Ұйымның есеп саясатын жəне қаржылық жағдайы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ

Кiрiспе

  1. Ұйымның есеп саясатын жəне қаржылық жағдайын талдау1. 1. Материалдық қорлардың ұйымның жұмысы мен қызметiндегi орны

1. 2. Материалдық қорларды жiктеу мен бағалау

  1. 1. 3. Ұйымның техника-экономикалық көрсеткiштерi жəне оларды талдау

2. Тауарлы материалдық қорлардың есебi

  1. 2. 1. Тауарлы материалдық қорлардың есебiн ұйымдастыру

2. 2. Тауарлы материалдық қорлардың талдамалық есебi.

  1. 2. 3. Тауарлы материалдық қорлардың есебiн автоматтандыру

3. Тауарлы материалдық қорлардың аудитi

3. 1. Аудиттiң жоспары мен бағдарламасы

3. 2. Аудиттi жүргiзу методикасы

3. 3. Ұйымның басшылары мен құрылтайшыларына хат

Қорытынды

Пайдаланған əдебиеттер тiзiмi

Қосымшалар

Кiрiспе

Шикiзаттар, материалдар жəне құрастырушы бұйымдар шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң активтерiн құрайды. Бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруда қорларды кiрiске дер кезiнде жəне толық есепкп алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау, қорлардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық жəне дер кезiнде құжаттау, көлiктiк-дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтардың өзiндiк құнын уақытында жəне толық анықтау, көлiктiк-дайындау шығындарын өндiрiстiң шығындарына жазудың бiркелкi жəне дұрыс болуын қадағалау, iшкi ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектiге қажет емес материалдық қорларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дəл мəлiметтердi алу өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар өндiрiстiк қорларды пайдалану сапасын жасқсарту мақсатында материалдарды экономдау жəне тиiмдi пайдалану iске асырылуы қажет.

Материалдар есебiн ұйымдастыру - есеп беру саласының ең күрделi бөлiгi. Ұйымның материалдық құндылықтардың номенклатурасы он мыңдаған атауларды, ал өндiрiстiк қорларды есепке алу мəлiметтерi жалпы өндiрiстi ұйымдастырудың 30 %-н құрайды. Осыған орай материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу мен бақылау күрделi болып келедi. Материалдық қорлардың есебiн ұйымдастыруын автоматтау, соның iшiнде: құжаттамаларды рəсiмдеу мен қорытынды есеп берудi құрастыру өте маңызды болып келедi. Тауарлы материалдық қорлардың негiзгi құраушы бөлiгi болып олардың жұмсалынуының экономикалық талдауы саналады, ал ол өз кезегiнде өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыруда резервтердi iздестiруде ықпалын тигiзiп отыр.

Жоғарыда аталған мəлiметтерге сүйене отырып, таңдалған тақырыптың актуалдығын айтуға болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: тауарлы материалдық қорлардың есебi мен аудитiн жүргiзу əдiстерiн арттыру жолдарын талқылау.

Алға қойылған мақсаттарды iске асыру үшiн келесi шарттардың орындалуы тиiс:

  • Материалдық қорлардың экономикалық мазмұнын қарастыру, оларды жiктеу мен бағалау
  • Тауарлы материалдық қорлардың келiп түсуiнің есебін ұйымдастырып жүргізу əдiстемесiн зерттеу
  • Тауарлы материалдық қорлардың пайдалану мен iске асырылу есебiнің әдістемесін көрсету
  • Тауарлы материалдық қорлардың аудитiн қарастыру
  • Ұйымның қорлармен қамтамасыз етiлуiн талдау, олардың сақталуы жəне қолданылуы
  • Тауарлы материалдық қорлардың есебi мен аудитiн автоматтандыруын сипаттау

Дипломдық жұмысты орындау барысында осы тақырыпқа қатысты жаңа материалдар қолданылды:

  • «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы»-Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы
  • 2 - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БУХГАЛТЕРЛiК ЕСЕП СТАНДАРТТАРЫ - Босалқылар
  • 7 - БУХГАЛТЕРЛiК ЕСЕП СТАНДАРТТАРЫ
  • халыҚаралыҚ аудит стандарттары

Жобалау барысында ұйымның есеп пен аудит жұмыстарын жүргiзу шарттарына аса маңызды көңiл бөлiндi, тауарлы - материалдық қорлар есебiн ұйымдастыру, олардың талдамалық есебiнiң жағдайы ашылып көрсетiлдi.

Дипломдық жұмыс жобалау объектiсi: Тетра Пак Казахстан ltd. жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi. Ұйымның негiзгi шаруашылығы- қосалқы бөлшектердi, дайын өнiмдi жеткiзу жəне сату.

Ұйым банкте есеп айырысу шотына, атауы бар мөрiне ие, шаруашылық қызметтi өз бетiнше атқарады жəне оның салдарына толық жауап бередi.

Тауарлы материалдық құндылықтардың қалыптасуы мен қозғалысын талдау жұмыстары белгiлi кезеңге негiзделiп жасалды.

1. Ұйымның есеп саясатын жəне қаржылық жағдайын талдау

  1. Материалдық қорлардың ұйымның жұмысы мен қызметiндегi орны

Нарық экономикасы жағдайында, меншiк иелерi мен экономиканың барлық салаларындағы кəсiпорын еңбек коллективтерi шикiзаттар мен материалдарды тиiмдi жұмсап, өнiмнiң сапасын жоғарылатып, оның өзiндiк құнын жоғарылатуды көздейдi. Осыған орай тауарлы материалдық қорлардың есебi тек шаруашылық қызметтi ғана көрсетiп қана қоймай, оған ықпалын да тигiзiп отыруына байланысты, оның маңызы мен ролiн арттыруда.

Казiргi таңда ұйымдарда материалдар қозғалысының есебiн ұйымдастыруда, құндылықтардың құнын анықтауда, материалдық құндылықтардың нақты өзiндiк құнын есептеудегi кемшiлiктердi анықтауда, қоймадағы қалдықтар мен құны төмен өнiмдердi анықтауда көптеген қолайлы əдiстер таңдау мүмкiндiгi туып отыр.

Ұйымның экономикалық қызметi материалдық игiлiктер мен көрсетiлетiн қызметтi өндiру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесiмен қатар жүретiн жəне оны көрсететiн экономикалық ақпаратпен байланысты. Экономикалық көрсеткiштердi түрлi белгiлер бойынша жiктеуге болады. Басқару қызметi бойынша жоспарлы, есепке алу, нормативтiк - анықтамалық жəне талдамалық болып бөлiнедi.

Есеп ақпараты iске асырылған оқиғалар, құбылыстар, шаруашылық қызметтердi көрсетедi. Оны оперативтi, бухгалтерлiк жəне статистикалық ақпарат деп бөледi. Есеп ақпаратының үлкен бөлiгi бухгалтерлiк есептен тұрады.

Бухгалтерлiк есеп Қазақстан республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру туралы заңымен, бухгалтерлiк есеп стандартымен, ұйымның есепке алу саясатымен реттелген ұйым жəне кəсiпкерлердiң операциялары мен оқиғалары туралы ақпаратты жинау, тiркеу жəне жинақтау жүйесiн көрсетедi.

Тауарлы материалдық қорлар - бұлар:

  • қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;
  • осындай сату үшін өндіріс процесіндегі немесе
  • өндіріс процесінде немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.

Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.

Әділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома.

Өткізудің ықтимал таза құны ұйым әдеттегі қалыпты қызмет барысында материалдық қорларды сатудан өтеуді күтетін таза сомаға байланысты. Әділ құн мәмілені жасау кезінде, нарықта жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін сатып алушылар және сатушылардың арасында ұқсас материалдық қорларға ауыстыруға болатын соманы көрсетеді. Біріншісі нақты ұйымға тән болып табылатын құн; соңғысы ондай болып табылмайды. Материалдық қорларды өткізудің ықтимал таза құны сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнға тең болмауы да мүмкін.

Материалдық қорларға қайта сату үшін сатып алынған және сақталатын тауарлар кіреді. Оларға, мысалы, бөлшек саудамен айналысатын сатушының алған тауарлары, немесе қайта сатуға арналған жер немесе басқа мүлік кіреді. Сонымен қоса материалдық қорлар дайын немесе ұйым шығарған және шикізат пен өндіріс процесінде одан кейінгі пайдалануға арналған материалдар кіретін жартылай дайын өнім кіреді.

Өндiрiс процесiне еңбек құралдары мен қатар өндiрiстiк босалқы қорлары еңбек заттары ретiнде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндiрiс процесiне бiр ақ рет қатысады жəне олардың құны өндiрiлетiн өнiмнiң материалдық негiзiн құрай отырып, өнiмнiң өзiндiк құнын құрайды.

Тауарлы-материалдық қорлар келесiдей активтер түрiнде болады: өндiрiсте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтердi орындауға арналған шикiзаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикiзаттар мен құрастырушы бұйымдар(детальдар), қосалқы бөлшектер жəне басқа да материалдар; аяқталмаған өндiрiс; субъект қызметi барысында сатуға шығарылған дайын өнiм, тауарлар.

Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негiзгi мiндеттер тұрады: қорларды кiрiске дер кезiнде жəне толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; қорлардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық жəне дер кезiнде құжаттау; көлiктiк дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтардың өзiндiк құнын уақытында жəне толық анықтау; көлiктiк дайындау шығындарын өндiрiстiң шығындарына жазудың бiркелкi жəне дұрыс болуын бақылау; iшкi ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектiге қажет емес материалдық қорларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дəл мəлiметтердi алу.

Материалдық қорларға əрекеттiк бақылаудың қажеттi шарты болып табылатындар:

  • Жабдықталған қойма үй - жайларының болуы;
  • Материалдарды қоймалардың секциялары бойынша, ал олардың iшiнде жекелеген топтар бойынша орналастыру;
  • Материалдық құндылықтарды қабылдау мен босатуға жауапты адамдар тобын белгiлеу;
  • Тауарлы - материалдық қорларды қабылдаау мен босату құжаттарына қол қою құқығы берiлетiн лауазымды адамдар тобын белгiлеу.

Қаржы есептілігі міндетті түрде мыналарды:

  • Тауарлы материалдық қорларды, оның ішінде олардың өзіндік құнын есептеудің пайдаланылатын тәсілін бағалау үшін қабылданған есеп саясатын;
  • Осы кәсіпорын қабылдаған тауарлы материалдық қорлардың жалпы баланстық құнын және саралау баптары бойынша баланстық құнын;
  • Өткізудің ықтимал таза құны бойынша ескерілген тауарлы материалдық қорлардың баланстық құнын;
  • Кезең ішінде шығыстар ретінде танылған тауарлы материалдық қорлардың тиісті сомасын;
  • Кезең ішінде шығыс ретінде танылған тауарлы материалдық қорлар құнының кез келген арзандау сомасын;
  • Кезеңде шығыс ретінде танылған тауарлы материалдық қорлар самасының төмендеуі жағынан танылатын шығынға есептелген босалқы құнының кез келген сомасын қалпына келтіруді;
  • Шығысқа есептелген тауарлы материалдық қорлардың қалпына келуіне әкелген жағдайларды және оқиғаларды; және
  • Міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде салынған тауарлы материалдық қорлардың баланстық құнын ашу керек.

Әр түрлі жіктелген тауарлы материалдық қорлардың баланстық құны және осы активтердің өзгеру дәрежесі туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушылар үшін маңызды. Тауарлы материалдық қорлардың қалыптағы жіктелуі тауарлар, шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс және дайын өнім. Қызмет көрсету аясындағы ұйымның материалдық қорлары деп аяқталмаған өндірісті атауға болады.

Көбінесе сатудың өзіндік құны деп аталатын, кезең ішінде шығыстар ретінде танылған тауарлы материалдық қорлар сомасы бұрын дәл осы кезде сатылған тауарлы материалдық қорларды бағалауға енгізілген шығындардан және өндірістік үстеме шығыстардың бөлінбеген бөлігінен және тауарлы материалдық қорларды өндірудің өзіндік құнының нормадан тыс шамасынан тұрады.

Пайда және залалдар туралы есебінде жыл бойы шығыс ретінде танылатын тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құнының орнына басқа шамалардың ашылуына әкеліп соқтыратын форматы пайдаланылады. Бұл форматқа сәйкес шығыстар сипатына негізделген жіктемені пайдалана отырып, ұйым шығыстардың талдауын ұсынады. Осы жағдайда ұйым кезең ішінде тауарлы материалдық қорлардың таза өзгеру шамасымен бірге шикізат және шығыс материалдары үшін, жалақы және басқа да шығындарды, шығыстар ретінде танылатын шығындарды ашып көрсетеді.

  1. Материалдық қорларды жiктеу мен бағалау

Өнiрiс барысындағы функционалдық ролi мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар негiзгi жəне көмекшi болып бөлiнедi. Негiзгiлер - дайындалатын өнiмнiң заттай материалдық негiзiн құрайтын материалдар болса, көмекшi материалдар өндiрiлетiн өнiмнiң өзiндiк құнына кiргенiмен негiзгi материалдар сияқты оның заттай негiзiн қурай алмайды. Өнiмге қажеттi қасиеттердi беру үшiн көмекшi материалдар негiзгi материалдарға қосымша пайдаланылады.

Бiрақ материалдарды негiзгi жəне көмекшi етiп бөлу шарты сипатқа ие, өйткенi олар өнiмдi шығаруға жұмсалған материалдардың санына, технологиялық сипатына жəне басқа да көптеген факторларына тəуелдi болып келедi.

Материалдық қорларды дұрыс есепке алу үшiн материалдардың əзiрленген номенклатурасы болуы керек. Материалдар номенклатурасы - бұл атауы мен тиiстi деректемелерi (сорты, мөлшерi) көрсетiлген материалдың əрбiр түрiне номенклатуралық нөмiр белгiленiп, дəл жəне тұрақты өлшем бiрлiгi белгiленедi. Бұған қоса, номенклатурада материалдардың ағымдағы есепте ескерiлетiн бағасы қойылады. Номенклатуралық тiзiлiм - номенклатура - бағалық деп, ал онда көрсетiлген бағалар - есептiк деп аталады.

Тағайындалған нөмiрiн, өлшем бiрлiгi мен бағасын тауарлы - материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы ескерiлетiн барлық құжаттар мен тiркелiмдерге қояды.

Материалдар есебiн ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дұрыс бағалау болып табылады.

Тауарлы - материалдық қорларды бағалау кезiнде неғұрлым арзан өзiндiк құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы - материалдық қорлардың бүлiнуi немесе олардың жекелей, əлде толықтай ескiруi немесе олардың бағасының төмендеуi, яғни бiр сөзбен айтқанда, өзiндiк құнының деңгейiне келтiру мүмкiндiгi болмаған жағдайда, өзiндiк құнның орнына сату бағасы пайдалануы мүмкiн.

Шикiзат, материалдар, сатып алынған жартылай шикiзаттар, қосалқы бөлшектер кəсiпорын балансында өздерiнiң нақты өзiндiк құнымен көрсетiледi. Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есепте де көрсетiледi, талдамалы есепте - тұрақты есеп бағасымен көрсетiледi.

Сауда шгерiмдерi, артық төлемдер жəне басқа да түзетулер алынған шығындарды анықтаған кезеңде шегерiледi. Тауарлы - материалдық қорлардың таза сату құнын шығару үшiн олардың жай шаруашылық қызметiнiң барысында сатылатын бағасынан сату мен комплектацияға кеткен шығынын алып тастағанға тең. Өзiндiк құн мынандай себептер бойынша қалпына келтiрiлуi мүмкiн, онда тауарлы - материалдық қорлардың таза сату құны пайдаланылады:

  • Осы тауарлы - материалдық қорлар бiршама бүлiнген;
  • Олар тұтастай немесе iшiнара ескiрген;
  • Оларды сату құны төмендеген.

Алынған материалдар нақты өзiндiк құны бойынша бухгалтерлiк есепке кiрiстеледi. Содан соң олар сатуға немесе өндiрiске босатуға не нақты өзiндiк құны бойынша, не сатылатын таза құны бойынша босатылуы мүмкiн.

Материалдық қорлардың нақты өзiндiк құны мыналарға байланысты анықталады:

  1. Осы ресурстарды жеткiзушi ұсынған несиеге сатып алынғаны үшiн процент төлеудi қоса алғанда, сатып алу шығындары;
  2. Коммерциялық, делдал ұйымдарға төленген үстемелер, комиссиялық сыйақылар;
  3. Тауар биржаларының қызмет құны;
  4. Кедендiк баж
  5. Басқа ұйымдардың күшiмен жүзеге асырылған тасымалдау, сақтау, жеткiзу шығындары.

Сатылған таза құнын да, өнiмнiң өзiндiк құнын да төмен бағасы бойынша анықтау үшiн тауарлы - материалдық қорларға төмендегiдей əдiстер қолданылуы мүмкiн:

  • Баптық əдiсi - əрбiр тауарлы - материалдық қор түрлерiнiң баланстық жəне сатылатын таза құнының ең кiшi мəнi алынады.
  • Негiзгi материалдар тобының əдiсi - тауарлы материалдық қорлар топтарының баланстық жəне сатылатын таза құнының ең кiшi мəнi алынады;
  • Жалпы босалқылар деңгейiнiң əдiсi - барлық тауарлы - материалдық қорлардың баланстық жəне сатылатын таза құнының ең кiшi мəнi алынады.

Өзіндік құнды айқындау әдістері нормативтік шығындар бойынша есепке алу әдісі және бөлшек баға әдісі сияқты материалдық қорлардың өзіндік құнын айқындаудың әр алуан әдістері, егер олардың нәтижелері өзіндік құнға жуықтап сәйкес келетін болса, қолайлылық үшін пайдаланылуы мүмкін. Нормативтік шығындар шикізаттар мен материалдарды, еңбекті пайдаланудың, тиімділік пен қуаттың қалыпты деңгейін ескереді. Оларды ұдайы тексереді және қажет болған жағдайда, ағымдағы жағдайларға қарай қайта қаралады.

Бөлшек саудада тез арада өзгеретін көптеген бұйымдардан тұратын, олар үшін өзіндік құнды бағалаудың басқа әдістерін пайдалану орынды болып табылмайтын материалдық қорларды бағалау үшін көбінесе бөлшек баға әдісі пайдаланылады. Материалдық қорлардың өзіндік құны сатылған материалдық қорлардың жалпы құнын жалпы маржаның тиісті пайызына азайту арқылы анықталады. Пайдаланған пайыздың шамасында бағасы бастапқы сату бағасынан төмен бағаға азайтылған босалқыны ескереді. Бөлшек сауданың әрбір бөлімшесі үшін пайыздың орташа мәні жиі пайдаланылады.

Материалдардың бiр ғана түрiнiң алу бағасы есептiк кезең барысында əртүрлi болуы мүмкiн, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшiн, 7 - бухгалтерлiк есеп стандарттарында қарастырылған арнайы идентификациялау әдісі, қорларды соңғы сатып алу бағасы бойынша бағалау әдісі («ЛИФО»), орташа өлшемдi əдiс қорларды бастапқы сатып алу бағалары бойынша бағалау əдiсiн («ФИФО») қолданамыз.

ФИФО - бұл материалдық қорларды олардың бастапқы қуны бойынша бағалау əдiсi. Мұндай əдiсте мынандай қағида қолданылады: «Бiрiншi топтама - кiрiске, бiрiншi болып - шығысқа», яғни материалдық құндылықтардың шығынын оларды сатып алу қуны бойынша белгiлi бiр кезектiлiкпен бағалайды: алдымен бiрiншi сатып алынған топтаманың бағасы бойынша материалдарды шығындарға есептен шығарады, одан кейiн - екiншiсiн, содан кейiн - үшiншiсiн жəне сөйтiп жұмсалған материалдардың жалпы саны бiткенге дейiн жалғасады. Бағалау тəртiбi материалдарды жұмсаудың нақты кезектiлiгiне тəуелдi емес.

ФИФО әдісі бойынша алғаш сатылып алынған және алғаш өндірілген босалқылардың баптары бірінші кезекте сатылады және өндіріледі, және тиісінше, кезеңнің соңында қалған босалқылардың баптары ертерек сатып алынған және өндірілген болып болжанады. Орташа алынған құн формуласы бойынша әрбір баптың құны кезеңнің басындағы осындай баптардың орташа алынған құнынан және кезең ішінде сатып алынған немесе өндірілген осындай баптардың құнынан анықталады. Орташа мән ұйымдағы жағдайларға қарай мезгіл-мезгіл немесе әрбір қосымша топтың алынуына қарай есептелуі мүмкін.

Тауарлы - материалдық қорларды бағалаудың дұрыс əдiсiн таңдау кəсiпорынның таза табысына да, қаржылық жағдайына да мəндi əсер етедi. Сондықтан оларды таңдағанда салыстырмалы қағиданы ұстанған жөн. Бiр əдiстен екiншi бiр əдiске көшер алдында, екiншiсiнiң бiрiншiсiнен басымдылығымен қатар мына жағдайларды да сақтау керек:

  • Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң есептiк саясатына өзгерiстердi енгiзу;
  • Бiр əдiстен екiншiсiне көшудi, есептi жылдың басынан бастап енгiзу;
  • Дер кезiнде тауарлы - материалдық қорлардың қалдықтарына да жəне өткен жылдардың таратылмаған табысына да түзетулер енгiзу.

Аяқталмаған өндірісті бағалау әдісі:

  • Шығындардың тікелей баптары;
  • Материалдық шығындар сомасына;
  • Нормативтік өзіндік құн;
  • Шартты бірлік тәсілі бойынша бағаланады;

Аяқталмаған өндіріс шығындарының тікелей баптары әдісіне сай аяқталмаған өндірісиегі бұйымдарға, өнімдерге, жұмыстарға, жұмсалған материалдық шығындар (шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар), осындай өнімдер өндіруге жұмаслған еңбек ақы құнымен бағаланады. Жалпы және әкімшілік шығындар аяқталмаған өндіріс құрамында бағаланбайды.

Аяқталмаған өндірісті материалдық шығындар сомасына қарай бағалау өндірісті аяқталмаған бұйымдарға жұмсалған шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттардың нақтылай құнымен бағаланады. Осы әдіспен бағалауға еңбек ақы шығындары есепке алынбайды.

Аяқталмаған өндірісті нормативтік өзіндік құнымен бағалау үшін аяқталмаған бұйымдар саны саналып, осылардағы аяқталмаған өндіріс нормативті деңгейде жұмсалған материалдар және еңбек ақы шығынымен бағаланады. Калькуляциялаудың басқа да баптары жеке бағаланады.

Аяқталмаған өндірісті шартты бірлік тәсілі бойынша бағалау. Есепті жылдағы шығындардың құндық жиынтығының барлық сомасын шартты бірліктегі дайын өнімдер санына бөлу жолымен шығарылады.

1. 3. Ұйымның техника-экономикалық көрсеткiштерi жəне оларды талдау

«Тетра Пак Казахстан Лтд. » жауапкершiлiгi шектеулi серiктестгi жарлық жəне заңды актiлер негiзiнде қызмет атқарады. Серiктестiк коммерциялық ұйым бола тұра шаруашылық қызметтi өз бетiнше жүргiзуде. Ұйым шексiз мерзiмге құрылған. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк құрудың негiзгi мақсаты - пайда табу. Серiктестiктiң негiзгi мiндетi - сатып алушылырдың қосалқы бөлшектер мен жабдықтарға деген сұранысын кең көлемде қанағаттандыру.

Ұйымның құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен анықталады және аккредиттеу ережелерiне сәйкес болуға тиiс.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк

  • Өз мүшелерiне қатысты өзiнiң жарғысында көзделген және Заңға қайшы келмейтiн функцияларды жүзеге асыруға;
  • Ұлттық стандарттарды және олардың әдiстемелiк ұсынымдарын әзiрлеуге қатысуға;
  • Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге қатысуға
  • Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы оң жұмыс тәжiрибесiн талдауға, жинақтауға және таратуға құқылы.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк:

  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын сақтауға;
  • Консультациялық органның құрамына аккредиттеу ережелерiнде белгiленген мөлшерде кәсiби ұйымның мүшелерiн жiберуге және олардың толымды жұмысын қамтамасыз етуге;
  • Уәкiлеттi органға белгiлеген тәртiппен оған өзiнiң қызметi туралы есептiлiктi ұсынуға;
  • Халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдану жөнiндегi сауалдарды қарауға мiндеттi.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның есеп және салық саясаты
Бухгалтерлік баланс түрлері
Ұйым активтерінің баланс валютасындағы үлесі
Ұйымның есеп саясаты және қаржыландыру мәні
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау және бағалаудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның есеп саясатының әдістемелік негіздері
Қаржы активтері жəне қаржы міндеттемелері
Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы, түрлері, өзгерісі
Бухгалтерлік есепке алу туралы қазақстан республикасының заңы. 1995 жылғы 26 - желтоқсаннан, қосымшалары мен өзгертулері
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz