Стратегиялық даму



КІРІСПЕ


СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ МЕН АЛЬТЕРНАТИВТІ ТЕОРИЯНЫ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық - әдістемелік және тәжірибелер меңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып , жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын ( бағытын ) ойластыруды терең түсіну ықпал етеді.
Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А. Смит , Д. Рикардо , К. Маркс , Ф. Энгельс , В. Леонтьев т.б. ғалымдар айналысты.
Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты екі жүйеден - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы , егер бұл категорияға техникалық – экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ , дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы және де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы , ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын , оның материалдық – техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай – ақ , қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген ерлердің ұлттық шаруашылығы , әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік экономикалық сипатын көрсетеді.
1. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдау, Астана, 2005 жылғы 18 ақпан. – Егемен Қазақстан, 1 наурыз.
2. Әбдiжапар Сапарбаев “Инновация – негiзгi қозғаушы күш” // Егемен Қазақстан, 24 наурыз, 2004 ж.
3. Елемесов Р. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. Алматы, 2002 г.
4. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 2002 ж. – 216 б.
5. Кубаев Е. Экономичская политика и экономический рост. Алматы, 2004 г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ МЕН АЛЬТЕРНАТИВТІ ТЕОРИЯНЫ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз –
ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу
үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір -
біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе
қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен
теориялық - әдістемелік және тәжірибелер меңызы бар. Әрі қазіргі
кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып
жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып ,
жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын ( бағытын ) ойластыруды
терең түсіну ықпал етеді.
Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А.
Смит , Д. Рикардо , К. Маркс , Ф. Энгельс , В. Леонтьев т.б. ғалымдар
айналысты.
Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты екі жүйеден -
ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық
байланыстардан тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын
бірнеше элементтері бар. Мысалы , егер бұл категорияға техникалық –
экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ , дүниежүзілік шаруашылықтың
дамуы және де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады.
Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы ,
ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын , оның
материалдық – техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай
– ақ , қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген ерлердің ұлттық
шаруашылығы , әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа
елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік
шаруашылықтың әлеуметтік экономикалық сипатын көрсетеді.
Дүниежүзілік шаруашылық дегенде , тек бір ғана қарапайым
байланысты ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық жиынтығынан тұратын:
халықаралық еңбек бөлінісі мен еңбекті кооперациялау нәтижесінде
туындайды мемлекетаралық экономикалық қатынастарды да сөз етеміз.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ МЕН АЛЬТЕРНАТИВТІ ТЕОРИЯНЫ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ
Қазіргі жағдайда кез – келген мемлекеттің экономикасының дамуы
дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан –
жақты дами алады.
Әлемнің біртұтастығы алуан түрлі , 160-тан астам тәуелсіз,
экономикалық еркін субъектілерді қамтиды. Әр ел өзінің тарихи –
географиялық , ұлттық , әлеуметтік – саяси құрылымы бойынша , бір –
бірінен ерекшеленеді. Ұлттық экномикалық жүйелердің әлемдәк
щаруашылыққа бірте – бірте кіруі қажеттіліктен туындап отыр , сондай –
ақ оған XX ғасырдың соңындағы ғаламдық заңдылықтардың бірі деп
қажет. Бұл заңдылықтар көптеген елдерде болып жатқан экономикалық
және саяси реформаларға , әр елдің ішкі күрделі шешімдеріне
байланысты сол елдрдің экономикасын дүниежүзілік еңбек бөлінісіне
итермелейді. Социалистік елдердің экономикасы жалпы алғанда сыртқы әлемге
жабық болды, мемлекеттік принципті уағыздады, соған байланысты ұзақ жылдар
бойы ұлттық шаруашылықтың артта және бір орында қалуы байқалды. Буның өзі
кәсіпорындардың ғылыми техникалық өзгерісті қабылдауын, сондай-ақ,
бәсекелесу механизмін төмендетті, ал ол ұсыныс пен сұраныс заңдалақтарының
құралы.
Бүгінгі таңда аталған мәселелер уақыт ағымынан кейін артта қалып
отыр, демек, тағы да бір мойындайтын қағида : ұлттық экономиканың
дүниежүзілік шаруашылықтың бір бөлігі деп қаралуының өзі, оны ХЭК-тар
пәнінде тереңірек қарастыруға бағыттайды.
ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономиканың негізгі бағыты оның ғаламдық
сипат алуында және бұл шешуі фактор халықаралық экономикалық байланыстардың
жаңа кезеңі болып табылады.
Қазақстан Президенті өзінің Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге
қабілетті экономика және бәсекеге қабілетті халық деген Жолдауында атап
өткендей экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық
өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып
табылады. Біз бұған экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы
елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз. Мен
бұл ретте мемлекттік қолдаудың оңтайлы ролі, бір жағынан, экономиканы
барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуде, екінші жағынан –
инфрақұрылымды жасау және басым салаларды дамытуға жекеменшік салаларды
дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп
білемін деген еді. Елбасымыз 2005 жылы экономиканы дамытудың негізгі
бағыттарына келесілерді жатқызды:
• Экономиканы одан әрі ырықтандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру
арқылы бәсекелестікті дамыту мен бюрокритизациялау;
• Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;
• Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;
• Ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
• Инфрақұрылымды дамытуды ееркше атап өтті.
Бұл Жолдауда үкімет ырықтандыру мен табиғи монополиялар салаларын:
телекомуникацияларды, элект энергиясын, темір жолдарды қайта құрылымдау
бағытындағы жұмысты жандандыруы керек.
Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік
экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз. Сондықтан да
Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі және оның талаптарына сай болуы
қажетті. Өйткені сауда ұйымына кірісімен біздің отандық өндіріс салалары
бәсекеге төтеп бере алмай жаппай құлдырауға ұшырауы мүмкін. Сонлықтан жедел
түрде ұлттық шаруашылықтың бәсекеге қабілетін арттыру қажеттігі туындап
отыр, ол үшін өнеркіптің өңдеуші жоғары технологиялы салаларын дамыту күн
тәртібіндегі шешуді қажет ететін мәселенің бірі екені бәрімізге белгілі. Ал
мұны шешудің бірден бір жолы ұлттық экономиканы индустриялы-инновациялы ел
ретінде қалыптастыру, отандық өнеркәсіп өнімдерінің шикізатқа
тәуелділігінен құтылуға жол ашу болып табылады.
Сонымен қатар еліміздегі әлеуметтік сала мемлекетіміз үшін басымдықтар
қатарында болып келді, оны шешуді соңғы жылдары жаппай қолға ала бастады.
Оған мысал ретінде Елбасымыздың биылғы жылғы 18 ақпандағы кезекті
Қазақстан экономикалық, әлеуметттік және саяси жедел жаңару жолында деген
халыққа Жолдауында Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары
стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің
қатарына қосылуға тиіс. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге
қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. Осы Жолдау негізінде
еліміздің әлеуметтік саласына, атап айтқанда XXI ғасыр деңгейінде білім
беруде жоғары технологиялық және ғылыми негізде өндіріс үшін кадрлар қорын
жасақтауды, әрбір Қазақстандық жоғары білім алуға нақтылы мүмкіндік
жасауға, білім беруге гранттардың мөлшерін 50 % арттыруға, оқытушы
ұстаздардың жағдайларын жақсартуға, 2008 жылдан бастап 12 жылдық білім
беруге көшуге ұсыныс жасалды.
Сонымен қатар Жолдауда ана, бала, аға ұрпақ мәселесіне ерекше көңіл
бөлінетіндігін, балалардың және аналардың өмірінің лайықты қамтамасыз
етілуіне жағдай жасауды атап өтті.
Еліміздегі тұрғын үй мәселесі бойынша Елбасымыз биылғы жылдан бастап
тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыратынын, тұрғын үй құрылысы
біздің экономикамызды алға сүйрейтін қуатты күшке айналдыратынын анық
айтты.
Жолдауда биылғы жылдан бастап іс жүзінде әрбір отбасының мүддесіне
игі ықпалын тигізетін 2005-2007 жылдарға арналған Әлеуметтік реформаларды
одан әрі тереңдету бағдарламасын іске асыра бастады. Биылғы жылы 1 шілдеден
бастап бюджет саласының қызметкерлерінің жалықысын орта есеппен 32 пайыз
көтеруді, ал 2007 жылдан бастап орта есеппен 30 пайыз көтеру, сонымен қатар
1 шілдеден бастап ең минималды жалақы деңгейі 9200 теңге құрап,
студенттердің степендияларын екі жарым еседей көтеретіндігін баса айтты.
Осыдан көретініміз ұлттық экономикамыздың экономикалық-әлеуметтік дамуы
жылдан-жылға қарқынды даму үстінде болып келетіндігінде.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім жеті
жүз доллардан ғана асса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 2700$-ға жетті, ендеше
2005 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 3000$-ға жетеді деген шама бар.
Ал экономикалық даму қарқынымыз тұарқты болып отырса, онда 2010 жылы жан
басына шаққандағы ЖІӨ 5800$-ға жетіп, ол қазіргі Венгрия, Малайзия, Польша
елдерінің бүгінгі деңгейіне жетер еді. Осылайша 2015 жылы шамамен ЖІӨ 9000$-
ға жеткізуге шамамыз бар деп атап көрсетті елбасымыз.
Еліміздің даму жоспарында 2000 жылы ЖІӨ көлемін 2010 жылы екі есе
ұлғайтуға жоспарлаған болатын, ал экономикамыздың тұрақты дамуы бұл шамаға
жоспардан бұрын 2008 жылы жету сенімі бар. Әрине бұл жас Қазақстан
Республикасы үшін зор жетістіктер болып табылады.
Бүгінгі ТМД елдері ішінде Қазақстанның Қаржы жүйесінің дамуы және
жалпы экономикалық белсенділігі жағынан алғашқы орынды иеленді. Бұл өз
кезегінде өткен жылдардағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық дамуы
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Стратегиялық және оперативті контроллинг
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы
Стратегиялық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
Экономикалық дамудын индикативтік жоспарлаудың маңызы
Кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлау
Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі мен мәні
Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні жөнінде
Пәндер