Қазақстанның жедел дамуының елдің демографиялық ахуалына әсері


ЖоспарКіріспеҚазақстанның жедел дамуының елдің демографиялық ахуалына әсеріТәуелсіздік және демографияЕңбек миграциясыҚорытындыҚазақстанның жедел дамуының елдің демографиялық ахуалына әсеріҚазақстан халқы өз тәуелсіздігіне ие болып, нарық қатынастарына көшіп, дербес әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізе бастаған кезде ел жағдайының жедел жақсаруына ең әуелі мұнай-газ секторына құйыла бастаған шетелдік инвестициялардың жағымды әсер еткені белгілі. Бұл жағдай экономиканың басқа салаларына да серпіліс туғызып, елімізде көптеген жұмыс орындарының ашылуына себепші болды. Cалық төлеу жақсарып, мемлекеттік бюджет көлемі жылдан жылға жедел өсіп, көптеген әлеуметтік бағдарламалар іске қосылып, халық тұрмысы алға басты. Сөйтіп, аз уақыттың ішінде Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштері жөнінен кеше ғана өзімен бір қазанның ішінде қайнаған, яғни жағдайы бірдей, тіпті кейбір мәселелер жөнінен артық болған ТМД елдерінің көшбастаушысына айналды.Осындай оң өзгерістер нәтижесінде соңғы екі-үш жылдың аясында байқалып, барған сайын көзге ұра түскен тағы бір үлкен құбылыс - Қазақстанның тек қаржы инвестициясы ғана емес, сонымен қатар адам ресурстары үшін де әлемдегі тартымды елдердің біріне айнала бастағандығы. Осыған сәйкес алдағы уақытта Қазақстанда тұрып, тіршілік құрушылар саны әлдеқайда көбейе түседі деген болжамдар айтылуда. Тек соңғы екі-үш жылдың өзінде ғана халықтың табиғи өсім көрсеткішінің жедел өсу бағытына қарай ойысқандығы, шет мемлекеттерден оралман ағайындарымыз көптеп орала бастауы, сондай-ақ көршілес елдерден Қазақстанға жұмыс іздеп келушілер қарасы күрт артып, еңбек миграциясы үдей түсуі бұл болжамның расқа шығуы әбден мүмкін екендігін көрсетеді. Міне, осындай жағдайда Үкімет тарапынан реттеу шаралары дұрыс жүзеге асырылатын болса, біздің ойымызша, бұл құбылыстар көп өтпей-ақ Қазақстан болашағына, оның демографиялық ахуалына үлкен әсер ете бастайды. Соның ішінде әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, әсіресе, елімізге сырттан болатын миграция арқылы еңбек күштерінің топтасуы өңірлердің дамуын жеделдетіп, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына алып келуі әбден мүмкін. Міне, сол тұста Қазақстан Республикасының азаматы деген аттың мәртебесі артады. Ол сырттан жұмыс күшін көптеп қабылдайтын бай елдердегі секілді осы атқа иелік етушіге едәуір артықшылықтар бере алатын болады деп ойлаймыз. Дегенмен осы халықаралық еңбек миграциясы туралы айтқанда қашан да болсын таяқтың екі ұшы болатындығы ескерілуі керек.Сонау ғұндар мен түркі қағанатынан басталатын бабалар тарихын былай алып қойғанның өзінде, қазақ халқы үшін жоңғар шапқыншылығынан бергі көп заманның күйзеліспен, күңіренумен өткені белгілі. Оның ақыры бодандыққа бас ұрғызды.Өткенге салауат десек те осынау алып даланың, өлшеусіз байлықтың бүгінгі мұрагерлері біздер неге азбыз? Ата-баба жұртында отырғандықтан, бауырымыздан көп халықты бөліп шығарғандығымызды кәрі тарих растайды. Бүгінгі саны алпыс миллионнан асқан Түркияның ұйысқан қалың елі өздерін бағзы бір замандарда Алтайдан Анадолыға келіп қоныс тепкен көктүріктер, ал біздерді өз отанында қалып кеткен бабатүріктер деп атайды екен. Ендеше өз жұртымызда отырып, біз неге өсіп-өнбедік? Әрине, бұл сұраққа бір мақаланың аясында толық жауап беру қиын. Сондықтан біз өз назарымызды көп алысқа бармай-ақ өзімізге біршама таныс кеңестік кезең деректеріне аударғанды жөн көрдік. Осындай мақсатпен Мәскеудің “Советская энциклопедия” баспасынан 1985 жылы шыққан “Демографический энциклопедический словарь” деген кітапты қолға алдық.Осы кітаптағы деректер бойынша 1926 жылы Кеңес еліндегі (яғни тек Қазақстандағы ғана емес) қазақтар саны 3 миллион 968 мың, өзбектер саны 3 миллион 989 мың адамды құрағандығы көрсетіліпті, яғни сол тұста екі халықтың сан мөлшері тең болған.Дегенмен 1979 жылы, яғни осыдан елу жылдан астам уақыт өткеннен кейін қазақтар саны 6 миллион 556 мың адамға жеткенде, өзбектер саны 12 миллион 456 мың адамды құрап, қазақтардан екі есе асып түскен екен.Осы аралық кезеңде қазақ халқының өсу көрсеткіші басқа орталықазиялық елдермен салыстырғанда да өте кем болған. Мәселен әзірбайжан, тәжік, түркімен, қырғыз халықтары саны жағынан 2, 8-3, 2 есе өскен уақытта біз бар болғаны 1, 7 есе ғана өсіппіз.Сонымен кеңестік жетпіс жыл уақыт кезеңі қазақ халқы үшін демографиялық тұрғыдан оншама жайлы болмаған екен. Өйткені Кеңес өкіметіне толық қараған жиырмасыншы жылдардың соңында саны бізбен шамалас болған өзбек халқы қазір жиырма миллиондық деңгейден асып түсті. Сол тұста саны 700-800 мыңның айналасында болған қырғыз, тәжік халықтарының әрқайсысы қазір 4-5 миллионға жетті. Сол кезде 12-13 миллион шамасында болған Түркиядағы түрік бауырларымыздың саны қазір 60 миллионға тақағандығын жоғарыда айтып та кеттік. Ал сол тұста 2 миллиард шамасында болған бүкіләлем халқы қазір 7 миллиардтық деңгейге жетіп қалды. Міне, осы әлемдік орташа өсу көрсеткішіне ілесіп отырған жағдайдың өзінде ғана қазір біздің санымыз кемінде 13-14 миллионды құраған болар еді. Өкінішке орай, біз Қазақстанның өз ішінде 9 миллиондық көрсеткішке осыдан бір ай бұрын ғана жеттік. Демек табиғи өсім тұрғысынан алғанда біз айналамыздағы көп халыққа қарағанда, әсіресе, азиялық, африкалық халықтарға қарағанда неге кенжелеп қалдық?Бұл жерде көп мәселе сол отызыншы жылдардан бастау алған қызыл қырғынға, солақай саясат салдарынан туындаған ашаршылыққа байланысты екендігін қазіргі демограф ғалымдарымыз жақсы жазып жүр. Олардың кейбірі біз жоғарыда тілге тиек еткен кеңестік деректердің өзіне күмәнмен қарайды. Біздің халық үшін шынайы деректердің бұдан да қасіретті екендігін айтады.Дегенмен қуғын-сүргін тоқтатылып, әлеуметтік жағдай жақсара түскен өткен ғасырдың алпысыншы жылдары мен тоқсаныншы жылдарының арасындағы отыз жыл уақыт ішінде Кеңес Одағы халықтарының ішінде өсім жағынан жақсы көрсеткішке жетіскендердің бірі - біздің халқымыз болыпты. Осы уақыт аралығында республиканың өз ішіндегі оның саны екі жарым еседей өскен екен. Бірақ, өкінішке орай, қанша өсімталдық көрсетсе де өз жерінде отырып-ақ азшылыққа айналған. Қазақстан көп ұлттың лабораториясы деген желеумен тілі мен дінінен де айырылып қалу қаупі төнген.Міне, сол кезеңдегі жүргізілген саясаттың ащы зардаптарын Қазақстан әлі күнге дейін тартып келеді. Өз тілін білмейтін, өз ұлтының дәстүрлеріне мұрын шүйіре қарайтын тұтас бір ұрпақ өсіп жетіліп отыр. Сөйтіп енді өз тілімізді қашан көркейтеміз деген мәселеде қазақ пен қазақ дауға түсті. Ұлт үшін бұдан үлкен қасірет бола қоймас.Сөйтіп, өткен ғасырдың орта шеңдегі дамушы елдердегі халық санының жедел өсуінен пайда болған “демографиялық дүмпу” немесе тура мағынасында аударғанда “демографиялық жарылыс” үрдістері біздің халқымызды да айналып өткен жоқ. Дегенмен, қазақ халқы, жалпы Қазақстан халықтары үшін нағыз демографиялық дүмпудің ең үлкен мүмкіндіктері әлі алдымызда тұр деп ойлаймыз.Тәуелсіздік және демографияҒылыми-техникалық прогресс пен демократиялық үдерістердің дамуына байланысты қазір жеке тұлғаның ғана емес, бұл дүниедегі әрбір адам баласының рөлі арта түскендігі сезіледі. Осыған орай Қытай, Үндістан секілді миллиард халықтың басын құраған елдер өздерінің әлемге жасайтын әлеуметтік-экономикалық ықпалдарын арттыру арқылы “ендігі заман адам санына бай ірі мемлекеттердікі болады” деген болжамды расқа шығару үстінде. Түптің түбінде санның сапаға айналмай қоймайтындығына философия заңдылықтары да дәлел бола алады.Ел мен оның халқының дұрыс дамуы үшін ең бірінші не қажет? Әрине, ең бірінші елдің тәуелсіз, жеке бастың азат болуы қажет. Бірдемеге тәуелділік, әсіресе саяси тәуелділік халықтың еңсесін түсіреді, ойлағанын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Мұны ХІХ ғасырда Шоқан Уәлиханов айтқан болатын. Осы тұжырым ақыр аяғында оның патша саясатына деген наразылығын оятты. Ол қазақ жерін отарлаған патша әскеріне қызмет етуден бас тартты.Сонымен сан ғасыр арман еткен, алаш азаматтарының асыл мұратына айналған тәуелсіздікке де қол жеткіздік. Бастабында көптеген қиындықтарға тап болдық. Тәуелсіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету барысында, соның ішінде нарық экономикасына өтудің күйзелісті шақтарында қазақ жеріне тіршілік үшін келген келімсек халықтардың біразы өздерінің тарихи отанына оралуды ниет етті, енді біразы жайлы жер іздеді. Міне, осындай себептермен эмиграциялық үрдістер етек алды. Ресейге, Германияға, Израильге қоныс аударушылар көбейді. Мәселен, біздің қолымыздағы дерек бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ғана Германияға 340 мыңнан астам адам (яғни бір облыстың халқы) қоныс аударған. Сөйтіп Қазақстан халқының саны 1991 жылы 16 миллион 451 мың адамнан 2001 жылы 14 миллион 846 мың адамға дейін төмендеп, он жыл уақыттың ішінде 1 миллион 600 мыңға азайып кетті. Дегенмен осы 2001 жыл халық саны азаюының тоқтаған жылы болып, 2002 жылдан бастап ол қайта көтеріле бастады. Статистикалық органның 2006 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметі бойынша, Қазақстан халқының жалпы саны 373 мыңға өсіп, 15 миллион 219, 3 мың адамды құрады.Осы ретте атап көрсететін бір мәселе, елімізде тәуелсіздік алғаннан бері қарқын алған миграциялық үрдістердің қазақ халқының пайдасына шешілгендігі. 1980 жылдардың басында, яғни Қазақстанды интернационализм рухы барынша кернеп тұрған тұста ондағы қазақ халқының үлесі бар болғаны 36 пайызды ғана құраса, соңғы кездердегі сыртқы көші-қон үрдістерінің нәтижесінде ол 60 пайызға жуықтады. Яғни, Қазақстан халқының басым көпшілігін қазақтар құрап отыр. Әр ұлт тәуелсіз болған жағдайда ғана жақсы дами алатындығына осының өзі жақсы бір дәлел.Сондай-ақ соңғы екі-үш жылдың айналасында байқалып отырған тағы бір құбылыс - Қазақстаннан кетушілердің азайып, келушілердің көбейе түсуі. Мәселен, 2001 жылы елімізден 141710 адам кетіп, 53548 адам келсе (теріс сальдо 88162 адам), 2004 жылы 65530 адам кетіп, 68319 адам келген (оң сальдо 2789 адам) . Сөйтіп тәуелсіздік алғаннан бері 2004 жылы алғаш рет кетушілерден келушілер басым түсті.Осындай миграциялық өзгерістер елімізде неліктен жедел жүзеге асуда? Халықтың шет елге жылына жүз мыңдап кетуінің күрт тежеліп, қайта келушілер санының арту сыры неде? Әрине, көп мәселе еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жедел жақсаруына байланысты болып отыр. Міне, соның нәтижесінде кезінде елімізден асығыс көшкен орыс, неміс халықтары өкілдерінің ішінара болсын қайта орала бастағандығы сезіледі. Мәселен, 2004 жылы Ресейден 18565 адам, ал алыс шетелдерден 6488 адам көшіп келген екен. Өкінішке орай, бұл жөніндегі соңғы жылдардың деректері біздің қолымызда болмай отыр. Бірақ көшіп келушілер саны артпаса кемімегендігін іштей шамалауға болады.Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруынан туындаған ең үлкен қуанышты құбылыс -халықтың табиғи өсімінің қайта қалпына келе бастауы дер едік. (Табиғи өсім дегеніміз әрбір 1000 адамға есептегендегі туғандар мен өлгендер санының ара қатынасы) Егер 1990 жылы Қазақстан халықының жалпы табиғи өсімі 14, 3 адамды құраса, 2000 жылы ол 4, 7 адамға дейін төмендеп кеткен еді. Ал статистика органының соңғы деректері бойынша, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында ғана елімізде 70173 сәби дүниеге келген. Бұл былтырғы жылдың осы мерзіміндегіден 3 пайызға артық. Туу коэффициенті әр 1000 адамға шаққанда - 18, 4 сәби. Өлгендер коэффициенті - 10, 2 адам. Сөйтіп халықтың табиғи өсім коэффициенті бірінші тоқсанда - 8, 2 адам болып отыр. Яғни, 2000 жылға қарағанда еселеп жақсара түскен.Халықтың табиғи өсуі - оның демографиялық дамуының ең өзекті көрсеткіштерінің бірі. Өйткені, мына дүниеде табиғи түрде өсуге бейімділігінен айырылған халықтар да аз емес. Мәселен, Францияда жылына әрбір 1000 адамға шаққанда 13 адам өмірге келсе, 10 адам қайтыс болады екен. Ұлыбританияда 13 адам туса, 11 адам өледі. Жапониядағы туу көрсеткіші бұдан да төмен. Әрбір 1000 адамға шаққанда 10 адамнан да айналмайды. Бір жақсысы, өлу көрсеткіші де өте аз. Әр 1000 адамға - 7 адамнан. Яғни жапондықтар жер бетінде ұзақ жасайтын халықтардың бірі.Міне, осындай себептерге байланысты, яғни туу көрсеткіштерінің өте төмендігінен Еуропа халықтары жылдан жылға қартайып келеді. Ал демографиялық тоқырауға ұрынған мұндай халықтардың болашағы бұлыңғыр тартатыны белгілі. Өйткені, қарттар көбейген сайын еңбекті кім істейді деген проблема бас көтереді. Әзірге Еуропаның қолын осындай қысылтаяң шақта осы өңірге дамушы елдерден ағылып жатқан еңбек иммигранттарының ұзартып отырғандығы сезіледі. Елдегі жалақысы аз, ең ауыр жұмыстарды осылар атқарады. Бірақ өте жіті назар аударып отырмаса, мұның ақыры қайда апарып соғуы мүмкін екендігін Франция жерінде былтыр болып өткен иммигранттар толқулары айқын көрсетіп берді.Еңбек миграциясыҚазақстанда таяудағы жылдары демографиялық үрдістер ішінде ең қарқынды дамитыны еңбек миграциясы екендігі қазірдің өзінде белгілі бола бастады. Жыл сайын елімізге жұмыс іздеп қанша адам келіп кетеді? Мұны ешкім тап басып нақты айта алмайды. Тиісті органдардың кейбірі мөлшермен 300 мың адам деп бағаласа, енді бірінің болжамы бойынша 1 миллион адамға жетіп жығылады екен. Есептегі мұндай ала-құлалық миграцияның бұл түрінің көбінесе жасырын сипаты басым болып келетіндігіне байланысты. Себебі жұмыс беруші кәсіпкерлер салық түрлері мен заңдылықтарға байланысты туындайтын қосымша шығындардан қашып, өзінің шетелден қанша адамды жұмысқа тартып отырғандығын жариялағысы келмейді.Міне, осындай себептерге, яғни бизнес жүргізу үшін пайдалылығына байланысты еңбек миграциясы бүкіл әлем бойынша кеңінен өріс алып отыр. Егер жалпылай айтатын болсақ, өткен ғасырдың орта тұсынан бастап бүкіл әлемнің өзгеріске түсуіне, өңірлердің жедел дамуына, жер бетінің халқының сапырылысып кетуіне әсер етіп отырған екі-үш құбылыс болса, соның ең бастылары - басы артық қаржы капиталы мен еңбек күштерінің (яғни еңбек миграциясының) еркін қозғалысқа еніп, бүкіл әлемді шарлай бастауы дер едік. Ал енді мұндай құбылыстың өркен жаюына бірінші кезекте ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуы мен технологиялардың жетілуі, бизнеске беріліп отырған еркіндік пен қоғамның ақпараттандырылу жағдайының күшеюі секілді факторлардың үлкен әсер еткені анық.Әдетте халықаралық ірі бизнестің жер бетін шарлап гүлден бал тартатын аралар секілді пайда табу мақсатымен минералдық шикізат көздері ашылған өңірлер мен арзан жұмыс күштері орналасқан елдерге үйір келетіні белгілі. Өйткені мұндай өңірлерге салынған капиталдың түсіретін пайдасы да шаш-етектен. Бұл жағдай халықаралық еңбек миграциясының жаңа толқындарын тудырып отырады. Ақыр аяғында бұлар сол өңірдің жедел өркендеуіне алып келеді.Жалпы миграция дегеніміз ертеден бері келе жатқан құбылыс. Дегенмен өткен ғасырдың ортасынан бастап осылардың арасында еңбек миграциясы барынша бел алды да, ол әлемнің барлық елдерін шарпыды. БҰҰ мәліметтері бойынша, 1990 жылдардың басында әлемнің әр түрлі елдеріндегі еңбек мигранттарының саны 25 миллион адамды құраған. Ал егер осыған олардың отбасыларын, сондай-ақ есепке кіре бермейтін өте қысқа мерзімдік және жасырын жүретін мигранттарды қоссақ, бұл цифрдың көлемі 3-5 есе арта түсетіні анық.Соңғы уақыттары халықаралық еңбек миграциясының түрлері де өзгеріске түсе бастады. Ертеректе жұмыс іздеген адамдар басқа елдерге тұрғылықты тұру мақсатында қоныс аударатын болса, енді уақытша барып еңбек етушілердің үлес салмағы артып отыр.Сондай-ақ миграцияның бұл түрінің географиялық ауқымы да барған сайын кеңейіп келеді. Ертеректе халықаралық миграцияның маңызды орталықтары деп АҚШ, Канада, Австралия, Израиль, Германия, Франция секілді елдер ғана аталса, бұдан кейін бұл тізімге Сауд Арабиясы, Кувейт, Араб Әмірлігі, Аргентина, Венесуэла, Бразилия, Сингапур, Жапония, ОАР секілді елдер келіп қосылды. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуроодақтың құрылуына байланысты осы құрлықта ресми тіркелген иммигранттардың саны 13 миллионнан асып жығылса, сексенінші жылдардың ортасында Араб шығысына жұмыс іздеп келушілер саны 6 миллион адамды құраған. Осының ішінде қызықты бір құбылыс - кейбір араб елдерінде иммигранттар санының жергілікті тұрғындардан әлдеқайда басым түсуі. Мәселен Кувейтте тұрушылардың 80 пайызын, Араб Әмірлігінің - 75 пайызын сырттан келушілер құрайды. Ал 1950 жылы бұл елдердегі осы көрсеткіш 5 пайыздан аспаған екен.Әлем бойынша ерекше белең алып отырған миграция түрі - жасырын еңбек миграциясы. Әсіресе, көршілес елдердің арасында жиі болып тұратын осы құбылыс соңғы кездері континентаралық деңгейге дейін көтерілді. Әртүрлі деректер бойынша АҚШ-та әр жылдары осындай иммигранттар саны 2-4 миллион адам аралығында ауытқып отырса, кей жылдары 13 миллионға дейін жетеді екен.Міне, әлемде жүріп жатқан осы жағдайларды есепке ала отырып, Қазақстанның алдағы уақыттағы демографиялық болашағына да ой жүгіртіп көруге болады. Қазақстан осы уақытқа дейін әлемдік қауымдастық үшін оншама ашылмай келген ел еді. Әлемнің көп халқы Еуразияның кіндік тұсында, яғни батыс пен шығыстың қақ ортасында орасан зор табиғи ресурстарды бауырына басып жатқан және аса үлкен транзиттік мүмкіндігі бар Қазақстан деген алып ел барын білмейтін. Біздің елімізді алғашқылардың бірі болып батыстың ірі мемлекеттерінің трансұлттық компаниялары таныды. Бірте-бірте орта бизнес өкілдері де Қазақстанға назар сала бастады. Ал өзімізбен көршілес Орталық Азия мемлекеттерінің қарапайым халқы Қазақстанда жақсы тұрмыс бар екендігіне қазірдің өзінде көз жеткізіп, осы өңірге ұмтылыс танытып отыр.Сонымен Қазақстанның әлемдік деңгейде танылу дәуірі басталды. Онымен ынтымақтастық орнатып, экономикалық байланыс жасауға ұмтылған елдер қатары жылдан жылға арту үстінде.Бұл әлі алдағы болатын үлкен өзгерістердің басы ғана деп ойлаймыз. Үлкен демографиялық үрдістерге қозғау салатын негізгі алғышарттар енді ғана қалыптасып, жетіле бастады. Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүйесіне кірігуі мен оның экономикасына құйылып жатқан капиталдың жылдан жылға арта түсуі, отандық бизнестің шапшаң қарқынмен дамуы, елдегі орташа жалақы көлемінің көбеюі мен кәсіпкерлердің арзан жұмыс қолына деген зор ынтасы және еліміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылу жөніндегі ниеті, жер бетіндегі игерілмеген өңірлердің азаюы мен әлемдегі халық санының жылдан жылға артуы, соның ішінде біз өмір сүріп жатқан Азияда халықтың тым тығыз шоғырлануы (мәселен әлем бойынша әр шаршы шақырымға 42 адамнан, Еуропада - 70, Азияда - 125, Қазақстанда - 5, 5 адамнан айналады екен) мен осыған ұқсас басқа да көптеген факторлар елімізге сырттан келетін адамдар санының көбеймесе, азаймайтындығын көрсетіп отыр.ҚорытындыДемек Қазақстан үшін алдағы уақытта демографиялық мықты саясат қажет. Елбасы осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстан халқының санын 20 миллиондық деңгейге жеткізу мәселесін алға қойды. Демографиялық саясат жүргізу ұзақ мерзімді қажет ететін күрделі мәселе десек те Қазақстанның таяудағы жылдардың ішінде барынша дамыған 50 елдің қатарына қосылу ниеті оған тән үдерістерді де жеделдете түсетіні айқын. Мұның өзі Үкімет алдына жаңа міндеттер жүктейді.Қазақстан Үкіметінің осы жағдайларды есепке ала отырып, бірқатар шараларды қолға алғаны аңғарылады. 2015 жылға дейінгі аймақтық даму бағдарламасы аясында халықтың өңірлерге шашырай орналасу мәселелері қарастырылса, Көші-қон туралы жаңа заң жобасы әзірлену үстінде деп естиміз. Сондай-ақ жасырын еңбек миграциясын жарыққа шығару жөніндегі шаралар қолға алынуда.Елімізде халықтың табиғи өсуіне үлкен ықпал ететін ана мен балаға деген қамқорлық пен көпбалалы отбасыларды қолдау шараларының әлі де болса жеткіліксіз екендігі байқалады. Мәселен, ел ордасы Астанада перзентханадағы орындардың жеткіліксіздігінен аналар босана салысымен бір-екі күнде үйге шығарылатындығын естідік.Сондай-ақ қазір көптеген үлкен қалаларда, құрылыс компанияларының өз беттерімен немесе мемлекеттің қатысуымен салғаны бар, көптеген пәтерлердің өтпей қаңырап тұрғандары сезіледі. Міне, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, көпбалалы отбасыларды жайлы пәтерлермен қамтамасыз ету жағдайын оң шешуге болатындай. Неге
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz