Адам психологиясы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Түйсік: жалпы сипаттама
2. Қабылдау: негізгі қасиеттері және түрлері
3. Елес: жалпы сипаттама
4. Зейін: негізгі қызметтері мен түрлері
5. Ес: жалпы сипаттамасы және түрлері
Пайдаланған әдебиет тізімі
Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен сипатталады.
Аталған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыт қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасында философиялық ой-пікір тарихында Р.Декарт есімімен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық антропопсихизм бағдары. Оның мәні:психиканың пайда болуы адамның келіп шығуымен байланысты. Психика тек адамға тән қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының біз білетін тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі күнде де өз қолдауын табуда. Бұған қарама – қарсы, екінші теория панпсихизм, яғни бүкіл табиғаттың жан-рухы қасиетке иелігі жөніндегі ұғым. Бұл біріне бірі қайшы екі көз қарастың аралығында кеңірек өріс алған биопсихизм теориясы бар. Биопсихизмшілердің пікірі психика жалпы материяның қасиеті емес. Психика барша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың арасындағы жүйке жүйесіне ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұндай тұжырым нейропсихизм деп аталған. Ғылыми психология аталған тұжырымдардың бірде бірін толығымен құптай алмайды. Оның дәлелджері тіпті басқаша: психологияның туындауы жөніндегі мәселенің шешімін өмірдің өте күрделі формасы-психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп танумен байланыстырады. Тіршілік пайда болуының негізгі шарты қоршаған ортамен тұрақты зат алмасуға икемделген күрделі ақуызды молекулалардың түзілуі. Ассимиляция және диссимиляция деп аталған бұл екі процесс зат айналымының құрамды бөліктері болуымен күрделі ақуызды түзілімдердің негізгі жасау шарты болып табылады.
1. Сабет Бап-Баба, 2007ж. (Бабаев). Психология негіздері: Оқу анықтамалық қолданба.
2. Алматы: Заң әдебиеті, 2007ж.
3. “Философия” Д. Кішібеков, Алматы, 2003
4. Столяренко Л.Д. «Основы психологии».- Ростов-на – Дону: «Феникс»,
2006, 170-176 б.б
5. Годфуруа Ж.. Что такое психология? Т.1. – москва: Мир, 1992, 366-373 б.б.
6. Формирование творческого мышления студента. – Владивосток: Изд. Дальневосточ.универ., 1990, 56-58 б.б.
7. Солсо Р.Л. «Когнитивная психология». – Москва: Тривала, Либерея, 2002, 475-477 б.б.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Түйсік: жалпы сипаттама
2. Қабылдау: негізгі қасиеттері және түрлері
3. Елес: жалпы сипаттама
4. Зейін: негізгі қызметтері мен түрлері
5. Ес: жалпы сипаттамасы және түрлері
Пайдаланған әдебиет тізімі

Кіріспе

Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы
проблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы
көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық
ерекшеліктерімен сипатталады.

Аталған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыт
қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасында философиялық ой-пікір тарихында
Р.Декарт есімімен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық антропопсихизм бағдары.
Оның мәні:психиканың пайда болуы адамның келіп шығуымен байланысты. Психика
тек адамға тән қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының біз білетін
тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі
күнде де өз қолдауын табуда. Бұған қарама – қарсы, екінші теория
панпсихизм, яғни бүкіл табиғаттың жан-рухы қасиетке иелігі жөніндегі ұғым.
Бұл біріне бірі қайшы екі көз қарастың аралығында кеңірек өріс алған
биопсихизм теориясы бар. Биопсихизмшілердің пікірі психика жалпы материяның
қасиеті емес. Психика барша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың
арасындағы жүйке жүйесіне ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұндай тұжырым
нейропсихизм деп аталған. Ғылыми психология аталған тұжырымдардың бірде
бірін толығымен құптай алмайды. Оның дәлелджері тіпті басқаша:
психологияның туындауы жөніндегі мәселенің шешімін өмірдің өте күрделі
формасы-психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп танумен
байланыстырады. Тіршілік пайда болуының негізгі шарты қоршаған ортамен
тұрақты зат алмасуға икемделген күрделі ақуызды молекулалардың түзілуі.
Ассимиляция және диссимиляция деп аталған бұл екі процесс зат айналымының
құрамды бөліктері болуымен күрделі ақуызды түзілімдердің негізгі жасау
шарты болып табылады.

13. Түйсік: жалпы сипаттама
Түйсік - болмыстың қарапайым қасиеттерін (физикалық, химиялық және
т.б.), сонымен бірге қоршаған ортаның ықпалдарына болған адам сезімталдығын
тікелей, сезім деңгейінде бейнелеуші психикалық үдеріс.
Туйсіктің негізгі қасиеттері: модальдығы, мекендігі, созылыңқылығы.
Тітіркенушілігі (модальность) - өте қарапайым психикалық сигналдар ретінде
(жүйке сигналдарымен салыстырғанда) түйсіктің ерекшелігін танытатын сапалық
сипаттама. Түйсіктің қандай да түрі өзіне тән тітіркенушілік сипатына ие.
Көру түйсігі үшін бұл - түр-түс, жарық, сәуле толыққандылығы; есту түйсігі
үшін - үн деңгейі, ырғақ, дауыс күші; сипай сезу үшін - қаттылық, кедір-
бұдырлығы. Мекендігі (локальность)- түйсіктік кеңістікке байланысты сипаты.
Созылыңқылығы —түйсіюдің уақыт, мерзімге орайласқан сипаты. Жеделдігі
(интенсивность) - түйсіктің сандық сипаты.
Түйсік түрлерінің баршасы жалпы психо-физиологиялың заңдылықтарға
негізделеді. Олар - сезімталдық табалдырықтары, бейімделу, сезімталдық
(сенсибилизақия), шұғыл айырма (контраст), түйсік қосарлынығы (синестезия).
Түйсіну мүмкіндігінің ең төмен табалдырығы - өте нәзік байқалатын
түйсік тудыру үшін қажет тітіркендіргіш күштің ең аз мөлшері, деңгейі.
Түйсіну мүмкіндігінің ең жоғары табалдырығы — жоғарылаған сайын
ағзаға салмақ түсіретін не түйсіну қабілетін жоятын тітіркендіргіш
күштердің ең жоғары мөлшері, деңгейі.
Ықтимал сезімталдық - ықпал жеделдігінің өзгерістеріне болған
сезімталдық. Ол табалдырық айырмаларымен өлшенеді.
Айыру табалдырықтары - түйсік жеделдігін өзгертуге қажет екі біртекті
тітіркендіргіштің күшіндегі болар-болмас өзгешелік.
Бейімделу—әрекеттегі тітіркендіргіштің күші мен созылыңқылығына
икемдесу нәтижесінде талдағыштар сезімталдығының өзгеріске түсуі.
Сезімталдық, (сенсибилизақия) ішкі (психикалық) жағдаяттардың
ықпалымен талдағыштар сезімталдығының көтерілуі.
Толықтырушы сезімталдың—қандай да бір сезім түрінің жетіспеуімен
басқа сезім ағзсшары сезшталдығының күшеюі (мысалы, зағиптердің есіту, иіс
сезу кабілеттерінің артуы).
Қосарлы түйсіну (синестезия) - белгілі заттың нақты өзіне тән сезімдік
түйсігіне оның қандай да бір қасиетіне байланыстыра екінші бір сезімді
ойдан қосу (тәтті лимонның сарғылт түрі ауызда қышқылт )дәм пайда етеді;
гулдің хош иісі, көрмей тұрып-ақ оның сұлу бейнесін түйсіндіреді).
Шұғыл айырма (контраст) - кейбір қасиеттерге болған сезімталдықтың
екінші бір қарама-қарсы болмыс белгілерінің әсерінен көтерілуі. Мысалы, бір
түсті фигура ашық фонда карауытып көрінсе, қара фонда ағарақдайды.
Сезімталдықтың кемуі (десенсибилизақия) - бір талдағыштар күшті
қозуынан басқа сезім, түйсіктердің төмендеуі. Көру түйсігі. Көру түйсігінің
пайда болуы үшін көру рецепторлары көз торына электромагнитті толқындар
әсер етуі қажет. Адам айыратын түр-түстер хроматикалық (грек.хрома-түр-түс)
және ахроматикалық (түссіз — ақ, қара және сұр түстің әрқилы реңктері)
болып ажыралады.
Түр-түс—әрқилы толқынды электромагниттік сәулелердің әсерінен болатын
психикалық құбылыс. Адам көзі 300-ден 700нм (нанометр) қабілетіне ие.
Есту түйсігі Есіту ағзасы секундына 16-дан 20 мың толкындар шегіндегі
дыбыстарды сезе алады. Дегенмен, есітудің ең тиімді сезімталдығы 2000-3000
герц аралығында (бұл аса қорыққан әйелдің жан айғайына сәйкес дыбыс
биіктігі). Адам өте төмен жиіліктегі (инфрадыбыстар) дыбысты сезбейді.
Табалдырық асты төмен жиіліктегі 6 герц дыбыстар адам психика-сына кері
ықпал жасап, бас ауыртады, шаршатады, көңіл күйзелісіне таң қылады, ал 7
герц дыбыстар тіпті жүрек қызметінің тоқтауына соқтыруы мүмкін.
Сипай сезу (тактиль) түйсіктері—жанасу түйсіктері. Тактильді
рецепторлар бармақ ұштарында көптеп шоғырланған.
Қозғалыс сезу (кинестезиялық) түйсіктер - адамның өз тәні мүшелерінің
кеңістіктегі жағдайы мен орын ауыстыруын сезінуі.
Тербеліс (вибрациялық) түйсіктері серпінді ортадағы 15-тен 1500 герц
дейінгі тербелістерді бейнелеу нәтижесінде пайда болады. Психикалық
тұрғыдан тербелістер адамды қатты жалықтырады әрі тіпті пайдасыз. Көп
жағдайда олардан сақтанған жөн. Иіс түйсіктері ауа құрамындағы иісті зат
бөлшектерінің мұрын қуысындағы иіс сезу клеткаларын тітіркендіру әсерінен
туындайды.
Дәм түйсіктері. Бұл түйсіктердің барша түрлері төрт қилы (ащы, тұзды,
қышқыл және тәтті) дәмнің түрліше бірігуінен пайда болады.
Табиғи (орғаникалың) түйсіктер - ішкі ағзаларда жайғасқан ин-
терорецепторлармен байланысты түйсіктер. Мұндай түйсіктердің болуынан адам
тойғанын, ашырқағанын, тынысының тарылғанын, жүрек айнығанын сезеді.
Адамның сезімталдың (сенсорлы) қалпы - бұл әрбір тек өкіліне тән әрқилы
сезімталдық қабілеттерінің даму денгейі және олардың жүйелі әрекетте болуы.
14. Қабылдау: негізгі қасиеттері және түрлері
Қабылдау бұл заттармен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің мәнін
түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру.
Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға бөлінеді:
ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген мақсатпен
байланыспаған) және ырықты (мақсат бағдарлы).
Рецепторлар қызметіне қарай қабылдау көру, есіту және сипай сезу
түрлерімен ажыралады.
Күрделілігі, жайылымдылығы, перцептивті әрекеттерімен қабылдау
симультанды (бір әрекетті) және сукцессивті (кезеңді, бірізді) формалдығына
ие. Қабылдаудың төрт түрі белгілі: сенсорлы (сезімдік) - нысанның сезіммен
қабылданып, оның санаға өтуі; перцептивті - нысан мәнін түсіну, оны белгілі
категорияға, объекттер тобына жатқызу; оперативті (нақты әрекеттік) -
нысанның қандай датарапын қамтын, кызметке қосу; іс-әрекеттік — қызмет
мақсатына орай нысанмен ықпалдас қатынасқа келу.
Қабылдау түрлері бейнеленетін нысан ерекшеліктеріне орай өзара
топтасуы мүмкін, мысалы, көркем шығарманы, сөзді қабылдау, табиғат әсерлері
мен өрнектерін қабылдау және т.б. әдетте, қабылдау қандай да іс-әрекетке
қосыла орындалады, дегенмен ол өз алдына да, дербес жүруі мүмкін.
Қабылдаудың жалпы заңдылықтары: мағынашылығы, жалпылығы,
заттасқандығы, біртұтастығы, құрылымдылығы, таңдамалы бағыттылығы,
апперцепциялылығы (өткен тәжірибеге негізделуі), константтығы
(тұрақтылығы).
Қабылдаудың мағыналылығы және жалпылығы. Қабылдау нәтижесі заттың
сөзбен өрнектеліп, белгілі категорияға, түсінікке қосылуы. Заттар мен
құбылыстардың аса қарапайымдасқан түсінім формасы - тану.
Қабылдаудың заттасқандығы заттар жөніндегі ми ақпаратының шынайы
заттармен сәйкес келуі. Қабылдаудың заттастығы санада қабылданып,
өрнектелген бейнелердің шынайы болмыс заттарына адекваттығын (сәйкестігін)
білдіреді.
Қабылдау біртұтастық - затты тұрақты тұтастың жүйе ретінде бейнелеу
(нақты жағдайда заттың кейбір бөлшектері болмай қалса да).
Қабылдау құрылымдылығы. Әрқилы нысандарды оларды құраушы тұрақты
бөлшек, не белгілерін ажыратумен танимыз.
Қабылдаудың таңдамалығы. Төңірегіміндегі мың сан заттар мен
құбылыстардан бір нақты мезетте қажетімізге керегін ғана бөліп аламыз.
Апперцепция-қабылдаудың тұлғалың тәжірибеге, білімге, мүдделер мен
ұстанымдарға тәуелділігі, мысалы, түбір—агроном үшін өсімдіктің жер бетінде
көрініп қалған бөлігі, математик үшін - 00 фигура, тілші үшін - сөздің
мәнді бөлігі. Қабылдау тұрақтылығы — заттардың шынайы сапаларының (көлемі,
түр-түсі, формасы) мида бейнеленуінің оларды қабылдау жағдайларына
(жарыққа, қашықтыққа, көз салу қатына және т.б.) тәуелсіздігін білдіреді.
Қабылдау түрлері: затты, уақытты қабылдау; қатынастарды, қозғалыстарды,
кеңістікті қабылдау; адамды қабылдау.
15. Елес: жалпы сипаттама
Қабылдауда болатын сезімдік бейнелердің жасалуынан санада өз алдына
ерекшеленген жаңа психикалық құрылым - елестер пайда болады.
Елес—бұл адамның өткен тәжірибесіне негізделіп, болмыс затының
санадағы қайта жалпынай жасалған психикалық бейнесі.
Елесте заттың барша бітістері мен белгілері теңдей жарқын, дәлдікпен
нақтылай берілмейді. Егер де кейбір елестер біздің іс-әрекетімізбен бай-
ланысты келсе, онда алғы шепке нысанның біздің әрекетімізге тікелей қажет,
маңызды тараптары шығарылады, қалғантұстары бұлдыр күйінде қалады.
Елестер қабылдану түрлеріне орай бөлінеді (көру, есіту және т.б.).
Елестердің негізгі ерекшеліктері:
- елестер қабылдаудағыдай көрнекі келеді, бірақ мұндағы бейне
күңгірттеу;
- елеске түскен бейнеде заттың бөлшектері мен жеке бітістерін ажыратып
болмады;
- елесте әрдайым жалпыланған бейне сақталады (тау елесі, мысалы, ол
Алатау не Памир емес, жер бетіндегі барша тауларға тән белгі - биік шоғыр).
бір зат жөніндегі әр адамның елесі жеке-даралықты келеді. Бұл адамдардың
тұлғалық сапа-қасиеттерінің өзіндік ерекшелігінен болады;
- елес көрнекі - бейнелі бола тұрып, біз үшін қандай да жалпыланған
танымдық, білім қызметін атқаруы мүмкін;
- түйсік және қабылдау үдерістеріне қарағанда елес сатысы не ғұрлым
жоғары деңгейлі келеді;
- елес ойлау жүйесінің кұрамды бөлігі, ой азығы — есте сақталғанды
елес күйіне келтіріп алғаннан соң ғана, біз оны жан-жақты талдауға салып,
нақтылай бастаймыз.
Елес қабылдау үдерісінің қарабайыр, сол күйінде қайталануы емес, ол
ауыспалы қозғалысты құрылым, әр мезеттегі нақты жағдайға байланысты
жаңаланып, тұлғаның күрделі өмірін бейнелеп барушы психикалық құбылыс.
Тұлға өміріндегі елестің маңызды болуының жарқын дәлелі - бұл
адамдардың шығармашылық өнері. Шығармашылық әрекеттің қай түрі болмасын өз
бастауын осы елестен алады. Құлақтан қалып, есіту түйсігінен айрылған
әйгілі Бетховен ән-күй өрнек елестерін өзінің мәуелі шығармашылығының
сүйеніші еткен.
Эйдеттік (грек. eidos-бейне) елес - ырықсыз бір көргеннен есте
қаларлық толық та жарқын елес.
Персевераттық (лат. perseveratio- табандылық) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Заң психологиясы жайлы түсінік жайлы
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ САЛАЛАРЫ МЕН ТАРМАҚТАРЫ
Заң психологиясының пәні мақсаты мен міндеттері, салалары. Заң психологиясының даму тарихы
СОВЕТТІК ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Заң және сот психологиясы
Психология ғылымының салалары
Жалпы психологиялық дайындық
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Психологияның даму тарихы
Пәндер