Метрология ұғымы


Жоспары:
- Метрология ұғымы . . . 3
- Метрологияның түп деректері . . . 4
- Қазақтың өлшем бірліктері . . . 8
- Қорытынды бөлім . . . 9
Метрология - өлшеу системалары туралы ілім. Осы ілімнің бөлігі ретіндегі тарихи метрология өздерінің тарихи дамуында физикалық өлшеулердің (ұзындық, көлем, салмақ) системасын зерттейтін қосалқы тарихи пән болып табылады. Физикалық өлшеу бірліктерінің өзгерістеріне қарай жер алаңдарының, алым-салықтарының және ақша есебінің негізіне осы системалар алынғандықтан, олар да үздіксіз өзгеріп отырды, тарихи метрология әрбір тарихи кезеңде мұндай өлшеулердің нақтылы мазмұнын анықтай отырып, оларды да зерттейді. Метрология ғылымы XVI ғасырдағы Герог Агрикола және джуз есімді Европа ғалымдарының атымен байланысты.
Өлшеулерді зерттеуге тарихи тұрғыдан қараудың қажеттілігі өткен өлшеу системаларының қазіргіден өзгешелігімен анықталады, әрі уақыт өткен сайын ол үнемі өзгеріп отырады, ал бір тарихи дәуірдің шегінде әр түрлі территорияларда оның түрліше болатындығы да жиі кездеседі. Мәселен, орыс ұзындық өлшемдерінің XVI ғасырдың аяғына дейін дерлік шынтақ алынды, ол 38-46см-ге тең еді. Содан кейін негізіне 71, 12-72 см-ге тең аршын алынған система келді. Ақырында, XIX ғасырдың аяғынан өлшеудің метрикалық системасы орныға бастайды, метр негізгі сызықтық өлшемге айналады. Бұдан басқа көптеген өлшеулердің аты біркелкі болды, ал мазмұны әр дәуірде және әр территорияда әр түрлі болды. Оның үстіне тарихтың ежелгі дәуірлерінде тіпті бір өлшемнің үлгілерінің өзінің бір-бірінен айырмашылығы көп болатын.
Европаның кейбір елдерінде тарихи метрологияның жеке мәселелерін талқылап, қайта қарау XVI ғасырдың өзінде-ақ басталды. Россияда XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың басында тарихшылар бұл мәселеге белгілі бір ынта қойды, ал 1849 жылдың өзінде-ақ Ф. И. Петрушевскийдің «Жалпы метрология» деген ірі еңбегі пайда болды. Бұл кезде метрологияның басты мәселесі кейбір өлшеулерді сипаттау және әр түрлі тарихи дәуірлердегі олардың арасындағы қатынастарды табу болып саналды.
XIX ғасырдың екінші жартысынан Д. И. Прозоровскийдің, А. И. Никитскийдің, И. И. Кауфманның өлшеу системаларын зерттеуге арналған еңбектері пайда болады. Бұл жұмыстың қорытындылары С. К. Кузнецовтың 1918 жылы шыққан «Древнерусская метрология» кітабында жасалды.
Совет кезінде тарихи ғылымның тез дамып, барлық қосалқы пәндерге назардың күшеюіне байланысты метрология бойынша Б. А. Рыбаковтың, В. Л. Яниннің, И. И. Смирновтың, В. И. Шунковтың, Е. И. Каменцеваның т. б. бірқатар бағалы еңбектері пайда болды. 30 - 40 жылдары Н. В. Устюговтың және Л. В. Черепниннің метрологияның жалпы курсы жарияланды. 1965 жылы Е. И. Каменцева мен Н. В. Устюговтың «Русская метрология» оқу құралы жарыққа шықты.
Метрологияның түп-деректері және олрады зерттеудің методтары
Қандай да болсын ғылыми пән сияқты метрологияның жоғарыда айтылып өткендей өзінің зерттеу пәні ғана емес, сондай-ақ ол негізінде өз міндеттерін шешіп отыратынтүп деректері де болады.
Бұлардың қатарына, ең алдымен заттық ескерткіштер жатады. Неғұрлым кейінгі дәуірлерден бізге дейін әдетте өлшемдер мен таразылар Палатасында сақталатын өлшеу эталондары жетті (россияда 1893 жылы Палата құрылғанға дейін 1842 жылдан бастап өлшемдер мен таразылар Депосы өмір сүрді) . Тарихтың ертеректегі кездерінен эталондар мүлде дерлік сақталмаған, сондықтан да түп деректер ретінде бізге дейін еткен гирлер, масштабты сызғыштар, архитектуралық құрылыстар және «стандартты» өлшемдері бар басқа да заттық ескерткіштер пайдаланылды. Тарихи метрологияны зерттеу үшін жазба түп деректерде құнды материал бар. Көптеген маңызды деректер заңдық актілерде ұшырайды. Мәселен, XVIII ғасырдың бірінші жартысында-ақ Россияда орыс фунты мен аршинының дәл өлшемдері белгіленген. XIX ғасырдың метрологиялық системалары 1835 және 1899 жылдарғы заңдарда белгіленген. Көптеген заңдық актілер арқылы Совет мемлекеті метрология мен ақша есебін белгілеп берді.
XVIII ғасырға дейін мұндай заңдық актілер болмаған. Бірақ XV - XVII ғасырларда «Торговая книга», «Счетные мудрости», «Книга сошного письма» сияқты арнаулы анықтамалықтар жасалды. Көпестерге, жер және сауда орындарының т. б. тізімін алушыларға арналған бұлар елде қолданылып жүрген өлшемдер мен таразылар туралы бағалы мәліметтерді хабарлады. Осы дәуірдегі және бұдан ертеректегі уақыттың метрологиясы жөніндегі түп деректер ретінде жылнамалар, әр түрлі жазу кітаптары, саяхатты суреттеу, шарттар менбасқа документтер де пайдаланылды.
Жоғарыда келтірілген метрологиятүп деректерінің бәрі бірдей құнды емес. XVIII ғасырдың және кейінгі кездердің материалдары әр дәуірдің кейбір өлшемдері туралы және метрологиялық системалары жайында неғұрлым дәл ұғым береді.
Түп деректердің ерекшелігі оларды зерттеудің методикасын да анықтайды. Ең алдымен олардың әрқайсысының төл дүние екендігін анықтап алу керек. Содан кейін көрсетілген деректердің растығына көз жеткізген жөн. Егер бұл заттық ескерткіш болса, онда тоттан тазалау, оның үстіндегі таңбаның бар-жоқтығын анықтау қажет т. с. с., егенрбұл жазба ескерткіш болса, оның алғашқы редакциясын тапқа жөн.
Бүкіл XVIII ғасырдың бойында ұзындықөлшемдері нақтыланып унификацияланды: салмақ, сұйық және сусымалы денелер өлшемдерінің бірыңғайлығын жасау жөніндегі жұмыс ғасырдың аяғына қарай аяқталды. Осы кезде бүкіл ел үшін дәл де бірыңғай фунт пен аршын өлшемдері белгіленді. Өлшеулер мен таразыларды унификациялау жөнінде XIX ғасырда аса маңызды шаралар жүргізілді. 1835 жылғы заңмен сажень, фунт өлшемдері, сұйық дене өлшемі - шелек пен сусымалы дене өлшемдері - четверика орнықтырыла түсті. 1899 жылы Россия өлшемдерінің системасын анықтаған «Өлшемдер мен таразылар туралы ережеге» қол қойылды.
XIX ғасырдың екінші жартысында Россия бірыңғай метрологиялық система жасау жөніндегі бірқатар елдердің қызметіне қатысты. Бұл үшін XVIII ғасырдағы буржуазиялық революция жылдарында Францияда жасалған метрикалық система неғұрлым дұрыс деп танылды. 1875 жылы Россияда өлшемдердің жаңа системасын енгізу туралы халықаралық конвенцияға қол қойды. Д. И. Менделеев орыс және метрикалық өлшемдер арасындағы дәл қатысты тапты. 1899 жылы Россияда өлшемімен қатар метрикалық өлшемдер де қолданылды. 1918 жылы 14 қыркүйекте Халық Комиссарлары Советінің декреті бойынша Ұлы Октябрь социалистік революциясы жеңісінен еейін Россияда өлшемнің метрикалық системасы түпкілікті орнықты
Метрикалық системаны енгізгенге дейінгі Россиядағы өлшеу мен таразылардың бірліктерін қарастыра кетейік.
- Ұзындық өлшемдері (сызықтық өлшемдер) . Ежелгі орыс мемлеектінің пайда болуынан XVII ғасырға дейін: верст (шақырым), немесе поприще ) = 750 сажень, километрден біраз ұзындау; сажень = 4 локоть (шынтақ), 8 табан, 1м 52см; локоть = 2 табан, 38-ден 46см-ге дейін. XVI ғасырда 72см-ге тең аршын пайда болды.
- Алаң өлшемдеріТүп деректердің кейбір мәліметтеріне қарағанда Киев Русінде жерді селолармен және плугтармен өлшегендігін анықтауға болады. Е. И: Каменцеваның және Н. В. Устюговтың деректеріне қарағанда село = 2 плуг, 16 десятинаға жуық, плуг 8 десятинаға жуық, ал С. Г. Струмилин плуг 16 десятинаға тең деп санайды. Бұдан арғы жерде жер алаңын өлшеу бірліктері салық алу бірліктеріне айналады. XII - XV ғасырларда жер алаңының негізгі өлшем бірліктері соха, сошка, обжа болып табылған.
- Салмақ өлшеулеріЕжелгі орыс мемлекеті пайда болғаннан кейін XVI ғасырға дейін төмендегідей салмақ өлшеулері болады: гривна = 96 золотник = 409, 512г; шағын гривна = 48 золотник = 204, 756г. Ақша гривенкасынан айырмашылығы салмақ бірлігін скалва гривенкасы дей бастайды.
XVI - XVII ғасырларда, XX ғасырдың басында өлшеулердің метрикалық системасын енгізгенге дейін өмір сүрген, салмақтың орыс өлшеулер системасы қалыптасты; ласт = 72 пуд = 1т 179кг 360г.
СССР-дегі ақша өлшеулер мен есептері.
Бұл елде 1918 жылы енгізілген 1927 жылдан міндетті түрде бірден-бір метрикалық система болып алған өлшем төмендегідей түрде болды. Ұзындық өлшеулерінің негізіне метр алынды. Сырт бірлігінің негізіне квадрат метр, ал көлемге куб метр алынған. Сыйымдылықтың негізгі бірлігі литр, ал салмақтың негізгі бірлігі грамм алынып отырды.
1921 және 1922 жылдары совет сомын нығайту үшін үкімет екі деноминация, ескі ақшаларды жаңамен ауыстырды, яғни нольдерін жоюарқылы жүргізді. Ескі ақшалар іс жүзінде ешқандай нақтылы құндылығы болмағандақтан, 1 млн. Ескі ақша жаңа 1 сомға теңестрілді. 1975 жылдан бастап «Халықаралық тарихи метрология комиссиясы» жұмыс істей бастады.
XIX ғасырға дейін метрология әр түрлі өлшеуіштерді сипаттап жазумен айналысты. 1875 жылыөлшеуіштердің метрлік конвенция құрылды және өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі халықаралық бюро ұйымдастырылды. Ғылым мен техниканың, өндірістің дамуында метрологияның ролі артуына байланысты XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында көптеген елдерде метрологиялық ғылыми-зерттеу институттары ашылды. Россиядағы өлшеуіштер мен таразылардың Бас палатасы (1893) ; Германиядағы физика-техникалық институты (1887) ; Ұлыбританиядағы ұлттық физикалық лаборатория (1899) .
Қазақ өлшем бірліктері
Халық өлшемі - ұлт мәдениеті мен этнографиясының қызықты салаларының бірі болып саналады. Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Енді халық өлшемдерінің негізгі түрлеріне жеке-жеке тоқтала кетейік. Мұны салмақ, көлем, ұзындық, қашықтық деп бөлуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz