Талдықорған өнірінің туристік рекреациялық ресурстар жағдайы



1 ТАЛДЫҚОРҒАН ӨНІРІНІҢ ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР ЖАҒДАЙЫ
1.1 Талдықорған өнірінің физикалық.географиялық жағдайы
1.2 Талдықорған өнірінің табиғи ресурстары
1.3 Талдықорған өнірінің әлеуметтік.экономикалық ресурстары


ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тақырыптың өзектілігі: Халықтың демалысқа деген (қажеттілігін қанағаттандыру, олардың мінез-құлық, физикалық денсаулығын қалпына келтіру, табиғи рекреакциялық аймақтарды сақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерді жан-жақты зерттеу арқылы Қазақстан туризмін бәсекеге қабілетті етіп, ары қарай дамыту.
Туризм – белгілі-бір мемлекет аумағындағы және оның аймақтарындағы рекреакциялық басымдықтарды әлеуметтік және саяси жағдайда пайдалану.
Қазақстанда рекреакциялық ресурстар зерттеліп, туризмді дамыту мүмкіндіктері туындады. Елімізде рекреакциялық жағынан негізінен зерттелген аймақ Оңтүстік Қазақстан. Басқа аймақтарда осы тақырыпқа байланысты ғылыми жұмыстардың жеткіліксіз мөлшерде жазылуы белең алып отыр. Алматы облысында рекреакциялық ресурстарды дамытуға жаңа және ескі туристік орталықтарды қайта құру халықтың өз қажеттілігінен туындап отыр. Себебі: «Жетісу Жер Жаннаты» демекші облыс аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді және табиғаттың өзі жасап, қалдырған қайталанбас табиғи орындарды өз көзімен көру қажеттілігі туындады.
Қазіргі кезде, біздің қоғамымызда ақысыз демалу және емделу мүмкіндігіміз жоқ. Осыған байланысты денсаулық сақтау жүйесіне өзгерістер енгізілсе, ол өз кезегінде туризмді дамытып қана қоймай, халықтың денсаулығының жақсаруына алып келеді. Ұлттық парктер, орман парктері, спорттық-сауықтыру орталықтары, демалыс аймақтары және басқа да туристік-рекреакциялық жүйе халықтың денсаулығын жақсартып, олардың қажеттілігін жан-жақты қанағатыра алады. Бірақ та республикамызда және оның басқа да аймақтарында қазіргі кезең туризмінің даму деңгейі әлі де төмен.
Зерттеу жұмысымыздың тағы бір өзектілігі әлемдік нарықта туристік қызмет көрсету.
Көптеген мемлекеттердің қазіргі кезеңдегі туризміне талдау жасай отырып, біз мынаны түсінеміз: туризмді жан-жақты дамыту үшін ең алдымен ішкі туризм жайлы бағдарлама керек. Әр мемлекет шеңберіндегі ішкі туризм экономиканың тұрақтануына жол ашады.
1. Веденин Ю. Динамика территориальных рекреационных систем. – М. Наука, 1982 – 225 с.
2. Ердаулетов С. Р. Основы географии туризма. Учебное пособие. – Алматы: Қайнар, 1991. – 235 с.
3. Ердаулетов С. Р. География туризма Казахстана. – Алматы: Ғылым, 1992. – 115 с.
4. Ердаулетов С. Р. Казахстан туристский. – Алматы: Қайнар, 1989 г. – 110 с.
5. Закон о туристской деятельности РК – 2002. – 40 с.
6. Сорокина М. Эксперт «Имиджленд PR» – Советник, 2000. – № 2 – 35 с.
7. О Государственной программе Республики Казахстан «Возрождение исторических центров «Шелкового пути», сохраняя и приемственность развития культурного населения тюркоязычных государств, создание ифраструктуры туризма» / собрание Актов Президента Республики Казахстан. – 1998. – № 6. – Стр. 14-58.
8. Пыхарев А. Н., Жолдасбеков А. А., Мамадияров М. Д. Организационно-правовые основы туристской деятельности в Республике Казахстан. – Астана, 2005 – 35 с.
9. Уляновский А. Могучий незначительный: выбор имиджа в PR. – СПб, 1997 г. – 215 с.
10. Табиғи мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңы. – Халықкеңесі 1992 ж. 4 тамыз. – 55 б.
11. Қазақ Совет энциклопедиясы. Энциклопедиялық анықгама I том және II том. – Алматы 1973, 1980 жж. – 535 б.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1 Талдықорған өнірінің туристік рекреациялық ресурстар жағдайы

1.1 Талдықорған өнірінің физикалық-географиялық жағдайы
1.2 Талдықорған өнірінің табиғи ресурстары
1.3 Талдықорған өнірінің әлеуметтік-экономикалық ресурстары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Халықтың демалысқа деген (қажеттілігін
қанағаттандыру, олардың мінез-құлық, физикалық денсаулығын қалпына келтіру,
табиғи рекреакциялық аймақтарды сақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерді жан-
жақты зерттеу арқылы Қазақстан туризмін бәсекеге қабілетті етіп, ары қарай
дамыту.
Туризм – белгілі-бір мемлекет аумағындағы және оның аймақтарындағы
рекреакциялық басымдықтарды әлеуметтік және саяси жағдайда пайдалану.
Қазақстанда рекреакциялық ресурстар зерттеліп, туризмді дамыту
мүмкіндіктері туындады. Елімізде рекреакциялық жағынан негізінен зерттелген
аймақ Оңтүстік Қазақстан. Басқа аймақтарда осы тақырыпқа байланысты ғылыми
жұмыстардың жеткіліксіз мөлшерде жазылуы белең алып отыр. Алматы облысында
рекреакциялық ресурстарды дамытуға жаңа және ескі туристік орталықтарды
қайта құру халықтың өз қажеттілігінен туындап отыр. Себебі: Жетісу Жер
Жаннаты демекші облыс аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді және
табиғаттың өзі жасап, қалдырған қайталанбас табиғи орындарды өз көзімен
көру қажеттілігі туындады.
Қазіргі кезде, біздің қоғамымызда ақысыз демалу және емделу
мүмкіндігіміз жоқ. Осыған байланысты денсаулық сақтау жүйесіне өзгерістер
енгізілсе, ол өз кезегінде туризмді дамытып қана қоймай, халықтың
денсаулығының жақсаруына алып келеді. Ұлттық парктер, орман парктері,
спорттық-сауықтыру орталықтары, демалыс аймақтары және басқа да туристік-
рекреакциялық жүйе халықтың денсаулығын жақсартып, олардың қажеттілігін жан-
жақты қанағатыра алады. Бірақ та республикамызда және оның басқа да
аймақтарында қазіргі кезең туризмінің даму деңгейі әлі де төмен.
Зерттеу жұмысымыздың тағы бір өзектілігі әлемдік нарықта туристік
қызмет көрсету.
Көптеген мемлекеттердің қазіргі кезеңдегі туризміне талдау жасай
отырып, біз мынаны түсінеміз: туризмді жан-жақты дамыту үшін ең алдымен
ішкі туризм жайлы бағдарлама керек. Әр мемлекет шеңберіндегі ішкі туризм
экономиканың тұрақтануына жол ашады.

1 ТАЛДЫҚОРҒАН ӨҢІРІНІҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ
РЕСУРСТАР ЖАҒДАЙЫ

1. Талдықорған өнірінің физикалық-географиялық жағдайы
Жетісу – өзінің табиғат климат жағдайына қарай өзгеше өлке болып
табылады,оның тарихы да бай. Бұл жерді жоңғар басқыншылығығы шабулдарынан
қазақ жерінің ұлы батырлары Райымбек пен Қабанбайдың бастауымен біздің ұлы
ата бабаларымыз қорғады. Бұл жерде оныншы-он екінші ғасырларда шекералас
елдер байланыста болған сауда жасасқан қытай,араб және еуропалық көпестер
мен саяхатшылар таң қалған гүлденген қалалар болды .Жетісу тарихи
географиялық аймақ.Тарихи деректер мен зертеулерде Жетісу атын құрайтын
жеті өзен туралы әртүрлі пікірлер кездеседі. А.К. Гейнс бұлардың қатарына
Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен. Қаратал және Көксу өзендерін
жатқызады. А. Влангели Басқан , Сарқан өзендерінің орнына Аягөз және Іле
өзендерін жатқызады. В.В. Бартольд айтуынша Іледен бастап солтүстікке
қарай созылған аймақты және сол өзендер тобын айтады. Олар; Лепсі,
Басқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал, Қызылағаш және Көксу. Жетісу туралы деректер
алуан түрлі. Тарихи әдебиеттерде Іленің оңтүстігін алып жатқан алапта
аталады. Мұндай тарихи географиялық тұрғыда анықтама берілуі оның тек
табиғи жағдайымен ғана емес оның өткендегі экономкалық, саяси, этникалық
және мәдени ерекшеліктеріде ескерілген.
Жетісудың кең аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 900 шақырымды ал
ені 800 шақырымды құрауы, оның табиғатының, тауларының биіктігінің алуан
түрлі болып келетіндігін климаты мен ландшафтысының ерекшелігін
көрсетеді. Климаттық жағдайының егіншілікпен малшаруа-шылығымен және
минералды табиғат байлықтарының молдығымен таң қалдырады. Қолайлы табиғат
жағдайлароы Жетысуды Қазақстан жеріндегі ертедегі мәдениет ошақтарына
айналдырғандығына тарих куә. Сондықтанда Талдықорған туризмі тікелей Жетісу
жерінің туристік, табиғи, тарихи және мәдени мұраларымен тығыз байланыста
болуы заңдылықтарға тола.
Талдықорған қаласы 2000 жылдан бастап Алматы облысының орталығы, Қала
Қазақстанның оңтүстік шығысында,облыстың орталық тұсында,Жетісу Алатауының
батысында, теңіз денгейінен 570-600 метр биіктікте, Қаратал өзенінің
жағасында орналасқан Қаланың алып жатқан аумағы 82,3 мың гектар.
Тұрғындарының саны 2005 ж .санақ бойынша 103,2 мың адамды құрайды. Қалалық
әкімдікке қарасты елді мекендерді алғанда 122,2 мың адам мекендейді.Алғаш
рет іргетасы 1869 жылы Гавриловка селосы болып қалыптасты.Талдықорған
қаласы аудан орталығы өз алдына дербес облыс болыпта кейінірек Жетісу
өлкесінің өндіргіш күштерін дамыту мақсатынды 1997 жылы облыс таратылып,
Алматы облысына қосылды..2000 жылы 14 сәуірде облыс орталығы Алматыдан
Талдықорғанға көшірілуі Жетісу өлкесінің солтүстік аумақтарын дамыту
мақсатында істелген әрекеттер болып табылады.. Әрине Қазақстандық туризм
дамуында Жетісу өлкесінің, Алакөл және Балқаш су айдындарының алар орны
ерекше. Еліміздін егемендік алған жылдарында туризм дамытуда Жетісу Алатауы
орны бөлек. Өйткені Кеңестер тұсында шекаралық аймақ болып көп жылдар
жабық болып келді. Талдықорған және оның маңайының климаттық жағдайына
тоқталсақ. Климаты континентальді. Қантар айының орташа температурасы -11-
13 градус. Жауын шашынның жылдық орташа мөлшері 350-400 мм. Оның басым
бөлігі наурыз-мамыр және қараша-желтоқсан айларына түседі. Жел негізінен
солтүстік –шығыс және солтүстік бағыттан соғады.Тұрақты қар жамылғысы
қараша айларында қалыптасады, наурыздың екінші онкүндігінде ери бастайы.
Талдықорған қаласы бұта аралас сұлыбас, бетеге,жусанды эфемерлі шөлейт
белдемде жатыр. Ауа райы қоңыр салқын.жанға жайлы болып келеді. Қала
архитектурасы табиғат жағдайына бейімделе онша биік зәулім ғимараттар
салынбаған. Қалалық әкімшілік аумағына қарасты елді мекендерге; Еркін,
Заречный, Өтенай, Заря, Енбек.
Қалалық маңы 3 және 5 бөлімше экономика-технологиялық колледжінің оқу
тәжрибе шаруашылығы кіреді. Қала халқы көпұлтты болып келген.

1.2 Талдықорған өнірінің табиғи ресурстары
Алакөл қорығы. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзені
атырауындағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі, табиғи бірлестіктерді, сонымен
қатар Алакөл көлі аралдарындағы мойнақ шағаланың бірегей популяциясын және
басқа топтас қүстарды қорғау мақсатында 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан
Республикасы Үкіметі қаулысымен құрылды. Ол Алматы облысы Алакөл ауданы мен
Шығыс-Қазақстан облысының Үржар ауданында орналасқан.
Қорықтың алғашкы көлемі 12520 гектар болатын, сонан кейін 20743
гектарға кеңейтілді. Қазіргі уақытта оған Тентек өзені атырауы (17423 га)
мен Алакөл көлі аралдары (3320 га) кіреді. Бірінші бөлімше айналасында
көлемі 21547 га екі шақырымдық қорғау аймағы құрылған. Қорғалатын аралдар
Үлкен Аралтөбе Орта және Кішкене Аралтөбе айналасында да көлемі 5130 га екі
шақырымдық аралық аймақ белгіленген, мүның ішінде аң, балық аулауға,
қайықтар, кішкене кеме мен басқа да жүзетін заттар тұрағына тыйым салынады.
Алакөл ресейлік, қытайлық тарихшыларға, ғалымдарға ежелден таныс.
Алакөл деген атаудың өзі айтып тұрғандай, көл суы кейде мөп-мөлдір, кейде
қарақошқылданып жатады, судың жартысы тұщы, жартысы теңіз суындай ащы.
Емдік қасиеті бар тұсы Үржар ауданының Жарбұлақ өңірі маңайында ғана екен.
ХІ ғасырда атақты итальян саяхатшысы – Марко Поло Ұлы Жібек жолымен келіп,
Алакөл жанынан бірнеше рет өткен. Хан ордасы – Қарақұрымға бара жатқан
жолда Іле Алатауы мен Тарбағатай жоталарында арқар, тау ешкісін аулаған
қансонарларға да қатысқан. Итішпес көлі туралы қалдырған пікірлері де бар.
Алакөл серіктері Жалаңашкөл, Сасықкөлмен жалғасып жатса, Балқашпен кезінде
біртұтас болған деп пікір білдірген де Марко Поло.
Көлдің суы шындығында да шипалы. Сонау Кеңес одағы дәуірінің кезінде-
ақ, мәскеулік ғалымдар оның емдік қасиеттерін зерттеп, ғарышкерлер
демалатын жабық жағажайлы демалыс орнын ашып қойған. Мұнда сол кезде 30-ға
тарта ғарышкерлер денсаулықтарын түзеп қайтты. Көл суы минералдық
қоспаларға бай, адам ағзасындағы иммунитетін арттыратын, жұқпалы тері
ауруларын жазатын қасиетке ие. Көлдің бір литр суында 9-10 грамға дейін
минералды қоспалар, родон сияқты химиялық элементтер бар. Кей уақыттарда
буынынан баса алмаған жандар, әсіресе, Ресейдің Сібір өңірлерінің
тұрғындары мұнда көл жағасына тігілген киіз үйді 1 айға жалдап алып,
балшығына, суына емделіп, құлан таза сауығып, еліне оралып жатады [15-20].
Ал, қазақстандықтар Алакөлдің бағасын енді-енді бағамдай бастаған
сыңайлы. Алайда, әліге дейін кәсіпкерлер Алакөл емес, Ыстықкөл жағасына
инвестиция салғанды жөн көреді. 2005 жылы Талдықорғанға келген сапарында
Елбасымыз Н.Назарбаев Алакөлге де атбасын бұрып моторлы қайықпен көлді ұзақ
аралап, көлдің тамаша табиғатына риза болғанды.
Мұнда болашақта кәсіпкерлер туристік кешенді нысандар тұрғызып, көл
жағасын перспективасы үлкен демалыс орнына айналдыру керектігін қадап
айтты. Алакөл суының тағы бір емдік қасиеті ерлердегі бел ауруы, әйелдер
ауруларын емдейді. Бір өкініштісі, кезінде республика басшылығы туризмнің
шашетектен пайда түсіретініне мән бермеген. Барлық-Арасан шипажайын
салдырып үлгергенмен, оған қажетті жарнаманың жетіспеушілігінен емдеу
орталығы кейінгі жылдары жартылай бос қалып келді. Шипажайдың кейбір
салалары жекелешеніп кеткен, оның қызмет көрсету бағасы шарықтап, екінің
бірінің қол жетпес арманына айналған. Бір кезде шипажай орнына қатынайтын
автобустар нарық қыспағына шыдамай, жеке автокөліктерге орнын босатқан. Ал,
кісідегінің кілті аспанда дегендей, жеке автокөліктегілер 35 шақырымға мың
теңге сұрайды, одан кейін демалыстың қалай өткенін бағалай беріңіз.
Бүгінде Алакөл аймағына барсаңыз, жұқалап айтсақ, жол азабына шыдап
барасыз. Әсіресе, Мақаншы-Жарбұлақ бағытындағы 120 шақырымдық тас жол
ойылып кеткен, шұңқырлары көп. Жеңіл мәшинемен барсаңыз, өміріңізді қауіп-
қатерге тігіп отырасыз! 70-ші жылдары төселген асфальт ұзақ жылдар бойы
күтім көрмегендіктен, ойылып-ойылып қалған. Бұл жолда жиі жол апаты болып
жатады. Ертеректе Жарбұлақ ауылы тұсында АН-24 ұшағы қонатын әуежай да
болған. Бірақ, нарық қыспағына шыдамай, жабылып қалған.
Көл жағасындағы санитарлық жағдай алаңдатады. Жардың суы шайып,
қопарыла құлаған тұстарынан, сынған құмыра, қоқыстардан аяқ алып жүре
алмайсың. Көл жағасында демалып жатқандар да босаған ыдыстар мен қоқыстарды
демалған жерлеріне тастай салады. Ал, киіз үйлер маңына орнатылған қалқаға
(дәретханаларға) үймелеген көк шыбынды айтсаңызшы. Жыл санап жақындаған су
ондай қалқаларды көлге алып кетіп жатыр. Сондай-ақ бей-берекет салынып
жатқан сансыз құрылыстарда есеп жоқ. Жапсарлай ығы-жығы тігілген киіз
үйлерге келушілердің басым бөлігі алматылықтар. Сондықтан көлдің демалыс
аймағын Туризм және спорт министрлігінің құзырына тезірек көшіріп, барлық
түйінді мәселелердің шешілуін осы министрлікке беру қажет сияқты.
Өйтпесек, аялы Алакөліміздің әсем де шипалы келбетінен айырылып
қаламыз. Өткен жылы бұрынғы облыс әкімінің Үржар аудандық әкімдігі
отырысында облыс бюджетінен тасқын сумен ойылып жатқан жағаны бекіту үшін,
санитарлық талаптарға сай болуы үшін бірнеше жүз млн. теңге бөлуді
тапсырғаны тек қағаз жүзінде қалды. Осыдан барып бүгінгі келеңсіздік орын
алып қана қоймай, буырқанған көл суы жағаны шая-шая Жарбұлақ елді мекеніне
де жақындап қалды. Осы бастан шара қолданылмаса, санымызды соғып қалатын
түріміз бар. Сондай түйінді мәселелерді тез шешу үшін кешенді шаралар керек-
ақ!
Алакөлдегі барлық флора мен фауна Балқашта да кездеседі.
Кездеспейтіні қаратұмсық шағала мен қызыл күрең түсті қоқиқаз (пеликан).
Бұлар еліміздің қызыл кітабына енгізілген.
Қорық территориясынан ботаниктер 57 түқымдасқа жататын 193 туыстың 269
түр өсімдігін анықтады. Күрделі гүлділер, алабұталар, қоңыраубастар,
бұршақтар және ерінгүлділер тұқымдастары алуантүрлілігімен сипатталады.
Зоопланктонға ұсақ шаян тәрізділер мен зымырықтардың 197 түрі кіреді.
Тентек атырауының макрозообентосына су түбі омыртқасыздарының 69 түрі
жатады. Инеліктердің 34 түрі кездеседі. Басқа насеком түрлері әлі толық
зерттелмеген.
Алакөл қорығы балық фаунасы 15 түрден түрады, оның ішінде Қазақстан
Қызыл кітабын, енген балқаш алабұғасы бар. Сазан, бозша мөңке, табан,
теңбіл салпы ерін балық, балқаш шармайы және т.б, кәдімгі түрлер болып
саналады. Алакөл қорығы территориясынан қосмекендінің не бары 2 түрі және
бауырымен жорғалаушылардың 14 түрі белгілі. Бұлардың ішінде көлбақа,
секіргіш кесіртке, түрлі түсті кесірт, шығыс айдаһаршасы, сарыбас және су
жыланы, өрнекті қарашүбар жылан, дала сүржыланы, қалқантүмсық жылан қорық
үшін кәдімгі түрлер болып табылады. Қорықтың қазіргі шекарасында 272 қүс
түрі, сонымен қатар Тентек атырауында 263 түр (119 үялайтын) және Алакөл
аралдарында 87 (49 үялайтын) құс түрлері анықталған.
Қазақстан Қызыл кітабына енген, сирек кездесетін және құрып бара
жатқан құстардан Алакөл шүңқырында 38 қүс тіркелген, оның 27-сі үялайды.
Қазіргі кезде қорық ішінде 15 қызылкітаптық түрлер – бұйра бірқазан,
жалбағай, қара дегелек, сұңқылдақ аққу, ақкөз сүңгуір үйрек, ақбас үйрек,
аққұйрық су бүркіті, жыланшы бүркіт, сүр тырна, ақбас тырна, дуадақ,
жекдуадақ, безгелдек, қарабас өгіз шағала, мойнақ шағала, үкі кездеседі.
Тағы тоғыз түр (қызғылт бірқазан, дала қыраны, қарақүс, бүркіт, ителгі,
қарабауыр бүлдырық, қылқүйрық бүлдырық) шүңқырда қорық территориясынан сырт
ұялайды. Тарғақ үяламайтын болды және соңғы екі онжылдықта бүл жерден үшып
өту кезеңінде де байқалмады. Тек маусымдық үшып өту кезінде анда-санда төрт
түр: кіші аққу, балықшы түйғын, лашын және ақиық су бүркіті кездеседі. Тағы
да тоғыз құс түрі Алакөл көліне сирек ұшып келеді, оларды жекелеген
жылдарда ғана қорық территориясынан кездестіруге болады. Бүлар -кіші
аққұтан, қарабай, қоқиқаз, дөңтұмсық тұрпан, ақ тырна, шитұмсық шалшықшы
және тарбақ шырғалақ.
Бесшатыр қорғаны. Кейбір тұжырымдар бойынша Бесшатыр бейітінде Жетісу
сақтарының тайпа көсемдері жерленген дейді. Бейіттен батыста, бес
шақырымдай қашықтықта басқа археологиялық ескерткіштер орналасқан. 45 тас
қоршаудан тұратын бұл тізбек солтүстіктен оңтүстікке қарай иректеліп жарты
шақырымға созылып жатыр. Бөлек тақташалармен жартастарды нүктелік және
жалпы техника бойынша ешкі, жабайы қабандар суреті қашалған. Бесшатыр
бейіті өте алыс ауданда орналасқан және Іле – Алатау ұлттық парктің
құрамына кіргізілген. Бес-Шатыр - кешені ежелгі Қазақстан территориясында
б.э.д I мың жылдықта өмір сүрген ежелгі сақтардың рухани меккесі болып
саналған. Олардың ішіндегі ең тамашасы Бес-Шатыр обалары, олар 31 қорған
“Жетісу пирамидасы” деп аталатын ең үлкен қорғанның диаметрі 105 м,
биіктігі - 17 м. Бұл қорғандардың ағаш сағаналары тянь-шань шыршаларының
бөрмесінен құралған, 2 мың жыл бойы өте жақсы сақталып келген. Бес-Шатыр
қорғандарының ерекшелігі- шытырлан жерлері бар жер асты үңгірі, оның бір
жолы қабірге апарады. Хан мазаларынан батысқа қарай, жануарлар суреттері
салынған, 45 тас шарбақ тізбегі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып
жатыр. Осы өзіндік тас шежіреде тұрмыс пен аңшылықтың көріністері салынған.
Ғалымдар бұл территорияның барлығы- кешеннің салттық ауданы деп есептейді.
Көрнекті қазақ ғалымы Ш.Уалиханов 1856 ж өзінің Құлжаға сапарында Алтын-
Эмель жоталарын асқан болатын. Азияның осы бөлігінде Шеңгелді оазисіндегі
ескі су құбырының қалдықтарын тапты. Ш.Уалихановтың музейі мен мавзолейі
осы жотаның солтүстік баурайының етегінде орналасқан [30].
Жоңғар Алатауы аймағы. Жетісу Алатауының таулы жоталары мен тауаралық
ойыстар үйлесімділігі байқалады. Олар солтүстігінде Балқаш - Алакөл,
оңтүстігінде Іле ойыстары арасында орналасқан.
Бұл жерде таулы жоталардың биік бөліктері қар сызығынан жоғары, яғни
4000-4500 метрге дейін жерлерде кездеседі. Таудың етегі Балқаш Алакөл
ойысына 350-400 метр тереңдеп енеді.
Жоңғар Алатауының құрылысы күрделі. Биік таулы орталық бөлікте 2
негізгі суайрық жота - Солтүстік және Оңтүстік жоталар болып бөлінеді. Олар
биік таулы ойыстармен ажыратылады. Онда Көксу, Боротола өзендері ағып
жатыр. Солтүстігіндегі жота 300-350км. Қаратал өзенінен Жоңғар қақпасына
дейін созылады. Ол Алакөл ойысы мен Жоңғарды біріктіріп жатыр. Солтүстік
жотаның орны Шығыс, Солтүстік Шығыс, Орталық бөлігінде (Ақсу өзені маңы)
Батысы Солтүстік жотаның (Мыңшұңқыр, Лаба, Буракай, Үшкөл) солтүстік батыс
бағытын алып жатыр. Жоңғар қақпасынан ары Солтүстік жотаның жалғасы
солтүстік-шығыс бағытта Барлық, Майлы, Уркашар жоталары оңтүстік бөлігі
бөлшектелген Алакөл ойысы орналасқан.
Оңтүстік жота таулы массивтері Суықтөбе, Сарышабын батысы Қазақстан
территориясынан тыс Қытайда жалғасады. Оңтүстік жотаның батысы Ешкіөлмес,
Қотырқайық, Жалғызағаш, Көкшөл, Малайсары, Арқарлы таулары, Алтынемел
жотасы және т.б. солтүстік шығыстық және субендік бағытта орналасқан. Оның
орталық ауданы көлемді жерді қамтиды (Тышқантау,Тоқсанбай, Беджинтау
таулары). Шығыстағы жалғасы - Боро Хоро жотасы. Осыған байланысты Жоңғар
Алатауы атауы солтүстік шығыс және солтүстік батыс бағыттағы таулар қатары
болып табылады. Бұл тау қатары доға тәріздес болып келеді. Тау жүйелері
биік ауданы жоталардың бірігу ауданында Сарқан және Тышқан өзендерінің
меридианында орналасқан. Сарқан тау жүйесі 4400-4500 метрге көтеріледі. Сол
жерде Жетісу Алатауының ең биік нүктесі Семенов Тянь-Шанский нүктесі
(4560м) орналасқан.
Шығысында Солтүстік жотаның көтерілген ауданында (Сарқан, Тентек өзен
аңғарларында) көлемі 305км., биік таулы үстірт сақталған. Ол полигонға
дейін денудациялық ауданның бөлшегі болып табылады. Үстірттің 1100 метр
тереңдікте Басқан, Лепсі, Тентек өзендерінің бастауы орналасқан. Үстірттің
қабатты солтүстігінде Лепсі ойысына террасалық тектоникалық иін биіктігі
1200 метр қиып жатыр. Үстірттен батысқа қарай солтүстік жотаның етегінде
Айдаусай ойысы жатыр. Солтүстігінен Желді Қарағай, Ақшақас, Көкжота (3100м)
тауларымен шектелген.Үстірттен шығысқа қарай Сарыбұқтыр (2000м) және оның
шығыс жалғасы Ақшық ойысы (1400м) солтүстіктегі жотасы Тастау, Аудаусай
ойысы батыс жалғасы Күрүмбел және Қапал-Арасан ойысы болып табылады. Олар
1000 және 2000 метр биіктікте орналасқан. Солтүстік шығысында Қапал Арасан
ойысы жергілікті жерде Аманбұқтыр деп аталады. Қапал Арасан Теректі және
Аманбұқтыр ойыстары Қоңыртау, Қырықкөл, Марқатау тауларының өтпелі
сатыларымен шектеседі. Таулардың биіктіктері 1500-2100 метр Балқаш маңы
ойыстарда, Сарқан маңындағы кемердің биіктігі 1100 метр, ал батысында
Қызылағаш ауылы маңында 400 метрге жетеді. Биік таулы үстірттен солтүстікте
1000 метр биіктікте Покатилов және Лепсі ойыстары орналасқан. Олар 1100
метр биіктіктегі өткелмен ажыратылған. Лепсі ойысының солтүстік шығыс
жалғасы Голубевск ойысы 1400 метр биіктікте орналасқан. Ойыс солтүстіктен
Шатырбай, Ешкіөлмес, Үшқайық тауларымен шектеседі. Олардың биіктіктері 1400-
2000 метр. Оның етегінде 900-1000 метр биіктікте Константиновск құламасы
бар. Шығыста 200 метр биігірек Карат құламасы, одан шығыста 2000-2400
метр биіктікте Көксуат опырмалы ойысы, ал солтүстігінде Күнгей (3000м)
жотасымен шектеседі.
Балқаш көлі аймағы. Балқаш өңірі – әрі жылы, әрі күн сәулесі көп
түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып
келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем
көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.

1 сурет – Балхаш көлі

ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс
болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да
кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен
қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.
Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш
бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап
келген.
Ақ теңіз – деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған
себеп: негізгі өзендер: Іле, Ақсу,Көксу;Тентек және толып жатқан жер асты
сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып
келді және сырт көрінісі мөлдір, ақ түсті болады. Ал, көлдік оңтүстік –
шығысын мекендеген ел Жұмбақ көл деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі,
Аякөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды.
Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан
аңыз көп [15].
Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде
қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап
түзеп көлде жүзіп жүреді. Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы
шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып
далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз,
мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және
жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс,
жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген
сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш
өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы
ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік
биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр.
Балқаш көлі – Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді
және ағынсыз су қоймасы. Көлдің ұзындығы – 614 шықырым, ені – 3,5-нан 44
шақырымға дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады. Айдын көлдің
аумағы 18200 шаршы шақырым болса, тоғандарының ауданы – 413300 шақырым.
Балқаш көлінің ерекшелігі – оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс пен
шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып келетіндігінде. Батыс
бассейні бұрын суы көп болған Іліден толығатындықтан су тұщы болады да,
шығыс бөлігі – ащы. Қазір көлге Іле, Қартал және Лепсі өзендері құяды. Кей
жылдары қатты тасыса Аягөз өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты –
Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр.
Батысында ең сусыз және тіршілік иелері аз кездесетін Бетпақдала жерімен
шектеседі.
Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және оның қарама-қайшылықтары да
өте көп. Климаты – күрт континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі
маусымдарда ағып құйылған су түгелге жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі
12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып отырады.Іле –
Балқаш бассейнің биологиялық тіршіліктің түр-түрін, бағалы балықтарды өсіру
сияқты балық шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда да маңызды су
қоймаларының бірі болып табылады. Ихтиофаунаға жататындар ішінде сазан,
Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, шұбаржон балық, ақбалық, ақмарқа,
табан, жайын және басқаларын атауға болады. Көлден жыл сайын 8-10 мың тонна
балық ауланады. Балқаш ақбалығы мен оның алабұғасы Халықаралық Қызыл
кітапқа енгізілген. Аралда өліп қалған шабақ балықтар мен Арал каязы тек
осында ғана сақталған. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс тоғай арасында,
өзен жағалауларында жыл сайын мыңдағын түрлі құстар мекендейді. Солардың
арасында Қазақстанның Қызыл кітабына жазылған жиырмадан астам құс түрі бар.
Бұл жерде қабандар мен ондатралар, киіктер көптеп саналады.
Көлдің солтүстік жағалауында отандық өндірістің алыбы, әлемдік кәсіпорынның
алдыңғыларының бірі – "Балқашмыс" АҚ орын тепкен. Көлдің оңтүстік жағалауын
құнарлы жайлымдар мен егістік алқаптар алып жатыр.
Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мұнда жыл сайын
еліміздің әр түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады.
Бектауата тау массиві. Қызғылт гранитті құздары, саялы көктерек
тоғайлары, шалғындық шөптері мол Солтүстік Балқаш өңірінің оазисі –
Бектауата ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік кластердің дамуын қолдау
Қар жамылғысы туралы зерттеулер қысқы туризм дамытуға себеп
Бүгінгі таңдағы туристік кәсіпорындардағы қызмет көрсету сапасын және оның ерекшеліктерін салыстырмалы талдау
Рекреациялық географияны дамыту және оны ұйымдастыру
Балқаш Алаколь алабының рекреациялық мүмкіншілігі
Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
ҚР туризм түрлерінің бағдарламалық түрде ұйымдасуы мен жүргізілуін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастыру
Моноқалаларда туристік кластерді қалыптастыру механизмі
Баянжүрек тауының археологиялық ескерткіштері
АЛАКӨЛ көлінің емдеу қасиеттері
Пәндер