Православиялық мейрамдар



1. Кіріспе.
2. Рождество Христово. 25.ХІІ. және 06.01(правосл.).
3. Крещение. 06.01.(правосл.) және 19.01.
4. Сретение. 2 ақпан.
5. Құдайдың Иерусалимге кіруі.
6. Пасха. 27 сәуір.
7. Вознесение Господня. 7 мамыр.
8. Преображение Господне (Яблочный спас). 19 тамыз.
9. Қасиетті Жан мейрамы.
10. Успения Богородицы мейрамы.
11. Святки. 6 қаңтар.
12. Қорытынды.
13. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Православие (грекше “ортодоксия”, “дұрыс ойлау”) (ортодоксия сонымен бірге православие синонимі ретінде қолданылады, ортодоксия ересиялар мен модернизмге қарсы қойылады) – бастапқыда 395 ж. Рим империясының құлауы кезінде пайда болып, кейіннен 1054 ж. Шіркеулердің бөлініп кетуі нәтижесінде толығымен қалыптасқан христиан дінінің грек тілді бір бағыты. Қазіргі кезде православие діні көптеген Шіркеулерден құралған, олардың кейбіреулері арасында евхартиялық қатынастары бар.
Басқа діндер тәріздес православиенің де өзіндік тұрақты мерекелері баршылық.
Христиандықтың ең аумақты мейрамдарының бірі Рождество Христово болып есептеледі. Христостың туылғанынан жаңа дәуір басталады және бұл мерекені христиандықтың алғашқы жылдарынан бастап-ақ тойлана бастады. Бастапқы кезде ол 6 қаңтарда белгіленіп, Богоявление деп аталған.
6 қаңтар Христостың туылғанымен еш қатынасы жоқ. Шіркеу оның нақты күнін білмеген болатын. Ежелгі Шіркеудің пайымдауы бойынша, “екі Адам” – біреуі Жер бетіндегі бірінші адам, екіншісі Христос болған. Бірінші адам бүкіл адамзаттың күнәлілігі мен өлімінің көрінісі болса, екіншісі әлемнің алтыншы күнінде Адамның туылған күнінде туылған деп сенген.
Богоявление мерекесі ғасырлар бойы талай өзгерістерге ұшырап, қалыпты жағдайда Құдайдың адам кейпінде туылған күні ретінде тойланады. Ежелгі уақыттан бастап-ақ Рождество батыс және шығыс Еуропада кең тарала бастады. Бұл күні шыршаны әшекейлеу рәсімі Германиядан шыққан делінеді. Көптеген шамдар және ойыншықтармен безендірілегн шырша Құдайдың құтқарушылығы мен рухани жарықтықтың белгісі ретінде қабылданған болатын.
Рождество кезіндегі ырымдарға келетін болсақ, Рождество күнінде қар жауатын болса, астықтың жақсы шығатыны, қатты боран соқса, аралардың жақсы бал беруі, аяз болса, нанның көп болатыны, аспанда жұлдыздар көп болса, бұршақтың көп болытынына сенім көп болған.
Рождестводан Крещениеге дейін аң аулау күнә болып есептелінеді және аңшыларға Құдай рақымсыз болады екен.
Рождество православиеде 6 қаңтарда тойланса, католиктер мен протестанттар бұл мерекені 25 желтоқсанда атап өтеді екен.
1. Марченков В.Г. Начала православия. М.:Петит,1991.
2. www.prazdnіkі.ru
3. www.pravoslavіe.ru

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Православие (грекше “ортодоксия”, “дұрыс ойлау”) (ортодоксия сонымен
бірге православие синонимі ретінде қолданылады, ортодоксия ересиялар мен
модернизмге қарсы қойылады) – бастапқыда 395 ж. Рим империясының құлауы
кезінде пайда болып, кейіннен 1054 ж. Шіркеулердің бөлініп кетуі
нәтижесінде толығымен қалыптасқан христиан дінінің грек тілді бір бағыты.
Қазіргі кезде православие діні көптеген Шіркеулерден құралған, олардың
кейбіреулері арасында евхартиялық қатынастары бар.
Басқа діндер тәріздес православиенің де өзіндік тұрақты мерекелері
баршылық.
Олардың қысқаша түрде негізгілерін атап өтсек:

•1 қаңтар — Қасиетті Илии Муромец мерекесі.
•6 қаңтар — Рождестволық сочельник.
•6 қаңтар — Святки.
•7 қаңтар — Рождество Христово.
•14 қаңтар — Обрезание Господне.
•17 қаңтар — 70 апостол Соборы.
•18 қаңтар — Сочельник Богоявления.
•19 қаңтар — Крещение Господне және Богоявление.
•4 ақпан — Қасиетті апостола Тимофея мерекесі
•6 ақпан — Қасиетті Ксения Петербургская мерекесі
•12 ақпан — Ғаламдық ұстаздар Соборы.
•13 ақпан — Қасиетті Никита Новогродский күні.
•15 ақпан — Сретение Господне.
•7 сәуір — Благовещение Пресвятой Богородицы.
•16 сәуір — Похвала Богородице.
•24 сәуір — Вход Господень в Иерусалим (Вербное
воскресенье).
•Ұлы Сәрсенбі.
•Ұлы Бейсенбі.
•Ұлы Жұма.
•Пасха (Воскресение Христово).
•Светлая седмица.
•Антипасха.
•Радоница. Родительский день.
•11 мамыр —Қасиетті жена-мироносицалар күні.
•21 мамыр — Вознесение Господне.
•14 маусым — Троицкая родительская суббота.
•31 мамыр — Қасиетті Троица күні. Пятидесятница.
•1 маусым — Қасиетті Жан күні.
•29 маусым — Ресей қасиеттілерінің күні – жалпымемлекеттік •шіркеулер
күні.
•7 шілде — Рождество Иоанна Крестителя
•12 шілде — Қасиетті Петр және Павел апостолдарының
күні.
•9 тамыз — Қасиетті великомученик Пантелеимон күні.
•14 тамыз — Крест Господня 4 древінің пайда болу мерекесі •
(Медовый спас).
•19 тамыз — Преображение Господне (Яблочный спас).
•28 тамыз — Успения Богородицы мерекесі.
•1 қыркүйек — Шіркеулік Жаңа Жыл.
•11 қыркүйек — Усекновение Честной Главы Святого
Иоанна.
•Предтечи.
•14 қыркүйек — Осенины немесе день Семен Летопроводец
күні.
•21 қыркүйек — Рождество Пресвятой Богородицы.
•21 қыркүйек — екінші Осениндер.
•27 қыркүйек — Воздвижение Честного и Животворящего
Креста.
•Господня мерекесі.
•27 қыркүйек — Үшінші Осениндер.
•14 қазан — Покров Пресвятой Богородицы.
•26 қазан — Иверская икона Божией Матери мерекесі.

Рождество Христово. 25.ХІІ. және 06.01(правосл.).
Христиандықтың ең аумақты мейрамдарының бірі Рождество Христово болып
есептеледі. Христостың туылғанынан жаңа дәуір басталады және бұл мерекені
христиандықтың алғашқы жылдарынан бастап-ақ тойлана бастады. Бастапқы кезде
ол 6 қаңтарда белгіленіп, Богоявление деп аталған.
6 қаңтар Христостың туылғанымен еш қатынасы жоқ. Шіркеу оның нақты күнін
білмеген болатын. Ежелгі Шіркеудің пайымдауы бойынша, “екі Адам” – біреуі
Жер бетіндегі бірінші адам, екіншісі Христос болған. Бірінші адам бүкіл
адамзаттың күнәлілігі мен өлімінің көрінісі болса, екіншісі әлемнің алтыншы
күнінде Адамның туылған күнінде туылған деп сенген.
Богоявление мерекесі ғасырлар бойы талай өзгерістерге ұшырап, қалыпты
жағдайда Құдайдың адам кейпінде туылған күні ретінде тойланады. Ежелгі
уақыттан бастап-ақ Рождество батыс және шығыс Еуропада кең тарала бастады.
Бұл күні шыршаны әшекейлеу рәсімі Германиядан шыққан делінеді. Көптеген
шамдар және ойыншықтармен безендірілегн шырша Құдайдың құтқарушылығы мен
рухани жарықтықтың белгісі ретінде қабылданған болатын.
Рождество кезіндегі ырымдарға келетін болсақ, Рождество күнінде қар
жауатын болса, астықтың жақсы шығатыны, қатты боран соқса, аралардың жақсы
бал беруі, аяз болса, нанның көп болатыны, аспанда жұлдыздар көп болса,
бұршақтың көп болытынына сенім көп болған.
Рождестводан Крещениеге дейін аң аулау күнә болып есептелінеді және
аңшыларға Құдай рақымсыз болады екен.
Рождество православиеде 6 қаңтарда тойланса, католиктер мен
протестанттар бұл мерекені 25 желтоқсанда атап өтеді екен.

Крещение. 06.01.(правосл.) және 19.01.
Крещение - әр жыл сайын қазіргі заманғы күнтізбе бойынша католиктерде 6
қаңтарда, православиеде 19 қаңтарда мерекеленетін христиандық дәстүр. Бұл
мереке Иордан өзеніндегі Иисус Христостың крещение рәсімінен өтуімен
байланысты. Оның өмір сүруі кезінде крещениеден тек Құдайға деген толық
сеніммен қараған ересектер өткен болатын. Себебі мұнда адамдар аз еді,
христиандық енді ғана пайда болған болатын және бірқұдайлылық идеясы қатты
құдаланған болатын. Сол себептен Иисус Христос крещениеден тек 30 жасында
өтеді.
Шіркеулерде бұл күні суды “қасиеттендіреді”. Бұрынғы кездерде бұндай
суды жақын жердегі өзеннен алып, қыс кезінде мұзды крест бейнесінде тесіп
алатын болған. Уағыздаушы судың бетінде табынатын еді, ал жанындағы
жәрдемдесушілер псалмалар (діни әндер) айтып отыратын еді. Тек осыдан кейін
өзен суы “қасиетті” деп есептелінген болатын. Мұндай су денсаулыққа өте
пайдалы деп танылды және оны түрлі ыдыстарға толтырып, үйге әкететін. Бұдан
судың бетін басқан мұзды жарып, одан шомылу рәсімі де шыққан екен. Қазіргі
кезде экологиялық мәселелерге байланысты қасиетті суды өзеннен алу
тоқтатылған екен. “Моржтар” деп аталатын сүңгушілердің дәстүрлері осыдан
шыққан екен.
Бұрынғы заманда қасиетті суды ішіп, оны үй ішінде шашып жүру тазалыққа,
салауатты өмірге жеткізеді деген сенім болған екен.
Католицизмде Крещение Үш король мерекесімен ұштасады, бұл корольдер
алғаш рет Христостың туылғанын естіртті деген аңыз бар. Католиктер сонымен
бірге бұл мереке кезінде есіктеріне үш корольдың есімдерінің бірінші
әріптерін “К, М, Б” (Каспель, Мельхон, Бальтозар) жазады екен. Бұл әріптер
барлық қатыгездік пен сәтсіздіктен сақтайды деген наным бар.
Крещение кезінде айтарлықтай тойлау, пал ашу, арнайы өлеңдер айту
рәсімдері болмайды. Тек біршама ырымдар қалыптасқан болатын.
Мысалы, Құдайға табыну рәсімінен кейін адамдар үйлеріне бірінші келуге
тырысады, себебі бірінші келген адам келер жылы астықты да бірінші жинайды
деген сенім бар екен. Крещение кезіндегі ауа-райына қарап христиандар
болашақ жаздың кандай болатынын болжағысы келген. Егер Крещение күні суық
болса, онда жаз жылы болады, егер бұл күні ашық, аязды болатын болса, жаз
өте ыстық болады деген сенім бар. Ырымдарының көбісі болашақ астыққа
байланысты болғаны түсінікті, ежелден-ақ христиандықтар негізінен егін
шаруашылығымен айналысқан болатын.

Сретение. 2 ақпан.
Сретение (“кездесу” деген мағынаны білдіреді) Иисус Христос және
Қасиетті жазбаның еврей тілінен грек тіліне аударған Симеонның кездесуі
аңызымен байланысты мейрам. Симеон Құтқарушының Дева Мариядан туатынына
күмәнмен қарайды. Кейін Симеонға Періште келіп, оған оның бұл қасиетті
оқиғаны көрмейінше өлмейтінін айтып кетеді. Симеон 300 жылдай өмір сүріп
күтеді екен. Моисей заңы бойынша, кез келген еврейлік жанұя өздерінің
бірінші туған балаларын 40 күннен соң храмға барып, Құдайға табынтуы қажет
еді. Иисусқа 40 күн толған соң,оны Мария мен Иосиф Иерусалим храмына
әкеліп, онда Симеонды кездестіреді. Симеон кішкентай Иисусты қолына алып,
Құдайға “Е-е, Құдай, сен мені енді сонша жылдан кейін бұл өмірден о дүниеге
аттандырмақсың, өйткені өзіңнің ұйғаруың бойынша мен Құтқарушыны қолымда
ұстап тұрмын дейді”. Сретение Ескі (Еврейлерің Құдай Кітабы) мен Жаңа
Заветтердің (Иисустың Жаңа Кітабы) үйлесуін білдіреді. Бұл ұлы мереке
Қасиетті Православие Шіркеуімен 2 ақпанда атап өтіледі.

Құдайдың Иерусалимге кіруі.
Православты шіркеудің маңызды мерекелерінің бірі Құдайдың Иерусалимге
кіруі болып есептелінеді. Бұл күнді сонымен бірге Вербты жексенбі деп
атайды.
Христос иерусалимге кіреді. Ол адамдардың барлығын күнәхарлықтан
босатқысы келеді, бірақ оны ол үшін азап пен өлім күтіп тұр. Көптеген
Иерусалимдіктер Иисусқа қошеметпен қарап, оны ұлы Құтқарушы ретінде санады
және ішкі күнәлардын емес, римдік оккупанттардан босағысы келді. Адамдардың
барлығы Христостың жолына пальма ағаштарын шашуда, ал Христос олардың
қателіктерін нақты көріп отыр және әр адамның көзінде ол Құдайға деген
шынайы сенім мен махаббатты көргісі келді.
Христосқа қошемет ретінде көрсетілген пальма ағаштары православиеде
вербтермен өрнектеледі. Верб ағашының түсірілген бұтақтары әр сенушіге
сұрақ ретінде қабылданады (“Мен Христостан не күтемін?”, “Мен Құдайдан
сонау иерусалимдіктер сияқты тек байлық пен бостандықты сұрап отырмын ба,
әлде шынайы махаббат пен сенім жолында жүрмін бе?”). Вербты Жексенбіден
кейін Құмарлық аптасы басталады. Бұл аптада адам өзінің не үшін өмір сүріп
жатқанын және Құдайға деген қатынасын нақтылай анықтап алуы қажет.

Пасха. 27 сәуір.
Шамамен алғанда 5 мың жыл бұрын иудей жанұялары “Пасха” мейрамын тойлай
бастады. Олар оны малдың түлеуі, кейін астықты егумен, одан соң еврейлердің
Мысыр жерінен кетуімен байланыстырған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елуліктер дәстүрлі емес діни қозғалысы
Православие мен мемлекет
Абсолютті ақиқат өзінің құдіретін паш ету үшін бұл дүниені пернелеп жаратуының үш негізгі себебі
Діннің мәні, түрлері
Дін тану жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған оқулық
Әлем философиясы
Ұлттық діндер. Дүниежүзлік діндер
Ежелгі өркениет күнтізбелері
Эралар және олардың дәуірлері
Мәдениет және Өркениет
Пәндер