Тілдік сана және прагматика



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1. СӨЗТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7

1.1. Сөз және оның әлеуметтік ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

1.2. Адам сөзі туралы эстетикалық көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2. ТІЛДІК САНА ЖӘНЕ ПРАГМАТИКА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2.1. Тілдік сана мен адамдық сана ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17 2.2. Тіл біліміндегі прагматикалық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22 2.3. Субъект . прагматиканың негізгі категориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

2.3.1. Көркем мәтіндердегі прагматиканың көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38

3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Диплом жұмысының өзектілігі. Жалпы адамзат iс-әрекетiнiң ерекше қырларының бiрi – өз пiкiрiн бiлдiру және өзара сөз арқылы қарым-қатынасқа түсу. Оның басты құралы тіл екені белгілі. Осы құралдың әрекет етуі тілдесімге жатады (тілдесім - «языковое общение» деген терминнің баламасы). Бұлардың алғашқысы жеке iс-әрекетке жатса, екiншiсi әлеуметтiк iс-әрекетке жататыны белгiлi. Коммуникация үдерісі екi бөлiктен тұрады: хабарды, ойды беру және қабылдау. Адамзат жаратылысында тіл айрықша маңызды рөл атқаратыны белгілі. Тіл адамдардың жай ғана қарым-қатынас құралы емес, оның ішкі құрылымдары мен жүйелері тым күрделі және олар бір-бірімен тығыз байланысты көпдеңгейлі құрылым болып табылады. Адам тіл арқылы жай ғана ақпарат алып немесе ақпарат беріп қоймайды, сонымен қатар әрдайым өзінің қоршаған ортаға, құбылысқа деген көзқарас, сезімін, субъективті қарым-қатынасын тіл арқылы жеткізіп отырады. Осылайша тіл адамның ішкі көңіл-күй толғанысы мен сезімін де жеткізудің басты құралына айналған. Себебі тілдің басты міндеті адамға қызмет ету, ал адам – сан қырлы, күрделі құбылыс. Тіл білімінде қалыптасқан түсінік бойынша, дүниенің бейнесі алдымен санада, содан кейін тілде көрініс табады. Танымдық тіл білімінің бұл маңызды ұстанымын В.Г.Гак былайша түсіндіреді: “Все идет от действительности через мысль в язык, и все от языка возвращается через мысль в действительность” [1]. Шындығында да айналада болып жатқан барлық құбылыстар адам санасында сақталып, оны адам өзінің біліміне, өмірлік тәжірибесіне қатысты тіл арқылы сыртқы ортаға әрқалай жеткізеді. Осы жерде “адамдық сана” және “тілдік сана” деген ұғымдар келіп шығады. Тілдік сананың (языковое сознание) маңыздылығы тіл білімінде біршама зерттелген. Бұл терминді теориялық мәселелері жағынан өз еңбектерінде орыс тіл білімінде Т.Н.Ушаков, А.Н.Портнов, И.А.Стернин, Ю.Н.Караулов, А.А.Залевская, И.Ю.Мягков сияқты ғалымдар зерттеген. Н.А.Алмаев, Е.С.Ощепков, Т.В.Ахутин, Н.А.Лемяскин т.б. ғалымдар “тілдік сананы” эксперименттік әдіс арқылы қарастырған. Ал қазақ тіл білімінде осы терминге қатысты мәселелер А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, К.Аханов, Р.Сыздық т.б. ғалымдардың назарына іліккен. Сонымен қатар ғылымда “прагматика” терминіне де қатысты айтылған маңызды пікірлер баршылық. “Прагматика” тілдік қарым-қатынасқа қатысушының тілді қандай мақсатта қолданып тұрғандығын зерттейді. Прагматика тілдік құралдарды коммуниканттардың сана – сезіміне, іс-әрекетіне әсер мақсаты тұрғысынан қарастырады [ 2. 102б.].
1 http://fibrary.krasu.ru. Шмелева Т.В. “О термине речеведение”.
2 Головин Б.Н. Как правильно говорить. –Москва: Высшая школа, 1988. –с. 160.
3 Солганик Г. Стилистика текста. – Москва: Высшая школа, 1997. - с. 256.
4 Сыздықова Р. Сөз құдіреті. – Алматы : Санат, 1997.- 224 б.
5 Әлкебаева Д.А. Қазақ тілі стилистикасының прагматикасы: Фил.ғыл.док.дис... 08.02.2006. –Алматы, 2006.
6 http://yasawi.kz. Жақсықұлова А. “Шәкәрім мен
Абай шығармаларындағы “сөз” сөзінің қолданылу аясы”.
7 Нұрмұқанов Х. Сөз және шеберлік. –Алматы: Ғылым, 1987. -288 б.
8 Серғалиев М. Ой мен сөздің жарасымы // Егемен Қазақстан. - 1994.7 қыркүйек.
9 Исақова С.С. Қазақ терминтанымының когнитивті-прагматикалық аспектісі (Қоғамдық ғылымдар терминдері негізінде): Фил.ғыл.док.дис... 30.05.88
10 Байтұрсынұлы А. Тіл- құрал. –Алматы: Ана тілі,1992. -446 б.
11 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы,1999. – 581 б.
12 Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: Фил.ғыл.док.дис. авторефераты: 10.02.02. -Алматы, 2007. – 49 б.
13 Амренова Р.С. Коннотативно-культурные доминанты этнонимов казах и руский: дис. на соискание канд. ф.наук. –Алматы, 2004.
14 Машинбаева Г.А. Теледидар тілінің лингвопрагматикалық аспектілері: Фил.ғыл.канд. дис... 24.10.07
15 Досанов Б.И. Терминдердің қалыптасуы және тілдік сана//ҚазҰУ хабаршысы. –Алматы, 2007. №5.
16 Иісова Э.Ә. Идеографиялық оқу сөздіктерінің тілдік жүйені меңгерудегі орны: Фил.ғыл.канд.дис... :10.02.02 – Алматы, 2009
17 Камешова Г.Қ. Қазақ тілдесімінің көмекші құралдары: Фил.ғыл.канд.дис... 10.02.02. – Астана, 2007.
18 Караулов Ю.Н. Русский язык и языковая личность. –Москва: Наука, 1987. -263.
19 Есенова Қ.Ө. Қазіргі қазақ медиа-мәтінініңтпрагматикасы (қазақ баспасөз материалдары негізінде): Филол.ғыл.док.дис... –Алматы, 2007
20 Ерназарова З.Ш. Қазақ сөйлеу тілі синтаксистік бірліктерінің прагматикалық негіздері: Фил. ғыл.док.дис... –Алматы, 2001. -246 б.
21 Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. –Алматы: Санат,1993.-496 б.
22 Шалабаев Б. Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері: филол.ғыл.докт.дисс.авторефераты. –Алматы,1997.-44б.
23 Әзімжанова Г.М. Қазақ көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуеті: Фил.ғыл.док.дис... –Алматы, 2007
24 Моррис Ч.У.Основания теории знаков // Семиотика. – Москва.Радуга, 1983. –с.201
25 Жүнісов С. Ақан сері. Роман. –Алматы: Жазушы, 1977. -376 бет
26 Бөкей О. Қайдасың, қасқа құлыным. Повестер, новеллалар. -Алматы: Жазушы, 1973. -200 бет
27 Мұратбеков С. Ескек жел. Әңгімелер. –Алматы: Раритет, 2004. -280 бет
28 Мұстафин Ғ. Дауылдан кейін. Роман. –Алматы: Жазушы, 1989.
29 Әуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. –Алматы : Жазушы, 1989. -616 бет. 2 томдық
30 Мағауин М. Аласапыран. Тарихи роман. –Алматы: Жазушы, 1988. -832 б.
31 Аймауытов Ж. Шығармалары: романдар,повесть,әңгімелер,пьесалар. –Алматы: Жазушы,1989.-560 б.
32 Әуезов М. Қилы заман.Роман. –Алматы: Жазушы, 1979.
33 Имашева Г.Е. Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы “Ғаламның тілдік бейнесі”: Фил. ғыл.канд. дис... 10.02.02
34 Есенова Қ.Ө. Газет мәтінін қабылдаудағы тақырыпаттың қызметі // ҚазҰУ хабаршысы. –Алматы, 2004. №4
35 Азаматова А.Х. Метаязык лингвистики: семантика, прагматика: Автореферат дис. д-ра ф.наук. –Алматы, 2008
36 Тяжина Е.Б. Одағайлардың прагматикалық қолданысы (қазақ және француз тіліндегі материалдар негізінде): Фил.ғыл.канд.дис.авторефераты. –Алматы, 2006
37 Мұхтар Д. Қазақ және орыс тіліндегі толық эквивалент фразеологизмдердің прагматикасы // ҚазҰУ хабаршысы. 2004. №6
38 Қарамандаев Қ. Қоғамды өзгертетін рухани ахуал// Қазақ тілі мен әдебиеті, 2008. №12. 3-7б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Жұмыстың тақырыбы: Тілдік сана және прагматика
Жұмыстың көлемі: 52 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 38
Тірек сөздер: тілдік сана, прагматика, сөйлеу актісі, пресуппозиция.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Адамзат баласының өміріндегі тілдің алатын
орнын, оның болмысын көрсетудегі қызметін аша отырып, тілдік сана мен
прагматика байланысын нақтылау. .
Сөз құдіретін және оның әлеуметтік ролін анықтау; .
сөз←ойлау←сана байланысын түсіндіру; .
тілдік сана мен адамдық сана ұғымдарының байланысын айқындау; .
ғылымдағы “прагматика” терминінің даму тарихына шолу жасап, оның
антропоцентрлік бағыттағы өзге салалармен байланысын анықтау, өзіндік
ұғымдық шеңбері мен теориялық мәселелерін тұжырымдау; .
адресанттың (айтушының) прагматикалық ұстанымдарының көркем әдебиеттегі
жеткізілу тәсілдерін айқындау.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Жалпы адамзат iс-әрекетiнiң ерекше қырларының
бiрi – өз пiкiрiн бiлдiру және өзара сөз арқылы қарым-қатынасқа түсу. Оның
басты құралы тіл екені белгілі. Осы құралдың әрекет етуі тілдесімге жатады
(тілдесім - языковое общение деген терминнің баламасы). Бұлардың
алғашқысы жеке iс-әрекетке жатса, екiншiсi әлеуметтiк iс-әрекетке жататыны
белгiлi. Коммуникация үдерісі екi
бөлiктен тұрады: хабарды, ойды беру және қабылдау. Адамзат жаратылысында
тіл айрықша маңызды рөл атқаратыны белгілі. Тіл адамдардың жай ғана қарым-
қатынас құралы емес, оның ішкі құрылымдары мен жүйелері тым күрделі және
олар бір-бірімен тығыз байланысты көпдеңгейлі құрылым болып табылады.
Айналада болып жатқан барлық құбылыстар адам санасында
оның біліміне, өмірлік тәжірибесіне қатысты сақталып, тіл арқылы сыртқы
ортаға әрқалай жеткізіледі. Осы жерде “адамдық сана” және “тілдік сана”
деген ұғымдар туады.
Бұл жұмыста біз қазақ тіл білімінде әлі терминге айналып үлгермеген “тілдік
сана” және “прагматика” ұғымдарының өзара байланыстылығын, адам өміріндегі
мәнін, ерекшеліктерін ашу мәселесін алға қойдық. Жұмыста қолданылған
әдістер: Жұмыста тілдік материалдарды жинақтау, салыстыру, сипаттау,
жүйелеу, талдау, қорытындылау, прагматикалық пресуппозиция мен
импликацияларды талдау әдістері қолданылды.
Пайдаланылған дерек көздер: М.Әуезов,С.Жүнісов,М.Мағауин, Ж.Аймауытов,
С.Мұратбеков, О.Бөкей т.б. жазушылардың шығармалар жинағы.

Глоссарий

Әлемнің тілдік бейнесі – нақты бір тілдік қауымдастықтың санасында
тарихи қалыптасқан және әлем туралы түсініктердің тілде бейнеленген
жиынтығы, ақиқатты концептуалдаудың тәсілі.
Тілдік сана – ұлттық қоғамдық сананың маңызды бөлігі, нақты бір халықтың
тіліне, мәдениетіне тән, кеңістікті, себеп-салдарлы, эмоциялы және т.б.
байланыстары арқылы анықталатын әлем бейнесі. Прагматика –
(грек pragmatos–іс-әрекет) – семиотика мен лингвистиканың саласы.
Прагматика тілдегі белгілер қызметін зерттейді. Бұл терминді өткен ғасырдың
30-жылдары семиотиканың негізін салушы Ч.Пирс пен Ч.Моррис енгізген
болатын. Ол семантиканы белгілер мен объектілер қатынасы (семантика), белгі
аралық қатынастар (синтактика) және сөйлеушілердің белгілерге қатынасы
(прагматика) деп бөлген. Интенция – латын тілінде
сананың белгілі бір затқа, ойға, мақсатқа бағытталуы мәнінде қолданылатын
intentio сөзінің негізінде қалыптасқан терминдік аталым.
Пресуппозиция – (лат. prae“алдын”+suppositio
“жағдай” – алдын алу,жорамал) – сөйлесу рәсіміндегі сөйлесушіге
сөйлесушінің көзқарасын психикалық жағдайын, жалпы білімділігін бағалау.
Коннотация – (лат.connotatio,connoto-қосымша мағына бар) –
тіл бірлігінің эмоциялық, бағамды немесе стилистикалық реңі. Кең мағынада,
коннотация тіл бірлігінің грамматикалық және заттық-ұғымдық (денотативті)
мағынасын толықтыратын оған экспрессивті сапа беретін кез келген бөлігі.
Денотат – (лат.denotatum-таңбаланушы) – белгіленетін зат. “Д” термині
мынадай мағыналарда қолданылады: 1) нақтылы сөз бөлігінің Д.-ты референтпен
пара-пар деп саналады. 2) белгілі бір тілдік бөліктің Д.-болмыс объектілер
жиынтығын (заттар, қасиеттер, қатынастар,құбылыстар, жағдайлар,
процестер,әрекеттер т.б.) атайтын тіл бөлігі. Сөйлеу актісі
– қоғамда қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, белгілі бір
мақсатта жүзеге асырылатын сөйлеу әрекеті; С.а.-нің негізгі белгілері:
әдейі және белгілі мақсатта айтылуы. С.а. теориясының негізін ағылшын
философы Дж.Остин қалады.

Мазмұны

1. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 5

1. СӨЗТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7

1. Сөз және оның әлеуметтік ролі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2. Адам сөзі туралы эстетикалық көзқарастар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

1. ТІЛДІК САНА ЖӘНЕ ПРАГМАТИКА
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

2.1. Тілдік сана мен адамдық сана
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2.
Тіл біліміндегі прагматикалық зерттеулер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3.
Субъект – прагматиканың негізгі категориясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

2.3.1. Көркем мәтіндердегі прагматиканың көрінісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

2. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .49

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Жалпы адамзат iс-әрекетiнiң ерекше
қырларының бiрi – өз пiкiрiн бiлдiру және өзара сөз арқылы қарым-қатынасқа
түсу. Оның басты құралы тіл екені белгілі. Осы құралдың әрекет етуі
тілдесімге жатады (тілдесім - языковое общение деген терминнің баламасы).
Бұлардың алғашқысы жеке iс-әрекетке жатса, екiншiсi әлеуметтiк iс-әрекетке
жататыны белгiлi. Коммуникация
үдерісі екi бөлiктен тұрады: хабарды, ойды беру және қабылдау. Адамзат
жаратылысында тіл айрықша маңызды рөл атқаратыны белгілі. Тіл адамдардың
жай ғана қарым-қатынас құралы емес, оның ішкі құрылымдары мен жүйелері тым
күрделі және олар бір-бірімен тығыз байланысты көпдеңгейлі құрылым болып
табылады. Адам тіл арқылы жай ғана ақпарат алып немесе ақпарат беріп
қоймайды, сонымен қатар әрдайым өзінің қоршаған ортаға, құбылысқа деген
көзқарас, сезімін, субъективті қарым-қатынасын тіл арқылы жеткізіп отырады.
Осылайша тіл адамның ішкі көңіл-күй толғанысы мен сезімін де жеткізудің
басты құралына айналған. Себебі тілдің басты міндеті адамға қызмет ету, ал
адам – сан қырлы, күрделі құбылыс.
Тіл білімінде қалыптасқан түсінік бойынша,
дүниенің бейнесі алдымен санада, содан кейін тілде көрініс табады. Танымдық
тіл білімінің бұл маңызды ұстанымын В.Г.Гак былайша түсіндіреді: “Все идет
от действительности через мысль в язык, и все от языка возвращается через
мысль в действительность” [1].
Шындығында да айналада болып жатқан барлық құбылыстар адам санасында
сақталып, оны адам өзінің біліміне, өмірлік тәжірибесіне қатысты тіл арқылы
сыртқы ортаға әрқалай жеткізеді. Осы жерде “адамдық сана” және “тілдік
сана” деген ұғымдар келіп шығады. Тілдік сананың
(языковое сознание) маңыздылығы тіл білімінде біршама зерттелген. Бұл
терминді теориялық мәселелері жағынан өз еңбектерінде орыс тіл білімінде
Т.Н.Ушаков, А.Н.Портнов, И.А.Стернин, Ю.Н.Караулов, А.А.Залевская,
И.Ю.Мягков сияқты ғалымдар зерттеген. Н.А.Алмаев, Е.С.Ощепков,
Т.В.Ахутин, Н.А.Лемяскин т.б. ғалымдар “тілдік сананы” эксперименттік әдіс
арқылы қарастырған. Ал қазақ тіл білімінде осы терминге қатысты мәселелер
А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, К.Аханов, Р.Сыздық т.б. ғалымдардың
назарына іліккен. Сонымен қатар ғылымда “прагматика” терминіне де
қатысты айтылған маңызды пікірлер баршылық. “Прагматика” тілдік қарым-
қатынасқа қатысушының тілді қандай мақсатта қолданып тұрғандығын зерттейді.
Прагматика тілдік құралдарды коммуниканттардың сана – сезіміне, іс-
әрекетіне әсер мақсаты тұрғысынан қарастырады [ 2. 102б.].
Жалпы тіл білімінде осы терминге қатысты мәселелер Ч.Пирс, Ч.Моррис,
Р.Якобсон, Ю.Степанов, П.Грайс, Н.А.Аруланова сияқты ғалымдардың
еңбектерінде біршама қарастырылған. Сондай-
ақ “тіл мен ойлау” жүйесі жөнінде В.Гумбольдт, Э.Сепир,
И.А.Бодуэн де Куртенэ, Ф.де Соссюрлердің тұжырымдары өте маңызды. Бұл
жұмыста біз қазақ тіл білімінде әлі терминге айналып үлгермеген “тілдік
сана” және “прагматика” ұғымдарының өзара байлыныстылығы, адам өміріндегі
мәнін, ерекшеліктерін ашу мәселесін алға қойдық. Ұсынылып отырған зерттеу
жұмысының негізгі өзектілігі де осында. Диплом жұмысының
нысаны: Жұмыс барысында көркем мәтіндердегі автор тарапынан қолданылған
прагматикалық қолданыстардың мәнін ашуды негізгі нысана етіп алдық.
Диплом жұмысының мақсаты мен
міндеттері: Адамзат баласының өміріндегі тілдің алатын орнын, оның болмысын
көрсетудегі қызметін аша отырып, тілдік сана мен прагматика байланысын
нақтылау. . Сөз құдіретін және оның әлеуметтік ролін
анықтау; . сөз←ойлау←сана байланысын түсіндіру;
. тілдік сана мен адамдық сана ұғымдарының
байланысын айқындау; . ғылымдағы “прагматика” терминінің даму
тарихына шолу жасап, оның антропоцентрлік бағыттағы өзге салалармен
байланысын анықтау, өзіндік ұғымдық шеңбері мен теориялық мәселелерін
тұжырымдау; . адресанттың (айтушының) прагматикалық
ұстанымдарының көркем әдебиеттегі жеткізілу тәсілдерін айқындау.
Ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысында тілдік сана
ұғымының адамзат өміріндегі мәнін, қоғамда алатын орнын, қызметін нақтылау
мәселесі қозғалады. Сонымен қатар “прагматика” ұғымының мәні, маңызы,
қызметі, тілдік санамен байланысы сөз етіледі.
Диплом жұмысының әдіснамалық және
теориялық негіздері: Тілдік сана мен прагматика ұғымдарының байланысын
анықтау барысында көрнекті ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынды.
Атап айтсақ, Қ.Жұбанов, Х.Нұрмұқанов, Б.Шалабай, С.Исақова, Д.Әлекбаева,
Г.Машинбаева, Қ.Есенова, З.Ерназаровалармен бірге орыс ғалымдары Т.Шмелева,
Н.Уфимцева т.б. ғалымдардың еңбектері жұмыстың өз мақсатына жетуіне
септігін тигізді. Диплом жұмыстарының дерек көздері:
М. Әуезов,С.Жүнісов, М.Мағауин, Ж.Аймауытов, С.Мұратбеков, О.Бөкей т.б.
шығармалар жинағы. Диплом жұмысының әдіс-тәсілдері: Жұмыста тілдік
материалдарды жинақтау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, талдау, қорытындылау,
прагматикалық пресуппозиция мен импликацияларды талдау әдістері қолданылды.
Диплом
жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, төрт тараудан және қорытындыдан
тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

I . СӨЗТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ НЫСАНДАРЫ

Сөзтану, сөз лингвистикасы – білім саласында енді ғана қалыптасқан
жаңа термин. Бұл термин филологиялық практикаға бірте – бірте ене бастады:
алғашында баяндамалардың тақырыбында, сонымен қатар конференция аттарында,
жиналыстарда ғылыми айналымға түсті.
Айқынырақ айтар болсақ, оның морфемалық құрылымы және мағынасы аса
үлкен түсінікті талап етпейді, себебі бұл термин атынан-ақ біз өзімізге
белгілі бір түсінік ала аламыз.
Жалпы риториканың оқу және ғылыми айналымында қажеттілікке
ұшырауында, дәстүрлі тілдік курстардың риторизациясында, мәдени сөйлеу
айналысының жоғарылау барысында, сондай-ақ ерекше сөзтанымдық пәндердің
енуімен бұл терминнің болмысын филология ғылымы күтіп тұрғандай болды.
Осындай жағдаяттардың нәтижесінде “сөзтану” концепциясы пайда болды.
Бұл термин дәстүрлі түрде М.Н.Кожина тарапынан 1966 жылы
функциональдық стилистика терминімен синоним ретінде қолданыла бастаған
[1].
Орыс тіл ғылымында Б.Н.Головин тіл мен сөзді ажыратуды негізгі нысана
ете отырып, “сөз тілдің іс – әрекеті” деп таниды да “тіл – жалпы, сөз –
жеке” деп анықтайды [2, c.21]. Г.Я.Солганик “сөз – деректі айтылым, бірақ
сөз тілмен сөз, тілден сөздің айырмашылығы – сөз жеке, деректі”, – дейді
[3, с.7].
Соңғы жылдары шыққан қазақ энциклопедиясында
сөз туралы толық анықтама жоқ. Тіл мен сөзге қатысты халық даналығында
мақал – мәтел, тұрақты сөздер көп кездеседі. Сондықтан сөз ерік – жігерге,
сезімге де тікелей қатысты. Р.Сыздық: “сөз, тіл – қай халықтың да
қымбаттысы, тіпті жаны да. Сондықтан оны барша жұрт қадірлейді”–, деп
жазады. Автор сонымен қатар сөзді (речь) “тіл, сөз, сөйлеу, қолданыс тілі”
деп атайды. Осы еңбекте “речь” дегенді “сөз” терминімен атап қалыптастыру
керектігіне тоқталған [4,12б.].
Сөзді лингвистикалық, әлеуметтік, интеллектуалдық,
психофизиологиялық, эстетикалық құбылыс ретінде тану маңызын анықтау – өте
күрделі құбылыс. Тіл мен сөз мәнін былай түсіндіруге болады: тіл – жалпы,
сөз – жеке, тіл – дерексіз, сөз – деректі, тіл – мәнді, сөз – құбылыс, тіл
– код, сөз – хабарлау т.б. Сонымен сөз дегеніміз – жоғары қабілетті
тұлғаның әлеуметтік лингвистикалық компетенциясы арқылы бір немесе бірнеше
сөйлемнің жиынтық операциясынан тұратын ой, пікір ретінде танылатын тілдің
динамикалы процесінің өндірісі. Стилистика тіл білімінің басқа салаларына
қарағанда тілдік жүйенің динамикасына нақты көңіл бөлген, сондықтан сөз,
сөзтану лингвистикасы стильмен бірлесе отырып өз мәнін толық айқындап
береді. Олай болса, сөз – көп қырлы күрделі құбылыс, себебі оны таратушы
адам, адамның рухани мәні көп қырлы күрделі болғандықтан, сөзі де сол
сияқты мәнге ие болады.
Сөзтану әлемінің көп қырлы күрделі мәселесі стилистикаға тікелей
қатысты. Сөзтану сөз лингвистикасы болса, ол стилистика шеңберінде өзінің
көп қырлы күрделі мән – маңызын жан – жақты көрсете алады.
Сөз жанрлары қарым – қатынастың белгілі ситуациясында пайда болған
тілдің өмір сүруінің алғашқы формасы болып табылады. Сөз жанрлары
генезисіне көз жіберсек, оларды екіге бөліп қарастыруға болады. Алғашқы –
қарым-қатынастың күнделікті тұрмыс аясындағы формасы, екіншісі – жоғарғы
дамыған мәдениетті коммуникацияның формасы. Алғашқы сөз кейінгі сөзге
айналуы заңды құбылыс. Себебі сөз қайта құрылады, белгілі мәдени
коммуникацияда өңделеді, ақпараттыұ, танымдық моделі күрделенеді.
Сөз жанрлары туралы түсінікті алғаш рет М.М.Бахтин ұсынған болатын.
Бұл түсінік анықтаманы кейінірек В.В.Виноградов, Б.Эйханбаум, В.Шаховский
еңбектерінде жиі пайдаланды. Осыған байланысты орыс тіл ғылымында сөйлеу
жанрлары туралы теориялық мақалалар, ғылыми еңбектер жазыла бастады. Ф. де
Соссюр сөз объектісінің күрделі көп жақты маңызына ерекше мән берген, сөз
құбылысын үйрену бүтіндей ғылымның есігін айқара ашу, адамның сөйлеу
қызметі барлық пәндердің жиынтығы ретінде оқытылуға тиіс деген пікір айтқан
[5. 231б.]. Сөз, сөз жанрлары көп жағдайда
тілдік тұлғаның дискурс тәртібі және ойлау қабілеті арқылы анықталады. Олай
болса тілдік тұлғаның ақыл – санасында қалыптасқан жанрлық фреймдер болады.

1.1. Сөз және оның әлеуметтік ролі

Қазақ халқы – сөйлеуге, сөз арқылы ықпал етуге, мақсатына жетуге
ерекше көңіл бөлген, сөйлеу өнерін жоғары бағалаған халық. Қазақ тілінің
ерекшелігі де осында. Қазақ халқы адам баласына тән өнердің бәрін тізіп
келіп, тіл өнерін бірінші кезекке шығарады да, “Өнер алды – қызыл тіл”
дейді. Өйткені “Тіл – көңілдің айнасы”, “Қызыл тіл – жанның мияты” деп
ұғады.
Сөз – құдіреті. Сөз – бір әлем. Сөз адам өмірін айшықтайтын, адам танымын
танытатын, кеңітетін құрал. Қазақта “Жақсы сөз - жарым ырыс” деген аталы
сөз бар. Яғни, берекеттің бір ұшы, құт берекенің қадіа – қасиеті де осы
“Сөз” деген ұлылықтан шығып тұр. Неше ғасырлық тарихқа, шежіреге бай
халқымызда қара қылды қақ жаратын әділдігімен бір руды, одан қалса, бір
ауылды басқарып, жол сілтеп отыратын, ақсақал қариялар, одан билер мектебі
қалыптасқан кезде де “сөз құдіреті” өз мәнін жоймаған. Ақты ақ деп, қараны
қара деп әділдікпен тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін кесіп айтқанда,
жүгірген баласынан еңкейген қартына дейін тағы да “Сөз” құдіретіне бас
иген. Халқымызда “Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды” деген даналы сөз
осыдан шықса керек.
Сөздің адам баласының жан дүниесіне әсер ететін дара қасиеті де
баршылық. Сондықтан сөзді басқа атаумен энергия, құбылыс, толқын, күш-қуат,
нұр, яғни әсер ретінде танығанымыз дұрыс. Бұл сөзімізге өзіміздің ойшыл,
кемеңгер аталарымыздың сөздері мысал бола алады. Даналықтың иісін сезіп,
дәмін татқан ұлы Абай, Шәкәрім аталарымыздың жүрекке ерекше әсер беріп,
бойды шымырлата, ойды қозғалта айтқан өнегелі өсиеттер мен қазыналы сырға
толы сөздері адам баласының жанын жадыратары сөзсіз.
Ұлы Абай атамыз сөздің орны мен мәнін, талабын былай өрнектеген:
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар...
Ақынның сөзге қойған талабы “жүрекпен сезіну”, “жүрекпен қабылдау”. Сөздің
мәнісін тек ойлап қою емес ақылмен ойлап шешкеннің өзі аздық етеді. Сөзді
жүрекке сездіртсе, яғни жүрек сүзгісінен өткізсе ғана айтпақ ой дәл болып,
мақсатқа жетеді. Ал жүрек таразысынан өткен сөз жұдырықтай жүректі іске
қоспай, әсер етпей қоймайтыны сөзсіз. Себебі жүрек – бүкіл дененің басқарып
тұрған “патшасы”.
Айтар сөзің жүректен шықпаса, құр тілмен сөз айтуға хақың жоқ. Себебі,
келер зиянның тең жартысы – жүректен шықпаған құр ауызбен, құр тілмен
айтылатын беталды сөз. Бүкіл жамандық атаулы осы тілден, дұшпандық пен
жауыздық әр уақыт тілдің кесірінен болады. Сондықтан да дана халқымыз “Тау
мен тасты жел бұзады, адамзатты сөз бұзады” ,“Басқа пәле тілден” дейді
[6].
Сөз – тіл аталатын мәңгілік, аса мәңгілік, аса құнды да қасиетті
дүниені құрайтын бөлшек.
Сөз, тіл туралы жай да, бейнелі түрде берілген түсініктер баршылық.
Солардың бірі: “Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. Тіл
өлгенді де тірілтеді. Әлдеқашан қайтыс болған прототиптерді тіл тірілтіп
ұлы образдарды көз алдыңа әкеледі. Жалғанда не терең? Сөз терең. Не сұлу?
Сөз сұлу. Не өткір? Сөз өткір. Сөз құдіреті ғажап: алтынды мыс, мысты алтын
етіп көрсете алады. Тас жүректі қорғасындай балқытып, балқыған қорғасынды
тастай ете алады. Кірлі көңілді тазартып, кірсіз көңілді кірлей алады.
Түрлі –түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар
едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық. Мұралардың ең
қымбаты-сөз. Сөз Күн шалмас қараңғы көңілді шалады, Күн жылытпас суық
көңілді жылытады. Сөз құдіреті ақты қара, қараны ақ етуге жетеді. Асыл адам
да, асыл нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды (Ғ.Мұстафин)”.
Сөз жөнінде арнайы жазылған еңбектер орыс тілінде біраз бар:
Л.Я.Баровой “Слово” (1961), Н.М.Шанский “В мире слов” (1978), Л.В.Успенский
“Слово о слове” (1957), С.А.Есенин “Отчее слово” (1968), Н.Н.Асеев “Жизнь
слова” (1967), Н.Я.Галь “Слово живое и мертвое” (1972) т.б. Ал бұл салада
қазақ тілінде жарық көрген кітаптар, сірә, Р.Сыздықтың Сөздер сөйлейді”
(1980) мен “Сөз сазы” (1983) ғана болса керек [7. 26б.].
Сөйлеу, сөйлеу жағдаятына, тыңдаушының сипатына қарай сөз таңдау
насихат жүргізумен байланысты кеңес дәуірінде қарастырылып отырды. Ол,
әрине, прагматикамен байланысты. Тыңдаушымен үндестік таба білу ауызша үгіт
пен насихатта шешуші роль атқарады. Мұның өзі лектордың өз сөзін
аудиторияның қалай қабылдап, оның тыңдаушыларға қаншалықты ықпал ететінін
білуіне мүмкіндік береді. Соған қарап ол өз стилін, сөйлеу мәнерін
өзгертеді. Диалог сөйлеу кезінде екі бағытта орнайды. Оның біріншісі
сөйлеуші мен тыңдаушы арасында орнаса, екіншісі сөйлеушінің өз-өзімен
орнайды. Тыңдаушының қабылдауына қарай сөйлеуші өзін сарапқа салып, сөзін
өзгертеді [8].
Сондай-ақ адамзат баласы өзінің қолданатын сөзін әлеуметтік ортасына,
жынысына, жасына қарай әртүрлі қолданады. Мысалы, үлкен адам мен жасы кіші
адам өзара сөйлескенде сөздерді талғап қолданады. Жасы үлкен адам жасы
кішіні еркелете,ақылмен сөйлеуі – өмір заңы. Осыдан дана халқымыздан
“Үлкенге құрмет, кішіге ізет” деген сөз қалған. Сонымен қатар жынысына
қатысты ер адам мен әйел адамдар сөздерді өз орнымен талғап қолдануы тағы
бар. Күнделікті тұрмыстық тіршілікте, отбасында да әр сөздің өз иесін тауып
қолданылуы тағы бар. Мәселен, келіні атасын, қайын ағалары мен інілерін,
сіңлілерінің есімін атамай өзінше әрқайсысына ат қою дәстүрінен де тек
келінге тән сөзді айтудың мәнін байқауымызға болады. Мәдени коммуникацияда
сөздің сапалық және көркемдік қасиеттердің басты ұстанымдарын былай
көрсетуге болады:
- Сөзді кіммен, қандай байланыста айтуға мән беру;
- Сөздің этикалық нормаларын сақтау;
- Cөзді логика заңдарына сай құрастыру;
- Сөздің эстетикалық бағдарын стилистикалық модельдерімен безендіру.

Демек сөздердің де өзіндік қоғамда алар, айтылар орнына да мән беру
маңызды екенін айта кетуіміз жөн.
Сөздің иесінің, яғни сөйлеушінің парасаттылығы, білімі оның сөзінен
байқалады. Осыған қатысты мәселелер ертеректе те айтылып кеткен.

Сондықтан қазақ халқы “Ат жүйрігі асқа, тіл жүйрігі басқа”, “Артық мал
мүйізінен жазалы”, “Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі”, “Өз тілің өзіңе жау”,
“Тіл – ерді қабырға салады, нарды қазанға салады” дейді. Байқап отырсақ,
осы мақалдарда сөйлеу актісі теориясының негізгі қағидалары берілген.
Артық, көп, орынсыз сөйлеме, қарым – қатынасты бұзба, түсінісуге тырыс,
тыңдаушыңды ескере отырып, сөйле деген жасырын ой берілген. Бұл – талай
ғылыми зерттеуге негіз болып, сөйлесім түрлерін ғылыми тұрғыда талдауға
басшылыққа алынатын сөйлеу актісі теориясында жіктелетін “қатысым
қағидаларының” ұлттық көрінісі. Бұл қатарды мына мақалдармен толықтыруға
болады: “Айтылған сөздің құдіреті – ақиқатта”, “Тіл жүйрік емес, шын
жүйрік”. Бұнда сөзің шынайы болсын, шындықты айт деген талап қойылады.

1.2. Адам сөзі туралы эстетикалық көзқарастар

Сөз табиғаты өте күрделі. Адамның сөзі ішкі және сыртқы сөз деп
бөлінеді. Ішкі сөз барлық стильдерге де тән болады. Бірақ ғылыми стильде
психологиялық – танымдық тұрғыда айтылады. Сыртқы сөздің жай және күрделі
формалары болады. Бұл сөз қарапайым ой мен күрделі ойдың жиынтығынан
тұрады. Сөз біріншіден – деректі, екіншіден – белсенді. Қоғамдық қатынастың
әр саласында сөздерді қолданудың өз тәртібі болады. Сөз тәртібі барлық
уақытта сақтала бермейді. Сөйлеу актісінде кейде сөз ситуациялары
ескерілмей, коммуниканттар белгілі мәселені талқылау бағытын өзгертіп
отырады. Мысалы, айтушы бүгін жаңбыр жауа ма екен десе, айтушы жоқ,
көйлегің өзіңе әдемі жарасады дейді, бұл ауызекі сөйлеу стиліне тән. Сөз
тәртібінің бұзылуы коммуниканттар арасында ешқандай келіспеушілік
тудырмайды.
Ғылыми, ресми сильде сөз тәртібін, бағытын өзгертуге болмайды.
Публицистикалық стильде сөз тәртібі- еркін, динамикалы, көкейтесті,
себебі сөз – деректі қайталанбас құбылыс, уақытпен бірге дамушы. Тілмен
салыстырғанда сөз консервативті емес, дамымалы, сондықтан көркем әдебиет
стилінде оның еркінділігі айрықша көркемдік безендіру моделіне ие болады.
Сөздің жалпы қасиеттерінің ішінде көрінетін стилистикалық амал – тәсілдер
сөздің көркін келтіреді. Ауызекі сөйлеу стилінен бастап көркем сөзге
дейінгі аралықта стилистикалық және прагматикалық мақсатқа құрылған сөз
көркемдігі “әсем сөз” (искусная речь) ретінде танылады.
Кез келген адам әлеуметтік лингвистиканың иесі болып саналады.
Адамның құзырындағы әлеуметтік лингвистиканың даму барысында орныққан
жанрлық фреймдері оның өзіне тән санасының табиғи құрылымымен ерекшеленеді.
Жанрлық фреймдер ойды құрау мен құрастыру процесін және сөзді қабылдау
ықпалын жеңілдетеді, бірақ стильдік бағыты әр түрлі болатындығы ескерілуі
керек.
Сөздің өзіне тән терминдері, сыртқы құрылымдық жүйесі болады. Осы сөз
әрекетінің қызметі сөйлеу әрекетінің коммуникативті прагматикалық және
стилистикалық бағдарын қамтамасыз етеді. Нақты “сөз” деген термин сөз
табиғатына тән, сөздің коммуникативтік саласын анықтайды. Нақты сөз статусы
ресми стильде жиі байқалады. Нақты сөйлеу жағдайларында прагматикалық қатаң
талап сақталынып отырады, қоғамдық өмірдің іскерлік талабына сай
пайдаланылады. Мүмкіндік болса, нақтылап айтсаңыз немесе нақтылап айтқанда
деген сөздер адресанттан нақты ой мен пікірді талап етеді. Нақты сөз
ауызекі сөйлеу тіліне де тән болып келеді. Стильдегі сөйлеу жүйесі
экстралингвистикалық факторларға тікелей қатысты: сананың қоғамдық ортаға
сәйкес келуі және қызмет аясы, қарым – қатынас міндеттері т.б. Нақты сөз
жалпы сөзге қарама – қарсы құбылыс та болып табылатын қарым-қатынасын
жүзеге асыратын ситуациялар жиынтығы [5. 232б.].
Сөйлеу ситуацияларының маңызды қызметтері коммуникативтік актінің
негізгі классикалық модельдерінен тұрады. Біз бұны мынадай схема арқылы
көрсетіп көрейік:

Адам Сөз

Айтушы Тыңдаушы
көпшілік

Д.Әлкебаева осы сөйлеу ситауциясына қатысты өзінің еңбегінде былай
көрсетеді: “Р.Якобсонның моделі бойынша бұл функцияларға мыналар жатады:
адресант, адресат, контекст, хабарлау, контакт, код.
Ал К.А.Долининнің ұсынған сызбалары бұған қосымша варианттар болып
табылады, оның дәлелдеуі бойынша сөйлеу ситуацияларының параметрлері
бойынша жіктелінеді:
- Қарым – қатынас серіктестіктері – адресант-адресат;
- референттік ситуация (шындықтың объективті фрагменттері);
- ортақ қызметтік ситауция сөйлеудің өзара ортақ рамкаларын қамтиды;

- қарым – қатынастың уақыты мен мерзімі заттық ситуативтік фон, яғни
адамдардың қарым – қатынасы әлеуметтік, саяси, тарихи-мәдени ортада өтуіне
байланысты;
- байланыс каналдары (коммуниканттардың арасындағы тікелей
байланыстың болмауы) деп қарастырылады.
Сөйлеу ситуацияларының параметрлік масштабы барлық стиль аясына тән
екенін жоғарыдағы сөйлеу ситуацияларының модельдерінен көруге болады” [5,
233 б.].

II. ТІЛДІК САНА ЖӘНЕ ПРАГМАТИКА

Дүниенің тілдік бейнесі дегеніміз – белгілі бір тілде көрініс
тапқан, сол ұлт өкілдеріне ортақ, ұжымдық тәжірибе негізінде жасалған
білімдер жүйесі. Дүние тіл арқылы танылады, танылған дүние тіл арқылы
ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отырады. Адамның таныған дүниесі, көкірегіне
түйгені оның тілінде таңбаланады. Тіл болса адамның сөзді (тілді) жасау,
айту, жазу, тыңдау, қабылдау, бағалау немесе қолдану, есте сақтау
құбылыстарымен тығыз байланысты. Бұлардың бәрі жеке адамның, сол арқылы
бүкіл халықтың ойлау қабілетіне, сондай-ақ олардың өмір сүру салты мен
біліміне, тәжірибесіне тәуелді. Сондықтан да болар, адамның таным–түсінігі,
білімі мен санасы, арманы мен тілегі, қуанышы мен қайғысы, тіпті мінез-
құлқы да тілден көрініс табады.
Тілші ғалымдардың ішінде бірінші болып, неміс ғалымы В.Гумбольдт
(1767–1835) тіл (язык), ойсана (мышление) және дүниеәлем
(действительность) деген тірек ұғымдардың бастарын ашып, оларды бір –
бірімен байланыстыра қарастырады. Ол : “Тіл мен ой бірлікте”, “Тіл – ойлау
құралы ” деген оң пікірлер айта отырып, “тіл адамға үстемдік етеді” деген
жаңсақ пікір де ұсынды.
Оның бұл ойын Э.Сепир (1884-1939) ары қарай жалғастырып, “адам тілдің
билігінде болады”, “дүние әлем белгілі дәрежеде қоғамның тілдік нормалары
негізінде жасалады”,– дейді.
Аталған мәселеге байланысты неміс ғалымы Л.Вайсгербердің пікірі де
осыларға жақын. Ғалым тілді санамен (оймен) теңестіріп, оларды дүниеден
(объективті шындықтан) бөліп қарастырған [9, 35б.].
Дүниені, тілді антропоцентристік тұрғыдан зерттеу – ой мен тілді алғы
шепке шығарды. Ой сана арқылы дүниені танисың, ал тіл таныған сол зат пен
ұғымға ат береді. Тіл – ойдың көрінісі. Ой тіл арқылы жарыққа шығады.
Қазақ тіл білімінде тіл мен танымның арақатынасы XX ғасырдың басынан
бастап – ақ А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, К. Аханов, Ә. Қайдар,
Р. Сыздық т.б. ғалымдардың назарына іліге бастады. Зерттеушілер тілдің
әлеуметтік, психологиялық, танымдық қызметтеріне көңіл аударды.
А.Байтұрсынұлы тілдің ойлау жүйесімен байланысына ерекше назар
аударады. “Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек
болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жаза білу сондай керек” деп
автор ой мен сөздің қисындасуы айтушының сөзін тыңдаушыға түсінікті етеді
деген тұжырым жасайды [10,46б.].
Тілдің танымдық қызметі, оның адам санасымен байланысы туралы
Қ.Жұбанов өзінің “Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер” атты еңбегінде
қарастырады. Оған дәлел ретінде аталған еңбекте қолданылған “адам баласының
тілі” , “адам санасының жемісі”, “адам тәжірибесінің қорытындысы” [11,42б.]
деген сияқты терминдерді келтіруге болады. Ғалымның тілдегі сөздерді
танымдық тұрғыдан зерделеуі тілдің адамның ойы мен санасына, танымына
тәуелді екенін дәлелдейді.
Сонымен, тіл арқылы дүние танып білуге болады екен. Қағида негізінен
дұрыс. Бірақ тіл дүниені айнытпай, дәл танытады деу ақылға қона бермейді.
Мұны айтып отырған себебіміз, дүниені танытатын – тіл емес, сана, ақыл –
ой. Ақыл – ой дүниені танытады, ал тіл сол танытқан дүниені бейнелейді
(таңбалайды).
Тіл білімінде қалыптасқан түсінік бойынша, дүниенің бейнесі алдымен
санада, содан кейін тілде көрініс табады. Шындығында да, ұғым мен заттың
арасында атау (номинация) деп аталатын аса мәнді аралық кезең болатыны
мойындалған нәрсе. Атау дүние әлемін тіл әлемімен байланыстырады; зат пен
оның атауының арасындағы бірлікті орнықтырады. Тіл білімін зерттеушілердің
көрсеткеніндей бұл кезең (атау беру кезеңі) өте күрделі үдеріс және ол
бірнеше танымдық заңдылықтарға бағынышты.
Жалпы заттарды атауда сол заттың , құбылыстың тек өзіне тән белгісі
мен қасиеті ғана емес, сонымен бірге, адамның сол затқа деген бағасы да
бірге жүреді. Яғни адам санасындағы когнитивтік құрылым сол затқа,
құбылысқа деген эмоционалдық, экспрессивтік, бағалауыштық бояуын қоса
қамтиды.
Қайталап айтамыз, объективті дүние адамның ми қабатында концептуалды
жүйе түрінде бейнеленеді. Ол бейненің қажетті бір бөлігі ғана вербалдануы
мүмкін. Яғни концептуалды жүйенің құрамына кіретін бір немесе бірнеше
концептілер тобы вербалданып, олар бір сөз түрінде, болмаса сөз тіркесі
түрінде, сондай –ақ, синонимдер тобы түрінде де тілдік таңбаға ие болады.
Жаңа ұғымның туу мен вербалдануының сыры – бұған дейін белгісіз болып
келген жаңа ұғымды адам санасындағы қарапайым атаудың бойына сыйдырып
жіберуінде жатыр. Мұндайда адам, сөз жоқ, өз білімі мен өмірден алған
тәжірибесіне сүйенеді.
Бұдан шығатын қорытынды: объективті шындық адамның ми қабатында қалай
бейнеленсе, яғни ол мида қандай құрылым жасаса, адам оны тек солай ғана
бейнелейді. Бірақ жасалған субъективті бейне қоғам қалыптастырған
объективті шындық пен жеке адамның білімінің, өмірлік тәжірибесінің
ауқымынан шығып кетпейді. Есесіне белгілі бір зат, белгілі бір жағдай
әртүрлі тілдік құралдармен әртүрлі бейнеленуі ғажап емес. Бұл – жеке
адамдардың дүниені қалай және қаншалықты терең немесе таяз танығанына
байланысты.
Сонымен бірге, дүниенің ми қабатында және тілде бейнеленуі
дүниетанымның нақтылық дәрежесінің деңгейіне де қатысты. Ал нақтылық
дәрежесі болса, ол, біріншіден, жеке адамның прагматикалық мақсатына,
екіншіден, оның әлгі дүниеге деген көзқарасына, үшіншіден, дүниені (затты,
құбылысты) таңбалау үшін таңдаған тілдік бірлігіне тәуелді. Егер жеке
адамның прагматикалық мақсаты – дүниені дәл, нақты, тереңірек таныту болса,
ол адам дүниенің барлық белгілері мен қасиеттерін түгел бейнелейді. Жеке
адамның дүниеге деген көзқарасы оңды, жігерлі болса, ол адам дүниені
бейнелеуде оған қатысты білім жиынтығы мен эмоциялық бояуын да
дүниетанымынан қалыс қалдырмайды.
Тіл білімінде қалыптасқан түсінік бойынша, дүниенің бейнесі алдымен
санада, содан кейін тілде көрініс табады. Танымдық тіл білімінің бұл
маңызды ұстанымын В.Г.Гак былайша түсіндіреді: “Все идет от
действительности через мысль в язык, и все от языка возвращается через
мысль в действительность” [12, 22б.].
Таным туралы айтқанда ең алдымен ойлау мен тілдің байланысына,
олардың арақатынастарына соқпай өте алмаймыз. Өйткені танымның басты құралы
– ойлау мен тіл. Адамның
дүниемен өзара қарым – қатынасы нәтижесінде оның дүние туралы көзқарасы
қалыптасады, философия – лингвистикалық әдебиеттерде дүниенің бейнесі деп
аталып жүрген үлгі жасалатындығы туралы көптен бері лингвомәдениеттану
ғылымында еш талассыз айтылып жүр. Соңғы онжылдықта адам санасында тіл
арқылы көрініс табатын дүниенің бүтіндей тілдік бейнесі когнитивтік
лингвистиканың ең өзекті мәселесіне айналды. Тілді шындық өмірден бөліп
алуға ұмтылудың барлығы қарапайым ғана себептен іске аспады: тілдік форманы
ғана емес, мазмұнды да ескеру қажет, өйткені бұл кез келген құбылысты жан
–жақты зерттеудің бірден бір мүмкін болатын жолы екені рас.
Тілдік семантика тілдің өздік дүниесінен шындық дүниеге қарай жол
ашатыны белгілі. Бұл бүтіндей алғанда белгілі бір ұжымға және жеке алғанда
тіл сөйлерменіне тән мәдени дүниенің заттары мен құбылыстары туралы мәдени
түсініктермен астасқан екі дүниені байланыстыратын жіп болып есептеледі.
Тіл бірліктері мәдени тілде қосымша мәдени семантикаға ие болады. Мысалы,
түркі мәдениетінің өкілдерінің тілдік санасында бас сөзі адамның дене
мүшесінің жоғарғы бөлігі ғана емес, ақылдың, интеллектінің, жоғары құндылық
белгісі болып табылады. Бұл бас сөзін мифологиялық және магиялық түсінудің
негізінде “аспанда орналасу”, “жоғарыда орналасу”, “іс-әрекетке басшылық
ету”, “қажет ақпаратты сақтау және қайта жаңғырту” сияқты бас лексемасының
анықтамасының денін құрайтын белгілерден мәдени семантика пайда болады.
Соңғы кездері психолингвистикада тілдік сана деген термин үлкен мәнге
ие бола бастады. Нақты ғылыми психологияны зерттеуші ғалымдар
В.вундт,Ф.Брентано,У.Джемс,Э.Титчен ер сананы субъектіге тікелей қатыстыра
зерттеген.
В.Красных былай дейді: “әлем, нақты адамды қоршаған әлем ең басты орында,
ал сана сол нақты адамның (айнадағы емес) шынайы болмыстағы бейнесі”.
Ойлауға қабілеттілік, ақылдылыққа, шығармашылыққа, тітіркенгіштікке,
әлемнің сырларын түсінуге қабілеттілік, нақты жіне нақты емес түсініктерді
саралай білу, моральдық түсініктерді реттей білу, өз ісіне деген
жауапкершілікті ала білу, маңызды адами және табиғи ресурстарға қатысты
көлемді жұмыстарды атқара білу қабілеттілігі тағы да басқа жоғарға
психикалық қызметтер тікелей санамен байланысты.
Қазақ лингвистикасында Амренова Раушан тарапынан тілдік санаға
қатысты анкеталық сауалнама типіндегі зерттеу жұмысы жүргізілген. Бұл
жұмыс мазмұны лингвомәдени антропоцентристік әдісімен ерекшеленеді. Объект
ретінде орыс және қазақ ұлттарының санасындағы түсініктерді анықтау негізі
алға қойылған.
Зерттеу барысында казашка деген этнонимге түсінік қазақ ерлерінің
тілдік сананың ядросында мынадай түсініктерге ие екен: сыпайы, қарапайым,
құрметті, ақылды, шыдамды, нәзік, бірақ өзіндік ішкі мені жоғары, тіл
табысқыш, ата-анасын құрметтеуші, үлкенді сыйлаушы, туыстарына қамқоршы,
кәріліктің қадіріне жетуші, ата-ана алдындағы парызын алдыңғы орынға қоюшы,
мәдениетті. Сондай-ақ осылармен қатар үш жағымсыз ұаситтерде айтылады,
олар: үлкенденрді сыйламайтын, дөрекі (мәдениетсіз),көкірек. Ал ер
адамдарға қатысты мынадай жағымсыз түсініктер беріледі: жалқау, өз
уақытымен жүрмейтін, ұлтшыл, мақтаншақ, білгіш, зеректігі төмен, аңғал.
Әйел адамдардың түсінігінде ер адамдар: еңбекқор, өзіндік пікірге ие,
батыл. Тілдік санасында қалыптасқан жағымсыз түсініктер де бар екен: көп
ішкенді ұнатушы, қарттарға қайырымсыз, үлкендерді сыйламайтын, көре
алмайтын, дөрекі жалқау, қызғаншақ, мылжың, қонақтарды жақтырмайтын, ақша
сүйгіш.
Орыс ұлтының тілдік санасындағы қазақ ерлеріне тән түсініктер мындай:
ақылды, ақ көңіл, табиғатқа жақын, қызуқанды, көп жеуші, шайды ұзақ ішуші.
Алынған
тәжірибе негізінде өзара логикалық байланыса отырып концептуалдық жүйе
құрайтын белгілі бір концептілерге айналады. Ол үнемі жаңаланып, қайта
жасалып нақтылана түседі. Концептілердің санада өзгере алатын қасиеттері
болғандықтан, олар жүйенің мүшесі ретінде басқа концептілер арасына түскен
соң олардың әсерінен өздері де өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Санадағы
концептуалдық жүйенің бірізді құрылуы логикалық принциптерге байланысты
болады, бұл жүйеге логикалық қасиет береді. Адамның концептуалдық жүйесіне
дерексіз ұғымдарды енгізу осымен түсіндіріледі. Мұндай ақпаратты тілсіз
жүйеге енгізу мүмкін емес. Себебі тіл адамның дүние туралы білімін
қалыптастыратын негізгі тәсіл қызметін атқаратындықтан, тіл тілшілердің
зерттеуінің ең маңызды нысаны болып табылады [13, 49-53б.].
Когнитивистиканың (когнитивтік көзқарасқа негізделген пәнаралық ғылым
атауы) міндеттеріне сана және адамның сол сана арқылы дүниені қабылдау
үлгісін, дүниенің бейнесін (картинасын), психикалық, ақыл – ой процестерін,
адам интеллекттісін жасау, танымдық және ойлау актілерінің құрылымдық
жүйесін қамтамасыз ететін әртүрлі мәселелерді қарастыру және шешу жатады.
Когнитивистика лингвистиканың басты мәселелерінің бірі – тіл мен
сананың арақатынасы. Адамның санасында өзі өмір сүріп отырған дүниенің
картинасы бейнеленуі мен сол жинақталған қазынаның адамға одан әрі қарай
өмір сүруге басшылық жасауы, қуат беруі – табиғаты ерекше болып келетін
процестердің болмысынан хабар береді. Осы ретте яғни адам санасын
қалыптастыру мен дамыту функциясы тұрғысынан келгенде, тіл туралы мәселе де
санамен тығыз байланысты қарастыруды қажет етеді. Өйткені “тілдің саналы
адам өміріндегі орны қандай?” деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақты екі
қырынан қарастыруға болады. Біріншіден, адам баласының танымы күннен –
күнге өсе береді. Ол білмегенін білсем дейді, білгенін одан әрі жетілдіре
берсем дейді, айнала қоршаған табиғаттың құпияларын ашқысы келеді, соған
ұмтылады. Екіншіден, “сананың сана болуы тілге қатысты” деген тұжырыммен
байланысты. Саналылықтың болмысы тілмен, сөйлеумен, ойын шебер жеткізумен,
айтқанды айқын түсінумен байланысты анықталады.
Адамзат ұрпағының әрбіреуінің, әрқайсысының дүниедегі нәрселер мен
құбылыстарды тануы мен санасында таңбалануы ерекше болады. Бірақ барлық
адамзатқа ортақ инварианттық ұғымдар болуы адам қоғамының құрылуына негіз
болып, саналы адамзат ұрпағы өмір сүруіне тірек болып отыр. Ол ортақ
ұғымдар тіл арқылы санада таңбаланып, тіл арқылы адамдардың бір – біріне,
ұрпақтарына жеткізіліп келеді.

1. Адамдық сана мен тілдік сана

Қазіргі уақытта құрылымдық лингвистиканың аясынан тыс зерттеулер
тілдік сана атауымен байланысты тілдік талдаулардың жаңаша мазмұнға
құралған талаптарын қажет ете бастады. Жалпы тіл ғылымында өткен ғасырдың
ортасында тілдік сана ғалымдар назарына іліге бастады. Қазіргі философия,
психология, лингвистика, әдебиет “ адам санасы оның өзіне ғана тән” деген
ұғымдарды негізгі ұстаным етіп алады. Бірақ қазіргі қоғамдық ғалымдардың
ешқайсысы да әлі адам санасы мен тілдік сана туралы толық ақпаратты
нақтылап бере алмады. “Адамды білгің келсе, кім екенін өзінен сұрау керек”
деген қағиданы тірек ету арқылы әлі бұл мәселенің күрделілігін айқындауға
болады.
Тілдік сана адам туралы ғылымның кешенді проблемаларына арналады.
Қазіргі уақытта адам санасы мен тілдік сана арасына тепе-теңдік қоюға
болмайды. Адамдық сана туралы аз жазылған жоқ, ал “ тілдік сана соның бір
тармағы ма, әлде оны бөліп қарауға бола ма?” деген сұрақ туындауы күмәнсіз.
Тілдік сана өзінің даму эволюциясын бастан кешіруде. Т.Н.Ушаков тілдік
сананы зерттеу адам психикасы мен сөз(айтылым) арасында ерекше байқалады
деген қорытындыға келген. Адам сөйлеу үрдісінде тілді меңгеруі, оны өзінің
бүкіл өміріне азық етуі, оны толықтырып, қорландырып отырады, әрі тілдік
норма мен ережелерге үйретеді. Ең бастысы, адам коммуникация дағдыларының
әр түрлі қоғамдық аяда сөйлесім жасауға үйретеді. “Ол есін жоғалтты”
дегендегі сөзде ес ұғымында айтылады. Екіншіден субъектінің психикалық
өмірінің жиынтығы есебінде алынады. Сондай-ақ сана психиканың компоненті
ретінде алына отырып, интроспекцияның қол жеткізген мүмкіндіктері болып
табылады. Сөйлем құрылымын адам санасының ойлау қабілетінің дамуымен
байланысты қарастырған С.Аманжоловтың мына пікірі көңіл аудартады: “...
сөйлеу процесті, ал сөйлем процесті ғана емес, тиянақтылықты да, қарым –
қатынастың басқа белгілерін де көрсететін категория екенін байқауымыз
керек.

Тілдік сана туралы айтқанда, тілдік ойлау, тілдік қабылдау деген
мәселелер қарастырылып келеді. Тілдегі ойлау арқылы алынған бейнелердің
жиынтығы, қоршаған әлемнің қарым-қатынасының көрінісі де санада толық
орнығады. Тілдік сана туралы қазіргі зерттеушілердің әдіс-тәсілдерінің
қатарына ассоциативтік эксперимент, мәтінді жауап модельдері, мәтінді
талдау жеке тұлғаның тілдік санасы туралы мәлімет ғана алынбайды, сондай-ақ
тіл мәдениетінің,сөз мәдениеті өкілдерінің санасы туралы анықтама алуға
толық мүмкіндік жасалынады.
Тілдік сана түсінігі жеке дара ұғымдық атаудың негізі бола отырып, басқа да
көптеген ұғымдар мен категорияларды өзіне тірек етіп отырады. Олардың
қатарына дүниенің тілдік суреті, сөйлеу тәртібінің тактикасы мен
стратегиясы, коммуникативтік сана, коммуникативтік тәрбие тағы басқа
жатады.
Бұл аталған атауларды жинақтай келе, тәжірибелік негізге сүйене отырып
былай тұжырым жасауға болады: көптеген жағдайда тілдік сана сөйлеу
тәртібінің өн бойында толық көрініп отырады, жеке қабілетті тұлғаның тілдік
санасы сөйлеу тәртібін дұрыс құруы мен оны жүйелі ұйымдастыру қабілеті
коммуникативтік ситуация кезінде толық өз мәніне жетіп отырады. Сондай-ақ
жоғары қабілетті тұлға өзінің жеке сөзін немесе лебізін мәдениеттілік
статусы арқылы көрсетеді. Сөйлеуші кім, сөзі кімге арналады, жоғары
қабілетті тұлға сөз иесі қандай әлеуметтік категорияның құрамына кіреді
т.б мәселелер негізінде қарастырылады. Атап айтқанда, сөйлеушінің жасы,
жынысы, психологиялық типке тән ерекшелігі, көзқарасы, дүниетанымы, аялық
білімі, өмірбаяндық деректері, жеке тұлғаның мінез-құлқының ерекшеліктері
ескеріледі. Сөйлеу кезінде сөйлеуші тілдік сана арқылы мәтінді талдау,
талқылау үстінде оны әр түрлі динамикалық әрекетпен қабылдайды.
Тілдік сана “сезіну”, “сана-сезім”
ұғымын негізге алады. “Сезіну” және “сана сезім” атауларын таратып айтсақ,
олар әр уақытта бір-бірімен синонимдес, өзара мағыналас екенін аңғаруға
болады. Ұлттық тілдің тілдік тәртібін саналы түрде қабылдау, шын мәнінде
тілдік сана-сезіммен үндес, мағыналас болып келеді. Бұл мәселені тереңірек
таратып айтуға болады. Атап айтқанда, тілдік сана арқылы басқа ұлттың
өкілінің тілін басқа тілде де олардың сөйлеу тәртібінде сезінуге болады,
әрі бағалауға болады. Бірақ осы екі тілдік сана арқылы қабылдау мен түсіну
әрі талдау жасау әр түрлі дәрежеде өтеді. Бұл жерде лингвистикалық тұрғыдан
алып қарағанда ғылыми түрде талдау және тілдік сананы талдау деп жеке-жеке
алып қарастыруға болады.
Тілдік санада сезімді айқындау тәсілі өте күрделі.
Сондықтан сөзді тілдік сана арқылы қабылдап, ол тіл арқылы сөйлеу
тәртібінде сөзге айналып, ауызша және жазбаша түрінде толық қызметін
көрсете алады. Тілдік сана сезімді тарату тәсілі, тілдік және тілдік емес
тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сондықтан бұл жерде тілдің метатілдік
функциясын басшылыққа алу көзделінеді.
Тілдік сана түптеп келгенде ұлттық сана-сезімнің негізін
құрайды. Олай болса, әр тарихи кезеңдердегі ұлттық сана-сезімнің барлық
мүдделері тілдік сана арқылы бейнеленіп отырады. Мысалы, ежелгі
дәуірлердегі кез келген ұлттық сана сезім фольклорлық мәтіндерге
лингвистикалық талдау арқылы түсіндіріледі. Халықтық сана – сезім атауы
кейбір әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер бойынша сол кезеңнің мәтінін
талдау ғана емес қызметінің көрінісі арқылы түсіндіріледі, яғни сол
кезеңнің ауызша шығармаларының талдауынан айқын танылып қана отырмайды.
Сондай-ақ күнделікті тұрмыс тіршіліктегі, отбасындағы сөйлеу тәртібінің
“әрекетінен” ғана көрінбейді.Тілдік сана дүниенің суреті арқылы көрінеді,
яғни әлемнің тілдік көрінісін ұлттық тіл арқылы тану тілдік сананың ұлттық
сана-сезіммен берілуінен, түзілуінен тұрады.
Тілдік сана ұлттық дүниенің тілдік суретін бейнелеуде
көрініс табады. Онда ұлттық дүниенің тілдік суретінің қалыптасуы туралы
идеяны В.фон Гумбольтд ұсынған болатын. Бірақ бұл идеяны жалғастырушылар
мен толықтырушылар болғанын ескерсек, оның өміршеңдігі алға тартылады.
Дүниенің тілдік суретін бір ғалымдар тіл, мәдениет, білім ықпалынан
туындағанын меже етсе, ал кейбір зерттеушілер “тілді тұтынушылардың жеке
және танымдық негізінде жасалынған” деген пікірге тоқтайды.
Адам тілдік санасы арқылы әлемнің тілдік көрінісін толық сапалы түрде
қабылдап, пайымдап толық ақпараттық жиынтықты өңдеп динамикалық әрекет
күйінде шынайы танымдық түрде бейнелеуін көрсетеді. Адам санасы мен
тілдік сананы бір бірлікте негіздеуге болады. Дүниенің тілдік суреті адам
санасында тілдік сана арқылы жинақталады. Адам санасының әр түрлілігі
ескеріле отырып, тілдік сана ұғымының күрделілігі тағы бас көтереді. Себебі
адам санасы ойлау арқылы әлемді танып біледі, ойлаудың өзі әр түрлі шындық
болмысты ойлау әрі танып білу, оны тілдік санада қорытындылау жоғары
қабілетті тұлғаның санасында бірдей еместігі ескеріледі.

ХХ ғасырдың ірі лингвисттерінің бірі Лео Вайсгербер өз зерттеулерінде
бұл феноменге терең талдау жүргізген. Оның тәжірибелерінде адам санасында
әлемдегі жұлдыздар немесе жұлдыз әлемі қалай көрінетіндігі айтылған. Жеке
тұлға өз көзқарасы бойынша жұлдыздар әлемін танып біледі. Олардың
орналасуы, арақашықтығы туралы адам санасында бірдей ұғым пайда болады. Ал
сонда “тіл, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Эмоционалды мәтін прагматикасы
Бұқаралық коммуникация тілі ұғымының қалыптасуы
Жалпы аударма теориясы
ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Когнитивтік лингвистика
Қазақ тілді хабарламалардың зерделенуі
Ағылшын тіліндегі фильмдерді қазақ тіліне аударудың прагматикалық мәселелері
Жарнама тілі мен тілдік сана - сезімнің арақатынасы
Сезім мен эмоцияны білдіретін тіл бірлігі
Пәндер