Сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны :

Кіріспе

I. Коррупциялық қылмыстардың жалпы сипаттамасы

1. 1. Корупция ұғымы

1. 2. Коррупциялық қылмыстардың түрлері (топтау)

1. 3. корупциялық қылмыстардың құрамы

II. Сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары

1. 1. Сыбайлас жемқорлықпен күресу принциптері

1. 2. Сыбайлас жемқорлықтың қаржы бақылау шаралары

1. 3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Коррупциалық қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы».

Қазіргі заман кезеңінде адамзаттың дамуына жоғары деңгейде назар аударылғандықтан, көптеген мәселелер туындалды. Сондықтан оларды шешуге тиімді талаптар қойылды.

ҚР-ның Президенті Қазақстан халқына «Қазақстан- 2030» Жолдауындағы жеті негізгі принциптерінің бірі- сыбайлас жемқорлықпен күрес болғандықтан, жемқорлыққа қарсы әрекеттер жасау мәселелері ең бастыларының біреуі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық, яғни коррупция күрделі, көп қырлы құбылыс және оның тарихи адамзаттың өркениетті ежелгі заманның тарихынан кем қалмайды. Оның пайда болуы бірнеше таптағы қоғамымен мемлекеттердің қалыптасу уақытына жатады. Сыбайлас жемқорлық күрделі әлеуметтік- саяси құбылыс болғандықтан, ол ежелгі заманда пайда болса да, осы күнге дейін өзгерілген нысан көріністері бар.

Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы мүмкіндігі- қоғам мен шаруашылықтың оқшауланған функциясын басқару. Өйткені, бұл жағдайда лауазымды адамдардың өзінің жеке пайда күнемдік ниетіне байланысты белгілі бір шешім қабылдау мүмкіндіктері пайда болды.

Сыбайлас жемқорлықты түсіндіретін әр түрлі әдіснамалық тәсілдеме феномдері бар. Ол, сыбайлас жемқорлықты әр түрлі әлеуметтік, саяси криминалогиялық, құқықтық бағытта қарайды. Оның тарихи анықтамасы біріншіден құқықтық анықтамаға жатады.

Халықаралық құқықтық деректер бойынша сыбайлас жемқорлықтың түсінігі және оның құқық бұзушылық субъектілердің түсінігі кең түрде берілген. Ғалымдар мен тәжірибе қызметкерлерінің пікірінше инвестициялау, бюджеттік қаражатты пайдалану мемлекеттік емес зейнетақы қорлар, жекешелендіру, мемлекеттік материалдық ресурстары мұнай- газ өңдеу объектілері, астық кешені, кредиттік- қаржылық және банк сияқты салалары сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтармен зақымданған.

Құқықтық тәжірибенің талдауы пара берудің қылмыстық жауапкершілігін күшейту керек екендігін көрсетеді.

Біздің ойымызша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 312- баптың 1- 2 бөлімдеріндегі санкциясы қоғамның қауіпсіздігіне жеткіліксіз қарайды.

Қазіргі уақытта тәжірибеде қолданылып жүрген кейбір жаза түрлері пара берушілердің жауапкершілігін толық қамтамассыз етпейді. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 312- бабының 1- 2 бөлімдерінің санкцияларындағы негізгі шара түрлерін қысқарту жолымен күшейту керек деп санаймыз.

Біздің пікірімізше бұл баптың санкцияларында қосымша жазалар кірістіру қажет. Мысалы, белгілі лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; ал осы баптың екінші бөлімінде көрсетілген қосымша жазадан басқа мүлкін тәркілеу жазасын қолдану.

Қазір сыбайлас жемқорлықпен күресудің халықаралық құқықтық базасы дамуда. Біздің мемлекетімізде де сыбайлас жемқорлықпен күресуде құқықтық негіз құрылған және ол қазіргі уақытта жетілдірілуде.

Заң азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасын сыбайлас жемқорлық көріністері қатерінен қамтамассыз етуге мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың басқа да мемлекеттік функцияларды орындайтын және оларға теңестірілген адамдардың жұмысын сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтан ескерту, анықтау, жолын кесу және ашу жолдарымен қамтамассыз ету, олардың салдарын жоюға және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуға коррупциямен күресудің негізгі принцептерін анықтау, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың түрлердің олардың жауапкершілік шарттарының түрлерін белгілеуге бағытталған.

Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де осы тақырыптың маңыздылығына байланысты болды.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігімен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.

Осы курстық жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатымыз: осы коррупциалық қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипатының маңыздылығын ашып көрсету және де оның қоғамдағы орны мен ерекшелігі туралы толық мәлімет беру.

Осы мақсатты жүзеге асыруда қойған негізгі міндетіміз: ол коррупциалық қылмыстардың ұғымы, оның түрлері және сыбайлас жемқорлықпен күресу принциптері.

Курстық жұмыстық құрылымдық мазмұны екі тараудан тұрған, яғни кіріспеден, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен құралды.

  1. Коррупциялық қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Қылмыстық кодекстің 13- тарауы Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмысқа арналған. 1959 жылғы қылмыстық кодексте мұндай тарау жоқ еді, керісінше Лауазымды қылмыстар деген тарау бар болатын. Қоғамымызда орын алған күрделі әлеуметтік- экономикалық, саяси өзгерістердің нәтижесінде лауазымды адмдардың қылмыстары мемлекеттік органның аппараты жүйесінде немесе коммерциялық және де өзге ұйымдар жүйесінде істелетіні айқындалды. Осған орай бұрынғы Кодекстегі лауазымдық қылмыстар деген тарау лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдалана отырып істейтін қоғамға қауіпті іс- әрекеттің мәніне қарай коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар болып жеке екі тарауға бөлінеді. Мұндай бөлінудің негізгі қылмыстық объектісі субъектісі болып табылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдардың қылмыстық іс- әрекеті сол ұйымдардың бір қалыпты жұмысына кедергі келтіреді және олардың мемлекеттік аппарат қызметіне еш қатысы болмайды.

Осы екі органның- мемлекеттік немесе коммерциялық және өзге де ұйымдардың лауазымды адамдардың атқаратын функцияларында елеулі өзгерістер бар. Сондықтан да осы тұрғыдағы қылмыстар үшін жауаптылық Кодекстің арнаулы 8- тарауында көзделген. Жалпыға мәлім бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамассыз етуге қабілетті. Осыған орай мемлекеттік аппараттың қызметін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткені мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажетті белгісі болып, ондағы жүріп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Жаңа Қылмыстық Кодексте қызмет борышын адл атқаратындардың мүдделерін қорғайтын көптеген баптар баршылық, сонымен бірге өз қызметтеріне қиянат жасайтындарға заң алдындағы қатаң жауаптылық та көзделген.

Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың бір тарауға біріктіруге негіз болған мына төмендегідей ортақ белгілері бар:

  1. Бұл тұрғыдағы қылмыстар негізінен арнулы субъект- мемлекеттік қызметші немесе мемлекеттік органның лауазымды адмдары арқылы жасалады.
  2. Бұл тараудағы қылмыстар қызмет өкілдігін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
  3. Лауазымды адамдардың қылмысты іс- әрекеттері мемлекеттік аппараттың дұрыс, заңды кызметін қызмет мүддесіне қайшы түрде бұзады.

Мемлекеттік қызмет иүддесіне қарсы қылмыстардың топтық объектісі- мемлекеттік аппаратың дұрыс, бірқалыпты қызмет; қосымша тікелей объектісіне- азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамның, мемлекеттің заңды мүдделері жатады. Кейбір қылмыс құрамдарының міндетті белгісі- қылмыс заты болады: материалдық сиақы, ресми құжат.

Объективтік жағынан- мемлекеттік мүддесіне қарсы қылмыстар матерйалдық құрам және формальдық құрам болып бөлінеді.

Субъективтік жағынан бұл қылмыстар негізінен қасақана кінә нысанымен жасалады, тек қана салақтық абайсыздық түріндегі кінә нысаны арқылы жүзеге асырылады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, қызметтік жалғандық жасау құрамдарының субъективтік жағының қажетті белгісі ретінде заңда пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесі көзделген.

Осы тараудағы қылмыстардың субъектісі- мемлекеттік қызметші немесе мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдары болады. Олардың түсінігіне Қылмыстық Кодекстің 307- бабына талдау жасағанда толық тоқталамыз.

1. 1Коррупция ұғымы.

Коррупция дегеніміз не?

Бүгінгі таңда қайсы елде болмасын қылмыс өршіп тұр. Біздің елімізде де қылмыстың алуан түрі туындап, асқынып бара жатқаны байқалады. Қылмысқа қарай қандай пәрменді күрес жүргізілсе де мұндай сұмдық ылаң бой берер емес. Қылмыс түрлерінің ішіндегісінің аса күрделісі, бой бермей өршіп отырғаны коррупция екенін дәлелдеушілер жиі ұшырысуда. Корркпцияны еліміздің Президенті Н. Назарбаевтың мемлекетке қауіп төндіретін аса қатерлі қылмыс деп атап көрсету бекер болмаса керек. Саясаткерлер мен қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлер түрліше жауап айтады.

Соңы кездері коррупция деген сөзді қазақша сыбайлас жемқорлық, ұйымдасқан қылмыс дегендей сөздермен аударып жүреміз. Мұның өзі коррупцияның нақты мәнін жан- жақты ұғындыра алмаса керек. өйткені коррупция дегеніміз- мемлекеттік қызметкерлердің, мемлекеттік істердегі лауазымды адамдардың қылмысы мен жемқорлығы, парақорлығы емес пе.

Өкінішке орай, бұл күндері қоғамдық санада ғана емес, сарапшылар ортасында да коррупцияға қарсы күрес проблемасы оның ерекшелігін, ықпалын, қоғам өмірінде туындап, өршитін орын жете түсінбей, айғаймен ұғындырылып жүр.

Коорупцияға қарсы күреспен қолданылған шаралардың тиімсіз болатынының бір себебі сол. Коррупция дагенде бір лауазымды адамдардың өзінің жәңе өз тобының мүддесі үшін ұйымдасып қылмыс жасауын, сөйтіп ел мүддесін аяқ асты ететінін тура ашып айта беруіміз керек. Дүние жүзіндегі барлық мемлекеттерде коррупияны осылай бағамдап, оған қарсы күрес тәсілін іздестіреді. Мұндағы басты мәселе мұндай құбылысты қоғам өзінің бағалауында қаншалықты дәрежеде ұстап, оның шектен шығып кетпеуінде. Коррупцияның мәнін терең түсіну үшін мынадай жәйтті көңілге мықтап түйген жөн: елдегі белгілі бір топтардың өзгелерге қарағанда еркіндік пен құқықты иелену басым болуы заңдылыққа айналды. Соның барысында мемлекет құрылысындағы адамдар елге, жалпы мемлекетке үстемдік ет отырып, өз мүдделерін жақсартады. Басқару аппаратында жеке бас мүддесін көздеу бел алады. Сөйтіп, ұйымдасқан қылмыстың мемлекет билігінде ғана емес, жалпы елдің өмірінде бесінші билік иесіне айналуы қоғамның саяси билік қатынасындағы ажырамас бөлшегі болып шығады. Міне, коррупцияның барлық елдерге тән туындау себебі осындай екенін қазір ғалымдар мен заңгерлер осылай түсіндіріп отыр. Мұндай құбылысты жою көбінесе құрғақ қиял немесе нәтижесіз әрекет болып шығады. Себебі билік басындағы адамдардың елдің қазаны- байлығы мен өзге пайдасының қажетіне айналады ғой. /2. 3, 11/.

Сондықтан да қазіргі заманымызда бүкіл дүние жүзіндегі барлық елдерде, саяси идеалогиясы қандай болғанына қарамастан, барлық мемлекеттерде коррупцияның туындауында ең бірінші кезекте адам факторы тұрады.

Мұндай кеселге қарсы күш біріктіру соңғы жылдары өткір қойыла бастады. Сондай- ақ, көптеген елдерде айтарлықтай нәтиже де бере бастады. Әйтседе мұны әр ел өзіміздің ғана бойымыздағы дерт, өз елімізде ғана өршіген қылмыс дегендей көзқараспен өзінше әрекет етуіде аңғарылады.

Мұның өзі коррупция жекелеген мемлекеттердің шекарксымен шектелмей, халықаралық қатынасқа деңдеп кіріп, бүкіл әлемдік сипатқа айналғанын көрсетсе керек. Әсіресе трансұлттық коррупциялардың лауазымын иелерін парамен және түрлі жолдармен сатып алу арқылы таза бәсекелестік принціпін аяқ асты ету елдердің экономикалық және саяси қауіпсіздігіне, аса зор қатер төндіруде.

Ал коррупцияның өршуі әр елде әр түрлі деңгейде екені айтпасақ та түсінікті болар. Мемлекет неғұрлым кедей, дамымаған әсіресе, демократиясы жетілмеген болса, мұндай мемлекеттік құрылымдарға коррупцияның ену қарқыны соғұрлым күшті болады.

1997 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жиынында әлемдегі индустриясы жетекші орын алтын елдер арасында бұл жөнінде арнайы қол қойылып, шарт та жасалады. Соған қарамастан, әсіресе, коррупция бой берер емес. Ал мұндай тасымалды экономикасы бар елдің бірі біздің еліміз Қазақстан болып отыр. Мында жазып кеткендей коррупцияны тудыратын адам факторы. Демек, әр елде салт- дәстүр, салт- сана, әдет түрліше болады. оның мемлекеттік құрылымы да, мұндағы қылмыс түрлері де соған орайласып қалыптасады. Мәселен, коррупцияның пайда болу ерекшелігіне зер салсақ кешегі Кеңес Одағы шеңберіндегі мемлекеттерінде оның туындауы мен өршуінің себептері әрине, ежелден капиталистік немесе нарықтық қатынас жүйесі орнаған елдердегі мүлде бөлек екенін түсіну қиын емес. Бұл елдерде және Қазақстанда да коррупцияның пайда болу құбылысы әлеуметтік өмірдегі заңды құбылысқа ұқсайды. Мұнда коррупцияның саяси, экономикалық және мәдени даму сипатына орайласып, басқару билігінде аз уақытта күрт өршігені белгілі. Тіпті, қылмыс дүнмесінің барлық саласымен билік басындағылардың ымыраласуы да бел алды. Сөйтсе де ТМД шеңберіндегі мемлекеттерде социялистік жүйеден капиталистік жүйеге ауысу, яғни нарықтық экономикаға көму кезеңінде, мемлекеттік экономика менбайлықтарды жекешелендіру барысында билік басындағылар арасында коррупцияның күрт өршігені және оның себептері жұртшылыққа жақсы мәлім болса керек. Сөйтіп, біздің елімізде коррупция аз жылда күш алып кетті деуге болады. Оның қандай дәрежеде екенін мынадай мағлұматқа қарап- ақ көз жеткізер едік. Халықаралық «Транспэренси интернейшнл» ұйымның зерттеу нәтижесіндегі соңғы рейтінгінде корупцияның ықпал ету индексі бойынша Қазақстан дүние жүзі елдері арасында 86- шы орынды иеленген.

  1. Коррупциялық қылмыстардың түрлері (топтау)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар, яғни коррупциялық қылмыстардың көптеген түрлері белгілі. Осыған тоқталсақ, олар:

  1. Пара алу (311- бап) ;
  2. Пара беру (312- бап) ;
  3. Парақорлыққа делдал болу (313- бап) ;
  4. Қызметтік жалғандық жасау (314- бап) ;
  5. Қызметтегі әрекетсіздік (315- бап) ;
  6. Салықтық (316- бап) ;

Енді осы курстық жұмыс барысында осы жоғарыда аталған қылмыс түрлеріне жеке- жеке тоқталсақ:

Пара алу (311- бап )

Қоғамымызға парақорлық қандай зиян келтіріп отырғаны белгілі. Бұл лауазымды қылмыстардың өте қауіпті түрі болып табылады. Оның қауіптілігі пайдақорлық ниетпен жасалынатын қылмыстармен араласып, қосылып жасалуында (көбіне ұрлықпен) . Пайдақорлық мемлекеттік аппарат қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне бөгет жасайды және олардың беделін кетіруге, өкімет және атқару органдарының қызметінде әділдік қағидасын бұзуға әкеліп соқтырады.

Парақор көптеген лауазымды тұлғалардың адал екеніне күмән туғызып, масқаралау арқылы сенімсіздік келтіріп қана қоймай, жалпы мемлекетке, конституциядағы азаматтардың мүдделері мен құқықтарын шектеуге, заңдылық қағидаларының бұрмалануы және Қазақстан Республикасының нарықтық реформаларының дұрыс жүргізілуін тежейді.

Пара алудың объектісі мемлекеттік ақпараттың дұрыс қызметі беделі болып табылады. /2. 1, 387/.

Қылмыстың қажетті белгілерінің бірі- параның заты болып табылады. Пара заты болып табылатындар: ақша, бағалы қағаз, материалдық игіліктер, өтеусіз төлемдер, төленетін қызметті тегін көрсету, қымбат заттар мен техника, антикварлық, жеке коллекциялық заттар және де мүлікке құқық беретін жеңілдіктер.

Қазіргі кезеңде нарықтық экономика жағдайында парақорлықтың жаңа түрлері туындаған: паралар бріншіден ғимарттар; офис, жер алу үшін;, қолда жоқ ақша қаражатын нақты ақшаға аудару, пайдалы банктік несие алу үшін алынады.

Екіншіден параның өзі жаңа мәнге ие болды. Лауазымды тұлғаға аталған немесе басқа да қызметтері үшін банктен есеп шоттар ашылып, оларды меншікке ие жасап, оларды әр түрлі сылтаулармен шетелге белгілі бір маман, консультант ретінде шығуын: жол жүруін төлеп, және де бірталай көп ақша қаражатын СКВ- мен берілуін ұйымдастырады.

Пара ретінде автомобильдер, ақша, мал, кәсіптік тауарлар, азық- түліктер, бағалы заттар және де басқадай материалдық мәндегі игіліктер беріледі.

Пара- ақша (лихоимство) . Лауазымды адамына заңсыз әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін тапсырылады. Мысалы, көрінеу ұрлық жасаған адамды қылмыстық жауапқа тарту арқылы тергеушінің немесе прокурордың пара алуы.

Объективті жағынан алғанда пара алу лауазымды адамдардың пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасалған іс- әрекетті арқылы сипатталады. Пара алу кінәлінің қызмет жағдайын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде лауазымды адамның қызмет бабын пайдалану арқылы пара алуы мынадай тұрғыда сипатталған: іс- әрекет лауазымды адамның қызметтік өкіліне кіретін болса, немесе ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс- әрекетке мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе.

Кінәлінің пара алуының бірінші нысаны лауазымды адамның қызметік өкіліне кіретін іс- әрекеттерді жасауы арқылы пара алу басшылық жұмысқа аламын немесе жұмыстан шығарамын деп пара алуы; Қызмет жоғарлату немесе басқадай көтрмелеу жасағаны үшін қол астындағы бағынышты адамнан пара алуы; немесе ревизия, материалдық игіліктерге тексеру жүргізбегені, жетпейтін заттарды тексеру қорытындысында көрсетілгені үшін пара алу. Қызметіне байланысты пара алу пара алудың екінші бір нысаны болып табылады. Бұл жерде лауазым адамы өз құзіретіне жатпайтын іс- әрекеттрді жүзеге асыру үшін өзінің беделін, қызметтік байланысын пайдалану арқылы басқа бір лауазым адамына ықпал ету арқылы пара алады.

Мысалы: прокурордың тергеуші тергеп жатқан іс бойынша пара алып, өз лауазымын пайдаланып, тергеуді заңсыз қысқартуға ықпал ету тағы басқалар жатады.

Қызмет бабын пайдаланудың үшінші бір нысаны қамқорлық жасау немесе қызметі боиынша жол жүру болып табылады.

Қамқорлық жасауға- тамыр- таныстық бойынша қызметке орналастырып пара алып, негізсіз сыйлықтар алу, көтермелеулер көрсету, немесе келмей қойғанын елемеу, басқа да заңсыздықтарға жол бергенін көре тұра, жоғарыда көрсетілген адамдардан пара алу арқылы шара қолданбау әрекеттер жатады.

Пара лауазымды тұлғаға пара берушінің мүддесі үшін қызметін пайдаланып белгілі бір әрекетті істеуге немесе істемеу үшін беріледі. Пара берушінің мүддесне тек оның жеке мүддесі емес, сондай- ақ оның қорғап отырған үшінші жақтың- жақын туыстарының, өз қызмет істейтін заңды ұйымның мүдделері де жатады.

Пара алу- формальдық қылмыс құрамына жатады. Ол лауазым адамының келісілген параның бір бөлігін алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады егер кінәлі адам өз ырқына байланысты емес себептермен параны ала- алмаса, онда оның әрекетін пара алуға оқталғандық деп танылады.

Пара алудың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен, пайда табу мақсатымен сипатталады. Пара алу жанама қасақаналықпен абайсыздық болу мүмкін емес. Пара алушының қасақаналығы, қызмет жағдайына байланысты әрекетті істеу немесе істемеу арқылы, заңсыз сыйақы алумен көрінеді. Және де лауазымды тұлғаның пайда табу мақсатында болады.

Заңда пара алудың ауырлататын, аса ауырлататын бірнеше түрлері көрсетілген. Пара алудың субъектісі- лауазымды адам.

Пара беру (312- бап)

Жаңа қылмыстық кодексте бұл қылмыстың мазмұны ашып көрсетілген. Заңда лауазымды адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру деп қана көрсетілген.

  1. Лауазымды адамға пара затын немесе мүлік сипатындағы өзге де пайда беру;
  2. Пара затын адам тікелей өзі немесе делдал арқылы береді;
  3. Лауазымды адам өз қызметін пара берушінің мүддесіне белгілі бір әрекетті істеуге немесе істемеуге пайдалануы арқылы сипатталады.

Пара беру немесе тапсыру әдістері қылмыстың құрамы үшін маңызды емес. Пара оны алушының тура өзіне немесе оның келісімімен жақын туыстарына берілу мүмкін.

Пара беру формальдық қылмыс құрамы болып табылады. Лауазымды тұлға пара алған кезден бастап, яғни берушінің мүддесі үшін белгілі бір іс- әрекет істелгені не істелмегеніне қарамастан аяқталды деп саналды.

Субъективтік жағынан пара беру тікелей қасақаналықарқылы істеледі. Яғни кінәлінің лауазымды адамға паразатын баруге немесе тапсыруға құқығы жоқ екені және оның мүддесі үшін лауазымды тұлға өз қызмет жағдайын пайдаланып, белгілі бір іс- әрекет жасайтынын кінәлі тұлға сезеді және соны тілейді.

Пара берудің ниеті сан алуан болуы мүмкін. Олар кінәлі адамның заңсыз түрде жеке өзіне ғана емес, сонымен қатар туыстарының, жақын туыстарының, пара беруші істейтін ұйым немесе мекеме мүдделерін қамтамассыз етуге ұмтылуы арқылы көрінеді.

Пара беру субъектісі болып- 16- жасқа толған, есі дұрыс тұлға танылады.

Пара берудің ауырлататын түріне- заңсыз әрекет немесе әрекетсіздік жасағаны үшін лауазымды адамға немесе әлденеше рет ұйымдасқан топтың пара беруші үшін жауаптылық Қылмыстық Кодекстің 312- бабының 2- тармағында көзделген.

Парақорлыққа делдал болу (313- бап)

Бұл қылмыс үшін жауапкершілік Қылмыстық Кодекстің 313- бабында көрсетілген. Осы қылмыстың объективті жағы парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс орындарындағы сыбайлас жемқорлықтың ерекшеліктері
Саяси сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе туралы ақпарат
БИЛІК ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа тосқаулық қоюдың криминологиялық шаралары
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы
Сингапурдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуі тәжірибесі жөнінде
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz