Үйсін мемлекеті Қазақстан территориясындағы бастапқы мемлекеттіліктің үлгісі


Т. Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті
Үйсін мемлекеті Қазақстан территориясындағы бастапқы мемлекеттіліктің үлгісі
Орындаған: 105 т (МО) Джапенова Ұ.
Тексерген: Болтаева С. Ж.
Алматы 2009
Жоспар:
1. Кіріспе . . . 2
2. Үйсіндер мемлекетінің басталу тарихы . . . 4
3. Үйсіндердің шаруашылығы мен археологиялық ескерткіштері8
4. Үйсіндердің басқару жүйесі. . 10
5. Қорытынды . . . 11
6. Қолданылған әдебиеттер . . . 12
Кіріспе
Қазақстан жерін ертеден жайлаған үйсіндер туралы не білеміз? Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, Батыс үйсіндердің шекарасы Шу және Талас өзендері арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетіп,
Қаратаудың шығыс бөліктеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндердің қол басқарушысы ғұньмо деп аталған. Үйсін ғұньмосының ордасы Чигу-Чэн (“Қызыл-Аңғар қаласы”) Есік көлдің жағасында болған. Ол ертеден белгілі “Ұлы Жібек” жолындағы маңызды сауда орталығы.
Б. д. д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Үйсін ұлысы, сөз болып отырған дәуірде, мемлекеттің ғылымға аян даму сатыларының бел ортасында болды . Б. з. 6 ғасырынан бастап үйсін, қаңлы және басқа тайпалар тарих сахнасынан көрінбейді, аттары аталмайды. Оған себеп, бұл кезде Қазақстан жерінде, оңтүстік аймақта шығыстан Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдығынан болса керек. Қазақ халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректері “Өзі сары, көзі көк, ат жақты сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр” - деп көрсетеді.
2
Үйсіндер мемлекетінің басталу тарихы
Үйсіндер туралы алғашқы деректер б. з. б. 2-ғасырдың аяқ шенінде белгілі бола бастайды. Қытайдың Хань Император сарайы ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, “Батыс өлкесіне” б. з. б. 138 ж. Чжан Цянь бастаған елшілік жібергенде ол Жетісуда болып, үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжан Цяннің хабарына қарағанда, үйсіндердің жалпы саны 630 мың адам, 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады. Б. з. б. 73-жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және ғұньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі де ғұньмоға тәуелді болды. Үйсіндер көршілес халықтармен тығыз қарым-қатынас жасаған. Хань империясы және ғұн тайпалары үйсіндермен одақ болып, Хань мен ғұн әміршілерінің қыздарын үйсін ғұньмоларына әйелдікке беріп отырды. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б. д. д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б. з. 3 ғасырына ейін айтылады. Қазақстанға шығыс жақтан көшпелі тайпалардың, ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы - үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Үйсіндер иелігіндегі территория туралы тарихнамаларда айқын деректер баршылық. Онда : Үйсіндердің « Халқы қайсар, батыр келеді . Сенімсіздік істеушілерге қатты кектенеді . . . Ең
3
күшті мемлекет . . . Шығыс жағы ғұндармен, батыс - солтүстігі Қаңлымен, батысы Дадуанмен, Оңтүстігі қалалық мемлекеттермен шектеседі » « Ұлы Күнбидің ордасы Чыгу қаласында, . . . Жері ұлан-асыр жазық, ауа райы жаңбырлы, салқын келеді. Тауларында қарағай, самырсын көп өседі» делінген.
Қытайдағы Іле Қазақ Автономиялы Обылысында, Ниғмет Мыңжани мен Су Бейхай атаған Үйсінтауы, Қарусүн (Қара Үйсін ) , Алусүн (Ал Үйсін ) , Сарғұсын (Сарығ Үйсін ) , Тоқсүн (Торық Үйсін ) , т. б. дегендер баршылық . .
Міне бұл бүгінгі талай мемлекеттің иеленген жерінен де үлкен аумақ.
Үйсіндердің шаруашылығы мен археологиялық ескерткіштері
Үйсіндер негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған, олар егіншілік кәсіпті де білген. Көбінесе жылқыны қастерлеген. Олар қой, ірі қара, түйе өсірген, тары еккен, құлан, сайғақ, бұғы ауланған. Үйсіндер жүн тоқып, тері илеп, киім қылып киген. Үйсіндер қоғамы біртекті болмаған. Ол байларға, ру және тайпа ақсүйектеріне, әскери және дін адамдар, жрецтер болып сондай-ақ жәй мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын қарапайым топтарға бөлінген.
Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн
4
матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған. Жалпы б. э. басында Қазақстанның барлық аймақтарында жаңа тайпалардың қауымы болғаны аян. Балхаш пен Ыстық көл арасында үйсіндер, Қаратау мен Сырдария аумағында қангюлер Арал мен Каспий теңізінің аралығында алаңдар тіршілік еткен. Негізінен олар көшпелі, малшаруашылығымен айналысты. Бұл тарихи кезеңде көрші мемлекеттер саяси, мәдени сауда байланыстары дами бастады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірінде феодалдық қоғам ерекше дамып, онда мал шаруашылығы мен қатар егіншілікте болды. Сактар енді ғана отырықшылыққа көшкенде, үйсіндер жерді өңдеумен айналысты. Ежелгі үйсіндер археологиялық қазбалар бойынша (орақтар, бидай үккіштер т. б. ) жерді өңдеуді жақсы білген. Алматының «Горный гигант» совхозының оңтүстік шетінде үйсіндердің ерте жер өңдеу қоныстарының қалдықтары табылды. Қоныстарды зертеу кезінде археологтар саздан және өзен құмымен араласып жасалған кувшин мен кеселер тапты. Аэропорт ауданында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ежелгі керамика заттары табылды. Олар б. э. бірінші ғасырына жатады деп болжалуда. Қазақтың ата-тегі болып табылатын сақтар, ғұндар, үйсіндердің түп төркіндеріндегі қарама-қайшылықтарға қарамастан көшпенділк әмбебапшылығы басымдылыққа ие болды. Солай бола тұра, жер өңдеушілердің де дүниетанымдық көзқарастары үнемі
5
елеулі ықпалын жүргізіп отырды.
Ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі 25 ғасырлық тарихы бар халықтың рухани бастауларға көңіл аударуын туындатуы заңды еді. Қазақтың ата-тегінің арғы философиясынан бастап дінге сенімінде, тәңірге табынушылығында және сақтар, ғұндар, үйсіндер мифологиясында алдыңғы орынға философиялық дүниетанымдық мәселе отырықшы тайпалардың тіршілік бағыттарының, жолдарының ара қатысы шығады. Бұл көне түрік жазу мәдениетінің дүниеге келуімен белгілі.
Экономикалық, мәдени және рухани даму барысында ғұндар, үйсіндер және қалылардың дүниетанымдық түсініктерінің өзара байланысы нығая түсті. Олар алғашқыда әр алуан еді. Өйткені ғұндар «таза» егіншілік, ал үйсіндер - жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізіп отырған. Бүкіл Евразия даласын өткен Ұлы Жібек жолы көшпелілер мен егіншілер арасындағы экономикалық байланыстардың қаншалықты жемісті болғанын көрсетеді. Тарихнамалар бір ауыздан « Үйсіндерде жылқы көп . Байларында жылқы саны 4-5 мыңға барады . » деген.
Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0, 5-1, 5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Қорымдары б. з. д. 3-2 ғғ. Жататындары ерте кезеңі. -Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып
6
жататындай жоспарланған.
Орта кезеңге жататындар б. з. б. 1 ғ-б. з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1, 2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.
Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. Деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған. Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған. Жетісуда біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген үйсіндер мен өздерін үйсіндерміз деп жүрген қазақ-ру тайпаларының қыстауларының арасындағы құрылыс жүйелерінің бірдей екендігін көрсетеді. Бұрынғы үйсіндер қыстауларының орнына кейінгі үйсіндердің қыстаулары салынғанын атақты археолог К. Ақышев бұрынғы Кеген, қазіргі Райымбек ауданының аумағындағы Ақтас қыстауын зерттегенде үстіндегі мәдени қабатты ХVІІ-ХVІІІ ғ. ғ. қазақ қыстаулары екенін дәлелдеген. Ал астыңғы мәдени қабат біздің дәуірімізге дейінгі үйсіндердің тұрақ-жайлары болған деген байлам жасағаны бар. С. Жолдасбайұлы осындай археологиялық материалдарды нақты пайдалана отырып, өзінің монографиясында қазақ қыстауларының құрылыс жүйелерінің ежелгі дәуірден жалғасып келе жатқандығын жеткізеді. Қытайдағы ежелгі Үйсін археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі кемінде жарым ғасырлық тарихқа ие . Жетісудың Қытай жағынан он
7
мыңнан астам Үйсін обалары тіркеліп, кейі қазылды . Диаметрі 100-150 метрлік әйдік обалар жиі кезігеді . Шатыдан ашылған ZSM3 обаның биіктігі 10 метр, таған ауданы 200 шаршыметр, топырағы 1 текшеметр екен . Мұны ғалымдар 30 мыңдай жұмыс күнінде бітетін алып құрылысқа балап отыр ! Бұл обалардан шыққан дүниелер Қытай тарихнамаларына да, айтылып жатқан сөзімізге де әрі дәлелші, әрі дем беруші болуда . Үйсін қоғамында едәуір тұрақты қоныстар болған . . . Үйсін астанасы Чыгу қаласы - сол кездегі қоғамның саяси, экономикалық және мәдениет орталығы . . Бұл олардың отырықты қоныстарының болғандығының тіке дәлелі. Сол тұстағы баспана ( киіз үйден сырт ) қандай үлгіде болған ? Бұған археологиялық материялдар мен этнографиялық тексерулер біраз деректер ұсынды, Үйсін ақымдарының « төрт қабырғасы жұмыр ағаштан тұрғызылады . Ағаштың бір-біріне түйістірілген жерлері қашалып қиюластырылады . Сына да қағылады . . . Оның ішкі қабырғаларына киіз тартылған . Мұның тозыққан бопыры қазір де байқалады . . . Бұ л шағын қарағай үйлерден аумайды. Демек үйсіндер жазда киіз, қыста қарағай үйлерде отырған. Бұл әрі байлықтың, әрі мәдениеттің белгісі . Бұл арада, арғы кезеңдегі жартылай көшпелі, жартылай отырықты қазақ тайпаларының соңғы сегіз ғасырда негізінен көшпенді болып кетуін тұрғын жұрттарының қирандыға, билеушілерінің мүлде көшпенділерге өзгеруімен түсінгеніміз жөн . . .
8
Үйсіндердің басқару жүйесі
А йқын көрсетілген негізгі лауазымдары мыналар екен :
1. Б. з. б. І - ғасырының ортасына шейінгі кезеңде, бүкіл Үйсінді бір ғана ең жоғарғы билеуші, бүкіл қарулы күштің ең зор қолбасшысы Күнби басқарды ;
2 . Екінші орындағы басшы ( бас уәзір ) Дар ( Дулы, Дұғлат, Датлұқ делініп те жүр) болды ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz