Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес дамуын жетілдіру жолдары


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І ШАҒЫН БИЗНЕС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ . . . 5
1. 1 Шағын бизнестің экономикалық мәні және оның экономикада алатын орны . . . 5
1. 2 Қазақстан Респуликасында шағын бизнесті мемлекет тарапынан қолдау . . . 9
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕС ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 15
2. 1 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қазіргі кездегі даму тенденциясы . . . 15
2. 2 ҚР шағын бизнестің болашақ даму мәселелері және оларды шешу жолдары . . . 18
2. 3 Шағын бизнесті дамытудың шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мәселесі . . . 26
Қорытынды . . . 32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 34
КІРІСПЕ
Мемлекеттің Қазақстан 2030 ұзақ мерзімді стратегиясына және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы «2006 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары» үндеуіне сәйкес экономика аймағындағы басты міндет ретінде экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына қол жеткізу қойылған. Бұл мақсатты іске асыру көбіне шағын кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты. Себебі ол нарық конъюнктурасының өзгеруіне тез сезіну, айналым қаржыларын жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру прогрессивті жаңа идеяларды жүзеге асыру, мөлшері жағынан аз ғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру тұтынушыларға жақын орналасу және жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, ғылыми - техникалық прогресстің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік қазіргі қоғамның саяси тұрақтылықтың негізі - орташа топтың пайда болуына әлеуметтік экономикалық алғышарттар құрады.
Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты орындардамыз. Бірақ осы ЖІӨ-нің үлесінде шағын бизнестің үлес салмағының басым болуы сол елдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етеді. Ал Қазақстанда ЖІӨ-де шағын бизнестің рөлі бүгінгі таңда 30%-дан ғана асып отыр. Ал Елбасымыздың кезекті Жолдауында шағын бизнестің ЖІӨ-гі үлесін алдағы жылдары 60%-ға дейін жеткізу керектігін баса атап өтті. Осы аталған шағын бизнестің үлесін арттыру еліміздегі басты мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан экономикалық дамудағы және халықты әлеуметтік жұмыссыздық мәселесінен алып шығудың маңызды жолы болып отырған шағын бизнесті макроэкономикалық талдаудың маңыздылығы жоғары болып отыр.
Осыған байланысты курстық жұмыс тақырыбы «Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы» деп алынды.
Шағын бизнестің артықшылықтары және Республикамызда оның дамуының жетілмегендігі курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін ашады. Республика бойынша, соның ішінде жеке салаларда шағын кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін тиімді механизмінің болмауы оның қызметін тежеді. Бұл механизм басқару, салық, қаржы - несиелік саясатты, кеден заңдарын, инфрақұрылым және т. б. мәселелерді қамтиды. Еліміздің экономикасы шағын кәсіпкерлік дамуының жетілдіру жолдарын қажет етеді.
Жұмысты орындаудағы мақсат болып Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлктiң қалыптасу мәселелерi мен даму болашағын қарастыру.
Міндеттері:
- шағын кәсіпкерліктің даму проблемаларын анықтау;
- Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің даму тенденциясын қарастыру;
- шағын кәсіпкерліктің қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қорыту және оны Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайында қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
Курстық жұмысты жазу барысында теориялық және тәжірибелік негіздеме ретінде оқулықтар, заңдар, бюллетендер, Салық кодексі, интернет т. б. ақпарат көздері, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігінің мәлеметтері мен баяндамалары қолданылды.
Курстық жұмыс екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер көздерінен тұрады.
1 ШАҒЫН БИЗНЕС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
1. 1 Шағын бизнестің экономикалық мәні және оның экономикада алатын орны
Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға өту кезінде шаруашылықтың әртүрлi формаларын ұйымдастыруда оның ең маңызды бөлiгi шағын кәсiпкерлiк болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын және орта бизнес- маңызды роль атқарады. Өйткенi ол қоғамның алѓа жылжуының бiрден-бiр тетігі болып табылатыны сөзсiз. Шағын бизнес iрi бизнеске қарағанда нарыққа тез бейiмдi, өзгермелi жағдайларға байланысты икемдi, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндiрiс секторларында жұмыс iстеуге қабілеттi.
Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев кәсіпкерлердің оныншы форумында, елде жеке кәсіпкерліктің көпшілікпен мақұлданған анықтамаларының болмауын, орташа және ірі кәсіпкерліктің алдына дейін өңделген сандық және сапалық бағалау өлшемдерінің критерилерінің, шағын кәсіпкерліктің соңына дейін ойластырылған ұғымдық ақпаратының жоқтығын атап өтті. Және шағын кәсіпкерліктің мәнін анықтауда алдымен «кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін ашып айқындау, содан кейін ғана «шағын кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін нақтылау керек, деді.
Кәсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық экономикалық теорияға, неоклассикалық теорияға, кейнсианстік, необерализмге және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге негізделген әр түрлі бағыттар тән.
Ғылыми термин түсінігінде «кәсіпкер» экономика теориясына тұңғыш рет VIII ғасырдағы атақты ағылшын экономисті, банкирі Ричард Кантильон енгізді. «Кәсіпкер - бағаның тұрақсыздығы мен сату болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сатып алу мен сату процесстеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле бермейтін адамдар. Ең басты ерекшелік - тәуекелділік» - деген.
Кәсіпкерлік ұғымын зертеуге тұңғыш ден қойғандар «саяси экономиканың» ғылым ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия мектебінің өкілдері. Негізін салушы Ф. Кенэ (1694-1774) . Ол былай деген : «Жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкер қоғамдық өнімді өткізуде басты роль атқарады».
ХХ ғасырдың басындағы капиталистік елдер экономикасының шапшаң өсуі және ғасырдың отызыншы, жетпісінші жылдардағы әлемдік дағдарыстар кәсіпкерлікке қатысты жаңа баптардың пайда болуына әкелді. Мұнда әйгілі экономист Йозеф Шумпетерді атап өту керек. Й. Шумпетер кәсіпкерлер деп әр түрлі комбинацияларда экономикалық жаңашылдықпен айналысатын адамдарды атады. Оның пікірі бойынша, кәсіпкерлік қызмет адамға мәңгілік бекітілмеген, ол оның жеке қасиеттеріне байланысты. .
А. Смит шағын кәсіпкерлік пен кәсiпкер туралы төмендегідей жазған екен: « . . . ол тек өзінің жеке қызығушылығын, өзінің жеке пайдасын ғана ойлайды және де көрінбейтін қол арқылы жоспарланбаған мақсаттарына жетеді. Қоғамға қызмет етемін деп ойлаған кезден гөрі, өзінің жеке пайдасын ойлаған кезде, қоғамға көбірек пайда алып келеді.
Осылайша ғасырлар бойы кәсіпкерліктің теориялық негіздемелері дамып отырды. Сонымен мынадай қорытынды жасауға болады: «Кәсіпкерлік - бұл, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін - өзі ұйымдастыру және өзін - өзі жаңарту процесі.
Қазіргі таңда кәсіпкерлікті жандандыру процесі экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардың жоқтығымен; нормативті - құқықтық базаның жетілдіруімен, коррупциямен, тікелей шаруашылық - коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен; капиталдық тапшылығымен; шаруашылық жүргізуші субъектілердің, моральды және табиғи тозған материалдық базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде.
Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан Республикасында заңдылық негіздері 1990 жылдардан құрала бастады. Бұл бизнес түрінің дамуына заңдар қабылданды, сонымен қатар заңдылық және басқа да нормативті құқық актілері қабылданып, іске асуда. Сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуы дамуы туралы түрлі сұрақтар қамтылуда, ол: шаруашылық серіктестерінің дамуы, акционерлік қоғам; тұлғалық кәсіпкерлік; лицензиялау, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т. б.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік көптеген түрде дамуда. Қызметтің туындауына қарай - өндірістік, коммерциялық, қаржылық, меншік сипатына қарай - жеке меншік, біріккен; ұйымдастыру нысаны бойынша - тұлғалық, ұжымдық (серіктестік, АҚ) ; шаруашылық субъектілері бойынша - ірі, орта және шағын болып бөлінеді. Кәсіпкерлік түрлері 1 суретте берілген.
Өндірістік кәсіпкерлікке - тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау т. б. бағытталған қызметтер жатады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке - қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар ақша қатынастары, тауар айырбастау
операциялары жатады.
Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, сондықтан оның сатып алу, сату айрықшылығы - ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т. б. ) яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі.
Мемлекеттік кәсіпкерлікті, әсіресе шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау түрі кең ауқымды жүріп жатыр.
Нарықтың әр түрлі аймақтарын жеңіп алу және көптеген елдердегі шағын кәсіпкерліктің әлемдік нарықта өркендеуі, экрномиканың осы сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерін мақсатты түрде мемлекеттік қолдау ұлттық экономикадағы ролі мен орнын анықтауда қызығушылық туғызады.
Шағын бизнестің нарық жағдайында алатын орны зор. Мысалы Мәскеу мемлекеттік Университетінің еңбегі сіңген профессоры В. А. Рубе шағын кәсіпкерлік «кәсіпорын иесінің еңбекке және кәсіпорынды басқаруға қатынасымен, оның персоналмен қарым - қатынасқа түсу дәрежесімен анықталады деген. Және оның пікірі бойынша, шағын кәсіпкер бір тұлғада меншік иесі және басқарушы, сонымен бірге өндіріс процессінің тікелей қатысушы, әрі басқа жұмыскерлермен әрқашан байланыста болады. Бұл пікір мен келісуге болады.
Халықаралық банктің мәліметтері бойынша кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу көрсеткіштерінің саны 50- ден асады. Соның ішінде көп қолданылатыны - жұмыс істейтіндердің орташа саны, жылдық айналым, активтер шамасы. Бірақ барлық дамыған елдерде негізгі көрсеткіш ретінде жұмыс істейтіндер саны алынады.
Құрамына экономикасы жоғары дамыған елдер кіретін халықаралық экономикалық байланыс және даму ұйымы (ОЭСР) саны 19 - ға дейін - «өте шағын», 99 - ға дейін - «шағын» ретінде, 100 ден 499 адамға дейін - «орташа» және 500 - ден аса - «ірі» деп кәсіпорындарды анықтайды.
Қазақстан Республикасының «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сәйкес Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар
және қызметкерлернің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын активтердің жалпы саны алпыс мың еселенген есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Яғни шағын кәсіпкерлік субъектілері 2 критерий бойынша анықталады: жұмыскерлердің орташа саны және активтердің жалпы құны.
Шағын бизнестің рөлі туралы айтатын болсақ, шет ел тәжірибесіне сүйене отырып, шағын кәсіпкерлік дамуы келесі мәселелерді сәтті шешудің маңызды факторы болып табылады:
- тұрғындардың тауарға (жұмысқа, қызметке) деген қажеттілігін
жақсы қамтамасыз етілуіне әсерін тигізетін бәсекелестік өркениетті нарықтық қатынастар құру;
- ассортиментті кеңейту мен тауарлар, жұмыстар, қызметтер сапасын көтеру. Тұтынушылар талаптарын қанағаттандыруға талпына отырып, шағын кәсіпкерлік тауарлар сапасының және қызмет көрсету мәдениетінің көтерілуіне септігін тигізеді;
- тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің нақты тұтынушыларға жақындауы;
- экономиканың құрылымдық қайта құрылуына себеп болу, шағын кәсіпкерлік экономикаға иілімділік, мобильдік, моневрлік сипат береді;
- өндірісті дамытуға тұрғындардың өз қаржысын тарту, шағын кәсіпорындарда сыбайластар ірі компанияларға қарағанда іске үлкен қызығушылықпен салады;
- қосымша жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейін қысқарту;
- ірі өндіріс белгілі шектеулер қоятын тұрғындардың бөлек топтарын, атап айтқанда зейнеткерлерді, мүгедектер, оқып жүргендер, үйде отырған әйелдерді еңбекке жұмылдыру;
- ғылыми - техникалық прогресті жетілдіру;
- жергілікті шикізат көздері мен ірі өндіріс қалдықтарын игеру және пайдалану;
- ірі кәсіпорындар қызметіне жабдықтаушы ұйымдар, остнаскалар шығару мен қосымша және қызмет көрсететін өндірістер құруға көмектесу;
- мемлекетті рентабельділігі төмен және шығынды кәсіпорындардан олрды жалға алу мен сатып алу есебімен бастау.
Шағын бизнестің осы және тағы басқа экономикалық, әлеуметтік функциялары оның дамуын мемлекеттің маңызды мәселелері қатарына қояды.
Қазіргі кезде шағын кәсіпорындар дамып, экономикадағы позицияларды жеңіп алуда, ірі бизнестің серіктері болды. Бұл инновациялық ұғым - кластерге тән. Сонымен қоса, барлық елдер мемлекеттері шағын кәсіпкерліктің дамуын қолдау мен ынталандыруда.
Экономикасы дамыған және дамушы елдерде шағын кәсіпкерлік ең алдымен экономиканың маңызды сфераларының бірі, ал қоғамда өтетін барлық процестермен кешенді дамуы, орташа және ірі кәсіпкерлікпен тығыз байланысты. Берілген елдер Үкіметі, әр түрлі формаларда және түрлерде көрінетін, шағын кәсіпкерліктің дамуына белсенді қолдау көрсетеді.
Елде отандық кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін инновациялық қызметті енгізу мен, өнім экспортымен байланысты. ШКС жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай дамыту және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті, субмердігерлік және лизингті белсенді қолдау үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде шағын кәсіпкерлік ұлттық экономикада елеулі рольді атқара бастайды.
1. 2 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті мемлекет тарапынан қолдау
Шағын бизнесті қолдаудың негізгі мақсаты - олардың әлеуметтік - экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің құрылымы 3 деңгейде қалыптасады:
- республикалық;
- аймақтық;
- жергілікті. .
Біздің мемлекетімізде, кәсіпкерліктің, шағын бизнестің ролі күннен-күнге арта түсуде. Біздің экономикамызда кәсіпкерліктің мынандай міндеттерін шешу жүктелген:
- аймақтағы шикізат түрлерін қолдана отырып, аса маңызды капитал салымын үлкейтпей-ақ қызмет, тұтыну тауар өндірісін кеңейту;
- аса ірі кәсіпорындардан босап қалған жұмысшыларға жаңадан жұмыс орнын құру;
- ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату;
- қылмысты бизнес түрлеріне және т. б. оңды альтернатива құру.
Кәсіпкерлік өз қызметінде дамуын баяулайтын көптеген жағдайлармен кездеседі. Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңіндегі қандай маңыздылығын ескере отырып, басшылық құрылымы кәсіпкерлікті қолдамауға бара алмайды.
1997 жылы „Мемлекет тарапынан шағын бизнесті қолдау” туралы Парламентпен қабылданған Заң Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына маңызды бастапқы қадам болды.
Кәсіпкерлік келесідей кепілдіктер алды:
- кәсіпкердің шаруашылық қызметіне мемлекеттік органның қызметтік тұлғалары дәлелсіз істеріне кірісу құқықтары жоқ.
- казақстан Республикасының заңында басқа жағы қарастырылмаса, онда мемлекеттік тексеріс органдармен кәсіпкерлердің қаржа-шаруашылық қызметін жылына бір реттен көп тексерілмейді.
Заң қазақстандағы өндірістің, кәсіпкерліктің дамуына ыңғайлы жағдай құрумен қатар, ХХІ ғасырда технологиялық дамудың негізін құрайды.
шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік негізгі бағыттарына мыналар жатады:
- шағын бизнес субъектілеріне мамандандырылған кадр жүйесін дайындау, қайта дайындауды жоғарылатуды ұйымдастыру;
- шағын бизнес субъектілеріне мемлекеттік қаржы, статистикалық, материалды-техникалық және ақпарат құралдары, сонымен қатар ғылыми-техникалық, технология қолдануда жеңілдіктер жасау;
- шағын бизнес субъектілерін мемлекттік тіркеуді, қызметтерін лицензиялау, өнімдерін куәліктендіруді жеңілдете түрде орнату;
- салық жүйесін, кеден салымдарына жеңілдік салу;
- шағын бизнес субъектілерін инвестиция, шетел инвестицияларын тарту жүйесін құра отырып оны дамыту, қолдау;
- шағын бизнес субъектілердің сыртқы экономикалық қызметін қолдау, сонымен қатар оның сауда, ғылыми-техникалық, өндірістік және басқа да шетел әріптестерімен байланысын қолдау;
- қаржы көздерін анықтай отырып шағын бизнес субъектілерді арнайы программасын құру.
Шағын бизнесті дамыту қызмет ұйымының комиссиясы Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдары кіреді. .
Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың алты мемлекеттік бағдарламаларын (1991-1994ж. ж., 1994-1996ж. ж. ж, 1999-2000ж. ж. ж, 2002-2003ж. ж., 2005-2007ж. ж., 2007-2009ж. ж. ) жасалды. Оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторда қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі рыногы құрылды және шағын бизнесті қоладудың және дамытудың институционалдық шаралары айқындалды.
Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамытудың және қолдаудың 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Ремспубликасының 2007 жылға дейінгі кезеңге арналған Даму стратегиясын және „шағын бизнесті мемлекеттік қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 қазанындағы Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында берген тапсырмаларын іске асару мақсатында әзірленген болатын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде одан әрі белсенді жұмыс жүргізуді көздейді. шағын бизнес саласын дамытуда бизнестің тиімділігіне кедергілерді жою үшін атқарушы органдар қабылдайтын шешімдірдің әсерін бағалау және осы процесске кәсіпкерлермен олардың қоғамдық ұйымдарын тарту жолымен қамтамасыз ету болжанған болатын.
Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің мемлекеттік органдарының экономикалық және әлеуметтік саяси саласында шешімдерді әзірлеуіне барынша қатысу үшін Үкіметтің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес шағын бизнесті қолдау мен дамыту мәселелері жөніндегі сарапшы кеңестердің қызметі жандандыруды көздеген болатын. Осындай кеңестер жұмысының негізінде норматив тік құқықтық актілерді әзірлеу мен ұсынымдар дайындау мемлекеттің экономикалық саясатты барынша тиімді жүргізуіне мүмкіндік береді.
Бағдарламаның мақсаты- неғұрылым көп қосылған құны бар жоғары жаңа технологиялық өндірістерді құруға бағдарланған шағын бизнесті дамыту есебінен орташа топты қалыптастыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
- шағын бизнеске салық әкімшілігін жүргізу жүйесін жетілдіру;
- шағын бизнестің несие ресурстарына қол жетімділігін жеңілдету;
- шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес инситутардың тиімділігін арттыру;
- кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді оңтайландыру;
- шағын кәсіпкелікті қолдаудың бірыңғай білім беру және кәсіпкерлікті тиімді ақпараттық-әдістемелік қолдау жүйесін құру;
- кәсіпкерлік мәселелері бойынша норматив тік құқықтық базаны жетілдіру.
Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оң іске асыру тетіктері:
- шағын бизнеске салық-әкімшілігін жүргізу жүйесін жетілдіру.
- шағын бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау жүйесін дамыту.
- шағын бизнестің инфроқұрылымын дамыту.
- шағын бизнесті оқыту, ақпартаттық, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және насихаттау.
- кәсіпкерлік мәселелрі бойынша норматив тік құқықтық базаны жүйелеу және жетілдіру.
Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа: кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конституциялық құқықтарының шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізілді, ол үшін мемлекет қажетті жағдайларды жасады.
Шағын бизнесті реттеудің нормативтік құқықтық негзі құрылды.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жекелеген бөлімінде салық жүктемесін айтарлықтай төмендететін және салық салу жүйесін, соның ішінде шағын бизнес субъектілеріне, шаруа фермер қожалықтарына, заңды тұлғалар - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қатысты оңайлататын арнайы салық режимдері көзделді. Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі бір жолға талаптардың, патентердің және оңайлатылған декларацияның негізінде айқындалады. 2005-2006 жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының салық кодексі не шағын бизнес субъектілері үшін салық ауыртпалығын одан әрі төмендетуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Мемлекеттік бағдарлама көзделген іс-шаралар жоспарын іске асару үшін жыл сайын республикалық бюджеттен 159, 12 млн. тенге көлемінде қаражат бөлініп жатыр.
Бағдарламаны іске асару кезеңінде кәсіпкерлікті қолдаудың ақпараттық желісімен 400 мыңға дейін шағын бизнес субъектілері қамтылуы тиіс. Бағдарламада көзделген шараларды нақтылы іске асару нәтижесінде: шағын бизнес субъектілерінің саны 550 мыңға дейін, оның ішінде: 2006 жылы - 510 мыңға дейін; 2007 жылы - 530 мыңға дейін; 2008 жылы - 550 мыңға дейін; шағын бизнесте жұмыс істейтіндердің саны 2006 жылы - 1, 4 млн. адамға дейін; 2007 жылы - 1, 5 млн. адамға дейін; 2008 жылы - 1, 6 млн. адамға дейін; ЖІӨ құрылымындағы шағын бизнестің үлесі 27 %-ға дейін оның ішінде: 2006 жылы - 23 %-ға дейін; 2007 жылы - 25 %-ға дейін; 2008 жылы - 27 %-ға дейін ұлғайту қарастырылған болатын.
Кәсіпкерлер жиі кездесетін нарықтық инфрақұрылым объектісі - бұл бизнес - инкубаторлар. Қазақстанда бизнес - инкубаторлар жүйесін құру бастапқы қадамда тұр. Қазіргі кезде республикада 50 - ге жуық бизнес - инкубаторлар жұмыс жасауда. Олар жергілікті атқару органдарының инициативасы бойынша шағын кәсіпкерліктідамыту және қолдаудың аймақтық бағдарламасы шегінде құрылған болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz