Журналист тұлғасы-әлемнің сызбасы


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Журналист тұлғасы-әлемнің сызбасы.

1. 1 Журналист-нағыз психолог.

1. 2 Журналистік байқағыштык.

2. Журналистің шыгармашылық шеберлігі.

2. 1 Журналист-жазушы

2. 2 Журналист бойындағы қасиеттер

2. 3 Журналистік борыш

3. Журналист қазіргі заман тарихшысы

4. Пайдаланған әдебиеттер

Журналист-қазіргі заман трихшысы.

Кең ойланған, кем болмас.

Кіріспе

Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатыны сиақты, журналистік мамандықта өз саласы бойынша пайда болған. Ал қандай мамандық болса да өз өзгешелігімен көрінетіні белгілі. Яғни, журналист өзгеге ұсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді және өмірге деген көз қарасын өзгерте алады. Әрбір мамандық сияқты, журналистің де өзіне қатысты білім, іс-тәжирбесі болмақ. Кезінде ұлы ғалым М. Ламаносов журналист туралы өзекті ойларын айтқан. Оның еңбегі «Журналистік дәреже туралы диссертация» деп аталған. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де қоғамдық ақпараттық саланың қызыметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио мен телевидениенің жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды.

Журналист тұлғасы-әлемнің сызбасы. Яғни бұл дегеніміз мықты журналист қоршаған ортаны өзгерте алатын тұлға. Өйткені өзінің жазған дүниесі, туындысы арқылы ол жан-жағына әсер қалдырып, түрлі ойлар тудыра алады. Сондықтан журналист әрдайым шыққан сөзіне, жазган дүнйесине абай болғаны абзал.

Журналист әрқашанда өзге маман иелерінен дараланып тұрады. Өйткені ол өз бойына бүкіл қасиетті сіңіреді. Өнер саласын да, спорт саласын да, медицина саласын да, заң саласын да, яғни жан-жақты қамтиды. Журналист нағыз шебер тұлға. Оның боиында жазушылық та, ақындықта танылады. Сондай-ақ журналист ол нағыз психолог болуы керек. Қоғамның, қызметтестерінің, адамдардың жан дүниесін түсініп, оларға қажетті ақпаратты тарата білуі қажет. Ол дүниеге материалистік көзқарастан туады. Журналист өзінің күнделікті қызметінде сұқбатты көп паидаланады. Мұнда ол сұрақ қою үшін психолог жане зерттеуші болады. Әр саланың адамына сұрақ қоя отырып, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, өң-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнулы жоспар бойынша жүргізеді. Журналист адамдардың жандүниесін танып-білуде, әр адамның сана сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білуде ерекше маңыз алады. Кез келген адам байқай бермейтін жайттарды, құбылыстарды қасиеттерді байкағыштығымен өзге маман иелерінен дараланады. Осыған Ыбырай Алтынсариннің шыгармасынан мысал келтірсем:

Бір кісі үйінің қасындағы ағашқа іліп қойған етін ұрлатып, ол туралы кездескен кісілерден сұрайды:

  • Аласа бойлы, қолында мылтығы бар, соңында тараққұйрық, кішкентай иті бар, бір қарт адамды көрдіңіз бе деп . . . Бұл кісіні әркім көрген екен, сілтеумен барып ұрыны ұстапты. Сонда одан: «Ұрының түсі - түрін қайдан білдіңіз?» - деп сұрағанда ол айтыпты дейді: - « . . . Ұрының аласа бойлы екенін білгенім, менің қолыммен ілген етімді, ол ағаштан аяғының астына тас қойыпсоның үстіне шығып алыпты. Қарт екенін білгенім, жүргендегі ізінен байқадым, адымының арасы тым жақын екен. Мылтығының қысқа екенін: етімді ұрларда мылтығын ағашқа сүйеп қойған екен, сонда мылтықтың ауызы ағаштың кішкене қабығын жарып кетіпті, жер мен сол жырылған қабықтың арасынан шамаладым. Ұрының қасында иті бар екенін және ол иттің өзі кішкентай, құйрығы тарақ құйрық екенін білгенім, етімді ұрлап жатқанда, ит анандай құмайтырақ жерде отырған екен, соның құмға түсіп қалған ізінен және былқылдаған құйрығынан байқадым». Журналисте дәл осылай айналадағысын байқап, бағалап, сараптайды. Күнделікті тіршілікке басқаша сыный көзқараспен қарайды.
  • Журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) -еңбек қатыфнасэтары немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралдары үшін хабарлар мен материалдар жинау, өңдеу және әзірлеу жөніндегі қызыметті іске асыратын жеке тұлға.
  • «Күшіне сенген адамғана мақсатына жете алады», - деп Л. Фейербах айтқандай журналист ең алдымен өз күшіне, қаламының үшъқырлылығына, ойының тереңдігіне, біліміне сенеді.
  • Сол арқылы қоғамда зор ілтипатқа ие болады, маңызды орынды алады. Журналистің тағы бір керемет қасиеттерінің бірі ол-қабілеттілік, дарындылық, зейінділік. Қабілет-іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабәлеттердің дамып, қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады.
  • Мәселен оның алғашқы деңгейін (жұрттың бәріне ортақ оқи, жаза, есептей алу) репродуктивтік (жалпы қабілет), екінші деңгейін шығармашылық (арнаулы) қабілет дейді. Міне, дәл осы екінші шығармашылық қабілеткөпшілік журналистердің бойынан табылады. Себебі бұл адамъның өз бейімділігі арқылы, творчестволықпен іс істеу арқылы қалыптасатын нәрсе. Ал бны әрдайым жетілдіріп отыру қажет, сонда ғана нәтиже шығады. Бұл сөзге В. Обручевтің - қабілеттілік те бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі»- деген сөзі дәлел бола алады.
  • Журналистің жазған мақаласы, жасаған бейне материалдары неғұрлым сапалы, дәлелді болса, соғұрлым көрерменнің жүрегңне қонымды болмақ. «Творчество- өте зор, тұрақты және қатты жігермен істелетін еңбек»- деп Б. М Теплов айтқандай, расында творчество ақыл - ойға, ілім-білімге терең бойлағанда ғана пайда болатын құбылыс. Сонымен бірге сонаужурналистік мамандықтың тағы бір қасиеті-ол табиғи қабілетдарынға ияғни талантқа байланысты екендігі.
  • Журналистерде жазушылар секілді творчествомен айналысатын болғандықтан, көбнесе ұқсас процестер бастарынан өтіп жатады. Творчество- шығарма жасау, шығарма туғызу, шығармашылыққа байланысты ұғым болса, «творчестволық лаборатория» ұғымыХІХғасырда орыс әдебиеттануында ғылыми айналымға енген термин ретінде қабылданады. Міне, осыдан бері, осы атау өмірде үзбей қолданылып келеді. Материалды жазу процесінде журналистен көп нәрсе талап етіледі. Яғни журналистің жазу өнерңне деген қабілеті қандай екені де осы тұстарда байқалады. Зерттеуші В. М. Горохов «Закономерности публицистического творчества» деген еңбегінде журналист туралы: « . . . ол неғұрлым сенімді түрде әдеби- публицистикалық еңбекті игерген сайын, соғұрлым оның алдынан объект толық ашыла түседі», - дейді. Бұл пікірді бізде қолдаймыз. Шындығында, автордың автордың потенциалы кең болған сайын, оның мүмкіндік қарымы да ұлғая түседі. Түрлі әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы журналист тәжірибе жинақтап, шеберлікке ұмтылуы тиіс. Ал шеберлікте шек болмайды және шабыттыңда орны ерекше.

Шабыт-творчество адамның күш қуатын арттырып, дсенімін күшейтіп, қанаттандыратын, жоғары пафосқа жетелеп, рух беретін ғажайып құбылыс!Шабыт кезінде адамның зейіні творчестволық іске тұрақтанып, басқа істерден аулақтанады.

М. А. Шолоховтың жерлестерінің бірі және бірге балық ауласатын жолдасы мынандай бір уақиғаны айтады: «Шолохов қармағын салды да, аузына трубкасын тістеп, Донның жағасына отыра кетті. Ол осылай қозғалмай, бір нүктеден көзін айырмай бір сағаттан артығырақ уақыт отырды. Жолдасы тіл қатсада, одан жауап ала алмады. Оның тұлғасының сіресіп, қоз\ғалыссыз, кө7зін суға қадап, төңі ректе не болып жатқаны елемеуі жолдасын үрейлендірді. Ол енді Шолоховтың әрбір әрекетін аңдымақшы болды. Бір мезгілде Шолохов ұйқыдан оянғандай, балық аулайтын саймандарын жинап, үйіне қарай жүгіре жөнелді. Ол сол күні бойы түнімен столынан кетпей, ұдайы жазумен болды. »Зейіннің осындай ерекше түйілуінің нәтижесінде сана барынша өткірленіп, мейілінше айқындалады. Шабыт бар жерде журналист қиялыда өрістей түседі. Журналист қиялы өмір шындығына негізделсе құба-құп! Өмірдің, мәселенің мән-маңызын ашуы - журналистің басты парызы. Әрә бұл оның кәсіби маманы ғана емес, адамгершілік қасиетінде ашатын жайт. Журналист ең алдымен азамат бола білуі керек. Публицистика - өмірдің сырлы суреті. Публицистика - арқауы шындық. Журналист өмір фактілері мен құбылыстарының бәрін бірдей, қалай болса солай жинақтай бермейді, ол мәселеге партиялық, қоғамдық мақсат тұрғысынан қарай отырып, осыған аса қажетті мысалдарын идеалына сай келетіндерін іріктеп алып, шығармасына арқау етеді. Журналист өзінің баспасөз бетінде жүргізген үгіт- насихат және ұйымдастырушылық жұмыстары арқылы қоғамдық санаға белгілі бір үлес қосады, өзінің шығармасы арқылы белгілі бір мәселеге бұқара назарын аударып, сол мәселезнің төңірегінде пікір туғызады. Ол өз шығармасы арқылы қоғамдық жаңа пікірді ұсынады, белгісіз бір жайды анықтап береді, түсінікщсіз нәрсені түсіндіреді. Журналист ғылыми сациологиялық әдіс арқылы нақтылы әлеуметтік жағдайларды зерттейді. жеке адамдар мен олардың өзара қарым - қатынастарына, көңіл- күйлерійне назар аударады. Фактілер мен құбылыстар арқылы өмір шындығын көрсетеді, осылардың көмегімен адам сезімін оятады. Сонымен қатар публицистік шығарма адамды жігерлендіреді, күш - қайрат беретін әлеуметтік сезімге бөлеуге тиіс. Журналист белгілі бір фактіні ха

Барлап немесе оны байыптап, қорытып жариялау арқылы өз оқушыларына жаңа әрі жақсы істерге бағыт бағдар беруі мүмкін. Журналист қоғам өмірінің оқиғалары мен құбылыстарына ілесумен қатар, оларды сезе де, болжайда білуге қоғам өмірінің оқиғалары мен құбылыстарын қортындылай білуге, белгілі бір пікірге келуге, бүгінгі күн тарихының сабақтарынан ертеңгі күнге, келешекке басқа бір жағдайда үлгі ала білуді, үлгі ете білуді үйреткен болатын В. И. Ленин Демек, журналист өмір сүріп отырған дәуіріміздің шежіресін жазу үстінде, бұқара халықтың алып істерін аңдап біліп, көрегендікхпен сезінеді.

Журналистін ерекъшелігі жеке шығармалардың ерекшелігіне байланысты. Сол шығармаға факты мазмұн болады, ажар береді, оның жүйесін құрап желісі болып таратылады. Журналист «факт» деген сөздің мағнасына жан - жақты қарайды. Біздер факт деген ұғымды алғанда, оны «өмір шындығында болған оқиға, құбылыс» деп түсінеэміз. Сөйтіп, біз «факт» деген сөзді қолданғанда шындық оқиғаны, құбылысты, іс жүзінде болатын нақтылы мәліметті аламыз. Осының өзі журналистің алдына негізгі мынандай талаптарды қояды:факті- шындық және нақтылы болуы тиіс. Бірақ жинақталған фактілердің барлығы шығармада қолданылмайды. Журналист кездейсоқ, елеусіз фактілерді емес, олардың маңыздыларын және ерекше елеулілерін ғана жазғалы отырған тақырыбына лайықтап пайдаланады. Фактілер оқырманға көбірек әсер ету үшін журналит оларды анықтап, маңызын жан-жақты әсерлей түседі. Қоғамдық өмірдің барлаушысы ретінде журналистке білімдарлық қасиетте тән болғаны абзал. Ол жаратылыс пен қоғам даму заңдылықтарын жан- жақты меңгерген болса, нұр үстіне нұр. Публицистика - ауқымы кең дүние. Оқырман қауым журналистен татым-тұшымы мол, құнды шығармалар күтеді. Бұл талаптар мол білімдарлықтан туса керек. Білімдарлықтың өзі зейінділікке байланысты. Ал зейін - психикалық әрекеттің айналадағы заттар мен құбылыстарға бағытталып, түйдектелуі. Ол абъектілерді анығырақ, ашығырақ тану үшін, жан қуаттарының оларға бет алып, жинақталуы қажет. Егер зейін болмаса организмнің сыртқы ортамен байланысқа түсуі дәрменсіз, ой, дене, еңбегінің жөнді, нәтижесі болмас еді. Егер адам бәріне көңіл қоя істеуге әдеттенсе, зейін оның тұрақты еркшелігінеи айналып, зейнділікке ұласады. Журналист шығаэрамасында әлеуметтік құбылыстар мен сан алуан фактілерді, деректерді пайдалануының өзі ерекше ұқыптылық пен зейінділікті қажет етеді. Жиыналған көл- көсір фактілердің шындыығна, дәлдгіне, оқырманды сендіру, шеберліке жетіле беру журналистің абройын арттырады, сонда халық оның шығарамсын сүйіп оқиды, оның есімін құрметтейді. Журналистік шеберлікте шығарманың сюжетін құруда шешуші рөл атқарады. Шығарамның желісі журрналистің көздеген мақсатына қарай құрылады және сол мақсатын айқындай түсуге жол ашады. еттен кейін журналист шығармасындағы тартыс жайлы айтсамЖурналист материалындағы тартысқа қазіргі кездің әлеуметтік- экономикалық немесе рухани тартыстарының тікелей көрінісі ретінде қарайды.

Өмір қайшылықтарының жан жақтылығы журналистік творчествода сан алуан тартыстар туғызып, сюжет құру үшін түрлі әдістер қолжануға мүмкіндік берді. Журналист творчествосындағы тартыс үгіт пен насихаттың алдында тұрған міндететрден туады. Журналистік шеберлік шығарманың лайықты құбылстарын да талап етеді. Шығарма құрылсы ішкі заңдылқтарын: ішкі құрылымдарының сайма -сай келуі, екінші қатардағы мәселелердің басты мәселеге бағыныңқы келуі, нақты фактілерінің баяндалуымен қорытындының жарасымды болуы, сөйтіп, шығарма құрыылсының тартымды келуі болып табылады. Журналистің шеберлігі оның жарияланған материалынан байқалады. Бұл жолда әр журналистің өзіндік ерекшелігі болады. Осы тұста журналистік шеберлік бір ізділкке, егіздей ұқсастықа, шаблондыққат итермелеу емес керісінше әрбір журрналистің « . . . ынта -жігеріне, жеке бастың әуестенушілгіне үлкен кеңшілік болуы, пікір мен шарықтаған ойға форм мен мазмұнға кеңшіілк болуын сөзсіз қамтамасыз етуі қажет» деген сөз.

Журналистің өмірді тануы, оны көріп- біілп, барлық әсермен қабылдауы өте керек қасиететрдің бір. Адамдармен қарым-қатнас жасай жүріп, өмірдің таңғажайып сырларыан қанығу, оған құмарлана қарау арқылы өзіңнің ойыңды, іші сезіміңді дамытудың маңызы өте зор. Бұл журналисті байқағыштыққа тәрбиелейді, ойдан ой туғызуға көмектеесді, рухани әлеміңді байытады. Журналистің ойы- тәжірибелік істің өзі емес, бірақ соның қозғаушы факторы болып табылады. Материалды жазу барысында журналистен көп нәрсе талап етіледі. Яғни, журналистің жазу өнеріне деген қаблеті қандай екені де осы тұста байқалады. Әркімнің қабілет деңгейі әрқалай, бәрі бірдей емес. Табиғат берген дарын біреуде жоғары біреуде орташа болуы да мүмкін. Дарынды бірер іске шеберлік дегенмен шатастырмау керек. Дарындылық қабілеттердің табиғи жиынтығы, ал шеберлік білімнің, істей білудің, дағдылардың шумағы - жиыны яғни өмір бойы мыйда пайда болатын уақытша байланыстардың күрделі жүйесінің оқу арқылы шыққан нәтижесі. Ал қабілеттңғ өзі білім, істей алу дағды деп санауға болмайды.

Дарын, қабілет және шебрліктің арасындағы айырманы көретуде, біз бір жағынан бұл үшеүінің арасындағы тығыз байланысты айта кетуіміз жөн.

Шеберлікті тез және жеңіл игеріп кету бұл дарынға байланысты, шебрлікті игеріп алу арқылы адам, яки журналист өзінің қабілеттілігін ілгері дамыта береді, өйткені білімі және істі білуі жеткіліксіз болса, ондайда қабілеттің өріс алып кетуіне осылар зор бөгет болады.

Қызыметті жақсы орындау үшін қабілеттің бір ғана түріне сүйенуге болмайды. Адамның бақылағыштығы қанша күшті болғанда да яки эмоциялық қиялына қарап қана ондай адамды жақсы журналист болады деп ұйғаруға болмайды. Музыкаға құлағы өте өткір адам музыкант болады деп айта алмайсыз, сол секілді тек техникалық қиялдаумен ғана адам конструктор- инженер бола бермейді. Бірақ бұл нағыз мәселе шешетін нәрсе десек, біржақты пікірге ұрынамыз. Өйткені, дамытпаған дарынды

өшіруге болады, орташа дарынды өсіруге болады.

Әрине, жас журналистерге бұл орай да тынбай іздену, еңбектену міндеттері қойылатыны белгілі. Өйткені шын еңбектену арқылы ғана шынайы жетістікке жетуге болады. Адам неғұрлым талантыт, дарынды болған сайын, ол өзінің еңбегін, творчестволық тапқырлығын үстей берді, сөйтіп оның еңбегі жігерлі еңбек болады . . . талант -« бұл жұмыс процесінің өзін», еңбекті сүюшілік. Еңбекке бейімділік және қабілет әрбір таланттылықтың ең басты құрамасы болады. Әр журналист өзінің саналы түрде құру үшін, өзінің қаблетін дұрыс бағалай білу керек. Бірақ қабілетім соншалықты күшті деп, болмаса қандай дарынды екенмін деп, өзін-өзі көтер беруге болмайды, нендей қызметке ыңғайым бар, нендей қабілеттер менде басым деп ойлану керек. Озат, дарынды журналистің қасиетін нақты ісі көрсетеді.

Нағыз журналист қандай істі болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайратткер бола алса, тіпті жақсы. Ол, уақыт, заман ағымын дұрыс түсінуі қажет. Әсіресе, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білген жөн.

Журналистің тағы бір қасиеті -оның саяси - әлеуметтік қызыметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Сондай - ақ журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрені аңғартады. Әсңресе, журналистің мәселені терң білушілігі аса қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист әр түрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан - жақты хабардарлық, білімдіілк болмасма кей нәрсенің анық қанығына жету, ақ- қарасын ашу оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп- салдарына қарау керек. Ол үшін сол саладағы арнайы маманадармен кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді қарған жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақаал жазу керек. Бұл орайда жақсы дайындық, жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқап білу қажет. Сөйтіп ашық түрде өз көзқарасында білдірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан білімін теориялық тұрғыдан толықтырып, тәжірибелік тұрғыдан ізденіп, еңбек ете білгені дұрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болу керек. Журналистік мамандықты таңдаған соң сол салада аянбай еңбек ету керек. Ол приципті түрде, қайсарлықпен бұқаралыұ аұпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын, бар күш -қайратын салып орында йтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезі мен қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен енециатива тнытқыштығы мен тез арда шешімдер жасай білуі мен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге

жетуге тырысу керек.

Бұған қоса журналист кең пейілді, жаны жомарт, жақсылыққа құштар, мейірімді, жақсы дос, қиналғанда қол ұшын беретін жан болуыда үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы керек, өзін-өзі ұстауы мен ісәрекеті аркылы өзгелерге үлгі-өнеге бола білгені ғанибет . Журналист жұртпен тіл табысқыш болса тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс жасай алдатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек. Осыған А. Темірбектің мынандай сөзі дәлел: «Рухани байлығы мол . . . жоғары идеяларға берілген адамдар қиын жағдайлардың өзінде де қайратын жоймай, тіпті шат көңілмен өмір сүріп, жұмыс істей береді».

Оған қоса журналистке сақтағышта қаблет өте керек. Тез ойлап, тез жазуда жақсы нышан. Журналистің жұмыс істеу тәсілі, өз ерекшелігі болуы заңды. Әркімнің, сондай-ақ өзі қалайтын тақырыбыда болуы мүмкін. Журналистің стиль қалыптасуы да үлкен жетістік. Ал жалпы кәсіби және шығармашылық қасиетпен еркшелік бір-бірімен ұштасқанда нағыз журналист қалыптаспақ. Журналист өз қызыметінде тек қана шындық жазып, барлық мәселені объективті түрде қарау керек. Нағыз журналист өмірде осылай еңбек етуге, өмір сүруге тиіс. Бұл журналистың алдында тұратын үлкен борыштың бірі. Журналистиканың маңызы жариялылық болса, халықты тек қана объекивті түрде, жан-жақты дәл де анық ақпараттық хабарлармен, материалдармен қамтамасыз ету керек. Сондықтан, еңалдымен өмірдегі жайларды да керекті фактілерге сүйене отырып, жазу керек. Бұл шындыққа бастайтын негізгі жолдың бірі. Еш нәрсені тексеріп алмай тұрып жазуға болмайды. Оқиғаны бұрмаламай, сол болған күйінше құрғақ сөзге салынбай жазу керек. Әр нәрсені дұрыс түсініп, талдау қажет. Яғни, әрқашан ақиқаттан айнымау журналистің басты парызы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Телевизиялық бағдарламалардың ерекшелігі
Журналист тұлғасын қалыптастыру факторлары
Бұқаралық ақпарат құралдарының аудиториясына салалық анализ жүргізу
ТҮРКИЯ ДАУЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РАДИОСЫНЫҢ ҚАЗАҚША ХАБАРЛАРЫ
Телеақпараттың құрылымдық ерекшелігі және жаңашылдық сипаты
Руханият – адам жанының азығы
Кустық жұмыстың өзектілігі
Экрандағы бейне мен сөздің үйлесімі, телеарналар ерекшелігі
Мамандықты таңдаудағы мотив
Тікелей эфирдегі кәсіби шеберлік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz