Теледидардағы музыкалық хабарлардың ұлттық психологияны қалыптастырудағы ролі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе. 1

1 тарау. Қазақ телеақпарат кеңістігіндегі музыкалық формат және ұлттық психология . . . 7

  1. тарау. Телеаудиторияның ұлттық мүддесі және теледидардағы ұлттық музыка проблемалары. . . . . 26

3. Қорытынды. 45

4. Сілтемелер . . . 49

  1. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 50

Кіріспе

« Музыка миллиондаған жүректерді біріктіреді»

Л. Бетховен

Ақпаратты бұқараға жеткізудің мүмкіндігі мол, жолы да сан алуан. Жекеменшіктің елге дендеп енуімен, сондай-ақ, демократияның желеуімен сөз бостандығының ноқтасы ағытыла беруі мұң екен, жекеменшік телеарналар дүр етіп, бірінен кейін бірі электрондық ақпарат әлемінің төріне ентелеп еніп, әне-міне дегенше әуе толқынын жаулап алды. Бұл осы кезеңдерден бастап қазақ телеэфирінің көгінде талай дүниенің өзгергенін көрсетсе керек.

Ал енді диплом жұмысыма арқау болған тақырып- «Теледидардағы музыкалық хабарлардың ұлттық психологияны қалыптастырудағы ролі».

Диплом тақырыбымның өзектілігі - музыкамен бүтіндей бір ұлттың ұрпағын тәрбиелеуге болатынын ескерсек, теледидардан таралып жатқан музыканың ұлттық психологияға айрықша әсер ететіні мәлім. Сондықтан бүгінгі қазақ телеарналарының ұсынатын музыкалық хабарларының ұлттық мүддеге қызмет ету керектігі.

Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсат - бүгінгі отандық телеақпарат кеңістігіндегі музыкалық формат қандай, ол телеаудиторияның ұлттық психологиясына қалай ықпал етуде, музыкалық бағдарламаны жасаушылар қандай мүддені көздейді, олар үшін ұлттық музыка деген ұғым қаншалықты маңызды, ұлттық идеологияға қызмет етудегі музыкалық бағдарламалардың үлес салмағы қандай болмақ деген сауалдарға жауап іздеу

Бітіру жұмысымның дерек көзі - Әл-Фараби бабамыздың «Музыканың ұлы кітабы» трактаттары, М. Барманқұлов «Телевизия: билік әлде бизнес?», Қ. Тұрсынов «Көгілдір экран құпиясы», Қ. Жарықбаев «Этнопсихология-ұлт тәрбиесінің өзегі», Е. Брусиловский «Дүйім дүлдүлдер», Ж. Әбдіжәділқызы «Тікелей эфир табиғаты», Қ. Жарықбаев «Қазақ психологиясының тарихы», «Образование, личность, культура: процессы взаимадействия в 21 веке»,

А. Сейдімбек «Қазақ әлемі», Н. Назарбаев «Тарих толқынында», Ахмет Жұбанов «Замана бұлбұлдары», А. Сейдімбек «Күңгір, күңгір күмбездер», Ахмет Жұбанов «Ән-күй сапары», А. Сейдімбек «Күй шежіре», Д. Кабалевский «Музыка туралы әңгіме», Қ. Тұрсын «Қазақ тележурналистикасы: даму мен қалыптасу жолдары», Қ. Тұрсын, Ж. Нұсқабайұлы «Тележурналист анықтамалығы» (теледидар сөздігі) секілді еңбектер және газет материалдары қолданылды. пайдаланылды.

Сонымен, отандық телеақпарат кеңістігіне көз жүгіртсеңіз, бізде 1 ұлттық музыкалық арна (бұл жердегі «ұлттық» сөзіне кейінірек тоқталамыз), 20-ға жуық ақпаратты-сазды музыкалық бағдарламалар бар екеніне көз жеткізесіз. Олар: «ХитТВ» ұлттық музыкалық арнасы, «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсетілетін - «Дала думан» (музыкалық телевизиялық шоу), «Аламан» (музыкалық танымдық хабар), «Қымызхана» (ойын-сауықтық, сазды бағдарлама), «Қайырлы таң, Қазақстан!» (таңертеңгілік ақпаратты-сазды бағдарлама), «Ауыл сазы» (музыкалық танымдық хабар), «Хабар» арнасынан - «Таң қалмаңыз!» (жексенбілік ақпаратты - сазды бағдарлама), «31 арнадан» - «Муз зон» (музыкалық бағдарлама), «Жизнь прекрасна» (музыкалық ток-шоу), «Жұлдыздар аясында» (сазды бағдарлама), «НТК» арнасынан- «10 - трек» (музыкалық бағдарлама), «Ревию», «КТК» - «ШОУ-БУМ!!!» (әлемдік кино, музыка жаңалықтарына шолу), «Рахат» телеарнасынан- «Ән - көңілдің ажары», «Горячая семерка» хит-парады, «Таң» - «Муз-зон» (музыкалық бағдарлама) т. с. с. Бұл 15 млн. аудиториясы бар Қазақстан үшін аз ба, көп пе, өзіңіз бағамдай беріңіз…

Енді осынау жоғарыда аталған музыка әлеміне саяхат жасамас бұрын алдымен «музыка» деген ұғымның адам өміріндегі алатын орны қандай деген сауалға жауап беріп көрелік.

Сонау ғасырлардың ұлысы Аристотель: «Музыка арқылы біз өзімізді үлгілі өнегеге бейімдеп өркендете аламыз…музыканың моральдық мәні сол, біз оның әсерімен таза нәр аламыз, яғни шынайы сүйеміз, немесе жиренеміз…музыканың шын мәнінде біздің жан дүниемізді толқытып, көңілімізді көтеруге әбден әлі жетеді» десе, «Музыканың негізгі мақсаты-адамның эстетикалық қажетін қанағаттандыру, бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені тіл мен музыка тілі бір-біріне етене қатысқан кезде музыканың әсерлілігі арта түседі, ал адамзатқа тән ерекше қасиет-өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани ләззат алу, өзінің нәзік сезімдерін образдар арқылы паш ету» деп Әл-Фараби өзінің «Музыканың ұлы кітабы» аталатын еңбегінде баға берген. Музыка -жүрек тілі, ол сезімдер мен көңіл-күй әлемі, ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Музыканы тыңдау арқылы адам қалайда өзі бүтін бір әлеммен байланысып тұрғандай сезінеді, оның жүрегі өз замандастарымен қатар соғып тұрғанын біледі, музыка адамды біріктіріп және әрбір адамға өзін -өзі терең түсінуге көмектеседі, ол адамның сезімі мен ойын байытады. Музыкадағы дыбыстар адамзат бойындағы эмоциялық сезімдерді аса тегеурінді қуатпен оятады.

Музыка - сезім мен алуан құбылыстарын (қуану, ренжу, қайғыру, тебірену, қасірет пен шаттану, мұңға бату…) дыбыс екпіні мен ырғағына негізделген үндер арқылы сипаттап беретін көркемөнер түрі. Музыкадағы әуез бен адам үнінің нәзік байланыс тұсынан келіп, ерекше құдіретке ие алапат күштің жүрек жарып шығып, күллі тіршілік иесінің жан дүниесін сиқырға бөлеуінде де бір ерекше мән бар / 1 /. Әл Фараби баланың «іңгә» деп жарық дүниеге жылап түсіп үн шығаруын, жер бетіндегі ең қайталанбас үн деп атапты.

Музыка бүкіл адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және ұйымдастырушылық роль атқарады. Музыка алуан құбылыстарды суреттеп, олардың эмоциялық ауқымын аша отырып, қалың бұқараның рухани өмірін қалыптастыру құралы ретінде қызмет етеді /2/.

Музыка сазгерден басталып орындаушыға ұласады. Ал ол сазгер мен орындаушыдан асып тыңдарман жүрегіне жол тартса шынайы өнерге айналғаны. Оған қоса ол әнге бейнебаян түсіріліп шартарапты шарлап жатса, халық өз сүйікті әнімен ғана қауышпай, сүйікті сазгері мен әншісін көзбе көз көріп көзайым болып, жарқын жүздесулерге жалғасса нұр үстіне нұр. Бұған, әрине, басты себепкер болатын - көгілдір экран. Теледидардың басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда басты ерекшелігі бейне мен эмоцияның басым болуы десек, демек, тедедидардан тараған музыканың радиоға қарағанда адам психологиясына ықпалдырақ болатынын мамандар жиі айтады. Сондай-ақ оның оң, теріс әсерлерін зерттеуші әлемдік ғалымдар да жақтары жаңылмай айтуда . Адамның ішкі дүниесіндегі кейбір жақсы сезімдерді жетілдіретін, рухын, миын тыныштыққа бөлейтін, шаршағанда жүйкені демалтып, ойына көркем пікірлер салатын, болмысына жақсы әсер ететін музыка мен әуен болса, құба құп. Ал енді, керісінше теріс бағыттағы музыканың жасөспірім тәрбиесіне, ұлттық санаға нұқсан келтірер тұстарын баса айтуда. Ғалымдардың мұнша дабыл қағуына себеп жоқ емес. Музыка арқылы сыналап енген теріс тәрбиенің бүтін бір ұлттың ұрпағын жойып жіберуге қауқары жетеді. Оған кезінде өзінің сұмпайы саясатына музыканы ұтымды пайдаланғысы келген Адольф Гитлердің мына сөзін дәлел ретінде келтірсек болады. Ол сабазыңыз: «Басып алған жерлердегі халықтың санасын да бағындырғыңыз келсе, мәнсіз, мағынасыз музыканы күндіз-түні құлағынан кетірмей тыңдата беріңіз. Ол сонда саналы ойлаудан қалып, санасыз тобырға айналады. Ойлануға, кітап оқуға мүмкіндік бермеген жөн. Ал рухани кембағал жан өзін әмәнда бақытты сезінеді» деген екен. Міне, бүтіндей бір ұлтты оқ шығармай тарихтан өшіру деген осы емес пе? Демек, музыка - қуаты күшті идеологиялық қару! Ендеше, жөргектегі сәби қандай ананың, қай ұлттың, қай мәдениеттің әлдиімен өссе, қай елдің әніне ұйыса, соның төл перзентіне айналатыны - заңдылық.

Бірінші тарауда -

- Біздің бүгінгі электронды ақпарат құралдарында музыкалық формат қандай?

- Қай арна ұлттық үрдістегі музыкалық форматтың озық үлгісін көрсете алып отыр?

- Олар қаншалықты ұлттық психологиямызға ықпал етіп, қазақ аудиториясының қажетін талап-талғамына сай қанағаттандырып отыр?

деген сауалдарға жауап іздеуге тырыстым. Сондықтан бұл тарауға («Қазақ телеақпарат кеңістігіндегі музыкалық формат және ұлттық психология») - қазіргі телеарналарымыздың музыкалық форматы жайында, арналардың музыканы берудегі өзіндік пішіндері туралы т. б. сөз болады.

Екінші тарауда-

- Телеарналарымыздағы ұлттық музыкамыздың үлес - салмағы қандай?

- Эфирден ән салып жүргендер кімдер?

- Олар үшін ұлттық музыканың ролі қандай?

- Жалпы осы біздің телеарналар телеаудиторияның ұлттық мүддесімен санасып отыр ма?

- Музыкалық бағдарламалардың жүргізушілері қандай болу керек?

деген осы сауалдарға жауап іздеу үшін бірқатар бағдарламаларды шолып, оларға әлімізше талдау жасауға тырыстық. Тура осы тарауда эфирлерге жіберілетін әндер қалай сұрыпталады, оларды кім эфирге жібереді, жүргізушілердің кәсіби деңгейі қандай, олар үшін ұлттық менталитет деген ұғым қаншалықты маңызды деген сауалдарға да жауап іздеген болдық.

Қай дәуірде де ұлттық наным-сенімін баураған мұрат тұтқан асыл жолы, рухани тірек етер темірқазық бағыт-бағдары, яғни, идеологиясы болуы шарт. Мұндай ұстанған асыл мұраты жоқ халық - ой-санасы мен қабілеті, тілі, мен ділі азып-тозып, дағдарыс пен күйзеліске түсері хақ. Ал телебағдарламалардағы ұлттық нышандар - шығармашылық топтың ізденісі нәтижесінде этникалық рухтың құпия сырлары мен терең иірімдерінен көрермен жүрегіне әсерлі, қажеттілерін талғампаздықпен екшеп ала білу. Миллиондаған ақыл-ойға қозғау салып, ел игілігінің, болашағы жолындағы ұлы істерде біліктілік пен парасаттылық, көрегенділік пен ұлағаттылық танытуларын ұлттық рухтан іздеген абзал.

Сондықтан бағдарламалар қандай болу керек? Бағдарламалардың өн бойына ұлттық сипатты қаншалықты сіңісті ете аламыз? Хабарларды барынша ұлттық тілде жүргізуіміз керек, сонда хабардың ұлттық негізге көшері күмәнсіз деген пікірдің де жаны бар. Дегенмен осылай ма? Ұлттық тілдегі хабарлар өзегінен көпшілігінде ұлттық негіздерді таба алмай жататынымызды неге жасырамыз. « . . . Бүгін ұлттық сана жетілмей тұрып, ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат өзгелердің көсегесі түгіл, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс тұл», -деп еді елбасымыз Н. Ә. Назарбаев / 1 /.

Эфирдегі хабарлардың берер тағылымы мол. Отан, жер, тәрбие, дәстүр, салт-сана бәрі де сценарийден көрініс тауып жатады. Бірақ автордың ізденісі мен ақыл-ойынан, режиссердің өзіндік қолтаңбасы мен оператордың қырағы көзінен экранға шектелген дүние ғұмырының келтелілігі неде? Ұлттық сипатпен астасқан хабарлар легінің тым қысқалылығына басшылықтағы жиі-жиі ауыс-түйіс пен оның кадр мәселесіне де қатыстылығы тікелей байланысты. Басшы не журналист өз ойы, өз пікірі, өз жобосымен келеді. Бұрын көрерменге көзтаныс болып эфирге сіңісті бола бастаған көркем дүние де көрерменмен қош айтысады. Мәселен, Шерхан Мұртаза ағамыздың кезіндегі ұлттың исі аңқыған хабарлардың көрермен көзайымына айналуы да содан. Екіншіден, уақыт ағымының өзі заман тынысына орай, аудиторияға жаңа бір, соны пішіндегі хабарлар легін әкеліп отырады, не оны уақыттың сұранысы тудырады. Сондықтан бағдарламаның өзгеріп, түрленіп, қажет болса сипатын да, түрін де өзгертіп отыруы да заңдылық. Үшіншіден, бүгінде алыс-жақын шетел арналарының түрлі бағыттағы бағдарламаларының көптігі. Олардың техникалық шектеусіздікті мұрат еткендері өз алдына, жүргізушінің аудиторияны меңгеруі мен көтерген тақырыбының өзектілігі, көпшіліктің хабармен бүтіндікке айналуы секілді сипаттардың әрбір хабар бойынан көрініс табуы.

Ұлттық діл, ұлттық сезім, ұлттық рух, ұлттық тәрбие, ұлттық сана, ұлттық болмыс-бітім бойымызға ананың сүтімен, әженің тілімен, ата-бабамыздың салт-дәстүрімен қалыптасса, соны сырт елге бар артықшылығымен танытуда телеэкранның атқаратын қызметі ұшан-теңіз. Осы айтылғандарды жинақтай келгенде, телеарналардан тарайтын бағдарламаларымыз ең бастысы көркемдік идея мен ұлттық таным, дәстүр мен мазмұнға толы хабарлар болса деген ойымыз бар. Бүгінгі ұрпақтың қазақы ортада өсуіне сеп болар еді. Соңғы кездері эфирімізден ұлттық болмыстан ада хабарлардың да қылаң беретіні жиі кездеседі. Осы тұрғыдан жас ұрпақтың мәңгүрттену бағдарының одан әрі жалғасуын тоқтату, оларды халқымыздың рухани дүниетаным негіздерінен ажырап қалмау ісіне ақпарат құралдарының, соның ішінде теледидардың атқарар ролі зор. Теледидар кеше де, бүгін де шын мәніндегі «көгілдір тәрбиешіге» айналып отыр. Тек, жастарымыздың ғана емес, ол күллі елдің тәрбиешісі болуда. Ақпарат құралдары арқылы халық санасына кез келген идеяны сіңіруге болатындығы дүниежүзділік тәжірибеде толық дәлелденіп отыр. Демек, қазақ халқының ұлттық қайта жаңғыруы, оның бірігуі, ұйысуы, мемлекеттігін нығайтуы сияқты аса күрделі қарекеттер ақпарат құралдары арқылы жете түсірілетіні орынды. Осы бағытта теледидарға жүктелер мәдени-рухани шаралар ұшан-теңіз. Әсіресе соның ішінде музыкалық хабарлардың мейлінше ұлттық мүддеге сай болғаны абзал. Өйткені, музыканың зор идеологиялық қару екенін есте ұстаған ләзім.

1 тарау

Қазақ телеақпарат кеңістігіндегі музыкалық формат және ұлттық психология.

Біз өмір сүріп отырған кезең жаһандану дәуірі деп аталады. Осы бір құбылыстың жақсы жақтары дегенді жиі естиміз. Алайда, сақтанатын жерлері де жетіп артылатын кейбіріміз біле де бермейтін секілдіміз. Бұл да баяғы орыстандыру саясаты тәрізді біртіндеп дендейтін нәрсе. Ол ұлттың қан тамырын - тілі мен дінін, салты мен дәстүрін, мәдениетін байқатпай бойлайды. Бойлайды да ұлттың қалыптасқан формасын өзгеріске түсіреді Осы жағдайды ертеңгі болашақ, бүгінгі ұрпаққа ұгындыру оңай шаруа емес. Себебі, біздің қоғамның адамдары кітап оқымауға айналды. Сондықтан қазіргі кезде халық санасына тек телевидение мен музыка арқылы әсер ете аламыз. Сондай-ақ, теледидар адам психологиясына әсер етеді десек, оның артында тек бір ғана адам емес. бақандай бір ұлт, бүтіндей бір мемлекет тұрғаны сөзсіз. Бұдан келіп теледидардың ұлттық психология, мен ұлттық идеологияға қаншалықты ықпалдыдығы бар деген сауал да туады. Халқымыздың бүгінгі жетіп отырған тәуелсіздігін өз қолында берік ұстап, одан әрі жетілдіріп, ана тілін дамытып, бүкіл адамзаттық өркениетке үлес қосуының басты алғышарты - өзінің ұлттық сипатын сақтап қалу болса оны дамытудың басты құралы - ұлттық психология. Ұлттық психология - әр ұлттың паспорты. Мәселен, «ұлттық мінез», «ұлттық қасиет», «ұлттық мақтаныш», «ұлттық намыс», «ұлттық дәстүр», «ұлттық сана» т. б. ұғымдар қазақ ұлтының бүкіл дүниежүзілік мәдениетке үлес қосуында белсене қызмет істейтінін, ұлттық таланттың көзін ашатын ақыл-ойын жинақтап, оларды бір арнаға бағыттайтын катализатор дер едік.

Осыдан бірнеше жыл бұрын жасалған «Жаһандану жағдайында америкалық мәдениеттің (музыка, телевидение, кино) басқа ұлттарға төндіретін қаупі бар ма?» деген сауалнамаға италиялықтардың 20 пайызы, Германия халқының 25 пайызы, ұлыбританиялықтардың 27 пайызы «Иә, өте қауіпті» деп жауап берген. Осы сауалнама нәтижесінде жоғары қауіпті сезінген тағы да Франция болды. Француздардың 35 пайызы бұл мәдениеттің түбі жақсылыққа соқпайтынын айтқан /4/.

Мәселен, канадалықтар ұлттық мәдениетті өгей мәдениеттің ықпалынан сақтау мақсатында өз елдерінде америкалық басылымдарына шектеу қойған. Осының бәрі - түбі ұлтсыздануға әкеліп соғатын жаһандану жағдайындағы өзіндік қорғаныс. Шындығында жаһандану деген атты иемденген осы құбылысқа ешбір ел айқайлап қарсылық көрсетпегенімен, ішкі саясаттарында олар өз ұлттық идеологиясын берік ұстанып отыр. Ұлттық мәдениетті жаһандануға жұтылып кетуден сақтап отыр.

Ал енді кешегі түкірігі жерге түспеген Кеңес кезінде осынау ұлттық психология, ұлттық болмыс-бітім, туа бітті ұлттық сана-сезім деген сөз қаншалықты ескерілді? Қылышынан қан тамған ол үкімет бізге тіпті «ұлт» деген сөзді айтуға мұрсат бермегені бесенеден белгілі. Керісінше орыстандыру саясаты өз органдық БАҚ-ы арқылы өз әуенін тықпалап, біздің ұлттық үнімізді өшіруге тырысқанына тарих дәлел. Орыс империясының басында отырғандар ән-күйге, сазға атүсті қараған жоқ. Қазақты қазақ еткен, оның алпыс екі тамырын иітіп, зор рухани қуат дарытып отырған өте ғажайып күшке балады. Олар қазақ жерін, елін нағыз санасыз, сезімсіз мәңгүрт отар ел ету үшін оның әнін, күйін, сазын құрту қажет екенін жақсы білді. Ең алдымен, олар қазақты өз әнінен жерітуге, жек көргізуге тырысты. Мәселен, ғасырлар бойы өсіп-өркендеген, ғаламат академияларға айналған ән-күйдің мәнін төмендетіп, ауылдық деңгейдегі өнер деп үнемі айтып, солай насихаттады. Нағыз керемет, классикалық өнер деп опералық әндерді атады. Тіптен, қазақтың ән-күйін, оның ұлттық саз аспаптарын ескіліктің көздеріне теңеді.

БАҚ-ынан тек европалық, орыстық әндер бірінші орынға қойылып, күндіз-түні насихатталды. Қобыз бақсы-балгерлердің, молда - дүмшелердің халықты арбап - алдайтын аспабы делініп тыйым салынса, қазақтың жаны- домбыраның репрессияға ұшырап, оны құрту жөнінде қаулы да шыққанын біріміз білсек біріміз біле бермейміз. Қазақ әнінің қоңыр үнін қалай қасақана

тұншықтырғаны жайлы деректер көп-ақ. Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Қазақты отын етіп жаққыларың келмесе, оның әнін сақтаңдар!» -деп босқа дабыл қақпағанын байқаймыз. Бір таңқаларлығы осы жалынды сөз өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары айтылған. Ал ол уақыт әлі де қазақ әнінің қаймағы бұзылмаған, ұлттық бояуы қанық, төрт құбыласы тең кезі еді ғой. (Егер Сұлтанмахмұт бабамыз қазір келіп бүгінгі әндерімізді тыңдаса жынданып кетер ме, кім білсін?) / 5/

Әнсіз - өмір тұл. Ән - әрбір ұлттың зор байлығы. Ұлтты ұлт етіп тәрбиелейтін де, оны намысшыл, рухшыл ететін де қазақтың қарапайым әні мен күйі . Мысалы, өзбектің әшуләсін күні-түні барлық жерден сайратып қоятыны да осыдан. Өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бергі ұрпақты қос ғашықтың махаббатына ғана тәнті етпей, мәңгілік махаббат әуендері мен биіне де ынтық еткен үнді фильмдерін алыңызшы. Сол фильмдерді көріп өскен қазақ арулары өз ғашықтарын Төлеген кейпінде емес, Радж, Шахрух деп елестетті. Ал бүгін ше? Эфирімізді корей телесериалдары жаулағалы бәріміз тілін түсінбесек те өне бойымызды балқытқан корей әндерін тыңдайтын болдық. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен» демекші соңғы кездері оңтүстіктегі ала шапанды ағайындардың арзанқол фильмдері қаптап кетті. Фильмдерін өткізу мақсатында киноға Шахзода, Севинч сынды әншілерін түсіріп, жандары қалмай жарнамалап жатты. Мұның соңы сол әншілердің бір жылда екі рет еліміздің бас сарайында концерт қойып, теңгелерді теңгеріп қайтуына ұласты. Бұдан ұтқан кім? Әрине, қазақ емес.

Жазу-сызуы дамымай қалған, бейнелеу өнері, сәулет өнері, сахна өнері жоққа тән халқымыз рухани сұраныстың жүгін үйіп-төгіп музыка мен сөз өнеріне теңдеген сияқты. Сондықтан да ұлы дала тұрғындарының туғаннан өлгенге дейінгі ажырамас серігі өлең, ән-күй болып (А. Құнанбаев), бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінген (Г. Н. Потанин) .

«Қазақтың аса бай ән-күйі шындықты көркем бейнелеуде адамгершіл нәзік сипатымен, саф тазалығымен, өмірге құштар көтеріңкі лебімен және тіршілікпен қойындасып жататын шынайылығымен - халық жаратылысын ерекше асқақ адамгершілікпен толғаған, терең философиялық әсерге бөлейді»-, деп жазады музыка зерттеушісі Б. В. Асафьев. / 6/

«Міне, менің алдымда «Қазақ халқының 1000 әні» атты жинақ жатыр. Осынау таңғажайып тамаша әуез - болашақ Моцарттар, Бетховендер, Шопендер, Мусоргскийлер, Григтер үшін бай қазына ғой»-, деп бағалапты халқымыздың асыл қазынасын орыстың ұлы жазушысы А. М. Горкий. / 6 /.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Журналистің кәсіби санасының құрылымы
Авторлық телебaғдaрлaмaлaрдың жaсaлу технологиясы
Электронды бақ және мәдени хабарлар
Бұрынғы қазақ теледидары қазіргі бірегей телеарна қай деңгейде
Телехабар - теледидар бағдарламаларын құру және оларды эфирге тарату
ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Қазақстан телеарналарында сөз жанрларының прагмастилистикасы
ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ
Телевидение және ұлттық идеология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz