Табыстарды қайта бөлу шоты



Кіріспе
1. Табыстарды қайта бөлу шотының жалпы сипаттамасы
2. Заттай табыстарды қайта бөлу шоты
3. Табыстарды қайта бөлу шотының пайдалану бөлігі
Қорытынды
Табыстарды қайта бөлу шотында өндіріске, импортқа салынатын салықтар, өндіріске, импортқа бөлінетін субсидиялардан басқа ағымдағы трансферттер қаралады . Тұтас экономика үшін құрылған табыстарды қайта бөлу шотының ресурс бөлігінде тек « қалған әлемнен» алынған ағымдағы трансферттер, эконмикадағы секторлар үшін құрылған шотта бір сектордың басқа секторлардан алған ағымдағы трансферттері көрсетіледі.
1. Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметтері 2006 ж.
2. Елемесова А.М. , Кииков Е.М. , Мұхамбетова «Ұлттық есеп жүйесі»
3. Мамыров Н.Қ. , Тілеужанова М.Ә. «Макро-экономика» Алматы 2003ж

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Табыстарды қайта бөлу шотының жалпы сипаттамасы
2. Заттай табыстарды қайта бөлу шоты
3. Табыстарды қайта бөлу шотының пайдалану бөлігі
Қорытынды

Кіріспе

Табыстарды қайта бөлу шотында өндіріске, импортқа салынатын
салықтар, өндіріске, импортқа бөлінетін субсидиялардан басқа ағымдағы
трансферттер қаралады . Тұтас экономика үшін құрылған табыстарды қайта бөлу
шотының ресурс бөлігінде тек қалған әлемнен алынған ағымдағы
трансферттер, эконмикадағы секторлар үшін құрылған шотта бір сектордың
басқа секторлардан алған ағымдағы трансферттері көрсетіледі.

Табыстарды қайта бөлу шотының жалпы сипаттамасы

Табыстарды қайта бөлу шоты табыстарды бөлу процесінің екінші кезеңін
қамтып көрсетеді. Бұл шот экономиканың секторлары және тұтас экономика
үшін құрылады. Шотта резидент –бірліктер арасындағы, сондай-ақ резидент
және резидент емес бірліктер арасындағы операциялар көрсетіледі.
Шоттың ресурстар бөлігінде екі көрсеткіш болады:
← алғашқы табыстар сальдосы;
← қабылданған ағымдағы трансфеттер.
Ал пайдалану бөлігінде берілген ағымдағы трансфеттер және шоттың
баланстық статьясы- қолда бар жалпы ұлттық табыс көрсеткіштері болады.
Алғашқы табыстар сальдосы көрсеткіші бұл шотқа алғашқы табыстарды бөлу
шотынан көшіріледі.
Шоттың ресурстар бөлігіндегі келесі көрсеткіш – қабылданған ағымдағы
трансферттер.
Трансферттер- экономикалық операциялар. Бұл операциялардың нәтижесінде бір
институциялық бірліктер екінші институциялық бірліктерге тауарларды,
қызметтерді, активтерді, меншік құқын тегін береді. Басқаша айтқанда
трансферттер орнына ештеңе талап етілмейтін табыстың бір жақты ағымдары.
Трансферттер ағымдағы және күрдел, ақшалай және заттай болып бөлінеді.
Қалған әлемнен және ішкі экономиканың секторларынан алған (қабылдаған)
ағымдағы трансферттерге мынандай түсімдер жатады:
← жазатайым жағдайлардан сақтандыру төлемдері
← табысқа және меншікке салынатын ағымдағы салықтар
← әлеуметтік сақтандыруға төлейтін жарна (аударым)
← әлеуметтік қамтамасыздандырудың жәрдемақылары
← үй шаруашылығының мемлекеттік мекемелерге төлейтін міндетті
төлемдері мен алымдары
← айыптар мен өсімдер
← ерікті жарналар
← басқа ағымдағы трансферттер.
1.Жазатайым жағдайлардан сақтандыруға мыналар жатады:
← жеке басты сақтандыру
← жолаушыларды сақтандыру
← кәсіпорындардың, ұйымдардың, үй шаруашылығының мүліктерін
міндетті және ерікті түрде сақтандыру (жабдықтарды, көлік
құралдарын, үй мүлкін малды).
Қабылдаған (алған) трансферттердің құрамында сақтандыру төлемдері де,
сақтандыру өтемдері де болады.
Шаруашылық бірліктері (резидент, резидент емес) сақтандыру төлемдерін
сақтандыру шарттарына сай Қазақстан Республикасының сақтандыру мекемелеріне
төлейді (өмірді сақтандыру шарттарынан басқа жағдайда).
Сақтандыру бөліктері екі бөліктен тұрады:
← сақтандыру мекемелерінің қызмет ақысы
← таза сақтандыру төлемдері.
Сақтандыру мекемелерінің қызметақысы (шығын + пайда) сақтандыру
объектісіне не аралық тұтынуда, не ақырғы тұтынуда көрсетіледі.
Таза сақтандыру төлемдері деп стихиялы апаттар жазатайым оқиғалардан
туатын шығындарды өтеу үшін төленетін соманы айтады. Сақтандыру
төлемдерінің осы бөлігі ағымдағы трансферттердің құрамында көрсетіледі.
Сақтандыру өтемдері- бұл сақтандыратын жағдай тұған кезде сақтанушы
шеккен зиянды өтеу үшін төленнетін ақшалай қаражат. Сақтандыру өтемдерін
Қазақстан Республикасының және басқа елдердің сақтандыру мекемелері
резидент-шаруашылық бірліктеріне төлейді. Сақтандыру өтемдерінің құрамында
өмірді сақтандыру төлемдері, сол сияқты әлеуметтік қамтамасыздандырудың
жәрдемақылары болмайды.
Сақтандыру өтемдері шоттарда сақтандыру мекемелерінің тура ағымдары
ретінде көрсетіледі (яғни осы мекемелердің сақтанушыға тікелей төлеген
сомасы көрсетіледі) Ал өмірді сақтандыру операциялары бөлу операциялары
болып саналмайды, ол қаржы операцияларына жатады, сондықтан қаржы шотында
көрсетіледі.
2. Табысқа және меншікке салынатын ағымдағы салықтар барлық
шаруашылық бірліктерінің табысы мен мүліктеріне салынатын салықтарды, яғни
мемлекетке міндетті түрде төлейтін төлемдерді қамтиды. Бұл ағымдағы
трансферттердің құрамында резидент – шаруашылық бірліктерінің мемлекетке
төлеген мынадай салықтар көрсетіледі:
← жеке адамдардың табысына салынатын салық
← пайдаға салынатын салық
← өндірісте пайдаланбайтын меншіктерге салынатын салықтар.
Жеке адамдардың табысына салынатын салық – мемлекеттің кірістерін
құраудың бір көзі. Ол жылдық жиынтық табыс мөлшері бойынша салынады.
Жылдық жиынтық табысқа табыстың барлық түрлері, соның ішінде:
1. еңбекақы түрінде алынған табыс
2. кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс
3. жеке тұлғалардың мүліктік табыстары жатады.
Еңбекақы түрінде алынған табыстар Табыстардың пайда болуын
шотында қарастырылған.
Кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстарға мынадай табыстар жатады:
← өнімді өткізуден түскен табыс
← үйлерді, ғимараттарды, сондай- ақ амортизациялауға жатпайтын
активтерді, олардың инфляцияға орай түзетуді ескере отырып сату
кезінде олардың құнының өсімінен түскен табыс
← меншіктен түскен табыс
← мемлекеттік бьюджеттен алынған жәрдемақыларды қоспағанда заңды
тұлғалар алған жәрдемақылар
← банк және сақтандыру ұйымдарының резервтік қорларының мөлшерін
азайтудан түскен табыс.
Жеке тұлғалардың мүліктік табысына мынадай активтерді:
← салық төлеушінің тұрақты тұрғын- жайы болып саналмайтын
жылжымайтын мүлікті
← бағалы қағаздарды, басқа материалдық емес қағаздарды
← шетел волютасын
← асыл тастар мен бағалы метелдарды, өнер шығармаларын,
антиквариаттарды сату кезіндегі олардың құнының өсімін ғана
жатқызады
Пайда салынған кәсіпорында, бірлестіктер, ұйымдар 1991 жылдан бастап
төлейді. Қазақстан Республикасының Президентінің Кәсіпорындардың пайдасы
мен табысына салынатын салық туралы Қаулысына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын барлық объектілер пайда мен табыс салығын төлеушілер болады.
Меншікке салынатын салықтарға:
← жер салығы
← мүлік салығы
← құнды қағаздар салығы
← мұраға салынатын салық
← сыйға берілген мүліктерге салынатын салықтар жатады
Осы салықтардың ішінде мұраға, сыйға берілген мүлікке салынатын
салықтар ағымдағы трансферттер болып саналмайды, оларды күрделі
трансферттер құрамында көрсетіледі.
3,Әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарна (аударым) нақты жарна
(аудрым) және шартты түрде есептелген жарна (аударым) болып екіге бөлінеді.
Әлеуметтік сақтандыруға бөлінген нақты жарна табыстардың пайда болуы,
алғашқы табыстарды бөлу шоттарында және сыртқы экономикалық байланыстардың
ағымдағы байланыстардың ағымдағы операциялар шотындағы еңбекақының
құрамында көрсетіледі, содан кейін әлеуметтік сақтандыру ұйымдарының үй
шаруашылығының алған ағымдағы трансферттері ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік сақтандыруға бөлінген нақты жарнаның құрамында
кәсіпорындар мен ұйымдардың әлеуметтік сақтандыру қорына аударған
қаржылары және жеке адамдардың халық банкі арқылы жасаған аударымдар
болады.
Әлеуметтік сақтандырудың шартты түрде есептелген жарнасы да алдымен
табыстардың пайда болуы, алғашқы табыстарды бөлу шотында, еңбекақының
құрамында, содан кейін кәсіпорындар мен ұйымдарының жұмысшылардан алған
ағымдағы трансферттер түрінде көрсетіледі және бұл трансферттер кейін
зейнетақы төлеу үшін, жарым жанболып қалғанда, ауру болғанда өтемақы төлеу
үшін пайдаланады.
Әлеуметтік сақтандырудың шартты түрде есептелген жарналары есепті
мерзімде кәсіпорындар, ұйымдар төлеген зейнетақы мен өтемақыға тең деп
саналады.
4.Әлеуметтік қамтамасыздандыру жәрдемақылары үй шаруашы-лығының
секторлардың шаруашылық бірліктерінен және қалған әлемнен алған барлық
әлемдегі трансферттерін (ақшалай, заттай) қамтиды және азаматтарды
қартайған шағында, еңбек ету қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқанда,
асыраушысынан айырылғанда, өндірістік жарақат алғанда, кәсіби
сырқаттанғанда, жұмыссыз қалғанда материалдық жағынан қмтамасыз ету үшін,
сол сияқтысоғыс әрекетінің, саяси оқиғалардың, табиғи апаттардың
нәтижесінде болған зиянның орнын толтыру үшін қолданылады.
Әлеуметтік қамтамасыздандыру жәрдемақыларының құрамында мыналар
болмайды:
← кәсіпорындар мен ұйымдардың өз жұмысшыларына еңбегі үшін
сыйақы төлеуі (еңбекақыға жатады)
← әлеуметтік қамтамасыздандыруда көрсетілген жағдайлардан басқа
мақсаттар үшін үй шаруашылығына бөлінген қаржы, мысалы,
стипендия, жол ақысын төлеу, т.б. (басқа ағымдағы
трансферттерге жатады)
Әлеуметтік қамтамасыздандыру жәрдемақылары мынадай түрде болуы
мүмкін:
← жүйелі түрде төленетін ақшалай жәрдемақы (зейнетақы) және бір
жолғы жәрдемақы (материалдық көмек)
← үй шаруашылығының сатып алған өнімінің орнын толтыру
(ақшалай)
← үй шаруашылығына заттай берілген өнімнің құны.
Әлеуметтік қамтамасыздандыру жәрдемақысының құрамы төмендегідей:
1. мемлекеттік бьюджеттен, мемлекеттік сақтандырудан, әлеуметтік
қамтамасыздандыру қорынан, кәсіпорындар мен ұйымдардың
қаржыларынан халыққа төленетін барлық зейнетақылар,
жәрдемақылар:
← көп жылғы сіңірген еңбегі үшін және қартайғанда төленетін
зейнетақы, дербес зейнеткерлердің зейнетақысы және оларға
берілген жәрдемақы
← әскери қызметкерлерге, олардың отбасына, қаза
тапқандардың отбасына төленетін зейнетақы мен жәрдемақы
2. соғыс мүгедектеріне, олрдың отбасына, Ауғаныстанда қаза
тапқандардың отбасына төленетін зейнетақы мен жәрдемақы
3. еңбекке уақытша жарамсыздығы үшін берілетін жәрдемақы,
мүгедектерге, өндірістік жарақат алғандарға, кәсіби
сырқаттанғанда берілетін жәрдемақы, санаторидің жол ақысын төлеу
үшін берілетін жәрдемақы
← екіқабат (жүкті) кезде және босанғаннан кейін әйелдерге
берілетін жәрдемақы, жаңа туылған баланы күтуге берілетін
жәрдемақы
← көп балалы аналарға, жалғыз басты аналарға, бала кезінен
мүгедектерге, жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасындағы
балаларға, балаларды және есі ауысқандарды үй жағдйында ұстау,
емдеуге берілген жәрдемақы
← асыраушысынан айырылғанда зейнетақы, жерлеуге жәрдемақы беру
← бір жолғы көмек
4. демалыс үйлеріне, санаторилерге берілген жолдаманың құнын төлеу.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз жұмысшыларына көрсеткен мәдени-
әлеуметтік қызметтері түріндегі шартты трансфирттер кәсіпорынның (ұйымның)
аурухана, клуб, стадион, демалыс үйлері сияқты дербес бөлімшелерінің тегін
немесе төмен бағамен көрсеткен қызметтердің құнын қамтиды.
5.Үй шаруашылығының мемлекеттік мекемелерге төлейтін
міндетті төлемдері мен алымдары:
← автоинспекциялық алымдар
← паспорт алымы
← мемлекеттік баж салығы
← жергілікті алымдар (балық аулау, аң аулау, т. б.)
← сот шығындарын төлеу
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық есепшот жүйесінің мазмұны
Ұлттық есепшот жүйесінің мазмұны туралы
Ішкі экономикадағы Ұлттық шоттар жүйесінің жиынтық шоттары
«Семей жолдары» ЖШС-тың жылдық жиынтық табысы
Ұлттық шоттар жүйесі, Макроэкономикалық көрсеткіштер
Негізгі және негізгі емес қызметтердің табыстары мен шығыстарының есебі
Табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебі
Өндіріс шоттары
Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері
Табыстар мен шығыстар есебі туралы
Пәндер