Шағын және орта кәсіпкерлік туралы ақпарат


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кiрiспе3

Бөлiм 1 Кәсiпкерiктiң мәнi мен мазмұны5

1. 1 Кәсiпкерлiк туралы түсiнiк. 5

1. 2 Кәсiпкерлiк iстi мемлекеттiк реттеудiң құқықтық

негiздерi. 9

Бөлiм 2 Кәсiпкерлiк қызмет үшiн қажеттi құқықтық

жағдайлар18

  1. Кәсiпкерлiк iстi мемлекеттiк тiркеу және

лицензиялау18

  1. Кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету22
  2. Кәсiпкерлiк қызметке заңсыз кедергi жасағаны үшiн жауаптылық түрлерi25

Бөлiм 3 Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiктi

жетiлдiру жолдары 28

  1. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуы28
  2. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуындағы кедергiлер35
  3. Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудағы шетелдiк тәжiрибе39

Қорытынды 47

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi49

Кiрiспе

Республика экономикасының маңызды бағыттарының бiрi болып табылатын кiсiпкерлiк iстiң өндiрiстi басқару құрылымында оң өзгерiстер болып жатыр. Кәсiпкерлiк адамның тапқырлық және iскерлiк қасиеттерiнiң барынша көрiнiп өзiне қызмет етуiне мүмкiндiк бередi. ; мұндай қасиеттер болмайынша толыққанды нарықтық экономиканың да болуы мүмкiн емес. Сондықтан да соңғы көздерi еркiн әрекет, батыл iс -қимылды қажет етеiн кәсiпкерлiк iске көп көңiл бөлiнуде. Кәспкерлiктi дамыту үшiн субъектiлердiң белгiлi - бiр дәрежеде еркiндiгi мен құқығы, шаруашылық қызметтiң бағытын таңдауда ерiктiгi, қабылданатын шешiмдерге одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдiлiктiлiктiң болуы қажет. Кәсiпкерлiк iстi ұйымдастыру, кәсiпкерлiк әлеуметтiк тапта құру үшiн мемлекет оған құқықтық жағынан қолайлы жағдайлар жасауы керек. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шiлдедегi «жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және қорғау» туралы заңында кәсiпкерлiктiң субъектiлерiн тiркеу процедуралары барынша жеңiлдетiлiп, жарғылық қорға деген талап азяды. Мысалы: бұрын тiркеу үшiн кәсiпкерлiк оншақты түрлi құжаттар жинауы керек едi, оған әрине ақша да, уақыт та аз кетпейтiн. Жаңа заң бойынша жағдай кәсiпкердiң пайдасына қарай өзгерiп отыр: бекiтiлген үлгi бойынша өтiнiш тек қана «әдiлет» басқармасына берiледi, бекiтiлген жарғының бiреуi бойынша жұмыс iстеуге келiсiм берiледi және тiркегегенi үшiн есептi көрсеткiштiң екi есесiндей мөлшерiнде салық төленедi. «Әдiлет»басқармасы үш күннiң iшiнде кәсiпкердiң мекемесi тiркелгенi туралы кәсiпкердың өзiне және статистика органдарымен салық инспекциясына қажеттi ақпараттар беруге мiндеттi.

Республика президентiнiң «шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдануды күшейту және жандандыру жөнiндегi шаралар туралы» жарлығында материалдық өнiм өндiрумен айналысатын кәсiпкерлiк субъектiлерiне салық пен кеден салығын салу саласында жеңiлдiктер қолдану, жер жағдайы қолайсыз жерлермен экологиялық қолайсыз аудандарда өндiрiстiк қызметпен айналысып жатқан кәсiпорындар үшiн аумақтық жеңiлдiктер енгiзу, олардан табыс салығын мүлдем ұстамау көзделген; алыс ауылдарда өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарды ынталандыру үшiн табыс салығынан босату туралы айтылған. Кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн оның құқықтық базасы және әлеуметтiк - экономикалық шарттары қалануы керек. Кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастырудың құқықтық базасы болмайынша, оны қолдайтын, бақылайтын органдар болмайынша оны жүзеге асыру мүмкiн емес. Осындай Республикамызда кәсiпкерлердiң құқықтық экономикалық мәнiн терең түсiнуге «Қазақ КССР - ғы шаруашылық қызмет еркiндiгi мен кәсiпкерлердың дамуы туралы заңның қабылдануы жол ашты».

Бөлiм 1 Кәсiпкерлiктiң мәнi мен мазмұны.

  1. Кәсiпкерлiк туралы түсiнiк.

Кәсiпкерлiк - ежелден келе жатқан адамдардың iскерлiк белсендiлiгi, қабiлетi. Ол оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қолөнер қызметкерлерi. Кәсiпкерлiктiң алғашқы дамуында кәсiпкер құрал - жабдықтарға иелiк ете отырып, өздерi сол кәсiпорында қолдап жұмыс iстеген. 16 ғасырдың ортасынан бастап акционерлiк капитал пайда болды, акционерлiк қоғамдар құрыла бастады. Мысалы: 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы Ост - Индия сауда компаниясы, 17 ғасырдың аяғында акционерлiк банктер iске қосылды.

Ресейде, Қазақстанда кәсiпкерлiк ерте заманнан келедi. Қазақстанның көшпелi шаруашылық жағдайында кәсiпкерлiк еркiн дамыған жоқ. Ресейде Петр 1 патшалық ету кезiнде кәсiпкерлiк ерте дамыды, бiрақ крепостной қоғам тежедi. Капитализмнiң дамуымен кәсiпкерлiкте дамыды. 1861 жылғы революциядан кейiн Қазақстанда темiр жол құрылысы, ауыр өнеркiсп салалары орын алды. Кәсiпкерлiктiң субъектiсi болып -жеке адамдар сонымен бiрге заңды тұлғалар, бiрiккен серiктестер, арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлiк қоғамдар, шаруашылық ассоциациялар, әр түрлi бiрлестiктер және корпорациялар болады.

Кәсiпкерлiк дегенiмiз - белгiлi бiр iстi iстей бiлу. Iс iстеу адамның белсендiлiгi. Белсендiлiк және iскерлiк адамдардың мiнез - құлқы типтерiмен байланысты болады. Олар адамның еркiн өмiр сүру түрi болып табылады. Кәсiпкерлiк қабiлеттiлiк адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсiну үшiн кәсiпкердiң 4 функциясын түсiну керек.

  1. Кәсiпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және

еңбектi өнiм өндiру процесiне қосу ынтасын өз жауапкершiлiгiне алады, яғни өнiрiстiң қозғаушы кұшi, себебi iстеген iсi пайда беретiнiне сенедi.

  1. Кәсiпкер өндiрiс процесiне барлық негiзгi шешiмдердi

өз қолына алады және кәсiпорынның iс бағытын айқындайды.

  1. Кәсiпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негiзде

жаңа тауар өндiрудi, жаңа технологияны енгiзу, кәсiпкерлiктi ұйымдастырудың жаңа формаларын енгiзуге аянбай жұмыс iстейтiн кiсi.

  1. Кәсiпкер - бұл тәуекелге баратын кiсi. Тәуекелге

бару үшiн iстелетiн iстң егжей тегжейiн айқын талдап қорытындысында не болатынын бiлген жөн. Кәсiпкер тек тек қана өз уақыты, еңбегiн, iс - қабiлеттiлiгiн тәуекелге салмайды, сонымен бiрге өндiрiске кеткен өзiнiң және өзiнiң серiктестерiнiң немесе акционерлердiң қаржыларын тәуекелге салады. Кәсiакерлiк iстiң қозғаушы күшi мол пайда табу. Кәсiпкерлiк табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкiн. Кәсiпкер өндiрiстiң негiзгi үш факторын iске қосып өзi төртiншi болып ресурс иелерiне төлем төлеудi қамтамасыз етедi: жұмыс күшiне еңбек ақы, капиталға пайыз, жер иелерiне рента, кәсiпкерлерге кәсiпкерлiк пайда. Социализм мен капитализмнiң экономикалық айырмашылығы: бiрiншiсiнде жұмыс күшiнiң өндiрген қосымша құны бүкiл қоғам мүддесiне жұмсалады, ал екiншiсiнде - қосымша құн үшке бөлiнедi: пайызға, рентаға және кәсiпкерлiк пайдаға қоғамның өндiрген таза пайдасын осылай бөлудi қамтамасыз етi үшiн мемлекеттiк органдар құрылады, оны қорғауға полиция, қарулы күштер ұйымдастырылады. Қазақстанда қоғамдық мешiкке негiзделген экономиканың және меншiк экономикасына ауысуы ұзақ мерзiмдi, ақыл - ой парасатты жұмысқа негiзделген экономиканың күрделi шараларды қолдануды талап етедi. Жаңа қоғамның негiзiне тұрақты, тиiмдi құру үшiн кәсiпкерлер табын даярлау керек. Кәсiпкерлiк қабiлетi қаражаты бар тапты құру үшiн бiрiншi бiлiм керек, екiншi өкiмет экономикалық саясатын түбегейлi қайта қарауы қажет. Елдiң болашақ тағдырын кәсiпкерлер шешедi және олар өз елiнiң гүлденуiне аянбай жұмыс iстейтiн, өзiнiң де пайдасын табатын, бiлiктi де iскер азаматтар болуы керек. Аш - жалаңаш елде кәсiпкер де, халық та болмайды. Нарықтық экономикада кәсiпкердiң басты мiндетi барлық экономикалық ресурстарды жұмысқа қосу және тиiмдi пайдалану. Осы арқылы жұмыссыздық жойылады, инфляция тежеледi, баға тұрақтанады.

Кәсiпкерлiк - бұл пайда табуға бағытталған қызмет. Оның мазмұны өнiмге, жұмысқа, қызметке сұранысты табу немесе қалыптастырудан және сәйкесiнше тауарлар, жұмыстар, қызметтердi тауар ретiнде сату арқылы қанағаттандырудан тұрады. Кәсiпкерлiк бұл пайда табуға бағытталған өзiндiк шаруашылық қызметтiң өндiрiстiк немесе коммерциялық негiзгi түрi. Оны өз атынан тұрақты, яғни жүйелi негiзде өзiн тәуекелге тiге кәсiпкерлер деп аталатын заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады. Бизнес кәсiпкерлiктен гөрi кеңiрек ұғым болып табылады. Себебi кез - келген сферадағы бiр кезектiң коммерциялық мәмiлелердi жүзеге асыратын, пайда табуға бағытталған қызмет бизнеске жатады. Кәсiпкерлiк қызмет - жаңа идеяларды iске асырумен байланысты тәуекелдi өз еркiмен мойнына алуға дайын болу. Кәсiпкердiң пайдасын акйиялардын алынатын девидент, депозиттер бойынша пайыз, жер үшiн жалгерлiк төлемнен тұратын меншiк иесiнiң табысынан айырып бiлу қажет.

Кәсiпкер ол өз жауапкершiлiгiмен басын қауiп пен қатерге және тәуекелге тiге отырып, қызмет ететiн нарықтың дербес агентi. Кәсiпкер болу үшiн капиталдың иесi болу шарт емес, кәсiпкердiң басты капиталы ақша, еңбек қаруы және еңбек заты емес, ол оның интеллектiсi мен тұтынушы психологиясын бiлуi. Сонымен бiрге кәсiпкерлiктi менеджменттен, ал кәсiпкердi менеджерден айырып бiлу қажет. Менеджер - бұл кәсiпкердiң алдына қойған мiндеттердi шешудi ұйымдастыратын жалдамалы жұмыскер. Ол өз әрекетi үшiн мүлiктiк жауапкершiлiкке ие болмайды.

Белгiлi американдық экономист Роберт Хизрач кәсiпкерлiктiң мәнiн былай анықтайды: «Кәсiпкерлiк - бұл құны бар қандай да бiр жаңа нәрсенi құру үрдiсi, ал кәсiпкер - бұл осыған бар уақыты мен күшiн жұмсайтын, өзiнiң мойнына барлық қаржылық, психологиялық және әлеуметтiк тәукелдiлiктi алатын және сыйлыққа ақша және қол жеткiзгенiне қанағаттану алатын адам». Ал Питер Друкер кәсiпкерлiк қызметтiң теоретикалық негiзi Иозеф Шумпетердiң линамикалық теңсiздiгiнiң экономикалық теориясы табылады деп санайды. И. Шумпетер адамның қызметiнiң мынадай мотивтерiн атап көрсетедi:

  • Кеңшiлiк пен билiктi сезiну мүмкiндiгiн беретiн өзiндiк және меншiк империяны негiздеу арманы.
  • Жеңiске жетемiн деген сенiм
  • шығармашылық қуанышы. Бұл қоғам үшiн ең пайдалы мотив

Сонымен кәсiпкердiң негiзгi сипаттамалары мыналар болып табылады:

  • кәсiпкер өзi құратын немесе сатып алатын кәсiпорынға өзiнiң меншiктi құралдары мен уақытын салады. Кәсiпкер жаңалық енгiзушi болып табылады, ол техникада, өндiрiс үрдiсiнде, немесе өткiзу әдiстерiнде жаңа бiр нәрсенi жасайды. Ол әрдайым өз iсiн кеңейтуге және пайданы көбейтуге ұмтылады. Кәсiпкер ұйымдастырушылық қабiлетке ие және iстi тиiмдi жүргiзудiң алғашқы негiзi ерекше және iске жақсы асырылған идея болып табылатынын басқарудан гөрi жақсы түсiнедi. Кәсiпкер бұл ең алдымен өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiн ұйымдастырушы. Ұйымдастыру - бұл мақсатты анықтау, ресурстарды бөлу және оларды мақсатқа жету үшiн пайдалана бiлу. Ұйымдастыру - бұл мiндеттi қалыптастыра бiлу, оны тiкелей орындаушыға жеткiзу және орындалуын бақылау. Ұйымдастыру ол шешiмдi қабылдай бiлу, мiндеттемелер мен жауапкершiлiктi бөлiстiре бiлу және жоспарлау, басқару, талдау болып табылады. Кез - келген бизнестiң сәттi болуы кәсiпкерлiк сферасын сәттi таңдауға, нарықтық стратегияны және оны жүзеге асырудың тиiмдi тактикасын дұрыс анықтауға байланысты. Бұл басқа фирмалардағыдай старттық капитал мен күш жұмсауы жағдайында фирма жоғары iскерлiк деңгейге шығаруға және нарықта алға басуға мүмкiндiк бередi. Кәсiпкерлiк iстi мемлекеттiк реттеудiң құқықтық негiздерi.

Кәсiпкерлiкпен айналысу үшiн ең алдымен оған экономикалық жағдай керек. Олар: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердiң алуан түрлерi, тұтынушылардағы ақша қаражат көлемi, яғни олардың сатып алу қабiлеттiлiгi, жұмыс орнының және жұмыс күшiнiң артық - кемдiгi; еңбек ақы қорының артық кемдiгi; несие беретiн мекемелердiң ақша ресурстары болуы керек т. б. Кәсiпкерлiкпен айналысу үшiн нарықтың инфрақұрылымы болуы керек: банктер, шикiзат, материалдар, құрал - жабдықтар сатушылар, заң, бхгалтерлiк т. б. қызмет көрсететiн органдар; еңбекке орналастыру агенттгi; оқу орындары; жарнама ; көлiк, сақтандыру, байланыс, ақпарат т. б. мекемелерi.

Кәсiпкерлiк iспен айналысу үшiн екiншi әлеуметтiк жағдай керек. Кәсiпкерлiктi ұйымдастыру және қалыптастыру үшiн тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға қызметке деген талғамы, төлем қабiлеттiлiгi бар сұранысы болуы шарт. Оған қоғамның рухани даму дәрежесi және дiни нормалар ықпалын тигiзедi. Әлеуметтiк жағдай әр бiр адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерiмен байланысты.

Кәсiпкер өз iсiне шын берiлген және одан қанағат алуы парыз. Ол әлеуметтiк мәселелерге белсендi бет алып араласып, жағдай жасауы тиiс: денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерiн қадағалау және т. б. . Кәсiпкерлiктi жасақтау және оны дамыту үшiн кадрларды оқыту, бiлiм дәрежесiн, мамандығын көтеруге көңiл бөлу, кәсiпркелер даярлауды тұрақты қадағалау.

Кәсiпкерлерге үшiншiден құқықтық жағдай жасауы керек. Ең бастысы кәсiпкерлiк iстердi реттейтiн заңдар болуы шарт. Оған мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi, салық туралы заңдар, шағын және орта бизнестi қолданатын органдар, меншiкке құқықтық заңдар т. б.

Қазақстанда кәсiпкерлiктiң құқықтық түрлерiнiң проблемасын С. И. Климкиннiң еңбегiнде толығырақ талдап қорытылған заңды тұлға ретiнде құрылмай - ақ жеке кәсiпкерлiк қызметтерi шағын кәсiпкерлiктiң ұйымдық - құқықтық түрлерiнiң бiрi болып табылады. Мұндай түрдегi кәсiпкерлiктiң ерекшелiгi азаматтардың бастамалық қызметiнiң олардың жеке меншiктерiнде негiзделуiнде және өз мағынасы бойынша коммерциялық болып табылады. Алғашқы рет «Жеке еңбек қызметi туралы»КСРО заңы жеке кәсiпкерлiкке кең жол ашып бердi, бiрақ нарықтың механизмның болмауымен қоғамдық меншiк жағдайындағы ол үлкен серпiлiске ие бола алмады. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау көрсету туралы» 1992 жылғы 4 шiлдедегi заңы жеке кәсiпкерлiктi реттейтiн негiзгi құқықтық құжат болып табылады.

Қазiргi жағдайда Қазақстан Республикасында мынадай ұжымдық құқықтық кәсiпкерлiктер жұмыс iстейдi: шаруашылық серiктестiктер, командиттiк серiктестiк, шектелген жауапкершiлiгi және қосымша жауапкершiлiгi бар қоғамдар, өндiрiстiк кооперативтер, унитарлы кәсiпорын. Экономикада әр түрлi заңды тұлғалар қызмет әстейдi, олар ерекшелiктерiмен салалық құрамда болушылығымен, мамандану дәрежесiмен, ұйымдастыру тәсiлiмен, механизация және автоматизация ерекшелiктерiмен, ұйымдастыру құқықтық формалармен т. б. бөлiнедi. Заңды тұлғалар мекемелердiң көп түрлi болуы кез - келген мемелекеттiң экономикасының тиiмдi қызмет ету негiзiн құрайды. Заңды мекеме кәсiпорын деп саналады, егер ерекше мүлiктер болса, өзiнiң мүлкiмен алған мiндеттемеге жауап бере алатын болса, өзiнiң меншiктi ресурсымен айналымға шыға алатын болса, өз атынан талап қоя алатын және сотта жауапкершiлiктi өзiне ала алатын болса;

Азаматтық кодекс бойынша заңды тұлғалар үш негiзгi құқықтық формаға бөлiнедi:

  • Заңды тұлғалар немесе оның мүлiктерiне құрылтайшылардың яғни қатынасушылардың құқығы негiзiнде
  • Заңды тұлғалардың экономикалық қызметке құқықтылығы
  • үйымдастыру құқықығы негiзiнде

Құрылтайшылардың заңды тұлғаларға немесе оның мүлкiне қандай құқық сақталатындығына байланысты заңды тұлғалар үш топқа бөлiнедi:

  • Заңды тұлғаларға оның құрылтайшыларының мiндеттемелiк құқығымен оларға; шаруашылық серңктестiктер және қоғамдар, өндiрiстiк және тұтыну кооперативтерi;
  • Заңды тұлғаларға оның құрылташылары мүлiкке меншiктiк құқығымен оның мемлекеттiк және муниципалды унитарлық кәсiпорын;
  • Заңды тұлғаларға оның құрылтайшылары ешқандай мүлiктiк құқықтары жоқ. Оларға қоғамдық, дiни ұйымдар, қайырымдылық және басқа да қорлар, заңды тұлғалар бiрлестiгi, одақтар кiредi.

Заңды тұлғалар мақсаттарына байланысты мына екi категориялық ұйымдардың бiрiне кiредi:

  • Коммерциялық
  • Коммерциялық емес.

Коммерциялық мекемеге өзiнiң iс - әрекеттерiнде негiзгi мақсаты пайда табуға бағытталған заңды тұлғалар кiредi. Коммерциялық мекемелер шаруашылық сенрiктестiктер және қоғамдар, өндiрiстiк кооперативтер, мемелекеттiк және муниципалдық формаларында құрылады.

Коммерциялық емес мекемелер өздерiнiң алдына пайда тауып оны қатынасушыларға бөлудi көздемейдi. Коммерциялық емес заңды тұлғаларға тұтынушылар кооперативтерi, қоғамдық дiни бiрлестiктер, меншiк иелерi қаржыландыратын қайырымдылық және басқа да қорлар жатады. Олардың кәсiпкерлiк iспен шоғылдануы тек жарғыдағы көрсетiлген мақсаттармен байланысты.

Жаңадан құрылған кәсiпорындарға заңдылық жоспар маңызды. Ол кәсiпорынның ұйымдастыру формасы, меншiк түрi көз қарасынан оның құқықтық статусын анықтайды. Бұл бөлiм мынадай сұрақтарға жауап бередi: кәсiпорынның заңдылық формасы қандай? Не себептен осы заңдылық форма қабылданды, кәсiпорынның құрылтайшысы кiм? Сонымен бiрге кәсiпорынның тiркелу жөнiнде мәлiмет, яғни қайда, қашан және кiм тiркеу жүргiзген? Тiркеу куәлiгiнiң номерi, оған қосымша кәсiпорынның заңды адресi көрсетiледi.

Нарықтық экономика барлық әлеуметитiк экономикалық процестердi бүкiл қоғам үшiн және оны әр бiр азаматы үшiн автоматты реттей алмайды. Нарықтық экономика елдiң табысын әдiл бөлмейдi, еңбек ету құқығына кепiлдiк бермейдi, қоршаған ортаны сақтауға көңiл бөлмейдi және тұрғындардың қорғансыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелi пайда бермейтiн халық шаруашылығы салаларына капиталын салмайды, ал мемлекет үшiн, қоғам үшiн қажет болса да. Нарықтық экономика көптеген әлеуметтiк экономикалық мәнi бар актуалды проблемаларды шешпейдi. Ол мәселелер тек қана мемлекеттiк iс болып саналады . Қорытып айқанда ез -келген елдiң экономикасы бiр қалыпты даму үшiн мемлекет қолынан келетiн жағдайлардың бәрiн жасауы керек. Қазiргi созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндiрiстiң өрескел төмендегенiн инфляция, қоғамдағы әлеуметтiк паразылық т. б. қолайсыз жағдайлар, мемлееттiң экономиканы реттеудiң жете бiлмеушiлiгiнен, өзiне жүктелген функцияларды атқара алмайтындығынан көрсетедi. Мемлекетке негiзгi мынадай функциялар жүктеледi.

  1. Құқықтың негiздi жасақтау; мемлекет меншiк

құқығын анықтайтын, кәсiпкерлiк iстi реттейтiн, өнiмнiң сапасын қамтамасыз ететiн т. б. заңдар жасақтап қабылдайды. Мемлекет құқықтық негiздер көмегiмен кәсiпкерлiк iс субъектiлерiнiң қарым -қатынастарын реттейдi.

  1. Елде қажеттi құқықтық тiртiптi және мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн мемлекет әрбiр азаматтың, барлық қоғамның нарықтық экономикасы субъектiлерiнiң құқығымен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету керек. Егер мемлекет бұл функцияны орныдай алмаса, ол жағдайда елде қылмыстық iс - әрекеттер өрiс алады: қылмыстық iстер, мафия, каррупция, парақорлық т. б. жағымсыз құбылыстар кәсiпкерлiк iске, жалпы елдiң экономикасына апатты әсер етедi.
  2. Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономиканы тұрақты дамыту, ол үшiн макроэкономикалық оптималды көрсеткiштерге жету: жалпы ұлттық өнiм, iшкi ұлттық өнiм, таза ұлттық өнiм, ұлттық табыс, инфляция деңгейi және жұмыссыздық, бюджеттiң жетiспеушiлiгi т. б. Ол үшiн мемлекет қолда бар барлық рыногтар мен әдiстемелердi фискалдық финанс - несие, ғылыми техникалық және инвестицялық саясат арқылы iске асыру керек. Егер мемлекет экономиканы тұрақтандыруға көңiл бөлмесе, аудармаса, ол кәсiпкерлiк iске жағдай туғызбайды, әлеуметтiк жағдайлар нашарлайды т. б.
  3. Әлеуметтiк қорғауды және әлеуметтiк кепiлдiктi қамтамасыз ету . Мемлекет әлеуметтiк саясатты белсендi түрде жүргiзуге мiндеттi. Оның мәнi мынада: жұмыс iстейтiндерге минималды еңбек ақылармен, кәрiлiк және , жұмыссыздарға жәрдем ақымен қамтамасыз етуге кепiлдiк, тұрмыс жағдайы өте нашар жандарға көмек көрсету, инфляциямен байланысты белгiленген табыс алатындардың табысын индексациялау т. б. Мемлекет бұл саясатты жүргiзу нәтижесiнде барлық азаматтарға минималды күнкөрiс деңгейiн қамтамасыз етiп отырса халықтың наразылығы да болмайды.
  4. Бәсекелестiктi қорғау. Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестiк - негiзгi реттеу инструментi . Бәсекелестiк - барлық сферасында прогрестiң негiзi, ол тауар өндiрушiлердi ғылым жетiстiктерiн өндiрiске енгiзiп, өнiм сапасын арттыруға, өнiмнiң өзiндiк құнын төмендетуге ынталандырады. Сондықтан мемлекет бәсекелестiктi қорғауы тиiс. Бәсекелес жағдайда тұтынушы - қожа, нарық - агент, ал кәсiпорын оның құлы болып табылады. Ал монополия жағдайында тұтынушы қожалықтан, құлдыққа ауысады. Кәсiпкерлiкке үлкен құқықтық статус берiлуiмен бiрге шаруашылық сферасының әр түрлi салаларында жауапты мiндеттер жүктелген.

Кәсiпкерлiкте мемелкеттiк реттеуду кәсiпорын құру, кейбiр кәсiпкерлiк iс түрлерiн лицензиялау тәртiбi және осы ережелердi бұзғаны үшiн жаапкершiлiгi құралады. Тiркелмеген кәсiпорынның табыстары сот арқылы өндiрiлiп жергiлiктi бюджетке берiледi. Кәсiпкерлiк iстiң қажеттi жағдайы оның лицензиялануы. Кейбiр кәсiпкерлiк iске лицензия беру тәртiбi және жауапкершiлiгi арнайы заң актiлерiмен тағайындалады. Мысалы, тауар биржалары туралы заңмен лицензия беру тәртiбi, жинақтау және оның күшiн тоқтату тауарлық биржаларды лицензиялау ережесiмен анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелеу
Қазақстан мен шетелдердегі шағын және орта бизнестің дамуындағы қоғаммен байланыстың рөлі
Шағын және орта бизнесті дамыту мен инвестициялық қолдаудың теориялық-әдістемелік негіздері
Жаһандану жағдайындағы шағын және орта бизнес ұғымы және оның қоғамдағы рөлі
Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың салық кезеңі
Шағын кәсіпорындарға қаржылай және қолдау көрсету
ОҚО-ның кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің Қазақстан \Республикасына индустриалық-инновациялық 2003-2015 жж даму стратегиясы
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әрекет етуші жүйесі
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz