Көркемөнер шығармаларының қалыптасу ерекшеліктері



Жоспар

I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.
1.Көркемөнер шығармаларының қалыптасу ерекшеліктері.
2.Көркемөнер шығармалардың саяси.әлеуметтік негізі (1917.1920жж.)
3.Қазақ даласында қөркемөнердің қанат жайуы.

III.Қорытынды.
Кіріспе
Қазан революциясының жеңісінен соң көркемөнерге жетекшілік жүргізу мемлекеттік сипатқа ие болып, үкімет қамқорлығына алынды. Жаңа қоғамдық құрылымның қалану жағдайы, қалыптасқан саяси ахуал көркемөнерді жаңа адамды тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануда күн тәртібіне қойды. Осындай аса маңызды міндеттерді шешу үшін көркемөнер мәселесін мемлекеттік мәселе дәрежесіне көтеріп, оның мемлекеттік басқару жүйесін құру алғашқы күннен-ақ қолға алынды. Айталық 1917 жылы 9-қазанда Халық ағарту комиссариаты жанынан мектептен тыс ағарту, театр, өнер бөлімдері құрылады. Бұл құрылымдар міндетіне саяси ағарту ісімен қатар көркемөнерге де жетекшілік жүргізу ісі жатады. 1919 жылы Халық ағарту комиссиариатының мектептен тыс бөлімі Саяси ағарту комитеті, театр бөлімі Орталық театр комитеті болып қайта құрылады. Ал жергілікті жерлерде хальгққа білім беру бөлімдері жанынан губерниялық қалалық кіші бөлімдері ашлады. Құрылым қызметтерінде ажыратымдылық ерекшелік болады. Мәселен, өнер бөлімі, оның жергілікті кіші бөлімі МУЗО /музыкалық ағарту/ қала көркемөнеріне жетекшілік жүргізсе, мектептен тыс ағарту бөлімі ауылдық-деревнялық көркемөнерге басшылық жүргізетін болған. Сондай-ақ, әуесқой театр өнеріне де басшылықты жергілікті жағдайда губерниялық қалалық халыққа білім беру бөлімдері құрамындағы жұмысшы-шаруа театры кіші бөлімі жүргізеді. Осы басқару жүйелері арқылы көркемөнерге белгілі бір дәрежеде саяси-әлеуметтік және ұйымдастыру-эстетикалық бағдар мен ұстаным беру іске асырылады. Көркемөнерге жүргізілетін ортақ мемлекеттік басқару жүйесінің құрылуы, әрине, жаңалық болатын.
Әдебиеттер

1.Қирабаев С. Кеңес дәіріндегі қазақ әдебиеті-А. 1998.
2.ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі-Алматы, 2003.
3.Жұбанов А.Қ. ән-күй сапары-А. 1976.
4.Калиев А. Қазақ тәлім- тәрбиесі-А. 1997.
5.Қазақ Совет энциклопедиясы-А. 1971.
6.Омаров.Е. Қөркемөнер шығармашылығының тарихы.-Алматы,1986.
7.Сапарова.Ю.А. Қазақстандағы көркемөнер шығармашылығының қалыптасу.-Астана, 2005.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Көркемөнер шығармаларының қалыптасу ерекшеліктері.
2.Көркемөнер шығармалардың саяси-әлеуметтік негізі (1917-1920жж.)
3.Қазақ даласында қөркемөнердің қанат жайуы.
III.Қорытынды.

Кіріспе
Қазан революциясының жеңісінен соң көркемөнерге жетекшілік жүргізу
мемлекеттік сипатқа ие болып, үкімет қамқорлығына алынды. Жаңа қоғамдық
құрылымның қалану жағдайы, қалыптасқан саяси ахуал көркемөнерді жаңа адамды
тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануда күн тәртібіне қойды. Осындай аса
маңызды міндеттерді шешу үшін көркемөнер мәселесін мемлекеттік мәселе
дәрежесіне көтеріп, оның мемлекеттік басқару жүйесін құру алғашқы күннен-ақ
қолға алынды. Айталық 1917 жылы 9-қазанда Халық ағарту комиссариаты жанынан
мектептен тыс ағарту, театр, өнер бөлімдері құрылады. Бұл құрылымдар
міндетіне саяси ағарту ісімен қатар көркемөнерге де жетекшілік жүргізу ісі
жатады. 1919 жылы Халық ағарту комиссиариатының мектептен тыс бөлімі Саяси
ағарту комитеті, театр бөлімі Орталық театр комитеті болып қайта құрылады.
Ал жергілікті жерлерде хальгққа білім беру бөлімдері жанынан губерниялық
қалалық кіші бөлімдері ашлады. Құрылым қызметтерінде ажыратымдылық
ерекшелік болады. Мәселен, өнер бөлімі, оның жергілікті кіші бөлімі МУЗО
музыкалық ағарту қала көркемөнеріне жетекшілік жүргізсе, мектептен тыс
ағарту бөлімі ауылдық-деревнялық көркемөнерге басшылық жүргізетін болған.
Сондай-ақ, әуесқой театр өнеріне де басшылықты жергілікті жағдайда
губерниялық қалалық халыққа білім беру бөлімдері құрамындағы жұмысшы-шаруа
театры кіші бөлімі жүргізеді. Осы басқару жүйелері арқылы көркемөнерге
белгілі бір дәрежеде саяси-әлеуметтік және ұйымдастыру-эстетикалық бағдар
мен ұстаным беру іске асырылады. Көркемөнерге жүргізілетін ортақ
мемлекеттік басқару жүйесінің құрылуы, әрине, жаңалық болатын.

1.Көркемөнер шығармашылығының қалыптасу ерекшеліктері.
Жаңа құрылымның қалыпты жұмыс жүргізуі көп күш жұмсауға, әсіресе
материалдық шығынның өтелімін жолға қою, көркемөнерге білікті жетекшілік
жүргізетін кадрларды даярлау сияқты мәселелерді шешуге тікелей байланысты
болады. Осы мәселелер 1918 жылдың 28-тамызы мен 1920 жылдың 3-қазаны
аралығында өткен мектептен тыс ағарту жұмысы оның кіші бөлімдері
қызметкерлерінің Бүкілресейлік съездері мен кеңестерінде (1918 ж. 28
тамызда Ағарту ісі жөніндегі Бүкілресейлік І-съезд, 1919 ж. 24 қаңтардағы
Халыққа білім беру жөнтндегі губерниялық бөлімдердгң мектептен тыс
бөлімдері меңгерушілерінің ІІ-кеңесі, 1919 ж. 6-19 мамырдағы Мектептен тыс
білім беру жөніндегі Бүкілресейлік І-съезд, 1920 жылғы 25 ақпандағы
Губерниялық халық ағарту бөлімдерінің мектептен тас жұмыстар жөніндегі
бөлімшелері меңгерушілерінің Бүкілресейлік ІІ-кеңесі, 1920 ж. 3 қарашадағы
Губерниялық және уездік халыққа білім беру бөлімдері саяси ағартушыларының
кеңесі, 1919 ж. 7 мамырдағы өнер қызметкерлерінің съезі, 1919 ж.
Жұмысшышаруа театрыньгң Бүкілресейлік съезі. 1920 ж. саяси-ағарту
қызметкерлерінің ІІ-съезі) қаралады. Съездер мен кеңестерде өнер бөлімінің,
театр комитетінің, оның жұмысш-шаруа театры кіші бөлімінің, МУЗО-ның қызмет
түрлері мен мазмұны кезең сәтіне орай анықталынып, көркемөнердің идеялық
және ұйымдастыру қағидалары жасалынады. Көркемөнерге жүргізілетін
жетекшілік қызметінде ұйымдық - шығармашылық бастамамен партиялық
басшылықтың бірлігін қалауға байланысты (Партияның ҮШ съезі шешімінің
талабы) негізде дәйектеледі.
Көркемөнер мәселесіне 1920 жылғы Саяси - ағарту қызметкерлерінің ІІ
съезі баса назар аударады. Съезде Театр және мектептен тыс білім беру.
Халыққа білім беру жүйесінде көркемөнер секциясын ұйымдастыру деген
тақырыптарда баяндама жасалынады. Съезде қабылданған революцияда бұқаралық
көркемөнерді қолдау мен дамыту ісі мемлекеттік басқару жүйесінің ең басты
міндеті екендігі атап көрсетіледі. Бұл көтерілген мәселе соңынан партияның
РКПб X съезінде қабылданған Саяси бас басқарма туралы революцияда
нақтыланып, заң жүзінде бекітіледі. Революцияда саяси бас басқарма мен оның
жергілікті ұйымдарының көркемөнерге қатысты бағдарламасы да белгіленеді.
Сондай-ақ, онда революциялық репертуар жасалынып, оны баспадан шығаруды
жеделдете қолға алу, кәсіби өнер шығармаларын көркемөнер табиғатына
икемдеу, музыкалық мерекелерді ұйымдастыру іс-шаралары көзделеді.
Көркемөнердің театр жанрының идеялық ұйымдастыру ұстанымының революция
жариялаған мұрат-мүддесіне сай қаланып, даму жолына түсуіне 1919 ж. қазан
айында өткен жұмысшы-шаруа театрының Бүкіл Ресейлік I съезінің орны ерекше.
Съезде халықтық көркемөнер, оның театр жанры қандай болуы керек деген талас
мәселе шешімін табады. Онда халықтық көркемөнердің, оның ішінде театр
жанрының уақыт талабына сай даму жолына түсуіне, кәсіби өнер мөн театр,
сондай-ақ өткеннің мәдени мұралары теріс ықпал жасайды деген пролетарлық
мәдениет теоретиктері тезисі толық теріске шығарылады. Съезде репертуардың
тақырыптық мазмұны мен өрнегін анықтау, қалау, режиссерлік дағды,
біліктілікті шыңдау, театралдық білім беру мәселелерінде де кадр даярлау
ортақ шешім қабылданды.
Жаңа тұрсипат пен мазмұнда қалыптаса бастаған көркемөнерге қоғамдық
ұйымдар да қамқорлық танытады. Мәселен, 1918 жылы қаңтар айында өткен
кәсіподақ ұйымының, 1919 жылы ақпан айында өткен тұтынушылар қоғамы мәдени-
ағарту қызметкерлерінің Бүкілресейлік I съезі көркемөнер жұмысының дамуына
лайықты үлес қосу мәселелері бойынша бағдарлама қабылдап, ортақ іске жұмыла
кірісуге үндеу таратады. Көркемөнерге жетекшілік жүргізу жұмысына жүйелі
жәрдем беру мақсатында Өнер қызметкерлерінің кәсіподағы Рабисте 1919 ж.
7 мамыр елеулі еңбек үлгісін көрсетеді. Сайып келгенде, мемлекет пен
қоғамдық ұйымдар кезең қиындығына қарамай, революция мұратына сай
көркемөнерді ұйымдастырудың, оның идеялық бағыт-бағдрын, ұстанымын
анықтаудың ықтималды жолдарын іздеп-табуда орайлы мүмкіндіктер жасауға
ұмтылады. Жаңа құрылым жүйелері алдында көркемөнер жетекшілері кадрларын
даярлау мәселесі де ең күрделі пара қатарында тұрады.
Көркемөнер ісін дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар барысында өнерді
мақсат-мұрат талап деңгейінде ұйындастыратын оқу-жаттығу жұмыстарын
жүргізетін кадрлардың тапшылығы аса көп қиындықтар туғызады. Көркемөнерге
көп жағдайда оның табиғатынан бейхабар, педагогикалық және әдістемелік
біліктіліктері жоқ, тәжірибе қоры жұтаң, жұмысты ұйымдастыру қағидаларын
білмейтін Халық қалаулылары жетекшілік жүргізеді. Мұндай жетекшілер жаңа
саяси-әлеуметтік жағдаймен уақыт талабынан туындайтын көркемдік-мәдени
қызмет жұмысы міндеттерін түсінбегендіктен репертуардың тақырыптық өрнегін,
құрылымдарын, мазмұндарын қалау, репертуар талдау сияқты күрделі іс-шараны
шешуде талап үдесінен шыға алмайды. Ал көркемөнерге жетекшілікке тартылған
кәсіпқой мамандар көркемөнердің революция жариялаған мұраттарына сай қызмет
етіп, идеялық ұстанымнан ауытқымау талаптарын ұйымдастыру әдістемелері мен
тәжірибе дағдылары көркемөнер табиғатына қарама-қайшы келіп жатты. Осындай
объективті және субъективті жағдайлардан кадрлардан тұрақтылығы бұзыла
береді. Қалыптасқан жағдайға байланысты көркемөнер жетекшілерін даярлау
үшін оқу орындары жанынан арнайы факультеттер мен бөлімдер ашу, қысқа
мерзімді жедел оқу жоспарына негізделген курстарды ұйымдастыру жедел қолға
алынады. Мәселен, Петроград мектептен тыс білім беру институтында хор
академиясы, музыкалық білім беру кафедралары үйымдастырылып, білікті
кадрлар даярлау басталады. Сондай-ақ, Петроград Жанды сөз 1918 ж.
институты. Москвадағы Я.Свердлов атындағы коммунистік тәрбие универститеті
1919 ж., В.Володарский атындағы 1920 ж. үгіт-насихат институты
көркемөнердің сая салалы жанрларына кадрлар даярлай бастайды. 1918 жылдан
бастап халық универститеттері жанынан өнер факультеттері ашылады. 1919
жылдың желтоқсан айынан бастап Халық ағарту комиссиариаты театр бөлімі
Жұмысшы-шаруа театры кіші бөлімі инструкторларын даярлайтын курстар
ұйымдастырады. Осындай іс-шаралардың орындалуы арқасында көркемөнерге
жүргізілетін жетекшілікті ретке келтіру мүмкіндіктері жасалынады. Оның
жұмыс әдісінің стилі өзгеріп, қарымды сипат алады. Басты мәселе осы іс-
шаралар арқылы көркемөнердің саналы түрде саяси-әлеуметтік міндеттерге
жүгініңкіде болуы жүзеге асырыла бастайда.
Көркемөнер қызметін басқару жүйесі Кеңес өкіметі құрамындағы ұлттық
республикалар, аудандар, аймақтар да құрылып, олардың басшылығымен
көркемөнер ұлттық таным мен табиғат ерекшеліктері ескеріле, дәстүрлі ұлттық
сипаттылығы сақталған қалану жолына түседі. Көркемөнердің калыптасуы, өріс
алуы, ұлттық аудандардағы қалыптасқан саяси-әлеуметтік, мәдени-көркемдік
өмірдің даму сатысы деңгейіне, өмір сүрудің әлеуметтік-тұрмыстық сипатына
тікелей тәуелді болғандықтан оның сандық және сапалық жағында қарама-
қайшылықтың болуы заңды табиғи құбылыс болатын.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында музыка өнері тегінде ұлттық
дәстүрде өркендей бастағанымен, революция идеясы оның тақырыптық-мазмұндық
сипатына ғана емес, табиғатына да әсерін тигізе бастайды. Мәселен, қазақ
халқының саз өнерінде марш ырғағындағы ән-күйі кеңес дәуіріне дейін кездесе
бермейді. Кезең талаптануына орай марш ырғағындағы революциялық әндерін
алғашқы шығарулардың бірі – Бейсен Жанекешов болған. Ол жан-жақты білімдар,
шешен, ақын, жарамды насихатшы, сазгер, ұйымдастырушы болған талант иесі.
Б.Жанекешов 1918 жылы бұрынғы Бөкей ордасында Орал облысы жасақталған
бірінші үлгілі қазақ ұлттық атты әскер құрамасының саяси бас басқармасының
бастығы қызметінде жүріп, қызыл әскерлер үшін әндер шығарады. Бейсен әндері
тыңнан туған жаңа шығармалар тобына жатады. Өйткені, мұнда халық
мелодияларын пайдаланбай-ақ өзі жазған өлеңдеріне лайықты ырғақтағы әндер
шығарылған. Мәселен, Орда қаласында қаза тапқан 80 қызыл әскердің қайғысына
арналған Аттаныс жыры секілді әндері қазақ ән жанрындағы соны құбылыс.
Окініштісі - Бейсеннің көп әндері кезінде нотаға түсірілмей қалғандықтан
ұмыт дүниеге айналған. Сондықтан да оның сазгерлік шығармашылық болмысы
толымды іздену нысанасына айнала алмай отыр. Ол 1921 жылы небәрі 33 жасында
дүние салды.
Өнердің қай жанрын алып қарасақ та, оның дамуына нақтылы екі фактордың
әсер ететіні белгілі. Бірінші фактор - төлтумалық халықтың дәстүрді өз
өнері болса, екіншісіне - қоспа, басқа халық өнерлері жатады. Қазақтың
революциялық әндері қатарының толыға түсуіне, өріс алуына екінші фактордың
әсері айтарлықтай болған. Жалпы сол кездегі пролетарлық-интернационалдық
және қызыл әскер мелодияларын пайдаланған әндердің шығуы осының дәлелі.
Батыс елдерден келген әндермен байланысы бар қазақтың революциялық ән
үлгісіне мысалға Айдарбек Масанов Қостанай кеңес-партия мектебінің
директоры қызметін атқарған шығарған Жалшылар қорғаны әнін де жатқызуға
болады.
Жалпы басқа халықтар өнерінің ықпалынан Қазақстанда, оның байрғы
тұрғындары қазақ халқының, тағы да туыстас басқа халық өкілдері тұрған
жерлерінде бұқаралық театрландырылған ұлттық сипаттағы инсценировкалар қаз
тұрып, рухани игілік қызметіне айналып жатады. Оған дәлел ретінде Шығыс
кеші ойын-сауық отауы ұйымдастырған инсценировкаларда Қызыл сана үгіт
театры қойылымдарын айтуға бодады.
Қазан роволюциясының алғашқы жылдарындағы өркениетті қадамдарының
біріне мәдениет, өнер жетістіктері мен байлықтарын қалың еңбекші бұқара
қауым игілігіне асыру мақсатындағы бастамалары жатады. Кеңес өкіметі
орнаған жер-жерлерде аштарға – нан, халыққа – бейбітшілік сияқты
қанатты сөздермен қатар өнер де – бұқаралық деген ұран да ел арасында тез
тарап жатады. Саяси еркіндіктің жариялануы, алғашқы саяси-әлеуметтік
дүмпулердің сана-сезімге орасан зор әсер етуі халықтың өнер әлеміне деген
іңкәрлігін туғызады. Еңбекші бұқараның өнер әлеміне деген ынтызарлығы мен
құштарлығының оянуы, осындай жағдайды кеңес үкіметінің өз мүддесі үшін
қолданып қалу әрекеті, көркемөнердің қалануына бұқара халық арасындағы
элементарлық эстетикалық сауатсыздықты жою жолындағы күрестің күш алуына
алғы шарттарды қалайды.
Сол кездегі көркемөнерге, әсіресе, оның саз түрі жанрына тән бір
ерекшелік - музыкалық ағарту қызметінің бой алуында еді. Өйткені, бұқара
қауымның қарапайым эстетикалық сауаттылығы көтерілмейінше жаңа қоғам
мұратына қызмет ететін көркемөнердің қалануы мүмкін болмаған болар еді. Сол
себепті де кеңес үкіметі музыканы насихаттау қызметінің осы түрінің кең
таралуына жан-жақты қолдау көрсетіп, арнайы нұсқаулар береді.
Халық ағарту комиссариатының өнер бөлімі берілген нұсқаудың негізінде
бұқара қауымның көркемдік - эстетикалық бейсауаттылығын жою ісіне өнер
қызметкерлері мен қайраткерлерін тарта бастайды. Жергілікті жер жағдайында
музыкалы-ағарту қызметіне басшылықты халыққа білім беру бөліміндегі МУЗО
жүргізеді. МУЗО-ның негізгі міндетіне кәсіпқой музыка қызметкерлеріне,
ұжымдарына идеялық және ұйымдастырушылық басшылық жүргізу, клубтарға, қызыл
әскер саяси ұйымдарына көркемөнерді ұйымдастыруда әдістемелік, материалдақ
көмек көрсету, сондай-ақ ақысыз халықтық музыка мектептерін ашу жатады.
Музыка мектебінің мақсаты - өнерпаздардың өнер құбылысы, өнер әлемі туралы
жалпылық түсінігін қалау болғандықтан, музыкалық сауат ашу, ән-саз тыңдау,
көпшілік болып ән айту, революциялық әндерді дұрыс ырғақта орындау сияқты
сабақтар мен жаттығулар міндетті түрде өткізілетін болған. Музыкалық ағарту
тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру, оның жаңа түрлерін енгізу мақсатында
кәсіпқой өнер қызметкерлерін жұмысқа тарту, шефтік жұмыстарды ұйымдастыру
қолға алынады. Шефтік жұмысты жүргізу әсіресе, қызыл әскерлер бөлімдері мен
құрамаларында кең етек алды. Шефтердің ұйымдастыруымен жылжымалы концерттік
бригадалар өмірге келеді. Музыкалық ағарту-тәрбие жұмысының тиімділігін
арттыру жолындағы ізденістен оның Азаматтық соғысы жылдарында кең танымал
болған қызықты түрі Музыкалы дүйсенбілік пайда болды. Музыкалы
дүсенбіліктің жұмысына белгілі өнер ұжымдары, қайраткерлері, өнерпаздар
қатысады. Әсіресе музыкалық ағарту тәрбие жұмысын жандандыруда кешкі
халықтық музыка мектебінің ұйымдастыруымен өткізілетін концерттердің
қызметінің бедел мен сұранымға ие болуы оның аумақтық шекарасын кеңейтіп,
өзара концерт алмасу сияқты жұмыс формасын байытады. Алайда, жұмыстың
аталған түрлері бұқаралық сипатқа жете алған жоқ еді. Оған уақыт
кезеңіндегі құбылмалы, қарама-қайшылықты сәттер, оқиғалар мүмкіндіктер
бермеді.
Алғашқы революциялық дүмпу жылдарында бұқара-көпшілік болып ән орындау
жаппай үрдіске айнала бастады. Осындай құбылыс хор жанрының басқа өнер
түрлеріне қарағанда жанданып, бұқаралық түр-сипат алуына қайнаркөз болды.
Орындаушылықтың ең оральмды әрі қол жеткізілген түрі - хор үйірмесі қаз
тұра бастаған мәдени-ағарту мекемелерінде алғашқының бірі болып
ұйымдастырылып жатады. Ол кезде хорды ұйымдастырушылар арасынан әр сала
қызметкерлерін кездестіруге болар еді.

2.Көркемөнер шығармаларының саяси-әлеуметтік негізі(1917-1920жж.)
Бұқара қауымның саз өнерінің хор жанрына деген қызығушылығын оған
жаппай қатысу мотивін қалайша түсіндіруге болады.
Көркемөнердің барлық түрлеріне қарағанда хор жанрының өзіндік орнын
ерекшелей түсінетін мынадай ажыратылымы бар.
1. Хормен ән айту, біріншіден, ұжымдық орындаушылық өнерге
жататындықтан, ол табиғатына сай бұқаралық өнер түріне жатады. Сондықтан да
хорда орындаушылардың сипа-сезім, ой-арманы, аңсары, еркі, қабілеті басқа
өнер түрлеріне қарағанда молдау. Бұл ерекшеліктің өзі хор өнерінің мәдени-
көркемдік ағарту-тәрбие саласындағы пәрменді құралдық маңызын, орнын
даралап тұрады. Осы ерекшеліктен Кеңес өкіметінің бұқарамен жүргізілетін
музыкалық мәдени-ағарту, тәрбие жұмысының пәрменді құралы ретінде хор
жанрына қолдау танытқан себебін де түсінуге болады.
2. Хормен ән айту - өнер әлеміне қатысудың ең ықтималды жолы. Өйткені
халықтың басым көпшілігі хор өнері арқылы жеке орындаушылыққа бейімделіп,
музыкаға көзқарасын, таным-талғамын орнықтырады, түлете түседі.
3. Хор өнері адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді, екпінді құралдарының
біріне жатады. Хорға қатысудың өзі адамдардың серіктестік, әріптестік,
жолдастық, достық рухын оятып, ұжымдық сана-сезімнің қоғам ұстанған мұратқа
сай қалыптасуына негіз қалайды, жеке мүддені ортақ мүдде үлесіне шығару
сезіміне тәрбиелейді. Ал Кеңес үкіметіне қоғамдық сананы қалыптастыру
негізгі мақсат саналған. Революция жеңісінен соң кеңес үкіметінің тағдыры
кеңестік патриотизм рухындағы, санасындағы социалистік идеология мен мораль
еңбекке, қоғамға деген жаңа көзқарас, қоғамдық міндеткерлік қалыптасқан
бұқаралық көпшілік қауымдастықтың табандылығына байланысты болды. Осындай
аса маңызды міндеттерді шешуде хор өнері өз табиғи ерекшелігіне сай
оралымдылығымен көріне білді. Хор репертуарының героикалық ерлік, лирико-
романтикалық халық шгармашлығымен қатар революциялық күрес идеясын
марапаттайтын, әскери-патриоттық мазмұндағы туындылардан құрылуы да
қоғамдық міндет талабын жүзеге асырудан туындаған болатын. Дегенмен, хор
жұмысын ұйымдастыру мен жолға қоюда әр түрлі сипаттағы қиыншлықтар да
жеткілікті болатын. Атап айтқанда, көркемдік орындаушылық дағдыларын
қалау, меңгеру жетімсіздігі, репертуар құрамының жұтаңдығы, таңдау
қиындығы, жалғыз дауыста орындаушлық үрдісінің үстемдігі. Екінші жағынан
хор үйірімелеріне жүргізілетін жетекшілікке басшылық жасайтын ортақ
әдістемелік орталықтың болмауы жаңа сипаттағы хор көркемөнерінің дамуына
тежеу жасады. Сондай қайшылықтар жас хор қадамы алдына жұмыстың жаңа
ұйымдастыру формасын жасау, көркөм үйірме жөтекшілері кеңесін ұйымдастыру,
әдістемелік негізді қалау сияқты күрделі мәселелерді алға тартады.
Қайшылықтардан шығу жолындағы ізденістен хор секциясы, бұқара-көпшілік ән
секциясы пайда болады. Секцияларға МУЗО тағайындаған инструкторлар
жетекшілік жүргізеді. Секцияға топтасқан хор үйірмелері жетекшілерінің
мүддесі барлық музыкалық жұмыстарды үйлестіріп, орталық жетекшілікке жүйе
орнықтыру болатын. Сайып келгенде, саз көркемөнер жұмысын орталықтандыру
хор - баста буын міндетіндегі іске асырыла бастаған болатын. Секциялар
халық ағарту комиссариатының мектептен тыс бөлімімен тығыз байланыс құрып,
аудандық, аймақтық, деревнялық хор жұмысын ұйымдастыру ісімен де
айналысады. Секциялар ұйымдастырған концерттер аудитория сұранымына ие
болады. Секциялар, әсіресе, хор секциясы ұйымдастыру жұмыстарымен қатар
орьгндаушылардың көркемдік-идеялық деңгейін көтеру, жетекшілердің
біліктілігін жетілдіру шараларымен де айналысады.
Қазан революциясынан соң дүниеге келген бұқаралық музыкалық ағарту
тәрбие жұмысы тарихи маңызға ие болды. Оның мәні мынада: көркемөнер
үйірмелері өз мүшелерінің қарапайым эстетикалық бейсауаттылығын жою жұмысын
жолға қоймайынша, жұмыс тиімділігін, екпінділігін, қарымдылығын орнатуы
мүмкін болмас еді. Шындығында, клубқа келгөн еңбекші бұқара қауым өнер
туралы, оның мән-мазмұны, сан алуан құбылыстары жайлы қарапайым таным-
түсінікке зәру, мұқтаж болатын. Осы мұқтаждық етуі МУЗО қызметінің басты
саласына арналған болатын.
Революция идеясы әкелген дүмпу әсері саз көркемөнерінің хор жанрының
үстем жағдайға ие болуына саяси-психологиялық алғы шарт жасайды. Хор
өнерінің дамуына, сондай-ақ оны дайындау ісіне материалдық көп шығын
жасаудың қажет еместігі оқу-жаттығу жұмысының ықшамдылық сипаты,
орындаушылық шеберлігіне қойылар талап деңгейінің басқа саз өнер түрлеріне
қарағанда жеңіл болуы, яғни қарапайымдылығы, орындаушылықтың ұжымдық
сипатына байланысты хорға қатысушылардың моральдық-интеллектілік мотивті
сияқты факторлар негізгі қозғаушы күш болған.
Революция жеңісінің алғашқы жылдарында саз көркемөнерінің халық
аспаптары әсіресе орыс халық аспаптары оркестрі, үрлемелі аспаптар
оркестрлері де даму жолына түседі. Олардың да қаз тұрып кетуіне өнер
қызметкерлері мен белгілі қайраткерлерінің елеулі еңбектері болды. Айталық,
Ресейдің үлкен өндір іс қалаларында, елді мекендерінде оркестрлер
ұйымдастырылып, жетекшілік көмек көрсетуге сол кездегі танымал В.В.Андреев
атындағы оркестр қызметкерлері, белгілі өнер шеберлері В.Куприянов,
А.Глазунов, В.Астафьев, В.Маркузе, П.Столбов, Г.Миккель, В.Каратыгин
үлгілі өнер көрсетеді. Дегенмен, саз өнерінің жалпы оркестрлік түрінің
сандық өсімі, сапалық деңгейі қарама-қайшлыққа толы қиындық кез
қалыптасуына, саяси құралдық екпінді қолданыс сұранымына орай, екінші
жарынан материалдық-техникалық қор жұтаңдығы, оқу-жаттығу жұмыстары талап
ететін уақыт тапшылығы сияқты жағдайларға тәуелді болғандықтан өріс ала
алмайды. Содан кейін ескерер жай, көп халықтар үшін саз өнерінің аталмыш
түрі бейдәстүрлік өнерге жатады. Айталық, шығыс халықтары, оның ішінде
қазақ халқының көркемдік мәдени өмір салтында оркестр жанры болған емес.
Сондықтан да оның қаланып өрістеуіне әлеуметтік-психологиялық негізбен
қатар, көркемдік-ойлау танымдық деңгейді көтеруге байланысты мәдени-
көркемдік қызметтерді ұйымдастыру да керек болатын.
Революция жеңісін қорғау, монархиялық құрылымды әшкерелеу, кеңестік
үкімет жүргізіп жатқан саясат пен іс-шараларды үгіттеу, марапаттау, жалпы
саяси міндеттерді екпінді түрде шешу мәселелері әуесқой театр жанрларының
үгіттік түрлерін дүниеге әкеледі. Олар атап айтқанда, қызыл әскер театры
агитка, театрландырылған бұқаралық көрінім, митинг-концерт,
клубтық инсценировка сияқты құрылымдық түрі мен орындаушылық стилі
жағынан өзгешеліктері бар клубтық театр формалары еді. Әуесқой театр
жанрының қалануы, оның дамуы көркемөнердің басқа түрлеріне қарағанда қарама-
қайшыльғы бар ерекшеліктерге толы болды. Оның ең басты ерекшелігі - театр
ісін басқарудың ортақ құрылымдық жүйесінің болмауы еді. Айталық, 20-
жылдардың ортасына дейін әуесқой театр жұмысын ұйымдастырудың негізгі төрт
түрі сақталып келді. Олар: пролетарлық мәдениет пролеткульт студиялары,
өндірістік т.б. мекемелердегі клубтық театр үйірмелері, қызыл әскөр театры,
шаруалар театры.
Бұл құбылыс кеңес үкіметі орнаған барлық жерлердегі театр жұмысына тән
ортақ құбылыс болды. Театрларға басшылықты Халық ағарту комиссиариатының
театр бөлімі 1919 жылдың сәуір айынан бастап губерниялық қалалық халыққа
білім беру бөлімінің кіші театр бөлімі, пролетарлық мәдениет ұйымы, қызыл
әскер саяси бас басқармасы, тұтынушылар қоғамы кооперация, сондай-ақ
кәсіподақтың мәдени-ағарту ұйымы жүргізеді. Ал осы басқару механизмдері
арасында үйлесімділік болмады. Оған бір жағынан жалпы театр өнерінің
қоғамдағы орны мен ролі, даму бағыты тураль әр түрлі көзқарастардың
қалыптасуы ықпал етсе, өкіші жағынан пролетарлық мәдениет басшыларының
мемлекеттік-партиялық басшылықты мойындамай, дербестік құрылымдық жүйені
сақтау саясаты да кері әсерін жасайды. Әр жүйенің өзіндік жұмыс стилі,
ұстанымы, бағдары ортақ істі басқарудағы қарама-қайшылықты орнықтырады.
Осындай жағдайдан мемлекеттік ортақ басқару жүйесін жасау талабы өзекті
мәселе дәрежесіне көтеріледі. Жер-жерлерде театр қандай болуы керек?,
театрда басқару жүйесіндегі дербестік қалу керек пе?, театр қандай
ұстанымда басшылыққа алу керек? деген сұрақтар төңірегінде піктрталастар
көбейеді. Мәселенің түйіні 1919 жылы қазан айында болған Бүкілресейлік I
Театр съезінде шешіледі. Съезде барлық театрлар жұмысын үйлестіруші орталық
Жұмысшы-шаруа театр ассоциациясы құрылады. Көп ұзамай ассоциацияға қызыл
әскер театры басқармасы қосылып, жұмысшы-шаруа, қызыл әскер театрлары
кеңесі болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркемөнер шығармашылығының қалыптасу ерекшеліктері
Көркем әдебиеттегі ұлттық сипат мәселесі
Ресей мәдениетінің «Алтын кезеңі»
Шәңгерей Сейіткерейұлының өмірімен шығармашылығының қалыптасу жолы
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы
Бастауыш сынып оқыту процесінде эстетикалық тәрбие беру жолдары
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы туралы
Орыс өнерінің қалыптасу кезеңдері
Қытай ақын-жазушыларының ішкі соғыс кездеріндегі еңбектері
НАТЮРМОРТ, ПЕЙЗАЖ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Пәндер