Тілдегі эмоционалдылық пен экспрессивтілік және олардың синтаксистік жүйедегі көрінісі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 Тілдегі эмоционалдылық пен экспрессивтілік және
олардың синтаксистік жүйедегі көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тілдің экспрессивтік, эмоционалдық, бағалауыштық қызметін анықтау - қазақ тіл білімінде кейінгі кездің жемісі. Алайда тілдің экспрессивтік, эмоционалдық, бағалауыштық қызметі қазақ ғалымдарының назарынан тыс қалмаған. Айталық, бұл мәселе М.Б. Балақаев, І.К. Кеңесбаев, Ғ.Ғ. Мұсабаев, Ш.Ш. Сарыбаев, А.Т. Қайдаров, Р.С. Әміров, М.С. Серғалиев т.б. ғалымдар еңбектерінде айтылған.
Тілдің аталған қызметіне көлемді еңбектермен қатар, әр бағытта мақалалар жазылып келеді. Соның ішінде сөздің эмоционалды-экспрессивті қызметіне көптеген мақалалар арналған. Атап айтсақ, А.Т. Қайдаровтың «Экспрессия как фактор языкого выражения эмоций» (Вестник АН КазССР, 1983, №9,с.15-20), І.К. Кеңесбаевтың «Фразеологияның экспрессивті-семантикалық функциялары жайында», т.б.
Ауызекі сөйлеу тіліндегі эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің ерекшелігіне арналған көлемді еңбек – М.С. Серғалиев пен Ш.И.Нұрғожинаның «Эмоционально-экспрессивная лексика казахского разговорного языка» (1995) атты еңбектері. Мұнда ауызекі сөйлеу лексикасындағы эмоционалды-экспрессивті сөздердің ерекшеліктері, олардың жасалу жолдары мен тәсілдері, лексико-грамматикалық топтары қарастырылған.
Ал, А.Нұрмахановтың «М.Әуезов драмалық шығармаларындағы эмоционалды-экспрессивті лексика» атты диссертациясында аталмыш тақырып жан-жақты, бірнеше жүйелі түрде зерттеліп, құнды ғылыми тұжырымдар жасалған.
Сөздің эмоционалдылығы пен экспрессивтілігі стильдік тұрғыдан да қарастырылып келеді (С.А. Абдуллаев, Х.М. Нұрмұханов, В.И. Лиханов т.б.).
Қазақ тілінде сөздің, фразеологиялық тіркестердің эмоционалдылығы мен экспрессивтілігі туралы біршама сөз болғаны айтылды. Алайда лексикадағы экспрессивтілік пен эмоционалдылық айтылғанымен, бұл мәселе синтаксис жүйесінде көрініс таппай отыр.
Синтаксистегі экспрессивтілік пен эмоция туралы мәліметті тек Р.С. Әміровтің еңбектерінен көруге болады. Автор әрбір синтаксистік құрылымдардың грамматикалық белгілерін, жасалу жолдарын айта отырып, олардың эмоционалдылығы мен экспрессивтілігіне де тоқталып отырады. Алайда автор жай сөйлемдегі эмоционалдылық пен экспрессивтілікті қарастырған. Мысалы, профессор Р. Әміров эмоционалдықты білдіруге бейімделген формалар, амалдар, интонациядан, арнаулы баяндауыштың формаларынан көрінеді дейді.
1. Клаус Э. Сила слова. Перевод срусского языка. М., Прогресс. 1967. – 215 с.
2. Темірбеков Т. Балаубаев С. Психология. – Алматы: Мектеп, 1966. – 231 б.
3. Кеңесбаев І. Фразеологияның экспрессивті-семантикалық функциялары жайында // Тезисы докладов конференции.
4. Балақаев М. Қазіргі қазақ грамматикасы. Синтаксис. – Алматы, 1949. – 122 б.
5. Оразов М. Қазақ тілі синтаксисі.– Алматы: Рауан, 1989. – 145 б.
6. Әміров Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі: (Оқулық). – Алматы: санат, 1998. – 192.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...

1 Тілдегі эмоционалдылық пен экспрессивтілік және
олардың синтаксистік жүйедегі көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..

кіріспе

Тілдің экспрессивтік, эмоционалдық, бағалауыштық қызметін анықтау -
қазақ тіл білімінде кейінгі кездің жемісі. Алайда тілдің экспрессивтік,
эмоционалдық, бағалауыштық қызметі қазақ ғалымдарының назарынан тыс
қалмаған. Айталық, бұл мәселе М.Б. Балақаев, І.К. Кеңесбаев, Ғ.Ғ. Мұсабаев,
Ш.Ш. Сарыбаев, А.Т. Қайдаров, Р.С. Әміров, М.С. Серғалиев т.б. ғалымдар
еңбектерінде айтылған.
Тілдің аталған қызметіне көлемді еңбектермен қатар, әр бағытта
мақалалар жазылып келеді. Соның ішінде сөздің эмоционалды-экспрессивті
қызметіне көптеген мақалалар арналған. Атап айтсақ, А.Т. Қайдаровтың
Экспрессия как фактор языкого выражения эмоций (Вестник АН КазССР, 1983,
№9,с.15-20), І.К. Кеңесбаевтың Фразеологияның экспрессивті-семантикалық
функциялары жайында, т.б.
Ауызекі сөйлеу тіліндегі эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің
ерекшелігіне арналған көлемді еңбек – М.С. Серғалиев пен Ш.И.Нұрғожинаның
Эмоционально-экспрессивная лексика казахского разговорного языка (1995)
атты еңбектері. Мұнда ауызекі сөйлеу лексикасындағы эмоционалды-
экспрессивті сөздердің ерекшеліктері, олардың жасалу жолдары мен тәсілдері,
лексико-грамматикалық топтары қарастырылған.
Ал, А.Нұрмахановтың М.Әуезов драмалық шығармаларындағы эмоционалды-
экспрессивті лексика атты диссертациясында аталмыш тақырып жан-жақты,
бірнеше жүйелі түрде зерттеліп, құнды ғылыми тұжырымдар жасалған.
Сөздің эмоционалдылығы пен экспрессивтілігі стильдік тұрғыдан да
қарастырылып келеді (С.А. Абдуллаев, Х.М. Нұрмұханов, В.И. Лиханов т.б.).
Қазақ тілінде сөздің, фразеологиялық тіркестердің эмоционалдылығы
мен экспрессивтілігі туралы біршама сөз болғаны айтылды. Алайда лексикадағы
экспрессивтілік пен эмоционалдылық айтылғанымен, бұл мәселе синтаксис
жүйесінде көрініс таппай отыр.
Синтаксистегі экспрессивтілік пен эмоция туралы мәліметті тек Р.С.
Әміровтің еңбектерінен көруге болады. Автор әрбір синтаксистік
құрылымдардың грамматикалық белгілерін, жасалу жолдарын айта отырып,
олардың эмоционалдылығы мен экспрессивтілігіне де тоқталып отырады. Алайда
автор жай сөйлемдегі эмоционалдылық пен экспрессивтілікті қарастырған.
Мысалы, профессор Р. Әміров эмоционалдықты білдіруге бейімделген формалар,
амалдар, интонациядан, арнаулы баяндауыштың формаларынан көрінеді дейді.

1 Тілдегі эмоционалдылық пен экспрессивтілік және олардың
синтаксистік жүйедегі көрінісі
Тілдің бірнеше негізгі қызметтері бар:
- коммуникативтік қызмет;
- ақпаратты жеткізу;
- когнитивтік;
- эмоционалды-экспрессивті.
Тілдің эмоционалды-экспрессивті қызметі негізгі әрі маңызды қызмет
болып саналады. Тіл тек қарым-қатынас құралы немесе ойды сыртқа шығарушы
құрал ретінде жұмсалмайды, сонымен қатар тіл адамның эмоционалды және ойлау-
сөйлеу әрекетін қамтамасыз ете отырып, сезіммен, эмоциямен тығыз байланыста
болады.
Сөз - әрі қарым-қатынас құралы ретінде сөйлеудің, әрі сол тілді
зерттейтін тіл білімі саласының негізгі тілдік бөлшегі болып есептеледі.
Тіл біліміндегі сөздің қызметі сан алуан екендігі белгілі. Бұл сөздің тілде
әр түрлі көптеген мағыналарды, нақтылай айтқанда, сындық, қимылдық, заттық,
атауыштық, бейнелеуіштік сияқты, т.б. мағыналарды білдіре алатын
қабілетімен тікелей байланысты. Сөздің сондай мағыналарының бірі – тіл
білімінде эмоционалды-экспрессивтілік деп аталады. Олар көңіл-күйдің,
сезімнің, әсердің мағыналық бояуларын білдіреді. Тіл білімінде олар
эмоционалды-экспрессивті сөздер деген атау алған.
Эмоционалды-экспрессивті сөздер халықтың ауызекі сөйлеу тілімен
қатар әдеби шығармалар тілінде де жасалып, көп кездеседі. Алайда сөз
қуаттылығы жазушыларымыздың ой зерделігімен тіл байлығына, шеберлігіне
байланысты болмақ. Бір сөзбен айтқанда, эмоционалды-экспрессивті сөздердің
орынды қолданыс табуы, қажетті мағыналық бояуды бере алатындай болуы тиіс.
Бұл – сөздің негізгі қызметтерінің бірі.
Эмоция мен экспрессивтілік (туралы) жөніндегі ғылымдағы пікірлерге
мән берсек, мұндай пікірлерді тек тіл біліміне қатысты емес барлық сала
мамандарының еңбектерінен кездестіруге болады.
Мысалы, тілдегі осы мағынаға байланысты: Сөз сөйлеушінің ойымен
қатар, оның әр түрлі психикалық толқуларын білдіреді - деп атап көрсетеді
академик В.В. Виноградов. [1, 50].
Ал Э.Клаус сөздің тілдегі қызметін саралай келіп: Сөз тек түсінісу
құралы ғана емес. Тілдік белгілер, сондай-ақ, тыңдаушының қызығушылығын
арттырып әңгімеге белсенді араласуына ықпал етеді - деген пікір айтады.
[2, 102].
Эмоция сөзінің төркіні – латын тіліндегі “Emoure” етістігі [3, 46].
Бұл орыс тіліндегі возбуждать, волновать (әсерлендіру, толқыту) деген
ұғымды білдіреді.
Жалпы алғанда эмоция туралы алғашқы ғылыми пікірді биологиялық
тұрғыдан айтқан ағылшын ғалымы Ч.Дарвин болса керек. Дарвиннің Выражение
эмоции у человека и животных деген кітабы жарыққа шығудан бұрын-ақ бұл
проблема тек ғалымдардың ғана емес, өнер адамдарының: суретшілердің,
скульптордың, акьерлардың көңілін аударған.
Орыс тіліндегі психология оқулығының 1966 жылғы басылымында: эмоция
мен сезім арқылы кісі табиғатқа, өзге адамдарға өзінің іс-әрекетіне,
сөзіне, қызметіне қанағаттану не қанағаттанбауын білдіреді. Эмоция мен
сезім – адамның қоршаған шындыққа, өз-өзіне ерекше бір субъективтік
қатынасы делінсе [4,177], 1994 жылғы жалпы психология негіздері
оқулығында: эмоция адамдардың бірін-бірі жақсы түсініп, қарым-қатынас
жасауына ықпал етеді деп атап өтілген.
Эмоционалдық құбылыс қолданылу аясы мен белсенділігіне қарай әрқилы
болып келеді және эмоционалдық әсер неғұрлым күшті болса, одан көрінетін
экспрессивтілік те ұлғая түседі:
Қанға бөгіп, аппақ болып есеңгіреп жатқан балғын денесі бар күнәдан
бар азаптан арашалап алғысы келген көлдің көп толқындары өз ырқынан, өз
арнасынан асып кете алған жоқ (Ардақ, 429).
Сөйлемнің эмоционалдық әсері өте күшті себебі, мұнда қанға бөгу,
есеңгіреу, күнә, азап сияқты бірнеше семантикасынан эмоционалды сөздер мен
сөз тіркестері қатар қолданылған және олардың әрқайсысының эмоционалдық
реңі, мәні ерекше көзге шалынады. Соған сәйкес сөйлемдегі экспрессивтілік
те айқын әрі анық болады. Енді тіл мамандарының эмоцияға берген
анықтамаларына тоқталып өтейік. Түркологияда бұл тақырыптың зерттелуі 50-
жылдардан бастау алды десе де болады. Қазақ тілінің көрнекті өкілдері С.Қ.
Кеңесбаев, Ғ.
Мұсабаев, А.Т. Қайдаровтың еңбектерінде эмоционалдылық,
экспрессивтілік, ондағы лексика-семантикалық бірліктер мен олардың жасалу
тәсілдері жайлы салмақты пікірлер айтылған.
Ал, А.Нұрмахановтың М.Әуезов драмалық шығармаларындағы эмоционалды-
экспрессивті лексика атты диссертациясында аталмыш тақырып жан-жақты,
бірнеше жүйелі түрде зерттеліп, құнды ғылыми тұжырымдар жасалған.
Е.М. Галкина – Федорук: Эмоция дегеніміз – адамның қоршаған ортадан
алатын тітіркеністеріне организмнің түйісу реакциясы. Эмоция бастан
кешірілетін жан толқыны сезім десе [5, 105], П.Г. Пустовойт: Эмоция
дегенді біз жеке адамның интеллект бойынша сәулеленген ақиқат дүниеге
субъективтік реакциясы деп түсіненміз - деген анықтама береді. Бұл
пікірлер шындыққа жақын болғанымен, әлі де айқындап, ашып көрсете түсуді
талап етеді. Өйткені кез-келген зат пен құбылыс, субъективті реакцияның
барлығы эмоция туғыза бермейді.
1. Сауын аяқталып, қарына ағаш ілген әйел мен қолында ноқтасы бар
жылқышы бұларға қарай беттеді (Жесірлер).
2. Үйдің бұрыш-бұрышында апам-ау, апам деп зар еңіреп немерелері
қалды (Апамның астауы).
Мысалдардағы алғашқы сөйлем субъективті реакциямызды жай ғана хабар
ретінде жеткізуімізге байланысты қарапайым, тыныш көңілмен қабылданса,
екіншісі сөйлемдегі эмоционалды лексиканың (апам-ау, апам, зар еңіреп)
қолданылуына байланысты бойымызды тітіркендіреді, аяушылық сезімін
тудырады.
Тілдегі эмоционалды элементтер адам сезімін білдіру үшін қызмет
етеді. Ал тілдегі экспрессивтілік амалдар эмоцияларды, ерікті білдіруде,
ойды білдіруде де, мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді [6,
918].
Тілдегі экспрессивті және эмоционалды элементтерде айыра білу
қажеттілігі, олардың арасындағы байланысы мен өзара әсеріне қарамастан
функциялық міндеттерінің де түрлілігінен туады. Тілдегі эмоционалдықты
экспрессивтілікпен бір деп қарамау керек. Бұлар әр түрлі құбылыстар -
деген пікірлер де айтылған ойларды нақтылай түседі.
Сондай-ақ азербайжан тілшісі Т.А Эфендиева: Эмоционалдық пен
экспрессивтілік жеке дара категориялар, бірақ, экспрессивтілікке қарағанда
эмоционалды өзінің семантикасына қарай әрі экспрессивті, дей отырып автор
азербайжан тіліндегі эмоционалды-экспрессивті лексиканы мынандай екі топқа
бөліп қарастырады:
1. Жағымды экспрессивті бояулы эмоционалды лексика.
2. Жағымсыз экспрессивті бояулы эмоционалды лексика.
Біздің пайымдауымызша да бұлар бір ғана құбылыс бола алмайды.
Сондықтан да бұлардан жеке-жеке қарастырып отырмыз.
Айқыш-ұйқыш сызылған санасы қаланың қаңғыбастарын тақырып, шуақты
аңсаған қариядай, таяғына сүйеніп тыныстағысы келді. (Жетім бота).
Мұнда эмоционалды лексика жоқ, тек, айқыш-ұйқыш созылған санасы
деген метафоралық қолданыстағы бейнелі сөз тіркесі мен таяғына сүйенген
шуақты аңсаған қариядай деп теңеу арқылы берілген экаспрессивті рең ғана
бар.
Енді эмоция туралы айтылған Денедегі нервтік процестер қызметінің
ауыр-жеңілдігін бейнелейтін субъективті қалып: организмнің түйісу
реакциясы, жүрек қылымыздан қозғайтын сезім түрі сияқты. Анықтамаларды
еске түсіре отырып: Бойымызда сондай сезім тудыруға тиісті сөздер әсерсіз
болса, эмоция тудыра алар ма? Деген сұрақ туады. Ендеше бұдан эмоционалды
мәнді сөздер де әрі экспрессивтілік сипат та бар деген қорытынды шығады.
Бірақ екеуі де бір ұғым емес.
Міне ғалымдарымыздың Тілдегі эмоция көрінісі әрқашан экспрессивті,
ал экспрессия үшін эмоционалды бола бермейді, экспрессивті лексиканың
затқа, құбылысқа деген қатынасты, белгілейтін, сондай-ақ сөздің заттың
лексиканың (ұғымдық) мәнінің әр түрлі эмоциялар деп қарауға болатын қосымша
реңдерін көрсететін бөлігі ғана эмоционалды болып табылады [7,146] –
деулері сондықтан.
Ал А.И. Еримов экспрессивтілік ұғымына тілден тәсілдердің
эмоционалды бояуының реңдері де енеді. Себебі, эмоционалдық,
экспрессивтіліктің бойында үнемі болуға тиіс құрамдас бөлігі деп түсініп
қалмау керек. Мысалы, көркем шығармаларда жиі ұшырасатын қарағым, шаш ал
десе бас алатын тіркесінің семантикасында да экспрессивтілік бар, ол шаш,
бас сөздерінің семантикасында да экспрессивтілік бар. Ол Шаш, бас
сөздерінің ұйқас алынуы және ал сөзінің қайталанып келуі арқылы да
берілген.
Тағы бір мысал:- Тәңірім-ай, келдің бе? Деп екі бетін алақанымен
басқан күйі шөге түсіп, еңіреп жылап жіберген әйел затына тән босаңдық
немесе долдылықпен емес, көбік ата талқып-тасыған қуаныштан жылаған
жыласын... жыласын (Атау кере).
Келтірілген сөйлемдердегі эмоционалды мән айқын. Осындағы Тәңірім-
ай сөзі одағай сөзі ретінде эмоционалды мәнге ие болса, табиғатынан
эмоционалды еңіреп сөзіне одан кейін синонимдік қатармен берілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоционалды-экспрессивті құрмалас сөйлемдер
Эмоционалды жағдайды вербализациялау классификациясы
Эмоционалды - экспрессивті лексиканың зерттелу тарихы
Туынды эмоционалды сөздер
Ағылшын тіліндегі эмотивті лексиканы қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі эмоционалды сөздер
Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасы
ЭМОЦИОНАЛДЫ-ЭКСПРЕССИВТІ ЛЕКСИКАНЫҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері
Болымсыздық мағынаның эмоционалды-экспрессивті реңкін көркем шығарма тіліндегі мысалдар арқылы дәлелдеу
Пәндер