Заңгердің кәсіптік этикасы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Бүгінгі күні құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби ісі заң пәндерінің негіздерін білумен ғана шектелмеу қажет, ол өз іскерлігін тәжірибеде, түрлі категориядағы азаматтармен өзара әрекеттесу жасағанда қолдана білуі тиіс. Құқықтық білімнен басқа заңгер-маман кәсіби-қызметтік міндеттерді аса белсенділікпен шеше алуға мүмкіндік жасайтын ізгілікті-этикалық нормаларын игеру қажет. Ол өзін-өзі ұстай алуы керек, салмақты болып жас мамандарға үлгі тұтатындай өнегелі қызметкер болуы тиіс.

Моральдық-ізглікті тұрақтылығы, педагогикалық әдеп, салмақтылық, өзін-өзі ұстай білу, намысшыл болу, басқа адамды түсіне алу, басқаларға әсер ете алу - заңгердің кәсіби мінездемесінің толық тізімі емес. Бұл мінездемелер кәсіптік дайындықты тиімді ету критериі ретінде қабылдануы мүмкін.

Заңгердің құқық қорғау, жазалау, қадағалау функцияларын ғана атқармай, түзету, тәрбиелеу және ізгілендіру жұмысын жүргізуі тиіс.

Сол себепті “Заңгердің кәсіптік этикасы” атты курсын оқу - құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік дайындығының міндетті бөлігі болып табылады.

Аталмыш курс кәсіптік дайындықтың бастапқы кезеңінде оқытылады.

Курс мақсаты - кәсіби этиканы құрайтын теория мен тәжірибе негіздеріне, тыңдаушылар бойында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби этикасына сәйкес келетін әдептілік туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Сондай-ақ, жоғары білікті, теориялық білім мен тәжірибелік қызмет негізінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік этикасына сәйкес келетені кәсіптік қызметті іске асыра алатын қабілеті бар маманды даярлау.

Өйткені, кәсіптік этиканың негіздерін, оның ізгілікті мәнін және мамандық проблемаларын білу құқық қорғау органдарының әр қызметкеріне міндетті. Кәсіптік этиканы оқу қажеттілігі қазіргі мемлекеттің дамуы және қалыптасу ерекшеліктерімен, қоғамдық және мемлекеттік өмірдің ізгілендіруін жетілдірумен, адам, оның құқықтары мен бостандықтарын қамқор етуімен шарттарып отыр.

Негізінен әдептілік әркімнің өз құқығын жүзеге асырған кезде басқа адамның құқығын бұзбауға арналған, бұл тұжырым замен де қолдау тауып отырыады. Оның себебі адам мен қоғам арасындағы қатынас та әдептілік, адамгершілік негізге сүйененді.

Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды танып-білуге деген ұмтылыс күннен-күнге артуда. Этика да, құқық та адамтанушы пәндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек - адам.

Адамның заңмен көзделген құқықтарын жүзеге асыруда әдептіліктің, адалдықтың алатын орны ерекше.

Адам баласы ең әдемі, өз ары алдында таза, әрі пәк адал болуы керек. Онсыз мәнді де сәнді тыныш өмір сүруі екіталай, тіпті мүмкін емес. Сондықтан да әркім өзімен-өзі (өз ар-ожданымен, намысымен, жан-дүниесімен, бүкіл болмысымен) әрдайым жарасымды болуы керек.

Өз ғұмырында заң саласында ұзақ жылдар бойы қызмет істеп жүрген кейбір азаматтар өмір бақи қиянат, қараулық, қасгөйлік, арамдық, арсыздық, астамшылық, арандатушылық, күпірлік, көлгірсушілік, өтірік өсек, пәлеқор, жалақор, жалғандықтардың жолын қиып, қылмыстың алдын алып, оны болғызбау шараларын қолданып, қоғамға зор пайдасын тигізгенін айтпасқа болмайды. Себебі олар өзіне жүктелген міндетті аса жауапкершілікпен адал атқарған, адамшылықтың алтын айдарындай нұр шашқан әділеттілік пен адалдықтың ақ туын желбірете жоғары ұстаған аяулы да қадірлі адамдар еді.

Ондай адамдар мейірім, мейірмандық, бауырмалдық, туыстық сезім, ізгілік, тазалық, үлкен парасаттылықтың ұрығын, дәнін әр көңілге құйып, әр жүрекке еккен, нәтижесін көрген. Асқақ ел жұртының шың басындай тәкәппар да албырт, жомарт жүрегінен мәңгілік жәннат тапқан, абырой-атаққа кенелген, қуанышқа бөленген, өшпес мұра да қалдырған.

Әлсізге медет, күтіге айбар, зарыққанға жебеу, торыққанға демеу, асқанға тосқан, сасқанға сая, ұрпаққа ұстаз, ұлысқа ұран бола білген билер мен шешендер, әділ хандар, білгір заңгерлер, ардақты ел азаматтары болған, бүгінгі күнде де баршылық.

Үлкенді сыйлау - бұл имандылық пен адамгершіліктің ірге тасы, мұндай ұлы қасиеттерді бойына жинақтап сақтай алмаған адам «адамгершіліктен» айырылған, не одан безген адам болып табылады.

Жалпы әдепті адам өзі өмір сүріп, тіршілік етеп отырған табиғатты да аялай білуге, оны көзінің қарашығындай қорғауға тиіс.

Ал заңдылықты құрметтеу, оны ерекше қастерлеу, адамгершілік борышты аса жауапкершілікпен өтеу, ендеше әдептілік бұл ізеттілік, кішіпейілділік, көпшілік, қоғам талабына бағынып, оны бұлжытпай мүлтіксіз орындау деген сөз.

Әдеп сақтау дегеніміз - қоғам талабына сай келу, ал талап қою оны орындау үлкенді-кішілі бүкіл қазақ жұртының қастерлі міндеті.

Қазақ дәстүрінде сәлемдесу тек аман-саулық сұрасу ғана емес, бұл ел ішінде, ағайын-жекжат арасында татулық орнату, ел-жұрт бір-бірімен қырғи-қабақ реніште болмай, ауыл-аймақты біріктіру мақсатын көздейтіндігіне айрықша мән берген. Мәселен, сәлемдесу рәсімінде адамға деген қаншама жылулық, мейірім мен шуақ, ықыласты шапағат, қамқорлық пен жарасымды жарастық жатыр.

«Ассалаумағалейкум» (араб сөзі - сізге тыныштық тілеймін деген мағынада) деген сәлеміңізге үлкен кісі «Уағалейкумассалам» (сізге де бейбітшілік болсын) деп, жауап қайтарады, міне өзара байланыстың түп-төркіні қайда екендігінің куәсі тәрізді дүние.

Кейбір тасы өрге домалап, байлыққа, мансапқа қолы жеткен адамдардың аға-інісін, апа-қарындасын ұмытып, кеуделеріне нан пісіп, құдайын танымай кететіндері де кездесіп қалады. Адайда күндердің күндерінде ондай адамдардың бағы қайтып, байлығы сарқылып, басына ала бөтен күн туса, қайғысына ортақтасып, халін сұрап, жәрдем қолын созуға жан табылмай қор болады.

Жалпы алғанда, жақын бауыр-туысына жүрегі елжіремейтін, оларды өздеріне тең көрмей, кем санап менсінбейтін, жамандайтын, сыртынан ғайбат сөз айтатындар жақсы адам емес.

Жоққа өкпелеп ренжісу, түкке тұрамйтын ұсақ-түекке бола туыстық көңілін қалдыру, өзінен кем тұтып қуаныш-қызығын елемеу, барға ортақтасып бөліспеу, барыс-келістен күрт тыйылу әдептілікке мүлде жатпайды. Керісінше, ағайын-туысқа үлкен-кіші демей ілтипатты болу, әркімнің қас-қабағына қарап көңілін аулау және көңіліне келіп қалуы мүмкін сөз бен қылыққа абай болу-міне, әдептілік те, адамгершілік те, дұрыс жол да осы.

Қазақта «Ұлық болсаң, кішік бол», - демекші, қашанда кішіпейіл, кеңпейіл, кіршіксіз таза ақ көңілділік кім-кімге де жарасып тұратын қылық. Олай болса басымнан сөз асырмаймын деген пікірден әруақытта да бойыңды қашық ұста. Өйткені, «Адам ақыл иесі», «адам-мораль және бостандық иесі» - деген сөзге лайық болуға тырысу керек, сонда ғана ақыл, сана және бостандық адамның кісілік шыңы, жігерлігінің жемісі, еңбегінің бақытты нәтижесі екендігіне көз жеткізу қиын емес.

Әдептіліктің негізгі мақсаты - адамға жамандықтың зияндығын түсіндіріп, жағымсыз қылықтардан бойын аулақ ұстауға үйретіп, тура жолда, адамгершілік жолын сілтеу, адалдықтан ғанибет алу, елдің алғысына бөлену, халқын риза ету.

Әдептілік - турашылдық, азғыруға қарсы тұра білу, адамдарға қайырымдылық жасау, мейірбандық көрсету, сонымен қатар қанағатшылдық, кішпейілділік, кешірімділік, пәктік, өзінің ғана емес, өзгелердің де тілек талаптарын құрметтеу, ұқыптылықты, тазалықты, тәртіпті қатаң сақтау болып табылады.

Әдепті болу дегеніміз - ата-ананың тілін алу, қарсы келмеу, үлкенді әркез құрметеу, оларға әрдайым сый құрмет көрсету, әрбір адамға сыпайы сөйлеп ізет көрсету, инабаттылық таныту, жалпы көрегенді іс-әрекет жасау, басқаға зияныңды тигізбеу.

Әдепті сақтай білген адам ғана өте тәртіпті келеді. Сондай-ақ тәртіпті қатаң сақтай білген адам міндетті түрде әдепті болады, құрметтеуге лайықты келеді.

Әркімнің де іс-әрекеті, мінез-құлқы әрқашан заңға сәйкес негізделіп, әділділікке сай келетін, ақылға сыйымды әрі өте қонымды болуы керек, сонда сенің салауатты азамат екендігің бірден көзге көрінеді.

Халықтың үміті мен артқан сенімі ешкімге де адастырмайтыны, алдамайтыны ақихат. Ал ойсыздық, алаңғасарлық, немқұрайдылық адам баласының іштей жауапкершілік сезімінің әлсіз болуынан белең алады, соның кесірінен ішкі ой-толғаныстарды буып тастап, шәлкес, келеңсіз қимыл жасатады.

Ал қылмыс болса, көп жағдайда орны толмас өкінішке, қасірет пен қайғыға апарып соқтырады, бармақ шайнатып опық жегізеді, ел алдында қарабет етеді, еңсеңді түсіріп мұңайтады.

Әдептіліктің мәні - әркім оны өзінің санасында қалыптастыруы тиіс, әдеп пен инабаттылықтың қаншалықты керек екендігін, оның адам өмірімен біте қайнасып жататынын жете түсіну болып табылады, тек қана түсініп қоймай оны іс жүзіне асыру қажетілігі де туындайды.

Заңгер этикасы - әрбір азаматтың, әрбір заңгердің құқықққа деген көзқарасын, мінез құлқын қарастыратын ғылым. Этика негізінен заңгердің өздерінің қызметіне деген жауапкершілігін әділдік жолында барынша қызмет етуге дайындығын, ар-ожданын, мәдени дамуын қалыптастырады. Әрбір заңгер өз қызметіне басланысты қоғамдық жоғарғы құқықтық білім, мәдениет, құқықтық сана, адамгершілік сезім. Сондай-ақ Отанға деген шынайы сүйіспеншілік болуы қажет.

Қоғамдық даму тарихындағы этикалық ілімдер

Халықтың сана сезімінің өсуі, тоталитарлық империяның күйреуі, жас тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, философиялық ойлаудың жаңа түрлері азаматтың айырмашылығын, халықтар тағдырларының ажырамас бағыттарының тарихи шындықтарын терең де мазмұнды ашып беруіне көп септігін тигізуде. Осы тұрғыдан алғанда дүние жүзілік қоғамдастыққа қазақ халқының қазақ халқының терең де тұңғиық философиялық ойларын, оның шынайы болмысын және өзіне тән мәдениетін көрсете білудің маңызы айрықша.

Жалпы дүние жүзілік тарихтан белгілі болғандай, қоғам дамуының көп сатыларында экономикалық мүдделер мен саяси қызметке қарағанда философиялық, этикалық, діни және т. б. проблемалар алдынғы орынға шығады. Олар - азаттық және адам еркіндігі, діни сенім және ақыл-ой, өмір сүру және адамгершілік қасиеті, бостандық пен құлдық туралы және басқа мәселелер.

Антикалық философияның екінші кезеңі - классикалық кезең атақты ойшыл-философ Сократтың (б. д. д. 463-399 ж. ж. ) есімімен тығыз байланысты.

Сократ софистер басын бастап, бірақ аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Соқраттың ойынша, таным мен философияның негізгі мәселелсі адам болуы керек.

Сократ мәселелені өте батыл түрде қойды. Дүниені тану, әлемді білу, әрине қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Осыдан кейін келіп Сократтың бірінші принципі шықты. «Сен алдымен өзіңді-өзің таны!».

Оның екінші қағидасы: «менің білетінім - менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді». Бұл пікірдің өзі керемет қағида. Өйткені, адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын, өзін өзі тануға ұмтылған сайын, сайып келгенде, өзінің ештеңе білмейтіндігін анықтайды. Өзіңді-өзің танып білу деген - өзіңді қоғамдық, әдептілік тұлға ретінде қарастыру арқылы барлық адамдарға тән әдептіліктің негізгі қаиеттері төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру. Сократтың пікірінше, моральдық өлшемдер - объективтік құбылыстар. Ал жақсылық пен жамандықтың арасындағы айырмашылық салыстырмалы емес, абсолютті бағытта болады. Жақсылық жасағанда, ол жақсылықтың мәні неде екенін білген дұрыс. Егер адамдар жақсылықтардың да, жамандықтың да не екенін, олардың табиғатын түсініп, білетін болса онда олар еш уақытта да жамандыққа бармас еді. Жамандықтың өзі жақсылықтың не екендігін білмегендіктен болатын құбылыс. Олай болса, әдептілік дегеніміздің өзі танып білудің салдары. Сондықтан адамдар баюға, жұмыс бабында жоғарылауға, мемлекеттік басқару ісіне араласуға, т. б. құмартпаулары керек, керісінше, «өз қамыңды өзің ойла», өзіңді - өзің әдептілік, ақылдылық жағынан көтер, бұл ретте адамдарға философия көмек береді.

Сократтың ойынша, білімнің мәні басқада жатыр. Білімнің мәні - адамның алдына қойған мақсатын жан-жақты ашуы. Себебі адам өзін қоршаған дүниенің сырын ашамын деп қаншама әрекеттенгенімен, оны толық түсіне алмайды. Сократ білімді адамның ішкі рухани дүниесімен тығыз байланыстырады. Яғни, оның айтуынша білім дегеніміз - ізгілік. Мұндай көзқарас білімнің мәнін терең ашады. Адамның алдына қойған мақсаты, оның рухани өмірі - білімді құрал ретінде ғана емес, өмір сүрудің әдісі ретінде пайдалануға жол бастады. Сондықтан білім адамның белгілі бір іс-әрекеті, қызметінен шыға отырып, оның өмірінің мәнінен айналуға тиіс.

Сырт қарағанда, бұл мәселе таза философиялық емес, этикалық проблемаға ұқсайды. Яғни, Сократ адамның мақсаты мен білімін жете байланыстыра отырып, олардың мәнін қатар қойды. Шынында да, Сократ әрбір философиялық, этикалық, эстетикалық категорияларды адамның қызметімен байланыстырды.

Өмірінің соңына дейін Сократқа жастарды бұзды, құдайларды жоққа шығарды деген кінә тағып, ол у ішіп өлуі керек деген үкім шығарды. Түрмеден қашып шығуға мүмкін бола тұра, ол мемлекетте қабылданған және өмір сүріп тұрған заңды бұзбау керек деген пікірді желеу етіп, б. д. д. 3999 жылы өзінің достарының, ізбасарларының алдында у ішіп өледі.

Жаңа көзқарас философия, этика тарихындағы Платонның есімімен тығыз байланысты.

Платон (б. д. д. 427-347 ж. ж. ) өзінің терең да мағыналы философиялық ойларымен жалпы философия ғылымының дамуына зор әсер еткен ғұлама-ойшыл. Негізгі шығармалары: «Апология» (Сократты қорғау), «Критон» (заңды сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Федон», (әдептілік туралы), «Заңдар», т. б.

Платонның пікірінше, шын болмыс - ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі.

Идеяны, эросты басшылыққа алған өмір, әдептілік идеясын (игілік, қайырымдылық) жүзеге асырылады. Ол тек рухани махаббат негізінде ғана мүмкін.

Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен гармониясы. Платонның түсінігінше, игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарын игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек деп тұжырымдайды.

Платон өзінің көптеген шығармаларында, әсіресе, саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырған сұхбаттарында адамның ішкі дүниесін ашумен қатар оның қоғамдық іс-әрекетіне де талдау жасады.

Көне грек философиясының тарихында философиялық жаңа кезең басталды. Бұл кезеңнің негізін қалаушы әрі ғылым, әрі қоғам қайраткері, әрі данышпан философ Аристотель (б. д. д. 384-322 ж. ж. ) болды. Аристотель сол кездегі ғалымдардың барлық саласына ат салысып, көптеген еңбектер жасзып қалдырған: «Категориялар», «Аналитика», «Этикалық трактаттар», «Саясат», «Риторика», т, б,

Аристотель өзіне дейінгі философтардың, ең алдымен Сократ пен Платонның көзқарастарын талдай келіп, олардың терең ойлы пікірлеріне жүгінді. Оның ойынша, практикалық ілімдер - этика мен саясаттың адам қызметіне тікелей қатысы бар. Олар адам ойлары мен әрекетінің іске асуын айрықша айқындайды. Өйткені, адамгершілік пен зерде адамның өз еркінің қалауымен тығыз байланысты. Сонымен бірге өз бетімен немесе еріксіз іс-қимылдар жасау адамның ішкі рухани дүниесіне тікелей қатысты.

Адамгершілік - адам жанының қабылдап алған рухани сапасы. Өз табиғатынан тыс жақсы адамның болуы мүмкін емес. Табиғат бізге игілікті қабылдайтын мүмкіндіктерді ғана береді. Содан бара-бара ол мүмкіндіктер шындыққа, шын мәніндегі ізгілікке, адам жанының жақсы сапаларының біріне айналады.

Ізгілікті қабылдап алу екі негізгі процеске байланысты. Бірі - оқып білім алуға, ал екіншісі, әсіресе, адамгершілік - тәлім тәрбиеге байланысты. Тек тәлім-тәрбие ғана адамгершілік пен зерделікті адам бойына сіңіре алады. Аристотель бұл жерде тәлім-тәрбиеге байланысты: “Әркім өзінің мінезіне өзі жауапты” деген пікір айтты.

Сонымен Аристотель тәрбиешіге, яғни тәрбиеленуші адамға үлкен көңіл аударады. Оның ойынша, ең басты негізгі тәрбиеші - мемлекет және оның заң шығарушы органы. Олар осы мемлекеттегі азаматтарды тәрбиелеуде ерекше рөл атқаруға тиіс.

Аристотельдің философиясы өз заманымен шектеліп қалмай, оның көптеген идеялары кейінгі ойшылдардың арасынан қолдау тауып, шығармашылықпен дамытылды. Бұл жерде шығыстың орта ғасырдағы үлкен алыбы, философия саласында «екінші Аристотель» атанған әл-Фарабидің еңбектерін атап өтсе де жеткілікті. Оның «Философиялық трактаттары», «Әлеуметтік-этикалық трактаттары», тағы басқа да еңбектері барынша ілгері дамыта отырып, өз заманына сәйкес жаңа көзқарастарының негізін қалады.

Әл-Фараби өзінің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу» туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлдеп берді.

Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмның лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді.

Жаңа заман философиясындағы, әсіресе оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы - И. Кант (1724-1804 ж. ж. ) болды.

Канттың этикалық ілімдері оның эстетикалық көзқарастары ұштасып жаты. Ол эстетикалық көзқарастың негізі ретінде көркемдік, маңыздылық және даналық ұғымдарын қарастырады. Даналық арқылы табиғат өз заңын жүргізсе, маңыздылық пен көркемдік - эстетикалық талғамдар.

Кант дүниедегі ең жоғарғы тұрған және қасиетті деп адамды таныды. Ендеше, оны құрал ретінде пайдалануға болмайды. Белгілі бір құрал ретінде тек табиғат құбылыстарын пайдаланған жөн. Сөйтіп, ол философия тарихында алғашқылардың бірі болып гуманистік, адамгершілік рухтағы этиканың негізін қалады. Адам - өмірдегі ең жоғарғы мақсат. Алайда, бұл көзқарас нақты өмірге келгенде қайшылыққа тап болады. Көп жағдайда адамгершілігі мен парасаты жоқ адамдардың ісі алға басады. Ал адамгершілігі мол адамар қайға-қасіретке ұшырап, бақытсыз болып, әрі-сәрі күн кешеді.

Канттың ойынша, адамгершілік заңын жай ғана қағазға жазып, іліп қоюға болмайды.

Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г. Ф. Гегель (1770-1831 ж. ж. ) Алғашқы еңбектерінің бірі «Рух феноменологиясында» зерделі ойдың негізін көрсетті. Бұл еңбекте үш кезең қамтылған. Ол құқық, мораль және парасат (адамгершілікпен) аяқталады. Міне осылардың арасындағы байланыстарды нұсқаған Гегель бұлардың бір-бірмен сабақтасып, жалғасып жатқанын көрсетеді. Айталық, құқық меншіктен басталып, келісім арқылы құқық дәрежесіне дейін көтеріледі. Мораль болса өзінің даму процесінде парасатпен (адамгершілікпен) аяқталады. Мораль көп жағдайда адамның ниетімен, ізгілігімен, жақсылық және жамандық іс-әрекетімен байланысты бола келіп, өзінің негізінде тар өрісті екендігін байқатады. Көбінесе адамдар өмірінде алдымен осы моральға бағынышты. Оларға жастайынан моральдың заңнан айырмашылығы, оның принциптері зорлықпен үйретілмейді.

Этика категорияларының ерекшеліктері және әлеуметтікфункциялары

Барлық ғылым түрлеріндегі сияқты этикада да бірқатар категориялар бар. Категориялар заңдармен, қағидалармен, әдістермен біріге отырып, кез-келген ғылымның мазмұнының негізін құрайды. «Категория» сөзінің өзі грек тілінен шыққан. Ол арқылы шынайы өмірдің маңызды жақтарын көрсететін мейлінше жалпы түсініктер сипатталады. Ол - адам танымының өзекті пунктері.

Этика категориялары - моральдың ең мәнді жақтары мен тұстарын көрсететін, ғылым ретіндегі этиканың теориялық аппаратын құрайтын жалпы түсініктер. Этика категориялары адамгершілік сананың теориялық деңгейінде өмір сүреді. Олар - рухани, идеалды тәртіптің құрылымдары, болмастың адамгершілік жақтарының субъективтік көрінісі, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мораль туралы жүйеленген, ғылыми негізделген, теориялық білімдер жиынтығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңгерлердің кәсіптік этикасының ерекшеліктері
ЗАҢГЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Құқық және құқықтық сана
Заңгердің кəсіби психологиялық қабілеттерінің бағасы мен кəсіби сапасының психологиялық құрылымы
Этика ұғымы және оның заты туралы
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
Қызметтік әңгіменің бет-бейнесі қызметтік әңгімелесу түрлері және оларды жүргізу этикасы
Этика ұғымы және оның заты
Адвокаттың алқабилер қатысуымен жүргізілетін сот өндірісі
Полиция қызметі этикасының негізгі қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz