Орман ресурстарын пайдалану мәселелері туралы


Жоспар :

Кіріспе

Негізгі бөлім

І. Орман ресурстарын пайдалану мәселелері

ІІ. Планетаның орман қоры.

2. 1 Орманды пайдалану критерийлері

2. 2 Ормандардың экологиялық маңызы

2. 3 Ормандарға рекреациялық қысымның әсері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Өткен 2003 жылы Қазақстан территориясында көктем-жаз ауа райының құрғақтылығына байланысты ормандардың жану салдарынан 8 млн 842 мың тенге шығын түскен. От жалынына 5195 га жер баулыса, оның 2748 га орман алып отыр. Қазақстан территориясында орман алқаптарының көп еместігін ескерсек, республикаға бұл біршама шығын түсірді.

Болған өрттердің мәліметтерін жинақтасақ, көп жағдайда ауа райының салдарынан өрт болғанын және өртті сөндіруге қарсы дайындықтың жоқтығы не әлсіздігі, оны алдын ала ескеру жұмыстарының нашар жүргізілуі және жанар-май жоқтығы көзге түсті.

Қаржының жеткілікті түрде бөлінбеудің салдарынын өрт сөндіру техникасы навшар жағдайда, орман шаруашылығындағы құралдар мен қосалқы бөлшектер соңғы 5 жылда алмастырылмаған, авиациялық қадағалаудың жоқтығынан уақытылы өртті байқау мен

Тақырыптың мақсаты.

  • Орман ресурстарын сипаттау
  • Орман ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету
  • Қазақстан мен шетел орман алқабын белгілеу және салыстыру
  • Ормандардың экологиялық маңызы
  • Ормандардың көміртегіне қатысты кызметі.
  • Ормандардың ауа тазартудагы қызметі.
  • Антропогенді қысым жағдайында ормандардын турактылығын сақтау мәселесіне назар аудару
  • Ормандарға рекреациялык қысымнын әсері

Тақырыптың зерттелу деңгейі

Қазіргі таңда бұл тақырып зерттеуді талап етеді. Қазақстан Республикасында орман қорының азаюыына байланысты оны қорғау мен тиімді пайдалану жолдарын белгілеп, оны жүзеге асыруды қолғау алу керек, сол себепті бұл тақырып жан-жақты зерттелуі аса маңызды.

Методологиялық негіз

Бұл тақырыпты орындау барысында мына әдістер қолданылды:

  • зерттеу
  • талдау
  • салыстыру

Орман ресурстарын пайдалану

Ормандардың экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған, табиғи күйде сақталған экожүйелердің бірі; екіншіден, бұл жоғарғы өнімділікпен сипатталатын, ағаш, детрит, гумус түрінде органикалық зат шоғырланған ең қуатты жүйе; үшіншіден , ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық көрсететін күшті орта түзуші және ортаны тұрақтандырушы фактор; төртіншіден, көптеген жануарлардың мекен ету ортасы; бесіншіден , орман- шаруашылықтың көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнім мен шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар, орманның санитарлық-гигиеналық, тынығу, стресс жағдайынан құтылуда, эстетикалық және экологиялық тәрбие берудегі маңызы зор.

1992 жылы Рио- де- Жанейродағы БҰҰ-ның конференциясында «Ормандарға қатысты мәлімдеме принциптерінде» былай делінген: «Ормандар атмосфераға түсіп, парниктің эффектке әкелетін көміртегі мен сутегін сіңіретін қойма болып табылады». Дүниежүзілік форумда мұндай құжаттың қабылдануы ғаламдық, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі ормандардың маңыздылығын көрсетеді.

Дүниежүзіндегі ормандардың жалпы ауданы төрт млрд/га-дан астам. Жалпы ормандардың ішінен таза ормандарды жеке бөледі. Оған орманды алаңқайлар, жолдар, шалғындықтар кірмейді. Таза ормандар шамамен үш млрд/га-ны алып жатыр. Бір адамға есептегенде жалпы орманды жерлер шамамен 0. 8 га-дан келеді.

Құрлықтың жалпы ауданына қатысты ормандар алып жатқан территориялардың пайызбен көрсетілген шамасын ормандылық деп атайды. Дүниежүзі бойынша бұл көрсеткіш 32. 2% -ға тең (басқа мәліметтер бойынша 25%) .

Өзінің тарихында адам шамамен 2/3 орманды аудандардағы ормандарды жойған. Мұның нәтижесінде ормандылық бастапқы 75% -дан қазір 25-30%-ға дейін кеміген. Ормандарды аудандарының кему процессі қазір де жалғасуда. Бұл процесс тропиктік ормандар үшін өте қауіпті болып отыр.

Соңғы кезде, әсіресе, шаруашылық қызметтің әсері тимеген немесе әлсіз болған ормандарды есепке алу мен қорғауға көп көңіл бөлінуде.

Аталған территориялардың дүниежүзілік шамасы 20%. Кейбір елдерде бұл шама жоққа дерлік болса, Еуропа үшін жалпы ауданы бар болғаны 4%.

Дүниежүзінің ормандарында өсімдік массасының (биомасса) 1. 65-1. 96триллион м 3 (құрғақ масса) шоғырланған. Бұған барлық жер үсті (бұталар, діңдер, жапырақтар) және жер асты (тамыр) массасы кіреді. Ағаш діңінің ағашының жалпы массасы шамамен 50%. Ормандарды сипаттайтын маңызды көрсеткіш ағаштың жылдық өсімі болып табылады.

Ормандардың экологиялық маңызы.

Ормандардың экологиялық қызметін бағалауда олардың қоршаған ортаға әсерінің екі түрін атап көрсетуге болады: биогеохимиялық (Вернадский бойынша, тірі заттың бірінші ретті қызметі) және механикалық немесе физикалық (тірі заттың екінші ретті қызметі) . Биогеохимиялық қызмет әр түрлі физиологиялық процестердің (фотосинтез, минералдық қоректену, транпирация, қоршаған ортаға әр түрлі ұшқыш заттарды бөліп шығару және т. б. ) жүзеге асуы арқылы көрінеді. Механикалық қызметі биомасса, оның көлемі арқылы, сонымен қатар алып жатқан ауданы және негізінен бірлестіктің іші мен одан тыс территорияда арнайы экоклиматты түзу, ауадағы заттарды тұндыру қызметі арқылы көрінеді.

Бірінші қызметі органикалық заттың түзілу жылдамдығына (өнімділік) байланысты. Ұзақ өмір сүретін ағашты өсімдіктер көп мөлшердегі биомассаны түзуге қабілеттілігіне байланысты, ортаға әсер ететін фактор болып табылады.

Ормандардың көміртегіне қатысты қызметі .

Атмосферадағы көміртегінің артық мөлшерін шығару арқылы парниктік эффект мәселесін шешуде адамдар орман экожүйелерінен үміттенеді. 1тонна (абсолюттік құрғақ салмақ) өсімдік өнімі түзілуі үшін 1. 5-1. 8 тонна көмірқышқыл газы сіңіріліп, 1. 1-1. 3 тонна оттегінің бөлініп шығатыны белгілі. Өнімділігі орташа орманға есептесек, 1 га орман жылына 6-7 тонна көмірөышөыл газын сіңіріп, 5-6 тонна оттегін бөліп шығарады.

Ормандардағы көмірқышқыл газының орасан көп мөлерінің концентрациясы ағаштардың биомассасының үлкен болуына байланысты. Жер шарының өсімдіктерінде жиналған көміртегінің бүкіл массасының 92% орман экожүйелерінде жиналған. Құрлықтың басқа жүйелерінде көміртегінің тек шамамен 7%, ал мұхиттың өсімдік ағзаларында -1%-дан кемі шоғырланған. Көміртегінің көп мөлшері ормандардың өлі органикалық затында (детрит), топырақ гумусында және орман батпақтарының трофтық қабатында сақталған. Сондықтан, көміртегінің байланыстыру процестерін жылдамдату үшін ормандардың ауданын кеңейту мен өнімділігін арттырушаралары қолға алыну қажет.

Өкінішке орай қазір жер шарында ормандардың ауданы мен биомассасының кемуі адамзатты толғандырып отыр. Бұл олардың тек көміртектік функциясын ғана емес, басқа да көптеген функцияларының орындалуына әсер етеді.

Ормандардың ауа тазартудағы қызметі . Атмосферадағы көміртегі балансына әсер етумен қатар, ормандар ауадағы басқа да бөгде заттарды жоюға қабілетті. Ауаны ластаушы заттардан тазарту оларды сіңіру арқылы да (бірінші ретті), физикалық тұндыру (екінші ретті) арқылы да жүзеге асырылады.

Өсімдіктердің бірінші ретті қызметі ластаушы заттарды, соның ішінде улы заттарды (күкіртті ангидрид (SO 2 ) ) денесінде жинауы арқылы көрінеді. Улы заттар кейін топыраққа түскен жапырақтармен немесе басқа жолмен ағзадан шығарылады. Мәліметтер бойынша 1кг жапырақ маусымда 50-70 г күкіртті газ, 40-50 г хлор және 15-20 мг қорғасынды сіңіре алады. Азоттың қос оксиді және аммоний тұздары түріндегі қосылыстары аз мөлшерде сіңіріледі де, тамырдан тыс үстеме қоректендіру (жапырақ арқылы) факторы болып табылады. Бірақ бұл заттардың артық мөлшері, басқа да ластаушы заттар тәрізді өсімдіктердің тұрақтылығын төмендетіп, оларды уландырады.

Екінші ретті қызметімен негізінен ауадағы бөлшектерді тұндыру байланысты. Бұл процесс құрғақ күйде де (ауырлық күшінің әсерінен), ылғалды атмосфералық жауын- шашында немесе су буында, еріген күйінде де жүруі мүмкін. Орман алабында орманды емес жермен салыстырғанда ауаны тазарту интенсивтілігі 20-30 есе жоғары болады. Ауа жоғары дәрежеде шаңданған кезде, 1 га орман жылына 50-60 тонна шаңды сіңіріп, тұнбаға түсіре алады. Танап қорғайтын орман белдеуі ауаны топырақтың жел эрозиясының өнімдерінен тазартуында осы эффект қолданылады.

Орман шуды кемітеді, дыбыстың таралу қашықтығын төмендетеді.

Өсімдіктердің ластаушыларды нейтралдауы мен олардың өсімдіктердің тіршілік қызметіне зиянды әсер етуі қатар жүреді.

Ормандардың климаттық және метеорологиялық қызметі.

Ормандар метеорологиялық факторларға да әсер етеді. Олар атмосфералық құбылыстарға әсер ете отырып, өзіне тән ерекше ортасын түзеді. Метеорологиялық көрсеткітердің өзгеруі орманнан тыс жерлерге де таралады. Осы қасиетіне байланысты ормандарды топырақты, егіс танабын, жолдарды, тұрғыықты жерлерді қорғауда пайдаланылады.

Орман мен ашық жерлердегі ауаның температурасы мен ылғалдығы арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Тек жазда ашық ауа райы кезінде ғана ормандарда 2-5 0 С төмен болуы мүмкін. Орташа алғанда жазда орманда 1-2 0 С ғана салқын. Қыста орманда едәуір жылы болады.

Ормандар күн радиациясына көп әсер етеді. Ашық жердегі күн радиациясын 100% деп алсақ, онда орманның жарық сүйгіш өсімдіктер (қарағай. қайың және т. б. ) белдеуіне 10-15%, ал көлеңке сүйгіш ағаш түрлерінен тұратын (шырша, самырсын) орман белдеуіне тек 3-5% ғана жарық түседі.

Орманда ауа мен топырақтың жоғарғы қабатында ылғалдылық жоғары болады. Орман астындағы топырақтың терең қабаттары болса, шөптесін өсімдіктер бірлестігімен салыстырғанда құрғақ.

Орман өзінен алшақ жатқан жерлерге де әсер етеді. Орман белдеуінің шекаралас жатқан территорияларға әсер ету дәрежесі ағаштардың биіктігіне, тығыздығына байланысты.

Адамдар ерте кездердің өзінде өзен суының және құдықтағы судың деңгейінің ормандардың болуына тәуелді екенін байқаған. Әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ормандар мен су мәселесіне көп көңіл бөліне бастады. Орман грунт суларын қоректендіреді. Олар беттік су ағысының көп мөлшерін жер астына өткізеді. Грунт сулары өзендерді қоректендіре отырып, олардағы су деңгейінің қыс пен жазда жоғары болуын қамтамасыз етеді. Көктемде және жаздық жауын кезінде өзендерге су ормансыз жерлерден беттік ағыс бойынша келеді. Бұл судың топырақ эрозиясының өнімі мен басқа да агенттермен ластануына әкеледі.

Ормандардың грунт суларын арттырып, беттік ағысты кемітуінің негізгі себебі, ондағы топырақтың су өткізгіштігінің жақсы болуына (жабын қабатымен, тамырларымен қопсытылған) және оның бетіне ылғалдың біртекті түсуіне байланысты.

Ормандар күшті экожүйе ретінде өздігінен тазару мен техногенездің бұзушы күштеріне қарсы түру қабілетінің жоғары болуымен сипатталады.

Орман экожүйелерін ластанған суларды тазарту үшін де қолданады. Ені 30 метр орман белдеуі арқылы өткен суда аммоний тұздарының мөлшері 5 есе аз, SO 2 - 6 еседен астам, фосфор мен калий 10 есе кеміген.

Орман экожүйелері судың бактериалдық және физикалық қасиеттеріне қолайлы әсер етеді. Егіс танабынан алынған жауын суының коли- индексі (1 литр судағы ішек таяқшасының саны) 18-ге тең, ал 45 метрлік орман белдеуі арқылы өткенде 9-ға дейін кеміген. Судың мөлдірлігі 5 есе артқан.

Орман кесілгенде, оның су қорғау және басқа да қасиеттері жойылады. Екінші реттік сукцессия нәтижесінде орман қалпына келсе, бұл қасиет те қалпына келеді.

Өсімдіктердің тікелей су қоймасындағы суды тазартудағы маңызы зор. Америкада осы мақсатта гиацинттердің бір түрі қолданылады. Бізде шахталар мен шайынды суларды тазалауда қамыс, регоза пайдаланылады.

Антропогенді қысым жағдайында ормандардың тұрақтылығын сақтау мәселесі. Ормандардың қоршаған ортаны тазарту функциясы, олардың зақымдануымен, тұрақтылығының төмендеуімен, жойылуымен байланысты. Ормандардың зақымдануының жалпы заңдылықтары мен одан қорғау іс- шаралары төмендегідей:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман ресурстарын пайдалану мәселелері туралы
Орман қорын құқықтық қорғау
Аңшылық шаруашылығындағы табиғат қорғау ісі
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Орман қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі және олардың құзыреті
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құқықтық басқару тетігі
Орман қорын қорғау, кешенді пайдалану мәселелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz