Төтенше жағдайлар және оның классификациясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

“ТҰРАН” УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: “Төтенше жағдайлар және оның классификациясы”

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 2005

МАЗМҰНЫ

  1. Кіріспе
  2. Бейбіт және соғыс уақытындағы Төтенше жағдайлар
  3. Төтенше жағдайлар аймағының зілзала, авария, апат және қазіргі зақымдағыш құралдарын қолдану кезіндегі сипаттамасы
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

“Тіршілік қауіпсіздігі”- адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір

сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын қолданылуы мәселелерін зертейді.

Тіршілік қауіпсіздігі - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолдалынылуына бағытталған шаралар кешені.

Азаматтық қорғаныс - бұл басқару органдарының мемлекетік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Шаруашылық объектілері - өнеркәсіптік, ауыл- шаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс-әрекет ететін адамдар ұжымы.

Ұйым - бағдарлама немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы.

Бейбіт және соғыс уақытындағы Төтенше жағдайлар

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі “табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы” заңы Қазақстан Республикасы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді: мұнда халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салдарының бірі болып табылады.

Заңда төтенше жағдайға, дүлей зілзалаға, анықтама берілген; ұйымдардың міндеттері, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықтың құқықтары мен міндеттері белгіленген; жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік органдардың өкілеттіктері ерекше көрсетілген; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік анықталған. Заңда төтенше жағдайларға қатысты өзгеде лүсекелер қамтылған.

Дүлей зілзала бұл әдеттегідей тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, ауыл шаруашылығы малдарының жетіспеуіне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына әкеп соғатын табиғи құбылыс.

Дүлей зілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан зілзала.

Төтенше жағдайлардың көбісі адамға бағынышты емес табиғат күші әсерінен болады: жер сілкінісі, сел, су тасқыны, сырғымалар, қар көшкіні, дауылдар, орман және дала өрттері, т. б.

Әрбір дүлей зілзаланың өзіне ғана тән пайда болу себептері, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға әсер ету ерекшеліктері болады.

Дүлей зілзалалар бірінен-бірінің елеулі айырмашылықтарына қарамастан оларға мына жалпы ерекшеліктер: кең өріс алуы, қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі, адамға күшті психалогиялық ықпал жасау тән.

Авария - технологиялық процестің бұзылуы, механизімдердің, жабдықтар және ғимараттардың зақымдануы.

Авариялар зардаптарының сипатты түріне, көлеміне және олар пайда болған кәсіпорынның олардың ерекшелігіне байланысты авариялардың әдеттегідей зардаптары жарылыстар, өрттер, су басу, шахтаны үйінді болуы мүмкін.

Көбінесе авариялар ауаның газдалуы, мұнай өнімдерінің қауіпті сұйықтықтарының, қатты әсер ететін улы заттардың төгілуінен болады.

Апат - бұл адамның тұтқиыл пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам өлімімен немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен, едәуір эконмикалық немесе экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала.

Апаттар көлемі мен түрі бойынша бөлінеді:

Көлемі бойынша: кіші, орташа, үлкен болады.

Көлемді анықтау кезінде белгіге екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендер немесе ауруханаға жатқызатын адамдар саны; апат зардабына ұшыраған аумақ.

Түрі бойынша: табиғи (табиғи немесе дүлей зілзала), жасанды (антропогендік, атап айтқанда адам факторы әсерінен) болады.

Табиғи:

  1. Метеорологиялық (дауыл, циклон, құйын, құрғақшылық, аяз, найзағайдан болған өрттер) .
  2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі) .
  3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу) .
  4. Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығыс) .

Жасанды:

  1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобилдік, теңіз, өзен, темір жол) .
  2. Өндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық, термиялық) .
  3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық) .
  4. Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздік, тероризм, маскүнемдік, нашақорлық, таксикомания) .

Әрбір апат ошақ құруға алып келеді, бұлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ- бұл төтенше жағдай.

Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындырға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Төтенше жағдайлардың басты көрсеткіші бүлдіру процестсрінің жиілігі болып табылады, бұл процестеді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.

Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілері бойынша жіктелінеді:

  1. Пайда болу саласы бойынша
  2. Ведомстволық қатыстылығы бойынша
  3. Аймақтық таралуы бойынша

Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар:

-табиғи;

-техногенді;

-жанжалды болып бөлінеді.

Табиғи төтенше жағдайларға:

-геофизикалық қауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, вулкан) ;

-геологиялық қауіпті құбылыстар (көшкіндер, сел, сырғыма, тастың құлауы) ;

-метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақшылық, аяз, т. б. ) ;

-теңіздегі гидрологиялық қауіпті құбылыстар (теңіз деңгейінің қатты құбылуы, мұздар арыны, т. б. ) ;

-гидрологиялық қауіпті құбылыстар (су басу, тасқындар, грунтті сулар деңгейінің көтерілуі) ;

-табиғи өрттер (ормандық, далалық, шымтезектік) ;

-адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялар) ;

-ауылшаруашылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотиялар) ;

-ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығуы (эпифитотиялар) жатады.

Техногенді сипатты төтенше жағдайлар:

-өндірістік;

-транспорттық авариялар (темір жол поездары, теңіз және өзен қайықтар аппаттары, әуе апаттары, автомобильді авариялар, магистральді өткізу құбырларындағы авариялар) ;

-өрттер (жарылыстар) ;

-ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

-РЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

-СҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

-ғимараттардың кенеттен құлауы;

-электр-энергетикалық жүйелердегі авариялар;

-коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар;

-тазартқыш құрылыстардағы авариялар;

-гидродинамикалық авариялар (платиналардың, бөгеттердің бұзылуы) жатады.

Жанжалды сипатты төтенше жағдайлар:

-қарулы шабуыл;

-кейбір аймақтардағы толқулар;

-соғыс уақыттағы әскери әрекеттерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.

Ведомстволы қатыстығы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:

-құрылыста;

-өндірісте;

-халыққа үй-жайлылық және комуналды-тұрмыстық қызмет көрсету саласында;

-көлікте;

-ауылшаруашылықта;

-орман шаруашылығында;

-көліктік байланыста (газөткізгіштер, мұнайөткізгіштер) .

Аумақтық таралуы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:

-объектілік (зардаптардың таралуы қондырғыда, цехта, объектіде шектеледі) ;

-жергілікті (таралуы елді мекендерде, аймақта, облыста шектеледі) ;

-аймақтық (таралуы бірнеше облыста шектеледі) ;

-кең ауқымды (зардаптардың Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің аумағына таралады) .

Қазақстан Республикасына табиғи және техногенді сипаттағы

төтенше жағдайлардың, вулкандардың қопарылуынан, цунамиден, тайфуннан және табиғи щымтезектік өрттерден басқа барлық түрлері тән.

Төтенше жағдайлар аймағының зілзала, авария, апат және қазіргі зақымдағыш құралдарын қолдану кезіндегі сипаттамасы

“Табағи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы” ҚР заңында төтенше жағдай аймағы ретінде төтенше жағдай жарияланған аумақ түсініледі.

Осы заң бойынша ҚР үкіметі табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар саласында төтенше жағдайларды аймақтық немесе ғаламдық түрлерге жатқызады да, осы төтенше жағдайлардың таралу көлемі мен аумағын айтады.

Жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайлар саласында төтенше жағдайларды объектілік және жергілікті түрлерге жатқызады, осы төтенше жағдайларлың таралу көлемі мен аумағын анықтайды.

Қазақстан Республикасының біршама аумағында жер сілкінісі болып тұрады.

Осы зілзала әдетте үлкен аймақты қамтиды, соның салдарынан топырақтың тұтастығы бұзылып, ғимараттар мен үй-жайлар қирайды, адамдар қаза болады және жарақат алады, материалдық құндылықтар жойылады.

Жер сілкінісі кезіндегі зақымдаудың қайталама факторлары төмендегідей:

-коммуналдық-энелгетикалық және газ желілерінің бұзылуы, өндірістік авариялар нәтижесінде болатын алапат өрттің шығуы;

-сел тасқынының, қар көшкіні мен сырғымалардың пайда болуы;

-тоғандардың бұзылуы нәтижесінде елді мекендер мен тұтас аудандардың су астында қалуы;

-химиялық және радиациялық қауіпті объектілердің қирауы нәтижесінде ҚӘУЗ ошақтары мен радиактивті зақымдау аумағының пайда болуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері туралы ақпарат
Төтенше жағдай, туындау себептері
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар,олардың түрлері табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы туралы ақпарат
ҚАР КӨШКІНІ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР
Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары
Төтенше жағдайлар
Климаттық мониторинг
Халықтың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда халықты қорғауды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz