Құқық жүйесі мен құқықтық жүйелер арасындағы байланыс


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

1. Құқық жүйесі мен құқықтық жүйелер арасындағы байланыс пен өзгешілік

2. Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы

3. Қазақстан Республикасы мен Франция құқықтық жүйесіне салыстырмалы талдау

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Құқық жүйесі мен құқықтық жүйелер арасындағы байланыс пен өзгешілік

Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған қарым-кдтынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік дилектикалық процесс. Осы процесті реттеп, басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.

Сондықтан құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы емес. Ол қоғамның әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық процесі сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп, басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып, құқықтық нормаларды қоғамның объективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылықка құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.

Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері:

Бірінші - құқық қоғамның объективтік-диалектикалық даму процесіне сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтың, қоғамның даму процесін реттеп, басқаруы. Құқық жүйелері субъективтік жолмен қалыптаспайды, сондықтан бұл жүйелер бір-бірімен объективтік тығыз байланыста, қатынаста болады. Қоғамның дамуына жақсы әсер етеді. Егерде қоғам мен құқықтың объективтік байланысы, қатынасы дұрыс дамымаса, қоғам дағдарысқа ұшырайды.

Екінші - құқық қоғамның көп жүйелі, көп салалы әлеуметтік қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей міндетті нормалар.

Құқықтың жүйелері қоғамның әр саласына сәйкес қалыптасып сол саланы реттеп, басқарып отырады. Салық, нормативтік актілер бәрі бірігіп, қоғамдық құқықтың алдындағы тұрған бір саясатты, бір мүдде-мақсаггы орындайды.

Құқық құрылымы. Қоғамдағы барлық нормативтік актілердің мазмұнына сәйкес қалыптасады және сол құқықтық нормалардың қалай іске асуын, қалай орындалу тәсілдері мен әдістерін анықтап отырады. Құқық құрылымының жақсы, дұрыс дамуына қоғамның мемлекеттік құрылысы, саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани, демократиялық даму деңгейі зор әсер етеді.

Қоғамдағы демократия, бостандық, әділеттік, теңдік, әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсы дәрежеде болады. Ал бұл жағдайлардың дәрежесі төмен болса, құқық құрылымы да нашар дамиды. Құқық құрылымы туралы екінші сұрақта толығырақ айтылады.

Құқықтық жүйе. Құқық теориясында құқық жүйесі және құқықтық жүйе деген екі дербестік ғылыми ұғым бар. Жер жүзіндегі барлық мемлекеттердің құқық құрылымы, жүйесінің қалыптасуы, дамуы бірдей - ешқандай айырмашылығы жоқ. Ал, құқықтық жүйенің қалыптасуы, сол арқылы құқықтың тарихи өмірге келуі, дамуы әр елде әртүрлі болады. Өйткені әр елдің тарихи дамуы, ұлттың қалыптасуы, мемлекеттік саяси-экономикалық құрылысы бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан құқықтық жүйелерінің де қалыптасуы, дамуы әр түрлі болады. Мұны жан-жақты зерттеп білу өте пайдалы. Әр елдің құқықтық жүйелерінің жақсы тәжірбиелерін алып, пайдаланып, өз ұлттық құқықтық жүйені жақсы дамытуға болады.

Құқықтық жүйе дегеніміз - әр елдің тарихи, ұлттық ерекшеліктеріне қарай, әдет-ғұрып, дәстүрінде қалыптасатын құқықтық жүйелер.

Құқық құрылымы дегеніміз - құқыктық нормалардың ішкі құрылымы және олардың дамуының, орындалуының әдістері мен тәсілдері.

Құқық жүйесі дегеніміз - құқықтың өмірге келуімен оның жүйе-жүйеге бөлінуінің объективтік заңдылықтары. Құқық жүйесі тақырыптың ең күрделі өзекті мазмұны. Құқық құрылымы мен құқықтық жүйе қоғамдағы құқықты дамыту, нығайту үшін, оның жұмысын жақсарту үшін қалыптасады.

Қоғамның даму процесінде көпшілік қарым-қатынастар өмірге келеді. Сол қатынастарды реттеу, басқару үшін объективтік жолмен құқық жүйелері қалыптасады. Қоғамдағы құқықтың қалыптасу деңгейіне қарай нормативтік актілерді бірнеше салаға, топқа бөледі.

Ең төменгі деңгейдегі бірінші бөлім - құқықтық норма . Бұл деңгейде норма бір қатынастың ішкі мазмұнын, оның, орындалу жолдарын, субъектілердің екі жақты құқық, міндет, жауапкершіліктері көрсетіледі. Өмірде қатынас бір нормамен шектелмейді. Ол қатынастың немесе бірнеше ұқсас қатынастардың толық дұрыс орындалуына бірнеше құқықтық нормаларды біріктіруге тура келеді. Мысалы: азаматтық қатынастар, қылмыскердің құқықтары т. б.

Құқықтық институт - бұл жүйеге бір-бірімен байланысты нормалардың және қоғамдық қатынастардың ұқсастығына қарай реттеп, басқару. Мысалы, азаматтық құқықта меншік, шарттық байланыстары т. б. мәселелері; әкімшілік құқықта лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі, мемлекеттік органдарының қызметтерінің қағидалары мен функциялары т. б.

Құқықтық бөлім - бұл жүйеге құқық саласының бір тарауындағы қатынастарды реттеп, басқару. Мысалы, азаматтық құқықтағы авторлық қатынастарды реттейтін нормалар; еңбек құқығындағы еңбекті қорғау, айлық төлеу т. б. мәселелер жөніндегі нормалар.

Құқық саласы - қоғамдағы барлық нормативтік актілерді жүйе-жүйеге, сала-салаға бөлу. Мысалы, мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, еңбек, қаржы, отбасы т. б. құқықтар.

Құқық - салалық құқықтарды біріктіріп зерттеу, қолдану, пайдалану.

Сонымен, құқық жүйесі өзінің құрамына жеке норманы, құқықтық институтты, бөлімді және құқықтық саланы біріктіреді. Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің негізгі салалары:

1. Мемлекеттік (конституциялық) құқық бұл сала әр елдің қоғамдық және мемлекеттік құрылысын, азаматтардың құқықтық жағдайын, мемлекеттік аппаратты құруын, оның жұмыстарын реттеп, басқарып отырады.

2. Әкімшілік құқық - бұл сала қоғамды, мемлекетті басқару қарым-қатынастарын реттеп, дамытып отырады.

3. Қаржы (қаражат) құқығы - бұл сала әр елдің мемлекеттік қаржы-қаражат көлеміндегі қатынастарды басқарады.

4. Жер құқығы - бұл сала жер, су, өсімдік, табиғат, экологиялық бағыттағы қатынастарды реттеумен шұғылданады.

5. Азаматтық құқық - қоғамның ең күрделі саласындағы мүліктік қатынастарды реттеп отырады.

6. Еңбек қүқығы - азаматтардың еңбек бағытындағы қатынастарын дамытып, реттейді.

7. Жанұялық құқық - осы саладағы ерлі-зайыптылардың, олардың балаларының өзара қатынастарын реттейді.

8. Азаматтық-процессуалдық құқық азаматтардың азаматтық, еңбектік, жанұялық шағым істерін қарағандағы қарым-қатынастарды реттеумен шұғылданады.

9. Қылмыстық құқық - қылмыстық істерді жан-жақты тексеріп, дұрыс шешу барысындағы мәселелермен шұғылданады.

10. Қылмыстық-процессуалдық құқық - милиция, прокуратура, сот т. б. құқық, қорғау аппараттарының қылмыстық істерді тергеу, жүргізу, дұрыс шешім, үкім жасау барысындағы қатынастарды жан-жақты реттеп отырады.

11. Еңбекпен түзеу құқығы - қылмыскерлерді тәрбиелеп, дұрыс жолға салып, қоғамға пайдалы азамат болуын қамтамасыз ету жолындағы қатынастарды қамтиды.

12. Халықаралық құқық - мемлекеттердің арасында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар.

Құқық жүйесі қоғаммен бірге дамып, жаңарып отырады. Қоғамның даму процесінен өмірге келген жаңа қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, құқық жүйелерін, салаларын жаңартып, елдің жақсы дамуына мүмкіншілік жасап отырады.

Бұл процесте ерекше маңызды рөл атқаратын құқық жүйесінің азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық, процессуалдық салалары. Себебі осы салалар қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени негізін құрастырып, дамытады. Сондықтан бұл салалар құқық жүйесінің діңгегі, ұйтқысы, басқа салаларға өзінің әсерін тигізіп, олардың жақсы дамуына жағдай жасап отырады.

Дамыған елдердің тарихында құқық жүйесінің өз ішінде кешенді (комплексный) салалар қалыптаса бастайды. Бұл объективтік, диалектикалық даму процесінің нәтижесі. Мысалы: теңіздік құқық әкімшілік, азаматтық, жер, процессуалдық жүйелерден тұрады. Бұл процесс құқық жүйесінің екі-үш қабатқа айналуы. Жаңа салалар өзінің негізгі жүйелерінен байланысын үзбейді.

Қоғамдағы нормативтік актілердің, жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін оның жүйеге, салаға бөлінуін және олардың бірлестігін мемлекет қатаң түрде бақылап, нығайтып, дамытып отырады. Құқықты жүйеге, салаға бөлудің екі себеп-мақсаты бар: біріншісі - жүйеге, салаға жататын (кіретін) қарым-қатынастардың мазмұнын, негізгі бағытын анықтау; екінші - сол жүйелік, салалық қатынастарды реттеудегі, басқарудағы құқықтық жұмыстардың тәсілдері мен әдістерін анықтау.

Бұл әдіс-тәсілдердің түрлері мемлекет және құқық теориясымен бірге дамып, нығайып келеді. Құқық жүйесінің әр саласының өзіне тән әдіс-тәсілдері бар. Мысалы: қоғамдағы қатынастардың субъектілеріне құқықтық нормалар басым көпшілігіне толық бостандық береді. Өз еріктерімен Құқықтық норма арқылы қарым-қатынас жасап, мүдде-мақсаттарына жетуге мүмкіншілік береді. Субъектілердің екінші тобына құқықтық нормалар тиісті міндеттер жүктейді. Қатынастардағы субъектілердің үшінші тобына құқықтық нормалар шектеулі, нақты тыйым салады. Осы көрсетілген құқық жүйесінің тәсілдері мен әдістері құқықтың барлық салаларында бар.

Құқық жүйесінің тәсілдері мен әдістерін дамытуға, нығайтуға материалдық және процессуалдық құқықпен бұқаралық және жеке тұлға құқықтары көп үлес қосады. Бұлардың нормативтік актілерінің дұрыс, тез, жақсы орындалуында маңызы өте зор.

Материалдық құқық - қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, жақтап, қорғап отыратын нормалар. Мысалы: қылмыстық құқықтық нормалар, азаматтық құқықтық нормалар, әкімшілік құқықтық нормалар т. б.

Процессуалдық құқық - материалдық құқықты калай, қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді. Мысалы: қылмыстық-процессуалдық және азаматтық процессуалдық құқықтарда керсетілген нормалар.

Қоғамның тарихи даму процесінде құқық жүйелері азаматтардың, бірлестіктердің, ұжымдардың, мемлекеттің мүдде-мақсаттарын қорғап, дамытып отырады. Бұл мүдде-мақсаттар екіге бөлінеді: бұқаралық және жеке тұлға мақсаттары. Осы екі мүдде-мақсатқа сәйкес қоғамда бұқаралық және жеке тұлға құқығы қалыптасады.

Бұқаралық құқық - мемлекет бұқаралық және жеке тұлға арасындағы қатынастарды реттеп, басқарады; жеке тұлғаның құқығы - жеке адамдардың арасындағы қатынастарды реттеп, басқарады. Бұл екі құқық бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.

Бұқаралық құқық мемлекеттік билікпен байланысты, оның реттеп, басқаратын қатынастары өте күрделі мәселелерді қамтиды. Өйткені олар қоғамдық мүдде-мақсаттарды іс жүзіне асыру бағытында қызмет атқарады. Бұл топқа көбінесе конституциялық, әкімшілік, қаржылық, қылмыстық, процессуалдық, әскери нормалар жатады. Жеке тұлға құқығы адамдардың және заңды тұлғалардың мүдде-мақсаттарын іске асырады, қорғайды. Бұл топқа азаматтық, еңбек, отбасы, сауда, кәсіпшілік, кооперативтік нормалар жатады. Бұқаралық құқық - мемлекеттік істермен, ал жеке тұлғалар құқығы - жекелік істермен шұғылданады. Жеке тұлғалар құқығы жеке меншікпен тығыз байланыста дамиды. Жеке меншік болмаса жеке тұлғалар құқығы да болмайды. Біздің елде Кеңестік дәуірде жеке тұлғалар құқығы жоқтың қасы болды. Қазіргі нарықтық жүйе қалыптасу кезінде меншіктің неше түрлері өмірге келіп, жеке тұлға құқығын жан-жақты дамытуға мүмкіншілік туды.

2. Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы

Құқық жүйесі объективтік құбылыс. Ол қоғамның диалектикалық даму процесінің объективтік заңдылықтары арқылы өмірге келеді. Бір жағынан, құқықтық нормалар субъективтік жолмен қалыптасады. Екінші жағынан, құқықтық нормалар қоғамның объективтік табиғи даму процесінің тілегіне сәйкес қалыптасып елдегі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп, басқарып жатады. Сондықтан мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды өз бетімен, қалай болса солай қабылдай салмайды. Қоғамның әлеуметтік қарым-қатынастарының даму процесіне сәйкес құқықтық нормалар жан-жақты талқыланып, бекітіледі. Қоғамдық қатынастарды реттеп, басқару процесінде нормативтік актілер сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлініп, дамып жатады. Сөйтіп құқық жүйесі қалыптасады.

Заң шығару жүйесінің өмірге келу жолы басқа. Бұл жүйе басым түрде субъективтік процесс арқылы қалыптасады. Қоғамдағы қарым-қатынастарды жақсы дамыту үшін нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, елді, мемлекетті дағдарысқа ұшыратпай басқару керек. Бұл мәселемен мемлекеттің заң шығару бағытындағы аппараттары шұғылданады. Осылай қоғамда заң жүйесі қалыптасады.

Заң жүйесі дегеніміз - құқықты құрастыратын (қалыптастыратын) нормативтік актілердің жиынтығы (негіздері) . Нормативтік актілерсіз, заңсыз құқық болмайды. Заң жүйесі мен құқық жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты.

Заң шығару жүйесінің негізгі салалары:

1. Бір салалық қатынастарды реттейтін заң жүйесі. Заң жүйесінің бұл түрі құқық жүйелерімен ұқсас. Мысалы: азаматтық құқық, әкімшілік құқық т. б.

2. Саланың өз ішіндегі қатынастарды реттейтін заңдар нормативтік актілер. Мысалы: азаматтық құқықтың ішіндегі авторлық құқық; жер-су заңдарының ішіндегі тау-кен, экология туралы заңдар т. б.

3. Кешенді заңдар жүйесі (бірнеше салаларды қамтитын заңдар) . Мысалы: шаруашылық, транспорттық т. б. заңдар. Бұл заң жүйелері қоғамның бірнеше салаларының ұқсас қатынастарын реттеп отырады.

4. Қорғаныс-әскери заң жүйелері. Бұл жүйе құқық жүйесінің басым көпшілігін біріктіреді. Мысалы: мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, жер, қылмыстық т. б. құқық салаларын біріктіреді.

Әскери заң жүйесі арнаулы, ерекше заң саласы болғанмен, қоғамдағы құқықтың негізгі қағидаларын қатаң сақтауға тиіс: азаматтардың теңдігін, бостандығын т. б.

Заң жүйесі объективтік жолмен қалыптасқан нормативтік актілерді субъективтік тұрғыдан біріктіріп, дамытып отырады. Құқықтың дамып, қалыптасу кезеңдері:

1. Қоғамдағы қарым-қатынастардың өмірге келіп сала-салаға бөлінуі.

2. Қатынастарды реттеп, басқару үшін құқық жүйелерінің қалыптасуы.

3. Объективтік тұрғыдан қалыптасқан құқықтық нормаларды заң жүйесіне айналдыру. Сөйтіп құқықтың рөлін, маңызын күшейту, олардың қолдануын жеңілдету, нормативтік актілердің орындалуын жақсарту.

Әр елдің құқық жүйесі халықаралық құқықпен тығыз байланысты болады. Барлық мемлекеттер ол құқықты дұрыс орындауға міндетті. Өз нормативтік актілерін осы халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауға тиіс. Егер қайшылықтар болса, халықаралық құқықтың нормалары басым болады.

Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары - құқық пен заңның дамуы қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік реформаларға байланысты. Бұл процесте құқық пен заңның мазмұны да, сапасы да тереңдеп, жақсара түседі. Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары: 1) . Қоғамдағы диалектикалық құбылыстардың құқық пен заңды объективтік тұрғыдан дамытуы; 2) . Құқық жүйесінің дамуы; 3) . Заң шығармашылық процестің сапасының жақсаруы.

Қоғамның диалектикалық даму процесінде адамдар мен құқықтың өзара байланысы жақсарып, шеңбері кеңейіп, адамдардың бостандығы мен құқықтары нормативтік актілердің негізгі қызметіне айналып, жеке тұлғалар құқығы қоғамдағы ең күрделі, ең маңызды құқық саласына айналуы объективтік процесс. Сөйтіп, келешекте мемлекет пен құқықтың міндеттері мен бостандығы бірте-бірте теңесуге тиісті. Бұл құқықтық мемлекет кезінде шындыққа айналады.

Қоғам объективтік даму процесінде көп мәселені реттеп, басқаруды бірте-бірте қоғамдық ұйымдарға, бірлестіктерге, ұжымдарға беріп, құқықтың қызметі азая беруі өмірге келеді. Бұған күмән келтіруге болмайды. Мұндай процесс мемлекетаралық, халықаралық құқықта да болуы мүмкін.

Келешекте құқық жүйелері де дамып, сапалы өзгерістерге ұшырауы объективтік процесс. Бірнеше құқық салалары бірігіп, нормативтік актілердің кешенді жүйелері қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл процесс нормалардың мазмұнын, сапасын, маңызын жоғары деңгейге көтеруі даусыз деуге болады.

Жоғарыда көрсетілген құқық жүйесінің келешекте объективтік даму процесі міндетті тұрде заң шығармашылық қызметті де көтеруге, жақсартуға объективтік, заңды негіз деп толық сеніп айтуға болады. Қоғамның даму процесінде заң шығармашылық қызметті бірте-бірте Парламенттен төменгі органдарға беруге болатынына сенуге болады. Ол органдар өздерінің әкімшілік территориясында мәселелердің басым көпшілігін өздері толық реттеп, басқаруға көшуі мүмкін.

Францияның мемлекеттік құқықтық жүйесіндегі саяси және құқықтық өзгеріс

Мемлекеттік саяси жүйедегі өзгерістер

1794 жылдың көктемінде күрес өзінің соңғы шегіне жетті. Өкімет якобиншілер тобының жетекшілерін жазалауды қолға алды. Эбер және оның жақтастары сотқа беріліп, олардың бастары кесілді.

Якобиншілер блогы таратылды. 1794 жылдың 10-шы маусымында террорды жазалау туралы заң қабылданды. Бұл Робеспьерді және оның жақтаушыларын құлатуға, Конвентті таратуға жағдай туғызды. Қоғамдық қауыпсіздік комитеті мен қоғамдық қорғаныс комитетінің кейбір мүшелері оның қабылдануына қарсы болды.

27-ші шілдеде депутаттар Робеспьерді және оның жақтастарын қамауға алу туралы декретке қол қойды. 28 шілдеде Робеспьер, СенЖюст және олардың серіктестерінің бастары кесілді. Осылайша, якобиншілер диктатурасы құлады.

Өзінің ең басты бәсекелесі Германияны жеңгеннен кейін Францияның халықаралық беделі күшейді. Ол енді Европада жетекші роль атқаруға ұмтылды. Алайда соғыстың Франция қоғамына тигізген зардабы ауыр болды. Францияның соғыстағы адам шығыны Англиядан 2 есе, АҚШ-тан 12 есе көп болды. Солтүстік Шығыс Франциясының өнеркәсібі дамыған 10 депортаменті қирап бүлінді. Сауда флотының жартысы күйреп қалды. Францияның жалпы соғыс шығыны 134 млрд. франк болды. 1Оның үстіне Францияның шетелдерге қарызы көбейді. Соғыста қираған шаруашылықты қалпына келтіру экономикалық дағдарыс жағдайында жүргізілді. Азық-түлік және ең қажетті бұйымдар 5-7 есе қымбаттап, салық 4 есеге өсті. Францияның экономикалық-саяси жылдам дамуына әсер еткен себептер:

- өнеркәсіптік аудандар Элзос пен Лотарингияны қайтарып алуы;

- Саар облысындағы көмір кендерін пайдалануға мүмкіншіліктің болуы;

- Германия төлеуге тиіс репорациялардың 52 пайызын Францияның алуы;

- Қираған кәсіпорындарды қайта қалпына келтіруде оларды жаңа техникалық жабдықтармен алмастыру;

Бірнеше ондаған жаңа теміржолдар салынды. Соның нәтижесінде француз экономикасында елеулі, сапалы өзгеріс болды. Ауыр өнеркәсіптің үлессалмағы көбейді: машина жасау авиация, радиотехника, металургия салалары жылдам дамыды. Бірақ Франция капиталының көп бөлігін өнеркәсіпке емес акция шығаруға жұмсады.

Бұндағы басты топ буржуазия болды: банкирлер, мануфактура иелері, сатушылар мен кәсіпкерлер. 1788 жылы Франция үлкен экономикалық кризисті басынан өткерді. Егіннің дұрыс игерілмеуінен елдің көп бөлігіне аштық қаупі туды. Өндірістер жабылып көптеген адамдар жұмыссыз қалды. Жоғары депутаттар жаңа заң шығарды. Осылардың себебінен ұлы буржуазиялық революция басталды. Ұлы буржуазиялық революцияның басты этаптары:

1. 1789 жылы 14-ші шілдеде басталған революция 1792 жылы тамызда билік басына ірі буржуазияның келіп конституциялық анархияны орнатуымен аяқталды.

2. 1792 жылы тамызда - 1793 жылы шілдеге дейін билік басына жирандистер - орташа сауда өнеркәсіптерінің өкілдері. 1792 жылы Францияның саяси соғысына сыртқы саясатта әсер етті. Ірі еуропалық монархияның антифранцуздық әскери коалициясы пайда болды. Король ауласы монархиялық келісімдердің ортасы болды. Бұл уақытта Париж коммунасының - қаланың өзін-өзі басқару органының мәні артқан. Ол әртүрлі секциялардан құрылды. Әр секция Коммунаға өзінің үш таңдаулы депутаттарын жіберіп отырды. Фельянов билігі алынып, Людовик XVI қамалып 1791 жылғы конституция күшін жойды. 2Крестияндық көтеріліс басылған жоқ. 1793 жылы жирондистерге қарсы шықты. Конституция бірінші консул ретінде Наполеон Бонапартты қойды. Ол өзін император етіп жариялады.
Армия, полиция, бюрократия, католиктік шіркеулер оның билікте қолданатын құралдарына айналды. Наполеондық империя 1814 жылы құлады. 3 Бұл империяның құлауы дворян-эммигранттарды қозғады. Бурбондар монархиясы орнады.

90-жылдың басында француз экономикасы ҒТР -ы басынан өткерді. Еңбек өнімділігінің артуы, жаңа технологиялардың дамуы нәтижесінде Франция өзінің даму тенденциясын жалғастырды. Бірақ мұнда мамандырылмағандықтан жаңа техникалар жетістіктерін пайдалану қиындық туғызды.

Бұл көп жылдарды қамтыған үлкен проблемаға айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФРАНЦИЯ МЕН ГЕРМАНИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ТАРИХИ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
Құқық құрылымы және құқық жүйесі туралы түсінік
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Экологияның заңдылық жүйесі. Көздері және жіктелуі
Дәстүрлі құқықтық жүйе
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
Азаматтық қоғамның саяси жүйесінің түсінігі
Саяси жүйелердің түрлері
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері. Сот-тергеу тәжірибесін қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz