Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі



1. Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар
2. Сақтандыру тобының тәуекелдерін басқару жүйесі
3. Ішкі бақылау жүйесі
Пайдалынған әдебиеттер
Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар
Ұйымның Директорлар кеңесі (шаруашылық серіктестіктер үшін - қатысушылардың жалпы жиналысы) сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің Талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді және Ұйым мен сақтандыру тобы қатысушыларының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылауды жүзеге асыру саласында өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін жағдай жасайды.
Сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау Ұйымның Директорлар кеңесі (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекітетін және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі, рәсімдері, талаптары, мақсаттары, қағидаттары мен әдістері айқындалатын ішкі құжаттар (бұдан әрі - ішкі құжаттар) арқылы қамтамасыз етіледі.
Ішкі құжаттарда мыналар:
сақтандыру тобы қызметінің негізгі мақсаттары мен бағыттары;
сақтандыру тобы қызметінің қаржылық және өзге көрсеткіштерінің болжамды мәндері;
сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару саясаты;
басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ереже;
басшы қызметкерлерді тағайындау және оларға сыйақы беру саясаты;
басқару есептілігін беру мерзімдері мен нысандары туралы ереже;
ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру және ішкі аудит қызметі туралы ереже айқындалады.
Ұйымның Директорлар кеңесі (қатысушылардың жалпы жиналысы):
сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, ішкі құжаттардың болуын, тұтастығын және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және сақтандыру тобының барлық қатысушыларының ішкі бақылау саласындағы өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды, сондай-ақ ішкі аудит қызметінің функционалдық және ұйымдық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді;
тәуекелдер бойынша есептіліктің және негізгі көрсеткіштердің негізінде тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың мониторингін, сақтандыру тобы ұшырағыш тәуекелдердің барлық түрлерін сәйкестендіруді, бағалауды, бақылауды және мониторинг жасауды жүзеге асырады.
Ұйымда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру мақсатында тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше мен ішкі аудит қызметі құрылады.
Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ішкі құжаттардың ережелерін сақтау міндеті сақтандыру тобының барлық қатысушыларына қолданылады.
1.Google.kz
2.Afn.kz

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне
қойылатын талаптар
2. Сақтандыру тобының тәуекелдерін басқару жүйесі
3. Ішкі бақылау жүйесі
Пайдалынған әдебиеттер

Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі

Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне
қойылатын талаптар
Ұйымның Директорлар кеңесі (шаруашылық серіктестіктер үшін -
қатысушылардың жалпы жиналысы) сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйелерінің Талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді
және Ұйым мен сақтандыру тобы қатысушыларының тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылауды жүзеге асыру саласында өздеріне жүктелген міндеттерді
орындауы үшін жағдай жасайды.
Сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау Ұйымның
Директорлар кеңесі (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекітетін және
тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі,
рәсімдері, талаптары, мақсаттары, қағидаттары мен әдістері айқындалатын
ішкі құжаттар (бұдан әрі - ішкі құжаттар) арқылы қамтамасыз етіледі.
Ішкі құжаттарда мыналар:
сақтандыру тобы қызметінің негізгі мақсаттары мен бағыттары;
сақтандыру тобы қызметінің қаржылық және өзге көрсеткіштерінің
болжамды мәндері;
сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару саясаты;
басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ереже;
басшы қызметкерлерді тағайындау және оларға сыйақы беру саясаты;
басқару есептілігін беру мерзімдері мен нысандары туралы ереже;
ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру және ішкі аудит қызметі туралы ереже
айқындалады.
Ұйымның Директорлар кеңесі (қатысушылардың жалпы жиналысы):
сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
жүйелерінің, ішкі құжаттардың болуын, тұтастығын және жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді және сақтандыру тобының барлық қатысушыларының ішкі
бақылау саласындағы өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды, сондай-ақ
ішкі аудит қызметінің функционалдық және ұйымдық тәуелсіздігін қамтамасыз
етеді;
тәуекелдер бойынша есептіліктің және негізгі көрсеткіштердің
негізінде тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың мониторингін, сақтандыру
тобы ұшырағыш тәуекелдердің барлық түрлерін сәйкестендіруді, бағалауды,
бақылауды және мониторинг жасауды жүзеге асырады.
Ұйымда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру
мақсатында тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше мен ішкі аудит қызметі
құрылады.
Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ішкі
құжаттардың ережелерін сақтау міндеті сақтандыру тобының барлық
қатысушыларына қолданылады.
Ұйым Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган)
есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде мыналар:
Талаптардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Талаптарға сәйкестікті
дербес бағалау;
талаптың белгілі бір критерийіне (талаптардың белгілі бір
критерийлеріне) сәйкессіздіктер анықталған жағдайда сәйкессіздіктерді жою
жөніндегі іс-шаралардың жоспары, жауапты адамдар және іс-шаралардың
орындалу мерзімдері қоса берілген жазбаша түсіндірме қамтылатын Талаптардың
критерийлерін орындауды бағалау жөніндегі жылдық есепті ұсынады.

Сақтандыру тобының тәуекелдерін басқару жүйесі
Сақтандыру тобының тәуекелдерін басқару процесі мынадай кезеңдерді
қамтиды:
1) тәуекелдерді айқындау:
тәуекелді және оны туындататын факторларды бағалау (зиянның барлық
ықтимал себептеріне жүйелі және тұрақты мониторинг, талдау жасау, олардың
ықтималдығы мен мөлшерлерін сапалы бағалау);
тәуекелдерді жіктеу (тәуекелдердің және олардың пайда болуына алып
келетін, олардың дамуына әсерін тигізетін факторлардың ерекшеліктерін
зерттеу, тарихи деректерді сараптамалық бағалау, тәуекелдер картасы);
2) тәуекелдерді өлшеу (бағалау), оны өткізу кезеңділігін директорлар
кеңесі тәуекелдің маңыздылығына қарай, бірақ жылына екі реттен кем емес
белгіленеді;
3) сақтандыру тобының тәуекелдеріне жүйелі стресс-тестинг пен талдау
жасауды жүзеге асыру;
4) тәуекелдерді басқару әдісін таңдау және қолдану;
5) тәуекелдерді басқару жүйесін түзету.
6. Сақтандыру тобының тәуекелдерін басқару саясатында мыналар:
сақтандыру тобы қатысушыларының басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері
мен функционалдық міндеттерін реттейтін, оның ішінде операциялардың дұрыс
жасалуын және оларға байланысты тәуекелді бақылауды қамтамасыз ету
көзделетін ережелер;
сақтандыру тобында тәуекелдерді басқару мақсаттары;
тәуекелдерді басқару кезінде пайдаланылатын негізгі қағидаттар мен
әдістер;
сақтандыру тобының барлық қатысушыларының қызметін ескере отырып,
қаржылық көрсеткіштерге және сақтандыру тобының қатысушылары қабылдайтын
тәуекелдерге, оның ішінде шоғырландырылған негізде мониторинг жасау
рәсімдері, оның ішінде сақтандыру тобы тәуекелдерінің жиынтық лимиттері
шегінде сақтандыру тобының әрбір қатысушысына арналған лимиттер;
сақтандыру тобы қатысушыларының тәуекелдерді дұрыс және дәйекті
өлшеуін бағалау рәсімдері;
сақтандыру тобының қаржылық қызметіне, оның ішінде сақтандыру тобы
қатысушыларының арасында жасалатын операцияларға мониторинг жасау
рәсімдері;
сақтандыру тобының қатысушылары жасайтын мәмілелердің талаптарына
қойылатын талаптар;
сақтандыру тобы қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын және төлеуге
қабілеттілігін қолдау шаралары;
Ұйымның директорлар кеңесі (қатысушылардың жалпы жиналысы)
мүшелерінің, атқарушы органның және жауапты қызметкерлерінің және
сақтандыру тобы қатысушыларының тәуекелдерді басқару жөніндегі
өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері көзделеді.
Басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ереже мыналарды
регламенттейді:
1) директорлар кеңесінің, атқарушы органның, комитеттердің, ішкі
аудит қызметінің, басшы қызметкерлердің, бөлімшелердің құрылымын,
өкілеттіктерін және міндеттерін;
2) қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;
3) өзара әрекеттесу және есеп берушілік тәртібін;
4) атқарушы органның, құрылымдық бөлімшелерінің және қызметкерлердің
қызметінің тиімділігін бағалау критерийлерін, оның ішінде оларға жүктелген
функцияларды және міндеттерді орындамағаны (тиісінше, уақтылы орындамағаны)
үшін шаралар қолдану тәртібін.
Басшы қызметкерлерді тағайындау және сыйақы төлеу жөніндегі саясаты
Ұйымның атқарушы органы әзірлейді және мыналарды регламенттейді:
1) атқарушы органның мүшелері (мүшелерінің), басшы қызметкерлері
(оның ішінде еншілес және бағынышты ұйымдардың) лауазымдарына кандидаттарын
іріктеу прициптерін, критерийлерін, сыйақы мөлшерін анықтауды;
2) сыйақының түрлерін, компоненттерін, жүзеге асыру негіздемелерін
(сыйақының тіркелген мөлшері, акциялар, облигациялар бойынша сыйақы,
сыйақының, компенсациялық төлемдердің басқа түрлері);
3) басшы қызметкерлерінің жұмысын бағалау және сыйақыны қолдану
критерийлері;
4) Ұйымның директорлар кеңесіне (қатысушыларының жалпы жиналысына)
ұсынылатын жасалған сыйақы төлемдері және басқа компенсациялық төлемдері
бөлігінде бюджетті игеруге, басшы қызметкерлерінің уәкілетті органның
біліктілік талаптарына және ішкі лауазымдық міндеттеріне сәйкес келуін
қамтамасыз етуіне қатысты атқарушы органы есебінің нысаны мен кезеңділігін.
Басқару есептілігін беру мерзімдері мен нысандары туралы ереже
директорлар кеңесіне (қатысушыларының жалпы жиналысына) және Ұйым
акционерлеріне мынадай басқару есептілігін беру тәртібін регламенттейді:
қаржылық есептілікті;
инвестициялар туралы есептерді (қаржы құралдарын баланстық және
нарықтық құнын, кірістілігін, сатып алу және сатудын жалпы сомаларын
көрсете отырып, топтастырумен);
сақтандыру тобының тәуекел картасының талдамасын;
сақтандыру тобының ағымдағы және болжанатын меншікті капитал
қажеттілігін қысқаша талдауын.
Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару жүйесі шешімді қабылдаған
кезде жауапкершілікті шектеуді көздейді.
Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің (функцияларына мыналар кіреді:
1) мыналарды қоса алғандағы тиімді тәуекелдерді басқару жүйесін
ұйымдастыру:
тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты әзірлеу;
сапалық және сандық тәсілдерді қоса алғандағы тәуекелдер картасын
әзірлеу;
басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне қатысу;
басқарушылық шешімдердің орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу және
қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтау;
сақтандыру, инвестициялық және өзге операциялар мен мәмілелер бойынша
белгіленген лимиттердің орындалуын бақылау;
2) сақтандыру тобының қызметіне байланысты тәуекел көрсеткіштерінің
сипаттық және сандық мәндерін анықтауды қоса алғандағы тәуекелдерді
сәйкестендіру және бағалау, сондай-ақ тәуекелдердің барынша жоғары рұқсат
етілетін мәндерін анықтау;
3) сақтандыру тобының қызметі барысында туындайтын тәуекелдерді
басқару бойынша шаралар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуекел: түсінігі,функциясы, көздері
Қаржылық тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру
Банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты банктік тәуекел түрлерін мәнін жәні жәктелімін қарастыра отырып, оларды қазіргі жағдайларға сай басқару әдістері
Несиелік тәуекелді бағалау әдістері
«Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін бағалау және төмендету жолдары»
Қаржылық менеджментте тәуекелді анықтау және талдау
Қаржының Қазақстан Республикасындағы ролі
«ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесі (банк мысалында)»
Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны ұйымдастырудың негіздері
Коммерциялық банктердегі несиелік тәуекелді басқару
Пәндер