Бюджеттің кірісі мен шығысының экономикалық талдауы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
І. Бюджеттік кірісі мен шығысының теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
1.2 Бюджеттің кірісі мен шығыстары және
олардың құрылымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ІІ. Бюджеттің кірісі мен шығысының экономикалық талдауы ... ... ... ..21
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысының экономикалық талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2 Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысының экономикалық
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.2.1 Оңтүстік Қазақстан облысы бюджетінің қалыптасуын талдауы
2.2.2 Оңтүстік Қазақстан облысы бюджетінің кірісінің экономикалық талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2.3 Оңтүстік Қазақстан облысы бюджетінің шығыстарын
экономикалық талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
ІІІ. Бюджеттің кірістері мен шығыстарының теңестірілуі мен басты
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
3.1 Бюджеттің кірістері мен шығыстарының теңестірілуі
3.2 Бюджеттің кірісі мен шығыының басты бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім құнының мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға
пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгілейді.
Бюджет экономикаға бюджет механизімі арқылы ықпал етеді. Мұнда бюджеттің бүкіл экономикаға ықпа құралы ретіндегі рөлі көрінеді. “Бюджет механизімі”- мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы.Экономиканы реттеу орталықтандырылған аражат қорының көлемін белгілеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдістерін реттеу, бюджтті құру және орындау процесіндегі қаржы ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Жоғарғы Кеңесінің жыл сайын қабылдайтын “мемлекеттік бюджет туралы” заңына сәйкес міндетті турде орындалуы тиіс.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншік формасындағы кәсіпорындар , бірлестіктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер республикалық бюджетке, кеден тарифтеріне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейді.
Экономиканың қазіргі жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз ететін салалық және аумақтық құрылымдар құрып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат экономиканың басты аймақтарына шоғырланып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде “ Мемлекеттік бюджет” айрықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қызмет етеді.
Мына қорларға түсетін және олардан аударылатын қаражат республикалық бюджеттің кірісі құрамында ескеріледі.
Ал, шығысына келетін болсақ Қазақстан республикасының халықтарын әлеуметтік , экономикалық қорғау мақсатында жұмсалады.
Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – әрекеттегі қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтік - экономикалық қорғалуы, еліміздің қорғаныс қызметіндегі іс – шараларының жүзеге асырылуы осы экономикалық категория ретінде көрінетін бюджетке байланысты.
Курстық жұмысымның тақырыбына сай мемлекеттік бюджет, Республикалық және жергілікті бюджеттің табысы мен шығысы туралы статистикалық мәліметтерге сүйене отырып талдаулар жасадым. Бірінші бөлімінде, табысы мен шығысының теориялық негізі: мәні, құрылымдары, бюджеттің атқаратын қызметі, Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесінің құрылуы сипатталса, екінші бөлімінде бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерінің диамикасы мен қорытынды көрсеткіштерін есепке ала отырып, талдау жасалынды. Екінші бөлімінде мемлекеттік бюджет пен жергілікті бюджеттің шығыс пен кірісін талдай отырып, құрылу көздеріне тоқталдым , үшінші бөлімінде, талдаудың нәтижелері бойынша теңестірілуін қарастырып бюджетті жоспарлау және тапшылығының негізгі себептері мен салдары және тапшылықты жою тәсілдерін ескерк отырып жетілдіру жолдарына тоқталдым.
1. Аманбеков Б "Бюджет есептері" Қазақстан қаражаты-1999 жыл. N8.
2. Амрекулов Н "Қаржы жүйесін ұйымдастыру және бюджет жүйесі" Т.Экономика - 2000 жыл. Оңтүстік Қазақстан облысының және Қазақстан республикасының статистикалық мәліметтері.
3. Аблиакимов К Бюджет-1999. "Баға және талдау" Казхстанская правда 1998 жыл N12 .
4. Бюджет саясаты Статистика бюджет және аудит 1992 ж.
5. Бизнес жоспар әдістемелік материалдар. Р.Г. Маниловский —М: 1996 жыл.
6. Бюджетке жаңаша қарау қажет. Қаржы-ақпарат. N5(70) 03.2002
7. Егеменді Қазақстан "Салық және бюджетке түсетін басқа міндетті төлемдер туралы Салық кодексінің жобасы", 2000.2 қараша.
8. "Закон Республики Казахстана о бюджетной ситеме" 1.04.99. и нормативные акты по финансам 2001.04
9. Республика бюджетінің ҚР Заңдары 1998-2001 жылдар;
10. ЖанибековС. Бюджеттің орындалуын қадағалау маңызы Қазақстан қаржысы —1997 жыл N11.
11. Жүнісова Н.А Бюджет саясаты. Саясат-2001-1.
12. Жанибеков С. Бюджеттің орындалуын қалай көтеру керек. Қазақстан қаржысы 1999 жыл N8 .
13. Иманбердиев Б.Ж Қазақстан Республикасындағы экономикалық саясаттың экономикалық өсу нәтижелері. Статистика есеп және аудит —1999 жыл N2.
14. "О налогах и других обязательных платежах в бюджет и закон РК с изменениями и дополнениями" 1 января 2000 г. Алматы.
15. Облыс бюджетінің басты бағыты. Қаржы-2002- 21 шілде.
16. Облыс бюджетінің басты бағыты. Оңтүстік Қазақстан N81.29.06.2002.
17. 2002 жылғы Шымкент қаласының бюджеті. 2002.16.09.
18. Оңтүстік Қазақстан облысының 2003 жылға арналған облыстық бюджеті жобасы. Шымкент-2002 ж.,
19. Салық- халық несібесі Еегеменді Қазақстан, 2000ж.1 қазан.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
ШЫҒЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУЫ

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

І. Бюджеттік кірісі мен шығысының теориялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ...6

1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні

1.2 Бюджеттің кірісі мен шығыстары және
олардың
құрылымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .9

ІІ. Бюджеттің кірісі мен шығысының экономикалық талдауы ... ... ... ..21

2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысының
экономикалық
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...23

2.2 Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысының экономикалық

талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

2.2.1 Оңтүстік Қазақстан облысы бюджетінің қалыптасуын талдауы

2.2.2 Оңтүстік Қазақстан облысы бюджетінің кірісінің
экономикалық
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 29

2.2.3 Оңтүстік Қазақстан облысы бюджетінің шығыстарын
экономикалық
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..33

ІІІ. Бюджеттің кірістері мен шығыстарының теңестірілуі мен басты

бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

3.1 Бюджеттің кірістері мен шығыстарының теңестірілуі

3.2 Бюджеттің кірісі мен шығыының басты
бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 38

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .42

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...44

Кіріспе

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім
құнының мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен
жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті
ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға
пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндіріске басқа да
қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгілейді.
Бюджет экономикаға бюджет механизімі арқылы ықпал етеді. Мұнда бюджеттің
бүкіл экономикаға ықпа құралы ретіндегі рөлі көрінеді. “Бюджет механизімі”-
мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және
пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы.Экономиканы реттеу
орталықтандырылған аражат қорының көлемін белгілеу, оны құру, пайдалану
формалары мен әдістерін реттеу, бюджтті құру және орындау процесіндегі
қаржы ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика
Жоғарғы Кеңесінің жыл сайын қабылдайтын “мемлекеттік бюджет туралы”
заңына сәйкес міндетті турде орындалуы тиіс.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншік
формасындағы кәсіпорындар , бірлестіктер мен шаруашылық жүргізуші
субъектілер республикалық бюджетке, кеден тарифтеріне сәйкес ұлттық
валютамен экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейді.
Экономиканың қазіргі жағдайында орталықтандырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз ететін
салалық және аумақтық құрылымдар құрып, ірі әлеуметтік өзгерістер
жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен
қаражат экономиканың басты аймақтарына шоғырланып, мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай
жасайды. Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде “
Мемлекеттік бюджет” айрықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттік
қажеттерді қанағаттандыруға қызмет етеді.
Мына қорларға түсетін және олардан аударылатын қаражат
республикалық бюджеттің кірісі құрамында ескеріледі.
Ал, шығысына келетін болсақ Қазақстан республикасының
халықтарын әлеуметтік , экономикалық қорғау мақсатында жұмсалады.
Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – әрекеттегі қызметкерлер
мен жұмысшылардың әлеуметтік - экономикалық қорғалуы, еліміздің
қорғаныс қызметіндегі іс – шараларының жүзеге асырылуы осы
экономикалық категория ретінде көрінетін бюджетке байланысты.
Курстық жұмысымның тақырыбына сай мемлекеттік бюджет,
Республикалық және жергілікті бюджеттің табысы мен шығысы туралы
статистикалық мәліметтерге сүйене отырып талдаулар жасадым.
Бірінші бөлімінде, табысы мен шығысының теориялық негізі: мәні,
құрылымдары, бюджеттің атқаратын қызметі, Қазақстан Республикасындағы
бюджет жүйесінің құрылуы сипатталса, екінші бөлімінде бюджеттің
кіріс және шығыс бөлімдерінің диамикасы мен қорытынды көрсеткіштерін
есепке ала отырып, талдау жасалынды. Екінші бөлімінде мемлекеттік
бюджет пен жергілікті бюджеттің шығыс пен кірісін талдай отырып,
құрылу көздеріне тоқталдым , үшінші бөлімінде, талдаудың нәтижелері
бойынша теңестірілуін қарастырып бюджетті жоспарлау және
тапшылығының негізгі себептері мен салдары және тапшылықты жою
тәсілдерін ескерк отырып жетілдіру жолдарына тоқталдым.
Курстық жұмысты жазу барысында статистикалық материалдар мен
Қазақстан Республикасының сандық мәліметтері және экономикалық
оқулықтар пайдаланылды.

І. Бюджет табысы мен шығысының теориялық негізі
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні сан алуан қаржы
баланстарында жекелеген ерекшеліктері белгіленетін айрықша салалары
бар. Мәселен, мемлекеттік кәсіпорындармен , ұйымдармен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық
бөлудің айрықша саласын құрайды . Бұл қатынастар қоғамдық қажеттерді
өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрап, пайдалануға
байланысты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге
асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы “Мемлекеттік
бюджет” деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде
объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде өмір
сүруін қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту
орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру
бүкіл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздіксіз айналымын
ұйымдастыру үшін, жалпы экономикалық жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің
табиғаты қызметінен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға бүкіл қоғам
ауқымында әлеуметтік – мәдени шаралар өткізуге, қорғаныс міндеттерін
шешуге , мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға
орталықтандырылған қаржыны қажет етеді.
Сөйтіп, мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің қажеттерінен,
мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік туындайтын болып
табылады.
Экономиканың қазіргі жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары
мемлекеттке қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз ететін салалық
және аумақтық құрылымдар құрып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге
мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат
экономиканың басты аймақтарына шоғырланып , мемлекеттің экономикалық
және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтіп, құндық
бөліністің айрықша бөлігі ретінде “Мемлекеттік бюджет” айрықша қоғамдық
арналымды жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қызмет етеді.
Нақты, объективті бөлістік қатынастардың формасы болғандықтан
айрықша қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет
экономикалық категория ретінде көрінеді. Бюджет қатынастары бөлістік
сипатта мақсатты ақша қорларын құрап, пайдалану арқылы жүреді.
Сонымен қатар, бюджеттік қатынастардың белгілі бір ерекшеліктері болады.
Бірақ ол ерекшелік қаржыға тән сипат шегінен шықпайды. Мемлекеттік бюджет
құн бөлінісінің айырықша саласы ретінде мыналармен сипатталады.
- жиынтық қоғамның өнімнің мемлекет қорында жинақталып, қоғамдық
қажеттерді өтеуге байланысты бөліс қатынастарының айырықша экономикалық
формасы болып табылады ;
- құнды жасап, оны тұтыну процессін бедерлейтін материалдық өндіріс
қаржысымен құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістен тыс сала қаржысынан
айырмашылығы бюджет халықшаруашылығы салалары, аумақтық, экономика
секторлары , қоғамдық қызмет салалары арасында құнды қайта бөліске
салуға арналған.
Қоғамдық өнімнің тауар формасындағы қозғалысы мен тікелей
байланысты жоқ құнды бөлісі, одан алашақтау жүзеге асырылады, ал
материалдық өндіріспен өндірістен тыс салаларда қаржы қатынастары
тауар - ақша қатынастарымен астасып жатады.
Кез келген басқа экономикалық категория сияқты, мемлекеттік бюджет
өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайық материалдық- заттық
көрініс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының
орталықтандырылған қорында - бюджет қорында заттанады. Нәтижесінде
қоғамда жүріп жаттқан нақты экономикалық процесстері мемлекет
жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрінеді. Бюджет – қоры
қоғамдық өніммен ұлттық табыстың құндық бөлінісінің тиісті
кезеңдерінен өтіп, ұдайы өндірісті ұлғайтып , халыққа әлеуметтік –
мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнінде қажеттерді
қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына түскен бөлігінің объективті
алғы – шарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен
пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн
қозғалысының процессін білдіріді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім
құнының мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен
жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы
өндірісті ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану
барысында мемлекет пен қоғамдық өдіріске басқа қатысушылардың
арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгілейді.
Бюджет экономикаға бюджет механизімі арқылы ықпал етеді. Мұнда
бюджеттің бүкіл эеономикаға ықпал құралы ретіндегі рөлі көрінеді.
“Бюджет механизімі” - мемлекеттің ақшалай қаражаттарының
орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен
әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат
қорының көлемін белгілеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдістерін
реттеу, бюджетті құру және орындау процесіндегі қаржы ресурстарын
қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады.
Өндіріс құрал – жабдықтарына мемлекеттік меншіктің әзірше, басым
болуы шаруашылықты үйлестіре жүргізуді жүргізуді қажет етеді. Мұның өзі
бюджет қатынастарының жұмыс істеуінің жоспарлы мақсатын алдын ала
айқындайды. Бюджет байланыстарының мақсаты сипаты, мемлекеттің ақшалай
қаражаттарының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас
формасы бюджет байланыстарын тиісті қаржы құжаты – елдің негізгі қаржы
жоспарында бейнеленетіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық
мазмұнын құрайтын бөліс процесстері қарастырылады,кірістер және
шығыстардың баптары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған
қорын қалыптастыру көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді.Негізгі қаржы
жоспары мемлекеттің жоспарлы қызметінің нәтижесі; қоғамның барлық
мүшелерінің мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі бейнеленеді.
Мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Жоғарғы
Кеңесінің жыл сайын қабылдайтын “мемлекеттік бюджет туралы” заңына сәйкес
міндетті түрде орындалуы тиіс.
Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі, ең алдымен
өндірілген ұлттық табыстың 39% -ның жалпы қоғамдық өнімнің 18%-ін бөлуге
және қайта бөлуге түсуінен көрінеді. Ол, жоғарыда аталып өтілгендей
қаражатты елдің халықшаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет саласы, өндіріс
секторлары, экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі. Бүкіл
халықшаруашылығының бюджеті болғандықтан, мемлекеттік бюджет экономикаға
тұтас ықпал жасайды. Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс саласында оның
өсуінің стимуляторы ретінде зор рөл атқарады. Бюджет қаржысы жеке (жеке
кәсіпорындар шеңберінде) және қоғамдық (бүкіл халықшаруашылығы ауқымында)
қорлар қозғалысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
Кәсіпорындардағы күрделі жұмсалымдары мен айналым қаржысын бюджеттен
қаржыландыру, операциялық және басқа шығындарын жабу бюджетке жеке
кәсіпорындардың өзіндік айналым қораларына қосылып, оның іркіліссіз
бірқалыпты жүруіне мүмкіндік береді.
Өндірістен тыс салалардағы бюджет қаржысы олардың қызметінің одан әрі
дамуының басты көзі. Бұл салалардағы мекемелер мен ұйымдардың басым
көпшілігі өздерінің табыс көздері жоқ болғандықтан мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,
ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларындағы мемлекеттің шығындары –
жалпы мемлекеттік ауқымдағы әлеуметтік мәдени шараларды жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін қаржы базасы. Өндірістік емес салалардың қызметін қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тұтыну
қорырының нақты көлемін қалыптастыруға, оны пайдалануда аумақтық
пропорцияға әсер етуі мумкін.

1.2. Бюджеттің табысы мен шығыстары

Бюджет кірісі мемлекет кірісіне қарағанда барынша тар мағынада болып
келеді. Бюджеттің барлық деңгейіндегі биліктің қаржылық қаражатынан бөтен
мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен бүкіл мемлекеттік сектордың
ресурстарын қамтиды. Бюджеттің басты материалдық көзі – ұлттық табыс. Егер
қаржылық қажеттілікті жабу үшін жеткіліксіз болса, мемлекет ұлттық байлықты
да тартады.
Мемлекеттік билік органдарының ұлттық табысты қайта бөлу үшін және
бюджеттік кірісті құруға қолданылатын негізгі әдістерінің бірі – салықтар,
мемлекеттік несие мен ақша эмиссиясы болып табылады. Басты әдісі ұлттық
табысты қайта бөлу-салықтар бюджет кірісінің басты үлесін қамтамасыз етеді
Бюджет табыстары түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Құрылу көздері
бойынша олар заңды тұлғалардың салықтарына халықтан алынатын салыққа,
заемдерге, мемлекеттік меншікті сатудан түскен түсімдерге және тағы басқаға
бөлінеді. Алу әдістері бойынша – салықтық, салықтық емес, салық түрлері
бойынша – акциздерге қосымша құн салығына, табыс салығына, кіріс салығына
және тағы басқаға бөлінеді.
Қоғамның экономикада бюджеттік шығындардың ролі мен мәнін айқындау үшін
олардың айқын белгілерін қарай жіктейді. Теория мен тәжірибеде бюджет
шығындарын жіктеудің бірнеше белгілері бар. Ең алдымен бюджет шығындарына
экономикалық жіктеу қолданылады, олардың ұлғайған ұдайы өндірісінің
барысына өсерін көрсетеді. Бұл жағдайда ағымдық және капиталдық бюджет
шығындарына бөлінеді. Ақша каражаты бағытталатын қоғамдық қызмет саласын
көрсететін бюджет шығындарының қызметтік жіктелуінің мәні зор.
Ведомствалық жіктеуі- мемлекеттік мекемелерді сай келерлік
министрліктерге бөлуге мүмкіндік береді. Бюджет шығындарын бұлай жіктеу,
басқару жүйесінің өзгеруімен байланысты, шығындар құрылымындағы үлкен
өзгерістерді көрсетеді.
Мақсаттық бағытына қарай жіктеу, яғни жұмсалуының нақты түріне қарай
шығындарын жіктеу, бюджет қаражатын тиімді қолдану үшін алдын-ала жағдайын
туғызады, тиімді жүзеге асыру үшін қажетті база болып келеді.
Шығындарын аумақтық жіктеу-Қазақстан Республикасының мемлекеттік
басқару деңгейіне сай бюджет шығындары мемлекеттік бюджет және жергілікті
жергілікті бюджет шығындарына бөлінеді.
Мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасаумен
және пайдаланумен байланысты бюджеттің қызметі айрықша экономикалық
формалар арқылы атқарылады. Олар кұндық бөліністің жеке кезеңдерін
көрсетеді.
Екі категорияда объективті және бюджет секідді өздерінің арнайы
қоғамдық міндеттері бар: кірістер мемлекетке қажетті қаражатпен қамтамасыз
етсе, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды тиісті мемлекеттік қажеттерге
бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты
әлеуметтік —экономикалық, тарихи жағдайда жүзеге асыратын іске асыру
бағыттарына байланысты соның өзінде мемлекет кірістерді қалыптастырып,
шығындарды жұмсаудың нақты жағдайға сәйкес формалары мен әдістерін
пайдаланады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің көздері әдетте, салықтар
немесе төлемдер болып табылады. Мысалы, бұрынғы Кеңес Одағында —
мемлекеттік бюджетке қаржы түсімдерінің басты көзі кәсіпорындар мен ұйымдар
пайдасынан алынатын төлемдер мен айналым салығының түсімдері болып келді.
Бұл төлемдер экономикалық мәні жағынан салықтық түсімдер болып
табылғанымен, ресми түрде олай саналмайды. Сол сияқты 1991 жылға дейін
формальді түрде салықтар қатарына жатпағанымен іс жүзінде өнім мен оны
өткізу бағасының құрамына енетін, жанама түрде халық төлейтін әлеуметтік
салықтандыруға (10%-ке дейін) бөлінген қаражаттар бюджетке түсетін. Халық
шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде республикалық бюджеттің кірісі
мыналардың есебінен қалыптасып отыр:
- қосылған құнға салынатын салық;
- акциздер;
- меншік формаларына қарамастан кәсіпорындардың, бірлестіктер мен
ұйымдардың, (соның ішінде шетелдік және бірлескен кәсіпорындардың)
пайдасына салынатын салық;
- жер салығы;
- тіркелген (ренталық) төлемдер;
- құнды қағаздарйен жасалынатын операцияларға салынатын салық;
- Қазақстан республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс заемының қазыналық
бондарын өткізуден түскен табыстар;
- Қысқа мерзімді қазыналық вексельдерді аукциондарда сатудан алынған
табыстар;
- Мемлекеттік мүлікті өткізуден түскен түсімдер;
- Басқа да жалпы республикалық салықтар, алымдар мен салық алынбайтын
әртүрлі төлемдер;
- Сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар (экспорттық және
импорттық баж салығы, импорт бойынша сатып алынған бірінші қажеттегі
тауарды сатудан түскен түсімдер).
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншік формасындағы
кәсіпорындар, бірлестіктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер
республикалық бюджетке, кеден тарифтеріне сәйкес ұлттық валютамен
экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейді.
Бұл қорларға түсетін және олардан аударылатын қаражат республикалық
бюджеттің кірісі құрамында ескеріледі: жер қойнауын қорғау және минералдық
шикізат базасын ұдайы толықтыру қоры, экономиканы өзгерту, жол, жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік, кәсіпкерлік қолдану және бірлестік,
табиғат қорғау қорлары.
Жергілікті бюджеттердің кірістері Қазақстан Республикасының зандарында
бекітілген көздер және жалпы ақша есебінен құралады.
Қазақстан республикасы азаматтарының шетел азаматтарынан және
азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы, мемлекеттік баж салығы, су
үшін төлем және табиғи ресурстаға салынатын салық, орман табысы, жалпыға
бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар ставкаларын жергілікті
әкімдер айқындайтын жергілікті салықтар мен алымдар, Қазақстан
республикасының мемлекеттік ішкі заемын орналастырудан түсетін түсімдер,
алымдар мен салық салынбайтын әртүрлі төлемдер толығымен жергілікті
бюджеттердің есебінен есептелінеді; республикалық бюджетке есептелетін
жекелеген табыс түрлері бүған қосылмайды. Жалпы мемлекеттік салықтар,
алымдар мен төлемдер бөлігінің мөлшерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Кеңесі белгілейді.
Жергілікті бюджеттер- түсімдер мен бюджет тапшылығын (профицитін
пайдалану) қаржыландыру есебінен қалыптасып, конститутциямен, зандармен
және Қазақстан Републикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы
үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті
атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды
қаржыландыруға арналған тиісті маслихаттың шешімімен бекітілген әкімшілік -
аумақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады. Жергілікті атқарушы
органдар тиісті әкімшілік - аумақтық бөліністердің бюджетін өздерінің
аумағына жұмыс істейтін арнайы экономикалық аймақтарды ескере отырып,
бірінғай бюджеттік жоспарлау негізінде әзірлеп дербес атқарады. Жергілікті
атқарушы органдар тиісті қаржы жылына арналған бюджетті және өткен қаржы
жылына тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті карап бекітеді.
Облыс бюджетін және аудандар мен қалалар бюджеттерінің арасындағы
кірістерінің бөлінуін жергілікті атқарушы органдар белгілеп, тиісті
жергілікті өкілді органдар қарайды және аудандар мен қалалар бюджеттерінің
арасындағы кірістерді бәлудің тұрақты нормативтерін анықтауды және тиісті
жергілікті өкілді органдар бекітуі мүмкін.
Қазақстан Респубикасының аумағында Қазақстан республикасы Президентінің
шешімімен, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттің
барлық қаржы ресурстарын қамтитын бюджетті енгізуі мүмкін. Төтенше бюджет
қолданылған уақытта республикалық бюджет туралы заңның және барлық
денгейдегі бюджеттер туралы шешімдердің күші тоқтатылады. Төтенше бюджеттің
қабылданғаны туралы Қазақстан республикасы парламенті дереу хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының Президентінің шешімі бойынша Қазақстан
Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуі немесе ғаламдық таралу сипаты
бар, табиғи немесе техногендік тұрғыдағы төтенше оқиғалар нәтиіжесінде
экономикаға келтірілген елеулі экономикалық және каржылық зиян төтенше
бюджетті енгізуте негіз болып табылады.
Тиісті жергілікті атқарушы органдар обыс бюджетінің және аудандар мен
қалалар бюджеттерінің арасындағы кірістерді бөлудің жалпы нармативтерін
анықтауды тиісті жергілікті өкілді органдар бекітуі мүмкін.
1. Жергілікті бюджеттердің кірістері (арнайы экономикалық аймақтардың
қаржы қорларына есептелетін сомалардан басқа) олар мыналардан тұрады;
а) салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқада міндетті
төлемдердің түсімдері:
-заңды түлғалардан алынатын табыс салығы-50%;
-акциздер;
-спирттің барлық түрлері-50%;
-арақ-50%;
-ликер арақ ішімдіктері-50%;
-шарап-50%;
-коньяктар-50%;
-шампан шарабы-50%;
-сыра-50%;
-күшейтілген ішімдіктер,күшейтілген шырындар мен бальзамдар-50%;
-шарап материалдары-50%;
-ойын бизнесі;
-жеке адамдардан алынатын табыс салығы;
-әлеуметтік салық;
-заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
-жер салығы;
-көлік құралдарына салынатын салық;
-жасалған келісім шартгарға орай жергілікті бюджетке түсетін бөлігінде
өнім бойынша Қазақстан Республикасының үлесі;
-кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдарды тіркеу үшін алынатын
алым;
-жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық
алым;
-занды тұлғалларды мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
-аукциондық сатудан алынатын алым;
-рыноктарда тауарларды сату құқығы үшін алынатын алым;
-заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәміздерін өздерінің
фирмалық атауларында қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында заңға
сәйкес пайдаланғаны үшін алынатын алым;
-су үшін төленетін алым;
-орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
б) Салықтық емес түсімдер:
-коммуналдық меншік болып табылатын акциялардың пакеттерінен алынатын
дивиденттердің түсімі;
-жергілікті өкілді органдардың лотереяларын өткізуден алынатын
кірістердің түсімі;
-жергілікті бюджеттерден кредиттер бергені үшін алынған сыйақылар
(мүдделер);
-жергілікті өкілді және атқарушы органдарға сондай-ақ жергілікті
атқарушы органдарға бағынышты мемлекеттік мекемелерге тиесілі мүлікті
сатудан түсетін түсімдер;
-жергілікті атқарушы органдарға бағынышты мемлекеттік мекемелер
көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдер;
-коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер;
-жергілікті атқарушы органдарға бағынышты мемлекеттік мекемелер заңға
сәйкес ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды жүргізуден түсетін ақша
түсімдері;
-жер учаскелерін жалға беруден түсетін түсімдер;
-қоршаған ортаны ластағаны үшін, қоршаған ортаны қорғаудың жергілікті
мемлекеттік қорларына-50% мөлшерінде төленетін төлемдер;
- мемлекеттік баж;
- өзге де әкімшілік алымдары;
- жергілікті атқарушы органдарға бағынышты мемлекеттік мекемелер
алатын, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген әкімшілік
айыппұлдар мен санкциялар;
- Қазақстан республикасының заң актілерінде көзделген өзге де салықка
жатпайтын және басқа түсімдер;
в) капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін түсімдер;
- аймақтардың өзін-өзі қамтамассыз ету үшін сатып алатын астықты
сатудан түсетін түсімдер;
2. Жеке және заңды тұлғалардан немесе шет мемлекеттерден;
жоғары тұрған бюджеттерден алынған трансферттер;
3. Бұрын жергілікті бюджеттерден берілген кридиттер бойынша негізгі
борыштың өтемі;
Жергілікті бюджеттердің каражаты;
- мектепке дейінгі жалпы бастауыш, жалпы негізгі,
- жалпы орта, қосымша және кәсіптік білім беруді;
- әскери қызыметке тіркеу және шақыру жөніндегі шараларды;
- жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлар бойынша жүмыстарды;
- жергілікті жердегі құқық қоғау қызметін;
- халықка тегін медициналық қызымет көрсетудің кепілдік көлемін;
- жергілікті деңгейдегі арнаулы медициналық бағдарламаларды;
- мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес әлеуметтік-қамсыздандыру
саласындағы әлеуметтік бәсірелі көмек көрсетуді;
- жұмысты камту бағдарламасын;
- жергілікті деңгейдегі өнеркәсіп және обьектілер құрылысын;
- жергілікті деңгейдегі қоршаған ортаны қорғауға;
- жергілікті деңгейдегі жобалау іздестіру жүмысын жүргізуді;
- елді мекендерді көркейтуді, кала жолдары мен көшелерінің құрлыстарын;
- жергілікті маңызы бар жолдарды пайдалану мен қайта құруды; ;
- жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке берілетін ресми
трансферттерді;
- жергілікті атқарушы органдардың бұрыштарына қызымет көрсетуді;
- арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жөніндегі бағдарламаларды
қаржыландыруға жұмсалады.
12-баптың 1 тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын
жергілікті бағдарламалардың әкімшілері мен оларға бағынышты мемлекеттік
мекемелерді ұстауға арналған шығыстар да жергілікті бюджеттерден
қаржыландырылады. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін ұстауға
арналған шығыстар актілерімен бекітілген штат санының лимиті мен бір
қызметтерге арналған шығыстардың норма типтері негізге алына отырып
белгіленеді.
Маслихаттардың шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар
республикалық бюджеттік бағдарламаларды қозғамай, қызметтің басқа бағыттары
бойынша бюджеттік бағдарламалар енгізуте құқылы;
-жергілікті бюджеттердің сыртқы эканомикалық қызымет пен байланысты
және ұлттық валютаның айырбас бағымының жоспарланған өзгерісіне сәйкес
белгіленген қаражатты ұлттық валютаның бөлінген кезіндегі ресми айырбас
бағамы бойынша жұмсалады.
Қазақстан Республикасының үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың
резервтері күтілмеген шығыстарды қаржыландыру үшін республикалық және
жергілікті бюджеттердің құрамында құралады. Қазақстан республикасының
үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрамында сот
шешімдері бойынша Қазақстан республикасы үкіметінің орталық және жергілікті
атқарушы органдардың резервтерінен қаражатты тиісті жылға арналған бюджет
шығыстарының құрамында белгіленген мөлшер шегінде бөлу және қаржыландыруды
ашу Қазақстан Респубикасының үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың
ағымдағы қаржы жылының аяғында күшін жоятын шешімдері бойынша жүргізіледі.
Қазақстан респубикасы үкіметінің резервінің құрамында төмендегі тұрған
бюджетгерге несие беруге арналған арнаулы резерв көзделеді.
Қазақстан Республикасының үкіметі жергілікті атқарушы органдар
резервтерінің қаражатын пайдалану тәртібін тиісінше Қазақстан
республикасының үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
Қазақстан республикасының үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар
резервтерінің мөлшері тиісті бюджет көлемінің екі процентінен аспауға тиіс.
Масихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерден бүрын
берілген негізгі борышты өтеудің, шығыстардың, несиелендірудің және бюджет
тапшылығының (профициттің) көлемі.
Аудандардың (қалалардың) әкімдері облыстық бюджет бекітілгеннен кейін
екі апта мерзімде бюджеттердің жобасын тиісті маслихаттың қарауына
енгізеді. Ол екі апта мерзімнен кешіктірілмей бюджетті бекіту туралы шешім
қабылдайды.
Тиісті маслихаттар тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті
бекіткенге дейін 1-тоқсан бюджетінің атқарылуы тиісті қаржы жылына арнаған
жылдық бюджет жобасының 14 бөлігі мөлшерінде жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттерде көзделген
саналардың шегінде кредиттер беруге құқылы. Жиынтығында облыс бюджеттің
құрайтын жергілікті бюджеттер бір-біріне бюджеттік кредиттер беруте құқылы.
Жергілкті атқарушы органдардың кредиттер беру тәртібімен шарттарын
Қазақстан респубикасының үкіметі белгілейді.
Жергілікті атқарушы органдардың заңды және жеке тұлғалардан, шет
мемлекеттерден Қазақстан Республикасының үкімімен келісілген аймақтық
инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшін қарызға қаражат алуға
құқығы бар. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы, заем алу немесе
жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығару шарттары
(келісімдері) нысанында жүзеге асырылады. Қарыз алу туралы шешім қабыдау
заем шартгарын жасаудың және жергілікті атқарушы органдардың бағалы
қағаздарын шығарудың тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен
белгіленеді. Қазақстан Республикасының үкіметі мен жергілікті атқарушы
органдар тиісті бір-бірінің міндеттемелері бойынша жауап берілмейді.
Жергіліісгі атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністер
бюджетінің атқарылуын, бюджеттік қаражаттардың тиімді және нысаналы
жүмсалуын қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджеттерге қызмет көрсетуге
қазынашылық органдары жүзеге асырады.
Бөлінген бюджеттік қаражат мақсатына сай пайдаланылмаған жағдайда
жергілікті қаржы органдарымен қаржыландыруды тоқтатуға немесе кері қайтарып
ауға құқығы бар.
Егер жергілікті атқарушы органдар бюджетті басқару барысында шығыстар
ұлғаятындай не төмен тұрған бюджеттердің кірістері кемитіндей нормативтік
құқықтық актілер қабылдаса, бұл бюджеттерге қаражат жоғары тұрған
бюджеттерден өтеледі.
Субвенциялар бөліну көзделген төменгі тұрған бюджеттер бойынша
шығыстары азайған жағдайда олардың субвенцияларының көлемі де кемиді.
Республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерді
жергілікті бюджеттерден үстауға жол берілмейді.
Мысалы ретінде біздің Оңтүстік Қазақстан Облысының мысалын алып
қаралық. Қазіргі бюджеттің маңызды ерекшелігінің бірі Елбасы Н.Ә
Назарбаевтың оның халыққа жолдауларында айқындалған басымдылықтарды жүзеге
асыруына бағытталынған. Шын мәніне келгенде оны жүзеге асыру бюджетке бүкіл
резервтерді жұмылдыруды, мемекеттік қаржылық тәртіпті қатаңдатып және бүкіл
барысын реформалауды талап етеді. Мысалыға облыс бюджеті 2000 жылы —16,6
млрд. тенгеде оның ішінде 9,5 млрд. тенгесі субвенция болып келеді. Бірақ,
табыс бойынша болжамдық тапсырманы жүз пайыздық орындау кезінде және
субвенциялық толық түсімінде бюджеттік мекемелердің шығынының негізгі
баптары бойынша тұтынысын қамтамасыз ету өте күрделі өйткені олардың ең
кіші көлемін 18 млрд.тенге құрайды. Әлі күнге дейін мекемелер бұрын ие
болып қалған базалық инфрақұрылымы мен тауары материалдық құндылықтардың
бұрынғы қорларымен күн көріп келеді. Бірақ, бұл резервтерде таусылды.
Барлық мекемелердегі жабдықтар тозды, және жұмсақ жабдықтар да тозығы
жетті. Ассигнования мекемелерде тек 80 пайызды ғана жабады. Бірақ осы
қолдағы бармен жұмыс жасауымыз қажет.
Мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі көптеген бағыттарды қамтиды. Олар
ірілендіріліп, былай біріктендіріледі: халық шаруашылығын қаржыландыруға
бөлінетін қаржы бүкіл шығыстардың 19 пайызын құрайды, әлеуметтік - мәдени
шараларды қаржыландыруға бөлінетін қаржы- 6 пайыздан астамын құрайды.
Қалған қаржы мемлекеттік үкімет, мемлекеттік басқару, сот органдарымен
прокуратураны, құқық қорғау органдарын ұстауға, қорғанысқа жұмсалады.
Қаржының бір бөлігі министрлер кабинетінің резерв қорын құрауға,
мемлекеттік борышты ақтауға және басқаларға жұмсалады.
Республика бюджетінің шығыс бөлігінің құрамы мен құрылымы- әлеуметтік -
экономикалық бағыты бөлекше: әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға 6,4
% мемлекеттік үкімет органдарын, сот органдарын және прокуратураны ұстауға-
0,8 %. Қаржы резервін құру және мемлекеттік борышты атқаруға шығындар
қарастырылады. Халық шаруашылығын және әлеуметтік — мәдени шараларды
қаржыландыру шығындарының едәуір бөлігі субвенция формасында төменгі
бюджеттерге жіберіледі.
Кірістер мен шығыстардың тәптіштелген тізімі мен топтамасы бюджет
жіктемесімен айқындалады. "Бюджет жіктемесі"- бұл мемлекеттің қаржы
органдардың бүкіл бюджеттік қызметінің негізін қалайтын бюджеттің кірістері
мен шығыстарының жүйеленген экономикалық топтамасы.
Бюджет жіктемесі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының
жоспарлы, болжамдары мен бағдарламалары министрлер мен ведомствалар,
ұйымдар мен мемлекеттердің қаржы жоспарлары бюджеттің байланысын қамтамасыз
етеді, жеке сметалар мен қаржы жоспарларын жиынтық сметаларға және
жоспарларға біріктіруте мүмкіндік береді, жиынтық жоспарлар мен бюджет
жазбаларының байланысын қамтамасыз етеді.
Бюджет жіктемесінің бөлім, тарау және баптары болады. Бюджет
кірістерінің жіктемесінде бөлімдер кірістердің (қосылған құнға салынатын
салық, халықтан алынатын мемлекеттік салықтар және тағы басқа) тараулар
әрбір бөлімде өзіндік мәнге ие: мысалы "қосылған құнға салынатын салық"
бөлімінде тараулар өнім өндіретін және осы салықты арнайы бөлімдер бойынша
төлейтін халық шаруашылығы кешендерін анықтайды. Сыртқы экономикалық
қызметтің кірістерін есептейтін бөлімде импорт және экспорт баж салықтары,
тауар айырбасы операцияларынан түсетін кірістер, биржа операцияларынан
түсетін түсімдерге және тағы басқа тарауларға бөлінеді.
Шығыстар жіктемесінде бөлімдер қаражаттардың негізгі бағыттарын
көрсетеді. Мысалы: 100 бөлім "халық шаруашылығы", 150 бөлім "сыртқы
экономикалық қызметпен байланысты шығындар", 200 бөлім "ағарту", 201 бөлім
"мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары", және тағы басқаны көрсетеді.
Ал тараулар ұйымдар мен кәсіпорындар бір тұрпатты мекемелер, сондай-ақ
шығындар мен шаралар түрлері бойынша шығындарды білдіреді. Кәсіпорындар,
мекемелер мен ұйымдар үшін кірістерді есептейді және бөлімдер мен тараулар
тұрғысынан шығындарды қаржыландыру тараулар бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарды қаржыландыру шығындардың жеке
түрлерін анықтайтын баптар бойынша жүргізіледі: еңбек ақы қоры (еңбекке ақы
төлеу), жалақы есебі, кеңсе және шаруашылық шығындары, құрал-жабдықтар
сатып алу күрделі жұмсалым, күрделі ғимараттарды жөндеу және тағы
басқалары.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түрлі денгейдегі бюджеттің
жасалуы барысында қалыптасатын қатынастарды реттейді, республикалық және
жергілікті бюджеттердің орындалуын бақылайды және орындалуын, бекітілуін,
қаралуын, жасалу тәртібін айқындайды. Бюджет мемлекеттің орталықтандырылған
ақшалай қоры, заңмен немесе жергілікті үкметті органдардың шешімімен
бекітілген. Заң актілерімен қаралаған салық есебімен, төлемдерден басқа да
міндетті төлемдерден, капиталмен жүргізген операциялар табысының, салықтық
және басқа да түсімдерден құрылған және мемлекеттің өз қызметін атқаруды
қамтамасыз етуіне тағайындалған ақшалай қор болып келеді.
Бюджеттік алу — облыстық бюджеттермен және Алматы, Астана қалаларының
бюджетінен республикалық бюджетке заңмен айқындалған соммада берілетін
заңды трансферттер немесе жергілікті маслихаттың шешімімен айқындалған
соммада аудан және кала бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін заңды
трансферттер.
Бюджеттік жіктелу - қызметтік, ведомстволық және экономикалық сапасы
бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы Министрліктері бекіткен бюджетке
түсу және бюджеттен жұмсалу топтамалары болып келеді. Облыс бюджеті — бір-
бірінің арасындағы өзара жатқызылатын операциялар есебінсіз жасалған
облыстық, халалық және аудандық бюджеттің жиынтығы. Бюджеттік бағдарлама -
айқын бір мемлекеттік қызметті орындау бойынша іс шаралар жиынтығы.
Бюджеттік процедура — бюджетті жасау, қарау, бекіту, қолдану бойынша,
оның орындалуы бойынша есебін бекітудегі мемлекеттік органдар мен қызметтік
тұлғалардың қызметтерін заң өкілдерімен белгілеу.
Үкіметпен кепілдендірілген қарыз - Қазақстан республикасының үкіметінің
кепілдігі бар, айқын бір уақытта игерілген сома және қайтарылмаған,
өтелмеген заемдар.
Мемлекеттік құнды қағаздар — үкіметтің және жергілікті атқарушы
органдардың шығарған құнды қағаздарын және Қазақстан республикасы ұлттық
банкінің құнды қағаздары.
Мемлекеттік бюджет- бір - бірімен өзара жатыстырылу есебінсіз,
республикалық жергілікті бюджеттер жиынтығы.
Бюджеттер тапшылығы — шығыстар көлемінің бюджеттен қайтарымды негізде
бөлінген кредиттердің бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып
кетуі. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының мөшері ұлттық валютамен
және ішкі жалпы өнімге қатысты процестен, ал жергілікті бюджеттің тапшылығы
ұлттық валютамен көрсетіледі.
Бюджет кірістері- салықтардан, алымдар мен бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің салыққа жатпайтын және өзге де
түсімдердің, сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін
капитамен жасалынатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі.
Жергілікті бюджеттер — облыстық бюджеттер арнаулы экономикалық
аймақтардың қаржы қорлары қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа)
қала аудандарды қоспағандағы, аудандардың бюджеттері; жергілікті атқарушы
органдардың қарыз ауыл — облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің
жергілікті аткарушы органдардың шарты немесе бағалы қағаздарды нысанадағы
заемдарда тарту, алу, орналастыру, қызмет көрсету және өтеу процесі.
Бюджеттік профициттік пайдалану — борыштың негізгі соммасын қайтаруға
жіберілетін бюджет профицитінің заем қаражаттары түсімі шегерілген көлемі.
ІІ. Бюджеттің табысы мен шығысының экономикалық талдауы

2.1. Мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығысының экономикалық талдауы.

Мемлекеттік бюджет бұл мемлекеттік өкімет органдарының қызметін
қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты калыптастыру және жұмсалудың негізгі
қаржы жоспары. Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттерді
біріктіреді.
Бюджеттің табысы — салық және салыққа жатпайтын түсімдер мен алымдар
көлемі, сондай-ақ қайтарылмайтын негізде бюджетке түсетін капиталмен
жасалған операциялардан түсетін табыстардан тұрады.
Мемлекеттік бюджеттің табысы:
- Салық түсімдерінен:
-занды тұлғалардан алынатын табыс салығы
-жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы
-әлеуметтік салық
-қосылған құн салығы
-акциздер
-меншік салықтары
оның ішінде:
-мүлік салығы
-жер салығы
- Салыктық емес түсімдер
- Капитал операцияларынан түскен табыс
- Алынған ресми трансферттер
- Бюджеттен бұрын берілген несие бойынша негізгі борышты өтеуден
тұрады.
Шығыстар мен несиелер:
- Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
- Қорғаныс
- Қоғамдық тәртіппен қорғаныс
- Білім беру
- Денсаулықсақтау
- Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек Мәдениет, спорт және
ақпарат
-Отын —энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану
-Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық
-Ауыл су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау
-Өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және жер қойнауын пайдалану
- Көлік және байланыс
- Экономикалық қызметтерге байланысты басқа да қызметтер
- Борышты өтеуге қызмет көрсету
- Несие беруге жұмсалады.
Осы аталған бөлімдердің мемлекеттік бюджет бойынша орындалуын келесі
кестеден көруге болады
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

Мемлекеттік бюджеттің орындалуы
Млн.тенге
Көрсеткіштер Жылдар Ауытқуы
20052006жж.
2004 2005 2006 +,- %
Түсімдер 398592 598746 746612 147866 124,6
Табыс-барлығы 392950 587026 733660 146634 124,9
Салықтық түсімдер: 330267 524026 635792 111766 121,3
оның ішінде:
занды тұлғалардан алынатын табыс салығы 54759 163529 169048 5519 103,4
жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы 35329 51016 68574 17558 134,4
әлеуметтік салық 70463 99082 124284 25202 125,4
қосылған құн салығы 89030 115159 159913 44754 138,8
акциздер 18956 19285 21830 2545 113,2
меншік салықтары 24537 26693 33472 6779 125,4
оның ішінде:
мүлік салығы 15210 14763 20944 6181 141,9
жер салығы 4644 5506 5454 -52 99,1
Салықтық емес түсімдер 26896 38602 72505 33903 187,2
Капитал операцияларынан түскен табыс 35787 24379 25363 984 104,0
Алынған ресми трансферттер 2629 3196 233 -2963 7,2
Бюджеттен бұрын берілген несие бойынша 30313 8511 12719 4208 149,4
негізгі борышты өтеу
Шығыстар мен несиелер 468423 602024 759610 157586 126,2
Шығыс 447426 576182 726016 149834 126,0
соның ішінде:
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 28856 35114 50772 15658 144,6
Қорғаныс 17198 20379 32481 12102 159,4
Қоғамдық тәртіппен қорғаныс 32507 47738 64319 16581 134,7
Білім беру 78491 84668 106419 21751 125,7
Денсаулық сақтау 44825 54323 62323 8000 114,7
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік159064 171065 186715 15650 109,1
көмек
Мәдениет, спорт және ақпарат 12237 17487 18076 169228 103,4
Отын -энергетикалық кешен және жер 5500 5500 100,0
қойнауын пайдалану
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 6012 22106 30454 8348 13,8
Ауыл су, орман, балық шаруашылығы және 6944 11441 23168 11727 202,4
қоршаған ортаны қорғау
Өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және жер 2867 7191 4771 -2420 66,4
қойнауын пайдалану
Көлік және байланыс 12865 37804 44212 6408 116,9
Экономикалық қызметтерге байланысты 26118 31325 59042 27717 188,5
басқа да қызметтер
Борышты өтеуте қызмет көрсету 19442 35541 37764 2223 106,2
Несие беру 20997 25842 33594 7752 129,9
Бюджеттің тапшылығы (артуы) -69831 -3278 -12998 -9720
ЖІӨ-ге %-бен 3,5 -0,1 -0,4
Жоғарыдағы кестедегі мәліметтерге сүйене отырып, мемлекеттік бюджеттің
2000 жылмен 2001 жылдың көрсеткіштерін салыстыру арқылы мемлекеттік
бюджетке түскен түсімнің 24,6 пайызға артқанын, шығыс бөлігінің тиісінше
26,2 пайызға артқанын көруімізге болады.

Мемлекеттік бюджеттің түсімі мен шығысының салыстырмалы көрсеткіші

Бірақ бюджет тапшылықта, яғни шығыстарының кірістерінен асып түскен.
Бұл салдар алынған ресми трансферттің 92, 8 пайызға кемуінен, шығыс
бөлігінің едәуір аргуынан болып отыр.

2.2. Жергілікті бюджеттің табысы мен шығысының
экономикалық талдауы

2.2.1. Оңтүстік Қазақстан облысы бюджетінің қалыптасуын талдау

Облыс экономикасындағы оң ілгерушіліктер облыстық бюджеттің кірісі мен
шығыс бөліктеріне де игі әсерін тигізіп отыр.
Облыс бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2000 жылы өткен жылмен
салыстырғанда 36,9 пайызға өссе, 2001 жылы өсім 17,6 пайыз құрады, ал 2002
жылы нақты өнім көлемінің индексі 2001 жылмен салыстырғанда 124 пайызды
құрады. Тиісінше облысымыздың бюджетінің кіріс бөлігі 2000 жылы 1999 жылмен
салыстырғанда 60,5 пайыз, 2001 жылы 1,2 пайыз өсті. Облыс бюджетінің кіріс
бөлігі 2002 жылы 22,6 пайыз өсіммен бекітілді. 2001 жылдың нақты
түсімдеріне сүйенсек 1999 жыл денгейімен салыстырғанда корпорациялық табыс
бойынша 81,6 пайыз, меншік табыс салығы бойынша —66,5 пайыз, әлеуметтік
салық бойынша 60,4 пайыз, акцизден-145,3 өсім байқалды. Жалпы 2001 жыл
акциздік өнімдерді дамытуға бағытталғандығын атап өту керек. Облыстың
жергілікті атқарушы органдары салық салу базаларын ұлғайту және салықтың
бюджетке толық түсуін қамтамасыз етуде елеулі шараларды жүзеге асыруда.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында 2001
—2002 жылдары шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік
бағдарламасы туралы" Жарлығында алға қойылған міндеттер халықты жүмыспен
қамтамасыз ету, қоғамдық ұйымдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау
мәселесіндегі ролін арттыру, шағын кәсіпкерліктің өндірістік секторын
дамытуға басымдық беру болып табылады.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту барысында жасалған талдаулар көрсеткеніндей,
бұл бағыттағы жүмыстар серпімді -даму сипатына ие болып, өзінің игі жемісін
беруде және халықты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік шиеленісті
бәсендетуге, халықты жұмыспен қамтуға негіз болып отыр. Жаңа кәсіпорындар
мен жұмыс орындарын арттыру арқылы шағын кәсіпкерлік халықтың едәуір
бөлігін жұмысқа тартты және қызмет көрсету түрлерінің өсуіне ықпал жасады.
Оңтүстік Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
бағдарламасының негізгі шараларын жүзеге асырудың нәтижесінде 1999 жыл мен
2002 жыл аралығында 657 шаруашылық субъектілеріне жалпы сомасы 856781,0 мың
тенге несие бөлінді.
Облыс бюджеті әлеуметтік -экономикалық саясаттың басым бағыттарына
негізделген. Әлеуметтік сала объектілеріне әр кез ерекше назар аударылады.
Біздің облыс халқы көп аймақ болып саналады, олардың басым бөлігі -ауыл
тұрғындары.
Облыс бюджетінің көлемі соңғы үш жылда үш есеге дерлік ұлғайды. Мұның
өзі бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің еңбекақысын уақытылы төлеуге,
тамаққа, дәрідәрмекке жұмсалатын шығындарды арттыруға, сонымен бірге
мемлекеттік органдардың, білім, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт
саласының материалдық - техникалық базаларын нығайтуға мүмкіндік береді.
Егер 1999 жылы денсаулық сақтау саласының шығыстары 2,8 млрд. тенгені
құраса, 2002 жылы бұл көрсеткіш 2 есеге өсіп, 5,7 млрд. аса тенгені құрады.
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің ай сайынғы орташа еңбек жалақысы үш жыл
көлеміңце 68 пайыз жуық мөлшерде өсіп, 2002 жылы 8756 тенгені құрады, оның
ішінде дәрігерлердің жалақысы 12320 тенге болды немесе 29 пайызға артты.
2000-2001 жылдары емдеу — прафилакткалық мекемелерінің жайларын күрделі
жөндеуге, қазіргі заманғы құрал — жабдықтар мен санитарлық көліктер алуға
мүмкіндік туды. Тек 2000 жылы облыстық бюджет қаржысының есебінен құны
329,0 млн. тенге тұратын бірегей медициналық құралдар сатып алынды, оның
ішінде: қатерлі ісік ауруларын емдейтін гамма- сәуле терапиясының аппараты,
ультра дыбысымен тексеру, ренген аппаратуралары, хирургиялық және
гнекологиялық аппаратуралар. Сондай- ақ қалалық бюджет қаржысының есебінен
құны 140 млн.тенгелік компьютер томографы сатып алынды. Соңғы 2 жылда
санитарлық автомашиналар қатарына тағы 95 автомашина қосылды, оның 85-і
бюджет қаржысы есебінен алынды. Бұл көліктің 95 пайызы ауылдық денсаулық
сақтау мекемелеріне берілді. Елбасымыздың Жарлығымен 2002 жылдың Денсаулық
жылы болып жариялануына байланысты 1996-1998 жылдардағы оңтайландыру
кезеңінде негізсіз жабылып қалған фельшерлік —амбулаториялық пунктерді
қайта ашу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері жаңадан 7 денсаулық объектісі
ашылды, 12 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жұмыстары
жүргізілуді.
Бюджет қаржысының 50 пайызға жуығы білім мекемелерін ұстауға жұмсалады.
Егер 1999 жылы бюджет 6,4 млрд.тенгені құраса, биыл ол 2 есеге немесе 13
млрд.тенгеге дейін өсіп отыр. Білім беру саласы қызметкерлерінің орташа
айлық жалақысы 1999 жылмен салыстырғанда 57 пайызға өсті. 2002 жылы
жалақының көтерілуі есебінен айлық еңбекақы 11003 тенгені, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазынашылық басқармасының ашылуы
Нарықты экономика жағдайындағы мемлекеттік бюджеттiң қалыптасуының экономикалық талдауы
Мемлекеттік бюджет туралы мәлімет
Қазынашылық жүйе
Бюджетті құру принциптері
Бюджет жайлы
Бюджеттің балансы
Бюджеттік құқықтың қаржылық құқықта алатын орны
Бюджеттік құқық: ұғымы, пәні, әдістері, жүйесі және қайнар көздері
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуының ерекшеліктері
Пәндер