Экологиялық мониторинг жайлы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
Экологиялық мониторинг және оның міндеттері
Ғаламдағы экологиялық жағдайларды жақсарту мен тұрақтандыру бағытында жүргізілетін іс- шаралардың арасында экологиялық мониторинг жүйесін қалыптастырудың ролі ерекше.
Экологиялық мониторинг- табиғи құбылыстардың және антропогендік іс- әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген термин «монитор»- сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған.
Мониторинг жүйесіне іс- шаралардың келесі негізгі бағыттары жатады:
- бақылау объектісін анықтау;
- анықталған бақылау объектісін зерттеу;
- бақылау объектісі туралы информациялық моделін құру;
- өлшеулерді жүргізу;
- бақылау объектісінің жағдайын бағалау және оның информациялық моделін анықтау;
- бақылау объектісінің жағдайының өлшеулерін болжау;
- информацияларды пайдалануға қолайлы түрде дайындау және оны тұтынушыға жеткізу;
Экологиялық мониторингтің негізгі мақсаты- табиғатты қорғау мен экологиялық қауіпсіздік саласында шешімдер қабылдауға көмек көрсету мен информациялық қамтамассыз ету. Бұл жүйе:
- адамның тіршілік ету ортасы мен экожүйелердің функционалдық тұтастығы мен жағдайының көрсеткіштерін бағалауға;
- бұл көрсеткіштердің өзгеру себептерін анықтау және мұндай өзгерістердің зардаптарын бағалауға;
- жағымсыз жағдайларды жоюға бағытталған іс- шаралардың алғы шарттарын жасауға мүмкіндік береді.
Осы 3 міндеттер негізінде экологиялық мониторинг 3 түрлі жалпы көрсеткіштерге: бақылау, диагностика және алдын ала ескертуге бағытталуы керек.
Жоғарыда айтылған негізгі міндеттерден басқа экологиялық мониторинг табиғатты қорғаудың іс- шаралары, жобалар, халықаралық келісімдер мен міндеттемелер орындау жөніндегі қажетті информациялармен қамтамассыз етуге байланысты арнаулы программалық мақсаттарға бағытталуы керек.
Экологиялық мониторингтің негізгі міндеттері:
- антропогендік әсерлердің көздерін бақылау;
- антропогендік әсер етуші факторларды бақылау;
- табиғи ортаның жағдайы мен ондағы антропогендік факторлар әсерінен жүретін процестерді бақылау;
- табиғи ортаның нақты жағдайын бағалау;
- антропогендік факторлар әсерінен табиғи орта жағдайының өзгерістерін болжау және бағалау;
қоршаған ортаның экологиялық мониторингі өндірісті объект, қалалар, аудандар, өлкелер, республикалар деңгейінде жүргізіледі.
Мониторинг жүйесі жеке ауданды ғана емес, бүкіл жер шарын қамти алады. Ұлттық мониторинг деп- бір мемлекет шеңберіндегі мониторинг жүйесін айтады. Ұлттық мониторингтің глобальды мониторингтен айырмашылығы оның тек қана масштабында емес, сонымен бірге оның негізгі міндеттері қоршаған орта жағдайын ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау және информация алу.
Экологиялық хал- ахуал жөніндегі информацияларды жалпылау механизмімен сипаты ол жөніндегі барлық мәліметтер жинағына байланысты қалыптасады.
Ластану мониторингінің жүйесі қоршаған ортаны бақылау функциясын атқаратын жүйенің бір бөлігі.
Мониторингтің блок- схемасы . Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерінің мониторинг жүйесінің құрылымын анықтайтын негізгі блоктар төмендегідей: «бақылаулар», «қоршаған орта жағдайын бағалау», «қоршаған орта жағдайын болжау», «қоршаған ортаның болжауларын бағалау».
«бақылаулар» және «қоршаған орта жағдайын болжау» блоктары бір- бірімен тығыз байланысты. Болжау құру, бір жағынан, қоршаған орта жағдайының өзгеру заңдылықтары туралы мәліметтерді, сандық есептеулердің мүмкіндіктері мен схемаларын анықтаса, екінші жағынан, болжаудың бағытын бақылау сферасының құрылымы мен құрамын анықтауы қажет.
Антропогендік өзгерістер мониторингінің информациялық жүйесі басқару жүйесінің, адамның қоршаған ортамен өзара әсерлерінің құрам бөлігі болып саналады, өйткені, табиғи ортаның нақты жағдайы, оның өзгеру тенденциялары жөніндегі информациялар табиғатты қорғау жөніндегі іс- шаралардың негізі болып, экономиканың дамуын жоспарлау барысында ескерілуі қажет. Биосфераның жағдайын бағалаудың қорытындылары өз кезегінде, бақылау жүйесіне деген талаптарды нақтылауға мүмкіндік береді.
Мониторинг жүйесінің классификациясы
Биосфера жағдайының мониторингін жүзеге асыру барысында қоршаған ортаның көрсеткіштері мен аса маңызды әсер етуші факторларға бақылаулар жүргізуді дұрыс ұйымдастыра білу керек. Мониторингтің нақты мақсатына байланысты бұл факторлар мен көрсеткіштер түрліше болуы мүмкін.
Ең алдымен қоршаған ортадағы өте маңызды болып саналатын және ұзақ уақытқа сақталатын өзгерістерді туғызатын факторларды ескеру қажет, сол сияқты биосферадағы түрлі әсерлерге тұрақсыз, сезімтал элементтерді, яғни экожүйелердің бұзылуына әкеліп соғатын негізгі элементтерді анықтап алу қажет.
Мониторинг жүйелерінің классификациясын қарастырар алдында кейбір универсалды бағыттарға тоқталып кетеміз. Ең негізгі универсалды бағыт, не іс- шаралардың бірі- мониторинг жүйесін оның алдында тұрған негізгі міндеттерін шешумен бірге ауқымды түрде ұйымдастыру.
Екінші бағыт, жалпы алғанда экологиялық мониторингке жатады. өйткені, ластану мониторингімен оған байланысты биосферада пайда болатын эффектілер де экологиялық мониторингтің бір бөлігі болып саналады.
Бақылауларды импакт деңгейде, яғни аймақтық және фоны күшті әсер деңгейінде жүргізіледі.
Геофизикалық мониторингке - түрлі ластанулар, атмосфераның, ортаның метеорологиялық және гидрологиялық сипаттамалары туралы мәліметтерді анықтау жатады. Бұл жүйе тармағына биосфераның өлі бөлігін құрайтын әртүрлі элементтерді, оның ішінде адам қолымен жасалған конструкциялар, құрылыстарды да жатқызуға болады.
Биологиялық мониторингтің негізгі мақсаты- биосфераның құрамына кіретін биотикалық элементтерді және олардың антропогендік әсерлерге реакциясын анықтау болып табылады. Биологиялық мониторингке тірі организмдер мониторингі түрлі әсерлерге ұшыраған популяциялар жатады.
Мониторингтің бұл жүйесі тармағында төмендегідей бақылауларды бөліп алуға болады:
- адамдардың денсаулығына ортаның әсерін бақылау (медико-биологиялық мониторинг) ;
- әсерлердің белгілі түріне өте сезімтал популяциялардың күйін бақылау немесе белгілі факторлардың зиянды әсеріне барынша көп ұшыраған популяцияларды бақылау;
биологиялық мониторингте генетикалық мониторинг ерекше орын алады.
Экологиялық мониторинг - биологиялық, геофизикалық мониторингтердің мәселелерін өзара тығыз байланыста қарастыратын универсалды мониторинг болып табылады. Бұл әсіресе экожүйелер деңгейінде бақылаулар жүргізуде аса маңызды роль атқарады.
Мониторингті кез келген көлемде ұйымдастыру барысында әртүрлі орталардағы әсер етуші факторлар мен ластаушы заттардың мониторингін жүргізудің практикалық маңызы зор.
Әртүрлі ортадағы мониторингке:
- атмосфераның төмеңгі және жоғарғы қабатарының мониторингі;
- гидросфераның мониторингі;
- литосфераның мониторингі (ең алдымен топырақтың мониторингі) жатады;
Факторлар мен әсер етуші көздері бойынша мониторингті классификациялау.
Әсер етуші факторлар мониторингі түрлі ластаушылар мониторингі мен электормагниттік сәулелер, жылу, шу сияқты әсер етуші факторлар мониторингі болып табылады. Бұл жерда ең алдымен, өте зиянды факторлар, улы заттар мен түрлі өзгерістер кезінде түзілетін улы өнімдер, сол сияқты басқа заттармен қауіпті қосылыстар түзетін заттардың мониторингі жүргізілуі қажет. әсер ету көздерінің ішінде ең алдымен ластаушылардан стационарлық нүктелік көздер, қозғалмалы көздер және өндірістік көздер.
Қорыта айтқанда, қазіргі кезде мониторингтің жаңа түрі дистанциялық әдістер арқылы жүргізілетін биосферадағы түрлі өзгерістер мониторингі болып табылады.
Биосфералық мониторинг
Ауқымды экожүйе - қоршаған ортаның тұрақтылығында негізгі роль атқарады. Қазіргі кезде өзінің тұрақтылығын жоғалта бастады.
Экологиялық мониторинг- биосфера мониторингінің комплексты тармағы болып, оның құрамына биологиялық, геофизикалық аспектілер де кіреді. Экологиялық мониторнгті дұрыс жүргізу үшін қойылатын негізгі талап- мониторингтің қорытындысы экожүйелер жағдайларын бақылау мен бағалау, экожүйелердегі экологиялық тепе- теңдікті бағалау болып табылады.
Экологиялық мониторингтің биосфераның күйін кең ауқымды көлемде бағалау үшін маңызы зор. Экологиялық мониторингке топырақтың, өсімдіктер жабынының, су ресурстарының, теңіз ресурстарының биосфералық мониторингтері де жатады.
Ауқымды мониторинг щегінде қоршаған орта әсерлеріне теңіз және құрлықтың экожүйелердің жауап реакциялары да қарастырылады.
Ауыр металлдардың таралуы өсімдіктер дүниесіне зиянды әсерін тигізеді. өсімдік организміне түскен ластаушы заттар, олардың вегетативті және генеративті органдарына, клеткалары мен тканьдеріне әсер етеді.
Келесі кестеде мониторинг жүесінің классификациясы берілген.
Қоршаған ортаға ластаушы заттардың біраз мөлшерінің түсуі үлкен катастрофаларға әкеп соғады. Европада 70 жылдарындың басынан бері атмосфераның ластануы мен қышқыл жаңбырлардың әсерінен ағаштар - қарағай, пихта, шырша, т. б. жаппай зақымданған. Германияда 1982жылы жүргізілген зерттеулер бойынша ормандардың 80% зақымданған.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларды моноторингті жүзеге асыру барысында биологиялық көрсеткіштер ретінде қолдануға болады. Биосфера жағдайының өзгерістерін бақылау қазіргі кезде спутниктер көмегімен жүзеге асырылады. Планетаның барлық аймақтарындағы табиғи орта жағдайларын бақылау жүйесі өте қарқынды даму үстінде. АҚШ мемлекетінде 5290 жергілікті бақылау станциялары, Жапонияда - 1532 жер бетілік станциялары, Францияда - 120станцияда 2 мыңнан аса түрлі құралдар жұмыс істейді.
Қоршаған орта сапасын нормалау
Қоршаған ортаның сапасы дегеніміз- бізді қоршаған табиғи орта параметрлерінің адамның қажеттіліктері мен технологиялық талаптарға сәйкестік деңгейі.
Барлық табиғатты қорғау іс- шараларының негізі қоршаған орта сапасын нормалау болып табылады. Бұл термин қоршаған ортаға адамның әсер ететін іс- әрекетінің шектеулі нормативтерін белгілеуді білдіреді.
Экологиялық номативтерді сақтау:
- адамдардың экологиялық қауіпсіздігін;
- адам, жануарлар мен өсімдіктер генофондын сақтауды;
- тұрақты даму жағдайында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz