ХІІІ ғасырдың әлемдік деңгейдегі тұлғасы-Шыңғыс хан және оның заманы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе

І тарау ХІІІ ғасырдың әлемдік деңгейдегі тұлғасы-Шыңғыс хан және оның заманы

1. 1. Шыңғыс ханның билікке келуі және моңғол тайпаларын

біріктіру жолындағы күресі

1. 2. Шыңғыс хан-ХІІІ ғасырдың ұлы қолбасшысы, мемлекет

билеушісі әрі дипломаты

1. 3. Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің қоғамдық-

саяси жағдайы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІІІ ғасырдың басындағы Орта Азия мен Қазақстан далаларында билік үшін тайпалар арасындағы күрес асқынып кетті. Күрес барысында моңғол тайпалары көсемдерінің бірі Темучиннің (Шыңғыс хан) мерейі үстем болып, ол Орта Азия тайпаларының басын қосқан құдіретті билеушіге айналды.

Тарихшылардың Шыңғыс ханның тұлғасына, моңғол шапқыншылығына қатысты көзқарастары қарама-қайшы. Кенестік дәуірдің зерттеушілері Шыңғыс ханға жауыз, жаулап алушы, гүлденген өлкені қиратушы ретінде қараса, қазіргі таңда Шыңғыс ханның тамаша қолбасшы, көреген саясаткер, кемеңгер диплоиат ретіндегі тұлғалық қасиеттері айқындалып отыр. Сол себепті тарихты жазуда таптық, партиялық көзқарастың орнына өркениеттілік, ізгілік принциптері орныға бастағанда, Шыңғыс хан және оның заманына тарихшылардың берген бағасын объективті түрде саралап, жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеу аса өзекті мәселе.

І тарау ХІІІ ғасырдың әлемдік деңгейдегі тұлғасы-Шыңғыс хан және оның заманы

1. 1. Шыңғыс ханның билікке келуі және моңғол тайпаларын біріктіру жолындағы күресі

Қазіргі Моңғолия, оңтүстік Сібір, қазақ Алтайы аймақтарында мекендеген тайпалардың көбі түркі тайпалары болған. Түркі-моңғол тайпаларын біріктіру ісі ХІІ ғасырдың соңында жүзеге аса бастады. Бірігудің шаруашылық және басқа да себептері болды. Ескі саяси дәстурде де бірігу кезеңдері болған. Біріктіру әрекеттерін бірнеше тайпалар, олардың ішінде керейттер, наймандар, жаджырат тайпалары жасады. Жиі-жиі бірігудің екі немесе үш орталығы байқалды. Әсіресе керейт Тоғұрыл хан, жаджырат көсемі Жамуханың және моңғолдардың Есугей хан баласы Темучин белсенділік көрсетті.

1185-1206 жылдары аралығында Моңғол мемлекеті біртіндеп қалыптасуда және іріленіп өсуде болды. Бірлік түрік-моңғол тайпаларының одағы ретінде көрінді. Әуелі меркіт ұлысы одақтастарға тізе бүкті. Бұл елді шабуылдау 1200 жылға дейін жалғасты. 1198 жылы моңғолдар мен керейттер солтүстік Қытайдағы шүршіттермен бірігіп, татар ұлысынан соққы берген. 1199 жылы моңғолдар мен керейттердің соққысынан наймандар батыс Алтайға ығысқан. Бірігудің соңғы кезеңінде (ХІІІ ғасырдың басы) моңғолдар мен керейттердің қуатты одағына жаджырат Жамұқа басшылық еткен көптеген тайпалар қарсы тұрған. Ең соңында Темучин Уан ханды (керейттер) және наймандарды жеңіліске ұшыратады. Осы оқиғалардың бәрінде түркі-моңғол тайпаларын біріктіруші Темучиннің асқан саяси, әскери қабілеті көрінеді. 1206 жылы найман жеңілісінен соң түркі-моңғол тайпаларының құрылтайында Темучин Шыңғыс хан дәрежесін қабылдаған[3; 4] .

Енді Шыңғыс ханның қысқаша өскен ортасына тоқталсақ, моңғолдардың ұлы қолбасшысы Шыңғысхан 1162 жылы қараша айында дүниеге келген. Бір тайпаның қолбасшысы болып саналатын оның әкесі баласына жеңіліске ұшыраған өзінің бір қарсыласының құрметіне соның Темучин есімін берген. Темучин тоғызға толған кезде әкесі үнемі жауласып жүретін бір тайпаның сарбазының қолынан қаза табады да, тірі қалған отбасы мүшелері көптеген жылдар бойы қорқынышпен жоқшылық қыспағында қалады. Бұл бір өте қысталаң - қиын шақ еді, бірақ Темучин қашан аяғынан тұрып, өз қолы өз аузына жеткенге дейін одан да ауыр кезеңдерді басынан өткерді. Олай дейтініміз, ол бозбала шаққа жетіп, сүйегі қатайып, буыны енді беки бастаған кезде бір алакөз тайпаның шабуылы тұсында тұтқынға түседі. Қашып кетпес үшін мойынына ағаш мойылдырық кигізіп қояды. Шарасыз күйге түскен, оқу - сызу дегеннен мүлде бей хабар сол бір бейшара тұтқын Темучин бара - бара қара жер үстіндегі ең бір қуатты, ең бір қаһарлы жанға айналды[4; 3] .

Оның ең алдымен, ел көзіне түсуі тұтқыннан босап шығуынан басталады. Сонан кейін ол арғы тегі туыстас Тохрилмен бірігіп, тізе қосады. Сонан кейін ұзақ жылдарға созылған тайпааралық соғыстар басталады да, сол соғыстарда Темучиннің тоғыз жасқа толған кезінде әкесі оған қалыңдық іздестіре бастайды. Дәстүр бойынша қыз басқа рудан болуы керек, Есугей ұңғырат руының көсемі дай шешеннің қызы Бөртені алып береді. Құдаласу рәсімін жасасасқан олар әкелері балалары он төрт жасқа толған соң дүрілдетіп той жасауға келіседі.

Деректерге сүйенсек, Есугейді татарлар қолға түсіріп өлтірген деседі.

Негізінен Темучиннің үш інісі бар. Бір туған інісі - Хасар. Ал Бектер мен Белгутайдың шешесі бөлек, әкелері бір. Темучиннің шешесі Өэлун ұлдарының ержетуіне біршама көмек көрсетеді. Ұлдары ержүрек, батыл ғып тәрбиелеп Тайшуыттардан кек алып, Есугей әулетінің даңқы қайта оралар күнді асыға күтті. Кешқұрым сәттерде шаршап - шалдыққан балаларына бабалары - Бонышар мен Хабул ханның және әскерінің ерліктерін жыр етіп, моңғолдардың ақылды анасы Алан - гуа, Амбағай қаған туралы ертегі, аңыздар айтқан деседі[5; 14] .

Кейінірек Темучин бір туған інісі Хасарды жан түршігерлік әрекетке үгіттейді. Сәтін тауып өгей інісі бектерді өлтіреді. Суық хабарды естіген Оэлун талып қалады. Бұл оқиға суық Ұлы далаға тез тарап кетеді. Кіп- кішкентай баланың қатыгездігі көпшіліктің көңіліне үрей туғызды. Кейбірі «Темучин туғанда жұдырығында бір уыс қан болағн» деген аңыз бар[6; 6] .

Темучинді Тайшуыттар қолға түсіріп, тарғутай ұлысына әкеліп, мойыны мен қолына күзет қояды. Әл жинаған Темучин қалайда құтылудың ретін ойластырып, күзетші қашып кетеді.

Ол қиыншылық көп көреді, осындай қиын - қыстау кезіне Сорған - Шора атты мейрімді адам кездесіп, қолынан келген көмегін аямайды.

Осылай Сорған - Шораның көмегімен құтылған Темучин ешкімнің көзіне түспес үшін, тек қана түнде жүріп отырады. Ол үйіне барса шеше - бауырлары көшіп кеткен еді.

Арада бірнеше жылдар өтіп, ағайынды жігіттер ер жетіп есейеді. Бір күні осы үйдің бар байлығы - сегіз жылқысы ұшты - күйлі жоғалып кетеді. Оны іздеуге Темучин шығады, оған жолдасы Нағу - Баянның баласы Боғыршымын бірге жүреді.

Темучин он жетіге толғаннан бастап -өзіне сенімді серіктері ертіп ұлыңғыртып еліне қалыңдығы Бөртені алып кетуіне аттанады. Керей тайпасының ең күшті ханы Тұғырыл еді. Тұғырыл мен Есугей кезінде нағыз достар болған деседі. Темучин сыйлығын алып әкесінің досына барып, онымен жақсы қарым - қатынаста болады.

1. 2. Шыңғыс хан-ХІІІ ғасырдың ұлы қолбасшысы, мемлекет билеушісі, әрі дипломаты

ХІІ-ХІІІ ғасырларда моңғолдар қоғамында феодалдық қатынастардың орнығу процесі жүріп жатты. Олар нояндар мен езілген ораттарға бөлінді.

ХІІІ ғасырдың басында феодалдық моңғол мемлекеті құрылды, ол саяси тұрғыдан татар - монңғол тайпаларын біріктірді. Бұл мемлекеттің негізін қалаған - Шыңғысхан.

Өзінің құрдастары арасында қулығы және ақылдылығымен үздік шыққан Темучин есейе келіп өзіне берілген нөкерлерін төңірегіне топтастыра білді. Сөйтіп ХІІ ғасырдың аяғына қарай, моңғол даласындағы қолбасшылардың бірі болды. Керейттік, ханының наймандармен меркіттермен және татарлармен соғыстарында оның даңқы арта түсті, онда болашақ Шыңғысхан керейттік ханның вассалы ретінде соғыстың құрметті титулы болды. Бірақ оның вассалдық қатынастары көпке созылмады. Темучиннің құдіреті барған сайын арта түсті, ал келесі жолы 45 мыңдық әскері Наймандар мен меркіттерге қарсы жорыққа аттанды, олардың бірқатары оған бағынады, қалғандары Ертістен өтіп, батысқа Қазақстанның кеңістігіне ығысады[8; 123] .

1204-1205 жылдары соғыс науқанының нәтижесінде өзінің басты жауларынтізе бүктірген соң Темучин моңғолдардың негізгі тайпаларын өз қоластына біріктіруді аяқтайды, 1206 жылы көктемде Онон өзенінің жағасында өткен бүкіл монғолдық құрылтайда ол монғолдардың әміршісі болып жарияланады. Сонымен бірге құрылтай Темучинге Шыңғысхан титулын бекітеді.

Әскери ұйымдастыру принципі Шыңғысхан орнатқан мемлекеттің негізін құрады. Қол астындағы бүкіл алқап пен оның халқы 3 әскери - әкімшілік округке бөлінді, олар: оң қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық деп аталынды.

Әскери - әкімшілік жүйе жаулаушылық жорықтарда маңызды рөл атқарды.

«Борыңғар» - алтай тауы өңірін қамтыған, екінші сол жақ бөлігі Цзинь империясымен шекаралас болды. Оны «Жоңғар» деп атаған. Осы екі аралықта Ноян басқарған елдің жері жатты. Шыңғысхан Борыңғарды басқаруды ежелгі досы Боғыршыға, ал жоңғарды Мұғалиға тапсырған.

Мемлекет негізінен 95 ауданнан құралды. Олардың әрқайсысы мыңбасы басқарған мың жауынгерді даярлап, күтіп ұстауға міндетті еді.

Мыңбасылар мен жүзбасылар мемлекеттік қызметкерлер болып есептеліп, еңбегі үшін «Рубл» яғни жалақы берілген. Осы әскери шендер ұрпақтан - ұрпаққа мұра боп қалдырған[9; 497] .

Шыңғысхан қолбасшылыққа тексеруден өткен, ең сенімді адамдарын сайлады. Жалпы моңғолдар саны миллионға жуықтады.

Солтүстікті мекендейтін орман халықтарын шыңғысханның «үзеңгілес батыры» Хоршы басқарды. Оларға және басқа да бағынышты адамдарға емін - еркін көшуге тиым салынған. Бұл өз халқымен шатастырып алмас үшін жүргіщілген саясат. Осындай адамдардың тізімдері арнайы кітапшаға түркі тілінде тіркелді.

Шыңғысхан туған - туыстары мен қол астындағыларға, халқына хат танып, сауаттарын ашуды бұйырды. Бұл міндет Таян ханның таңба басушысы болған ұйғыр Тататонға тапсырылды. Бүкіл елде патша байланысты ұйымдастырылды. Арнайы байланыс бекетіне ұқсас жерлер белгіленді. Оларды «Яма» деп атаған. Яманың жақсы жұмыс істеуі үшін аттар мен адамдар бөлінді. Бұл байланыс байланыс көрсеткен, жоғарғы соттың бастығы болып Шаги - Құтық сайланды. Ол «Жаумен, өтірік айтушылармен күрес, кінәлілерді өлім жазасына кес!»деген бұйрық алды[10; 236] .

Атақты адамдар арнайы белгілермен ерекшеленген, мемлекеттің лауазымдыларында алтын таңба болды. Онда «аспан билеушісінің еркімен болған патша бұйрығын орындаушы уәкіл» - деген сөздер жазылған [] .

Шыңғысхан әскері кешіктендер санын 9000-ға дейін ұлғайтып, темірдей қатаң тәртіп орнатты. Кеміккендер екі топқа бөлінді. Олардың бірі - Тұрғауыттар, ең үздік жүз жауынгер. олар түнгі қарауылдар, хан ордасының тыныс - тіршілігіне, тәртіпке, қару - жарақтарға жауап берген.

Ел арасындағы басқа да өзгерістер Моңғол мемлекетінің күшеюіне көмектесті.

Шыңғысхан өзінің ел басқарудағы қабілетінің зор екендігін білді, бірақ көрші мемлекеттер Алай даласында ақылды әрі айбынды әміршінің пайда болғанынан хабарсыз еді.

Жаңа әміршіл жоспары жерін кеңейту, бүкіл әлемді шарлап, ондағы елдерді өзіне бағындыру, Ат тұяғы жеткен жерлердің бәрін дерлік жаулап алу.

Тапал келген керемет күні бар моңғол аттары шыңғыс хан сарбаздары сияқты төзімді және майталмаған. Осындай жеңілуді білмейтін атты әскер таңғұт мемлекеті Си Ся патшалығына қарай аттанды. Ең алдымен олар алынбаған қамал салынған Лигули бекінісін қоршады. Иигулидің қабырғаларын қиратып, тұтқындарын қырды, қорғаушылар ұзақ қарсыласпады, қара бұлтша төнген моңғолдар таңғұттардың көптеген қалаларын тонап, еліне мол олжамен оралды.

Бұл кездері ел басқару ісіне Шыңғысханның ұлдары да араласа бастаған болатын.

Үлкен Жошы әкесі сияқты жорыққа аттанып, екі жыл ішінде Енесей қырғыздары мен Сібірдің «орман халықтарын» бағындырады.

Еліне оралған соң Шыңғысханға «ешқандай адам және ат шығыны болған жоқ» - деп өз жорығы туралы баяндап береді[11; 265] .

Таңғұттар көршілес ұйғыр мемлекеті де мрңғолдарға соғыссыз бағынды. тіпті ұйғыр әміршісінің бірі Шығыс Түркістанда қашып жүрген Тұғырылдың ұлы Сенғұмды өлтіріп, әйелі мен баласын Темучинге ұстап береді. Келесі Бұршық атты билеуші өзін «Шыңғыс ханның өкілі баласымын» - деп атап, барлық бұйрығын орындауға уәде етеді. Жалпы Шыңғысханның ұйғыр халқына деген көзқарасында ерекше ілтипат бар еді. Ол мемлекет мәдениетінің өркендеуіне ұйғыплар әсерін тигізді деп жоромалдаған. Сол себепті ордаға керуен толы алтын, күміс, інжу - маржанмен, қымбат металдармен келген Бұршыққа риза болып, оған қызы Ал алтынды әйелдікке береді[12; 87] .

Ұйғырлардың да Шыңғысханға деген өз мүдделері болды. Моңғол әміршісінің көмегімен ертеректе таңғұттар жаулап алған жерлерін қайтаруды көздеді.

1209 жылдың көктемінде Шыңғысхан әскері екінші рет Си Ся патшалығына баса көктеп кіреді. Бұл жолы оған таңғұт тағының мүрагері қарсы тұрды. Жауларының тас - талқанын шығарған моңғолдар Балоқай бекінісін басып алып, астанасы Жүнсінге қарай бет алды. 50 мың әскері бар таңғұттар Шыңғыс жасақтарының жолын Аламан тауының шатқалында тосқаулдап жатқан тосыннан жасалған шабуыл моңғолдарды

шегінуге мәжбүр етті[13; 114] .

Шыңғысхан шабармен жіберіп, қосымша күштің келуін күтті. Жаңа күш жеткен соң моңғолдар өздерінің үйренген айласына салады. Алдымен шабуыл жасап, сосын қаша жөнелуі, ұрандатқан таңғұттар арттарынан қуады. Қашқан топ тау ішіне кіріп, құмға кірген судай жоқ «жеңіс біздікі» деп айғайлап кірген таңғұттарды жасырын жатқан Шыңғысхан жауынгерлері күтіп тұр. Осылайша жауларын айламен қақпанға түсірген моңғолдар таңғұттарды жан - жағынан қыспаққа алды.

Таңғұт әскері талқандалды, қазан айында моңғол әскері олардың астана қорғанының жанына жетті. Шайқаста алдарына жан салмайтын моңғолдардың соғысу тәсілі барлық халықтардан асып түсетін. Бұзып талқандауға арналған әр түрлі құрал - жабдықтары болған. Олар үшін биік қорғандар мен қамалдарды жаулап алып бағындыру түк те емес еді. Қаланы қаншалықта қиын болса, соншалықты ауыр болатын. Ал төңірегіндегі ауыл тұрғындарын шыңғыс хан жасағы алдарына салып, қамалдарға бұзуға, олар қазуға мәжбүр еткен[14; 6] .

Осындай қалалардың бірін оларда арнайы бөгет соғылған. Оған үздіксіз жауған күзгі жаңбыр қосылып, арнайы кеңейіп, ағыны күшейді. Бұл бастапқы сол бекіністі бұзып, қаланы шайып, қарттан балаға дейінгі талай адамның өмірін алып кетті.

Таңғұт әміршісі Ань - Цюань көршілесЦинь шүршіттер мемлекетіне шабармен жіберіп, көмек сұрайды. Бірақ таңғұттарды жау санайтын Ань - Цюань көмектесуден бас тартады. Ол тіпті жаулардың бір- бірін талқандауынан Цзинь империясы ұстады деп ойлайды. Енді таңғұттарға барар жер болмады, сел жасамақ болған моңғолдардың бөгеті өрбіткен жерден емес, Шыңғысаханның ордасы орналасқан тұстан бұзылды. Сондықтан әміршіге Ань - Цюаньмен келіссөз жүргізіп, оның соңғолдардың құрамына кіруін ұсынуға тура келді. Темучин ханның Чахе атты қызын әйелдікке алады.

1209 жылы Цзинь мемлекетінің тағына жаңа император Вэй - нао ван отырды. Олардан өзіне бағыныштылығын білдіріп, қошемет көрсетулерін күтті. Шыңғысханға келген осындай бір елші император сөзін тізерлеп отырып таңдау керектігін жеткізеді. Мұны естіген Темучин мырс етіп, оған қарай түкіріп жібереді. Енді екі ел арасындағы соғыстың балаларына күмән жоқ. Оның үстіне бұл кезде моңғолдардың арасында да Шыңғысханның жаулары көбейген. қасында жүріп, реті келсе қай уақытта да аяғыңнан шалуы ықтимал[15; 245] .

Сондай аңдасқан жаудың бірі - бақсы Көкшу Тау Тәңірі. Кезінде Шыңғысханды бүкіл моңғол мемлекетінің әміршісі деп жариялаған болатын.

Іштей Шыңғысханның орнын басуды армандаған ол осы ойын Әміршінің інісі арқылы жүзеге асырмақ болды. Түскен олжаның Хасарға кем берілгенін байқап, оны ағасына айдап салады. «Бауыр оң қанатын шауы тастаса, ол ұзаққа жете қоймас, жан - жақты шибөрідей шулаған жаулары толып тастар»-деп пайымдайды[16; 34] .

Бұл сөз Шыңғысханға жетеді, қатты ашуланған ол Хасарды азаптап, кінәсін мойындатады, бірақ дауша шешесі қатысады, Темучин інісін кешіргенімен, мал - мүлкін алып, елден қуып жібереді. Баласының бұл ісіне ренжіген кәрі ауру Оэлну күйік пен қайғыдан төзе алмай қайтыс болады. Осы кезде аз уақыт ішінде бақсының жағына шыққандардың саны Темучин әскерінің жалпы санымен қарайлас болды. Шыңғысханның бауыры Отчинге де біраз сенімді сарбаздарынан айырылған. Отчинкин ызаға булығып Көкшуге барады, Көкшу адамдары оны ұрып, соғып, жаны аман қалып ағасына әрең жетеді. Мұны көрген Бөрте Темучинге: -Хан болып тірі тұрғанда, осылай Кемке мазақ болса, сен өлгенде не болмақ? Бұған жол бермей қою керек. Халқына өзінді сыйлап, болмаса қорқытып бағындыр; - дейді[17; 88] .

Әйелінің сөзі Шыңғысханды қатты ойландырады. кезінде талай жаушылық жасап, үнемі жанында жүрген жоғары мәртебелі шаманда сыйлайтын. Әйтсе де ол күдігі басым болған ол Отчинге:

-Өзің біл не істесең де - деп күрсінеді.

1. 3. Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің қоғамдық-саяси жағдайы

Шыңғысхан әскери дарына арасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183-1204 жылдары кең байтақ территорияны басып алды. Қазіргі Шығыс Моңғолия аймағында оғанбағынбаған бірде - бір тайпа қалмады. Күні кешегі «хан әкесінің» қалың қолының қашқаны қашып, қанды қырғыннан аман қалғандары жас қаһанның алдына жығылып, жандарына сауға сұрайды. шыңғысхан оларға кешірім жасағанымен толық сенбейді Содан ол, керейттерді өре тайпалар құрамына бөліп - бөліп қосады.

Бұл өңірдегі көшпелі түркі тайпаларынан Шыңғысханға бағынбаған ендегі үлкен мемлекетті Найман хандығы болатын. Оның үстіне Шыңғыстың қас жаулары жадыран жакмуха да, меркіт Тоқтабек те, татарлар да Найман хандығына барып паналаған еді.

Көшпелілер қоғамында жауласқан дұшпанын тірі қалдырмаған, оның үрім - бұтағына дейін құртып жіберуге тырысқан. Ішкі саясатта Шыңғысхан мемлекеті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі - моңғол тайпаларынын «мыңдық» деп аталатын әскери - әкімшілік бөліктерге бөлді. хан талабы бойынша бұл биліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер шығаруға тиісті. Шыңғысхан бұларды жайылым жерлермен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп өтті[19; 7] .

Ұлы хан жазбаша іс - жүргізуді ұйымдастыруды ұлғайтты. 1206 жылы ол әдеттегі құқық ережелерін бекітті. Мемлекетішіндегі наоразылықтарды бөлу үшін 10 мың адамдық жеке гвардия құрды. Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты. Сәл кінәлі немесе қорқақтық көрсеткен әскериадамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғысхан әскери стратегиямен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуылдау, дұшпанды алдау үшін арнаулы жасақтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, тағы басқа әдістерді шебер қолданды.

1207-1211 жылдары Сібір мен Шығыс Түркістанды бағындырды. 1211 жылы Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 жылы Пекинді алды. 1217 жылы Солтүстік Қытай түгел Шыңғысханның билігіне көшті. 1219 жылы Шыңғысхан әскерлері Корея патшалығын тізе бүктірді. басып алынған жерлерді Шыңғысхан ұлыстарға бөлді ді, ұлдарына үлестіріп берді. Шыңғысхан дереу өзіне қараған тайпа басшыларының құрылтайын шақырды. 1204 жылдың көктемінде Темейен - Кер деген жерде өткен бұл құрылтайда әскербасылардың көпшілігі Найман хандығымен шайқасты күзге қалдыруды ұсынды[20; 105-106] .

Шыңғыс «сынтасы» (тас жазуы) жазуы бар бұл тақтастың сипаты: төменгі жағы тік бұрышты, жоғары жағы тегістеліп, доғаша жұмырланған. Алдыңғы бетінде бес қатарға тігінен ұйғыр әрпімен ойылған жазуы бар.

Ресей ғалымдарының пікірінше, бұл ескерткіш тас Есунхенің иелігіне қарасты Хирхурин қалашығына тиесілі, сол жерде жасалған. Тастағы жазуда: «Сартаул халқын жаулаған соң, барлық моңғол ұлысындағы нояндарын жинайды. Сол жиында Есухе ноянның жебесі 335 қадым қашықтыққа жетті», -деп жазылған[21; 4] .

Шығыс сынтасы жөнінде Сібір жерін зертеуші Г. И. Спасский 1818 жылы «Сибирский вестник» журналында бірінші болып жазуы бар үлкен гранит тасты тапқанын жазады. Сол кезде Байкал маңындағы буддалық лама мен тіл білетіндерге осы тастағы жазуды оқытқанда, алдымен Шыңғысханның атын тауып отырған.

«Алтан тобчи» - Шыңғыс хан империясы туралы ірі тарихи шығарма. Шығарманың толық аты - «Хандардың тегі туралы алтын шежіре». Оның осы ішкі саясаты жөнінде жазылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің қоғамдық - саяси жағдайы
Шыңғыс хан
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі Шыңғыс хан бейнесі
М.Ж. Көпеев және қазақ тарихы
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ шежіресін зерттеуі туралы
Қазақ түбі үлгілеріндегі Отан тарихы туралы деректер
Алтын Орда өркениеті
МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕҢБЕКТЕРІ - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ДЕРЕК КӨЗІ
Шыңғыс хан туралы
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz