Салық консалтингі


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Т. Рыскулов атындағы Қазақ экономикалық университеті.

Қаржы кафедрасы

Реферат

Салық консалтингі

Тексерген: Исаева А. Т

Орындаған:Асилов Б.

Мамандығы: Қаржы менеджменті

Топ: 405

Алмата- 2007

Мазмұны

Салық консалтингі . . . 3

Салық сараптамасы . . . 4

Салық консалтингі салық төлемдерін біркелкі және орташа қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді, бұл салық ауыртпалығын қолайлы мөлшерге дейін төмендете отырып, сіздің ұқыпты салық төлеушінің беделіне ие болуыңызды қамтамасыз етеді.
Компания салық салу саласында консалтингілік қызмет кешенін ұсынады.
Салықтық консультациялар беруде және салықтық дау-дамайларда клиенттің мүддесін қорғауда компания сарапшыларының бай тәжірибесі бар.

Салық есебі

  • клиенттің салық есебі жүйесіне, оның қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне талдау жасау;
  • салық есебі жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • салық салу мақсаттары үшін есеп саясаты ережелерін түзету (әзірлеу) ;
  • жолға қойылған салық есебі жүйесі жұмысының тиімділігіне бақылау жасау.

Салықтық жоспарлау

  • салықтық төлемдерді талдау және оңтайландыру;
  • жобалардың салықтық сараптамасы, қатерлер мүмкіндігін бағалау;
  • қосарланған салық салуды болдырмау туралы шарттарда көзделген жеңілдіктерді қолдану жөніндегі консультациялар;
  • салық салудың жеңілдікті режимі бар елдердің заңнамасы бойынша консультациялар.

Салықтық сараптама

  • салық салатын базаны қалыптастырудың дұрыстығын тексеру;
  • салық есептерінің дәлдігін тексеру;
  • салықтық жеңілдіктерді пайдаланудың негізділігін тексеру;
  • жіберілген дәлсіздіктерді/бұзушылықтарды түзету жөніндегі ұсынымдар;
  • салықтық қатерлерді (анықталған бұзушылықтарды түзетпеудің ықтимал салдарларын) бағалау.

Салықтық дау-дамайлар

  • артық төленген (өндіріп алынған) немесе салықтардың қайтарылмаған сомаларын (салықтың барлық түрлері, соның ішінде экспорттық операциялар бойынша да) қайтару жөніндегі рәсімдерге бірге қатысу;
  • салықтық қызмет органдарының шешімдеріне шағым жасау;
  • салықтық тексерісті өткізу кезеңінде клиентпен бірге болу, салықтық тексерістің нәтижелеріне сотқа дейінгі және сот кезіндегі шағымдану процесінде компания мүдделерін білдіру және қорғау;
  • құқық бұзушылық үшін айыппұл өндіру жөніндегі салықтық қызмет органдарының талаптары бойынша клиенттердің мүдделерін қорғау;
  • салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен салық төлеушіге келтірілген шығындарды өндіру.

Практикадан кейбір мысалдар:

  • Ұйымға салықтық аудит өткізуҚазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Компания сарапшылары жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттармен белгіленген салық режимдеріне орай салықтар мен төлемдердің есептелуінің, есепті кезеңдегі филиалдың салықтық есептілігінде көрсетілуінің дұрыстығына аудит өткізді. Тексеріс кезінде есептілік нысандарында көрсетілген салықтар мен нақты құжаттар бойынша сомалар алшақтығы анықталды, қойылатын талаптарға орай дұрыс толтырылмаған бастапқы құжаттардың іріктелген тізбесі келтіріліп, кәсіпорынның табыстары мен шегерімдеріне түзету жасалды. Аудит ұсынымдары ұйымның сол кезеңдегі салықтық есептіліктерінде ескерілді.
  • Ұйымның филиалын салықтық тексерудің нәтижелеріне шағымдануБұл жобаның негізгі мақсаты салықтық тексеріс нәтижелері бойынша қосымша есептелген салықтарды төмендету болып табылады. Мамандар жұмыс барысында мынадай істерді жүзеге асырды:ҚР Қаржы министрлігімен және Аймақаралық салық комитетімен келіссөздер жүргізді және апелляциялық комитеттердің отырыстарына қатысты; шағым бойынша Салықтық Апелляциялар Басқармасының орындаушыларымен кездесті, ол кездесулерде қосымша есептелген салықтар мен бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдердің заңсыздығы жөніндегі негіздемелер, үстеме пайдаға салынатын салық бойынша қосымша тексерулердің құқықтық және экономикалық ілеспе материалдары ұсынылды;

және сотқа дейінгі тәртіппен:

  • Ұйымға 2000-2002 жылдарғы тексерулердің нәтижелері бойынша заңсыз есептелген жалпы сомасы 16 799 759 091 теңгені құрайтын салықтар мен бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер, солар бойынша өсімақылар мен айыппұлдар алынып тасталды, бұл салық қызметі органдарының алғашқы көрсеткен сомасының 83 %-тен астамын құрайды;
  • 3 келісім-шарт бойынша үстеме пайдаға салық есептеудің әдістемесі жасалды және ол Аймақаралық салық комитетімен, ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетімен келісілді, бұл Компания қызметкерлеріне осы әдістемені келесі есептер кезінде қолдануға мүмкіндік береді.
  • Ұйымның филиалына қосымша есептелген салықтарды тексерудің алдын ала нәтижелеріне шағымдануКомпания сарапшылары қосымша есептелген салықтарды тексерудің алдын ала нәтижелері бойынша шағымдану жөнінде жұмыстар жүргізді. Сарапшылардың жұмыстарының нәтижелері бойынша үстеме пайдаға №1 Аймақаралық салық комитеті түпкілікті Салық тексеру актісі жасалмай тұрып сомалардың бір бөлігін есептеуді жүлгізуі заңсыз деп танылды. Бұл жоба бойынша жұмыс одан әрі жалғастырылуда
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
BDO KAZAKHSTAN компаниясы. Аудитті жоспарлаудың мақсаты мен қағидалары
Өндірістік практика өту туралы есеп: «Жобаларды басқару» (“Intelligent computer Services” мысалында)
Бизнес-жоспар Көкөніс (қызанақ, қияр) өсіретін жылыжай
Ақша қаражаттарының қозғалысы
Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарын қалыптастыру көздері
Нарықтық экономиканың кемшіліктері
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы мәлімет
Құрылымдық әдіс
Кәсіпорындағы сервистік қызметті ұйымдастыру және дамыту болашағы
Франчайзингтік төлем
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz