Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық құқық кафедрасы

Курсытық жұмыс

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТЫҢ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

Орындаған: ХҚ 81-тобының

магистранты Байгоныров К. К.

Ғылыми жетекші:

з. ғ. к., доцент Аманжолов Ж. М.

«Қорғауға жіберілді»

«___» 2009 ж.

Кафедра меңгерушісі

з. ғ. к., доцент Айдарбаев С. Ж.

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-6

  1. ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТ ОРГАНЫ РЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ . . . 7

1. 1 Халықаралық қылмыстық соттың қалыптасуы және даму тарихы . . . 7-17

1. 2 Халықаралық қылмыстық сот құқықтық мәртебесінің түсінігі және мазмұны . . . 18-25

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26-27

БИБЛИОГРАФИЯ . . . 28-30

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың жаңа мыңжылдыққа қадам басуы мемлекетаралық өзара қатынастар жүйесіндегі халықаралық құқық рөлінің жоғарылаумен ұштасты. Әлемдік қауымдастық өз алдына халықаралық және ішкімемлекеттік істер аясында құқық басымдығын орнатуды маңызды мақсат ретінде қойды. Құқық басымдығын орнатуда мемлекеттерге қарағанда белгілі бір жеке лауазымды тұлғалар ең адамгершіліксіз және қатыгез нысанындағы қылмыстардың іске асырулары арқылы жиі кедергі болды.

Халықаралық қылмыстық сот құқықтық міртебесін зерттеу өзектілігі, тап осы сот нақ құрылған кезеңінен қазіргі уақыттарға дейін әлемдік жүйеде жалғыз әмбебабтық халықаралық сот органы болып қалуында түсініледі.

Бірақ халықаралық құқықтық тәртібті қамтамасыз етуі ісінде соңғы ең маңызды оқиға ретінде ХХ-ХХІ ғасырлардың басында әлемдік қауымдасытық құқық бұзулар күллі әлемнің алаңдаушылығын тудыратын категориялы қылмыстарға қатысты қылмыстық юрисдикцияны жүзеге асыратын Халықаралық қылмыстық сотты (онан әрі, ХҚС) құру болып табылады.

Арнайы және Даярлау комитеттер талқылауларының шеңберіндегі маңызды сұрақ аясы ХҚС ұлттық сот органдарды толықтырушы орган ретінде мойындауы болды. Арнайы комитет өзінің сот органын құру мәселесіне арналған баяндамасында, қылмыстық сот ісін жүргізу барысында халықаралық құқық комиссияларының ойларында ХҚС-тың ұлттық сот органдарын ауыстыру туралы ниет болған жоқ, бірақ, ХҚС юрисдикциясы қарапайым қалдық секілді болып қалмауы қажет.

Нәтижесінде, 1998 ж. Рим қаласы конференциясында осы таңға дейін әрекет ететін бірде-бір ұлттық қылмыстық юрисдикциясы бар үлгілерінен және ad hoc трибуналдарының шеңберіндегі халықаралық қылмыстық юрисдикцияға ұқсамайтын халықаралық қылмыстық юрисдикцияны жүзеге асыратын қағидатты жаңа үлгісі жасалады.

Әлемдік халықаралық тәртіпті және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында жаңа халықаралық сот органы ретінде Халықаралық қылмыстық сот құқықтық табиғатындағы құқықтық мәртебесінің орны ерекше екені.

Сондықтан, Халықаралық қылмыстық сот жұмыс жасау проблемасы және әрдайым жылдам алмастырылып отыратын әлемде оның рөльі, сонымен қатар болашақта оның дамуы мен мол мүмкіндіктері, қазіргі таңда халықаралық құқық ғылымы мен тәжірибесінің көз-қарасы тұсында аса маңызды назарды тудырады.

Проблеманың зерттелу жағдайы. Әлемдегі халықаралық тәртібті сақтау мақсатында Халықаралық қылмыстық сот рөлінің елеулі екеніне қарамастан отандық халықаралық құқық ғылым саласында жоғарыда аталған сот төңірегінде зерттеулер саусақпен санарлықтай ғана жүргізілген. Атап айтқанда, мерзімдік басылымда Т. К. Пактың, М. Б. Құдайбергеновтың және М. М. Ауэзовтың мақаласы кездеседі және Халықаралық қылмыстық сотқа жанамалық сипаттық түрде М. Б Құдайбергеновтің «Международная уголовная ответственность физических лиц» және С. С. Казакованың «Уголовная ответственность за преступления против мира и безопасности человечества» атты кандидаттық диссертациялары орын алады. Ал, отандық заң ғылымында жоғарыда аталған сот аясында ғылыми кітаптар мүлдем жоқ. Халықаралық қылмыстық сот жөнінде орыстардың заңдық ғылымында жан-жақты талқыланып зерттелген материалдар жеткілікті. Солардың ішінде жұмыс барысында қолданылған авторлардың тізбесіне тоқталсақ, олар Адельханян Р. А., Блищенко И. П., Верещетин В. С., Грицаев С. А., Греченкова О. Ю., Гефтер А., Дикаев С. У., Каболов В. В., Карташкин В. А., Кравченко Н. Н., Колосов Ю. М., Коровин Е. А., Костенко Н., Лукашук И. И., Моисеев А. А., Наумов А. В., Патрин Д. А., Рамашкин П. С., Русинова В. Н., Сафаров Н. А., Трикоз Е. Н., Тузмухамедов Б. Р., Ушаков А., Фисенко И. В., Энтин М. Л. және т. б.

Курстық жұмыстың мақсаты. Халықаралық қылмыстық сот құқықтық мәртебесінің заңдық маңызын кешенді түрде зерттеу болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған болатын:

  1. Тұрақты жұмыс істейтін халықаралық қылмыстық сот туралы ойдың пайда болуына және оны құруға ықпалын тигізген жеке тұлғаларды халықаралық қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіншілігін туғызған факторларды тарихи-теориялық негізінде зерттеу.
  2. Халықаралық қылмыстық әділет органдарының дамуы және қалыптасу процесстерін кезеңдерге бөліп қарастыру тұрғысында тарихи-құқықтық талдау жүргізу.
  3. Халықаралық қылмыстық соттың қалыптасуына едәуір түрткі болған ad hoc трибуналдар қызметіне сараптамалық-талдау жүргізу.
  4. Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық табиғатына қатысты құқықтық мәртебесіне салыстырмалы-құқықтық зерттеу жүргізу.
  5. Халықаралық құқық теориясы тұрғысынан Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесін анықтау.

Зерттеудің пәні мен объектісі. Жұмыс пәні Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесі болып табылады. Зерттеу объектісі ретінде жеке тұрғыда белгіленген жауаптылыққа орайлас қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдануымен және оны іске асыруда туындайтын қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Курстық зерттеудің әдістемелік негізі. Әдістемелік негізін процесстердің және құбылыстардың, сондай-ақ объектіні зерттеуде жүйелік тәсіл қолдану және зерттеу пәнінің қазіргі тану теорияларының ережелері құрастырады.

Курстық зерттеу жұмысы жалпы ғылыми (талдау, жүйелік тәсілдеу, тарихи, салыстырмалы, кисынды) және арнайы әдістердің жиынтығына негізделген.

Қорғауға шығарылатын ережелер.

  1. Халықаралық қылмыстық соттың қалыптасуына елеулі серпілістік алғы шарт жасаған болып жеке лауазымды тұлғаларды алғаш рет халықаралық жауаптылыққа тарту мүмкіндігінен туындағаны делелденеді.
  2. Халықаралық қылмыстық соттың дамуы және қалыптасу мазмұнын кешенді және неғұрлым толық ашу мақсатында шартты түрде төрт кезеңге бөліп негізделді. I кезең: ХV ғасырдың соңы - XVI ғасырдың басы; ІІ кезең: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін - Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін; ІІІ кезең: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін - қазіргі уақытқа дейін.
  3. Халықаралық қылмыстық әділет жүйеснің қалыптасып аяқталғандығын және толықтығын қамтамасыз ету кеңістігінде ad hoc трибуналдар құрылуындағы сарпылмас маңызы анықталды.
  4. Әлемдік халықаралық тәртіпті және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында жаңа халықаралық сот органы ретінде Халықаралық қылмыстық сот құқықтық табиғатындағы құқықтық мәртебесінің орны ерекше екені дәлелденді.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Теориялық маңыздылығын библиографиялық бөлімде көрсетілген авторлардың қауырсынына жататын ғылыми еңбектер, халықаралық құқық саласында іргелі зерттеулер және оның салаларының негізі құрастырады. Курстық зерттеу проблемасы аясында ғылыми-практикалық және ғылыми-теориялық конференция материалдары, мерзімді баспалар, сонымен қатар талдау сипатындағы мақала мен шолулар зерттеліп және талдап қорытылған болатын.

Тәжірибелік маңыздылығын осы зерттеу жұмыстағы материалдар халықаралық құқық, халықаралық қылмыстық құқық және халықаралық гуманитарлық құқық саласында курс аясын неғұрлым жан-жақты және толық ашу барысында қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ зерттеу жұмысындағы талдау жұмыстары негізіндегі ой-қорытындылары мен ұстанымдарды Қазақстан Республикасындағы құқыққорғау және заң шығару билік органдарына қолдану мүмкіншілігі едәуір екенінде тұрады. Нақтылап айқанда, Рим Статут ережелерін ратификациялап, еліміз ұлттық қылмыстық-құқықтық заңнаманы соңғыға сәйкестендіру мақсатында осы курстық зерттеу жұмысының пайдасы орасан зор.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Констатациялық тұрғыда мәлімдеуге тұрарлық жайт, яғни осы уақытқа дейін халықаралық құқық саласындағы отандық ғылымында Халықаралық құылмыстық сотты жалпы жүйеге келтіру тәртібінде және тереңдетіп зерттеудің аяқталған түрде ұсынылып толық суретін қалыптастырудағы зерттеулер қолға алынған жоқ.

Зерттеудің нормативтік базасы. Халықаралық қылмыстық сотты құру аясындағы БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өкілетті өкілдердің Дипломатиялық конференция материалдары1, соның ішінде ХҚС Статуты және Қорытынды Актісі2 және басқа да құжаттар; БҰҰ Халықаралық құқық комиссиясының құжаттары3 және ХҚС құру мәселесі бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарлары4, сонымен қатар ХҚС-қа арналған Даярлау комиссия құжаттары5 құрастырады.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, бір тараудан және оның екі бөлімдерінен, қорытынды және библиографиядан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі - 30 бет.

  1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТЫҢ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТ

МЕКЕМЕСІ РЕТІНДЕ

1. 1 Халықаралық қылмыстық соттың қалыптасуы және даму тарихы

Халықаралық қылмыстық соттың қалыптасу тарихы ХV ғасырдан тамырын түзейді. Халықаралық қылмыстық соттың дамуы және қалыптасу мазмұнын кешенді және неғұрлым толық ашу мақсатында шартты түрде төрт кезеңге бөліп қарастырдық.

Халықаралық қылмыстық сот қалыптасуы түбірлер болады . Үшін ұстау нәтижелі және толық жазып жіберу көбірек мақсатқа лайықтымен қалыптасу шартты ұсақтайды және төрт кезеңге халықаралық қылмыстық сот дамуының .

I кезең: ХV ғасырдың соңы - XVI ғасырдың басы;

ІІ кезең: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін - Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін;

ІІІ кезең: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін - қазіргі уақытқа дейін.

Бірінші тәжірибелік халықаралық қылмыстық-құқықтық институт құру әрекеттері 1474 ж. жүзеге асырылған болатын. Бірақ сол уақытта халықаралық юрисдикция туралы сөз болуы да мүмкін емес еді. Мұндағы сот процессс, Бургундии герцогі Германияда орналасқан Жоғарғы Рейндегі Брейзбах қамалына қолбасшы ретінде тағайындалған Петер Ван Хагенбакка қатысты белгіленген болатын6. П. В. Хагенбак герцог нұсқауларына сүйене жоғарыда аталған қамалда қатал тәртіб орнатып, террорлық және зорлық-зомбылықтық әрекеттер жүргізді. Қамалда әр санаттағы қылмыстар, заңсыз баж салығы және мүлік конфискациясы әдеттегі тәжірибеге айналды.

Австрия, Франция, Берн және Жоғарғы Рейн қалалары құрамынан құралған Одақ, герцог болуды қалаған қолбасшы П. В. Хагенбак қызметін тоқтатты. Сол себепті Брейзбах қамалы тұрғындары көтеріліске шығып, нәтижесінде П. В. Хагенбакты тұтқынға басып алған болатын, ал сотқа оны Австриялық эрцгерцог тапсыруға бұйрық берді. П. В. Хагенбак әдеттегі сотпен айыпталған жоқ. Одақ 27 судьядан тұратын арнайы жасалған ad hoc сотын жасақтап, сонымен соттаған болатын.

Одақтың тап осы әрекетін Берлин университетінің профессоры A. Гефтер сөзіне сүйене ара қатынасын белгілеуге болады, яғни оның айтуынша «жеке және мүлік қолсұғылмашылық қорғауындағы соғыс заңдарының және қылмыстық заңдардың бұзуындағы айыпты тұлғалар, өз елінің жалпымен танылған сотымен, немесе қарсы тараптың далалық сотымен сотталуы мүмкін»7.

Осы процесстің құндылығы әлемдік қауымдастықтың берік құндылықтарын қорғаушы туралы ережелеріне қарсы алғаш жасалған қадам болып табылады, яғни П. В. Хагенбакқа қатысты жеке әрекет негізіндегі құрамға халықаралық деңгейінде санкция қолдану тәжірибесі өте маңызды.

Тарихи үрдістегі ХҚС қалыптасуында 1815 ж. антифранцуздық одақ талқылауы барысында мың адам жүздерінің опат болуында және көп санды наполеондық соғыстардың уақытындағы басқа да қылмыстар үшін Напалеон Бонапартты айыпты деп танып, сотқа беру туралы ой көтеріліп, халықаралық-құқықтық алғы шарт ретінде достық мемлекеттердің мүддесіне зиян келтірген әрекетіне арналған қылмыстық жауаптылыққа тарту сұрағында сипатталады. Бірақ өтілген талқылаудың нәтижесінде ешқандай әрекет орын алмады.

Мүмкін осы жағдай, Н. A. Ушаков айтқандай: «егер жеке тұлғалардың әрекетінде халықаралық қылмыс белгілері болса, онда олар тек ішкімемлекеттік құқық нормалардың негізінде жауапкершілікке тартылуы тиісті»8, деген нысанда қарастырылған болар.

Жоғарыда көрсетілген І-кезең дәуірін талдай келе, сондай-ақ тарихта «аралас соттар» құрудың кейбір әрекеттері анықталды. Мысалы, Мысырда аралас соттары қызмет жасаған. Олар 1873 ж. Мысырда аралас процесстерге арналған сот ісін жүргізу жарғысы негізінде Каир және Константинополь екі комиссия жұмыстары нәтижелермен құрылған болатын. Сонымен қатар осындай аралас соттар Александрияда, Қайырда және Загазигеде құрылған. Әрбір сот жеті судья құрамынан түзелген: төртеуі шетелдіктердің және үшеуі жергілікті тұрғындардан. Шешімдері бес судьямен қаулы етілді.

Расында аталған жоғарыдағы мәселелерге қарамастан, халықаралық қылмыстық юрисдикциясын құру туралы нақтылы жобалар тек ХІХ ғасырға жатқызылады.

Нақтылы осы жобалардың бірден бір бастауын 1872 ж. франко-пруссиялық соғыс кезінде Қызыл Кресті Халықаралық Комитетінің негізін салушылардың бірі Густав Муаньенің жаппай ауыр қылмыстарды іске асыруышы жеке тұлғаларды соттау құқығына ие ұлт үстінен қарайтын ұйымды құру туралы ұраны болып табылады. 1872 ж. Г. Муанье 22 тамыз 1864 ж. Қылмыстарды алдын-алу және басым жаншу туралы Женева Конвенция ережесіне сәйкес Халықаралық сот инстанциясын құру туралы Конвенция жобасын дайындады. Г. Муанье аталған Конвенция жобасына қатысты Әскери жаралыларға көмек көрсету жөніндегі халықаралық комитетінде баяндама жасады. Г. Муанье ұсыныстары мемлекеттер тарапынан қолдау таппады. Себебі, ұлттық, айрықша монархиялық орын тепкен заманындағы мемлекеттердің тәуелсіз ел әрекеттерін қылмыстық-құқықтық тұрғыда қудалану мүмкіндігін елестеудің өзі қисынсыз.

Алдыңғы мына ой қатысты сол уақыттардың халықаралық құқықтың белгілі теоретиктерінің қатар жағынан қарсылықтар кездесті (Либер, Вестлек, Гольцендорф, Морена, Ролен-Жекмен) . Олардың ойларының ортақ қосылған тұсы, ең басты халықаралық-құқықтық актілердің заңгерлік қорғанышына арналған ерекше халықаралық органға мұқтаж болады, ал ойларының бір-біріне қайшылық болған тұсы, осы үшін халықаралық қылмыстық сот құру қажеттігінде шүбәлануында болды.

Г. Муанье жобасы бір де бір халықаралық конференциялардың талқылаулар барысына тіпті қойылмағандығына қарамастан, тарих парағында тұрақты халықаралық сот құру жолындағы жасалған алғашқы қадам болып қалды.

Халықаралық құқық әдебиеттерінде халықаралық сот ойы төңірегінде жан-жақты негіздеуге арналған бірінші және теңдессіз ғылыми туындыны 1881 ж. ресей құқықтанушысы Камаровский Л. A. қорғаған «Халықаралық сот туралы» атты докторлық диссертациясы болып саналады.

Камаровский Л. A. халықаралық сот туралы өз пікірлерін жалпыға бірдей және мәңгі әлем жобаларымен орайлас зерттеген. Оның пікірінше, бірақ осы ой сондай жобалардың іске асыруына қызмет ету керек болса да, ол олардан бөлінді және дербес оймен қалытасты. «Әлем өз-өзімен емес, бірақ заңгерлік ұйымшыл және қамсыздандырылған әлем - оның идеалы», - деп Камаровский Л. A., мәңгі әлем жобаларымен және халықаралық сот ойлары арақатынасы туралы жазды.

Абакова A. В. және Безнасюкова A. С. пікірлері бойынша, Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қабылданған конвенциялар, сонымен қатар басқа да халықаралық-құқықтық актілер «әскери әрекеттерді басқару ісінде туындайтын соғыс құқық нормаларын жеке тұлғалар бұзған жағдайда да, оларға нәтижесінде қылмыстық жауаптылық көрсетілген жоқ, соның салдарынан қатынастарды реттеу райы нәтижелілігінің маңызын төмендеткен. Нақтылы айыпты жеке тұлғалардың жауаптылығын ескеріп, әлем қызметі үшін ең жоғары дәрежеде қылмыстық заңды қою туралы әділетті пайымдауы ұзақ уақыттардың бойында тек қана ізгі ой ретінде қалды»9.

Жоғарыда аталған мәселелерді қорытындылай келе, келесі тұжырымдарды пайымдауға болады. Мемлекеттің бірінші лауазымды тұлғаларын, яғни герцог және импетатордың заңсыз әрекетіне қатысты халықаралық сот юстициясы құру арқылы халықаралық масштабта жауаптылыққа тарту тұрғысының орын алуы өте маңызды категориясы болатын. Егер, тап осы кезеңге басқаруда өзіне тән монархистік түрі және халықаралық қауымдастық құндылықтарын қорғау мақсаттарында бір одақтың астына бірнеше мемлекеттердің бірігуі жат болғанын, сондай-ақ Г. Муанье «Халықаралық сот инстанциясын құру туралы Конвенция» атты жобасының ролін ескерсек, сөзсіз осы кезеңге тұрақты халықаралық қылмыстық сот қалыптасуы тарихындағы жасалған алғашқы қадам іспетті болған деп мінездемі беруге болады.

ХҚС дамуында жаңа кезең қарқынды серпеліспен Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы ширағынан кейін 28 маусым 1919 ж. Германия мен 27 одақтық және қауымдастырылған ірі мемлекеттер арасындағы Версаль келісім-шартқа сәйкес бұрынғы германиялық император II-Вильгельм Гогенцоллернді әскери қылмыскер ретінде танып, ұлттық деңгейдегі жалпықылмыстар шеңберінен шығып әлемнің бейбітшілік және қауіпсіздік қылмыстардың іске асыру әрекеттеріне қарсы жауаптылыққа тарту туралы халықаралық келісімдердің жобалары дайындалды. Соғысты бастаушылары - Германия, Австрия, Түркия және Болгарияның жауаптылығы туралы сұрақтардың қарауына арналған Комиссия құрылды.

Бірақ келісім-шарттар да және өзге де жасалған мәмілелер, қылмыс құрамының констатациясында айқын қалыптастырулардың және жаза өлшемдерінің мазмұны көрсетілмеу себебіне байланысты ол үшін әділ сот жүзеге асыруы мақсатындағы жүктелетін сот органы құрылған жоқ, ал агрессияға жауаптылық принципінің өзі жалпы халықаралық құқыққа кірмеді, сондықтан нәтижесінде ІІ-Вильгельм және басқа соғыс сарбаз басшылары жазасыз қалды.

Комиссия пікірі бойынша, әскери қылмыскерлер әртүрлі мемлекеттердің азаматтығында болу себебіне байланысты, ал көптеген елдердің әскери қызметкерлеріне тиісті қылмыстық бұйрықтар тиісті өкіметтермен шығарылғандықтан, сот үкімдердің шығаруын арнайы халықаралық трибуналға тапсыруға беру жөн деп санайды10. Бірақ нәтижесінде ХҚС құру туралы ұсыныс жүзеге асырылған жоқ.

Лайықты халықаралық-құқықтық құжаттардың жоқ болуына байланысты құқықтық реттеу кемшіліктері, бір жағынан Версаль келісім-шарт нормасын жүзеге асыратын процесссуалдық тәртібтің ретінде, ал екінші жағынан-халықаралық нақты (әскери) қылмыстардың құрамдарын біріктіретін халықаралық құқық нормалары жұмыс істейтін халықаралық сотты сол уақытта құру мүмкіншілігін тығырыққа тіреп, тосқауылдық танытты.

Әйткенмен, осыған байланысты Кравченко Н. Н сөздерінің сырлы астарында келесі мән-жайды байқауға болады, яғни ол «кесімді түрде Версаль келісім-шартты халықаралық құқық, заңдардың бұзуына тиым салады және соғыс әдеттері мен нақтылы жеке тұлғаларға халықаралық қылмыстық жауаптылық жүктеуін мақұлдады»11.

Версаль келісім-шарттына ұқсас нормалар, 10 қыркүйек 1919 ж. Австрия Республикасы мен 17 одақтық ірі мемлекеттер арасындағы Сен-Жермен бейбітшіл келісім-шарты (173-176 б. ) 12, 4 маусым1920 ж. Венгрия мен 17 одақтық және қауымдастырылған ірі мемлекеттер арасындағы Трианон бейбітшіл келісім-шарты (157-160 б. ) 13, Болгария және 16 одақтық ірі мемлекеттер арасындағы Нейль бейбітшіл келісім-шартында (118-120 б. ) 14 бекітіліп және соңында қосылған.

Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін тұрақты халықаралық қылмыстық юстиция құру туралы ой 9 қазан 1934 ж. Марсель қаласында Югославия корольі Александра және Францияның Сыртқы істер министрі Луи Бартуды өлтіруден кейін барлық жоғарыда аталған оқиғаларда жіберілген қателіктер кейбір жеке тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға бағытталған халықаралық сот туралы конвенцияны жасау кезінде есепке алынған болатын.

Нақты аталған конвенция ХҚС халықаралық-құықытық негізін қалыптастырған және қызметінің юрисдикциясына шек қойылғанмен, бірақ онда оның қызметінің процесссуалдық тәртібін реттейтін нормалар орын алған жоқ. Яғни осы сотпен әділдікті жүзеге асыру үшін халықаралық-құқықтық негіздер қалыптастырылған жоқ.

Осы конвенциялар заңды күшіне енбеді, бірақ аталған конвенциялардың тәжірибесі халықаралық әскери трибунал құқықтық қызмет негіздерінің құруы кезінде Алыс Шығысқа арналған халықаралық әскери трибуналдың және европалық елдер осьінің әділ және жылдам соттың артынан және негізгі бас әскери қылмыскерлерді жазалау барысында жоғарыда аталған конвенцияларды дайындау және заңгерлік новациялары есепке алынған болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ның сот жүйесі
Сот билігі жайлы
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық негіздері
Сот билігінің ұғымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Сот билігі
Қазақстан Республикасы конституциясындағы сот билігі және сотпен қорғану құқығы
Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының сот билігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz