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан алынатын кіріс”
шот кредиті
Есепті жыл соңында кірістер жиынтық табысты арттыру үшін есептен
шығарылады:
6140 “Инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан алынатын кіріс”
шот дебеті
5410 “Есептік жылдың пайдасы (залалы)” шот кредиті;
• айырбас- ұзақ емес активке айырбастау нәтижесінде алынған материалдық
емес активтердің бастапқы құны алынған немесе төленген ақшалай қаражат
сомасына түзетілген, айырбасқа алынған активтің өткізу құны бойынша
мойындалып, танылады.
Тауарлық белгі алынды:
а) келісім-шарттық құнға:
2730 “Өзге материалдық емес активтер” шот дебеті
3310 “Жеткізушілер мен мердегерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек” шот кредиті
100 000
ә) ҚҚС сомасына:
1420 “ҚҚС салығы” шот дебеті
3310 “Жеткізушілер мен мердегерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек” шот кредиті
16 000
Айырбасқа берілген бағдарламамен қамтамасыз етудің нақты өзіндік құны
есептен шығарылады:
7410 “Активтердің шығуынан алынатын шығыстар” шот дебеті
2730 “Өзге материалдық емес активтер” шот кредиті
60 000
Сатып алушыға шот ұсынылды:
а) берілген бағдарламамен қамтамасыз етудің келісімшарттық
құнына:
2110 “Сатып алушылармен тапсырушылардың ұзақ мерзімді берешегі” шот
дебеті
6210 “Активтердің шығуына тиісті кірістер” шот кредиті
80 000
ә) Келісім-шарттық құнынының 15% ҚҚС сомасына:
2110 “Сатып алыушылармен тапсырушылардың ұзақ мерзімді берешегі” шот
дебеті
3130 “ҚҚС салығы шот кредиті”
12 000
Айырма сомасына аударылды:
3310 “Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек”шот дебеті
1040 “Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты” шот кредиті

24 000
Өзара талаптарды қоса есептеу жүргізіледі:
3310 “Жеткізушілер мен мердігерлер қысқа мерзімді кредиторлық берешек”
шот дебеті
2110 “Сатып алушылар мен тапсырушылардың ұзақ мерзімді берешегі” шот
кредиті
92 000
Ұқсас материалдық емес активке айырбастау нәтижесінде алынған
материалдық емес активтің бастапқы құны айырбас активінің баланстық құны
бойынша танылады және табыс әкелмейтін мәміле болып саналады:
2730 “Өзге материалдық емес активтер” шот кредиті;
• субъектінің өзі жасаған материалдық емес активтердің бастапқы құны іс
жүзінде нақты тікелей және қосымша шығындар сомасы бойынша танылады,
олар материалдық емес активтерді мойындау өлшемдері мен анықтамасына
материалдық емес баптардың сәйкес келген сәтінен бастап шеккендерін
белгілеу бойынша қолдануға арналған активті жасау мен әзірлеу үшін
байыпты, ақылға қонарлық негізінде таратылуы мүмкін. Материалдық емес
бапты жасауға кеткен шығындар анықтама мен өлшемдерге сәйкес келетін
сәтке дейін активтің бастапқы құнына кірмейді және кезең шығындары
болып танылмайды.
Материалдық амес активтерді құрған кезде барлық жұмыстар
зерттеулер мен әзірлемелер сатыларынан құрылады.
Зерттеулер сатысы – жаңа ғылыми немесе техникалық білім үшін
әрекеттелген, талап қуып, алдын-ала қам жасаған, жоспарлаған ізденістер.
Бұл сатыға мыналар жатады: жаңа білім алуға бағытталған зертханалық
зерттеулер жаңа зерттеу олжасын немесе басқа білім іздеу; болашақ өнім
немесе өндірістік нұсқаларды жасау мен ұғымын тұжырымдау.Зерттеу сатысында
субъект болашақта экономикалық пайда әкелетін материалдық емес активтер бар
екендігін айқара ашық көрсете алмайды, сондықтан мұндай шығындар кезеңнің
шығындары болып танылады.
Зерттеу сатысында шығындар қалай көрсетілген қарастырайық:
зерттеу жұмыстарына шығындар шықты (қызметкерлерге еңбекақы есептелді
еңбекті өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымы және басқа шығындар
жасалды):
7210 “Әкімшілік шығыстар” шот дебеті, 7110 “Өнімдерді сату және
қызметтер көрсету бойынша шығыстар” шоттарының дебеті
4230 “Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау
міндеттемелері”, 3150 “Әлеуметтік салық”, 3390 “Өзге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек” әттүрлі шоттар кредиті
7000
Әзірлеме сатысы – ғылыми-зерттеу ізденістерінің немесе басқа
ілімдерінің нәтижелерін жаңа немесе түпкілікті жетілдірілген процестерді,
материалдарды, өнімдерді, жүйелерді және көрсетілген қызметтерді
жоспарлауға немесе әзірлеуге ауыстырып, көшіру. Бұл сатыға мыналар жатады:
тәжірбиелік үлгілер мен модельдерді жобалау, құрастыру және тестілеу, жаңа
технологиямен құрал-аспаптарды, қалыптарды пішіндер мен штамтарды жобалау;
комерциялық өндіріс үшін экономикалық қондырғыларды жобалау мен пайдалану;
таңдалған баламалы материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, процестерді,
жүйелерді немесе көрсетілген қызметтерді жобалау, құрастыру және тестілеу.

2-тарау. Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес
активтерді түгендеудің есебі
2.1. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу

Кәсіпорындардағы материалдық емес активтер өздернің пайдалануы
барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға
дейін, яғни кәсіпорында пайдаланған уақыт аралығында пайда әкелу қажет.
Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалану кәсіпорын табыс таппайтын
болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және мұндай
жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы
ұйымның зияны болып табылады.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтерді пайдалану барысында
олардың құнының бір бөлігі ай сайын, яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс
шығындарына қосылып отырады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына
амортизациялық аударым есептеліп тұрады. Амортизациялық аударым (өтелім)
мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану
мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі
кәсіпорының қызмет атқаратын уақытынан аспау керек. Егер материалдық емес
активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда,
амортизациялық аударым он жылға есептеледі. Бірақ ол ұйымның қызмет атқару
уақытынан аспауы керек. Жалпы материалдық емес активтердің тозу
бухгалтерлік есеп шоттар жоспарының:
“Материалдық емес активтердің амортизациясы” - деп аталатын
шоттарында жүргізіледі.
Ал оларға ай сайын есептелініп отырылатын амортизациялық аударым
сомасына:
Дт: “Тауарларды сату жөніндегі шығындар”,
“Жалпы әкімшілік шығындар”,
“Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің

амортизациясы” деп аталатын шоттардың тиісті Кт: “Материалдық емес
акттивтердің амортизациясы” түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу 6 - “Негізгі
құрал-жабдықтар есебі” БЕС-на (Бухгалтерлік есеп стандартына) белгіленген
тәсілдер жолмен анықталады, бірақ қолданылатын тәсіл активті қолданудан
түскен экономикалық пайданы тұтыну үлгісін көрсереді. Егер экономикалық
пайданы тұтыну үлгісін анықтау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдық емес активтер аудиті туралы
Материалдық емес активтер аудиті
Материалдық емес активтер. Материалдық емес активтердің есебін құжаттау
Қысқа мерзімді активтер. Қысқа мерзімді міндеттемелер
Шаруашылық есептің түрлері
Активтердің құнсыздануы кезінде өтелетін соманы бағалау
ЖШС ЖЕДЕЛ БАСУ БАСПАХАНАСЫ қаржылық есептілігін талдау
Кәсіпорынның қаржысын басқаруда қаржы есептілігін қолданудың экономикалық маңызы
Кәсіпорынға сипаттама және онда ұзақ мерзімді активтер есебінің жағдайы
Материалдық емес активтердің есебін құжаттау
Пәндер