Түрік тілін үйретуде оқулықтың және көрнекі құралдардың алатын орны



I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:
A. Түрік тілін оқыту кезінде оқулықтың маңызы
мен алатын орны
Ә. Түрік тілі сабақтарында оқыту әдісі ретінде көрнекі
құралдарды пайдалану. Көрнекі құралдардың түрлері
Б. Түрік тілі сабақтарында техникалық құралдарды
пайдалану.
В. Түрік тілін оқыту кезінде маңызды орын алатын
әдістердің бірі . әңгіме әдісі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Оқулық дегеніміз – белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімнің негіздерін бағдарламаға сәйкес баяндайтын, оқу мақсатына арналған кітап. Оқулық оқылуға тиісті білімнің көлемі мен жүйесін белгілейді. Оқулық оқушылардың көзқарасын қалыптастыруға, белгілі бір білім саласына қызығушылықты нығайтуға елеулі әсер етеді. Нақты әдістемелік құрылымы арқылы оқулық оқушының ойлауы мен есін дамытуға жәрдемдеседі, оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Оқулықтың тілі оқушы тілінің дамуына ісер етсе, оның көркем безендірілуі әдемілікке тәрбилеуге ықпал жасайды.
Оқулыққа қойылатын талаптар: 1) мазмұны жағынан ғылымның қазіргі жетістігіне сәйкес болуы керек; 2) оқушыларды тәрбиелейтіндей болса игі. Оқулықта теорияны практикамен, өмірмен, қоғамдық өндіріспен байланыстыру жағы басым болады. Оқулықтағы бөлімдертдің өзара байланыстары біртұтас болуы керек және әр бөлім тиянақталып отырған жөн. Оқулықпен, оқу құралдарымен жақсы құрастырылған, жүйелі жүргізілген жұмыс оқушылардың түрік тілінен алатын білімдерін молайтып, дағдылары мен іскерліктерін жетлдіреді.
Ал көрнекілік әдісіне келетін болсақ, бұл әдіс тек түрік тілін үйрету кезінде ғана қолданылатын әдіс емес, бұл әдіс басқа да шет тілдерін оқыту әдістерінің ішінде орын алатын әдістердің түрі. Ол жаңа материалды түсіндіру сабақтарында да, өткен материалды қайталау, бекіту сабақтарында да кеңінен пайдаланады. Мұғалімнің сөзі мен көрнектілікті ұштастыру – түрік тілінің теориялық материалын оқушылардың саналы әрі берік меңгеруінің, практикалық дағдыларды игеріп, іскерлікке үйренудің негізгі шарты болып табылады.
1) Асхат Әбілқаев «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» - 1995ж.
2) Х. Арғынов «Қазақ тілі методикасы» - 1974ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

A. Түрік тілін оқыту кезінде оқулықтың маңызы

мен алатын орны

Ә. Түрік тілі сабақтарында оқыту әдісі ретінде көрнекі

құралдарды пайдалану. Көрнекі құралдардың түрлері

Б. Түрік тілі сабақтарында техникалық құралдарды

пайдалану.

В. Түрік тілін оқыту кезінде маңызды орын алатын

әдістердің бірі – әңгіме әдісі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе

Оқулық дегеніміз – белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми
білімнің негіздерін бағдарламаға сәйкес баяндайтын, оқу мақсатына
арналған кітап. Оқулық оқылуға тиісті білімнің көлемі мен жүйесін
белгілейді. Оқулық оқушылардың көзқарасын қалыптастыруға, белгілі бір
білім саласына қызығушылықты нығайтуға елеулі әсер етеді. Нақты
әдістемелік құрылымы арқылы оқулық оқушының ойлауы мен есін
дамытуға жәрдемдеседі, оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу
дағдысын қалыптастырады. Оқулықтың тілі оқушы тілінің дамуына ісер
етсе, оның көркем безендірілуі әдемілікке тәрбилеуге ықпал жасайды.

Оқулыққа қойылатын талаптар: 1) мазмұны жағынан ғылымның
қазіргі жетістігіне сәйкес болуы керек; 2) оқушыларды тәрбиелейтіндей
болса игі. Оқулықта теорияны практикамен, өмірмен, қоғамдық өндіріспен
байланыстыру жағы басым болады. Оқулықтағы бөлімдертдің өзара
байланыстары біртұтас болуы керек және әр бөлім тиянақталып отырған
жөн. Оқулықпен, оқу құралдарымен жақсы құрастырылған, жүйелі
жүргізілген жұмыс оқушылардың түрік тілінен алатын білімдерін
молайтып, дағдылары мен іскерліктерін жетлдіреді.

Ал көрнекілік әдісіне келетін болсақ, бұл әдіс тек түрік
тілін үйрету кезінде ғана қолданылатын әдіс емес, бұл әдіс басқа
да шет тілдерін оқыту әдістерінің ішінде орын алатын әдістердің
түрі. Ол жаңа материалды түсіндіру сабақтарында да, өткен материалды
қайталау, бекіту сабақтарында да кеңінен пайдаланады. Мұғалімнің сөзі
мен көрнектілікті ұштастыру – түрік тілінің теориялық материалын
оқушылардың саналы әрі берік меңгеруінің, практикалық дағдыларды
игеріп, іскерлікке үйренудің негізгі шарты болып табылады.

II.Негізгі бөлім:

А.Түрік тілін оқыту кезінде оқулықтың маңызы мен алатын орны.

Түрік тілінен білім беру мен дағдыға төселдіріп, іскерлікке
үйретудің бірден бір көзі болып табылатын оқулық пен оқу
құралдарын оқыту процесінде де, оның кластағы және үйдегі жұмысында
да шешуші орын алады. Мұғалім оқулық пен оқу құралдарын жаңа
материалды, ережжелер мен анықтамаларды түсіндіргенде де, жаттығулар
мен тапсырмаларды орындаған кезде де, келесі сабаққа берілген үй
тапсырмасына түсінік бергенде де қолданылады.

Оқулық қайталау сабақтарында да ең сенімді, қажетті құрал
болып табылады. Оқулықтағы материалды оқу әрбір жаңа жолдардың
арасындағы байланыстың болатындығын көрсете отырып, сұрақтармен қоса
жүргізілуі керек ( Мына бөлімде не туралы айтылады?). Одан әрі қарай
оқушылар оқулық бойынша мұндай жұмыстарды істеуге өздері де
дағдыланатын болады, яғни мұғалімнің жәрдемінсіз орындайды. Мұнда
оқулық тексінде кездесетін қиын ұғымдарға, терминдерге, күрделілеу
құрылған анықтамаларға мұғалім түсінік беруі қажет. Ал кейбір
жағдайда оқулықтағы анықтамалар мен ережелер, қорытындылар оқылып, сол
жайында түсінік беріп отыру да пайдалы.

Оқулықта келтірілген кестелерге талдау, үйге берілген
тапсырмаларды орындаудың үлгісін көрсете отырып түсіндіру, оқушылардың
оқулықпен, жаттығулар жинағымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға
әсерін тигізеді. Бірақ кітаппен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыруға әсерін тигізеді. Бірақ кітаппен жұмыс мұғалімнің жанды
сөзі мен оның түсіндіруін ешбір айырбастай алмайды. Оқулықта
материал мөлшері неғұрлым аз болса, мұғалімнің сол материалды
көбірек түсіндіруі үлкен рөл атарады. Екінші жағынан, мұғалім
оқулықта айтылдғандардың бәрін көз жұмып қайталай беруіне де
болмайды, оған сын көзімен қарап, жаттығулардың ішінен орындалуға
тиістісін таңдап таңдап-талғап алады.

Ә. Түрік тілі сабақтарында оқыту әдісі ретінде көрнекі құралдарды
пайдалану. Көрнекі құралдардың түрлері.

Көрнекі құралдар өзінің мазмұны жағынан сабақтың тақырыбына
сай болуы керек. Сабақта кестелерді пайдаланғанда мына сияқты
әдістемелік ережелер сақталуы қажет:

1. Оқушыларды кестелердің мазмұнымен таныстыру. Ол үшін әуелі
кестелердің негізгі бөлімдеріне (бөліктері, тақырыбы) көңіл
аударылады, содан соң негізгі түрінен, жалпыдан жалқыға қарай
бет ала отырып, материалды түсіндіру барысында әр пункттің
мазмұнын (параграф, мысалдың) ашу керек, басқа деректермен (өзара
ұқсас не айырымы бар) салыстыра отырып, тақырыптың теориялық
материалымен қажетті байланыс анықталады, онан әрі оқушылардың
өздері ойлап табатындай жұмыстар ұйымдастырылады.

2. Кестелерді түсінуге оқушыларды дайындау керек: а) сабақтың
тақырыбы туралы алдын ала әңгімелесу; ә) өткен сабақтардан
оқушыларға белгілі ұқсас кестелер жайында естеріне түсіру; б)
алдын ала сұрақ қою, не мұғалім ұсынған материалы бойыгша
грамматикалық тапсырмаларын орындау арқылы.

3. Кестеге оқушыларды үйрету керек, яғни олар ондағы қолданылған
шартты белгілерді танып, фактілер арасындағы байланыстарды
анықтай алулары (әр түрлі сызықтар арқылы астын сызу, доғаша,
оңша т.б.).

4. Кестелердің мазмұнын оқушылардың жадында бекіту: дәптерлеріне бұл
кестелерді көшірту, соған ұқсас кестелер жасап, оған оқушылардың
өзі ойлаған немесе көркем шығармадан алынған мысалдармен
ауыстыру; бақылау жұмыстарының алдында қайталап пайдалану арқылы.

5. Оқылып отырған материалға арнап оқушылардың өздеріне схемалар,
сызықтар, кестелер жасауға үйрету, бұл олардың грамматикалық
талдау кезінде (әсіресе синтаксистік талдауда), грамматика
бойынша әр түрлі үй тапсырмаларын орындағанда тиімді
пайдалануына мүмкіндік береді.

6. Класқа әкелінген кестеге назар аудару қажет, бұл мұғалімнің
жалпы көрнекі құралдарды пайдаланудағы іскерлігімен байланысты.
Кейде көрнекі құрал ілініп тұрады, онымен мұғалім сабақтың
соңында ғана тез-тез таныстырп шығады. Бұның пайдасы шамалы.

7. Сабақты кестелермен бастырмалатпау керек, өйткені бір мезгілде
көрсетілген бірнеше кесте оқушылардың назарын әр нәрсеге бір
аударады, алаңдатады, соның нәтижесінде оқушылардың негізгі
материалға деген ынтасы бәсеңдейді. Бір сабақта бір немесе екі
ғана кесте пайдалану жеткілікті. Ал бөлімді, тарауды қайталау
сабақтарында 3-4 кесте пайдалануға болады.

8. Тіклей қажеттігі болмаса, көрнекіліктің де қажеті жоқ. Егер өтіп
жатқан материал түсінікті болса, оны кестелер қолданумен
күрделендірмеу керек. Кестеге тек тақырыптың ең негізгі, түйінді,
түсінуге ауырлау соғады дегендері ғана енгізілуі қажет.

Бір жағынан, оқулықта берілген кестелерді елемей кетуге
болмайды. Мұндай кестелерді үй тапсырма бергенде пайдаланған жөн.

Түрік тілі бойынша кесте жасау. Кестелерге қойылатын талап
көптеген материалмен, әр түрлі таңбалармен бастырмалатпау, бір кестені
әр түрлі сызықтармен толтырмау керек. Бұл талаптар орындалмаған
жағдайда көрнекілік принципі бұзылып, оқытудың әдісі тиімсіз болып
шығады. Кестелер оқушылардың бәріне бірдей анық көрінетін болсын, бұл
ретте кестенің көлемі, әріптерінің мөлшері, бояу, оның түрлері
ескеріледі.

Көптеген көрнекі құралдардың ішінде түрік тілі
сабақтарында мыналар жиірек қолданылады: графикалық көрнекілік
(схемалар, кестелер, диаграммалар), символдық (тарих және география
карталар), бйнелеу құралдары (фото, картиналар, суреттер, кино), Табиғи
(зат пен құбылыстың өзін немесе олардың суретін көрсету) және
түрлі көлемдік (геометриялық фигуралар) құралдар.

Көрнекіліктің негізгі түрлері және көп қолданылатын
кестелер мен схемалар. Бұлар көбінесе мұғалімнің басшығымен класта
жұмыс істеуге арнлады. Мұның ең көп тараған түрлері:

a) альбом-кестелер;

b) кесте-сөздіктер орфографиялық (белгілі бір ережеге арналған)
немесе лексикалық (әр түрлі салаларды қамтыған);

c) лото және басқа да столда ойнайтын ойындар;

d) картиналар.

Түрік тіліне арналған кестелер: а) текстік (яғни өзінің
мазмұны жағынан бағдарламадағы және оқулықтағы тақырыптарға сәйкес
құрылған текстер); ә) текспен графикалық белгілер немесе суреттер
аралас. Бұл белгілі бір ережеге мысал ретінде қызмет атқарады.
Біріншісі (текстер) жаңа материалды индуктивтік оқуда пайдаланса,
екіншісі (текст-графика, сурет аралас) дедуктивтік оқуда пайдаланылады.
Кейде кесте-плакаттар қолданылады, онда тек ережелер тізбесі (мысалы,
орфографиялық не пунктуациялық тізбе) болады. Мұндай құралдар бір
емес, бірнеше сабаққа арналғандықтан, көп уақыт ілулі тұрады, олар
жинақтап қайталау кезінде, сондай-ақ оқушылар үшін анықталған құрал
ретінде пайдаланылады.

Түрік тілі бойынша жасалатын кестелердің мазмұны. Өзінің
мазмұны жағынан грамматикалық (морфология, синтаксис), фонетикалық,
орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық кестелер болады. Кестелер бір
ержеге арнаулы да, жинақтау түрінде де болуы мүмкін, соңғысында
бірнеше тақырып немесе ереже қамтылады. Жинақтаушы кестелер қайталау
кезінде қолданылады.

Кестелерде грамматикалық құбылыстарды білдіру үшін алынып
жүрген шартты белгілер мыналар:

1) Қажетті сөзді не оның құрамын, сөз тіркесін, сөйлемді, оның
бөлшегін айырып қарау: а) Түзу, ирек не үзік сызықпен
сызу. Сызғанда әр түрлі бормен сызған дұрыс. Оқушылар
кестені дәптерге көшіргенде, сиямен не қарындашпен сызады;
ә) оларды жақшаға алу (жай, түзу және ирек); б) тік
сызықпен бөлу (түзу, ирек, үзік).

2) Грамматикалық құбылыстарды геометриялық фигуралармен
белгілеу. Мұндайда әр фиргура бір-бір сөйлем мүшесін
білдіреді:

Класс тақтасын және фланелеграфты пайдалану. Көрнекілік
мақсатында класс тақтасын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Онда
мұғалімнің жазуы әдемі әрі анық болуы қажет. Мұғалімнің бұл
іскерлігі баспадан басылып шыққан көрнекі құрал болмаған жағдайда
көп пайда келтіреді. Мұнда материалды дұрыс орналастыру үшін,
тақтаның бетін дұрыс бөлуге көңіл аударған жөн. Тақтаны пайдалану
үлгісінің оқушыларға тәрбиелік мәні бар (дәптерін ұқыпты ұстауға,
үйге берілген тапсырманы тиянақты орындауға үйретеді). Тақтаға
схемаларды сызуға оқушыларды қатыстыру, оған түсіндірілетін материалды
жаздыру, оларды өздігінен көшіру, үлкейту, кейіннен өз бетінше
көрнекі құралдарды жасай білуге даярлайды.

Класс тақтасымен қатар, магнитті тақта (фланелеграф) деп
аталатын тақтаны да пайдалануға болады. Фланелеграф – кішірек келген
алып жүруге ыңғайлы тақта-экран. Ол жұмсақ материалдан жасалынып,
оқтауша орала береді. Бұған бұрыннан қатты қағазға жұқа картонға
салынып дайындалып қойылған суреттер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы
Интернет желісіне қосылу
Оқушыға арналған көрнекі құралдар
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ӘДІСТЕРІ
«Электронды оқулық ағылшын тілін оқытудағы инновациялық құрал ретінде»
Бастауыш сыныпта сауат ашу кезеңінде көрнекілікті тиімді қолданудың жолдары
Қазақ тілінде тіл дамыта оқытудың жалпы даму тарихы
Эффектілі оқыту стратегиялары
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»
«Шетел тілін деңгейлеп оқытудың мәселелері»
Пәндер