Оңтүстік Азия халықтары туралы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі.

Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық уневерситеті.

Тақырыбы: «Оңтүстік Азия халықтары»

Қабылдаған: Муратказин М. М.

Орындаған: Абдраимова Б. Т.

Алматы 2008

Жоспары

1 Кіріспе

Оңтүстік Азия халықтары

2 Негізгі бөлім

2. 1 Этногенезі мен этникалық тарихы

2. 2 Қазіргі этникалық құрамы

2. 3 Шаруашылығы

2. 4 Материалдық мәдениеті

2. 5 Семья және қоғамдық құрылысы

2. 6 Рухани мәдениеті

3 Қорытынды

Оңтүстік Азия халықтарына Үндістан түбегі, Шри Ланка(1972 жылға дейін Цейлон) аралы, Ликкадив, Аминдив, Андаман және Никобар аралдары жатады.

Оңтүстік Азияның халқы 800 миллион адамға жуық саналады. Саяси қатысы жағынан оған Үндістан Республикасы (650 миллионға жуық),

Бангладеш Халық Республикасы (87 миллионға жуық), Пакистан Ислам Республикасы (79, 9 мил), Шри Ланка Республикасы (15 миллионға жуық), Непал корольдығы(13, 7 миллионнан астам), Бутан корольдығы(1, 3 млн) және Мальдив Республикасы (144 мың) кіреді.

Оңтүстік Азияның үлкен бөлігін ұлан байтақ таулы үстірттер мен ойпаттар құрайды. Сөйтіп, Үндістан түбегінің едәуір бөлігін Батыс және Шығыс Гата мен Декан таулы үстірті алып жатыр. Таулы үстірттің оңтүстігінде Нильгир мен Кардамон таулары эәне Анималай таулары асқақтайды. Көп жерін Үнді- Ганга ойпаты алып жатыр.

Шри Ланка аралығындағы ойпаттар көлемі жағынан едәуір аумақты. Оңтүстік Азияның табиғат ортасының соншалық әр алуандығына қарамастан биік тауларынан басқа оның барлық аймақтарында алдымен тропиктік, ал тау бөктерлерінде субтропиктік климат жағдайлары басым. Осының салдарынан бұл регион территориясының үлкен бөлігінде жауын- шашын көп жауады.

Оңтүстік Азияның флорасы мен фаунасы өте бай. Бір кезде оның жазықтары мен тау бөктерлерін тұтастай тропиктік ормандар- джунгли жауып тұратын, қазіргі кезде адамдар әрекетінің нәтижесінде едәуір сиреді. Соңғы мыңдаған жылдарда жануарлар дүниесі елеулі түрде кедейленсе де әлі бай. Үй жануарларынан өркешті үнді зебуі мен үнді

буйволы өсіріледі. Қуаң аудандарда түйе, қой, ешкі, жылқы ұстайды.

Оңтүстік Азия антропогенез болып өткен аймаққа кіре ме деген мәселе қазіргі күнге дейін шешілген жоқ. Сонымен бірге миллион жыл бұрын онда гоминидтердің арғы тегі болып саналатын дриопитекті маймылдар мекендегені анықталды.

Қазіргі кескіндегі адам дамуының ерте кезеңдеріндегі Оңтүстік Азия халықтарының этникалық құрамы туралы нақты мәліметтер жоқ. Оның үстіне, жорамалданып жүргеніндей бұл регион халқы ол кезде аз болған.

Көптеген ғалымдар б. э. д. 3- 2

мыңжылдықтарда қарастырылып отырған аймақтарға дравид тілдері мен мунда тілдерінде сөйлейтін тайпалар келіп, қоныстана бастаған деп санайды.

Австралоидтық және монголоидтық нәсілдік типке жататын мунданың арғы тектері жергілікті ведда халқымен араласты, осының нәтижесінде Орталық Үндістанның мунда халықтары қалыптасты. Оңтүстік Азияда да 200-ге жуық халық тұрады, олардың көбі сан жағынан шағын. Мәселен бүкіл халықтың 97 Үндістанда таралған 187 тілдің 23 23 тілінде сөйлейді. Қарастырылатын регионда бірқатар ұлттар қалыптасты, көптеген этностар халық болып табылады. Австроазия және қытай- тибет семьясы тілдерінде Оңтүстік Азияның біршама шағын санды халықтары сөйлейді.

Оңтүстік Азияда ішінара көптеген шағын санды халықтардың өзімен көршілес неғұрлым саны көп халықтардың тіліне ауысуын білдіретін интенсивті

тілдік процестер жүруде, бұл олардың ассимиляциялануымен бірге өтіп жатыр.

Антропологиялық тұрғыдан Оңтүстік Азияның солтүстігінің халықтары оңтүстік европеоидтарға жатады.

Қазіргі археологиялық, палеоботаникалық және палеозоологиялық мәліметтер бойынша жорамалдағанда Оңтүстік Азия өсімдіктер мен жануарларды алғашқы, ең ежелгі қолға үйретудің ареалына кірмеді. Осыған қарамастан, жер өңдеу, мал өнімдерін өндіру шаруашылығы недәуір ерте пайда бола бастаған. Оңтүстік Азияға тән ерекшелік- осы кең байтақ региондағы әр түрлі аймақтар шаруашылығының, әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуының әркелкілігінің күшті болуы еді. Тек 20 ғасырда ғана, әсіресе Оңтүстік Азия халықтары ұлттық тәуелсіздігін жеңіп алғаннан соң бұл халықтар біртіндеп қазіргі даму процкестеріне тартыла түсті. Бұл тұрғыда қазірдің өзінде көптеген жетістіктерге қол жетті. Оңтүстін Азияның табиғат - географиялық жағдайларының әр түрлілігіне қарай шаруашылық- мәдени типтер мен кіші типтер де әр түрлі болып отыр.

Оңтүстік Азия халықтарының үлкен бөлігі- егіншілер. Шамамен халықтың аз бөлігі қалаларда тұрады және өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету саласында істейді. Мал шаруашылығы және қолөнер өндірісімен ұштасқан соқалы егіншілік біздің эрамыз басталғанға дейінгі кездің өзінде неғұрлым кең тараған шаруашылық мәдениетінің түрі болды. Кейінгі антикалық және ерте феодалдық заманда осы шаруашылық- мәдени тип үстем түрге айналды. Сонымен бірге плугты егіншіліктің шаруашылық- мәдени типі ежелгі заманда да және одан соң қазіргі заманға дейін де көптеген типтер мен кіші типтердің басын қосты.

Егіншілік аймақтары негізінен Үндістан, Пакистан, Бангладеш, Шри Ланка құнарлы өзен аңғарларының бойында, Непалдың тау бөктерлері мен аңғарларында жатыр.

Үндістан республикасында негізгі азықтық дақыл- күріш, тек солтүстік- батысында ғана бидай көбірек өсіріледі. Бидайдан кейін екінші орынды тары мен ірі бұршақ дақылдары алады. Басқа да дәнді дақылдар, әр түрлі көкеністер, жемістер өсіріледі.

Пакистанда күріш, бидай, тары, майлы дақылдар, мақта, қант құрағы өсіріледі. Көшпенділік жағдайында мүліктік және әлеуметтік едәуір жіктелу болған. Көшпенділер өздері мекен етіп жүрген жерлердегі мемлекеттерге бағынды.

Ең алдымен ол негізгі екі түрге, қолдан суғаруды пайдаланатын кетпенді егіншілікке, орманның өртенді учаскелеріндегі байырғы шаруашылық түріне бөлінеді. Шарпымалы- өртенді егіншілікпен айналысатын тайпалардың бір бөлігі өткен ғасырдың өзінде- ақ алғашқы қауымдық қатынастар жағдайында өмір сүрді.

Суландыру шаруашылығын жүргізетін кетпенді егіншілер көбіне террастық алаңдарды өңдейді. Кетпенді егіншілік ішінара плугты егіншілікпен қатар жүргізіледі.

Орманды кесуге заң жолымен тыйым салу Оңтүстік Азияның көптеген аймақтарындағы халықтардың едәуір бөлігінің тіршілігіне үлкен өзгерістер әкелді. Оларға тіршілік етудің жаңа көздерін іздеуге тура келеді. Мұндай жағдайда кейбіреулері плугты егіншілікке көшті, бұл қиын процесс болып шықты. Көптеген адамдар батырақ, маусымды жұмысшылар және т. б ретінде жалдана бастады. Тек олардың шағын бөлігі ғана дәстүрлі шаруашылық жүргізуді жалғастыруда.

Оңтүстік Азия халықтарының едәуір бөлігі селолық жерлерде тұрады. Егіншілер қоныстарын жоспарлау, олардың тұрғын үйлерінің типі әр түрлі. Үнді- Ганга жазығында бірнеше ондаған үйлерден көше жоспарымен салынған қоныстар басым. Оңтүстік аймақтарда құрылыс материалы ретінде тас пен ағаш қолданылады.

Оңтүстік Үндістан мен Шри Ланканың қоныстары мен үйлері де соншалық әр алуан. Шаруалар үйінде әдетте сонда отырып, сонда ұйықтайтын бойралармен жабылған аласа топчандар, стол, орындық сияқты аласа ойып жасалған мебельдер болады. Қалаларда ұлттық жиһаздармен қатар европалық үлгідегі жиһаздар да бар. Оңтүстік Азия қалаларында ала- құлалық өте үлкен. Олардың ірі дүкендер, банктер, мекемелер орналасқан орталық бөлігіне әдетте қазіргі заманғы көп қабатты үйлер салынған, онда байлар мен интеллигенция өмір сүреді. Шет жақтары кедейлер орналасқан қисық көшелер мен лашықтардан тұрады. Көбінің үйі де жоқ.

Оңтүстік Азия халықтарының киімдері қызылды- жасылды, өзгеше келеді, киімнің әр түрлілігіне қарамастан негізгі типтерге тоқталуға болады. Тігісті және тігіссіз киімдер кең тараған. Ерлердің тігіссіз киімі дхотидан- ұзын немесе қысқа жамбас байламасынан, шалбар, көйлек, кеудешеден тұрады.

Дәстүрлі киім Оңтүстүк Азияда қазір де көп кездеседі. Ал қалаларда, әсіресе ерлердің ұлттық және европалық киімдерді қатар киінуі әдетке айналған. Қалаларда былғары аяқ киім, пенжак, қалпақ, плаш киеді.

Көшпелі малшыларда олардың Ауғаныстан мен Ирандағы тайпаластарындағыдай киімдер кең тараған.

Кетпенді егіншілер және кезбе аңшы - терімшілердің киімдері мен әшекейлері бұдан да дәстүрлі. Жеңіл киімдері көп. Неғұрлым дамыған тайпалардың, мәселен санталардың киімі жалпы үнділік киімді еске түсіреді. Гонда ерлері шағын дхот пен тюрбан киеді. Әйелдер сари киіп жүреді. Таулық нага тайпасының ерлері тігіссіз белдемше немесе дхоти мен алжапқышты қанағат тұтады.

Оңтүстік Азияда семья мен семьялық қатынастар халықтардың белгілі бір топтарының әлеуметтік- экономикалық даму дәрежесіне, сондай-ақ үндіс, мұсылман немесе қандай да бір басқа дінге жататындығына байланысты өзгешеленеді. Үндістер мен мұсылмандарда семья бұрын үлкен патриархалды формада болды. Қазір шағын семьялар басым болып келеді. Бұл мұсылмандарда діни право нормалары- шариғатқа құрылады.

Дәстүр бойынша неке туралы ата- аналар келіседі. Бұл мәселе жақын кезге дейін некеге тұруға тек бір кастаның мүшелері арасынан ғана рұқсат етілді. Кастадан бөлек неке масқаралық болып есептеледі. Бұрын Оңтүстік Азияның көптеген аймақтарында өте ерте некелесу қолданылды, 2-4 жаста құдаласты, некеге 6-7 жаста тұрды. Қазір

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Этнология» пәнінен дәрістер
Шетел Азиясының халықтары
Оңтүстік азия халықтары
Әлем халықтарын классификациялау принциптері
АДАМ НӘСІЛДЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер
Дүниежүзілік нәсілдер құрамы
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Оңтүстік – Шығыс Азия туралы ақпарат
Оңтүстік-Шығыс Азия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz